Enbekshi QazaQ

Қоғам

Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер 11.04.2025
Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер Маңғыстау бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері және құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғалар үшін өзгерістер туралы хабарлайды.«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізіледі.2025 жылғы 14 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 11 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/971868?lang=kk
ҚР ҚМ МКК бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар туралы хабарлайды 11.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыруымен ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілді. Өтпелі кезең елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа төлем нарығының қатысушыларын қамтиды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізілді, сондай-ақ бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді.Негізгі өзгеріс – жаңа «Нақты төлеуші» графасы.Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз:Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет.Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет.Маңызды! «Нақты төлеуші» графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін.Ұсыныстар:- Ұлттық Банк талаптарын төлем тапсырмаларын толтыруда қатаң сақтаңыз;- Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда – екінші деңгейлі банктерге жүгініңіз;Комитет салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971867?lang=kk
Неліктен салықтар маңызды? 11.04.2025
Қазіргі қоғам салық жүйесінсіз жасай алмайды, өйткені салықтар мемлекеттің жұмыс істеуінің негізі болып табылады және көптеген негізгі салаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.Неліктен салықтар маңызды:Қоғамдық тауарларды қаржыландыру - салықтар Денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, инфрақұрылым және жеке сектормен қамтамасыз ету қиын басқа да қоғамдық тауарларға қаражат береді.Кірістерді қайта бөлу - салықтар әлеуметтік теңсіздікті азайтуға көмектеседі, байлықтың бір бөлігін әлеуметтік бағдарламалар мен жеңілдіктер арқылы қайта бөледі.Экономиканы тұрақтандыру-салық жүйесі мемлекеттік инвестициялар арқылы дағдарыс кезеңдерінде тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, экономикалық циклдарды реттейді.Мемлекеттік басқаруды қаржыландыру - салықсыз құқықтық жүйені, құқық қорғау органдарын, сот билігін және мемлекеттің басқа да функцияларын қолдау мүмкін емес. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971862?lang=kk
Жетісу кеден бекеттеріне бару: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды оқыту 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 3 – 4 сәуірінде Жетісу облысы бойынша МКД Адами ресурстар басқармасының қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы М.Н.Пулатов «Нұр жолы», «Алтынкөл-жол» және «Қорғас ШЫХО» кеден бекеттеріне жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, мемлекеттік қызметшілердін Әдеп кодексі және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Сапар аясында, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, соның ішінде құмар ойыедарға қатысуға тыйым салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971857?lang=kk
Аудан әкімі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді 11.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді. Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты. – Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын тиісті бөліммен мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар 1 айлық қор жасақталуы керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс.Аудан әкімі сауда орындарында бағаны негізсіз өсірмеу үшін салалық орынбасар мен сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1117218?lang=kk
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтауда өткен шараға жоғары баға берді 11.04.2025
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтауда өткен шараға жоғары баға берді Бүгін, 7 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда 5 сәуір күні өткен «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» атты халықаралық мәдени шараның ашылу салтанаты қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Тараптар жыл соңына дейін жоспарланған мәдени іс-шаралар легін сапалы әрі мазмұнды өткізу жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев айтулы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылығын білдірді. - Мұндай көлемді, мазмұнды әрі идеялық жағынан терең шара бұрын-соңды болған емес. Шын мәнінде, бұлай болады деп күтпедім. Этноауылда халықтың бір-бірімен  етене араласып, қонақжайлық танытып, шынайы бауырмалдығына куә болдық. Қатысушылар мен өнерпаздар дән риза, – деді Сұлтан Раев. Өз сөзінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың тарихи-мәдени болмысына тоқталды. - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп айтқан еді.Расында да, Абыл мен Есір, Қашаған мен Сүгір, Әбіш Кекілбаев ағамыз сынды ұлы тұлғалар дүниеге келген мекенде мәдениет болмауы мүмкін емес. Бұл – руханияттың қайнар көзі, мәдениеттің ордасы. «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» шарасына 100 мыңға жуық адам жиналып, Маңғыстаудың мәдени әлеуетін дәлелдеді. Жыл соңына дейін жоспарланған іс-шараларды абыроймен өткіземіз деп сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/971806?lang=kk
Президент Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады 11.04.2025
Президент Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады  Бүгін «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  жиналған халықты мерекемен құттықтап,  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. «Сіздерді Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтаймын! Бұл - Қазақстан үшін ғана емес, барша бауырлас елдер үшінайтулы оқиға. Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған.  Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту - баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдейтүсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін.Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін! Баршаңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін! », деді құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаев.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/971805?lang=kk
