Қоғам
ҚЫЗЫЛОРДАДА АТТРАКЦИОНДАР ЖӨНІНДЕГІ СТАНДАРТТАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Funky Town» ойын-сауықсаябағында түсіндіру жұмыстарын өткізді.Департамент қызметкерлері және «ҚазСтИн» РМК Қызылорда облыстық филиалының өкілдері «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға енгізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ негізгі талаптары айтып берді. Атап айтқанда, жергілікті әкімдікте аттракционды тіркеу, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру.Әкімдікте аттракциондарды тіркеу сәтінен бастап белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін аттракциондар бүкіл қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтеді.Параметрлері пайдалану құжаттамасында белгіленген мәндерден асатын ауа райы нашар болған жағдайда аттракциондарды пайдалану тоқтатылады.Бұдан басқа, мамандар ҚР СТ талаптарына сәйкес аттракциондар қауіпсіздігінің жай-күйіне аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін меншік нысанына қарамастан пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы жауапты екендігін түсіндірді. Олар қауіпсіздік бойынша қажетті ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүргізуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22486?lang=kk
АЛМАТЫДА ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 11.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Mon Amie» және «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкендердің алаңында Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.Кездесу барысында дүкендердің қызметкерлеріне Кеден одағының «Парфюмерлі-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 009/2011) техникалық регламентінің талаптарын түсіндірді, ол КО мүше-мемлекеттердің аумағында айналымға шығарылатын тұтыну ыдысындағы парфюмерлік-косметикалық өнімге таралады.Парфюмерлік-косметикалық өнім осы техникалық регламентке сәйкес келген кезде нарыққа шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуі тиіс.Осы КО техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен парфюмерлік-косметикалық өнімдер КО мүше-мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.Кездесудің соңында ашық диалог өтті және тұщымды пікір алмасу болды, дөңгелек үстел қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22485?lang=kk
БҰҰ Қарусыздану жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы сессиясы ашылды 11.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 7 сәуір — Нью-Йорктегі БҰҰ Штаб-пәтерінде Қарусыздану жөніндегі БҰҰ комиссиясының жыл сайынғы сессиясы өз жұмысын бастады. Халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған әмбебап алаң ретіндегі бұл сессияға биыл Парагвай төрағалық етуде. Күн тәртібінің басты бағыттары — ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ жаңа технологияларға байланысты туындайтын сын-қатерлер. Сессия 25 сәуірге дейін жалғасады.Сессияны аша отырып, БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғары өкілі Изуми Накамицу ядролық қару қолдану қаупі қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бергі ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық тежеу және бақылау тетіктері әлсіреп келеді. Сондай-ақ, ол жасанды интеллект сияқты жылдам дамып келе жатқан технологияларды реттеу бойынша жаһандық нормалар әзірлеудің шұғыл қажеттігін атап өтті, өйткені бұл технологиялар болашақтағы қарулы жанжалдардың сипатына елеулі ықпал етуі мүмкін.Қазақстан атынан сөз сөйлеген БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл Қайрат Омаров еліміздің ядролық қарусыздануға қатысты ұстанымы тарихи тәжірибеге негізделетінін атап өтті. Бұл саясат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған жауапты және жүйелі сыртқы саяси бағыттың бір бөлігі болып табылады және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған көпжақты күш-жігерге белсенді қатысуды көздейді. Атап айтқанда, Қазақстан ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТСШ) қатысушы мемлекеттердің үшінші кездесуіне төрағалық етті және Орталық Азиядағы ядросыз аймақты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.Қазақстан 2026 жылы күшін жоятын Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы шарттың тоқтауына алаңдаушылық білдіріп, оның орнына өміршең әрі уақтылы жаңа келісім бойынша келіссөздерді жедел бастауға шақырды. Сонымен қатар, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) VI бабын толық орындаудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл бап барлық қатысушы мемлекеттерге ядролық қару жарысын тоқтату, қарусыздану және жалпыға бірдей әрі толық қарусыздану туралы шарт жасасу жөніндегі тиімді шаралар бойынша адал келіссөздер жүргізу міндетін жүктейді. Қазақстан сондай-ақ Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуін жеделдетуге шақырды, өйткені ол жаһандық таратпау режимінің негізгі тіректерінің бірі болып табылады.Сонымен қатар, мәлімдемеде ядролық қаруға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне теріс әсер ету қаупін болдырмау мақсатында автономды жүйелер мен жасанды интеллект саласында халықаралық стандарттар әзірлеу қажеттігі атап өтілді.Қарусыздану жөніндегі БҰҰ Комиссиясы — БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы ретінде қарусыздану мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуге және халықаралық қауіпсіздік саласында мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға арналған әмбебап алаң болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/972311?lang=kk
