Қоғам
ҚР ИДМ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ICDA МҮШЕЛЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСТЫ 11.04.2025
Астанада ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың қатысуымен Хром кен орнын игеру халықаралық қауымдастық мүшелерінің кездесуі өтті (ICDA).Өз сөзінде «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың және тұтастай алғанда ERG-дың Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекет басшысының индустрия 4.0 элементтерін енгізе отырып үшінші жаңғыру жөніндегі жолдауын іске асыруда белсенді атсалысып келе жатқанын атап өтті.А. Айдарбаев халық санының артуы мен жаңа көлік түрлерінің дамуы баламалы энергетиканың жалпыәлемдік болат өнімінің артуына әкелетінін айтып, бұл өз кезегінде ферроқорыту өндірісін және тиісті шикізат базасын дамытуды талап ететініне тоқталды. Осыған орай, ICDA қызметі өзекті және сұранысқа ие болмақ.Бірінші вице-министр «Қазхром» ТҰК» АҚ-тың ферроқорыту өндірісін дамыту және жаңа қуатты іске қосуда Қарағанды облысында салынып жатқан кешенді қорытпалар зауытының үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Сондай-ақ, жиында Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу бойынша, Үкімет төртінші өнеркәсіптік төңкерістің элементтерін енгізу жұмыстарын іске асырып жатқаны айтылды.Әлемдік хром өнеркәсібінде Қазақстанның алатын орны ерекше және хром кенін өндіру бойынша екінші және феррохром өндірісі бойынша үшінші орындарға ие. Бұдан басқа хром кенін және феррохромды экспорттаудың көлемі бойынша Оңтүстік Африкадан кейін екінші орында.ICDA(Хром кен орнын игеру бойынша халықаралық қауымдастық) қатысушыларының жиналысы өнеркәсіптік экожүйесінің (өндіру, өңдеу, тұтыну, сату және қызмет керсету) барлық салалары ішіндегі жоғары деңгейдегі әлемдік хром өнеркәсібінің кәсібилерінің кездесуі болып табылады.Оған 150 делегат қатысты, олар өнеркәсіптің негізгі мәселелерін талқылады және соңғы макро экономикалық тенденцияларды талдады. Нарықтың жаңа қозғалысты күші сонымен қатар хром өнеркәсібі бойынша басқа да соңғы мәліметтері сарапталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/25600?lang=kk
КӨКТЕМНІҢ ҮЗДІК СТАРТАП ЖОБАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
27-ші сәуір күні Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде стартап жобалардың көктемгі сайысы өтті. Іс-шара стартап жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 3 байқауды біріктірді: «Startup Day», «TG Cup» және «Microsoft Imagine Cup».Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Almaty Tech Garden ұйымдастырды. Microsoft Kazakhstan және «Тұран» университеті шараның әріптестері ретінде қатысты.«Startup Day» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі бойынша 4 үздік жоба анықталды:«OrionМ2М»: Деректерді қашықтан жинау мен табыстауға арналған шешім (LPWAN желісі) - 1 000 000 теңге;Резонанстық маятникті жел қозғалтқышын әзірлеу: жел әсерінен конструкция ішінде резонанс туғызатын инженерлік шешім - 500 000 теңге;Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль: шынымата негізінде көміртек нанотүтікшелермен қапталған электрөткізуші текстильді жасау технологиясы - 250 000 теңге; «LinguaHub»: тіл үйрену курстарын іздеу мен тіркелуге арналған онлайн плтаформа - 250 000 теңге.TG CUP хакатонының нәтижесінде, қазақстандық Starttime.kz краудфандинг компаниясының маселесін шешу жолын ұсынған «Bizmo»жобасы марапатталды (құжаттарды цифрлық жолмен тексеру мүмкіндігі бар, келісімшарттарды тапсыруға арналған веб-сервисті құру). Қазіргі уақытта серіктестік орнату мәселесі қарастырылып жатыр.Студенттер арасындағы технологиялық «Microsoft Imagine Cup» байқауының жеңімпазы «Ontime» жобасы болды: ұйқыға, жұмысқа, спортқа, әлеуметтік желілерге жұмсалған уақытты тіркейтін мобильді қосымша. Жобаны әзірлеген топ мүшелері Қазақстан атынан Киев қаласында өтетін өңірлік финалға қатысады. Өңірлік финалдың жеңімпазы АҚШ-та өтетін, жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын жаһандық финалға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Барлық байқаулардың нәтижесінде Almaty Tech Garden акселерациялық бағдарламасына келесі 8 жобалар өтті: «Novus Capital», «Mineral», Фролов Кирилл (TG CUP хакатонының қатысушысы), «Programmator», «Шыны болат негізіндегі электрөткізуші текстиль», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto» және «Ontime». «Тұран» университетінің фирмалық жүлделеріне ие болған жобалар келесідегідей: «Novus Capital», «Mineral», «Programmator», «Ontime», «Mbionics», «bee», «Маятникті жел қозғалтқышты әзірлеу», «OkAuto», «Orion M2M». Анықтамалық ақпарат:Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасының Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады.«ИТП» ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының басқару мекемесі болып табылады. «ИТП» ДКҚ-ның әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардың дамуына инвестиция тартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/22093?lang=kk
