Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Қазақстан – алтын бесігім!» көрмесі 11.04.2025
 2025 жылғы 4 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында «Қазақстан – алтын бесігім!» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Көрмеге 4-17 жас аралығындағы балалардың кескіндеме, сурет, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер жанрларындағы 200-ден астам жұмысы қойылды. Ұлттық ою-өрнек пен киім үлгілері ерекше мәнге ие. Шара өнер арқылы балалар мен ата-аналар, мұғалімдер арасындағы бірлік пен достықты нығайтуға бағытталған. Көрме жұмысына Қостанай қаласындағы бірнеше шығармашылық студиялар мен ұйымдар атсалысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/970883?lang=kk
«Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ конкурс жариялайды 11.04.2025
Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мекен-жайы: 070200, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12,  тел. 8/72237/30345.Мемлекеттік мекеменің негiзгi қызметi: мәдени-бұқаралық, мерекелерді, ойын-сауық танымдық, демалыс кештерін өткізу.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану, кітапхана ісі) және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-демалыс жұмысы) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.Білуі тиіс: Конституцияны, Бюджет кодексін; Еңбек кодексін;  Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын.Лауазымдық міндеттері: Мәдениет үйінің әкімшілік-шаруашылық және экономикалық қызметін, жалпы басшылығын жүзеге асырады; Халықтың арасында мәдени-ағартушылық және бос уақытты ұйымдастырудың  негізгі бағыттарының қызметін әзірлейді және оның орындалуын бақылайды; Мәдениет үйінің шығармашылық-өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметінің  жоспарларын  құрастырады; Мәдени - демалыс ұйымдарының жұмысын, барлық қызметкерлердің қызметін ұйымдастырады, атап айтқанда: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары; шығармашылық, әдістемелік, мәдени - ағартушылық жұмыстарын жүзеге асыру; байқаулар мен фестивальдар, көркемөнерпаздар халық шығармашылығын дайындауды және өткізуді; көркемөнерпаздар басшылар семинарлары, көрмелер және шығармашылық қызметтің басқа да нысандарын қамтамасыз етеді; көпшілікке театрландырылған мерекелер мен көріністер, халық серуендері, жергілікті әдет-ғұрыптарымен сәйкес салт-дәстүрлерлер; халықтың әр түрлі топтарының бос уақытын ұйымдастыру, оның ішінде демалу және би кештерін өткізу, дискотека, карнавалдарды, балалар мерекелерін, ойын және мәдени ойын-сауық бағдарламаларын өткізу; халықтың  сұраныстары  мен қажеттіліктерін  ескере отырып, әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақылы қызметтер ұсыну; көшпелі іс-шаралар мен гастрольдер өткізу үшін сахна алаңдарын ұсыну, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру үшін концерттік ұйымдар; өзіндік шығармашылық ұжыммен, сондай-ақ шақырылған орындаушылардың күшімен спектаклдер өткізу, концерттер, театр, ойын-сауық және көрме іс-шаралары; кинофильмдер және видеопрограммалар  көрсету  т. б.; тақырыптық кештер, шығармашылық кездесулер жүргізу; көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмектер көрсету жұмыстарына тартады; Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына, «Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-не  есеп  беруді  дайындау  және   есеп  беру   жұмыстарын  қамтамасыз  ету. Мәдениет үйін білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, атап айтқанда: шығармашылық және техникалық персоналмен еңбек шарттарын (келісім-шарттар) жасайды; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамасын ынталандырады; ұйым қызметкерлерімен өндірістік және еңбек тәртібінің талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды; мәдениет үйі қызметкерлеріне әкімшілік жаза қолдану туралы, көтермелеу шараларын ұсыну бойынша шешімдер қабылдайды; Мемлекеттік мекемеге  тиесілі   мүліктің тұтастығын және сақталуын қамтамасыз ету. Өзіне ұсынылған өкілеттіктері шегінде Мәдениет үйі қызметінің қаржылық және материалдық мәселелерін шешеді, атап айтқанда: мекемені қажетті технологиялық, инженерлік жабдықтармен, құрал-саймандармен, материалдармен және оларды пайдалануына бақылау жүргізеді және жарақтандыруды қамтамасыз етеді; мәдениет  үйлері мен  жабдықтарын, үй – жайларын  ғимараттарды, құрылыстарды күрделі және ағымдағы  жөндеуді  уақытында ұйымдастырады; әр түрлі азаматтық-құқықтық шарттар үшін қажетті шарттарын белгілейді және жасайды,  Мәдениет үйінің  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мәдениет үйіне келушілерге және клиенттерге қызметтерді көрсетумен байланысты, соның ішінде шағымдар мен талаптарды қарастырады, көрсетілген қызмет сапасымен байланысты барлық мәселелерді шешеді. Жеке және заңды тұлғалардың жеке мәселелері бойынша  қабылдауды жүзеге асырады.