Қонаев қаласында жеңіл атлетикадан жарыс өтті 11.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» аясында «Walk the Talk» атты спорттық акция ұйымдастырылды. Жеңіл атлетика жарысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өтті.Аталған шараға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 20-дан астам қызметкері қатысты. Әйелдер 1,6 шақырым, ал ерлер 3 шақырым қашықтыққа жүгірді.Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар:Әйелдер арасында:І орын – Қуанышбаева МаржанІІ орын – Қайратқызы ЛаураІІІ орын – Абжанова АлмагүлЕрлер арасында:І орын – Асенов АлматІІ орын – Қалиев АйболІІІ орын – Жақсылық ӘлішерШараны Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/971797?lang=kk
Құмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы облыс әкімі Құмар Иыбайұлы Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңестің тақырыбы елді мекендерді абаттандыру және "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері болды . Кездесу барысында 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/972172?lang=kk
Алматы облысында саяжай алқаптары елді мекендер құрамына енгізілуде 11.04.2025
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе — саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда.Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алматы облысының Архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде жалпы саны 677 саяжай массиві тіркелген.Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында – 9 және жаңадан құрылған Алатау қаласында – 40.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Алматы облысы бойынша 367 саяжай массивін елді мекендерге қосу үшін қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл – өңір тарихындағы саяжай мәселесін кешенді түрде шешуге арналған алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.Іле ауданында88 саяжай массиві 8 ауылдың құрамына енгізілді. Атап айтқанда, КазЦИК, Көкқайнар, Жапек батыр, Косөзен, Байсерке, Қоянқұс, Комсомол, Жанаталап ауылдарына тиесілі саяжайлар енді заңды түрде елді мекендер шекарасына кірді. Бұл өзгерістердің барлығы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдерімен бекітілді.Қарасай ауданында6 елді мекеннің аумағына 102 саяжай массиві енгізілді. Оның ішінде:•Қаскелең қаласына – 44,•Қырғауылды ауылына – 21,•Алмалыбақ ауылына – 26,•Қошмамбет, Елтай және Долан ауылдарына – 11 саяжай массиві қосылды.Бас жоспарлар 2024 жылдың ақпан айында аудандық мәслихат шешімдерімен бекітілді.Талғар ауданында6 елді мекен бойынша 93 саяжай массиві елді мекен құрамына енгізілді. Бұл ауылдардың қатарында Кендала, Ақтас, Бесағаш, Тұздыбастау, Байбұлақ және Қызылту бар. Барлық жоспарлар 2024 жылдың 26 қаңтарында Талғар аудандық мәслихаты шешімімен бекітілді.Еңбекшіқазақ ауданындаБайтерек ауылы мен Есік қаласына тиесілі 35 саяжай массиві елді мекендердің шекарасына енгізілді. Құжаттар 2023 жылдың желтоқсанында бекітілген.Қонаев және Алатау қалалары Қонаев қаласына – 9, Алатау қаласына – 40 саяжай массиві қосылды. Қалалардың бас жоспарлары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023 және 2024 жылдары бекітілді. 2024 жылы облыс бойынша 51 елді мекенге қатысты жаңа қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесінде, шамамен 15 383 жер телімі елді мекендердің шекарасына ресми түрде енгізілмек. Оның ішінде:•Іле ауданында – 30 саяжай массиві,•Талғар ауданында – 19,•Қарасай ауданында – 27.2025 жылы Қарасай ауданының Тұрар, Көлді, Бекболат, және Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдарына қатысты 23 саяжай массивін заңдастыру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жерлердің жалпы ауданы – 123,04 гектар.Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, бекітілген бас жоспарлар негізінде елді мекендердің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №18-ӨН/Қ өкімімен, саяжай массивтері бойынша өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселелеріне нақты жауаптар берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971790?lang=kk
«Тaza Қазақстан» 11.04.2025
   2025 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңесте елді мекендерді абаттандыру және республикалық «Тaza Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу мәселелері қаралды. Жиын барысында 2024 жылдың жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жоспарлар айқындалды.   Әділет департаменті заңгерлік қауымдастықпен бірлесіп, бекітілген аумақтарды абаттандыру, тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыратын болады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/971789?lang=kk
Баспасөз хабарламасы 11.04.2025
     2026 жылдың 26 маусымында сағат. 10:00 сағ., 12:00 сағ., және 14:00 сағ. өтетін «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.  Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймызСағат 10:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/93162026131?pwd=cG9Y5LaTr4bE4tTQ3iJOyKK5iz41sP.1Еvent-кеңестің нөмірі: 931 6202 6131Еvent-кеңестің паролі: 2026     Сағат 12:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/98689099685?pwd=TUr4pdqdtpK0EaVCJHo8OA9noKaqPz.1Еvent-кеңестің нөмірі: 986 8909 9685Еvent-кеңестің паролі: 2026     Сағат 14:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/97968668724?pwd=33f0zabYGlhC14LNxDeikr5nw4CEPk.1Еvent-кеңестің нөмірі:979 6866 8724Еvent-кеңестің паролі: 2026 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1245464?lang=ru
Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады 11.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта  серіктестік орнатуға әзір екенін растады.Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/971784?lang=kk
