Enbekshi QazaQ

Қоғам

Конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету – құқықтық мемлекетті нығайтудың кепілі 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Конституциялық Сот судьяларының қатысуымен диалогтық кездесу өтті. Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Кездесуді ашқан Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев прокуратура органдары мен Конституциялық Соттың өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, прокуратура тарапынан конституциялық іс жүргізулерге тұрақты түрде қорытындылар беріліп, ондаған оқыту шаралары өткізілген және мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілген.  Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде конституциялық заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы Конституциялық Соттың рөлін ерекше атап өтті. Ол сот және білім беру ортасының арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Конституциялық Соттың кәсіби әрі ғылыми ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді. Академия ректоры Марат Сексембаев кездесуге қатысушыларға Академияның негізгі қызмет бағыттары мен нәтижелерін таныстырып, болашақ қызметкерлерге арналған бастапқы кәсіби даярлау жүйесі туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, қызметтегі мамандардың біліктілігін арттыру, магистратура және докторантура бағдарламаларын дамыту, халықаралық ынтымақтастық мәселелері де қамтылды. Жоғары оқу орнының басшысы Академияда жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды.Конституциялық Сот судьясы Роман Подопригора Соттың жекелеген шешімдерін қолдану тәжірибесі туралы баяндама жасады, ал Сот Аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров қорытынды қаулыларды іске асыру тетіктері және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Шара барысында Конституциялық Соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Оңғарбаевқа Академияның ғылыми-білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Құқық қорғау органдары академиясының Құрметті профессоры атағы берілді.Кездесу соңында қонақтар Академияның оқу базасымен танысып, Академия тыңдаушылары үшін қонақ дәрістер циклін өткізу және Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларының орындалуын қадағалау бойынша прокурорларға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу жөнінде келісімге қол жеткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/970566?lang=kk
Астана халықаралық форумы 2025: «Connecting Minds, Shaping the Future» 11.04.2025
2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында әлемдік көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін біріктіретін аймақтағы ең ірі іскерлік оқиға – Астана халықаралық форумы (AIF2025) өткізіледі. Форум бағдарламасы қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін қамтыған пленарлық сессия мен 25 пікірталас алаңынан тұрады. Әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық шетелдік қонақ қатыспақ. Олардың арасында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйым, корпорация басшылары, инвесторлар мен ғылыми топ өкілдері бар. AIF2025-ке қатысуды растағандар:Поль Кагаме – Руанда Республикасының Президенті;Эди Рама – Албания Премьер-министрі;Андрей Пленкович – Хорватия Республикасының Премьер-министрі;Мухаммед бин Абдулрахман Аль-Тани – Премьер-министр-Катар Сыртқы істер министрі;Пан Ги Мун – БҰҰ 8-Бас хатшысы, Green Global Growth Institute төрағасы, «Boao Forum for Asia» директорлар кеңесінің төрағасы;Ален Берсе – Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы;Цюй Дунъюй – БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры (FAO)Эми Поуп – Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры (IОМ);Матиас Корманн – ЭЫДҰ бас хатшысы;Дарен Танг – Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры; Антонелла Бассани – Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша дүниежүзілік банктің вице-президенті;Хаолян Сюй – БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Даму бағдарламасы әкімшісінің  орынбасары;Цзинь Лицюнь – Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) президенті және директорлар кеңесінің төрағасы;Юрген Ригтеринк – ЕҚДБ бірінші Вице-президенті;Кубанычбек Омуралиев – Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы;Себастьян Курц – Австрияның 26-Федералдық канцлері.