Enbekshi QazaQ

Қоғам

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік жол карталарын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-жиналыс 11.04.2025
2025 жылғы 3 сәуірде «AMANAT» партиясының Хатшысы Е.Ж.Жылқыбаев пен «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты П.О.Казанцевтің төрағалығымен 2023-2024 жылдары «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік жол карталарын іске асыру мәселелері бойынша онлайн-жиналыс өткізілді.Отырысқа «AMANAT» партиясының өкілдері және облыстық басқармалар, мәслихат депуттары қатысты.Аталған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Д.Д.Шамұратов жол  картасының орындалысы бойынша баяндады. Жиында өңірге қатысты көптеген сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Жиналыс қортындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/970718?lang=kk
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚҰРЫЛЫС САЛУҒА РҰҚСАТ АЛУ РӘСІМДЕРІН ҚЫСҚАРТАТЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҮЗЕТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ 11.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мамандары Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізу жөнінде түсіндіру кеңесін өткізді.Жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат – құрылысқа рұқсат беруді жеңілдету және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде «Құрылыс жүргізуге рұқсат алу» көрсеткіш нәтижесін жақсарту. Осы орайда, комитет Заңға түзетулер енгізу бойынша 6-шы пакетті дайындап, маңызды құжаттан бірнеше рәсімдерді алып тастауды ұсынып отыр. Егер де бұл жаңашылдық Парламентте бекітілетін болса, онда құрылысты  жердің топографиялық түсірілімінсіз, тұжырымдамалық жобалау келісімінсіз іске асыруға болады. Сондай-ақ, инженерлік желілерді сумен жабдықтау ұйымдары сәулет және қала құрылысы органдарының тиісті келісімінсіз жұмыс жүргізе алатын болады.Осы жоспарланған шаралар жүзеге асқан жағдайда, құрылыс салуға рұқсат алу рәсімдерінің қысқаруы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның позициясын айтарлықтай жақсартатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20878?lang=kk
ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты 11.04.2025
ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты.Кездесу барысында ол Кеңес қызметінің негізгі аспектілері жайлы және еліміздің судьялар корпусын қалыптастырудағы рөлі туралы айтты.Ол Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, объективтілік және айқындық қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Судьяларды іріктеу мен тағайындаудың барлық кезеңдері Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.Л. Құрмантаева сондай-ақ Кеңестің құрамы, оның негізгі функциялары және болашақ судьяларды даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы хабардар етті.Сұхбатта судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, сондай-ақ біліктілік емтихандарының санын жылына 4-тен 12-ге дейін ұлғайту үшін ішкі рәсімдерді оңтайландыру және судьялық бос жұмыс орындарына орналасуға арналған конкурстар санын жылына 2-ден 6-ға дейін көбейту мәселелері қозғалды. Бұл қалыптасқан вакансияларды уақтылы толтырып қана қоймай, сонымен қатар Жоғары Сот Кеңесінің сот жүйесінің кадр саясатына жауапты орган ретінде тағайындалуын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Лаура Құрмантаева сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға, мансаптық ілгерілеуге және кадр резервінің жұмысына назар аударды, бұл резервті дайындауға және Қазақстанның сот билігінің кадр жүйесін нығайтуға көмектеседі.Ол сондай-ақ Кеңестің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жақсарту туралы айтты. Атап айтқанда, Кеңес Төрағасы Д. Малахов күн сайын азаматтарды, оның ішінде судьяларды да қабылдайды. Төраға Кеңес құзыреті шеңберінде егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді.Жоғары Сот Кеңесі Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрларды даярлау және іріктеу процестерін жақсарту, оның тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/970704?lang=kk
Егістіктен – сөреге: Көкшетауда екінші ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 11.04.2025