Комиссия белгілеген мерзімде конкурсқа қатысу үшін басшы лауазымына кандидат:конкурсқа қатысуға байланысты өтініш;мемлекеттік және орыс тілінде түйіндеме;еркін нысанада жазылған мінездеме;білім бойынша құжат көшірмесі;еңбек кітапшасы немес еңбек шарты, бұрынғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданған, босатылған бұйрық көшірмесі"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң мына мекенжай бойынша аяқталады: 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 12 үй  (2 қабат), 9.00-ден 18.30-ға дейін.Анықтама телефоны: 8/72237/30345.Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар Аягөз ауданы, Абай бульвары, 12 мекенжайы бойынша  Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі сұхбаттасудан өтеді. «Абай облысы Аягөз ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/970827?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОЛАУШЫЛАР ВАГОНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА 11.04.2025
2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды.Яғни жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізіледі.Атап айтқанда, №75/76 Қызылорда – Петропавл бағытындағы поезд құрамы 56%-ға немесе 13 ресейлік плацкарт вагондарымен жаңартылды.Сонымен қатар, № 621/622 Қостанай – Арқалық және № 327/328 Қостанай – Қарағанды бағыттарындағы поездар құрамында жүріп тұратын жолаушылар вагондары паркінің 50% немесе 12 бірлігі жаңартылды.Жаңарту іс-шаралары ертеректе жолаушылар тарапынан көптеген шағымдар түскен № 43/44 Қостанай – Алматы бағытындағы поезында қарастырылған. Яғни, поезд құрамы 14 плацкарт вагондарымен жаңартылған және 2017 жылдың аяғына дейін тағы 6 жаңа вагонмен толықтырылатын болады.Сонымен бірге, № 307/308 Астана – Жезқазған және № 55/56 Көкшетау – Қызылорда бағыттарындағы поездар құрамдарын 10 купе және плацкарт вагондарымен ішінара жаңарту күтілуде.Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған.Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20978?lang=kk
2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЛАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЫДҰ ҚАҒИДАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ӘЗІРЛЕУ 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті - Н.Назарбаевтың «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын енгізу және имплементациялау арқылы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне нақты ұстаным қойылды.Қазақстан үшін ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық қарым-қатынаста болу стратегиялық басымдылық болып табылады, оның шеңберінде бизнесті қолдау, дамыту және қолайлы орта жасау, сондай-ақ жаңа технологияларды қалыптастыру бойынша ЭЫДҰ-ның нұсқауларын өндіріске енгізуді  талап етіледі.ЭЫДҰ елдерінің нұсқауларын енгізу жұмыстары стандарттарды әзірлеу арқылы іске асуда.Өндіріс өнімділігін арттыру мақсатында ЭЫДҰ-ы елдерінің 157 қағидаттары іріктеліп, оның 15-і негізінде 2018-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарлары шеңберінде ұлттық стандарттар әзірленеді.Аталмыш деректерді пайдаланудың артықшылығы металлургия, химиялық өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау және басқа да салаларда экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және техникалық сектордың дамуына мүмкіндік береді.Мемлекеттік басқару құрылымдарының, бизнес-қауымдастықтар және басқа да техникалық реттеу субъектілерінің қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-ның қағидаттары негізінде 142 стандарт 2019 және 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарлары негізінде әзірлеу мәселесі пысықталуда.Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (қысқ. ЭЫДҰ, ағыл. Organisation for Economic Cooperation and Development, OECD) - Құрамына  әлемнің 35 елі мүше болып табылатын демократия мен еркін нарықтық экономика принциптерін мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20974?lang=kk