Сьерра-Леоне Республикасының СІМ басшысы Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді 11.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Каббамен кездесті.Сұхбат барысында министрлер саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар маңызды мәселелерді талқылап, екіжақты байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.Осы орайда тараптар шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және түрлі деңгейлерде сапарлармен алмасу тәжірибесін дамыту бойынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін білдірді.«Географиялық қашықтыққа қарамастан біз сенім мен теңдікке негізделген ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытудамыз. Сауда, көлік және логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда жемісті ынтымақтастыққа зор әлеует бар», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.Қазақстанның әлемдегі ең ірі он астық өндіруші елдің бірі және Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланып, астық, дәнді және майлы дақылдар, жоғары сапалы ет және органикалық өнімдерді Африка елдеріне жеткізуге мүдделі екені аталып өтті.Сонымен қатар министрлер ақпараттық технологиялар және цифрландыру саласындағы, оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі IT стартап-парк «Astana Hub» базасындағы ынтымақтастықты талқылады. Өткен жылы осы салада меморандумға қол қойылып, Қазақстан «KazAID» агенттігі арқылы Сьерра-Леонемен e-Gov компоненттік элементтерімен бөлісті.Қазақстан СІМ басшысы өз әріптесіне Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына қолдау көрсеткені және тең авторы болғаны үшін алғысын білдірді. Ол Астананың тұрақты даму саласында әрі қарай ынтымақтастыққа және халықаралық бастамалар шеңберінде белсенді серікттестікке дайын екенін атап өтті.Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты және түрлі деңгейлерде күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға келісті.Келіссөздердің қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/971930?lang=kk
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды. 11.04.2025
Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім байқалды.Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңір экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы ішкі өнімнің шамамен 35%-ын өнеркәсіп саласы қамтамасыз етіп, өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Бұған қоса, сауда (14,1%), көлік және қоймалау (7,9%), құрылыс (6,5%) және ауыл шаруашылығы (4,4%) да айтарлықтай үлес қосуда.Экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл салада жыл қорытындысы бойынша өнім көлемінің 10%-ға өсуі қамтамасыз етілді. Осындай нәтижелердің арқасында біздің облыс өңдеу өнеркәсібі бойынша еліміздегі алдыңғы бес өңірдің қатарына енді.Көлік және қоймалау саласында да оң динамика байқалады – көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59 млрд теңгеге артқан. Бұл логистикалық инфрақұрылымның дамып келе жатқанын білдіреді.Сондай-ақ, облыстың ішкі тауар айналымы 2,2 трлн теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен. Бұл өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/971914?lang=kk
Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер 11.04.2025
Зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері үшін өзгерістер Маңғыстау бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу бойынша мемлекеттік қызметті «Keden» ақпараттық жүйелеріне іске қосу: зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілері және құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғалар үшін өзгерістер туралы хабарлайды.«Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде кеден саласындағы мемлекеттік қызметті көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізіледі.2025 жылғы 14 сәуірден бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.Ағымдағы жылдың 11 сәуірде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:+7 7172 73 55 19+7 705 956 53 89e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/971868?lang=kk
ҚР ҚМ МКК бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар туралы хабарлайды 11.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыруымен ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілді. Өтпелі кезең елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа төлем нарығының қатысушыларын қамтиды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізілді, сондай-ақ бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді.Негізгі өзгеріс – жаңа «Нақты төлеуші» графасы.Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз:Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет.Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет.Маңызды! «Нақты төлеуші» графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін.Ұсыныстар:- Ұлттық Банк талаптарын төлем тапсырмаларын толтыруда қатаң сақтаңыз;- Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда – екінші деңгейлі банктерге жүгініңіз;Комитет салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971867?lang=kk
Неліктен салықтар маңызды? 11.04.2025
