Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс бойынша консультацияларына қатысты 10.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰжанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес шиеленістерді бейбіт, адал және берік жолмен реттеу үшін тараптарды келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.Мәлімдемеде Израиль және Палестина көшбасшылары екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін және Палестиналықтардың ажырамас мемлекеттілік құқықтары және Израильдің қауіпсіздік құқықтары негізінде бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын нығайтатын нақты қадамдарды қабылдау қажеттілігі көрсетілді.Қазақстан Палестина және Израиль тараптарын «екі халық үшін екі мемлекет» қағидасы бойынша тарихи бейбіт келісім жолында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қарым-қатынастарын нығайту арқылы саяси ерікті көрсетуге шақырды. Соның ішінде БҰҰ «екінші тірегі» болып табылатын даму саласындағы сенімгерлік шараларын ілгерілету арқылы.Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс «квартетінің» (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/15915?lang=kk
Қазақ күресі бойынша өткен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды 10.04.2025
Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нуралинов иеленді. Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы - 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орынға көтерілді.Атап өтерлік жайт, Алматыда ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде көкпардан, аударыспақ пен теңге ілуден, асық және жамбы атудан, қазақ күресінен жарыстар жиі өтіп келеді. Мысалы, мамырда орталық ипподромда Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысқан «Ұлы дала ойындары» республикалыцқ фестивалі өтті. Соңғы екі жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және қолөнершілердің жаңа орталығы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15911?lang=kk
Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар экспорттайды 10.04.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында өңірдің экспорттық әл-ауқатын дамыту, бірыңғай экспорттық стратегияны әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірдің 2017 жылғы сыртқы сауда-саттығы 2 млрд доллардан асып түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6% артық. «Елбасы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайтуды тапсырғаны мәлім. Сондықтан экспорттау аймағын кеңейту маңызды болып отыр. Қостанай облысының негізгі шикізат көзі - аграрлық сектор мен өндіріс. Елдің 24% егіс алқабы біздің облысқа тиесілі. Бұған қоса шекемтас пен асбест 100% Қостанайда өндіріледі. Соған қарамастан біз экспорт көлемі бойынша Қазақстанда 11-орындамыз», - деді Мырзалиев өз баяндамасында.Мырзалиевтің мәліметіне сүйенсек, облыс экспортының 47,6% минералды өнімдерден тұрады. Атап айтқанда, темір концентраты мен рудасы, асбест пен шекемтас өтімді өнімдер санатына кіреді. Мұнан соң азық-түлік тауарларынан да пайда түседі. Бидай, зығыр тұқымы, кондитерлік тағамдар Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады. «Былтыр металл бұйымдарын сатудан 31,8 млн доллар пайда түсті. Олардың көбі Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға өткізілді. Ауылшаруашылық қосалқы бөлшектері мен қағаз өнімдері 10,9 млн долларға сатылды. Жалпы, Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар тасымалдайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов экспорттық әл-ауқатты дамыту үшін кедергілерді анықтап алуды тапсырды. «Облыста әлеуетті деген кәсіпорын, зауыттар жетерлік. Өз өнімдерімізді экспортқа шығарып пайда табу керек. Нарық болған соң өзіндік қиындықтары болатыны анық. Соларды жан-жақты талдаңыздар. Проблема болса, тиісті органдар көмектеседі. Бірігіп қимылдасаңыздар нәтижесі де жақсы болады. Қостанайлық өнімдердің өтімділігін ұлғайту үшін жаңа нарыққа шығу қажет. Соның жүйесін әзірлеңіздер», - деді А.Мұхамбетов. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сырт елдерге тауар өткізуде кездесетін кедергілерді айтып, оларды бірге шешуге шақырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/15909?lang=kk
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды 10.04.2025
Алматы әкімі монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.«Бүгін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал болашақ үшін - тағылым», - деді Б.Байбек.1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15908?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті 10.04.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жиын өткізді.        Сонымен қатар, алқалы басқосуға, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің директорлары, жергілікті атқару органдардағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, өзге де мүдделі тараптар қатысты.            Күнтәртібіндегі басты тақырып ретінде атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай – АӘК) жаңа сипатын қолданысқа енгізу, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесін өзгерту және өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар тобымен жұмыс жайлары талқыланды.          