Қоғам
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары 11.04.2025
Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:- қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;- мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;- заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;- азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;- іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;- лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану;- қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау;-қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1239671?lang=ru
Бір тамшы қан – бір өмір! 11.04.2025
“Денсаулық күніне” орай Алматы қаласы Еріктілер Фронт офисінің ұйымдастыруымен қан тапсыру акциясы сәтті өтті! Бұл игі шараға қаламыздың 200-ге жуық жастары, волонтерлері, төтенше жағдай және әкімшілік қызметкерлері белсене қатысып, өз үлестерін қосты! Әрбір донор – нағыз қаһарман! Сіздердің арқаларыңызда бір емес, бірнеше өмір құтқарылуы мүмкін! Аталған акция Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алмалы ауданы әкімдігі, Төтенше Жағдай Департаменті және Қан тапсыру орталығының қатысуымен өтті.Қан – өмір, ал сіз – үміт! Осындай ізгі істеріміз көп болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/971715?lang=kk
Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар, адамдар!» өлеңдеріне арналған гала-концерт 11.04.2025
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы Өтетін уақыты: 2025 жыл, 9 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/971688?lang=kk
Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізді 11.04.2025
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, Қатар ҰОК басшысы, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл-Танимен ресми кездесу өткізді.Сондай-ақ ресми іс-шараға Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты.Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды.Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.Тараптар Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы әріптестікті кеңейтуге және World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/971669?lang=kk
Кеден одағы кедендік аумағына тауарларды енгізген кезде алдын-ала ақпараттандыруды қолдану 11.04.2025
«Кеден одағы кедендік аумағына тауарларды енгізген кезде алдын-ала ақпараттандыруды қолдану». 2012 жылғы 17 шілдеден бастап Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Кеден одағы кедендік шекарасына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар жайлы міндетті алдын-ала ақпараттандыруды енгізу туралы» №899 Шешіміне сәйкес байланысты, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағы аумағына автомобильді көлікпен енгізілген тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратандыру енгізілген. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 196 Шешіміне сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одағы аумағына теміржол көлігімен тасымалдау үшін міндетті алдын-ала ақпараттандыру 2014 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілген, ал тауарларды әуе көлігімен тасымалдау үшін 2015 жылғы 01 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының № 158 Шешіміне сәйкес 2017 жылғы 1 сәуірде енгізілген.Міндетті алдын-ала ақпараттандыру Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерінің өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында енгізіледі, сондай-ақ, уақыттың қысқаруына байланысты, келу орындарында кедендік операциялар және шекарадағы өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келуіне дейін бақылау объектісін таңдауға тиісті кедендік бақылау тиімді жүргізіледі. КОК-тың осы шешімімен, келу орындарында кедендік транзит кеден рәсіміне тауарларды орналастыру үшін алдын-ала ақпарат бекітілген көлемде берілген жағдайда, берілген алдын-ала ақпарат транзиттік декларацияның электронды көшірмесі ретінде қолданылатыны қарастырылған, егер транзиттік декларация ретінде қолданылған құжаттардағы мәліметтер мен алдын-ала ақпаратта ауытқулар болмаса. Бұндай тәртіп, СЭҚ қатысушылардың транзиттік декларацияның көшірмесін құрастыру үшін өткізу пунктінде кедендік өкілдерге (делдалдарға) жүгіну қажеттілігін болдырмайды, бұл СЭҚ қатысушылар үшін уақыттық және қаражаттық шығындарын азайтады. Қазіргі кезде, Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы көмегімен алдын-ала ақпараттарды қабылдау ұйымдастырылған.