Пікірталастардың негізгі тақырыбы2025 жылы AIF жаһандық күн тәртібіндегі негізгі үш бағытқа назар аударады:Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздікЭнергетика және климаттың өзгеруі  Экономика және қаржы Форум инвестиция мен халықаралық ынтымақтастық драйвері ретіндеАстана халықаралық форумы 2025 инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде өткізіліп, Қазақстанның әлемге ашықтығын көрсетеді. Біздің еліміз ірі әлемдік корпорациялар мен қаржы институттарының назарын аудара отырып, Орталық Азиядағы өз позициясын нығайта түсуде. Ауқымды реформалар, заңнаманы жаңғырту мен инвестициялық ахуалды жақсарту елдің дамуына және оның экономикалық мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді. Форумның міндеті – ашық диалог пен шетелдік капитал тартудың, стратегиялық келісімдер жасасу мен экономикалық дамуға арналған бастамаларды ілгерілету үшін маңызды платформа болу. AIF2025 қарсаңында Қазақстанның негізгі әріптестерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған бірқатар бизнес-форумдар жоспарлануда:Қазахстан-Франция бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр);  Қазахстан-Италия бизнес-форумы (2025 жылғы 28 мамыр).Бұл іс-шаралар халықаралық ынтымақтастық, технология алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндік бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/985013?lang=kk
"Халыққа қызмет ету" жобасы 11.04.2025
     Посмотреть эту публикацию в Instagram           Публикация от Саран қаласының жұмыспен қамту бөлімі (@zhumyspen_qamty_bolimi_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/970562?lang=kk
Аудан әкімінің орынбасары Төретам кенті мен Ақай ауылында болды 11.04.2025
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар жұмыс сапарымен Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде болып, жергілікті жерлердегі бірқатар өзекті мәселелермен танысты. Сапар барысында елді мекендерде соңғы жылдары атқарылған инфрақұрылымдық жобалар мен құрылыс нысандарының сапасына назар аударылып, олардың бүгінгі жай-күйі сараланды. Сондай-ақ, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және көктемгі абаттандыру жұмыстарының барысы бағамдалып, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, тұрғындармен тығыз байланыста болу қажеттігі ескертілді. Аудан әкімінің орынбасары жергілікті әкімдікке тазалық пен тәртіпке қатысты нақты тапсырмалар беріп, елді мекендердің келбетін жақсартуға бағытталған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын міндеттеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/970542?lang=kk
Түнгі рейд жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда 11.04.2025
Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Кезекті рейдтік шараға аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мектеп директорлары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Рейд барысында аудан орталығындағы ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, дүкендер мен кафелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің жолын кесу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, түнгі 23:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынатыны нақты жеткізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/970536?lang=kk
Мәңгі сапта: қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне 30 жыл 11.04.2025
Ұлттық қорғаныс университетінде "Ішкі іскер жауынгерлерінің шекара шебіндегі ерлігіне 30 жыл" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шарада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері сөз сөйледі. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету, Әскери оқыту және тәрбиелеу факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның әскери және құқық қорғау жоғары оқу орындарының тыңдаушылары, Тәжікстан Респуюликасының және Қырғыз Республикасының магистранттары да қатысты.Қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет ретінде шараға қатысушылар бір минуттық үнсіздік жариялады.Негізгі баяндамамен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов сөз сөйледі. Ол 30 жыл бұрынғы қайғылы оқиғаны еске түсірді:— Бұл күн біздің жадымызда мәңгі сақталады. Отыз жыл бұрын “Қазбат” құрамындағы біздің жауынгерлеріміз қарулы шабуылға ұшырады. Жау күшінің басымдығына қарамастан, әскери қызметшілер шабуылға лайықты тойтарыс бере алды. Бірақ… бұл тойтарыс шығынсыз болмады! Жалындай жас 17 жауынгер бейбіт өмір жолында құрбан болды. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде олардың есімдері жазылған ескерткіштер орнатылған. Оларға жыл сайын әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, марқұмдардың туыстары жиналады. Астанадағы Отан қорғаушылар монументінің артында орналасқан он жеті көшет пен қаза тапқандардың есімдері жазылған мемориалы бар аллея — сол ерліктің мәңгі белгісіндей, - деді  Бауыржан Садықұлы.Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында сол қанды оқиғаның қатысушылары, әскер ардагерлері — Қайратбек Сәтбаев пен Нұржан Байбосынов болды, олар өз қаруластарының ерлігі туралы естеліктерімен бөлісті.Қарулы Күштер мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ардагерлері отставкадағы генерал-лейтенант Болат Жанасаев, отставкадағы генерал-майорлар Жұмабек Ахметов, Бақтияр Сыздықов және Қалиақпар Тоқышев, сондай-ақ запастағы полковник Сабыржан Сүлейменов өз баяндамаларында жауынгерлік тәжірибенің маңыздылығын, оны жас офицерлердің зерделеу қажеттілігін, сондай-ақ қаза тапқан батырлардың ерлігін  насихаттаудың маңыздылығын қозғады.Дөңгелек үстел барысында Тәжікстан Республикасының магистранттары полковник Ифтихор Файзуллозода мен Қырғыз Республикасының полковнигі Медер Эшенкулов қазақстандық батырлардың ерлігін құрметпен атап өтті.Мұндай кездесулер жас жауынгерлердің бойында патриотизм сезімін тәрбиелеуге және халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970532?lang=kk