Жаңа сипаттағы АӘК тұрғысында, Министр, жұмыспен қамту орталықтарын күшейту арқылы олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен мамандар даярлау ісіне аса мән беру керек екенін нұсқады.        «Егер қазіргі таңда АӘК табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен адамдар мен отбасыларға қаржылай көмек ретінде берілетін болса, жаңа жылдан бастап жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларға берілетін болады. Сонымен бірге, жаңа сипаттағы АӘК  - қазіргі таңдағы АӘК, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы секілді 3 әлеуметтік төлемнің орнына Бірыңғай жәрдемақы түрінде төленеді. Ең басты ескеретін жайт, жаңа АӘК мөлшері жоғарыда аталған 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасынан жоғары болады. Осылайша, жаңа АӘК тек қана қаржылай жәрдемақы ғана емес, кедейлік деңгейінен шығудың кешенді шарасы болмақ. Жәрдемақының қолжетімділігі мен бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жұмысты бір терезе жүйесімен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүргізу ұсынылады», - деді Министр.        Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиналғандардың назарын келер жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тетігі өзгеретіне де аударды.        2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы, базалық зейнетақыны ескергендегі зейнетақының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгені төңіректемек.        «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деп түсіндірді Тамара Дуйсенова.             Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады.       10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ.      Өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар қызметін реттеуде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы жасалуда.       Тамара Дүйсенова, жоғарыда көрсетілген барлық міндеттерді қаперге алған райда, Үкіметтің әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатын өңірлерде түсіндіру іс-қимылдарын ширату қажеттігін атап өтті.          Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» идеясы мен  халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асады.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15851?lang=kk
Туризм және шыбын-шіркей туралы 10.04.2025
Жиынның алғышқы кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина облыстағы шыбын-шіркейге байланысты жағдайдың тұрақтылығы туралы мәлімдеді.– Масалардың бірінші ағыны бойынша жұмыстар аяқталды, – деді ол. – Бүгінгі күні бұл шыбын-шіркейдің қанатты түрінің біраз өкілдері Ленин кентіндегі №2 авиаегістігінде  және Усолка өзеніндегі автомобиль көпірінің маңында адамдар тұрмайтын жағында байқалды, – деді Ирина Сорокина. – Авиаегістікте  авиаөңдеу жұмыстары, ал көпір маңында – жердегі химиялық өңдеу жүргізілетін болады. Павлодар саябақтарында масаның қанатты түріне қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ. Онымен біз Кенжекөл мен Ақсу жақтарынан барьерлік өңдеу жұмыстарын жүргізу арқылы күресеміз. Біз Ертіс жағасында орналасқан облыс аудандарында бақылау жұмыстарын жалғастырып келеміз. Осы мәселеге байланысты тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ.Содан кейін трибунада кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы Қанат Шәбенов өңірдегі туризмнің дамуы туралы айтып берді. Ол Баянауыл  ауданындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтқанда Болат Бақауов ол ауданның туристерді қабылдауға 100%-ға дайын еместігі жөнінде пікір білдірді.– Өткен жылы Баянауылда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басында, яғни 10 маусымда барлық объектілер жұмыс істеді, – деді аймақ басшысы. – Әрине, климаттық жағдайлар дайындық жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін, алайда мен бұл жердегі жұмыстардың төменгі деңгейде жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көрдім.Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі бес негізгі туристік аймақты дамыту қажеттілігі туралы айтып өтті. Соның ішінде: Баянауыл, Маралды және Тұз-Қала тұзды көлдері, Шалдай ормандары мен павлодарлық «Ertis Promenade» жағажайы.– Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының қызметкерлері бұл объектілерде тұру керек, – деді Болат Бақауов. – Баянауылды қалпына кетіріп болғаннан кейін Маралды жағасына көштік, Маралдыны қалпына келтіргеннен кейін Тұз-Қалаға жылжыдық!Жалпы алғанда, аймақ басшысы туризмді ұйымдастыру саласында қызметкерлерінің жұмысына қанағаттанған жоқ. Бұл сала үшін жауап беретін басқарма бастығы Қанат Шәбенов сөгіс алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15806?lang=kk
ТРМКД – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ. 10.04.2025
Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2 ақпан 2017 жылы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы департамент басшысы Е. Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.    Баспасөз брифингке облыс әкімі аппаратының өкілі, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер, телеарналар тілшілері, интернет газеттер тілшілері қатысты.Баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Кеулімжаев, есепті кезеңде облыс аумағында кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және тұтынушыларды өнімдер қауіпсіздігі мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу құралдарын  индустрияландыру  және сапа инфраструктурасын құру процесстеріндегі  міндеттерін  анықтап,  халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге жағдай жасау жұмыстарын белсендіру, халықаралық менеджмент жүйесін енгізу және өндірісті техникалық қайта жабдықтау жөнінде аймақтағы  тауар өндіруші кәсіпорындарды аралап түсіндірме жұмыстарын жандандыра жүргізгендігін атап өтіп, 2016 жылы департаментпен атқарылған жұмыстар бойынша слайд және графикалық кестеде 2015 жылмен салыстырмалы түрде  толық мағлұмат берді.Сонымен қатар, департамент басшысы департаменттің 2017 жылы атқаратын міндеттеріне тоқталды. Баспасөз брифингі қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15780?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК ИНДУСТРИЯ 4.0 ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҚР ИДМ ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 10.04.2025
Индустрия 4.0 элементтерін енгізу кәсіпорындардың тек бәсекеге қабілеттіліктерінің маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқтықты, ішкі шағын нарықты, білікті маман тапшылығын шешуде Қазақстанға айтарлықтай мүмкіндік ашады.  Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Үкіметіндегі кеңейтілген отырыста хабарлады.Жолдауда көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін, Жолдауда айтылғандай төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу керек.Бұл үшін, әлемдік жетекші компаниялармен серіктесе жұмыс істейміз. 2017 жылы жаңа экономиканың элементтерін кешенді қолдануға әзір өңдеу секторы анықталатын болады. Аталған секторларда Индустрия 4.0 технологиясын енгізу жөніндегі пилоттық жобалар жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кәсіпорындар мен өнеркәсіп секторларында қолданылатын болады.Төртінші индустрия элементтерін енгізу кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ғана емес, ол Қазақстанға теңізге тікелей шығар жолының жоқтығы, ішкі нарықтың тарлығы, білікті мамандардың тапшылығы сияқты факторларды жоюға мүмкіндік береді.Жаңа индустрия құрудың басты бағыттарының бірі электромобильдер өндірісі мен қажетті инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады.  Ол үшін тиісті жол картасы әзірленіп, оны іске асыруды бастау қажет.Анықтама:Бүгінгі таңда түрлі елдерде «Индустрии 4.0.» концепциясын енгізудің орташа және ұзақмерзімді бастамалары қабылданды: Германияда«Industrie 4.0»,  Францияда «Industrie du Futur», Оңтүстік Кореяда «Manufacturing innovation 3.0», Индияда «Make in India», Испанияда«Industria Conectada 4.0», Жапонияда «The New Robot Strategy», Италияда «Manifattura Italia» және т.б.Еуразиялық Одақта «Factory of the future», АҚШ-та Advanced manufacturing partnership, Германияда Mittelstand 4.0 бағдарламалары қолданылады. Осылардың аясында өңдеу өнеркәсібі мен басқа да экономиканың салаларында технологияның жаңа даму перспективалары қолдау тауып, таныла бастады.«КИРИ» АҚ  Fraunhofer (Германия) институтымен ҚР өңдеу секторын диагностикалық бөлімінде Индустрии 4.0 элементтерін енгізу дайындығы деңгейінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне сол элементтерді жылдам енгізудің жүйелік ұсынымын әзірлеуге де уағдаласты.Fraunhofer – 67 институтты біріктіретін, өнеркәсіпті зерттейтін ірі еуропалық институт. Оның құрамында өнеркәсіпті автоматтандыру институты, жаңа материалдарды зерттеу институты, интелектуалдандырылған жүйе институты бар. Оларда 24 мың мың қызметкер еңбек етеді. Ол Германиядағы Индустрии 4.0 технологиясын дамыту жөніндегі негізгі үйлестірушілердің бірі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15742?lang=kk
Еңбекмині әлеуметтік саланы цифрландыруға көшті 10.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірінші Әлеуметтік қызметкерлер форумы аясында әлеуметтік саланы цифрландыру стратегиясын назарға ұсынды.«Қазақстанда Әлеуметтік қызметкерлердің бірыңғай базасы жасақталатын болады. Онда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі, олар көрсететін қызмет түрлері, жұмыс нәтижесі сияқты ақпарат шоғырланады. Бірыңғай база арқылы әлеуметтік қызметтерді алушылар әлеуметтік қызметкерлерді таңдай алады. Сәйкесінше көрсеткіштері жақсы әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да жоғарылайды. Әлеуметтік қызметкерлердің арасында бәсекелестіктің болуы сапаны көтеруге мүмкіндік береді», - деді Министр Тамара Дүйсенова.Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, «Қызметтерді алушының жеке электронды карталары», «Жоспарлау», «Қызметтерді жеткізуші», «Келісімшартқа отыру», «Кадрлар», «Мониторинг» бағыттарын қамтитын әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту арқылы саланың ақпараттық қамтамасыз етілуі нығая түспек. Бірыңғай ақпараттық жүйенің эталондық базалары бар ақпараттық жүйелермен әрі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара кіріктірілуі де көзделуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің пікіріне қатысты Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный ойын білдірді: «Әлеуметтік қызметкерлердің әрқайсысында қызметті алушылардың дерегі электрондық нұсқада болса, қызмет түрі мен оны тұтыну сынды жайттарды анықтау да жеңілдей түсетіні анық. Мұндай өзгерістер арқылы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне де талап күшейеді. Жүйенің ақпараттық қамтылуы мен әлеуметтік қызметкерлердің шеберлігін шыңдауы тәрізді мәселелер тұтас жүйенің жемісті жаңаруына оң септігін тигізетіні аян. Бүгінде Қазақстан Үкіметі қарастырып жатқан Цифрландыру бағдарламасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің өз орнын алатынына күмәнсіз сенемін. ЮНИСЕФ атынан Әлеуметтік қызмет көрсету саласын әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында көрініс тапқан жаңашылдықтарды толық қолдайтынымызды жеткізгім келеді. Осы орайда оны жүзеге асыруда шаралар жоспарын түзуге атсалысуға дайынбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15651?lang=kk
2016 ЖЫЛЫ 2,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫ МІНДЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ӨТТІ 10.04.2025
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (572 стационарлық, 304 ұтқыр) 524 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.2016 жылдың қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 2 556 958 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 2 311 136 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған. Ақауларының болуына байланысты 245 822 АКҚ техникалық байқаудан бірден өтпеген. Бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,6 % құрайды.Анықтама үшін: 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2 521 014 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 2 226 494 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,294 520 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 11,68% құрайды.Техникалық байқаудан өте алмаған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесі бойынша – 67 633 КҚ;- рөлмен басқару бойынша – 22 941 КҚ;- сыртқы жарық беру құралдары бойынша – 118 787 КҚ;- көрініс бойынша – 19 124 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар бойынша - 20 818 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері бойынша  – 71 043 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері бойынша – 18344;- рама мен шанақтың жай-күйі бойынша – 423.2016 жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 146 техникалық байқау операторларына қатысты 278 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 5 млн. 832 мың теңгені құрайтын 222 әкімшілік хаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, 13 техникалық байқау операторы реестрден шығарылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15631?lang=kk
ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕРІ АЯСЫНДА СТАНДАРТТАРДЫ ТАЛДАУ 10.04.2025
2017 жылдың 25 қаңтар Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, ЕАЭО техникалық регламенттер талаптарының орындау тұрғысынан энергетика, экология және құрылыс салаларына ұсынылған стандарттарды талдау үшін дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге Алматы облысының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің, Экология департаменті, «Ұлт.ССО» АҚ ТФ өкілдері, сондай - ақ бизнес өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – Еуразиялық экономикалық Одақ техникалық регламенттерінің стандарттар Тізбесіне кіретін стандарттар бойынша ақпараттарды, стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және күшін жоюды, сондай-ақ ұсыныстар әзірлеу үшін қаралатын мәселелер бойынша Алматы облысыдағы СРБ және СЗ, өнім өндірушілер ұсынған ұсыныстарды мүдделі тараптарға жеткізу.Экология, энергетика, құрылыс салаларындағы стандарттар ЕАЭО ТР талаптарын орындау үшін стандарттар әзірлеуді, күшін жоюды және қайта қараудың талдау қорытындысы бойынша стандарттардың Тізбесі ұсынылды. Презентация «ҚазСтИн» РМК филиалының мамандарымен дайындалды.Талдыу барысында Алматы облысы бойынша экология департаментінен 3 қосымшадағы, экология саласы бойынша ұсыныс түсті: ГОСТ Р базасында әзірленген стандарттарды қайта қарамай, мемлекетаралық стандарттар әзірлеуге ұсыныс енгізу. ҚР СТ ГОСТ Р 51930-2011 , ҚР СТ ГОСТ Р 52570-2010 ,ҚР СТ ГОСТ Р 51942-2010 бұл стандарттар бензол, толуол және қорғасын автокөлік және авиациялық жанармайлар анықтау бойынша Сонымен қатар ГОСТ 305-2013 қолданыста болуына байланысты, Тізбеден ГОСТ 305-82 Дизельді отын. Техникалық шарттар алынып тасталсын деген ұсыныс түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15615?lang=kk
Баянауыл ауданында өрт сөндірілуде 10.04.2025