Алдын-ала ақпараттың мәліметтер құрамына, оның құрылымы және түріне сәйкес келмеген жағдайда, қызығушылық білдірген тұлғаға, себебін көрсете отырып алдын-ала ақпараттың қабылданбағаны туралы электронды хабарлама жіберіледі.Берілген алдын-ала ақпаратта қателік болмаған кезде, қызығушылық білдірген тұлғаға, тасымалдың бірегей теңдестірілген нөмірі (ТБТН) бар электронды хабарлама жіберіледі.Бір көлік құралында бірнеше тауарлар топтамасы тасымалданған жағдайда, алдын-ала ақпарат әрбір тауар топтамасына жеке берілуі тиіс. Әрбір тауар топтамасына жеке ТБТН беріледі, яғни транзиттік декларацияны құрастыру бекітілген ережесі бойынша.Алдын-ала ақпарат ТБТН берілген күннен бастап 30 тәулік кеден органдардың мәліметтер қорында сақталады. Кедендік операцияларды жүргізу үшін, ТБТН қызығушылық білдірген тұлғамен кеден органына Web-порталдан басылып шығарылған немесе көлік құжаттарында оның нөмірі көрсетілген түрінде Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдану орнында беріледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Web-порталы алдын-ала ақпараттарды (pi.customs.kz) беру үшін барлық СЭҚ қатысушыларға шектеусіз ашық. Бұның өзінде, порталға ену, әдеттегідей қолданушыны тіркеу жолымен жүзеге асырылады.Абай облысы бойынша МКД Бақты кеден бекетінің жетекші маманы О. Чуваева Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/971648?lang=kk
Сеулде Eastar Jet Алматыға жаңа тікелей рейс ашты 11.04.2025
Сеул, 2025 жылғы 7 сәуір – Оңтүстік Кореяның Eastar Jet әуе компаниясы Сеул – Алматы бағыты бойынша жаңа тікелей рейс ашты. Бұл Қазақстан мен Корея арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады.Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов рейсті ашу салтанатында сөз сөйлей отырып, қазіргі таңда екі ел арасында аптасына 11 тікелей рейс орындалып отырғанын жеткізіп, Eastar Jet компаниясының екі жаңа рейсінің қосылуы жаңа «әуе көпірін» құрып, бизнес серіктестіктерді дамытуға және туристік ағымды ұлғайтуға септігін тигізетінін атап өтті.Сондай-ақ, Елші екі ел азаматтары арасындағы байланыстардың белсенді түрде дамып келе жатқанын, бұл өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға көмектесетінін айтты. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанға барған корей туристерінің саны 40 180 адам болып, 12%-ға өсті, ал Кореяға барған Қазақстан азаматтарының саны 53 224 адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8% өсім көрсетті.Қазақ дипломаты инвестициялық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Қазақстан экономикасына инвестиция құйған ең ірі үш инвестордың қатарына кіріп, 1,2 млрд АҚШ долларын салғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанда 876 компания корей капиталымен жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ корей компанияларымен бірлесіп ірі инновациялық және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.Eastar Jet компаниясының Бас атқарушы директоры Чо Джунг Сок өз кезегінде: «Алматыға рейс – бұл біздің әуе компаниямыз үшін жаңа сынақ әрі үлкен мүмкіндік. Қазақстан – Орталық Азияның жүрегі, бай ресурстары бар ел, сондай-ақ туризм мен мәдени алмасудың маңызды орталығы. Біз осы рейстің ашылуымен екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенімдіміз», – деп атап өтті.Ол сондай-ақ Eastar Jet компаниясының алдағы уақытта әртүрлі ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде дамыту жоспары туралы айтып, «Кореядан Алматыға келетін туристер үшін саяхаттарды одан әрі қолжетімді әрі ыңғайлы ету» мақсатында жұмыс жасайтынын білдірді. Сондай-ақ ол «жолаушылар Қазақстанның табиғи сұлулығын және бай мәдени мұрасын жеке сезінетін болады» деген үмітін білдірді.Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің тереңдеуіне тағы бір қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/971596?lang=kk
Тұрғындармен кездесулер жалғасуда. 11.04.2025
Тұрғындармен кездесулер жалғасуда! 23 қаңтар күні Дәулет ауылдық округінің, ал 24 қаңтар күні Басқұдық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесулер өткіздік. Бұл кездесулер жоғары деңгейде өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Осындай жемісті кездесулер үшін ауыл тұрғындарына шексіз алғысымызды білдіреміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/971579?lang=kk