Қазіргі қоғам салық жүйесінсіз жасай алмайды, өйткені салықтар мемлекеттің жұмыс істеуінің негізі болып табылады және көптеген негізгі салаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.Неліктен салықтар маңызды:Қоғамдық тауарларды қаржыландыру - салықтар Денсаулық сақтау, білім беру, қорғаныс, инфрақұрылым және жеке сектормен қамтамасыз ету қиын басқа да қоғамдық тауарларға қаражат береді.Кірістерді қайта бөлу - салықтар әлеуметтік теңсіздікті азайтуға көмектеседі, байлықтың бір бөлігін әлеуметтік бағдарламалар мен жеңілдіктер арқылы қайта бөледі.Экономиканы тұрақтандыру-салық жүйесі мемлекеттік инвестициялар арқылы дағдарыс кезеңдерінде тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, экономикалық циклдарды реттейді.Мемлекеттік басқаруды қаржыландыру - салықсыз құқықтық жүйені, құқық қорғау органдарын, сот билігін және мемлекеттің басқа да функцияларын қолдау мүмкін емес. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971862?lang=kk
Жетісу кеден бекеттеріне бару: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды оқыту 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 3 – 4 сәуірінде Жетісу облысы бойынша МКД Адами ресурстар басқармасының қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы М.Н.Пулатов «Нұр жолы», «Алтынкөл-жол» және «Қорғас ШЫХО» кеден бекеттеріне жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, мемлекеттік қызметшілердін Әдеп кодексі және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы бойынша оқыту ұйымдастырылды. Сапар аясында, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, соның ішінде құмар ойыедарға қатысуға тыйым салу мәселесіне ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/971857?lang=kk
Аудан әкімі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді 11.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына бақылау жүргізді. Сауда орталығында аудан басшысы халық күнделікті тұтынатын нан, сүт, ұн, көкөніс, қант, картоп, сәбіз секілді өнімдердің қоры мен бағасын бақылап шықты. – Баға тұрақтылығы сақталуы қажет. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіруге болмайды. Азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын тиісті бөліммен мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан халық тұтынатын тауарлар сапалы және қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар 1 айлық қор жасақталуы керек, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Бүгінде дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауы тиіс.Аудан әкімі сауда орындарында бағаны негізсіз өсірмеу үшін салалық орынбасар мен сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1117218?lang=kk
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтауда өткен шараға жоғары баға берді 11.04.2025
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Ақтауда өткен шараға жоғары баға берді Бүгін, 7 сәуір күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті. Басқосуда 5 сәуір күні өткен «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» атты халықаралық мәдени шараның ашылу салтанаты қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Тараптар жыл соңына дейін жоспарланған мәдени іс-шаралар легін сапалы әрі мазмұнды өткізу жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев айтулы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ризашылығын білдірді. - Мұндай көлемді, мазмұнды әрі идеялық жағынан терең шара бұрын-соңды болған емес. Шын мәнінде, бұлай болады деп күтпедім. Этноауылда халықтың бір-бірімен етене араласып, қонақжайлық танытып, шынайы бауырмалдығына куә болдық. Қатысушылар мен өнерпаздар дән риза, – деді Сұлтан Раев. Өз сөзінде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың тарихи-мәдени болмысына тоқталды. - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп айтқан еді.Расында да, Абыл мен Есір, Қашаған мен Сүгір, Әбіш Кекілбаев ағамыз сынды ұлы тұлғалар дүниеге келген мекенде мәдениет болмауы мүмкін емес. Бұл – руханияттың қайнар көзі, мәдениеттің ордасы. «Ақтау – Түркі әлемінің астанасы» шарасына 100 мыңға жуық адам жиналып, Маңғыстаудың мәдени әлеуетін дәлелдеді. Жыл соңына дейін жоспарланған іс-шараларды абыроймен өткіземіз деп сенемін, – деді Нұрдәулет Қилыбай. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/971806?lang=kk
Президент Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады 11.04.2025
Президент Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтады Бүгін «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жиналған халықты мерекемен құттықтап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді. «Сіздерді Ақтау қаласының 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтаймын! Бұл - Қазақстан үшін ғана емес, барша бауырлас елдер үшінайтулы оқиға. Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту - баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы атаулы жылда бауырластығымызды бекемдейтүсетін басқосулар ұйымдастырылып, маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін.Түркі мемлекеттерінің ықпалдастығын арттыруға зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ ұйымына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығая берсін! Баршаңызға бақ-береке, толайым табыс тілеймін! », деді құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/971805?lang=kk