Бүгін 2025 жылдың 5 сәуірінде Ақмола облысының әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Көкшетау қаласының "ТӘУЕЛСІЗДІК" алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Көкшетау қаласы мен қала маңындағы тұрғындар үшін Аршалы, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсын, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарынан, сондай-ақ Көкшетау және Қосшы қалаларынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өздерінің өндірілген және өсірілген экологиялық-таза өнімдерін, атап айтқанда ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, құс еті), шұжық өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, картоп, ұн, балық, жұмыртқа, көкөністер және басқа да өнімдерді сатуға әкелді.Сондай-ақ, "КОКЅҺЕ ӘКК ҰК" АҚ тұрақтандыру қорынан: сиыр еті, 1 сортты ұн, қант, күріш, тұз, күнбағыс майы, макарон өнімдері, картоп, қырыққабат, сәбіз өнімдері сатылымға ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/970679?lang=kk
Медициналық мекемелерде қызмет бағасының негізсіз қымбаттауы анықталды 11.04.2025
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.Қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені анықталды.Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданған.  Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/970658?lang=kk
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Aktobe Invest 2017» халықаралық инвестициялық форумына қатысты 11.04.2025
Елбасының өңіраралық кооперация мен қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері өзара тиімді серіктестікті жолға қою және отандық тауарөндірушілерді қолдау жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, өңіраралық серіктестік пен өнеркәсіптік кооперация туралы меморандумды Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Архимед Мұхамбетов қол қойып бекітті.Аталған меморандумдарды орындау мақсатында Қостанай облысы Ақтөбеге лифт жеткізеді. Электромобильдер сатылып, оларды қуаттандыратын бекеттер салынады. Әзірге бұл көліктер Алматы мен Астанада бар. Енді Ақтөбе халқы электрлі көліктің мүмкіндіктерін пайдалана алады.«Өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында бірнеше келісім жасалды. Таяуда Ақтөбеде Қостанай облысының күндері өтеді. Ал келер жылы Қостанай қаласында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, екі өңір кәсіпкерлерінің тәжірибе алмасуы үшін бизнес форум өткізіледі. Жоспар бойынша Ақтөбеге электромобиль тасымалданады. Агломирация қатарына енген өңір үшін бұл тиімді жоба. Келер жылы Ақтөбеде электромобильдерді қуаттандыру станциясы салынады. Инфрақұрылым дамыған соң көлік сатылады», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.Сонымен қатар, Қостанай облысы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетімен келісімшартқа қол қойды. Себебі, Қостанайда білікті дәрігер тапшы. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жас мамандарға қаржы беріп, олардың баспаналы болуына жағдай жасамақ. Тек жас кадр әкімдік бағыттаған ауыл, ауданда 7 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуі керек.Айта кетейік, «Акtobe Invest-2017» форумына 500-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ірі отандық және шетелдік кәсіпорындардың басшылары бар. Негізгі пленарлық отырыста «ЭКСПО-2017: өңірдің даму серпіні» тақырыбы талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/20813?lang=kk
ҚР ИДМ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ 11.04.2025
Бүгін Астанада еліміздегі шетелдік инвесторларды инвестициялық белсенділік танытқандары үшін марапаттаудың төртінші салтанатты рәсімі болып өтті.Шетелдік инвесторларды марапаттау салтанатты рәсімін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ашты. Іс-шараға шетелдік инвесторлар, шетелдердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, іскерлік қауымдастықтар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.Аталмыш шараны ҚР ИДМ Инвестициялар комитеті «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.Елімізде белсенділік танытқандары үшін келесі шетелдік инвесторлар марапатталды:- Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Маревен Фуд Тянь-шань» Кипр компаниясы (азық-түлік өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі);- Өңдеу өнеркәсібін дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Tokyo Rope Almaty» Жапон компаниясы (болат өнімдер өндірісі);- Логистикалық инфрақұрылымды дамытуда инвестициялық белсенділік танытқан «Cosco Shipping» Қытай компаниясы («Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА территориясындағы құрғақ порт құрылысы);- Тау-кен металлургия кешенін дамыту инвестициялық белсенділік танытқан «Giessenhaus» Ресей компаниясы (легирленген алюминий өндірісі);- Фармацевтика саласын дамыту инвестициялық белсенділік танытқан «Химфарм» Polpharma Польша компаниясы ( қатты формадағы таблеткалар өндірісі (IV кезең).Үздік шетелдік инвесторларды марапаттау жыл сайын өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20803?lang=kk