ҚР ИДМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
Қарашаның 5 мен 12-сі аралығында Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды.«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құрылымдық бөлімшелердің арасында спартакиада өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған.Биылғы спартакиадаға 10 команда қатысып, спорттың 6 түрінен сынға түсті. Спартакиаданың алғашқы күнінде волейбол, теннис және армрестлингтен жарыс өтсе, 11-12 қарашада шағын футбол, арқан тартыс, нысанаға ату ойындары бойынша үздіктер анықталып, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар белгілі болды.Спартакиаданың қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Орталық аппараты қызметкерлерінен құралған команда жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. Бұл команда волейбол, үстел теннисі және нысанаға ату бойынша үздік шығып, нәтижесінде 52,5 ұпай жинады.ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті қызметкерлерінен құралған команда армрестлингтен алдына жан салмай, нысана атудан үздіктердің қатарына кіріп, жарыстың жалпы қорытындысы бойынша 6 спорт түрінен 39 ұпай жинап, нәтижесінде ІІ орынды иеленді.III орын ҚР ИДМ Көлік комитеті қызметкерлерінен құралған командаға бұйырды. Көлік комитеті командасы жарыстың соңғы күнінде өте белсенді қимылдап, шағын футбол мен арқан тартыс ойындарынан алдына жан салмады. Көлік комитеті командасының қоржынында 33,5 ұпай.«Спартакиадаға қатысқан барлық команданың жеңіске деген жігері байқалды. Жыл сайын спартакиада бағдарламасындағы ойын түрлері көбейіп, атсалысатын командалардың да белсенділігі артып келеді. Жеңімпаз командаларды құттықтаймын, спорттық шаралар өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бәріміздің міндетіміз», - деді спартакиаданың жабылу салтанатында сөз алған ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сагинов.Спартакиада қорытындысы бойынша жарысқа қатысушылар бірнеше спорт түрлері бойынша «Ең үздік» деген жекелеген номинацияларды жеңіп алды.Шағын футбол бойынша:1. Ең үздік қақпашы – Қазбек Чанаев (Азаматтық авиация комитетінің командасы);2. Ең үздік қорғаушы – Айдос Төлеуғазинов (Көлік комитетінің командасы);3. Ең үздік шабуылшы – Нұрдәулет Әліпбаев (ҚР ИДМ Орталық аппаратының II командасы).Нысанаға ату бойынша:1. Әйелдер арасында ең үздік мерген – Гүлнәр Дулатбаева (Ішкі аудит департаменті);2. Ерлер арасында ең үздік мерген - Ержан Жакенов (Азаматтық авиация комитеті).Волейбол бойынша:1. Ең үздік шабуылшы – Руслан Баймишев (ҚР ИДМ Орталық аппаратының I командасы);2. Ең үздік байланыстырушы – Бибігүл Қабдешова (Автомобиль жолдары комитеті командасы);3. Ең үздік қорғаушы – Даир Ибраев (Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті).Үстел теннисі бойынша:1. Әйелдер арасында ең үздік ойыншысы – Данагүл Адамышина (ҚР ИДМ Орталық аппаратының I командасы);2. Ерлер арасында ең үздік ойыншы – Калкен Камалов (Индустриалық даму және өндіріс қауіпсіздігі комитеті).Армрестлинг бойынша:1. Әйелдер арасында ең мықты қол күресші – Гүлжахан Үсенова (Азаматтық авиация комитеті);2. Ерлер арасында ең мықты қол күресші – Марат Ахметқалиев (Автомобиль жолдары комитеті);Ең үздік жанкүйерлер – Автомобиль жолдары комитеті және Азаматтық авиация комитетінің командасы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21748?lang=kk
Конституциялық Сот: әкімшілік актіге қатысты сотқа талап қою мерзімдерін белгілеу сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруға кедергі келтірмейді 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа талап қою мерзімін белгілейтін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) 136-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті.Өтініш беруші дауланып отырған норма оның сот арқылы қорғалу құқығын шектейді деп санайды.Конституциялық Сот сотқа талап қою мерзімдерін белгілеу азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғау тетігінің құрамдас бөлігі болып табылатындығына және ӘРПК шеңберінде осы құқықты іске асыруға кедергі келтірмейтіндігіне өтініш берушінің назарын аударды. Өтініш беруші өзінің өтінішінде атап өткендей, сот арқылы қорғалу құқығын пайдаланды.Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтініш беруші келтірген дәлелдерді дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жеткіліксіз деп таныды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971564?lang=kk