Қонаев қаласында жеңіл атлетикадан жарыс өтті 11.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» аясында «Walk the Talk» атты спорттық акция ұйымдастырылды. Жеңіл атлетика жарысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өтті.Аталған шараға Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының 20-дан астам қызметкері қатысты. Әйелдер 1,6 шақырым, ал ерлер 3 шақырым қашықтыққа жүгірді.Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау, азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар:Әйелдер арасында:І орын – Қуанышбаева МаржанІІ орын – Қайратқызы ЛаураІІІ орын – Абжанова АлмагүлЕрлер арасында:І орын – Асенов АлматІІ орын – Қалиев АйболІІІ орын – Жақсылық ӘлішерШараны Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы бірлесе ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/971797?lang=kk
Құмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы облыс әкімі Құмар Иыбайұлы Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңестің тақырыбы елді мекендерді абаттандыру және "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын іске асыру мәселелері болды . Кездесу барысында 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, ағымдағы кезеңге арналған жоспарлар айқындалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/972172?lang=kk
Алматы облысында саяжай алқаптары елді мекендер құрамына енгізілуде 11.04.2025
Алматы облысында халық көптен күткен өзекті мәселе — саяжай алқаптарының құқықтық мәртебесін анықтау мен оларды елді мекендер құрамына енгізу жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда.Бұл бағытта облыс әкімдігінің бастамасымен ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алматы облысының Архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде жалпы саны 677 саяжай массиві тіркелген.Саяжай алқаптарының ең көбі Қарасай ауданында – 203, Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21, Қонаев қаласында – 9 және жаңадан құрылған Алатау қаласында – 40.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы Алматы облысы бойынша 367 саяжай массивін елді мекендерге қосу үшін қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, бекітілді. Бұл – өңір тарихындағы саяжай мәселесін кешенді түрде шешуге арналған алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі.Іле ауданында88 саяжай массиві 8 ауылдың құрамына енгізілді. Атап айтқанда, КазЦИК, Көкқайнар, Жапек батыр, Косөзен, Байсерке, Қоянқұс, Комсомол, Жанаталап ауылдарына тиесілі саяжайлар енді заңды түрде елді мекендер шекарасына кірді. Бұл өзгерістердің барлығы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдерімен бекітілді.Қарасай ауданында6 елді мекеннің аумағына 102 саяжай массиві енгізілді. Оның ішінде:•Қаскелең қаласына – 44,•Қырғауылды ауылына – 21,•Алмалыбақ ауылына – 26,•Қошмамбет, Елтай және Долан ауылдарына – 11 саяжай массиві қосылды.Бас жоспарлар 2024 жылдың ақпан айында аудандық мәслихат шешімдерімен бекітілді.Талғар ауданында6 елді мекен бойынша 93 саяжай массиві елді мекен құрамына енгізілді. Бұл ауылдардың қатарында Кендала, Ақтас, Бесағаш, Тұздыбастау, Байбұлақ және Қызылту бар. Барлық жоспарлар 2024 жылдың 26 қаңтарында Талғар аудандық мәслихаты шешімімен бекітілді.Еңбекшіқазақ ауданындаБайтерек ауылы мен Есік қаласына тиесілі 35 саяжай массиві елді мекендердің шекарасына енгізілді. Құжаттар 2023 жылдың желтоқсанында бекітілген.Қонаев және Алатау қалалары Қонаев қаласына – 9, Алатау қаласына – 40 саяжай массиві қосылды. Қалалардың бас жоспарлары ҚР Үкіметінің қаулысымен 2023 және 2024 жылдары бекітілді. 2024 жылы облыс бойынша 51 елді мекенге қатысты жаңа қала құрылысы құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесінде, шамамен 15 383 жер телімі елді мекендердің шекарасына ресми түрде енгізілмек. Оның ішінде:•Іле ауданында – 30 саяжай массиві,•Талғар ауданында – 19,•Қарасай ауданында – 27.2025 жылы Қарасай ауданының Тұрар, Көлді, Бекболат, және Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылдарына қатысты 23 саяжай массивін заңдастыру бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Бұл жерлердің жалпы ауданы – 123,04 гектар.Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1-тармағына сәйкес, бекітілген бас жоспарлар негізінде елді мекендердің шекараларын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2024 жылғы 19 наурыздағы №18-ӨН/Қ өкімімен, саяжай массивтері бойынша өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл топтың жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, тұрғындардың көп жылдан бері көтеріп жүрген мәселелеріне нақты жауаптар берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/971790?lang=kk
«Тaza Қазақстан» 11.04.2025