Конституциялық Сот Төрағасы Брюссельде конституциялық сот төрелігі және адам құқықтары мәселесін талқылады 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Брюссель, 2025 жылғы 7 сәуір – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова жұмыс сапарымен Брюссельге барды.Төраға Э.Азимова іссапар шеңберінде Жоғары Сот органдарының өкілдерімен және Еуропалық Парламенттің депутаттарымен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Бельгия Конституциялық сотының төрағасы Люк Лаврейсенмен, Бельгияның өкілдер палатасының Сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Эльс Ван Хофпен, сондай – ақ Еуропалық Парламенттің профильді комитеттері - Адам құқықтары жөніндегі Кіші комитеттің, Құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің және Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегацияның төрағаларымен келіссөздер жүргізді.Кездесулер барысында Конституцияның үстемдігін нығайтудың, конституциялық бақылау институтын дамытудың өзекті мәселелері және сот билігінің адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі талқыланды. Оның ішінде, құқық қорғау күн тәртібіне, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа және демократиялық құндылықтарды ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Еуропалық парламенттің өкілдері Қазақстанда жүргізіліп жатқан институционалды реформаларды жоғары бағалады және Конституциялық Сотпен одан әрі кеңінен байланыс орнатуға қолдау білдірді. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында құқықтық мемлекеттілік пен демократиялық институттарды дамытуға бағытталған ашық және кәсіби пікір алмасудың маңыздылығы атап өтілді. Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Еуропалық Парламенттің профильді құрылымдары арасында тәжірибе алмасу мен сараптамалық өзара іс-қимылды қоса алғанда, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделі екендіктерін растады. Ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайту Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге зор үлес қосатыны атап өтілді.Жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Euronews халықаралық телеарнасына сұқбат берді. Ол сұқбат барысында Конституциялық Соттың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы рөлі, азаматтардың тікелей өтінішпен жүгіну тетігінің тиімділігі, сот шешімдерінің заңнамаға әсері, конституциялық жүйенің халықаралық стандарттарға сәйкестігі және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтты.Жалпы, сапар конституциялық сот төрелігі мәселелері бойынша халықаралық диалогты нығайтуға ықпал етті, сенімнің дамуына үлес болды және Қазақстанның құқық үстемдігі мен адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына бейілділігін атап өтті. https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/972310?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/972539?lang=kk
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әдеби сағат өтті 11.04.2025
Тарихи тағылым Алматы қаласының №4 кітапханасында ұйымдастырылған әдеби сағатта болды. «Ұлы Жеңіске — мәңгілік даңқ!» атты шара оқырмандарды жинап, батырларымыздың ерліктеріне толы өткенімізге тереңірек үңілуге мүмкіндік берді. Қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаһармандық жолын бейнелейтін шығармалармен танысып, сонымен қатар ардагерлермен жеке сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.Өздерінің естеліктерімен Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов пен еңбек ардагері Серік Ахмедов бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен майданда ерлік көрсеткен жолдастары туралы айтып берді. Қарулы қақтығыстар ардагері Оңғарбек Сыдықбеков 1969 жылғы Даманск аралындағы оқиғаларды еске түсірсе, Дуандар Умаров пен Роман Юн Ауған соғысы тақырыбын қозғадыКолледж студенттері мен мектеп оқушылары үшін бұл кездесу тек тарихи мәліметтермен танысу ғана емес, сондай-ақ ерлік пен патриотизмді дәріптейтін маңызды сабақ болды. Бұл кездесулер жастарға өткенімізді ұмытпай, оны қадірлеу және ата-бабалардың ерліктерімен мақтану қажеттігін терең ұғындырды.Іс-шара барысында оқу залында «Ұлы Жеңіс — ұрпақтарға үндеу» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ «Отты жылдардың жаңғырығы» атты тарихи-білім беру викторинасы өткізілді. Викторина жеңімпаздарына құнды кітаптар сыйға берілді.«Ұлы Отан соғысы — тарихымыздағы ең қайғылы әрі қаһармандық кезеңдердің бірі, бұл соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, үлкен сынақ болды. Майданда және тылда жасалған ерліктер Отанға деген сүйіспеншілік пен ерлікті, қайсарлықты білдіреді. Ұлы Жеңіс — бұл тек қана дата емес, ол азаттық пен тәуелсіздіктің символы болып табылады, ол үшін орасан зор құрбандықтар төленді. Біздің басты мақсатымыз — тарихи жадыны сақтап, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті және өткенге құрметпен қарауды тәрбиелеу» , — деп атап өтті Алматы қаласының №4 филиал кітапханасының меңгерушісі Әлия Іңкәрбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/972308?lang=kk
АТЫРАУДА «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» КОДЕКС ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
Атырау қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Атырау қаласындағы көшпелі отырысы барысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы талқыланды.Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамедов, Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов пен аймақтың шикізат өңдеу компаниясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.Ісшараның негізгі мақсаты - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын, соның ішінде көмірсутегі шикізатын даярлау және пайдалану мәселелерін талқылау. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский атап өткендей, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын дайындауға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің алтыншы шақырылымы бірінші сессиясының ашылуы барысында және 2017 жылғы халыққа жолдауында айтылған тапсырмалары және де «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 74 және 75-қадамдарды жүзеге асыру негіз болды.Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында өндіруші саланы ұлттық экономиканың негізгі бөлшегі ретінде реформалауды, сонымен қоса, Қазақстанның геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу қажеттігін, ол үшін шикізатты пайдалану туралы заңды жеңілдету арқылы инвестициялар тарту қажеттілігіне баса назар аударған болатын.Жер қойнауын пайдалану секторы еліміздің экономикасын айқындаушы болып табылады. Бүгінгі таңда республикадағы тау-кен және мұнай-газ секторлары бюджетті толықтырып отыр. Мәселен, бюджеттің 2/3 бөлігі тау-кен компанияларының табыстары есебінен құралады.Кездесу барысында жерқойнауын пайдаланушылардың атынан жұмыс тобының шеңберінде заңнамалық реттеуді талап ететін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасының кейбір мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.Еске сала кетейік, Кодекс жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарымен қарастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22474?lang=kk
МАЙ-ТОҢМАЙ ӨНІМДЕРІ 11.04.2025
Май-тоңмай өнімі – өсімдік майы және суды, тамақ қоспаларын және басқа ингредиенттерді қосу арқылы немесе қоспай-ақ өсімдік немесе өсімдік және жануар (балық және теңіз сүт қоректілер майын қосқанда) майларының негізінде дайындалған өнім.Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында шығарылатын май-тоңмай өніміне, оған қойылатын талаптарды КО ТР 024/2011 «Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламентіне» сәйкес белгіленеді. Осы техникалық регламент Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсанындағы № 883 шешімімен 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді.Кеден одағына қатысушы елдердің аумағында айналымға шығарылатын май-тоңмай өнімі, тағамдық май-тоңмай өнімінің жарамдылық мерзімі және тағамдық емес май-тоңмай өнімдерін сақтау мерзімі ішінде мақсаты бойынша қолдану кезінде адам өміріне және денсаулығына қауіп төндірмеуге тиіс.Техникалық регламенттің қолданысы келесілерге таралмайды:өсімдік майынан басқа, өнеркәсіптік емес өндіріс процесінде алынған май-тоңмай өніміне;табиғи шикі глицериннен және кір сабынынан басқа, тағамдық емес май-тоңмай өніміне.Осы техникалық регламент техникалық талаптарын тек қана май және тоңмай өнімдеріне ғана емес, өнімнің қаптамасына, таңбалауына, сақталуына тасмалдауына және өндірілуіне қойылады. Май және тоң май өнімдерінің техникалық регламенті Кеден одағының аумағында айналымға шығарылады және қолданылады.Май-тоңмай өнімінің тұтынушылық орауышын таңбалау түсінікті, жеңіл оқылатын, анық болуға тиіс және тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелмеуге тиіс, бұл ретте жазбалар, белгілер, символдар таңбалау орналасқан фонға қарама-қарсы болуға тиіс. Маргариндердің және спредтердің атауларында «май» сөзі олармен түбірлес сөздерге, сондай-ақ құрамында «май» сөзі бар сөз тіркестеріне жол берілмейді.Май-тоңмай өнімдерін Кеден одағына мүше мемлекеттері нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау оған таралатын Кеден одағының барлық техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы куәландырады.Техникалық регламентпен толық Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org танысуға болады.Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сабирова Асем ХолмирзоевнаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22468?lang=kk
«ПАМИР» ГАЗДАЛМАҒАН БӨТЕЛКЕДЕГІ АУЫЗ СУЫ САУДА МАРКАСЫНДАҒЫ «СОЛОДОВНИКОВА Д.Д.» ЖК-НЕ БАРУ 11.04.2025
2017 жылғы 19 қазанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау жәен сертификаттау институты» РМК Атырау филалымен бірлесіп «ПАМИР» газдалмаған бөтелкедегі ауыз суы сауда маркасындағы «Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына барды.Аталған кәсіпорын 6 жылдан бері 19 литр көлемдегі бөтелкедегі суды жеткізумен айналысады. Мекеменің негізгі және басты бағыты таза бөтелкедегі суды бөліп құю мен жеткізу болып табылады. Судың құрамындағы барлық ауру тудыратын бактериялар мен микроорганизмдерді жоюға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы италиялық құрылғыда суды тазалаудың жаңа көп сатылы технологиясы қолданылады, кері осмос технологиясын қолдана отырып: 0,0007 мм тесіктен қысыммен өтетін көп сатылы мембранаға су құйылады. Тесіктің мұндай диаметрі тек судың молекулаларын өткізуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде су озондалады.«Солодовникова Д.Д.» ЖК кәсіпорнына бару кезінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Асыл Имангалиева техникалық реттеу және метрология саласы бойынша заңнама талаптарын түсіндірді. «ҚазСтИн» РМК Атырау филиалының жетекші маманы Жанал Акмалиева «Интернет-дүкен» АЖ, «Онлайн қол жетімділік» қызметі, нормативтік құжаттарды актуалдандыру, ҚР-да каталогтау жүйесін енгізу, 2018-2019жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жүйесін құрастыру тәртібі, үкіметтік емес стандарттарды құрастыру және қолдану туралы түсіндірді.Шара соңында кәсіпорын өкілдері техникалық реттеу және метрология саласы туралы ұсынылған ақпаратқа алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22467?lang=kk