«Еңбек жолы-2025» республикалық конкурсына қатысуға шақырамыз 11.04.2025
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2025» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама мақаласында қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыру қажеттілігін атап өткендігі баршаға мәлім.Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.«Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.«Еңбек жолы» конкурсын (әрі қарай- Конкурс) өткізу мақсаттары:1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік (облыстық, қалалық және аудандық) комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: 1) «Үздік еңбек әулеті»Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.3) «Өндірістің үздік жас маманы»Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелерібіліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Конкурс 2 кезеңнен тұрады: 1- кезең жергілікті деңгейде өткізіледі: 1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады; 2) облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады.2-кезең республикалық деңгейде облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:1) облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында республикалық форум өткізілетін күні өтеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылдың 20 маусымына дейін. Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social?lang=kk. сайтынан, мына мекен- жайы бойынша: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 210 каб., байланыс телефоны 8(7112) 50-57-84 және bqo_jumyspen_qamtu инстаграм, https://www.facebook.com/bqo.jumyspen.qamtu фейсбук әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/971557?lang=kk
Дәулет ауылдық округі жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді жауын шашыннан кейін қазіргі танда екі ассенизатор екі мотопомпы жұмыс жасалынып жатыр. 11.04.2025
Дәулет ауылдық округі жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді жауын шашыннан кейін қазіргі танда екі ассенизатор екі мотопомпы жұмыс жасалынып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/971556?lang=kk
НЕМІС БИЗНЕСМЕНДЕРІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН КЕҢЕЙТУГЕ НИЕТТІ 11.04.2025
Германияда Қазақстан экономикасының апталығы өтіп жатыр. Іс-шара германиялық экономикасы шығыс комитетінің төрағасы Вольфганга Бюхеленің желтоқсан айына жоспарланған бірінші іс-сапарының қарсаңында ұйымдастырылуда.Қазақстан экономикасы апталығы шеңберінде Германияның іскерлер ортасының өкілдерімен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық делегация Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың басшылығымен Қазақстандағы инвестициялық климат жайында, көлік-транзиті секторындағы бірлескен жобалар, жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына неміс компанияларының қатысу мүмкіншіліктері туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Үшінші өнеркәсіптік революция және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде неміс технологияларын трансферттеу мәселелері талқыланды.Өз кезегінде неміс бизнесмендері алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Европа елдері бойынша «BASF» компаниясының президенті Қазақстан аумағында инвестициялық қызметтің кеңейтілуі қарастырылған Орталық Азияда бизнесті дамыту жөнінде Стратегиялық жоспар қабылданғанын хабарлады. Мысал ретінде мұнай-газ саласында техникалық-экономикалық негіздеме әзірленетін катализаторларды өндіру жөніндегі жоба айтылды.«BilfingerSE» Басқарма төрағасы Том Блейдс алдыңғы қатарлы неміс технологияларын пайдалана отырып индустрияландыру шеңберінде компанияның Қазақстандық өндірістік объектілерді модернизациялау жөніндегі жобаларға, сондай-ақ, Жекешелендіру бағдарламасы мен ҚР инфрақұрылымдық жобаларға қатысу,а қызығушылық танытты. Осы мақсатта компания басшылығы ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер жүргізу үшін жұмыс бабымен Қазақстанға сапарлап келуге ниетті.