Облыстық әкімдікте өткен кеңесте Баянауыл ауданының басшысы Оразгелді Қайыргелдинов өртке қарсы жұмыстардың қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, сөндіруге 150 адам мен 30 техника жұмылдырылған. Өрт шамамен 40 гектар ауқымын шарпыды.– Баянауылға Қалқаман, Екібастұз және Майқайыңнан көмек келді, – деп баяндады аудан әкімі. – Бүгін ауданға Өскеменнен тікұшақ ұшып келді. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.Павлодар облысының әкімі, желдің қатты соғуынан, әрі таулы ауданда өрттің ерекше жағдай екенін ескере отырып, өрт сөндірілгенге дейін және ауа температурасы төмендегенге дейін тәулік бойғы кезекшілік жүргізуге нұсқау берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Болат Бақауов жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жұмысын сынға алды, себебі Павлодар облысының тұрғындары тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылуды жалғастыруда, осыған байланысты судағы жазатайым оқиғалар орын алуда.– Суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста 17 адам суға батып кетті, оның жетеуі – балалар, тек өткен демалыс күндері 6 адам суға кетті, оның ішінде төрт бала бар, – деді аймақ басшысы. – ТЖ департаменті мен қала және аудан әкімдіктері халықтың шомылатын орындарын тексерген жоқ. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Ең күшті дауыс зорайтқыштарды қойып, суға шомылатын адамдарды судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ескертіп отырыңыздар! Усолкада, құтқару станциясының жанында адамдар «Шомылдыруға тыйым салынады» белгі тұрғанына қарамай, шомылуда, ал полиция қызметкерлері осыған салғырттықпен қарап отыр. Неге олар отырады? Аудан Жағалауы мен “Ертіс” шаңғы базасында да – тура сондай жағдай, тыйым салынатын белгі тұрса да, адамдар суға түсуде, бірақ бұған ешкім назар аударар емес!Облыс әкімі жергілікті жерлердегі басшыларға бұл мәселені жеке бақылауға алуды талап етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15603?lang=kk
Комитет қолданыстағы тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр 10.04.2025
2018 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелерінде Қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастады.Қоғамдық қабылдаулар«Нұр Отан» партиясының филиалдарымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ-мен, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерімен бірлесіп өткізіледі және облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылықты коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.Олардың нәтижелері бойынша тұтынушылардың келіп түскен шағымдардың негізінде бүгінгі күні Комитеттің аумақтық бөлімшелері табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықсубъектілерінің қызметіне заңнаманы сақтау мәніне 6 жоспардан тыс тексеруге, оның ішінде:жылумен жабдықтау - 3 жоспардан тыс тексеруге (Астана қаласы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша);сумен жабдықтау және су бұру-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);электр энергиясын беру және электрмен жабдықтау-1 жоспардан тыс тексеруге (Ақтөбе облысы бойынша);газбен жабдықтау және табиғи газды тасымалдау-1 жоспардан тыс тексеруге (Батыс Қазақстан облысы бойынша) бастамашылық етті.Осылайша, жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық бөлімшелері ден қоюдыңтиісті шараларын қабылдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15598?lang=kk
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы туралы* 10.04.2025
2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 982,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға артты, соның ішінде экспорт – 4 349,2 млн. АҚШ доллары (12,4%-ға өсті), импорт – 9 633,3 млн. АҚШ доллары (7,2%-ға өсті).Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдеріне экспорттың тауарлық құрылымыҚазақстан Республикасының ЕАЭО елдерінен импорттың тауарлық құрылымы*алдын ала деректерАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15597?lang=kk
Еңбекмині өкілдері әлеуметтік саланы жаңғырту қадамдары бойынша аралық қорытынды шығарып, алдағы жоспарларымен бөлісті 10.04.2025
Астана қаласында,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенованың қатысуымен брифинг болып өтті.Светлана Жақыпованың сөзінше: «Министрлік жоспарлы түрде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әлеуметтік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жүргізуде.2009-2017 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамасымен жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жасалып, қолданысқа енгізілді. Мұндай стандарттар 2010 жылы аталған ауру түрлерімен ауыратын 18 жастан асқан азаматтарға, 2011 жылы қимыл-қозғалысы бұзылған балалар мен егже жастағы адамдарға, 2012 жылы белгілі бір тұратын мекен-жайы жоқ адамдарға, 2016 жылы адам саудасы құрбандарына және 2017 жылы  тұрмыстық зомбылыққа тап болған азаматтарға байланысты әзірленді. 2008 жылы интернат-үйлерде жүйке жүйесі сырқатына шалдыққан 2,5 мың бала болса, тағы 2 мың бала кезекте тұрған болатын.Бүгінгі таңда, 110 стационарлық интернат-үй аясында 5 мыңнан астам баланы және 18 жастан асқан азаматтарды қабылдауға қауқарлы 50-ден астам күндізгі стационар ашылды. Үйге барып әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің саны бір жарым есеге артты. Олар бүгінде 43,7 мың қария мен мүгедекке және 13 мыңнан астам мүгедек балаға қызмет көрсетеді. 3 мыңға жуық  мүгедек бала арнаулы әлеуметтік қызмет негізіндегі жартылай стационар қызметі мен үйде көмек алу қызметін әлеуметтік тапсырыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардан алып келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету үшін жекеменшік сала тартылып, еріктілердің белсенділігі артқаны байқалды». Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атқарған жұмыс нәтижесінде  қаржыландыру тәсілі өзгерді. 2009 жылға дейін мамандандырылған мекемелер нормативтік шығындар бойынша емес,  шығындар сметасы тұрғысында қаржыландырылып келді. Қаражат жергілікті бюджет мүмкіндігіне байланысты аймақтық ерекшелікке орай бөлінді (интернат-үйлерде жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан балаларға  қызмет көрсету құны Маңғыстау облысында 1 164 теңгеден Астана қаласында 3 781 теңгеге дейін  құбылып тұрды). Бүгінде, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілген қызмет көлемі мен түріне байланысты қаржыландырылады.  Бұл аймақтық ерекшелік бойынша туындаған сұрақтарды жоюға сеп болып, мемлекеттің халық алдындағы міндетті әлеуметтік қызметін жүзеге асыруда арнаулы мекемелердің ресурстарды ұтымды жоспарлап, мақсатты түрде бөлуіне септігін тигізді.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, толық мемлекет қамқорлығындағы  азаматтардың зейнетақы мен жәрдемақысының  70%-ы, интернат-үйлерде оларды асырап-бағу үшін бағытталады. Алайда, емделушіде қалатын зейнетақы мөлшері төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Ал мүгедектердің жәрдемақысының мөлшері ең төменгі күнкөріс шегінен кем болмауы қажет. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын өздері таңдау құқығы беріліп, қоса қаржыландыру жүйесі енгізілді. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасап шығарды. Аталған тұжырымдама кадр мәселесін ескере отырып, 7 негізгі жаңғырту бағытын жүзеге асыруды көздейді.  Мамандарды іріктеу ісін жетілдіру мақсатында Министрлік Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби стандартын жасап шығаруды жоспарлауда. Кәсіби стандарттар негізінде мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын білім беру ұйымдарының жұмысы қайта қаралатын болады. Сондай-ақ,  Әлеуметтік қызметкерлердің  біртұтас дерекқорын әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл қызмет алушылардың маманды таңдау құқығы мен мамандардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады. Дерекқорда әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігі мен ұсынылатын қызмет түрлері және жұмыс нәтижелері жайлы ақпарат орналастырылады. Жұмысқа деген белсенділікті арттыру мақсатында қаржыландыру тетігі өзгертіліп, мамандарға еңбекақы төлеу мәселесі жетілдіріледі. Яғни,  әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігінің нәтижесін көрсететін жүйе құрылады. Еңбекақы маманның біліктілігі мен шеберлігіне, жүктелген міндеттерді орындауына байланысты байланысты төленетін болады.  Цифрлық жүйеге көшу мақсатында алтыншы бағыт бойынша әлеуметтік-еңбек саласының 6 тармақтан тұратын бірыңғай ақпараттық жүйесін жасап шығу жоспарланып отыр. Жүйеде қызмет алушының қажеттілігі мен қызмет көлемі турасында, қызметті жеткізуші турасында, олардың жұмысына берілген баға, әлеуметтік қызметкерлердің еңбек өтілі мен біліктілігі және әлеуметтік мекеменің атқарған жұмыс нәтижесі мен шығыны туралы бар ақпарат енгізіледі. Әлеуметтік қызмет көрсетудың бірыңғай ақпараттық жүйесі орталық және жергілікті мекемелердің ақпараттық жүйелерімен біріктірілетін болады.  Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасы ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін Әлеуметтік қызметкерлер форумында талқыланады. Форумның мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорытындылау және саладағы басты назар аударатын жайттар мен әлеуметтік қызметкерлердің қоғамға қосып жатқан үлесін баяндау болып табылады.Форумға, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия және де өзге елдердің сарапшыларын қосқанда, 600-ге жуық қатысушы жиналады. Шараға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті, орталық және жергілікті атқарушы органдар, білім беру орындары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Форумда әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы түрме, денсаулық сақтау саласының жаңалықтары, ведомствоаралық және сектораралық салалардың өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру жайы талқыланады деп күтілуде.Әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы форумының күнтәртібінде әлеуметтік саладағы менеджмент, әлеуметтік сала қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілер қозғалысы мен қайырылымдылық бастамаларын қолдау сияқты өзекті тақырыптар қарастырылған. Форум аясында бесінші мерейтойлық «Қазақстанда жүзеге асып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі өтеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу аяқталды. Өңірлерден келіп түскен 155 өтініштен биыл 20 жоба үздік деп танылды. Олардың барлығы Астанада өтетін Республикалық көрмеде таныстырылады.Көрме жұмысына халықты әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына қатысы бар үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер бірлестіктері, жеке тұлғалар қатысады. Аталған шараның мақсаты – қиындыққа тап болған азаматтардың мәселелеріне қоғам назарын аудару.Жалпы соңғы 5 жылда Үздік әлеуметтік жобалар байқауына 650 өтініш қабылданып, 114 әлеуметтік жоба жеңімпаз деп танылды.Тиісті уақыт аралығында байқауға қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен қаражат түрінде қолдау тапты. Нәтижесінде, өңірлердегі қиын жағдайға тап болған үш жүз мыңнан астам азамат дер кезінде көмек алды. «Біз мұны жақсы нәтиже деп танып, барша отандастырымызды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтындағы үздік әлеуметтік жобаларға белсенді түрде дауыс беруге шақырамыз», - деп түйіндеді Еңбекмині өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15552?lang=kk