Қазақстан жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қалпына келтіру және сақтау жөніндегі міндеттемелерін растайды 11.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қалпына келтіру және қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту бойынша ауқымды шаралар арқылы жабайы табиғатты қорғау саласындағы жаһандық көшбасшылығын одан әрі нығайтып келеді. Барыс, Пржевальский жылқысы және жорға дуадақ сияқты бірқатар нышандық түрлердің популяциясын көбейту бойынша елеулі ілгерілеушілік байқалды.2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық әртүрлілікті сақтау – Қазақстан үшін кезек күттірмейтін басымдық екенін атап өтті. «Экожүйеге түсетін жүктеме артып келеді. Үкіметке мамандарды тарта отырып, жағдайды жан-жақты зерделеуді және теңгерімді шешім қабылдауды тапсырамын», – деді Президент Тоқаев, сайғақ популяциясының көбеюіне байланысты алаңдаушылыққа орай. 2019 жылы браконьерлікке қарсы заңнаманың күшеюі нәтижесінде бұл түрдің саны айтарлықтай қалпына келтірілгенімен, ауыл шаруашылығына әсері мен аурулардың таралу қаупі сынды жаңа сын-қатерлер туындауда.Қазақстан Балқаш өңіріне Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бойынша бастаманың көшбасшысы болып табылады. Бұл – жан-жақты экологиялық және экономикалық жоспарлауды талап ететін жоба. Сонымен қатар барыс популяциясын сақтау және ұлғайту бойынша да жұмыстар жанданып келеді. Адам әрекетінен зардап шегіп отырған Каспий итбалығы мен қызғылт фламинго сияқты осал түрлерді қорғау шаралары да күшейтілуде. Биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Қор құру ұсынылды. «Осы игі істің ерекше маңыздылығын атап өту үшін мен бұл қоғамдық ұйымды жеке өзім басқаруға дайынмын», – деді Президент Тоқаев.Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан қорғалатын табиғи аумақтардың көлемін 869 мың гектардан 30,9 миллион гектарға дейін ұлғайтты, бұл елдің биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ұзақ мерзімді ұстанымын айғақтайды.Барыс пен Пржевальский жылқысын сақтау: жаһандық үлгіҚазақстанның барысты – бүкіл әлем бойынша жойылып бара жатқан түрді – қорғауға бағытталған инновациялық тәсілдері халықаралық деңгейде мойындалуда. Популяцияны нақты бақылауға мүмкіндік беретін бейнеқақпандар мен спутниктік телеметрия сияқты заманауи бақылау технологиялары енгізілді. Он бір барысқа спутниктік мойынтұмалар тағылып, олардың мекен ету ортасын басқару шаралары қолға алынды.«Табиғатты қорғау бағытындағы мақсатты шаралардың арқасында барыс саны 1990 жылдардағы дағдарысты кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам өсті және бүгінде 180-нен астам дарақты құрайды», – деді 2024 жылғы желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. «Біздің жұмысымыз шекарааралық және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы жалғасуда».1960 жылдардың соңына қарай табиғатта жойылып кеткен Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру – тағы бір сәтті жоба. Халықаралық ұйымдармен бірлесіп, өткен жылдың маусым айында жеті Пржевальский жылқысы Прага хайуанаттар бағынан Қазақстандағы «Алтын дала» резерватына жеткізілді. 2029 жылға дейін жалпы саны 40 жылқыны елдің тоғыз өңіріндегі тарихи мекендеріне қайта әкелу жоспарлануда.Жорға дуадақ пен Тұран жолбарысын сақтауҚазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе отырып, Түркістан өңірінде жорға дуадақты көбейту орталығын құрды. 2009 жылдан бастап бұл орталық жабайы табиғатқа шамамен 73 000 құсты жіберді, бұл түрді сақтау ісіне айтарлықтай үлес қосты.Қазақстанның Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бағдарламасы осы жыртқышты өзінің тарихи мекеніне – Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына қайтаруға бағытталған. 2018 жылдан бері бұл аймаққа 205 тұғай бұғысы мен 100-ден астам құлан қайта жіберіліп, табиғи қоректік база қалпына келтірілуде. Қазіргі уақытта екі жолбарыс Нидерландыдан әкелініп, вольерлік жағдайда өсірілуде, ал Ресейден тағы үш-төрт жолбарыс биыл жеткізіледі деп күтілуде.Халықаралық ынтымақтастық және алдағы мақсаттарҚазақстанның жабайы табиғатты қорғау саласындағы жетістіктері халықаралық ұйымдармен, ғылыми мекемелермен және табиғатты қорғау саласындағы сарапшылармен тығыз әріптестіктің нәтижесі болып табылады. Климаттың өзгеруі мен табиғи мекендеу ортасының жойылуы сияқты жаһандық сын-қатерлер аясында Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау және жойылып бара жатқан түрлерді қалпына келтіру миссиясын табанды түрде жалғастыруда.Қазақстанның бұл саладағы табыстары елдің экологиялық жаһандық көшбасшы ретіндегі рөлін айқындай түседі. Ғылыми зерттеулерді жалғастыру, халықаралық ынтымақтастық және жануарлар әлемін басқарудағы проактивті тәсілдер арқылы Қазақстан табиғатты қорғау бағдарламалары үшін әлемдік деңгейде үлгі көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/972295?lang=kk
Үшжақты меморандумға қол қойылды 11.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу жобасы бойынша жиын өтті. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері және қордан балаларының еміне көмек алған ата-аналар қатысты.Басқосуда Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Р и А Сервис ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.Аймақ басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен жобалар қолға алынған.Бүгін қордың қолдауымен Қызылорда қаласынан құны 2 млрд. 900 млн. теңге (қор – 2 млрд. 300 млн. теңге, ОБ – 600 млн. теңге) болатын денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу үшін үшжақты келісімге қол қою рәсіміне жиналдық.Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Облыс бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталуда.Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуіне орай жергілікті кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар, облыстан шыққан меценаттар ортақ іске белсенді араласып, қайырымдылық шараларына, Сыр елін көркейтуге үлес қосуда.Бүгінде демеушілердің 50 млрд. теңгеден астам қаржысына іргелі істер атқарылды. Қор ұжымына қажырлы да қомақты еңбегі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Болашақта да қарым-қатынасымыз өзара тиімді негізде құрылады деп үміттенеміз», – деді Н.Нәлібаев.