Қоғам
10 мың алматылық отбасы 2017-2024 жылдары ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартатын болады 10.04.2025
Қала басшысына осы бағдарлама іске асқанда 10 мың алматылық отбасының тұрғын үйін жақсартатыны айтылды. Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15278?lang=kk
ТРМК-ДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2018 жылғы 3 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Мемлекеттік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.Аталған шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері қатысты.Семинар-кеңесте Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнам жөнінде ақпарат алды. Бұдан басқа, Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңалықтар бойынша ақпаратты және туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15197?lang=kk
Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтеді 10.04.2025
29 маусым мен 1 шілде аралығы Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтіп, бұл уақыт аралығында облыс халқы министрлік басшыларынан тікелей кеңес ала алады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, мұндай шаралар аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық-насихаттық жұмысты ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге жол ашады.“Бұл бірінші кезекте, жасы мен басқа да себептерге байланысты онлайн-ресурстардағы қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізе алмайтын азаматтарымызға қатысты маңызды дүние болып отыр”, - дейді Тамара Дүйсенова.Азаматтармен кездесулерде зейнетақы мен жәрдемақыны біртіндеп көтеру, базалық зейнетақыны тағайындаудағы жаңа тәсіл ерекшелігі мәселелері жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы мүмкіндіктер көкжиегі өз алдына бөлек тарқатылады деп жоспарлануда. 1 шілде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың басшылығымен, жұмыс орындарын сақтау туралы қол қойылған меморандум қағидаларын сақтау жайлы жұмыс берушілермен, “Е-Халық” бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсету, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын енгізу, “Өрлеу” жобасы бағыттарына қатысты ауылдық округтер әкімдерімен кездесулер өткізіледі.Мүгедектер құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және нысандарды мүгедектерге қолжетімді болатындай бейімдеу түйткілдері де мұқият сараланбақ. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдармен және белсенді қоғамдық бірлестіктермен жүздесу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы талқыланбақ.Бұдан тыс, министрдің Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аудандарын аралап, жергілікті тұрғындардың мәселесін шешуде жастармен және ауылдық округтер активтері өкілдерімен кездесетіні көзделуде.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы, еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан берілетін саналуан көмек түрлерін алу мүмкіндіктері жайлы өзекті мәліметтерді жеткізу мақсатында, өңірлерде қабылдаулар жүргізуді ұйғаруда. Сондықтан тиісті Министрлік күндері еліміздің барлық облысында өтпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15179?lang=kk
Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтті 10.04.2025
Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халықпен есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында қазақстандықтар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлік жайт, өзекті мәселелерге қатысты сауалдар Министрлік сайтында бұған дейін арнайы ашылған айдар арқылы бір ай бойы қабылданған еді.Өз баяндамасында Тамара Дүйсенова өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижесіне мұқият тоқталып, алдағы уақытқа арналған жоспарлармен бөлісті.«2016 жылы 2 миллионнан астам адамды зейнетақымен қамсыздандыруға 1 трлн теңгеден артық қаржы қарастырылды. Базалық төлемді ескергендегі зейнетақының орташа мөлшері 55 117 теңгені немесе өткен жылдағы орташа жалақы деңгейінің 43,7%-ын құрады (бұл көрсеткіш Халықаралық еңбек ұйымында ұсынылған дәрежеге сәйкес келеді). 2017 жылдың 1 шілдесінен, Мемлекет басшысының нұсқауына сай, зейнетағы тағы орташа алғанда 20%-ға өседі», - деп атап өтті Министр. Сонымен қатар, 2016 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 25%-ға жоғарылады. Бұл 690 мыңға жуық адамға қатысты жаңалық болды.Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жалғасын тауып, нәтижесінде:- әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артты;- балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;- қажетті қызметтер оны пайдаланушылардың тұратын жерлеріне жақын орналасты;- азаматтардың қызмет көрсететін ұйымдарды таңдай алуына жағдай жасалды.Қазіргі уақытта, арнаулы әлеуметтік қызметтерді 110 медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірге, 106 үкіметтік емес ұйым көрсетіп, 6 мыңнан астам адам қамтылуда. 626 бала интернаттардан отбасыларына оралып, мұндай балалардың 693 анасы жұмысқа тұрғызылды.Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына қосымша көмек көрсету мақсатында, республикалық бюджеттен өңірлерге нысаналы трансферт ретінде 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.2017 жылдың 1 шілдесінен бала туғанға байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері 20%-ға ұлғаяды. Осылайша оның көлемі 86 222 теңгені төңіректеп, отбасыда төртінші және одан да көп бала дүние есігін ашқанда, 142 947 теңгеге жетпек. Қолға алынған шаралар елдегі демографиялық ахуалға оң септігін тигізді. Мысалға, 2003 жылы елде 248 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы 400,2 сәби жарық дүние есігін ашты.Тамара Дүйсенова қазіргі қолданыстағы үш жәрдемақының орнын басып, құжаттар қатарын үш есеге қысқартатын жаңа сипаттағы Атаулы әлеуметтік көмекті енгізу кезеңдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа үлгідегі АӘК сомасы қазіргі үш жәрдемақыға қарағанда орташа алғанда 25%-ға өспек. Бұл жерде еңбекке жарамды мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға, Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқанда, мемлекеттен қосымша қолдау танытылмақ: - оқу шығындарын өтеу;- әлеуметтік жұмыс орындарындағы жалақының 35%-ын субсидиялау;- оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесін төлеп беру;- яки шағын несие түріндегі көмек.Есептік кездесу кезінде еңбек пен көші-қон салаларының түйткілді тұстары да талқыға салынды.2016 жылы Қазақстанда азаматтық сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Жалақы білім беру саласында 29%, денсаулық сақтау саласында 18%, әлеуметтік, мәдени және өзге де салаларда орташа алғанда 35% өсіп, барлығы миллионнан астам адам қамтылды.Жаңа Еңбек кодексін іске асыру барысында, былтыр, кәсіпорындарда 11 мыңнан астам еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға арналған өндірістік кеңес пайда болды.Ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу мен шешімін табуға қатысты өңірлік және салалық кеңестердің іргетасы қалануда. Дауларды сотқа дейін шешу жайы кәдеге жарап, 2016 жылы бітімгерлер (медиатор) 778 кикілжіңді тарқата білді.Министрліктің араласуымен, 2016 жылы 6,8 млрд теңгелік қарыз төленіп, 48 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды.2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өндіріс нысандарын еңбек жағдайына қарай аттестаттауға талап күшейді. 2016 жылы 1,5 мыңға жуық отандық кәсіпорын еңбек қорғау мен қауіпсіздігі жөнінде халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді. Өндірістік жарақаттану да ұдайы азайып келеді.Ел ішіндегі көші-қон үдерісі жанданып, өңіраралық және аймақтық қоныс аудары жиілігі өсті. Соңғы үш жылда ішкі көші-қонға орташа алғанда 455 мың адам қатысты.ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%).Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын еншілеуде.“100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында, заңда АҚШ, Канада, Австралия елдеріндегідей шетелден жоғары білікті мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Мысалға, 2017 жылдың 1 қаңтарынан, шетелдік жұмыс күшін тарту, өзіндік жұмысқа тұру және ішкі корпоративтік ауысу тәртібі өзгерді.Бүгінде, шетелдік мамандарды тарту мақсатында, алғаш рет салық алымдары енгізілді. 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 10 658 рұқсат құжатын рәсімдеп, жұмыс берушілер 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15153?lang=kk
Үздік әлеуметтік жоба атағына Қазақстан өңірлерінен 120 қатысушы үмітті 10.04.2025
Үздік әлеуметтік жобаны таңдауға арналған байқау аясында, ағымдағы жылдың маусым айы аяғына дейін, қызметі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар және басқа да тараптар арасында аймақтық іріктеу сындары жүргізілуде.2017 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша байқауға қатысуға 120-дан астам өтінім қабылданды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өлшемдері ретінде 6 бағыт анықталды. Олардың негізгілері: мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға оңалту іс-қимылдарын өткізу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жұмысқа орналастыру және өзге де шаралар.Өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша құрамына әкімдердің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін комиссиялар құрылды. Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін “Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар” республикалық көрмесінде таныстырылатын болады. Осы орайда, тиісті көрме бастау алған 4 жылда, 495 әлеуметтік жоба бақ сынады.Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған 250 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның барлық ізгі жанды азаматтарын үздік әлеуметтік жоба атағы сарапқа салынатын республикалық байқауға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15150?lang=kk
КО ТР 008/2011 «ОЙЫНШЫҚ ӨНІМДІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» 10.04.2025