Ақтауда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Маңғыстау облысындағы күндері қорытындыланды 10.04.2025
Вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Светлана Жакупова посетила с рабочим визитом Мангыстаускую область и подвела итоги прошедших в регионе Дней Министерства труда и социальной защиты населения РК.  Напомним, что с 11 по 15 августа сотрудники Министерства посетили Тупкараганский, Мунайлинский районы и города Жанаозен, Актау Мангыстауской области, где провели разъяснительную работу с населением по актуальным вопросам социально-трудовой сферы.В ходе визита вице-министр Светлана Жакупова и заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова ознакомились с работой морского порта Актау и встретились  с  трудовым коллективом, в том числе и с участниками  региональной программы «Жаңа  серпін». Цель региональной программы по снижению напряженности на рынке труда Мангистауской области «Жаңа серпін» - трансформация регионального рынка труда, повышение эффективности мер занятости, содействие трудовой мобильности безработного населения из трудоизбыточных  населенных пунктов  в локации экономического роста.  По словам вице-министра: «Существующие программы Правительства весьма эффективно могут решить вопросы как занятости, так и социальной поддержки. Задача Программы продуктивной занятости и нового формата адресной социальной помощи – это формирование устойчивого пути для выхода из состояния бедности для казахстанцев, оказавшихся в трудной ситуации. От нас необходимо поведение разъяснительной работы, что мы и стараемся осуществить в рамках таких мероприятий, как Дни Министерства в регионах. При этом, мы также рассчитываем и на активность населения в изучении возможностей, предлагаемых государством. В этом плане Мангыстауская область является для нас весьма важным регионом, в котором мы рассчитываем привлечь в правительственные программы множество людей».На совещании с работодателями региона было отмечено, что высокие показатели рождаемости, миграционный прирост населения   оказывают определенное влияние на ситуацию в целом на рынке труда области. Регион один из самых молодых - 2 позиция по республике. Средний возраст жителя области составляет   27,6 лет.В области сохраняется тенденция устойчивого роста экономически активного населения с 261,8 тыс. чел. на начало 2015 года до 280,1 тыс. чел.  за 1 квартал  2017 года или на  18,3 тыс. чел. (рост 107 %). Численность занятого населения  выросла на 17,7 тыс. чел. По структуре занятости в регионе преобладает наемный труд с незначительной долей самостоятельной занятости населения. Снижен уровень  безработицы  с 5,1 % в 2015 году до 4,9 % за 1 квартал  2017 года, уровень молодежной безработицы c 5,6  %  (на начало  2015 года) до 4,2 % за 1 квартал  2017 года.Из числа охваченных  трудоустроены на постоянные рабочие места в 2015 году – 4394 чел. или 43,1 %,  в 2016 году – 7406 чел. или 53,6 %, что свидетельствует о повышении  эффективности мер занятости. На 1 августа 2017 года на постоянные рабочие места трудоустроены 3986 человек или 69%.Среди населения    растет доверие к органам занятости региона: за период с  2015 года  в региональные центры занятости обратилось 60,5 тыс. чел., а за период 2013-2014 годы – только 28,5 тыс. чел. Во время визита Светлана Жакупова также проинспектировала работу Центра обслуживания предпринимателей и Центра занятости г. Актау. После встреч с руководством РПП «Атамекен», микрофинансовой организации «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства», с участниками Программы продуктивной занятости и т.д. был осуществлен выезд в Центр специальных социальных услуг. Также  вице-министру труда и социальной защиты населения был продемонстрирован работа швейного цеха для женщин-инвалидов.На совещании с активом региона заместитель акима области Шолпан Илмуханбетова, заверила что акиматом Мангистауской области активно используются все инструменты государственных программ, во взаимодействии с региональной палатой предпринимателей «Атамекен» консолидированы усилия работодателей, субъектов малого и среднего бизнеса, направлены значительные бюджетные средства, а также приняты дополнительные меры по содействию развития предпринимательства. 26-27 мая 2017 года проведен Форум добровольного переселения в Мангистауской области с участием представителей регионов расселения - Северо-Казахстанской, Павлодарской, Восточно-Казахстанской областей и Мангистауской области. В рамках Форума в городах Актау, Жанаозен и Мунайлинском районе были организованы республиканская ярмарка вакансий, на которой было предложено более  3 500 вакансий для трудоустройства потенциальных переселенцев.               По итогам Форума 169 семей изъявили желание переехать в регионы расселения.В 2017 году в рамках Программы добровольного переселения переехали 13 семей (57 чел.) в регионы расселения (4 семьи/17 чел.  – в Павлодарскую, 2 семьи/10 чел. – в Костанайскую,  6 семей/26 чел. – в Восточно-Казахстанскую и  1 семья/4 чел. – в Северо-Казахстанскую области).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15486?lang=kk
Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструцияларды салу аяқталды және оған жақын ораналасқан аймақтар абаттандырылуда 10.04.2025
Бүгінгі күні жалпы ұзындығы 7,7 км болатын Қарғалы өзенінің арнасына бетон конструкцияларын төсеу жұмыстары аяқталды. Жағалауларға қайта топырақ төгу жүріп жатыр, үш өтпелі көпір салынған.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудан тұрығндарының демалуы үшін өзен жағалауы түгелдей абаттандырылуда.Жасл желектер отырғызылып, гүл клумбалары, альпі таулары жасалған, жасыл аймақтың жалпы көлемі – 1 гектар. Шағын архитектуралық формалар, балалардың ойын алаңдары, декоративті тректер бой көтеріп, жүргінші тротуарлары салынуда.Қала әкіміне Наурызбай ауданы әкімдігінің жаңа ғимараты шілденің басында ашылатындығы айтылды. Қазіргі кезде мұнда ішкі әрлеу, технологиялық қондырғыларды орнату, нысан айналасын көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бес қабатты ғимарат алдына көлемі 1 гектар болатын сквер жасалады.АІІД-нің жаңа нысанының, 1200 орынды мектептің құрылысы аяқталып қалды. 500 адам қатынайтын емхана да іске қосылады. Бұлардың барлығы келесі айдың басында пайдалануға беріледі.ХҚКО, пошта,сот, прокуратура, әділет басқармасы орналасатын кешенді әкімшілік нысан ішінде де әрлеу жұмыстары жүруде. Бұл кешен биылғы жылдың тамыз айында беріледі деп жоспарланған.Жалпы, ауданда тұрғын үй салу, магистарльды жолдарды тесу, Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін ұзындығы 2,08 км болатын жол күрделі жөндеуден өтуде, жолдың көлік қозғалысы бөлігі 4 жолақты болып кеңейтілуде, «Қарғалы» өзені бойындағы көпір қайта жасалып, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салынуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15425?lang=kk
Ақмола облысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері бастау алды 10.04.2025
Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері аясында, ведомстводағы бірқатар негізгі департаменттердің басшылық құрамы Ақмола облысының аудандарында өз жұмысын бастады. Атбасар, Бурабай, Целиноград және басқа да өңір аудандарының халқы мемлекет өмір сапасын жақсарту мақсатында азаматтарға ұсынып отырған мүмкіндіктер тұрғысында білікті мамандардан тікелей кеңес ала алады. Сонымен қатар, жұмысшылар құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибелі сарапшылардың көмегімен қалыптасқан түйткілдерді тарқатуға жол ашылмақ. Министрлік өкілдерінің алдына қойылған талап та сол, кеңес беруден тыс, аймақтағы жұмыспен қамту орталықтарының іс-қимылын жандандырып, әлеуметтік қызметтерді иемденудің тиімділігін көтеру жүктелген.  “Бүгінде біз әлеуметтік көмек көрсетудің күрделі өзгеріс кезеңдерін бастан кешудеміз. Себебі, қазіргі уақыттағы әлеуметтік-еңбек қатынастары үлгісіне өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыру, масылдықтан арылу бағыттары арқау болуы тиіс. Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамту міндеттері біртұтас күйге еніп, адамдардың өзіндік әлеуетін іске асыруға жан-жақты жағдай жасағаны жөн. Мәселен Үкімет кедейлік шектен шығып, лайықты тіршілік ету үшін еңбек нарығына қажет мамандықтар мен сан қырлы бизнес қағидаларына оқытуды қамтамасыз етіп, жеке іс ашуға жәрдем танытуда. Сондықтан елімізде тағдырына жауапты қарап, тәуекелге бекінгендерді қолтықтан демейтін қолайлы ахуал орнатылған. Осы орайда шалғайда жатқан елдімекендердегі жандардың біразы мемлекеттің олардың игі бастамаларын демеп жіберуге әзір екенін білмейтіні белгілі. Нәтижесінде еліміздің әр өңірінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндерін өткізу жайлы шешім қабылданды”, - деп түсіндіреді министр Тамара Дүйсенова. Алғашқы күні Еңбекмині қызметкерлері Ақмола облысының Есіл ауданында және Көкшетау қаласында болып, әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту, үш кезеңге болжанған зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мәнісін байыптайды және жұмысшыларға еңбек заңнамасы мен ондағы олардың құқықтары туралы жеткізеді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15290?lang=kk
10 мың алматылық отбасы 2017-2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады 10.04.2025
Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15278?lang=kk
ТРМК-ДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2018 жылғы 3 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.Аталған шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері қатысты.Семинар-кеңесте Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнам жөнінде ақпарат алды. Бұдан басқа, Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңалықтар бойынша ақпаратты және туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15197?lang=kk