Жиында Ләззат Шыңғысбаева өңірдегі жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен еңбек ардагері, қоғам қайраткері Ибрагим Абибуллаев бастамаларға сәттілік тіледі. Ата-аналар атынан Досбол Сәттібаев қор ұжымына лебізін білдірді.Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймағымызда 7 млрд. 150 млн теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. 800 млн. теңге қаржы бағыттады. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында және Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» орталықтары ашылып, қажетті дәрі-дәрмек алынды.Қордың қолдауымен Арал ауданында да «Қамқорлық» орталығы салынуда. Мамыр айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, облыстық онкология орталығын құны 1 млрд. 100 млн. теңге болатын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Бұл кешен еліміздің 3 өңірінде ғана бар. Қазіргі кезде аймақтың шалғай елді мекендеріндегі тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетеді.«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын да іске асыруда. Жоба аясында 2022-2024 жылдары 6 мектеп 1 млрд. 500 млн. теңгеге қайта жабдықталды. Биыл тағы 2 мектепке 500 млн теңге қаржы қаралған.Қор демеушілігімен 172,5 млн. теңгеге жылдам тұрғызылатын ангар типтес спорт кешені Шиелі ауданы Ақтоған ауылында салынып, ел игілігіне табысталды. Жалағаш ауданы Аққыр ауылындағы спорт кешені жақын күндері пайдалануға беріледі. Ал Сырдария ауданына спорттық құрал-жабдықтар алынып, бөлмелер жабдықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/972290?lang=kk
Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті 11.04.2025
Үкімет аппаратында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Олар қазіргі реттеу ортасының жай-күйі мен бизнес саласындағы негізгі мәселелерді талқылады.Кездесу барысында бірқатар маңызды бағыттар бойынша реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Негізгі мәселелердің бірі жеңіл өнеркәсіп тауарларының таңбалануын және қадағалануын енгізу, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу болды. Зияткерлік меншік құқықтарының объектілерін пайдалануды бақылау, сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтың белгіленген стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде растау мәселелері талқыланды.Талқылаудың маңызды бөлігі кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобының ұсынымдары болды.Мемлекеттік реттеуші органдар мен комиссия мүшелері ұсынған тұжырымдар негізінде реттеушілік әсерге жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралып, мақұлданды.Серік Жұманғарин бизнес-қауымдастықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік реттеуші органдарға енгізіліп жатқан реттеу құралдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Бұдан бөлек, отырыста бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін Ұлттық экономика вице-министрі төрағалық ететін әрі «Атамекен» ҰКП тең төрағалығымен жұмыс тобын құру ұсынылды. Бұл жұмыс тобы екі аптада бір рет тұрақты түрде бас қосып, әр сала бойынша кәсіпкерлер тап болатын мәселелерге назар аударатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/972289?lang=kk
Медицина саласындағы жобалар талқыланды 11.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті. Кездесуде медицинада, оның ішінде нейрохирургия саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.Қызылорда облысында 25 төсек-орынға арналған нейрохирургиялық бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетеді, 11 нейрохирург маман бар. Бір жылда 6 түрлі күрделі нейрохирургиялық ота тәжірибеге енгізілсе, биыл да осынша жаңашылдық жоспарлануда.Соңғы үш жылда 4 аудандық, Байқоңыр қалалық ауруханасы, облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалар 7 КТ аппаратымен қамтамасыз етілсе, көпбейінді облыстық ауруханаға 1 МРТ аппараты қойылды. Аймақ дәрігерлері 658 нейрохирургиялық ота жасаған.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салу көзделген. Ұлттық жобамен 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 1 медициналық бекет пайдалануға берілді.Биыл Арнаулы мемлекеттік қордан Шиелі, Арал, Жаңақорған, Қазалы көпбейінді аудандық аурухана ғимараттарына қосымша құрылыс салу үшін қаржы бөлу жоспарлануда.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Қызылорда қаласында 2 медициналық нысан іске қосылды. Жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсектік, Арал ауданы Сексеуіл кентінде 40 төсектік ауылдық аурухана қолданысқа берілді.Облыс орталығында 300 орындық көпбейінді аурухана салынуда. Өткен жылдың шілде айында облыстық қан орталығы жаңа ғимаратқа орналасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/972288?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: астаналық журналистерге парадқа дайындық қалай өтіп жатқаны көрсетілді 11.04.2025
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер елордадағы 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге дайындықты көріп қайтты.Баспасөз туры жеке құрамның жаттығуларын көрсетуден басталды. Плацта 3000-нан астам офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметші және мерзімді қызмет сарбазы дайындалып жатты. Өзге бөлімшелер жақын арада жалпы топқа қосылады. – Шеруге қатысушыларды іріктеу кезінде бәріне бірдей дене дайындығы, денсаулық жағдайы, бойы бойынша қатаң талаптар қойылды. Барлық әскери қызметшілердің бойынша Қарулы күштерге деген мақтанышқа негізделген жоғары мотивация бар, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев.Парадтық есептоптардың негізін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің есептоптары да қатысады.Сондай-ақ журналистерге әскери қызметшілер тұратын шатырлы қалашық, шаруашылық жабдықтау пунктері, далалық госпиталь көрсетілді.