Сенатта Қазақстан мен Израильдің парламентаралық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды 11.04.2025
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Израиль мемлекеті Кнессетінің Спикері Амир Оханамен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Мәулен Әшімбаев Кнессет Спикеріне ілтипат білдіріп, қазіргі таңда Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынас көптеген салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол жоғары деңгейде сындарлы саяси диалог жолға қойылғанын айтып, Израиль Президентінің Астанаға жасайтын алдағы ресми сапары екі елдің байланысын әрі қарай дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың іске асырылу барысына да баса мән берілді. Израиль Кнессетінің Спикері Амир Охана аталған реформалардың нәтижелерін жоғары бағалап, барлық бағыт бойынша байланысты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.Сонымен қатар Сенат Төрағасы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың маңызына назар аударып, алдағы уақытта заң шығару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне тоқталды.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осы орайда біз Израиль Кнессетімен инновациялық даму, су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда заң шығару бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Мұндай нақты қадам Сенат пен Кнессеттің салалық комитеттері мен достық топтары арасында тұрақты байланыс орнатуға жол ашатыны анық. Сондықтан алдағы уақытта екі ел депутаттары арасындағы диалогты жүйелі түрде жалғастырамыз деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.Кездесу барысында сұхбаттасушылар бірлескен жобаларды да талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік секторды дамыту, заманауи жылыжай кешендерін және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт салу, сондай-ақ, су инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жобаларды іске асыруда өзара жәрдемдесу мәселелері сөз болды.Бұдан басқа, тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналған VIII съезіне тоқталып, аталған форумның күн тәртібіндегі басым бағыттардың өзектілігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/971781?lang=kk
Алматыда инвестициялар мен аквамәдениетті дамыту талқыланды 11.04.2025
2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Алмат Суюбаевпен кездесу өткізді. Тараптар аквамәдениеттің қолданыстағы инвестициялық жобаларын, балық саласына инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуды талқылады.Қазақстан Республикасының балық саласын дамыту саласындағы форумды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту және балық шаруашылығы саласындағы бастамаларды ілгерілету мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/971771?lang=kk
Конституциялық Сот судьясы ІІМ Басқару академиясында дәріс оқыды 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды.Сөз басында ол Қазақстандағы конституциялық әділеттің даму тарихына шолу жасап, конституциялық бақылау органының отандық үлгісінің ерекшеліктері мен Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырған Конституциялық Соттың бірқатар шешімдеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, судья Конституциялық Соттың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесіне қатысты нормативтік қаулыларына және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты шешімдерге жеке тоқталды.Дәріс Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971759?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЕУРОАЗИАТТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ (КООМЕТ) 11.04.2025
2017 жылдың 26 сәуірінде қазақстан делегациясы «ҚазМетрИн» РМК бас директоры Т.Д. Тоқановтың жетекшілік етуімен Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуроазиаттық ынтымақтастығы (КООМЕТ) семинарына қатысты. Осы семинар КООМЕТ құрылуының 25 жылдығына арналған. Семинар шеңберінде КООМЕТ ынтымақтастығының тарихы мен басталуы туралы баяндамалар ұсынылды. Өлшеудің қазіргі заманғы базасын құру және ғылым, өнеркәсіп пен саудадағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі міндеттерге талқылау жүргізілді. КООМЕТ үшін маңызды міндет метрологиялық институттарды, өлшеу және калибрлеу зертханаларын аккредиттеу саласындағы жұмыстарды дамыту үшін КООМЕТ-тің мүдделі 21 қатысушы елінің ынтымақтастығын дамытудың ықтимал нысандарын іздеу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21922?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары 11.04.2025
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:- қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;- мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;- заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;- азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;- іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;- лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану;- қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау;-қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1239671?lang=ru
Бір тамшы қан – бір өмір! 11.04.2025
“Денсаулық күніне” орай Алматы қаласы Еріктілер Фронт офисінің ұйымдастыруымен қан тапсыру акциясы сәтті өтті! Бұл игі шараға қаламыздың 200-ге жуық жастары, волонтерлері, төтенше жағдай және әкімшілік қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты! Әрбір донор – нағыз қаһарман! Сіздердің арқаларыңызда бір емес, бірнеше өмір құтқарылуы мүмкін! Аталған акция Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алмалы ауданы әкімдігі, Төтенше Жағдай Департаменті және Қан тапсыру орталығының қатысуымен өтті.Қан – өмір, ал сіз – үміт! Осындай ізгі істеріміз көп болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/971715?lang=kk
Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар, адамдар!» өлеңдеріне арналған гала-концерт 11.04.2025
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 2025 жыл, 9 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/971688?lang=kk