Дәулет ауылдық округі бойынша Абаттандыру жұмыстары жүргізілді 11.04.2025
Абаттандыру жұмыстары жүргізілдіДәулет ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың абаттандыру есебінен “Жастар” саябағы ішіне жаңарту жұмыстары мен тазалық жұмыстары жүргізілді.Құрметті ауыл тұрғындары ел игілігі үшін жасалған дүниені ұқыпты ұстауды, бүлдірмеуді, залал келтірмеуді және тазалық сақтауды балаларыңызға ескертіп, түсінік жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/970648?lang=kk
«SalyqBot» Telegram бот сервистері 11.04.2025
«SalyqBot» Telegram бот сервистері:- жалпыға бірдей декларациялау; - құлтанған шотты ашу;-  жергілікті салық мәселелері;-  жеке тұлғалардың банкроттығы;-  салық мәселелері;-  кедендік мәселелер;-  салық күнтізбесі;-  анықтамалықтар;-  есептеу калькуляторы;-  электрондық қызметтер;-  мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/970589?lang=kk
"Жас сарбаз" балалар студиясының бишілері XI аймақтық Дельфий ойындарында үздік атанды 11.04.2025
Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармонияда XI аймақтық Дельфий ойындары өтті.Онда "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының би тобы "Халық биі" (10-13 жас санаты) номинациясында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық сайысқа елорданың 15 би ұжымы қатысты. - Біз жақында ғана Ташкенттен оралдық. Онда I Love tо danсе халықаралық байқауында бишілеріміз Гран-при мен "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңістердің бәрі тәрбиеленушілердің шығармашылық тұрғыда жетілуіне деген ұмтылысын арттырады, –деді "Жас сарбаз" балалар студиясының көркемдік жетекшісі 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.Енді үш би ұжымы, оның ішінде "Жас сарбаз" студиясының тәрбиеленушілері алдағы маусым айында Қарағандыда өтетін Ұлттық дельфий ойындарында Астананың намысын қорғайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970585?lang=kk
Артиллеристер «Мста-Б» гаубицасынан оқ атуда нысанаға дөп тиді 11.04.2025
Гвардейск гарнизонындағы 54-ші артиллериялық құраманың әскери қызметшілері «Мәтібұлақ» оқу полигонында жауынгерлік атысты қамтыған бақылау сабақтарынан сәтті өтті. Маневрлерге қарсыластың қорғаныс құрылыстарын, командалық пунктерін, сауытты техниканы, сондай-ақ тірі күші мен атыс құралдарын жоюға арналған 152 мм сүйретпелі «Мста-Б» гаубицасы тартылды. Бұл қарудың максималды ату қашықтығы 24 шақырымнан асады.Бақылау сабақтары тек күндізгі уақытта ғана емес, түнде де өткендіктен, жауынгерлерге ұрысқа барынша жақын жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қараңғылық қосымша қиындықтар тудырғанымен жеке құрам тапсырмаларды сәтті орындап шықты.– Сабақтарда қазіргі жалпыәскери ұрыс жүргізу дағдылары мен тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті іс-қимылдар пысықталды. Әр сарбаздың өз рөлін білуі және кез келген жағдайда әрекет етуі маңызды, – деп нақтылады құрама командирі полковник Дәулет Жорғатаев.Артиллериялық қондырғадан ату 15 шақырымнан астам қашықтықтағы жабық атыс позицияларынан жүргізілді. Атыс автоматтандырылған жүйелерді қолданбай механикалық түрде орындалды. Бұл жауынгерлік дағдыларды тереңдетуге барынша ықпал етті. Оқ атуды түзету нысандарға дәл тию мүмкіндігін арттыратын ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарымен жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970571?lang=kk
Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету – құқықтық мемлекетті нығайтудың кепілі 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Конституциялық Сот судьяларының қатысуымен диалогтық кездесу өтті. Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Кездесуді ашқан Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев прокуратура органдары мен Конституциялық Соттың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, прокуратура тарапынан конституциялық іс жүргізулерге тұрақты түрде қорытындылар беріліп, ондаған оқыту шаралары өткізілген және мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілген.  Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде конституциялық заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституциялық Соттың рөлін ерекше атап өтті. Ол сот және білім беру ортасының арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Соттың кәсіби әрі ғылыми ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді. Академия ректоры Марат Сексембаев кездесуге қатысушыларға Академияның негізгі қызмет бағыттары мен нәтижелерін таныстырып, болашақ қызметкерлерге арналған бастапқы кәсіби даярлау жүйесі туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қызметтегі мамандардың біліктілігін арттыру, магистратура және докторантура бағдарламаларын дамыту, халықаралық ынтымақтастық мәселелері де қамтылды. Жоғары оқу орнының басшысы Академияда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.Конституциялық Сот судьясы Роман Подопригора Соттың жекелеген шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады, ал Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров қорытынды қаулыларды іске асыру тетіктері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Шара барысында Конституциялық Соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаевқа Академияның ғылыми-білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Құқық қорғау органдары академиясының Құрметті профессоры атағы берілді.Кездесу соңында қонақтар Академияның оқу базасымен танысып, Академия тыңдаушылары үшін қонақ дәрістер циклін өткізу және Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының орындалуын қадағалау бойынша прокурорларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/970566?lang=kk
Астана халықаралық форумы 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future» 11.04.2025
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі. Форум бағдарламасы қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар. AIF2025-ке қатысуды растағандар:Поль Кагаме – Руанда Республикасының Президенті;Эди Рама – Албания Премьер-министрі;Андрей Пленкович – Хорватия Республикасының Премьер-министрі;Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани – Премьер-министр-Катар Сыртқы істер министрі;Пан Ги Мун – БҰҰ 8-Бас хатшысы, Green Global Growth Institute төрағасы, «Boao Forum for Asia» директорлар кеңесінің төрағасы;Ален Берсе – Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы;Цюй Дунъюй – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры (FAO)Эми Поуп – Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры (IОМ);Матиас Корманн – ЭЫДҰ бас хатшысы;Дарен Танг – Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры; Антонелла Бассани – Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша дүниежүзілік банктің вице-президенті;Хаолян Сюй – БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Даму бағдарламасы әкімшісінің  орынбасары;Цзинь Лицюнь – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) президенті және директорлар кеңесінің төрағасы;Юрген Ригтеринк – ЕҚДБ бірінші Вице-президенті;Кубанычбек Омуралиев – Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы;Себастьян Курц – Австрияның 26-Федералдық канцлері.Пікірталастардың негізгі тақырыбы2025 жылы AIF жаһандық күн тәртібіндегі негізгі үш бағытқа назар аударады:Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздікЭнергетика және климаттың өзгеруі  Экономика және қаржы Форум инвестиция мен халықаралық ынтымақтастық драйвері ретіндеАстана халықаралық форумы 2025 инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде өткізіліп, Қазақстанның әлемге ашықтығын көрсетеді. Біздің еліміз ірі әлемдік корпорациялар мен қаржы институттарының назарын аудара отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайта түсуде. Ауқымды реформалар, заңнаманы жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсарту елдің дамуына және оның экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Форумның міндеті – ашық диалог пен шетелдік капитал тартудың, стратегиялық келісімдер жасасу мен экономикалық дамуға арналған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды платформа болу. AIF2025 қарсаңында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форумдар жоспарлануда:Қазахстан-Франция бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр);  Қазахстан-Италия бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр).Бұл іс-шаралар халықаралық ынтымақтастық, технология алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндік бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/985013?lang=kk
"Халыққа қызмет ету" жобасы 11.04.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/970562?lang=kk
Аудан әкімінің орынбасары Төретам кенті мен Ақай ауылында болды 11.04.2025
