Қоғам
Жеңістің 80 жылдығы: астаналық журналистерге парадқа дайындық қалай өтіп жатқаны көрсетілді 11.04.2025
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер елордадағы 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықты көріп қайтты.Баспасөз туры жеке құрамның жаттығуларын көрсетуден басталды. Плацта 3000-нан астам офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызмет сарбазы дайындалып жатты. Өзге бөлімшелер жақын арада жалпы топқа қосылады. – Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей дене дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық әскери қызметшілердің бойынша Қарулы күштерге деген мақтанышқа негізделген жоғары мотивация бар, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Парадтық есептоптардың негізін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің есептоптары да қатысады.Сондай-ақ журналистерге әскери қызметшілер тұратын шатырлы қалашық, шаруашылық жабдықтау пунктері, далалық госпиталь көрсетілді.Техникалық аймақта қонақтарға соғыс жылдарындағы техника мен заманауи жауынгерлік машиналарды парадқа дайындайтын мамандарды көруге де мүмкіндік берілді. Іс-шара жауынгерлік техника легінің өтумен аяқталды. Олардың қатарында әйгілі Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 «Катюша» автомобильдері бар. Шерудің қазіргі бөлігінде еліміздің бас алаңы бойынша «Арлан», «Cobra» сауытты дөңгелекті машиналары, «Стрела-10», «ТОР» және «БУК» зениттік зымыран кешендері, БТР-82А, «Алмаз» және «Агат» мобильді кешендері, «TEODor» роботехникалық кешені, есептік-талдамалық станция кешені және қару-жарақ пен әскери техниканың басқа да жоғары технологиялық үлгілері жүріп өтеді.Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру дәстүрлі түрде 7 мамырда Астанада өтеді. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады. Шерудің әуе бөлігін майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/972283?lang=kk
Вашингтонда Наурыз мейрамы аталып өтті 11.04.2025
Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 26 наурыз – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық мұражайында көктемгі жаңаруды білдіретін, бірлік пен жаңа өмірлік кезеңнің басталуын сипаттайтын көне мереке Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараны Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссиялары бірлесіп ұйымдастырып, ол мәдени диалогты дамытуға және қоғамдық дипломатияны ілгерілетуге арналған алаңға айналды.Бағдарлама аясында Қазақстан ұлттық тағамдар арқылы халықтың бай мәдени мұрасын таныстырды. Қонақтарға мерекелік дастарханның негізгі дәмдері, оның ішінде Наурыз көже, бауырсақ, жент және ірімшік ұсынылды. Бұл тағамдар елдің ғасырлар бойы қалыптасқан аспаздық дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік берді.Қонақтардың ерекше назарын дәстүрлі қазақ киіз үйінің инсталляциясы аударды. Ол қонақтарға көшпелі мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көрмеде қазақ өнерінің туындылары, соның ішінде қолөнер бұйымдары мен ұлттық әшекейлер ұсынылды.Іс-шара қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың мәдени ортаға тереңірек енуіне ықпал етіп, кең аудиторияның зор қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188990?lang=kk
Саяси диалог және экономикалық қатынастар - Қазақстан мен Ангола Сыртқы істер министрлерінің назарында 11.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 қыркүйек – Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы атап өтілді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында Африка одағының бейбітшілік пен қауіпсіздік кеңесінде Анголаның алдағы төрағалығына байланысты және дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының бірінің күн тәртібінде Африка мәселелерінің қарастырылуын ескере отырып, тиімді өзара әрекеттестік туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларын қоса алғанда барлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті әлеуетке ие екендігін мәлімдеді. Осыған орай, М. Аугушту Ангола бизнес қауымдастығының ірі өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы ниет білдірді. Ангола тарапы тау-кен өнеркәсібі мен теміржол құрылысы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне айрықша қызығушылық танытты.Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасы, «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ Африканың теміржол аралық континенттiк байланысын дамыту Қазақстанның осы континентпен байланысына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22449?lang=kk