«ҚАЗАҚСТАНЫҢ ҮЗДІК ТОВАРЫ» –ӨҢІРЛІК КОНКУРСЫ 11.04.2025
Шілденің 1-і Жастар сарайында «Қазақстанның үздік тауары–2017» өңірлік көрме-байқауы өтті.  Бұл іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының 40-қа жуық кәсіпорыны қатысты. «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясының жеңімпаздары болып: I орын – «ViZaVi Company» ЖШС, II орын– «Пилипушко» ЖК, III орын – «Казмолторг» ЖШС иеленді.  «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша жүлделі орындарды: I орынды – «Soltustik Rubber Recycling» ЖШС, II орынды – «БН Петропавл арақ зауыты», III орынды – «Левин В.Д.» ЖК атанды, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында I орын –«Севермонтажавтоматика» ЖШС, II орын – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, III орын – «ЗМО» ЖШС иеленген болатын.Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментнің бас маманы Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында,»Үздік азық-түлік тауарлары», «Халық тұтынатын үздік тауарлар». «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациялары бойынша   алдын ала сараптамалық бағалау беру үшін сараптамалық топ құрамына кірген болатын.«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік сайысындағы жеңіс Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20969?lang=kk
АСТАНАДА ЕЛОРДАНЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
Астанада жыл сайын ұйымдастырлатын «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.Өңірлік кезең барысында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері кіркеген комиссия Елордада шығарылатын тауарлардың ішінен үш аталым бойынша үздігін анықтады: ·        «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар»·        «Халыққа арналған үздік тауар»·        «Үздік азық-түлік тауары» Көрме байқауында елорданың 40-тан астам компаниясы бақ сынап отыр. Олардың қатарында 14 компания «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымына таласса, 20 компания «Халыққа арналған үздік тауар» аталымына өтінім берген, сондай-ақ, 8 компания «Үздік азық-түлік тауары» аталымына қатысады.Көрме байқауына трансформаторлық қосалқы станция, құбыр, құрылыс қоспалары, пластик карта мен арнайы киім шығаратын, сондай-ақ биопакет, мүгедек арбасын, төсек жабдықтары мен халық тұтынатын өзге де тауарларды дайындайтын компаниялар қатысады.Компаниялар қатарында бірінші рет қатысып отырғандар да, бұрынырақ бақ сынағандар да бар. Мысал ретінде 2005 жылы құрылған «Спецэлектра» ЖШС айтуға болады. Компания электронтехникалық өнімдерді шығарумен және сатумен айналысады, трансформаторлық қосалқы станция жиынтығын бетон корпуста шығару саласының көш басында тұр. Былтыр компания «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымында 3-орынды иеленді.«Астана электротехникалық зауыты» ЖШС 2012 жылдан бері еліміздің өнеркәсіптік секторына сапалы және сұраныстағы электротехникалық жабдық шығаратын өндіруші ретінде көрсетті. Жыл өткен сайын компания шығарылатын тауар сұрыпталымын арттыруға талпынып келеді. Бүгінде 60-қа жуық тауар атылымы бар. Зауыт шығаратын өнім сертификатталған, сапа және шыққан жерін нақтылайтын «СТ-KZ» сертификатын алған, зауыт трансформаторлық қосалқы станция жиынтығын, жоғары вольтты ұяшықтар мен бөлу қалқандары және т.б. шығаратын отандық өндіруші ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ реестріне енгізілген.Жаңадан қатысушылар қатарында газ құбырлары үшін полиэтилденті фитингтер өндірумен, тау-кен қазу және уран өндіру өндірісімен айналысатын «KazFriaPlast» ЖШС бар, сонымен қатар желдету мен кондиционерлеу жүйесі үшін жиынтықтарды шығаруші әрі жеткізуші, сондай-ақ ауа өткізгіштер мен қалыпқа келтірілген бұйымдарды дайындайтын, дыбысты басатын, желдететін торлар, ауа сорғыш жабдықтарын дайындайтын «Termo Teknik»  ЖШС,  сапа бақылауына шығарылды. Резіңке мен пластмасса бұйымдарын шығаратын «Industrial Company «ZOOM» ЖШС бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20965?lang=kk
Бас штаб бастығы еліміздің шығысындағы әскери бөлімдер мен мекемелерді тексерді 11.04.2025