2025 жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс әкімі Кумар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңесте елді мекендерді абаттандыру және республикалық «Тaza Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу мәселелері қаралды. Жиын барысында 2024 жылдың жұмыс қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жоспарлар айқындалды. Әділет департаменті заңгерлік қауымдастықпен бірлесіп, бекітілген аумақтарды абаттандыру, тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыратын болады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/971789?lang=kk
Баспасөз хабарламасы 11.04.2025
2026 жылдың 26 маусымында сағат. 10:00 сағ., 12:00 сағ., және 14:00 сағ. өтетін «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймызСағат 10:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/93162026131?pwd=cG9Y5LaTr4bE4tTQ3iJOyKK5iz41sP.1Еvent-кеңестің нөмірі: 931 6202 6131Еvent-кеңестің паролі: 2026 Сағат 12:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/98689099685?pwd=TUr4pdqdtpK0EaVCJHo8OA9noKaqPz.1Еvent-кеңестің нөмірі: 986 8909 9685Еvent-кеңестің паролі: 2026 Сағат 14:00- дегі іс-шараға қатысу үшін «ZOOM» қосымшасына тіркелу қажет. Сілтеме арқылы өтуіңізді сұраймыз.https://zoom.us/j/97968668724?pwd=33f0zabYGlhC14LNxDeikr5nw4CEPk.1Еvent-кеңестің нөмірі:979 6866 8724Еvent-кеңестің паролі: 2026 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1245464?lang=ru
Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады 11.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/971784?lang=kk
Сенатта Қазақстан мен Израильдің парламентаралық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды 11.04.2025
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Израиль мемлекеті Кнессетінің Спикері Амир Оханамен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Мәулен Әшімбаев Кнессет Спикеріне ілтипат білдіріп, қазіргі таңда Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынас көптеген салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол жоғары деңгейде сындарлы саяси диалог жолға қойылғанын айтып, Израиль Президентінің Астанаға жасайтын алдағы ресми сапары екі елдің байланысын әрі қарай дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың іске асырылу барысына да баса мән берілді. Израиль Кнессетінің Спикері Амир Охана аталған реформалардың нәтижелерін жоғары бағалап, барлық бағыт бойынша байланысты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.Сонымен қатар Сенат Төрағасы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандырудың маңызына назар аударып, алдағы уақытта заң шығару саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне тоқталды.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ұлттық экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Осы орайда біз Израиль Кнессетімен инновациялық даму, су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда заң шығару бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүдделіміз. Мұндай нақты қадам Сенат пен Кнессеттің салалық комитеттері мен достық топтары арасында тұрақты байланыс орнатуға жол ашатыны анық. Сондықтан алдағы уақытта екі ел депутаттары арасындағы диалогты жүйелі түрде жалғастырамыз деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.Кездесу барысында сұхбаттасушылар бірлескен жобаларды да талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын және агроөнеркәсіптік секторды дамыту, заманауи жылыжай кешендерін және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт салу, сондай-ақ, су инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жобаларды іске асыруда өзара жәрдемдесу мәселелері сөз болды.Бұдан басқа, тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналған VIII съезіне тоқталып, аталған форумның күн тәртібіндегі басым бағыттардың өзектілігін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/971781?lang=kk
Алматыда инвестициялар мен аквамәдениетті дамыту талқыланды 11.04.2025
2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы Алмат Суюбаевпен кездесу өткізді. Тараптар аквамәдениеттің қолданыстағы инвестициялық жобаларын, балық саласына инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуды талқылады.Қазақстан Республикасының балық саласын дамыту саласындағы форумды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту және балық шаруашылығы саласындағы бастамаларды ілгерілету мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/971771?lang=kk
Конституциялық Сот судьясы ІІМ Басқару академиясында дәріс оқыды 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды.Сөз басында ол Қазақстандағы конституциялық әділеттің даму тарихына шолу жасап, конституциялық бақылау органының отандық үлгісінің ерекшеліктері мен Негізгі Заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырған Конституциялық Соттың бірқатар шешімдеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, судья Конституциялық Соттың мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мәртебесіне қатысты нормативтік қаулыларына және ішкі істер органдарының қызметіне қатысты шешімдерге жеке тоқталды.Дәріс Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971759?lang=kk