Цифрлық көшпенді Португалиядан Қазақстанға бағыт алды 11.04.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан шетелдік мамандарға ел аумағында қашықтан өмір сүруге және еңбек етуге мүмкіндік беретін Neo Nomad Visa бастамасы арқылы халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуды жалғастыруда.Бүгін Қазақстанның Лиссабондағы Елшілігінде Neo Nomad санатындағы алғашқы виза Португалия резиденті - Жорже Роза Фильюге берілді. Ол Еуропа мен Латын Америкасының жетекші технологиялық компанияларында он жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі ІТ маманы. Оның кәсіби қызметі жасанды интеллект саласындағы шешімдер әзірлеуге, интеллектуалдық үлгілерді оқытуға бағытталған.Қазақстанға алғаш рет 2023 жылы турист ретінде келген Жорже Роза Филью елдің бай мәдени мұрасы, қазақ халқының қонақжай дәстүрі және шығармашылыққа кең мүмкіндіктері арқылы ерекше әсер алғанын айтады. Көрген-білгенінен шабыттанған ол Қазақстанды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы мекен ретінде қарастыра бастаған.Қашықтан жұмыс істейтін маман ретінде ол цифрлық көшпенділерге қолайлы жағдай жасай алатын жаңа елді іздестіріп жүрген. Қазақстан Елшілігінің әлеуметтік желідегі жарияланымдары мен Diario de Noticias португал басылымындағы мақала арқылы Neo Nomad визасының іске қосылғанынан хабардар болып, батыл әрі маңызды шешім қабылдаған.Қазақстан Елшілігінің консулы Рүстем Жаппасовпен кездесуде Жорже Роза Филью Қазақстан Үкіметіне алғысын білдіріп, былай деді: «Соңғы жылдары Қазақстанда болып жатқан қарқынды және оң өзгерістер мені шын мәнінде таңғалдырды. Елдің экономиканы жаңғырту жолындағы қадамы, инновацияларға ашықтығы мен шетелден келетін мамандарға, туристерге және инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдайлар - болашаққа сеніммен қарауға негіз. Мен Қазақстанның технологиялық секторына өз үлесімді қосып, осы елдің цифрлық қауымдастығының бір бөлігі болуға, бай мәдениетімен етене танысуға асықпын».Цифрлық инфрақұрылымы мен жылы климатының арқасында көшпенді мамандар үшін жаһандық орталықтардың бірі саналатын Португалия тұрғыны алғашқы Neo Nomad визасының берілуі - Қазақстанның жаңа бағыт ретінде халықаралық деңгейде қызығушылық тудырып отырғанының айқын дәлелі. Бұл бастама елдің болашаққа бағытталған реформаларының сәтті жүзеге асып жатқанын және оның технологиялық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын да көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/972280?lang=kk
АЛМАТЫДАҒЫ ЭЫДҰ ФОРУМЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БИЗНЕС-КЛИМАТҚА ӘСЕРІ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
Алматыда ұйымдастырылған «Еуразия апталығы» аясында «Бәсекелестіктің бизнес-климатқа әсері» тақырыбында ЭЫДҰ Еуразиялық бизнес-форумы өтті. Интерактивті пікірсайыс барысында бәсекелестік Еуразия елдеріндегі өнімділік пен экономикалық өсімді ынталандыра ала ма, деген мәселе талқыланды.«Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға тырысады. Ең алдымен, оның инвестициялық климатын жақсарту және ең қолайлы іскерлік жағдайларды жасау арқылы біз нарықтың бәсекеге қабілеттілігін инвесторлардың келуінің алғышарты деп білеміз», - деді пікірсайысқа қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.Форумда ЭЫДҰ бәсекелестік комитеті төрағасы, Экономикалық және коммерциялық ғылымдар жоғарғы мектебінің профессоры Фредерик Дженни, Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Жири Колиба, Украинаның монополияға қарсы комитетінің төрағасы Юрий Терентьев, Siemens компаниясының бас кеңесшісі және бәсекелестік тобының жетекшісі Волфганг Хекенбергер сөз сөйледі.Әрине, бәсекелестік бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл тұтынушылардың таңдау жасауына және тауар құнын арзандатуға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға, іскерлік айналымның сипатына ықпал етуге, инновациялар мен экономикалық өсуді дамытуға, кәсіпорындарды тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға мүмкіндік береді.Еуразиялық апталықты жыл сайын ЭЫДҰ Хатшылығы ұйымдастырады және 13 ел үшін (Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина) өңірлік іс-шара болып табылады. Іс-шарада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, жекеменшік секторды дамыту және жан-жақты өсуді қамтамасыз ету үшін ортақ проблемалар және озық әдістер талқыланады. ЭЫДҰ Еуразия апталығына Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің жоғары деңгейдегі мемлекет қайраткерлері, халықаралық серіктес ұйымдардың, ғылыми қауымдастық пен бизнес және қоғам өкілдері бар 32 елден 200-ден астам делегат қатысады.Еуразия апталығы алғаш рет ЭЫДҰ Хатшылығынан тыс жерде өткізілуде. Бұл ЭЫДҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың нығайғанының дәлелі. Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22419?lang=kk
НАУРЫЗНАМА-2025 Страсбургта мерекеленуде 11.04.2025