Техникалық аймақта қонақтарға соғыс жылдарындағы техника мен заманауи жауынгерлік машиналарды парадқа дайындайтын мамандарды көруге де мүмкіндік берілді. Іс-шара жауынгерлік техника легінің өтумен аяқталды. Олардың қатарында әйгілі Т-34 танктері және ЗИС-2 (калибрі 57 мм) зеңбіректері бар ЗИЛ-157, М-30 (калибрі 122 мм) гаубицалары бар ЗИЛ-157, есептоптарымен БМ-13 «Катюша» автомобильдері бар. Шерудің қазіргі бөлігінде еліміздің бас алаңы бойынша «Арлан», «Cobra» сауытты дөңгелекті машиналары, «Стрела-10», «ТОР» және «БУК» зениттік зымыран кешендері, БТР-82А, «Алмаз» және «Агат» мобильді кешендері, «TEODor» роботехникалық кешені, есептік-талдамалық станция кешені және қару-жарақ пен әскери техниканың басқа да жоғары технологиялық үлгілері жүріп өтеді.Естеріңізге сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру дәстүрлі түрде 7 мамырда Астанада өтеді. Оған 4000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника қатысады. Шерудің әуе бөлігін майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/972283?lang=kk
Вашингтонда Наурыз мейрамы аталып өтті 11.04.2025
Вашингтон, Колумбия аумағы, 2026 жылғы 26 наурыз – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық мұражайында көктемгі жаңаруды білдіретін, бірлік пен жаңа өмірлік кезеңнің басталуын сипаттайтын көне мереке Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараны Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссиялары бірлесіп ұйымдастырып, ол мәдени диалогты дамытуға және қоғамдық дипломатияны ілгерілетуге арналған алаңға айналды.Бағдарлама аясында Қазақстан ұлттық тағамдар арқылы халықтың бай мәдени мұрасын таныстырды. Қонақтарға мерекелік дастарханның негізгі дәмдері, оның ішінде Наурыз көже, бауырсақ, жент және ірімшік ұсынылды. Бұл тағамдар елдің ғасырлар бойы қалыптасқан аспаздық дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік берді.Қонақтардың ерекше назарын дәстүрлі қазақ киіз үйінің инсталляциясы аударды. Ол қонақтарға көшпелі мәдениет пен тұрмыс ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, көрмеде қазақ өнерінің туындылары, соның ішінде қолөнер бұйымдары мен ұлттық әшекейлер ұсынылды.Іс-шара қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың мәдени ортаға тереңірек енуіне ықпал етіп, кең аудиторияның зор қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188990?lang=kk
Саяси диалог және экономикалық қатынастар - Қазақстан мен Ангола Сыртқы істер министрлерінің назарында 11.04.2025
АСТАНА, 2018 жылғы 5 қыркүйек – Ангола Республикасының Сыртқы істер министрі, Ангола Республикасы Президентінің арнайы өкілі Мануэл Домингуш Аугушту Қазақстанға алғаш рет сапармен келді.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен келіссөздер барысында тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдары ортақ екенін растады, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын бағалап, түрлі салалардағы келешегін атап өтті.Қазақстан Анголамен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Кеңес Одағынан бастап Қазақстан мен Ангола достық қарым-қатынастарды ұстанады. Ангола қоғамында жауапты лауазымдарға ие Анголаның көптеген студенттері қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алды. 1975 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қазақстандық мамандар Анголадағы өндірістік нысандарды құруға белсенді қатысқандығы атап өтілді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі аясында Африка одағының бейбітшілік пен қауіпсіздік кеңесінде Анголаның алдағы төрағалығына байланысты және дүниежүзілік ұйымның негізгі органдарының бірінің күн тәртібінде Африка мәселелерінің қарастырылуын ескере отырып, тиімді өзара әрекеттестік туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларын қоса алғанда барлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін қажетті әлеуетке ие екендігін мәлімдеді. Осыған орай, М. Аугушту Ангола бизнес қауымдастығының ірі өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы ниет білдірді. Ангола тарапы тау-кен өнеркәсібі мен теміржол құрылысы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігіне айрықша қызығушылық танытты.Атап айтқанда, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық жобасы, «Белдеу және жол» бастамасы, сондай-ақ Африканың теміржол аралық континенттiк байланысын дамыту Қазақстанның осы континентпен байланысына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/22449?lang=kk
Цифрлық көшпенді Португалиядан Қазақстанға бағыт алды 11.04.2025
Лиссабон, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан шетелдік мамандарға ел аумағында қашықтан өмір сүруге және еңбек етуге мүмкіндік беретін Neo Nomad Visa бастамасы арқылы халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуды жалғастыруда.Бүгін Қазақстанның Лиссабондағы Елшілігінде Neo Nomad санатындағы алғашқы виза Португалия резиденті - Жорже Роза Фильюге берілді. Ол Еуропа мен Латын Америкасының жетекші технологиялық компанияларында он жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі ІТ маманы. Оның кәсіби қызметі жасанды интеллект саласындағы шешімдер әзірлеуге, интеллектуалдық үлгілерді оқытуға бағытталған.Қазақстанға алғаш рет 2023 жылы турист ретінде келген Жорже Роза Филью елдің бай мәдени мұрасы, қазақ халқының қонақжай дәстүрі және шығармашылыққа кең мүмкіндіктері арқылы ерекше әсер алғанын айтады. Көрген-білгенінен шабыттанған ол Қазақстанды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы мекен ретінде қарастыра бастаған.Қашықтан жұмыс істейтін маман ретінде ол цифрлық көшпенділерге қолайлы жағдай жасай алатын жаңа елді іздестіріп жүрген. Қазақстан Елшілігінің әлеуметтік желідегі жарияланымдары мен Diario de Noticias португал басылымындағы мақала арқылы Neo Nomad визасының іске қосылғанынан хабардар болып, батыл әрі маңызды шешім қабылдаған.