Парламент депутаттары әскери парадқа дайындық барысымен танысты 11.04.2025
Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысушылардың дайындық барысымен танысу үшін Астана қаласында орналасқан далалық лагерьге барды.Далалық қосында депутаттар Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Болат Керімбек, Максим Рожин, Олжас Құспеков және Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл парадтық есептоптардың командирлерімен және әскери қызметшілермен кездесті. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық туралы жалпы ақпарат беріп, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.Депутаттар далалық лагерьдің тұрмыстық жағдайымен танысып, шатырларда температуралық режимді, монша кешендерін, медициналық пунктер мен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруды тексерді. Олар сондай-ақ парадқа қатысатын қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің әскери киім үлгілерімен танысты.- Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын бүкіл елімізбен бірге атап өтеміз. Бұл тарихи оқиға болғандықтан, парадқа дайындықты өз көзімізбен көру үшін келдік. Далалық лагерьде жаңа типтегі шатырлар орнатылып, әскери техника парадқа дайын. Ең бастысы, біз сарбаздар үшін барлық жағдайлар жасалғанына көз жеткіздік. Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, тек ауа райы қолайлы болса екен, – деп атап өтті депутат Айдос Сарым.Депутаттар Жеңіс парадына қатысушыларға олардың қызметі үшін алғыс айтып, шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтетініне сенім білдірді.Іс-шара соңында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы әскери қызметшілер мен депутаттар үшін концерт қойды. Әскери өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, орталықтың әскери оркестрі Астанада өтетін парадтың музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететінін хабарлады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970521?lang=kk
«Ұлттық құрылтай: ел дамуының жаңа бағдары» 11.04.2025
3 сәуірде Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық құрылтайды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық құрылтай: ел дамуының жаңа бағдары» атты сұхбат алаңы өтті.Іс-шараға келесі спикерлер қатысты: «"Тобыл" ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Ұлттық құрылтай мүшесі, Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы, 5-6 шақырылған Сенаттың депутаты Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әбдірахманов Мэлс Бейбітұлы, «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер күштері қауымдастығының үйлестіру кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы филиалы жанындағы Өңірлік даму кеңесінің төрағасы Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы және ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры Качев Денис Анатольевич.  Іс-шара бағдарламасы IV Ұлттық құрылтайға арналған кітап көрмесіне шолу жасаудан басталды. Көрмеде Қазақстанның қалыптасуының негізгі сәттерін, оның тарихи мұрасын және ұлттық бірегейлікті нығайтуға және елді дамытуға бағытталған заманауи реформаларды қамтитын әдебиеттер ұсынылды.Талқылау аясында қатысушылар Құрылтайдың стратегиялық мәселелер мен елдің болашағын талқылау үшін маңызды алаң ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Спикерлер ұлттық мәдениетті жаңғыртудың, жастарды тәрбиелеудің және әлеуметтік және мәдени бірегейлікті нығайтуға бағытталған реформаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударды.Сұхбат барысында отаншылдық тәрбие, өңір мен елдің дамуындағы жастардың рөлі, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау мәселелері қозғалды. Спикерлер жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының, олардың бастамаларын қолдаудың және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Қорытындылай келе қатысушылар мұндай сұхбат алаңдары ұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және Қазақстанның өркендеуіне бағытталған реформаларды табысты іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/970514?lang=kk
Бернде Наурыз аталып өтті 11.04.2025