Страсбург, 2025 жылғы 7-8 сәуір – НАУРЫЗНАМА-2025 арналған іс-шаралар аясында, ҚР Бас консулдығы Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының кезекті сессиясы шеңберінде Еуропадағы ең көне ұйым – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде «Қазақ бұрышын» ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне қазақ диаспорасы мен студенттер, ЕКПА мүше елдердің делегациялары, дипломатиялық корпус, Еуропа Кеңесі хатшылығы мен Үлкен Шығыс өңірінің ресми өкілдері қатысты.Страсбургқа Қазақстаннан келген делегация арнайы стенд ұйымдастыру арқылы еліміздің мәдениетін, дәстүрі мен туристік әлеуетін таныстырған бірегей мәдени кеңістігін қалыптастырды. Онда фото және бейнематериалдар көрсетіліп, кітаптар мен брошюралар, сувенирлер мен ұлттық нақыштағы бұйымдар, қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары ұсынылды.Өз құттықтау сөзінде Бас консул А.Бақытбекқызы француз ұйымдастырушыларына және Қазақстан делегациясына еліміздің мәдениетін таныстыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, «Қазақ бұрышын» ұйымдастыру бастамасы 2024 ж. күзінде Мемлекет басшысының Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында Алматы облысы мен Эльзас Еуропалық Қоғамдастығы арасында орнатылған ынтымақтастықтың арқасында екенін атап өтті.Сондай-ақ, тараптардың бірлескен жұмысы туризм, инвестиция және мәдени әртүрлілік салаларындағы Қазақстан мен Эльзас арасындағы өзара тиімді өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталғаны айтылды. Қазақстанның туризмді дамытудағы басым бағытын ескере отырып, бәсекеге қабілетті инфрақұрылымға инвестиция салып, шетелдік келушілер үшін қолайлы жағдай жасап отырғаны да ерекше атап өтілді. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанда Neo Nomad визасы енгізілгені және бұл саяхаттау, оқу және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретіні туралы хабарланды.Сонымен қатар, биыл өз 30-жылдық мерейтойын атап өтер, барлық этностардың мүдделерін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның саяси жүйесінің бірегей институты және маңызды элементі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне ерекше алғыс айтылды.Өз кезегінде Алматы облысы Туризм басқармасы Туристік ақпарат орталығы директорының орынбасары А.Қожахметов қонақтардың назарын Алматы облысы 130-дан астам ұлт өкілдерінің мекені болып табылатын мәдени әралуандығымен ерекшеленетініне аударды.ҚР өңірінде Эльзасқа ұқсас көркем ландшафттар, жүзімдіктер, табиғи саябақтар мен тарихи орындар, соның ішінде таулар, каньондар, көлдер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар екені атап өтілді. Өңірдегі «Іле-Алатау», «Көлсай» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері сияқты табиғи нысандар туристер арасында «Қазақстанның інжу-маржаны» атанған өңірдің мақтанышы.Іс-шара барысында отандас Е.Дүкеннің домбырада қазақтың «Көроғлы» күйін орындауы стенд қонақтарының ұлттық өнерге, мәдениетке, салт-дәстүрге деген үлкен қызығушылығын тудырды. Еуропа жұртшылығы, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер көптеген жағымды әсерлерімен бөлісті.Сондай-ақ Алматы облысының туризм басқармасының өкілдері ҚР Бас консулдығының ұйымдастыруымен француздық серіктестермен кездесулер мен келіссөздер жүргізді. Туризм индустриясының трендтері және туроператорлар мен мамандандырылған мекемелер арасындағы ынтымақтастық перспективалары Эльзас Еуропалық Қоғамдастығының Туризм департаментінің директоры М.Левимен және Аумақтық бөлімшенің басшысы П.Шниттермен талқыланып, саяхатшылар үшін бірлескен туристік маршруттарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды. Әріптестер туроператорлардың тізімдерімен алмасуға, сондай-ақ өз аймақтарында ұйымдастырылатын маңызды іс-шараларға қатысуға дайындығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/972240?lang=kk
«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АЭА ҚАТЫСУШЫ – КӘСІПОРЫН «КСС-АСТАНА» ЖШС БАРУ 11.04.2025
2017 жылдың 26 қазанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақсатаныда «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушы – кәсіпорын «КСС-Астана» ЖШС бару ұйымдастырылды.Осы іс – шарада «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.Өткізілген іс-шара кәсіпорындарға техникалық реттеу және метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу облысындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ Халықаралық экономикалық форумның Бәсекегеқабілеттіліктің әлімдік индексі шеңберінде «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсартуға бағытталды.«КСС-Астана» – бұл шыны өңдеу саласында еншілес кәсіпорын. Олар инновациялық технологиялармен жоғары сапалы өнім шығаруға, құрылыс және арнайы мақсаттарға арналған шынының барлық түрлерін өңдейді.Келіссөз барысында кәсіпорынның келесі, өнімді сынау кезінде өлшеу құралдарын пайдалану, өлшем құралдарын тексеру, өлшем жүргізу әдістемелерін қолдану, сынақ зертханасын аккредиттеу, Астана қаласының сынақ зертханаларының аккредиттеу облысын кеңейту қажеттілігі, ИСО 9001 жүйе менеджментін енгізу, сондай – ақ стандарттарын қолдану тәртібі туралы мәселелері талқыланды.Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті және Техникалық реттеу және метрология Комитеттің ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22408?lang=kk