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында Абай облысының әкімі Берік Уәлимен және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесті. Министрдің бірінші орынбасары атқарушы органдардың басшыларымен  өңірлердің қорғаныс әлеуетін нығайту, аумақтық қорғаныс құрамаларын жарақтандыру және әскери дайындалған резервті дайындау мәселелерін талқылады.Абай гарнизонында Бас штаб бастығы 54835 әскери бөлімінің авиациялық техника тұрақтарының техникалық жағдайын зерделеді. Аумақтық қорғаныс құрамасының күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттарының құрылыс сапасы мен орындау мерзімдеріне назар аударды.  Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов әскери госпитальдегі жөндеу жұмыстарының да орындалу барысын тексерді.Ол сондай-ақ, 12794 әскери бөлімінің әскери техника паркінде болды. Әскери бөлімдерге жас сарбаздардың келуіне байланысты Бас штаб бастығы казармалық қор мен оқу орталығының жай-күйін, сондай-ақ әскери бөлімдердің әскерге шақырылушыларды орналастыруға және оқытуға дайындығын егжей-тегжейлі зерделеді.Өскемен гарнизонының Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы механикаландырылған құрамасында Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бөлім командирінің баяндамасын тыңдады.Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне барған кезде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскерге шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға, әскерге шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізуге және психологиялық тестілеуге ерекше назар аударды.Әскери-техникалық мектептің филиалында ол оқу процесінің ерекшеліктерімен, оның материалдық-техникалық базасымен танысты. Курсанттармен әңгімелесу барысында әскери-есептік мамандықты игерудегі жетістіктер мен олардың болашақтағы жоспарларымен танысты.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов гарнизондардың әскери инфрақұрылымын дамыту, әскери объектілерді техникалық жарақтандыру және жеке құрам үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970788?lang=kk
АЛ БОЛАШАҒЫ ПАРАСЫЗ! 11.04.2025
08.12.2017 Жастар Сарайында форум өтті, онда «болашағымыз парасыз!» акциясының қорытындысы жасалды.Өңірлік байқау арасында барлық мемлекеттік органдардың ең үздік қойылым бойынша жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы "Нұр Отан" партиясының Департаменті істері Агенттігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы СҚО бойынша Департамент " басшысы қатысты.Департаменті техникалық реттеу және метрология Комитеті ҚР ИДМ, Солтүстік Қазақстан облысы және оның жобалар жеңімпаздарына үш номинация бойынша "Үздік мемлекеттік орган" медал мен бағалы сыйлық тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20942?lang=kk
«СЫНАУ ЖАБДЫҒЫН АТТЕСТАТТАУ ТӘРТІБІ» 11.04.2025
Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына ҚР СТ 2.75 – 2009 «Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі» сәйкес жүргізіледі.Нормаланған сыртқы әсер ететін факторларды және жүктемені жаңғыртатын сынау жабдығы аттестаттауға жатады. Сынау жабдығын аттестаттау жіберілетін ауытқу шектерінде сынау шарттарын жаңғырту мүмкіндігін растау және сынау жабдығының мақсатқа сәйкес пайдалануға жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Аттестаттауға тәжірибелі үлгілер, сериялық шығарылатын және жаңартылатын жабдық, республикада жеке данада дайындалған, сондай-ақ республика аумағында әкелуге және пайдалануға арналған жабдық жатады.Сынау жабдығы алғашқы, мерзімді және кезектен тыс аттестаттауға жатады.Сынау жабдығын аттестаттауды сынау жабдықтарының пайдаланушысы болып табылатын заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асырады. Сынау жабдығын аттестаттауға мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық немесе 2008 жылғы 5 шілдедегі № 61-ІV Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңына сәйкес метрологиялық жұмыстарды жүргізуге аккредиттелген басқа заңды тұлғалар қатысуы мүмкін.Сынау жабдықтары аттестаттауға техникалық құжаттармен және қалыпты жұмыс істеу және аттестаттауға жүргізу үшін қажет қосалқы техникалық құралдармен ұсынылады.Ұсынылған техникалық құралдардың құрамында болусы тиіс:-         техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;-         ГОСТ 2.601 бойынша пайдалану құжаттары;-         жобалау құжаттары (бар болса);-         сынау жабдығын аттестаттау бағдарламасы.Республика аумағына әкелінетін сынау жабдықтары мемлекеттік тілге аудармасымен немесе орыс тілінде аттестаттауға құжаттамалармен бірге ұсынылады.Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі толығырақ танысу үшін Ұлттық стандарт ҚР СТ 2.75 – 2009 «Сынау жабдығын аттестаттау тәртібі» немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне жүгінуіне болады, мекенжайымыз Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 11 үй, тел.: 750541, 750543, 750550, email: gosnadzor_astana@mail.ru.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20939?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру 11.04.2025
«Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ТБН №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес жүргізілетін Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін 2026 жылғы 05.05-нен 12.05-не дейін жария талқылау туралы хабарлайды.»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1213807?lang=kk
ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРДАН ТЫС МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРІ 11.04.2025
2016 жылғы ақпан айында "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енуімен, ШҚО бойынша ТРжМКД жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы Заңның талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Ағымдағы жылдың қазан айында «Казақстанның зергерлер лигасы» ЗТЖКБ өтінішіне және Қазақстан Республикасының Президентінің әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ШҚО бойынша ТРМКД жоспардан тыс мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша 15 жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 1 134 500 теңге  сомасына айыппұл салыну түрінде әкімшілік шаралар қолданылды. Зергерлік бұйымдарды сату сатысында тексерулер  жүргізілді.Негізгі анықталған бұзушылықтар:-  атаулы таңбасының, бұйымды дайындаушыны  куәландыратын зергерлік бұйымға қойылатын арнайы белгісінің болмауы;- «Барыстың басы» бейнеленген  нысаны бар бірыңғай сынамалық таңбасының, уәкілетті ұйымының коды бар Қазақстанның халықаралық аббревиатурасының болмауы;-  уәкілетті ұйымнан берілген қорытындысының болмауы;-  мемлекеттік бақылау актісінің болмауы.Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 12 018 280 теңге сомасына сәйкес келмейтін 237 бірлік санында зергерлік бұйымдарға барлық тәртіп бұзушылықтар жойылғанша сатуға тыйым салынды.Осыған орай, ҚР «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны туралы фактілер болса,  техникалық реттеу және метрологиялық  комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз. Телефон нөмірлері: 267358, 254523.Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20937?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ПОЛЬША КӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ 11.04.2025
Астанада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша жұмыс тобының II отырысы болды. Контейнерлік тасымалдарды дамыту саласында Достық/Алтынкөл-Брест-Достық/Алтынкөл учаскесінде контейнерлік пойыздарды қабылдау/өткізу бойынша бірлескен технологияны әзірлеу мәселесі келісілді. Сонымен қатар, контейнерлік пойыздарды технологиялық өңдеу уақытын қысқарту мүмкіндігі қарастырылады.  Бұдан бөлек, тараптар халықаралық Транскаспийлік көлік бағытындағы (ТХКБ) тасымалдарды бірлесіп дамытуға келісті. Польша халықаралық Транскаспийлік көлік бағытын пайдалану арқылы Қытайға және басқа Азия елдеріне мыс және азық-түлік өнімдерін контейнермен тасымалдауға дайын.Қатысушылар автомобиль көлігі саласындағы ынтымақтастықты оң бағалады. 2018 жылы Халықаралық автомобиль тасымалдарын жасау үшін рұқсат бланкілерімен алмасу алдын-ала квотасы 2017 жылдың деңгейінде белгіленді. Олар мынадай мөлшерде бөлінеді: қазақстандықтар үшін 10,5 мың әмбебап рұқсаттамалар, үшінші елдерге/ден 3,5 мың рұқсаттама; польшалықтарға 10 мың әмбебап рұқсаттама, үшінші елдерге/ден 4 мың  рұқсаттама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20925?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ АВТОКӨЛІКПЕН ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ 18,5%-ҒА ӨСТІ 11.04.2025
Тараптар автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, алдағы жылға рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгіледі.2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тасымал көлемі 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 37,8 мың тоннаға, яғни 166 мың тоннадан 204 мың тоннаға дейін артқан. Негізгі тасымалданатын жүктер - көліктер, механизмдер мен жабдықтар, өсімдік өнімдері, химиялық өндіріс өнімдері жатады. Тараптар 2018 жылы екі жақты тасымалдарға және транзиттік жүріп өтуге арналған алдын ала рұқсаттама құжаттармен алмасуды қазақстандықтар үшін 12 250 дана көлемінде, ал германиялықтарға 6 мың дана көлемінде белгілеу жөнінде келісті. Үшінші елдерден/елдерге рұқсаттама құжаттарын екі тарапқа 1000 дана көлемінде берілетін болып келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/26240?lang=kk
ФРАНЦИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ 11.04.2025
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы мен Франция арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2025 жылғы 6 ақпанда бекітілген Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру туралы Жол картасының 7-тармағы аясында «Франциядағы Шымкент қаласының күндері» іс-шарасы өтіп жатыр.Екі ел арасындағы бизнес, туризм, шағын және орта бизнестің серіктестік әлеуетін арттыру мақсатында өтіп жатқан іс-шара барысында қазақтың ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталуда. Француз халқы қазақтың дәстүрлі тағамдары, киімдері мен әшекей бұйымдарымен танысып, сонымен қатар Шымкент қаласының туристік әлеуеті таныстырылды.Бұл шара Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық, мәдени, ғылыми және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/970738?lang=kk
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік жол карталарын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-жиналыс 11.04.2025
2025 жылғы 3 сәуірде «AMANAT» партиясының Хатшысы Е.Ж.Жылқыбаев пен «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты П.О.Казанцевтің төрағалығымен 2023-2024 жылдары «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік жол карталарын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-жиналыс өткізілді.Отырысқа «AMANAT» партиясының өкілдері және облыстық басқармалар, мәслихат депуттары қатысты.Аталған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Д.Д.Шамұратов жол  картасының орындалысы бойынша баяндады. Жиында өңірге қатысты көптеген сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Жиналыс қортындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/970718?lang=kk
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА РҰҚСАТ АЛУ РӘСІМДЕРІН ҚЫСҚАРТАТЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҮЗЕТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ 11.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мамандары Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізу жөнінде түсіндіру кеңесін өткізді.Жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат – құрылысқа рұқсат беруді жеңілдету және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде «Құрылыс жүргізуге рұқсат алу» көрсеткіш нәтижесін жақсарту. Осы орайда, комитет Заңға түзетулер енгізу бойынша 6-шы пакетті дайындап, маңызды құжаттан бірнеше рәсімдерді алып тастауды ұсынып отыр. Егер де бұл жаңашылдық Парламентте бекітілетін болса, онда құрылысты  жердің топографиялық түсірілімінсіз, тұжырымдамалық жобалау келісімінсіз іске асыруға болады. Сондай-ақ, инженерлік желілерді сумен жабдықтау ұйымдары сәулет және қала құрылысы органдарының тиісті келісімінсіз жұмыс жүргізе алатын болады.Осы жоспарланған шаралар жүзеге асқан жағдайда, құрылыс салуға рұқсат алу рәсімдерінің қысқаруы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын айтарлықтай жақсартатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20878?lang=kk
ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты 11.04.2025
ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты.Кездесу барысында ол Кеңес қызметінің негізгі аспектілері жайлы және еліміздің судьялар корпусын қалыптастырудағы рөлі туралы айтты.Ол Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, объективтілік және айқындық қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Судьяларды іріктеу мен тағайындаудың барлық кезеңдері Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.Л. Құрмантаева сондай-ақ Кеңестің құрамы, оның негізгі функциялары және болашақ судьяларды даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы хабардар етті.