«Thyssen-Krupp»компаниясының басқарма басшысы Клаус Потхофф ҚР және ГФР арасындағы шикізаттық және технологиялық әріптестіктің артықшылығы туралы хабарлады және бірнеше мысалдар келтірді. Оның көзқарасы бойынша бұл бағдарлама бойынша келісімдер жылдам іске асырылмаса да, ұзақмерзімді және сапалы негізде.Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, Deutsche Bank Орталық және Шығыс Еуропа бойынша басқарушы директор Питер Тильс екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда бірлесіп белсенді түрде іске асырылуы керек үлкен және толықтай ашылмаған әлеуеті бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл үшін барлық қажетті жағдайлар бар - тиімді институционалды база, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал, білікті еңбек, бай табиғи ресурс, саяси тұрақтылық және ең бастысы - өзара бизнестің қызығушылығын арттыру.Фото: www.inform.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21681?lang=kk
ЖШС «РЕГИОНСТРОЙ»: АЛҒА КЕЛЕШЕККЕ 11.04.2025
15 қараша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ақмола филиалының өкілдері Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментімен бірлесіп, ЖШС «Сэлдом» - ЖШС «РегионСтрой» темірбетон зауытында болды.Индустриаландыру картасы аясында ЖШС «РегионСтрой» үй құрылыс комбинаты құрылды. Бұл жоба облыс орталығының алдағы дамуы, соның ішінде Копа көлінің жағалау аймағын ескере отырып әзірленді. Зауыт қабырғалық панельдер, плиталар және т.б. сияқты құрылыс материалдарын өндірумен айналысады және жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үйлермен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 қазанында кәсіпорын Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде сынақ зертханасы ретінде ГОСТ ISO / IEC 17025 - 2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген. Сәйкестікті бағалау объектілері: бетон қоспалары, бетон және темірбетон бұйымдары, панельдер, гипс тақталар, кірпіш және силикатты тастар, керамика, шатыр және су өткізбейтін материалдар, жылу оқшаулайтын және дыбыс өткізбейтін материалдар, қиыршық тас, қиыршық тас, құм, болат және металл өнімдерінің қоспалары.Кездесу барысында қолданыстағы ГОСТ-дың тізімін, нормативтік құжаттарды жаңартуды және өнімдерді каталогтандыруды қоса алғанда, басқа да мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21659?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті 500 млн. теңгеден астам тиімсіз субсидиялау фактілерін анықтады 11.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мен ілгерілету аса маңызды. Бұл тәсіл тек бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамда заңның үстемдігіне сенімділікті қалыптастырады.Атап айтқанда, биыл туризм саласына жүргізілген сыртқы талдау аяқталып, оның нәтижесінде бірқатар жемқорлықтыққа қарсы тәуекелдері анықталды.Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департамент басшысы Денис Шакенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.Талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.Аймақтағы туризм саласына белсенді қолдау көрсетіліп, дамытылғанына қарамастан, құрылыс шығындарына тиімсіз субсидиялар берілген.Мәселен, бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген туристік нысандарға шығындарды өтемақы ретінде төлеу жағдайлары бар, бірақ бұл шаралар тек 2022 жылдың қаңтар айынан кейін салынған нысандарға ғана қатысты. Мұндай нысандар бойынша бюджет шығындарының жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асады. Бұл фактілер субсидия беру негізділігіне күмән туғызып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсау үшін алғышарттар тудырады.Сонымен қатар, туроператорларды лицензиялау саласында ұсынылған деректердің шынайылығын тексеруде кемшіліктер анықталып, кәсіпкерлер талаптарды айналып өтіп, деректі сәйкессіздікке қарамастан лицензия алуға мүмкіндік алған.«Барлық аталған жағдайлар бойынша материалдар, бұл мәселелерді шешіп, кінәлі тұлғаларлдың жауапкершілігін қарастыру үшін құзырлы мекемелерге жолданады», – деп атап өтті Денис Шакенов.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/971488?lang=kk
Республикалық жастар форумына қатысушылар тал егу акциясына қатысты 11.04.2025