Қоғам қайраткері Әбдіжәлел Қошқарұлына құрмет көрсетілді 11.04.2025
Айдарлы ауылында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен қоғам қайраткері, журналист, саясаттану ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Қошқарұлының 85 жас мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасын аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейін, Қазақ тілі қоғамының төрағасы және ауыл тұрғындары тамашалады.Аудан әкімі мерейтой иесі көрнекті қоғам қайраткері атқанған еңбегін атап, мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тіледі.— Бүгін біз көрнекті қоғам қайраткері, журналист, саясаттану ғылымдарының докторы, ұлт руханияты мен елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Әбдіжәлел Бәкір Қошқарұлының 85 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасында бас қосып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Әбдіжәлел ағамыз – нағыз ұлтжанды азамат, тіл жанашыры, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат, білім салаларында абыройлы қызмет атқарған көрнекті тұлға. Ардақты азамат киелі Сырдың топырағында, Айдарлы ауылында дүниеге келді. Еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын Сырдария ауданында ұстаздықтан бастады. Әбдіжәлел Қошқарұлы Қызылорда қалалық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерінде жүріп, өңірдің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірді. Екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, тіл жанашыры ретінде ана тіліміздің мерейін арттырды. Дана халқымыз «Қаламы қарымдының еңбегі жарқырайды» деп бекер айтпаған. Әбдіжәлел Қошқарұлының қаламынан шыққан 200-ден астам ғылыми мақала, 10 монография мен 2 кітап әлеуметтік маңызын жоғалтпаған ғылыми еңбектердің қатарында. Бүгінгі жыр додасында бақ сынайтын ақындар шабыты мен шеберлігін ортаға салып, ел үшін атқарған еңбегіңізді дәріптейді деп сенемін. Сізді мерейлі мерекеңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Мерейтойыңыз құтты болсын! Бүгінгі мүшәйраға қатысушыларға ақындарға сәттілік тілеймін! - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Іс-шара барысында аудан басшысы Әбдіжәлел Қошқарұлының мерейтойына арнайы құттықтау табыстап, сый-құрмет көрсетті.Облыстың түпкір-түпкірінен жүйрік ақындар қатысқан жыр додасы екі кезең бойынша өтті. Ақындар тарихи тұлға Мұстафа Шоқай мен Әбдіжәлел Қошқарұлына дайындаған арнауларын оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша топтан үздік шаққан ақындар марапатталды. Сонымен қатар, Әбдіжәлел Қошқарұлының құрметіне кітап көрмесі мен фотокөрме ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/972213?lang=kk
Өткізу пункттерінде КБТҚ қолдану 11.04.2025
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел қызметкерлерінің күнделікті тексеру жұмысында анықтайтын ажырамас элементтердің бірі, олардың кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (бұдан әрі - КБТҚ), қолдануы болып табылады.Кедендік бақылаудың жоғары нәтижелілігіне кедендік бақылаудың әрбір нақты учаскесінде КБТҚ кешенді қолдану арқылы қол жеткізіледі. Бүгінгі таңда, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің өңіріндегі "Майқапшағай" өткізу пунктінде мынадай КБТҚ орнатылған: Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ) - көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін айқындау және бейнебақылау жүйесі. Радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі ("Янтарь – 2п" және "Янтарь – 1А" РБАЖ) - тасымалданатын радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтауға, оқшаулауға және сәйкестендіруге арналған. Электрондық өткізу пункті (ЭӨП) – кедендік бақылау аймағына кіретін және кететін көлік құралдарын кеден бекетінде тіркеуге арналған. Инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) - көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктерінің, контейнерлердің құрамын, ірі габаритті ыдыстарда оларды ашпай, интрузивті емес (жанасусыз) тексеру әдісімен көзбен шолып тексеруге арналған интраскопиялық тексеру техникасын (стационарлық және мобильді) білдіреді. Багажды және қол жүгін тексеруге арналған рентгендік қондырғылар (БҚЖТРҚ)- қол жүгіндегі контрабандалық тауарларды, почта жөнелтілімдерін жолаушылардың ілесіп жүретін және ілесіп жүрмейтін багажын, халықаралық почта жөнелтілімдерін және тауарларды оларды ашпай-ақ шағын және орта габаритті ыдыстарда көзбен шолып тексеру жолымен анықтау мақсатында қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/972207?lang=kk
Экономикалық дипломатия – Қазақстан-Словения өзара іс-қимылының басымдығы 11.04.2025