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар жұмыс сапарымен Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде болып, жергілікті жерлердегі бірқатар өзекті мәселелермен танысты. Сапар барысында елді мекендерде соңғы жылдары атқарылған инфрақұрылымдық жобалар мен құрылыс нысандарының сапасына назар аударылып, олардың бүгінгі жай-күйі сараланды. Сондай-ақ, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және көктемгі абаттандыру жұмыстарының барысы бағамдалып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, тұрғындармен тығыз байланыста болу қажеттігі ескертілді. Аудан әкімінің орынбасары жергілікті әкімдікке тазалық пен тәртіпке қатысты нақты тапсырмалар беріп, елді мекендердің келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/970542?lang=kk
Түнгі рейд жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда 11.04.2025
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Кезекті рейдтік шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мектеп директорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Рейд барысында аудан орталығындағы ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, дүкендер мен кафелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің жолын кесу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түнгі 23:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынатыны нақты жеткізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/970536?lang=kk
Мәңгі сапта: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне 30 жыл 11.04.2025
Ұлттық қорғаныс университетінде "Ішкі іскер жауынгерлерінің шекара шебіндегі ерлігіне 30 жыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шарада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету, Әскери оқыту және тәрбиелеу факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның әскери және құқық қорғау жоғары оқу орындарының тыңдаушылары, Тәжікстан Респуюликасының және Қырғыз Республикасының магистранттары да қатысты.Қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде шараға қатысушылар бір минуттық үнсіздік жариялады.Негізгі баяндамамен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов сөз сөйледі. Ол 30 жыл бұрынғы қайғылы оқиғаны еске түсірді:— Бұл күн біздің жадымызда мәңгі сақталады. Отыз жыл бұрын “Қазбат” құрамындағы біздің жауынгерлеріміз қарулы шабуылға ұшырады. Жау күшінің басымдығына қарамастан, әскери қызметшілер шабуылға лайықты тойтарыс бере алды. Бірақ… бұл тойтарыс шығынсыз болмады! Жалындай жас 17 жауынгер бейбіт өмір жолында құрбан болды. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде олардың есімдері жазылған ескерткіштер орнатылған. Оларға жыл сайын әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, марқұмдардың туыстары жиналады. Астанадағы Отан қорғаушылар монументінің артында орналасқан он жеті көшет пен қаза тапқандардың есімдері жазылған мемориалы бар аллея — сол ерліктің мәңгі белгісіндей, - деді  Бауыржан Садықұлы.Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында сол қанды оқиғаның қатысушылары, әскер ардагерлері — Қайратбек Сәтбаев пен Нұржан Байбосынов болды, олар өз қаруластарының ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті.Қарулы Күштер мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ардагерлері отставкадағы генерал-лейтенант Болат Жанасаев, отставкадағы генерал-майорлар Жұмабек Ахметов, Бақтияр Сыздықов және Қалиақпар Тоқышев, сондай-ақ запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов өз баяндамаларында жауынгерлік тәжірибенің маңыздылығын, оны жас офицерлердің зерделеу қажеттілігін, сондай-ақ қаза тапқан батырлардың ерлігін  насихаттаудың маңыздылығын қозғады.Дөңгелек үстел барысында Тәжікстан Республикасының магистранттары полковник Ифтихор Файзуллозода мен Қырғыз Республикасының полковнигі Медер Эшенкулов қазақстандық батырлардың ерлігін құрметпен атап өтті.Мұндай кездесулер жас жауынгерлердің бойында патриотизм сезімін тәрбиелеуге және халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970532?lang=kk
Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық барысымен танысты 11.04.2025
Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысушылардың дайындық барысымен танысу үшін Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барды.Далалық қосында депутаттар Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Болат Керімбек, Максим Рожин, Олжас Құспеков және Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл парадтық есептоптардың командирлерімен және әскери қызметшілермен кездесті. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық туралы жалпы ақпарат беріп, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.Депутаттар далалық лагерьдің тұрмыстық жағдайымен танысып, шатырларда температуралық режимді, монша кешендерін, медициналық пунктер мен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруды тексерді. Олар сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің әскери киім үлгілерімен танысты.- Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын бүкіл елімізбен бірге атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға болғандықтан, парадқа дайындықты өз көзімізбен көру үшін келдік. Далалық лагерьде жаңа типтегі шатырлар орнатылып, әскери техника парадқа дайын. Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса екен, – деп атап өтті депутат Айдос Сарым.Депутаттар Жеңіс парадына қатысушыларға олардың қызметі үшін алғыс айтып, шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтетініне сенім білдірді.Іс-шара соңында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы әскери қызметшілер мен депутаттар үшін концерт қойды. Әскери өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, орталықтың әскери оркестрі Астанада өтетін парадтың музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін хабарлады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970521?lang=kk
«Ұлттық құрылтай: ел дамуының жаңа бағдары» 11.04.2025
3 сәуірде Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық құрылтайды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық құрылтай: ел дамуының жаңа бағдары» атты сұхбат алаңы өтті.Іс-шараға келесі спикерлер қатысты: «"Тобыл" ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Ұлттық құрылтай мүшесі, Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы, 5-6 шақырылған Сенаттың депутаты Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әбдірахманов Мэлс Бейбітұлы, «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер күштері қауымдастығының үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің төрағасы Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы және ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры Качев Денис Анатольевич.  Іс-шара бағдарламасы IV Ұлттық құрылтайға арналған кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Көрмеде Қазақстанның қалыптасуының негізгі сәттерін, оның тарихи мұрасын және ұлттық бірегейлікті нығайтуға және елді дамытуға бағытталған заманауи реформаларды қамтитын әдебиеттер ұсынылды.Талқылау аясында қатысушылар Құрылтайдың стратегиялық мәселелер мен елдің болашағын талқылау үшін маңызды алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Спикерлер ұлттық мәдениетті жаңғыртудың, жастарды тәрбиелеудің және әлеуметтік және мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған реформаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударды.Сұхбат барысында отаншылдық тәрбие, өңір мен елдің дамуындағы жастардың рөлі, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау мәселелері қозғалды. Спикерлер жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының, олардың бастамаларын қолдаудың және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Қорытындылай келе қатысушылар мұндай сұхбат алаңдары ұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және Қазақстанның өркендеуіне бағытталған реформаларды табысты іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/970514?lang=kk
Бернде Наурыз аталып өтті 11.04.2025
2025 жылғы 5 сәуір, Берн – Швейцария астанасындағы ең көне концерт залдарының бірінде көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған Ақтөбе облыстық филармониясының концерті өтті.  Іс-шараға Швейцарияның мемлекеттік органдарының, іскер және академиялық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, БАҚ және қазақ диаспорасы қатысты.Өз сөзінде Елші Қайрат Саржанов көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, ұлттық құндылықтарға арналған тақырыптық күндер арқылы қазақ мәдениетінің байлығын ашатын «Наурызнама» тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанның серпінді дамуын, инновация мен әлеуметтік прогреске ұмтылысын көрсететін, елдің халықаралық аренадағы бейнесін нығайтатын «Born Bold» халықаралық кампаниясының негізгі идеяларын ұсынды.«Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» би ансамблі көрермендерге қазақ халқының мәдениетінің тереңдігі мен даралығын жеткізетін жарқын концерттік бағдарламасын ұсынды.Мерекелік көңіл-күйді «Бірлік» Қазақстан-Швейцария қауымдастығының бағдарламасы толықтырды. Қатысушылар ұлттық әндер, күйлер мен билер орындап, интеллектуалдық викторина өткізді және қазақ тағамдарынан дәм татуға арналған дастархан жайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/970486?lang=kk