Бүгін республикалық жастар форумына қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағындағы тал егу акциясына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әр өңірден келген делегациялар көшет отырғызды.Форум қатысушылары табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жастардың экологиялық мәдениетін көтеру, айналаны ластамауды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.Еске салайық, аймақта Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтуде. Ертең қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшу сәтін тамашалайды. Ғарыш саласының даму кезеңдерімен, жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысу үшін музейге саяхаттайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастарының» туларын ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырады.Сондай-ақ, қонақтар сәулет өнерінің ерекше үлгісі Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі музеймен танысып, мәдени шараның куәсі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971473?lang=kk
Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді 11.04.2025
Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді.Сот төрелігі академиясы - "Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық бейіндік магистратура шеңберінде сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны. Сюжетте судья мамандығына кіру жолдары, Академияда оқу процесі және академияға түсуге ниет білдірген кандидаттарға қойылатын талаптар айтылады. Сонымен, судьялыққа жоғары заң білімі және заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жасы 29 жастан кем емес азаматтар үміткер бола алады.Сот төрелігі академиясының оқытушыларының 75% - ы қызметтегі судьялар. Түлектердің 95% - дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, бос судья лауазымдарына конкурстарға қатысады.Сот төрелігі академиясы судьяларды даярлау жүйесінің маңызды элементі болып табылады және ол өткен жылдың жазынан бастап Жоғарғы Сот Кеңесінің қарамағына берілді. Бұл Сот білімін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық және уақтылы қадам."Биылғы жылдың басында мен академияны дамыту тұжырымдамасын бекіттім, онда ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны ашу, білім беру бағдарламаларының теориялық және практикалық құрамдас бөліктерін күшейту көзделген", — деп атап өтті ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.Малахов.Сот төрелігі академиясын Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру оны жан-жақты жаңғырту және одан әрі жетілдіру үшін берік институционалдық негіз құрды. Бұл жаңа білім беру бағдарламаларын дәйекті түрде енгізуге, теориялық және практикалық дайындықты күшейтуге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде сот білімінің сапасын арттыруға және сот төрелігіне қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/971461?lang=kk
Елордалық бригаданың әскери қызметшілері Жауынгерлік тумен қоштасты 11.04.2025
Астанадағы 68665 әскери бөлімінде өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған жауынгерлерді шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға әскери бөлім қолбасшылығы, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Мерзімді қызметін өткерген 165 сарбаз бір жыл ішінде әскери-есептік мамандықтарды игеріп, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.– Бір жыл бойы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін зерделедіңдер. Әрине, шынығып, шымыр да болдыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды адал атқарып, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын. Әскерде алған білімдерің алдағы азаматтық өмірде де қажеттеріңе жарайтынына сенімімдімін, – деп атап өтті бригада командирі подполковник Абай Әлібеков.Дәстүр бойынша әскери даңқ символымен қоштасу рәсімін жасау құқығы үздіктердің үздігі қатардағы жауынгер Қайрат Асқарға бұйырды.Қатардағы жауынгер Марат Абылай үшін астаналық бригада екінші үйіндей болып кеткен. Себебі ол бұл жерде көптеген достар тапты.– Біз мұнда көп нәрсе үйрендік. Әсіресе, ана-ана мен достықты бағалауды үйрендік. Бізді қолдап, жанашырлық танытып, әскердегі өмір жолынан өтуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын, – деді ол.Қоштасу жиыны кезінде әр сарбазға грамоталар мен естелік қолсағаттар табыс етілді.