БЛЕД (СЛОВЕНИЯ), 2018 жылғы 10 қыркүйек – Қазақстан мен Словения халықаралық аренада экономикалық дипломатия мен ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, саяси тұрғыдағы жан-жақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға ниетті. Бүгін өткен Қазақстан-Словения саяси консультацияларының басты күн тәртібі осындай.Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Словения делегациясын - Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логар басқарды.Дипломаттар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттестіктің кең ауқымын егжей-тегжейлі талқылап, әріптестікті кеңейтуге деген өзара бейілділігін растады. Сыртқы істер министрліктері арасында экономикалық дипломатия аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді (2017 жылы екіжақты сауда айналымы 100 млн. еуродан астам құрады). Р. Василенко бүгін ҚР СІМ алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту болып табылатынын айтты.Осыған орай, 2018 жылғы 5-6 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Словения экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының нәтижелерін, сондай-ақ екіжақты бизнес-форум аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары бағалады.Сонымен қатар, өз салаларында көшбасшы болып табылатын және бүкіл әлемде өкілдіктері бар Словения компанияларының – KRKA (дәрі дәрмектер), Iskratel Group (IT шешімдер), Gorenje (тұрмыстық техника), Bisol Group (күн батареясы) табысты жұмысы атап өтілді. Жалпы, Қазақстанда 20-ға жуық Словения компаниялары қызмет көрсетеді.Тараптар ынтымақтастықтың IT (ақпараттық технологиялар), фармацевтика, көлік инфрақұрылымы, логистика, туризм, сауықтыру медицинасы, жасыл технологиялар және басқа да салаларын перспективалы деп белгіледі.Р. Василенко словениялық әріптестерін қазақстандық экономикаға инвестициялау мүмкіндіктері және Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін артықшылықтар туралы хабардар етті. Осыған орай, Словения тарапын «ЭКСПО-2017» базасындағы жобалар – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар халықаралық технопаркін және «жасыл» технологиялар және «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын дамыту орталығын іске асырудағы белсенді ынтымақтастыққа шақырды.Сондай-ақ, тараптар Еуразиядағы транзит-көліктік әлеуетті дамыту аясындағы өзара іс-қимылды жандандыруға, оның ішінде «Белдеу және жол» бастамасын және Словенияның Копер портының мүмкіндіктерін пайдалану іске асыру өзара іс-қимылды жандандыруға деген ортақ ынталарын растады.Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сириялық реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия, Еуропалық Одақ және Балқан өңірінің елдері арасындағы өзара іс-қимылдың песрпектива мәселелері бойынша пікір алмасулар орын алды. Р. Василенко Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер бастау мәселесі бойынша қолдау көрсеткені үшін Словения тарапына алғысын білдірді.Қазақстандық дипломат Словенияда болған кезде Қазақстанның Марибор мен Ново-Горица қалаларындағы Құрметті консулдары Горазд Шифрер мен Димитрий Пициганың қызметімен танысты, сондай-ақ «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның Орталық және Шығыс Еуропадағы тәуелсіз өкілі болып табылатын Қазақстан-Словения бизнес клубының Президенті Деян Штанцермен сұхбат өткізді.Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары сапар барысында Словенияның Повир ауылындағы әзірше «Кассе Себеро» ретінде белгілі Қазақстанның қаһарман-партизанының қабіріне гүл қойды. Бүгінгі күні, ҚР құзыретті органдары 1943 жылы қайтыс болған жауынгердің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22363?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен технология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті 11.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 8 сәуір – ҚР ПИР-дағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералдық ғылым және технологиялар министрі Халид Хуссейн Магсимен кездесті.Келіссөздер барысында Е.Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, ғылым мен технология саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары мен ғалымдары арасындағы байланыстарды нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Елші министрге ағымдағы жылдың сәуір айының соңында болатын, оның ішінде ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған және осы саладағы құжаттарға қол қою жоспарланып отырған іс-шаралар туралы хабардар етті.Өз кезегінде Халид Хусейн Магси аталған бастамаларды толығымен қолдап, ҚР ғылыми-академиялық топтарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделілік білдіріп, уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс орнату үшін Қазақстанға бару ниеті туралы хабарлады.Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылы нақты жобаларды екіжақты форматта іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/972187?lang=kk
2030 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АСТАНА АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 3 ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ 11.04.2025
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай агломерация аумағында 3 индустриялық аймақ құру арқылы Астана қаласынан ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды шығару ұсынылып отыр. Сондай-ақ жаңадан құрылатын өндірістік кәсіпорындарды индустриялық аймақтарға орналастыру жоспарлануда.Жобада бірінші индустриялық аймақты Аршалы ауылына (Аршалы ауданы) орналыстыру ұсынылып отыр. Астана-Теміртау-Қарағанды бағытындағы ось бойынша ұтымды экономикалық және географиялық жағдай бар. Екінші индустриялық аймақ жылдамдығы жоғары халықаралық магистраль мен темір жол бойындағы Төнкеріс (Шортанды ауданы) ауылында орналасады.Үшінші индустриялық аймақты Жайнақ (Целиноград ауданы) ауылына орналастыру жоспарланып отыр. Бұл елдімекендер инфрақұрылыммен және шағын электр станцияларымен қамтамасыз етілгендіктен таңдалып отыр. Бүгінгі таңда алаңы 100 гектар болатын өндірістік жер учаскесі бөлінді.Анықтама: Астана агломерациясының аумағына 3 ауданы (Аршалы, Целиноград, Шортанды) және Ақкөл ауданының 4 ауданы кіреді. Агломерацияға барлығы 124 елдімекен еніп отыр. Агломерация халқының саны 2016 жылы 1,2 млн. адамды құрады, 2030 жылға қарай 1,6 млн. адамға дейін жетеді (өсім 33 % құрайды), (Астана қаласында 2016 жылы 1,0 млн. адамнан 2030 жылға қарай 1,2 млн. адамға дейін өседі). Жалпы алаңы 21 770 шаршы километрді құрайды, соның ішінде Астана қаласы – 800 шаршы километр. Агломерацияның жалпы аумағынан 7,5 мың шаршы километрді құрайтын қарқынды даму аймағы жеке бөлінген. Оның негізгі бағыттары индустриялық аймақтарды құру, өндірісті әртараптандыру. Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22353?lang=kk
Қоғаммен тиімді диалог – мемлекеттік басқарудың басты тетігі 11.04.2025
Президентіміз Қ. Тоқаев 2022 жылы "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Құжаттың мәтінінде "Қазақстан Республикасының президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мәселелері қаулы етілген. Осыған байланысты, Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізілуі міндеттеліп, халықпен кездесу өткізу шеңберінде азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді, коммерциялық емес ұйымдармен кездесулерді қамтамасыз етуі жүктелген болатын.Осы ауқымды міндеттер аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы күнге дейін департамент басшысының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдаулар мен халықпен кездесулер шараларын белсенді түрде ұйымдастырып келеді.Мысалы, 2024 жылы жалпы саны 82 жеке қабылдау шарасы ұйымдастырылып, 110 тұрғынның мәселелері қаралған болатын. Бұл қабылдаулар Қызылорда облысы әкімдігінің, «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында және Сырдария, Шиелі, Қармақшы аудандарында өткізілді. Тұрғындар мемлекеттік қызметті өткеру және оның жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке кіру заңдылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері және әлеуметтік сипаттағы бірқатар сұрақтармен жүгінді. Жеке қабылдау және кездесуге келген азаматтардың барлық сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, көтерген мәселелері құзырлы органдардың назарына жеткізілетіндігі айтылды.Ал 2025-жылдың басынан 5 жеке қабылдау мен тұрғындармен кездесу шаралары өткізіліп, барлығы 24 азамат қабылданды. Оның ішінде, Сырдария ауданы, Аманкелді, Айдарлы ауылдық округтерінде және арнайы қоғамдық қабылдау алаңдарында департамент басшысымен тұрғындарға мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар маңызды жаңалықтар таныстырылып, мемлекеттік грант негізінде ЖОО үздік бітірген түлектерді конкурстық іріктеусіз бір жыл ішінде тікелей тағайындау мүмкіндігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған мамандар үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүргізу мәселелері туралы ақпараттар берілді. Жеке қабылдау барысында, азаматтар мемлекеттік қызметтің жаңартылған жүйесі, кадрлық саясат, бос жұмыс орындарына құжат тапсыру, жұмыс өтілінің талаптары және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, департамент басшысынан тарапынан толыққанды жауаптар алынып, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне орналасу заңдылықтары түсіндірілді.Президент Жарлығы негізінде халықпен ашық және жүйелі диалог орнату – қазіргі кезеңде мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда маңызды рөл атқаруда. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп, халық сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда. Қоғаммен тікелей әрі ашық байланыс орнату – азаматтардың талап-тілектеріне уақтылы жауап беруге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Алдағы уақытта да департамент тарапынан халықпен тікелей байланыс пен мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жеке қабылдаулар мен кездесулер өз жалғасын табатыны анық. Е.Ж.МендалиевҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/972178?lang=kk
Балалар кітабы апталығының жабылуы өтті 11.04.2025