2025 жылғы 5 сәуір, Берн – Швейцария астанасындағы ең көне концерт залдарының бірінде көктемнің басты мейрамы – Наурызға арналған Ақтөбе облыстық филармониясының концерті өтті.  Іс-шараға Швейцарияның мемлекеттік органдарының, іскер және академиялық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, БАҚ және қазақ диаспорасы қатысты.Өз сөзінде Елші Қайрат Саржанов көктемгі жаңару мерекесімен құттықтап, ұлттық құндылықтарға арналған тақырыптық күндер арқылы қазақ мәдениетінің байлығын ашатын «Наурызнама» тұжырымдамасымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанның серпінді дамуын, инновация мен әлеуметтік прогреске ұмтылысын көрсететін, елдің халықаралық аренадағы бейнесін нығайтатын «Born Bold» халықаралық кампаниясының негізгі идеяларын ұсынды.«Достық сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» би ансамблі көрермендерге қазақ халқының мәдениетінің тереңдігі мен даралығын жеткізетін жарқын концерттік бағдарламасын ұсынды.Мерекелік көңіл-күйді «Бірлік» Қазақстан-Швейцария қауымдастығының бағдарламасы толықтырды. Қатысушылар ұлттық әндер, күйлер мен билер орындап, интеллектуалдық викторина өткізді және қазақ тағамдарынан дәм татуға арналған дастархан жайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/970486?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Сенімді Өкілі Ғ.Ақбасов пен Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар департаментінің директорымен Сайфурахман Рахиммен арасында екіжақты кездесу өтті. 11.04.2025
05.04.2025, Қабыл - Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы Сенімді Өкілі Ғ.Ақбасов пен Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар департаментінің директорымен Сайфурахман Рахиммен арасында екіжақты кездесу өтті.Кездесу барысында қазақ-ауған қатынастарының күн тәртібінде гуманитарлық, оның ішінде білім және ғылым саласындағы байланыстарды дәйекті кеңейту мәселелері ерекше орын алатыны атап өтілді.Өз кезегінде Сайфурахман Рахим Қазақстанның екі ел арасындағы достықты нығайтуға, сондай-ақ ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. Сайфурахман Рахим қазақстандық тарапқа сұранысқа ие мамандықтар бойынша ұлттық кадрларды даярлауға көмектескені, Ауғанстан студенттеріне шәкіртақы мен гранттар бөлінгені үшін алғысын білдірді.Сондай-ақ кездесуде Ауғанстан экономикасының басым секторлары үшін, оның ішінде металлургия, құрылыс, жол инфрақұрылымы және т.б. салалар үшін кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.Кездесу соңында тараптар білім беру бағдарламаларындағы жұмыстарды күшейтуге және саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kabul/press/news/details/970469?lang=kk
"Біз жарақатты бірден таңдық": ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды 11.04.2025
Алматы тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде қырағылықтың бірнеше мысалын көрсетті. Маңызды оқиғалардың бірі Наурызбай ауданында орын алды. Мегаполис тыныштығын қадағалап жүрген сарбаздар өздерін күдікті ұстаған жастар тобына назар аударады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың шешуші әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.Ұландықтар сол күні Медеу ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Пушкин көшесін патрульдеу кезінде әскери қызметшілер үсті қан адамды байқап, көмекке барады. Жәбірленушінің жамбасындағы терең кесілген жарадан қан қатты кетіп жатқанын көреді. Әскерилер оны белгісіз азамат пышақтағанын анықтайды.Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.— Біз қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел келді. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті, — дейді әскери жасақ бастығы Аян Бимырза.Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқара отырып, ұландықтар құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, Қазақстан халқына және анттарына адалдығын көрсете отырып, азаматтарға көмек көрсетуге әрқашан дайын екендіктерін дәлелдеп келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970473?lang=kk
Бердібек Сапарбаев мүгедектігі бар азаматтарға Қазақстанда жасалған алғашқы электр жетегімен жүретін арбаларды сыйға тартты 11.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған электр жетегі бар арбалар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырған «Тыныс» АҚ машина жасау зауытының жұмысымен танысты.Оңалту қызметтерінің сапасын жақсарту және мүгедектігі бар азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бұған дейін министрлік пен кәсіпорын арасында тиісті келісім жасалған болатын.Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті мүгедектігі бар азаматтарды барлық қажетті техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. «Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар жандарды қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, олар сапалы және қолдануға ыңғайлы болуы керек. Егер бұл үлгілер өздерін жақсы жағынан көрсетіп, барлық талаптарға сай болса, мүгедектігі бар азаматтарды электр жетегімен жүретін арбалармен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қамтамасыз ету мәселесін қарастыратын боламыз. Егер біз Қазақстанда сапалы өнім өндіруді жолға қойсақ, техникалық жабдықтарды импорттаудың қажеттілігі болмайды», - деп атап өтті Сапарбаев.        Электр жетегі бар кресло-арбалардың алғашқы тәжірибелік үлгілері бала кезінен бастап бірінші топтағы мүгедектігі бар Динара Алиева мен Ерлан Ескенге берілді.        «Жаңа үлгідегі электр кресло-арбасы өте ыңғайлы. Мен мұны көптен армандаған едім. Енді бұл арбаның көмегімен өз бетімше қозғала аламын», - деді Динара Алиева.Зауыт директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, отандық өнімдер шетелдік аналогтарынан кем түспейді. Сынақ сәтті болған жағдайда, кәсіпорын электр арбаларының сериялық өндірісін жолға қоюға ниетті.Еңбек министрлігі Ақтөбе облысында әлеуметтік портал қызметін пилоттық режимде жүзеге асыруда. Бұл портал мүгедектігі бар азаматтарға оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.«Тыныс» АҚ зауыты қызметінің негізгі саласы - авиациялық техникаға арналған тораптар мен агрегаттар өндіру болып табылады. Кәсіпорын жылу алмастырғыш жабдықтар, ұшақ өрт сөндіргіштері, температура дабылы, клапандар, электромагниттік және жылу қосқыштар, электронды басқару блоктары, сонымен қатар күш құрылымдарына арналған оқ-дәрілер, сауыттар мен қалқандар және т.б. шығараумен айналысады.Сонымен қатар, министр Бұланды ауданының Макинск қаласына барып, жұмыспен қамту орталығының жұмыс барысымен танысты.Бүгінгі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алатын 243 отбасы бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Министр жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен, оның ішінде АӘК алатын азаматтармен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.«Облыста АӘК алатын 9800 еңбекке қабілетті азамат бар, олардың тек 10 пайызы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жатады. Сіздерге осы бағыттағы жұмысты күшейту керек», - деді Сапарбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20630?lang=kk
Оманда Наурыз мейрамы атап өтілді 11.04.2025
Масқат 2025 жылғы 3 сәуір - Қазақстанның Омандағы Елшілігі Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесін атап өтті.Мерекеге Омандағы тұратын отандастар мен Елшілік ұжымы қатысты.Елші А.Тұматов қонақтарды қарсы алып, Наурыздың тарихы туралы айтып, оның бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейтін ұлттық мәдениеттегі аса маңызды мереке ретіндегі терең мәнін атап өтті.Музыкалық қойылымдар мен спорт жарыстарынан кейін қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/970463?lang=kk
Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру 11.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылғы шілде айының 11-не дейін әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңес құрамынан шыққан кеңес мүшелерінің орнына Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлауға конкурстың жалғасатынын хабарлайды.Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен құжаттардың тізімі сайттың «Қоғамдық кеңес» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20600?lang=kk
Елордада Отанымыздың барлық өңірлерінен жиналған көпбалалы аналарды қолданбалы өнерге үйретуде 11.04.2025
4-6 шілде аралығында «Көрме» кешенінде "Асыл ана" әлеуметтік жобасы аясында тұңғыш рет Елорда күніне арналған «Көрпе Fest» мега-фестивалі өтуде.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов қатысты.Бұл шарада көпбалалы аналар үшін тігін және қолданбалы өнерді үйрету бойынша тегін оқыту сабақтары және тренинг-семинарлардан өткен қатысушылар өз жұмыстарын ұсынатын көрме ұйымдастырылды.Көрме жеңімпаздары дипломдармен, тігін машиналарымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.Айта кетерлігі, мастер-класстарды этникалық стильде ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын шығаратын, еліміздің белгілі этно-дизайнері, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының лауреаты, Ырза Тұрсынзада өткізуде.«Табысы төмен көпбалалы аналар өз кәсібін ашып оны табыс көзіне айналдырған еліміздің іскер әйелдерінен үлгі алуы керек. Өйткені, бұл тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өздері сияқты азаматшалар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде. Ведомство басшысы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылғанын атап өтті.«Мәселен, көпбалалы отбасы тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алуға берілген қаражатты пайдалананып, төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды үй жағдайында тігуге мүмкіндік алады», - деп атап өтті министр.Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдетілген микрокредит беруге квота қарастырылған. Осының нәтижесінде биыл 15 мың көпбалалы отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.Мега-фестиваль аясында ұйымдастырылған мастер-класстар «Асыл ана» әлеуметтік жобасының бір бөлігі. Бұл жобаның негізгі мақсаты - көп балалы аналарды оқыту мен ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту болып табылады. Іс-шаралар кешеніне оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар және өз көрмелерін ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы бизнесті жүргізу үшін мастер-кластар кіреді.Жалпы алғанда, "Асыл ана" жобасы заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін көрсететін көп балалы аналарды қолдау орталығын құруды көздейді.Бұл әлеуметтік жоба өз ісін жүргізу үшін көп балалы және аз қамтылған аналардың әлеуетін ашуға, олардың мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді танытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20592?lang=kk