Білім беру жеңілдігі мен әскерде жүріп еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеру мүмкіндігінің болуы жастардың болашақ жолды таңдау көкжиегінің едәуір кеңейгенін көрсетеді. Бұл жолғы запасқа шығарылған жастардың арасынан 91 сарбаздың жоғары оқу орындарына түсуге өтініш бергенін айта кету керек.Астаналық арнайы мақсаттағы бригада құрылған сәттен бастап оған елдің маңызды стратегиялық объектілерінің қорғанысын қорғау міндеттері жүктелген. Бөлімнің әскери қызметшілері алдына қойған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға қабілетті екенін бірнеше рет дәлелдеді. Бүгінде бұл бөлімше елордада орналасқан элиталық әскери бөлімдердің бірі саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971460?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: ШҚО-да пайдалы қазбаларды өндірушілердің әлеуметтік міндеттемелерінде жемқорлық тәуекелдері анықталды 11.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге айрықша назар аударуда.Алдын алу шараларының бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қаржылық шығындарына мониторинг жүргізілді.Мониторинг нәтижесінде әлеуметтік міндеттемелердің көлемін анықтаудағы біркелкі емес тәжірибе, келісімшарттық міндеттемелерді орындауды бақылаудың жетіспеушілігі және әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің жоқтығымен байланысты сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер анықталды.Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.«Атап айтқанда, құмды-гравийлі қоспаларды өндірумен айналысатын бір жер қойнауын пайдаланушының келісім шартында, заңнама талаптарына қарамастан, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған аударымдар қарастырылмаған. Ал басқа бір жағдайда, ұқсас жылдық өндіріс көлемі бар бірнеше жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтік салаға қаржыландыру көлемдері әртүрлі болып белгіленген», - деді Денис Шакенов.Қазіргі уақытта анықталған сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдерді жою жөнінде ұсыныстар дайындалып, облыс әкімдігіне ұсынылатын болады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/971446?lang=kk
Табиғатқа қамқорлық жасау-Қазақстанның таза болашағына апаратын жол 11.04.2025
"Taza Қазақстан" республикалық акциясы аясында Самар ауылында экологиялық жағдайды жақсарту және аумақты абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.Акцияның мақсаты-тәртіп орнату ғана емес, сонымен қатар халықтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру. Әрбір азаматтың туған өлкенің тазалығы мен экологиялық әл-ауқаты үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі маңызды.Самар ауылдық округі әкімдігі ауылдың тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырады.Тек бірге ғана біз Қазақстанды нағыз таза және өркендете аламыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/971445?lang=kk
КО ТР 023/2011 «ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДЕН АЛЫНҒАН ШЫРЫН ӨНІМІНЕ АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ» 11.04.2025
Шырын –сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің не болмаса кептірілген жемістерден және (немесе) көкөністерден жеуге жарамды бөліктеріне физикалық әсер ету жолымен алынған және оны алу тәсілінің ерекшелектеріне сәйкес атауы бірдей жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырынға тән тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық сипаттары сақталған сұйық тамақ өнімі. Бұл іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде танымал. Піскен жемістер мен жеуге жарамды көкөністердің жемістерінен алынған ең көп таралған шырындар.Әр шырынның тек қана өзіне тән жеке дәмге ие емес, сондай-ақ, пайдалы заттардың өзіндік жиынтығынан құралғандықтан мұны шырынның басты профилі деп те атауға да болады. Сонымен қатар шырындардан адам 13 минералды заттар мен 8 витаминдерді ала алады.Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған сок өнімінің еркін жылжуын қамтамасыз ету, жемістерден және (немесе) көкөністен алынған шырын өніміне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында Кеден одағы комиссиясының 2011 ж 9 желтоқсандағы №882 шешімімен Кеден одағының техникалық регламенті (ары қарай – техникалық регламент) 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламенті» бекітілді.