8 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында балалар кітабы апталығының жабылуы өтті. Бір жұма бойы қаламыздағы мектеп оқушылары үшін әртүрлі бағыттағы, түрлі танымдық, шығармашылық байқаулар, сайыстар өткізілді. Барлығы 200-ден астам оқушылар қамтылды. Апталықтың ашылуы №12 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында өтті. Аталмыш мектеп кітапханашысы Сәуле Талғатқызы балаларды жоғары дәрежеде дайындап, іс-шараның жақсы өтуіне ат салысты. Ашылуға келген оқшылардың ешқайсысы назардан тыс қалмады. Оларға «Гормолзавод» ЖШС атынан балмұздақ сыйға таратылды. Апталықтың екінші «Табиғат пен шығармашылық» сурет байқауы өтті. Оған «Balakai» шығармашылық студиясының 9-12 жас аралығындағы кішкентай суретшілері қатысты. Сонымен қатар, балалар жазушысы, журналист Серік Сапарұлымен кездесу өтті. №21 мектеп-лицейінің оқушылары ақынның өлеңдерінен шашу шашты. Сондай-ақ, №11 мектеп-гимназиясының оқуышлары білімдерін сынып, «Кітап қиял әлемі» атты брейн-рингке қатысты. Жабылу аясында сурет байқауының жеңімпаздары, кітапханамыздың белсенді оқырмандары Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында директоры Қуаныш Оспановтың атынан Алғыс хаттар және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.Іс-шарада №21 мектеп-лицейі мен №12 жалпы білім беретін мектептің белсенді оқушылары, «Balakai» шығармашылық студиясының талантты шәкірттері, №2 мектеп-лицейінің көптілді "In the world of art" театралдық студиясы өнер көрсетті. Іс-шараға №4 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары көрермен болып келді.Балаларды құттықтап келген Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Көпенова Гүлнұр Сейпішқызы, кеңес мүшесі Есенова Гүлайым Ерғалиқызы балаларды кітаппен дос болуға шақырып, өздерінің жақсы тілектерін білдірді.Сондай-ақ, апталықтың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан «Kok Su Kz» ЖШС, «Радужная зебра» ЖК, «Бек-АРТ» ЖК алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/972177?lang=kk
Аудан орталығында және елді мекендерде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті 11.04.2025
Тазалауға меншік түріне қарамастан ауданның барлық мекемелері қатысты. Сенбілік барысында әр мекеменің қызметкерлері көршілес көшелерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстардан тазартты. Алдағы уақытта сенбілік жалғасады. Аудан тұрғындарын тазалауға белсенді қатысуға және тазалықты сақтауға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/972176?lang=kk
СЭҚ қатысушыларымен валюталық бақылау мәселелері бойынша дөңгелек үстел 11.04.2025
Тауар номенклатурасы және кедендік мониторинг басқармасының басшысы Довганюк С.Г. дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдіріп, 2025 жылдың басынан бері Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Ұлттық банк тарапынан 3016 банк бақылау карточкасы келіп түскенін, оның 1170-і бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 244-бабына сәйкес бұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Валюталық бақылау ережелерін бұзу фактілері әлі де жиі кездесуде.Бас маман Ғайниев Р.Р. сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылау ережелеріне сәйкес, егер валюталық шарттың сомасы АҚШ-тың 50 000 долларынан асса, онда бұл шарт есептік тіркеуге жататынын еске салды. Егер шартта сома көрсетілмесе, ол да есептік тіркеуге жатады. Тіркеу шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.Егер шарт бойынша міндеттемелерді алдымен бейрезидент орындайтын болса (мысалы, ақша түсімі немесе тауар жеткізу), онда резидент тіркеуді сол ақша немесе тауар түскенге дейін жүргізуі тиіс.Тіркеу келесі тәртіппен жүзеге асырылады:егер есеп айырысу өкілетті банк арқылы жүргізілсе – сол банкте;егер есеп айырысу шетелдік банк арқылы жүргізілсе – Ұлттық Банктің аумақтық филиалында.Мемлекеттік кірістер органдары мына жағдайларда валюталық шарттар бойынша бақылау жүргізеді:репатриация мерзімі өтіп кеткен және бейрезиденттің міндеттемелері 50 000 АҚШ долларынан асса;валюталық шартты тіркеу мерзімі бұзылса.Бұл ережелердің бұзылуы ҚР ӘҚБтК-нің 244-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.СЭҚ қатысушыларына тауар декларациясының 44-графасына 03031 құжатының түрі – валюталық шарт нөмірі және 03011 құжат түрі бойынша шарт нөмірін дұрыс толтыру, сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндегі қызметте 328-нысан бойынша есептілікті нақты толтыру қажет екені ескертілді. Қате толтырылған жағдайда банктер тарапынан банктің бақылаудың дербес карточкалары (ББДК) рәсімделіп, ҚР ӘҚБтК-нің 251-бабы бойынша жауапкершілікке тарту қаупі туындайды.Негізгі ұсыныстар:Егер валюталық шарт сомасы 50 000 АҚШ долларынан асса, міндеттемелерді орындауға кіріспес бұрын өкілетті банктен шарттың есептік нөмірін (ШЕН) алу қажет.Валюталық шарттарды тіркеу және ақпарат беру мерзімдерін сақтау.Жауапкершілікке тарту тәуекелдерін болдырмау үшін есептілікте ШЕН мен келісімшарт нөмірін дұрыс көрсету. Дөңгелек үстелге қатысқан сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар:ТОО "SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA"ТОО "АСБИС Казахстан"ТОО "Авто Прайм Казахстан"ТОО "BSH Home Appliances (БСХ Хоум Аплайансэс)"ТОО "Торговый дом "АВТОЦЕНТР-БАВАРИЯ"ТОО "VENDER"АО "Technodom Operator" (Технодом Оператор)ТОО "Amway Central Asia"ТОО "MARVEL KAZAKHSTAN" (МАРВЕЛ КАЗАХСТАН)ТОО "ST Networks"Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/972165?lang=kk