Қазақстан Елшілігінің консулы Рүстем Жаппасовпен кездесуде Жорже Роза Филью Қазақстан Үкіметіне алғысын білдіріп, былай деді: «Соңғы жылдары Қазақстанда болып жатқан қарқынды және оң өзгерістер мені шын мәнінде таңғалдырды. Елдің экономиканы жаңғырту жолындағы қадамы, инновацияларға ашықтығы мен шетелден келетін мамандарға, туристерге және инвесторларға жасалып жатқан қолайлы жағдайлар - болашаққа сеніммен қарауға негіз. Мен Қазақстанның технологиялық секторына өз үлесімді қосып, осы елдің цифрлық қауымдастығының бір бөлігі болуға, бай мәдениетімен етене танысуға асықпын».Цифрлық инфрақұрылымы мен жылы климатының арқасында көшпенді мамандар үшін жаһандық орталықтардың бірі саналатын Португалия тұрғыны алғашқы Neo Nomad визасының берілуі - Қазақстанның жаңа бағыт ретінде халықаралық деңгейде қызығушылық тудырып отырғанының айқын дәлелі. Бұл бастама елдің болашаққа бағытталған реформаларының сәтті жүзеге асып жатқанын және оның технологиялық бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын да көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/972280?lang=kk
АЛМАТЫДАҒЫ ЭЫДҰ ФОРУМЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ БИЗНЕС-КЛИМАТҚА ӘСЕРІ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
Алматыда ұйымдастырылған «Еуразия апталығы» аясында «Бәсекелестіктің бизнес-климатқа әсері» тақырыбында ЭЫДҰ Еуразиялық бизнес-форумы өтті. Интерактивті пікірсайыс барысында бәсекелестік Еуразия елдеріндегі өнімділік пен экономикалық өсімді ынталандыра ала ма, деген мәселе талқыланды.«Қазақстан басқа да көптеген елдер сияқты әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға тырысады. Ең алдымен, оның инвестициялық климатын жақсарту және ең қолайлы іскерлік жағдайларды жасау арқылы біз нарықтың бәсекеге қабілеттілігін инвесторлардың келуінің алғышарты деп білеміз», - деді пікірсайысқа қатысқан ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.Форумда ЭЫДҰ бәсекелестік комитеті төрағасы, Экономикалық және коммерциялық ғылымдар жоғарғы мектебінің профессоры Фредерик Дженни, Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Жири Колиба, Украинаның монополияға қарсы комитетінің төрағасы Юрий Терентьев, Siemens компаниясының бас кеңесшісі және бәсекелестік тобының жетекшісі Волфганг Хекенбергер сөз сөйледі.Әрине, бәсекелестік бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл тұтынушылардың таңдау жасауына және тауар құнын арзандатуға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға, іскерлік айналымның сипатына ықпал етуге, инновациялар мен экономикалық өсуді дамытуға, кәсіпорындарды тиімді жұмыс істеуге ынталандыруға мүмкіндік береді.Еуразиялық апталықты жыл сайын ЭЫДҰ Хатшылығы ұйымдастырады және 13 ел үшін (Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина) өңірлік іс-шара болып табылады. Іс-шарада бәсекеге қабілеттілікті арттыру, жекеменшік секторды дамыту және жан-жақты өсуді қамтамасыз ету үшін ортақ проблемалар және озық әдістер талқыланады. ЭЫДҰ Еуразия апталығына Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің жоғары деңгейдегі мемлекет қайраткерлері, халықаралық серіктес ұйымдардың, ғылыми қауымдастық пен бизнес және қоғам өкілдері бар 32 елден 200-ден астам делегат қатысады.Еуразия апталығы алғаш рет ЭЫДҰ Хатшылығынан тыс жерде өткізілуде. Бұл ЭЫДҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың нығайғанының дәлелі. Фото мұрағаттан алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22419?lang=kk
НАУРЫЗНАМА-2025 Страсбургта мерекеленуде 11.04.2025
Страсбург, 2025 жылғы 7-8 сәуір – НАУРЫЗНАМА-2025 арналған іс-шаралар аясында, ҚР Бас консулдығы Алматы облысы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының кезекті сессиясы шеңберінде Еуропадағы ең көне ұйым – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде «Қазақ бұрышын» ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне қазақ диаспорасы мен студенттер, ЕКПА мүше елдердің делегациялары, дипломатиялық корпус, Еуропа Кеңесі хатшылығы мен Үлкен Шығыс өңірінің ресми өкілдері қатысты.Страсбургқа Қазақстаннан келген делегация арнайы стенд ұйымдастыру арқылы еліміздің мәдениетін, дәстүрі мен туристік әлеуетін таныстырған бірегей мәдени кеңістігін қалыптастырды. Онда фото және бейнематериалдар көрсетіліп, кітаптар мен брошюралар, сувенирлер мен ұлттық нақыштағы бұйымдар, қазақтың ұлттық киімдері мен тағамдары ұсынылды.Өз құттықтау сөзінде Бас консул А.Бақытбекқызы француз ұйымдастырушыларына және Қазақстан делегациясына еліміздің мәдениетін таныстыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, «Қазақ бұрышын» ұйымдастыру бастамасы 2024 ж. күзінде Мемлекет басшысының Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында Алматы облысы мен Эльзас Еуропалық Қоғамдастығы арасында орнатылған ынтымақтастықтың арқасында екенін атап өтті.Сондай-ақ, тараптардың бірлескен жұмысы туризм, инвестиция және мәдени әртүрлілік салаларындағы Қазақстан мен Эльзас арасындағы өзара тиімді өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталғаны айтылды. Қазақстанның туризмді дамытудағы басым бағытын ескере отырып, бәсекеге қабілетті инфрақұрылымға инвестиция салып, шетелдік келушілер үшін қолайлы жағдай жасап отырғаны да ерекше атап өтілді. Іс-шараға қатысушыларға Қазақстанда Neo Nomad визасы енгізілгені және бұл саяхаттау, оқу және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретіні туралы хабарланды.Сонымен қатар, биыл өз 30-жылдық мерейтойын атап өтер, барлық этностардың мүдделерін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған Қазақстанның саяси жүйесінің бірегей институты және маңызды элементі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне ерекше алғыс айтылды.Өз кезегінде Алматы облысы Туризм басқармасы Туристік ақпарат орталығы директорының орынбасары А.