Аталған техникалық регламент үй жағдайында, жеке қосалқы шарушылығында азамматтармен немесе бағбандық, бақша егу кәсібімен айналысатын азаматтармен өндірілген жемістерден және (немесе көкөністерден алынған шырын өніміне және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумақта айналымға шығаруға арналмаған және тек жеке тұтынуға арналған шырын өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдаға асыру процестеріне таралмайды.Осы Кеден одағы техникалық регламенті адам өмірін және денсаулығын қорғау және сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді ескерту мақсатында:- жемістерден және (немесе) алынған шырын өніміне қойылатын талаптар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдерін бірдейлендіру ережесі;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің сәйкестігін растау схемалар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.Балалар тамағына арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынатын шырын өнімін өндіру кезінде концентрацияланған диффузиялық шырынның гендік түрленген (генно-инженерлік, трансгендік) организмдерді (бұдан әрі - ГТО) құрайтын жемістерді және (немесе) көкөністерді қолдануға, сондай-ақ, құрауыштарды және құрамында ГТО бар тамақ қоспаларын, тәттілеуіштерді (қант диабетімен ауыратын балалар үшін жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімінен басқа) , хош иістендіргіштерді (табиғидан басқа) және басқа құрауыштар мен тамақ қоспаларын қосу рұқсат етілмейді.Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өніміне хош иістендіргіштерді, бояғыштарды және бояйтын сығындыларды қосуға рұқсат етілмейді.Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі 0,35 литрден артық емес орауыштарда айналымқа шығарылуға тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған байытылған шырын өнімін өндіру кезінде тамақ және (немесе) биологиялық заттар ретінде тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген витаминдерді, витамин тәрізді заттарды, каротиноидтарды, минералды заттарды, органикалық қышқылдарды, тамақ талшықтарын, полинеқаныққан май қышқылдарын, полисахаридтерді, полифенольды қышқылдарды, пребиотиктерді, фитостериналарды, флавонидтарды, фосфолипидтерді қолдану мүмкін. Тамақ және (немесе) биологиялық белсенді заттар көздері өсімдік сығындыларын тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген дәндердің, бұршақ өсімдіктерінің, жаңғақтардың, басқаларының сығындылары болуы мүмкін.Бір және сол шырынға қантты және (немесе) қанттарды және қышқылдықты реттегіштерді біруақытта қосуға тыйым салынады.Тұтынушы орауышына орналастырылған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалау оны таңбалау бөлігіндегі тамақ өніміне арналған Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және осы баппен белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған нақты шырын өнімінөндіру кезінде қолданылмайтын жемістердің және (немесе) көкөністердің, шырындар мен (немесе) пюренің графикалық суреті оның тұтынушылық орауышына салынбауға тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің осы Кеден одағы техникалық регламенті белгілеген талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай үлгіде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі:1) осындай өнімнің осы Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;2) осындай өнімнің жеке түрлерін мемлекеттік тіркеу;3) өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптарға байланысты және осындай өнімге осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылау (қадағалау).Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі сәйкестік декларациясы үлгісінде осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптардың сәйкестігін міндетті растауға жатады.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің жекелеген түрлері мемлекеттік тіркеуге жатады, атап айтқанда:1) жаңа түрдегі жемістерден және (көкөністерден) алынған шырын өнімі;2) жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімі.Қорыта келгенде, адамның өз өмірі үшін, ең алдымен, тұтынатын тағамдары үшін жауапкершілікке ие болуын қалаймын, себебі сол арқылы адам өзін өзі инвестициялайды. Өйткені адамдар қалыпты өмір сүріп, өз-өздерін дамыту үшін қоректенеді.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Қосанқызы Нұргүл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21608?lang=kk