Федоров ауданы әкімінің орынбасары жанындағы жұмыс кеңесі 11.04.2025
2025 жылғы 2 сәуірде Федоров ауданы әкімінің орынбасары жанындағы прокуратура, полиция өкілдерінің, ауылдық округтер әкімдерінің, аудан мекемелері басшыларының қатысуымен қаржы пирамидасының қызметі мәселесі жөнінде Федоров ауданы аумағында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс кеңесі өтті. «Asar Baspana» қаржы пирамидасы туралы ықтимал салдарларды түсіндіре отырып, жалған ақпарат таратуға жол бермеу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/972154?lang=kk
Қазақстан Орталық Азияда географиялық нұсқамаларды ілгерілету жөніндегі жобаны іске қосуға қатысты 11.04.2025
2025 жылғы 7-8 сәуірде Алматыда Hilfswerk International коммерциялық қайырымдылық ұйымы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азиядағы географиялық нұсқамаларды дамытуға жәрдемдесу – жаңа тіркелген ГН-ды ілгерілету» жобасының бастапқы кездесуі өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М.Н. Сиротина қатысты. Сондай-ақ, талқылауға Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.Жоба Орталық Азия елдерінде тіркелген үш географиялық нұсқамаларды ілгерілетуді қамтиды. Қазақстаннан «Алматы апорты» географиялық нұсқамасы таңдалды – Қазақстанның шегінен тыс жерлерде танымал, қаланың мәдени мұрасының ажырамас бөлігіне айналған алманың әйгілі сорты.Анықтама ретінде: Географиялық нұсқамалар белгілі бір аумақпен — оның табиғи жағдайларымен, тарихымен және мәдениетімен тығыз байланысты өнімді белгілеу үшін қолданылады. Мұндай белгілердің құқықтық қорғалуы бірегей сипаттамалары бар тауарларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, жергілікті брендтердің қалыптасуына, инвестициялар тартуға және туризмді дамытуға ықпал етеді. Бұл әсіресе аграрлық және қолөнер өнімдеріне қатысты, олардың әлеуеті оның шығу тегінің түпнұсқалығы арқылы ашылады.Кездесуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының өкілдері де қатысты. Жоба аясында бұл елдерде Ат-Башин ақ балы (Қырғызстан) және Аштақ (Тәжікстаннан кептірілген өрік) сияқты географиялық нұсқамалар ілгерілеуде. Бұл өнімдерде Алматы апорты тәрізді өңірдің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін бірегей сипаттамаларға ие.Қазақстанның ДЗМҰ-мен ынтымақтастығы зияткерлік меншікті қорғаудың ұлттық жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады. Географиялық нұсқамалар бойынша халықаралық бастамаларға қатысу жергілікті өндірушілерге экспорттық перспективалардың ауқымын кеңейте отырып және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, өздерін әлемдік аренада танытуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/972110?lang=kk
Көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту 11.04.2025
2019 жылдан бастап Қостанай қаласында 168 көпқабатты тұрғын үйді модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама аясында ғимараттардың техникалық жағдайы айтарлықтай жақсартылып, сыртқы келбеті де жаңартылды. 2025 жылға арналған жоспар бойынша тағы 41 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді.Оның 9 үйінде капиталды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Капиталды жөндеу аясында ғимараттардың фасадтары толық жаңартылып, шатырлар ауыстырылады, балкондар заманауи материалдармен әйнектеледі. Бұл жұмыстардың бір бөлігі уже басталды.Қалған 32 үйде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде фасадтарды бояу, балкондарды әйнектеу және подъездер мен аула аймақтарында жарықтандыру жүйесін орнату қарастырылған.Бұл шаралар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың жалпы сәулеттік көрінісін жақсартуға бағытталған. Барлық жөндеу жұмыстары Қостанай қаласы әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/972107?lang=kk
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшті 11.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына (бұдан әрі-халықаралық төлем хабарламалары форматтары) көшті.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және «ақша жөнелтуші» бағандары қамтылған.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында - оның бөлімшесінің БИН көрсетіледі.Сонымен қатар, сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), ал «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «нақты төлеуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады. Осы екі жағдайды қоспағанда, бюджетке төленетін төлемдер төлем тапсырмасының «ақша жөнелтуші» бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылатындығын жеткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/972106?lang=kk