Қожахметов қонақтардың назарын Алматы облысы 130-дан астам ұлт өкілдерінің мекені болып табылатын мәдени әралуандығымен ерекшеленетініне аударды.ҚР өңірінде Эльзасқа ұқсас көркем ландшафттар, жүзімдіктер, табиғи саябақтар мен тарихи орындар, соның ішінде таулар, каньондар, көлдер мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар екені атап өтілді. Өңірдегі «Іле-Алатау», «Көлсай» және «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері сияқты табиғи нысандар туристер арасында «Қазақстанның інжу-маржаны» атанған өңірдің мақтанышы.Іс-шара барысында отандас Е.Дүкеннің домбырада қазақтың «Көроғлы» күйін орындауы стенд қонақтарының ұлттық өнерге, мәдениетке, салт-дәстүрге деген үлкен қызығушылығын тудырды. Еуропа жұртшылығы, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер көптеген жағымды әсерлерімен бөлісті.Сондай-ақ Алматы облысының туризм басқармасының өкілдері ҚР Бас консулдығының ұйымдастыруымен француздық серіктестермен кездесулер мен келіссөздер жүргізді. Туризм индустриясының трендтері және туроператорлар мен мамандандырылған мекемелер арасындағы ынтымақтастық перспективалары Эльзас Еуропалық Қоғамдастығының Туризм департаментінің директоры М.Левимен және Аумақтық бөлімшенің басшысы П.Шниттермен талқыланып, саяхатшылар үшін бірлескен туристік маршруттарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды. Әріптестер туроператорлардың тізімдерімен алмасуға, сондай-ақ өз аймақтарында ұйымдастырылатын маңызды іс-шараларға қатысуға дайындығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/972240?lang=kk
«АСТАНА – ЖАҢА ҚАЛА» АЭА ҚАТЫСУШЫ – КӘСІПОРЫН «КСС-АСТАНА» ЖШС БАРУ 11.04.2025
2017 жылдың 26 қазанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету мақсатаныда «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушы – кәсіпорын «КСС-Астана» ЖШС бару ұйымдастырылды.Осы іс – шарада «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.Өткізілген іс-шара кәсіпорындарға техникалық реттеу және метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу облысындағы мәселелерін шешуге барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ Халықаралық экономикалық форумның Бәсекегеқабілеттіліктің әлімдік индексі шеңберінде «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсартуға бағытталды.«КСС-Астана» – бұл шыны өңдеу саласында еншілес кәсіпорын. Олар инновациялық технологиялармен жоғары сапалы өнім шығаруға, құрылыс және арнайы мақсаттарға арналған шынының барлық түрлерін өңдейді.Келіссөз барысында кәсіпорынның келесі, өнімді сынау кезінде өлшеу құралдарын пайдалану, өлшем құралдарын тексеру, өлшем жүргізу әдістемелерін қолдану, сынақ зертханасын аккредиттеу, Астана қаласының сынақ зертханаларының аккредиттеу облысын кеңейту қажеттілігі, ИСО 9001 жүйе менеджментін енгізу, сондай – ақ стандарттарын қолдану тәртібі туралы мәселелері талқыланды.Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті және Техникалық реттеу және метрология Комитеттің ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану тәртібі бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау процедуралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен және ҚР ӨМЖ тізілімімен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22408?lang=kk
Қоғам қайраткері Әбдіжәлел Қошқарұлына құрмет көрсетілді 11.04.2025
Айдарлы ауылында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен қоғам қайраткері, журналист, саясаттану ғылымдарының докторы Әбдіжәлел Қошқарұлының 85 жас мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасын аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хұсейін, Қазақ тілі қоғамының төрағасы және ауыл тұрғындары тамашалады.Аудан әкімі мерейтой иесі көрнекті қоғам қайраткері атқанған еңбегін атап, мүшайраға қатысушы ақындарға сәттілік тіледі.— Бүгін біз көрнекті қоғам қайраткері, журналист, саясаттану ғылымдарының докторы, ұлт руханияты мен елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Әбдіжәлел Бәкір Қошқарұлының 85 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасында бас қосып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Әбдіжәлел ағамыз – нағыз ұлтжанды азамат, тіл жанашыры, мемлекеттік басқару, бұқаралық ақпарат, білім салаларында абыройлы қызмет атқарған көрнекті тұлға. Ардақты азамат киелі Сырдың топырағында, Айдарлы ауылында дүниеге келді. Еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын Сырдария ауданында ұстаздықтан бастады. Әбдіжәлел Қошқарұлы Қызылорда қалалық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерінде жүріп, өңірдің өсіп-өркендеуіне еңбек сіңірді. Екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, тіл жанашыры ретінде ана тіліміздің мерейін арттырды. Дана халқымыз «Қаламы қарымдының еңбегі жарқырайды» деп бекер айтпаған. Әбдіжәлел Қошқарұлының қаламынан шыққан 200-ден астам ғылыми мақала, 10 монография мен 2 кітап әлеуметтік маңызын жоғалтпаған ғылыми еңбектердің қатарында. Бүгінгі жыр додасында бақ сынайтын ақындар шабыты мен шеберлігін ортаға салып, ел үшін атқарған еңбегіңізді дәріптейді деп сенемін. Сізді мерейлі мерекеңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. Мерейтойыңыз құтты болсын! Бүгінгі мүшәйраға қатысушыларға ақындарға сәттілік тілеймін! - деді Берік Әбдіғаппарұлы.Іс-шара барысында аудан басшысы Әбдіжәлел Қошқарұлының мерейтойына арнайы құттықтау табыстап, сый-құрмет көрсетті.Облыстың түпкір-түпкірінен жүйрік ақындар қатысқан жыр додасы екі кезең бойынша өтті. Ақындар тарихи тұлға Мұстафа Шоқай мен Әбдіжәлел Қошқарұлына дайындаған арнауларын оқыды. Сайыс қорытындысы бойынша топтан үздік шаққан ақындар марапатталды. Сонымен қатар, Әбдіжәлел Қошқарұлының құрметіне кітап көрмесі мен фотокөрме ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/972213?lang=kk