Алаяқтық тек қаржылық шығын әкеліп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы сенімді бұзады. 11.04.2025
      Алаяқтық тек қаржылық шығын әкеліп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы сенімді бұзады. Көбінесе қылмыскерлер оңай табыс уәде етіп, жалған инвестициялық схемалар жасайды немесе құрбандарының атына несие рәсімдейді.       Өзіңізді қорғау үшін бейтаныс адамдарға ақша бермеңіз, қаржылық ұсыныстарды мұқият тексеріңіз және мәмілелер жасасқанда сақ болыңыз. Сақтық пен заңды білу алаяқтардың тұзағына түспеуге көмектеседі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІПШығыс Қазақстан облысы прокуратурасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/970413?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ШВЕЙЦАРИЯ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ 11.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Швейцария Ұлттық банкінің президенті Томас Йордан мырзамен кездесті.Кездесу барысында  «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында екіжақты іс-қимыл мәселелері, сауда-экономикалық серіктестік, сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Кездесуде айтылғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3%-ға артты). Екі жақ тарап та алдағы уақытта өзара экспортты ілгерілету мен тікелей бизнес өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету арқылы тауар айналымды арттыруға мүдделі.Анықтама.2005 - 2016 жылдары Швейцариядан Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16 млрд. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялықтардың қатысуымен 443 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 325-і жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20577?lang=kk
ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ 2017» КОНКУРС-КӨРМЕСІНЕ 25 КӘСІПКЕР ҚАТЫСТЫ 11.04.2025
Қызылорда облысы әкімі  Қ.Е. Көшербаевтың  төрағалығымен «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік өңірлік конкурс көрмесі  өтті. «Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурстық көрмеге жыл сайын қатысушылар саны өсуде, кәсіпорындар шығарған өнімнің сапасымен жетістіктерін көрсетті. Биылғы жылы облыстық «Қазақстанның Үздік тауары 2017» конкурстық көрмеге 25 облыс кәсіпорындары қатысты, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлыңы байқауына 3 кәсіпкер ниет білдірді.Конкурс жеңімпаздарын анықтау үшін сараптау тобына департаментің бас маманы А.Абдукаримова сараптау комиссиясына мүше ретінде шақырылған болатын.Конкурстық көрменің қортындысы бойынша «Қазақстанның Үздік тауары 2017»:«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы:1. «Аралтұз» АҚ;2. «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС;3. ЖК «Ермаханов». «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы:1. «DALATEX» ЖШС;2. «Кызылорда соқырлар қоғамы» ЖШС;3.  ЖК«ПромКоммерцКА».«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы:1. «ЭлектроТехнология» ЖШС;2.  «Полимер Продукт» ЖШС;3. «МИР 2001» ЖШС.«Қазақстанның Үздік тауары 2017» өңірлік конкурс жеңімпаздары  енді Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өздерінің жергілікті өнімдерін халық алдына ұсынатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20565?lang=kk
Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 11.04.2025
Бейсенбі, 26 маусым күні Қазақстан Респубикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Ведомство басшысының қабылдауына 8 адам жазылды.Министрге өз сұрақтарын қоюға - Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының тұрғындары келді.Аталған азаматтар өз өтініштерінде медициналық–әлеуметтік сараптама, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселелері, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу тәртібі, мүгедектігі бар азаматтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді.Министр қабылдауға келген азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, тиісті департаменттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуде көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20546?lang=kk
Еңбек министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты 11.04.2025
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.Бұл құжатта төлеушінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ мен « «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» » АҚ-нан әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылы болуы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпараттары көрсетілген.Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20543?lang=kk