Сұхбатта судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, сондай-ақ біліктілік емтихандарының санын жылына 4-тен 12-ге дейін ұлғайту үшін ішкі рәсімдерді оңтайландыру және судьялық бос жұмыс орындарына орналасуға арналған конкурстар санын жылына 2-ден 6-ға дейін көбейту мәселелері қозғалды. Бұл қалыптасқан вакансияларды уақтылы толтырып қана қоймай, сонымен қатар Жоғары Сот Кеңесінің сот жүйесінің кадр саясатына жауапты орган ретінде тағайындалуын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Лаура Құрмантаева сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға, мансаптық ілгерілеуге және кадр резервінің жұмысына назар аударды, бұл резервті дайындауға және Қазақстанның сот билігінің кадр жүйесін нығайтуға көмектеседі.Ол сондай-ақ Кеңестің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жақсарту туралы айтты. Атап айтқанда, Кеңес Төрағасы Д. Малахов күн сайын азаматтарды, оның ішінде судьяларды да қабылдайды. Төраға Кеңес құзыреті шеңберінде егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді.Жоғары Сот Кеңесі Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрларды даярлау және іріктеу процестерін жақсарту, оның тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/970704?lang=kk
Егістіктен – сөреге: Көкшетауда екінші ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 11.04.2025
Бүгін 2025 жылдың 5 сәуірінде Ақмола облысының әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Көкшетау қаласының "ТӘУЕЛСІЗДІК" алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Көкшетау қаласы мен қала маңындағы тұрғындар үшін Аршалы, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсын, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарынан, сондай-ақ Көкшетау және Қосшы қалаларынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің өндірілген және өсірілген экологиялық-таза өнімдерін, атап айтқанда ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, құс еті), шұжық өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, картоп, ұн, балық, жұмыртқа, көкөністер және басқа да өнімдерді сатуға әкелді.Сондай-ақ, "КОКЅҺЕ ӘКК ҰК" АҚ тұрақтандыру қорынан: сиыр еті, 1 сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп, қырыққабат, сәбіз өнімдері сатылымға ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/970679?lang=kk
Медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз қымбаттауы анықталды 11.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені анықталды.Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған.  Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/970658?lang=kk
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Aktobe Invest 2017» халықаралық инвестициялық форумына қатысты 11.04.2025
Елбасының өңіраралық кооперация мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері өзара тиімді серіктестікті жолға қою және отандық тауарөндірушілерді қолдау жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, өңіраралық серіктестік пен өнеркәсіптік кооперация туралы меморандумды Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Архимед Мұхамбетов қол қойып бекітті.Аталған меморандумдарды орындау мақсатында Қостанай облысы Ақтөбеге лифт жеткізеді. Электромобильдер сатылып, оларды қуаттандыратын бекеттер салынады. Әзірге бұл көліктер Алматы мен Астанада бар. Енді Ақтөбе халқы электрлі көліктің мүмкіндіктерін пайдалана алады.«Өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында бірнеше келісім жасалды. Таяуда Ақтөбеде Қостанай облысының күндері өтеді. Ал келер жылы Қостанай қаласында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, екі өңір кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасуы үшін бизнес форум өткізіледі. Жоспар бойынша Ақтөбеге электромобиль тасымалданады. Агломирация қатарына енген өңір үшін бұл тиімді жоба. Келер жылы Ақтөбеде электромобильдерді қуаттандыру станциясы салынады. Инфрақұрылым дамыған соң көлік сатылады», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.Сонымен қатар, Қостанай облысы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетімен келісімшартқа қол қойды. Себебі, Қостанайда білікті дәрігер тапшы. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жас мамандарға қаржы беріп, олардың баспаналы болуына жағдай жасамақ. Тек жас кадр әкімдік бағыттаған ауыл, ауданда 7 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек.Айта кетейік, «Акtobe Invest-2017» форумына 500-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары бар. Негізгі пленарлық отырыста «ЭКСПО-2017: өңірдің даму серпіні» тақырыбы талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/20813?lang=kk