Баланың еркін әсерлі әлемін жетілдіруді ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Тек солар ғана балаға өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, тілдесуге және өзін-өзі тануға мүмкіндік береді. Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау – өте маңызды және күрделі іс. Тек балалар ғана сан алуан ойыншықтар ішінен өзіне керегін таңдап алуға қаухарлы.Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің ортақ қағидалары мен ережелері туралы Келісіміне сәйкес 2010 ж. 18 қарашада Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 008/2011 «Ойыншық өнімдірінің қауіпсіздігі туралы» жасақталып, Кеден одағының Комиссиясы № 798 шешімімен 2011 ж. 23 қыркүйекте бекітілді. Бұл техникалық регламент бұрын пайдалуға берілмеген, Кеден одағының ортақ кедендік аумағында өндірілетін ойыншықтарға арналған, алайда ойыншық жеке тапсырысбен дайындалса, көрмелік үлгілер үшін болған жағдайда және т.б., бұл техникалық регламент қолданылмайды.Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келген жағдайда ғана, ойыншықтар нарық қатынасына шыға алады, сонымен қатар Еуразялық экономикалық одақтың бірыңғай белгісімен таңбаланылуы тиіс.Бірыңғай белгі ойыншықтың өзіне және (немесе) қаптамаға (жекеше, топтық, тасымалдық) және (немесе) заттаңбаға, медальон, затбелгіге (соның ішінде қосып тігілген затбелгіге), қосымша парақшаларға, сонымен қатар оған қосымша берілетін эксплуатациялық құжаттарында келтіріледі.Аталған техникалық регламенттің 4 бабында ойыншықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға мән берілген. Сөзсіз, ойыншықтар оның тағайындалуы бойынша пайдаланылған кезде балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарына қауіптілік төндірмейтіндей өндірілуі қажет: ойыншықтардың уағдалы құрылымына, пайдаланылатын уағдалы материалдарына, олардың физикалық-механикалық қасиеттеріне, тұтанғыштығына, химиялық қасиеттеріне, токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштеріне, электрлік қасиетіне, радиациялық қауіпсіздігіне, микробиологиялық қауіпсіздіктері ескеріледі. Ойыншықтарды қолдану кезіндегі тәуекел балалардың жас айырмашылықтарына байланысты болуы керек.3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға табиғи ішік, табиғи тері, шыны, фарфор, түкті резеңке, өлшемі ылғалды ортада 5 % асып ұлғайатын, сылдырмаққа ұқсас ойыншық толтырмаларын қолдануға жол берілмейді. Сонымен қатар, ойыншықтарды бұрын қолданыста болған материалдарды қайта өңдей отырып, қайталама шикізатты пайдалануға жол берілмейді.Тұтынушыға арналған ақпарат, таңбалануды оқығанда өте жеңіл, тексерілген, анық, қарағанда және сәйкестендіргенде қолжетімді болуы шарт. Таңбалануды өндіруші немесе импорттаушы жүзеге асырады.Таңбалану келесідей ақпараттармен қамтылады: ойыншықтар атауы; ойыншықтар өндірілген ел атауы; өндіруші, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, олармен байланысатын ақпарат; өндірушінің тауар белгісі (бар болған жағдайда); балалардың жасын анықтайтын, ең төменгі бала жасы; негізгі конструкцялық материалдар (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда); ойыншық күтімі (қажет болған жағдайда); дайындалған күні (айы, жылы); қызмет мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олардың орнатылуына байланысты); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).Нарыққа шығар алдымен аталған Кеден одағы техникалық регламент қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау рәсімінен өтуі шарт. Ойыншықтардың сәйкестігін растау сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ал Кеден одағының Бірыңғай сертифкаттау жөніндегі органы мен сынау зертханаларының тізіліміне енген ол сертификаттау жөнінде органмен жүргізіледі.3 жасқа дейінгі балаларға арналмаған жас тобы көрсетілген ескертпе шартты графикалық белгі таңбаланған, ал функционалды ойыншықтар мен оның қаптамасында «Ескерту! Тікелей ересектердің қарауымен қолдану» ескертпе жазуы болуы шарт.Химиялық ойыншықтардың пайдаланылуы мен қажетті сақтық шараларын қабылдауға қатысты нұсқамалар, реактивтер мен қауіпті қоспалар келтірілген эксплуатациялық құжаттары болуы қажет. Бұл құжатта алғашқы медициналық көмектер, балалар жасы көрсетіледі. Қаптамасында «Ескерту! Тек .... жастан асқан балаларға арналған!» жазуы бейнеленеді.Ішінде ойыншығы орналасқан тамақ өнімдерінің қаптамаларында «Ішінде ойыншығы бар» ескертпе жазуы, сондай-ақ, су ойынына арналған ойыншықтар тек «Ескерту! Ересектер қарауымен аздаған су көлемінде пайдалану!» жазуымен ілесіп жүруі тиіс.Қазіргі нарықта кездесетін ойыншықтар көбіне жағымсыз иісті, шеттері тым үшкір немесе өңделмеген, жас шектеуі бойынша тағайындалмаған және ұсақ бөлшектерден тұратын боп келеді. Өкінішке орай, мұндай ойыншықтар баланың қолына түссе өте қауіпті, өйткені: қолына ұстай отыра зақымданып алады немесе ұсақ бөлшектерді жұтып қойуы әбден мүмкін. Осындай жағдайларға жол бермес үшін, біз балаларды қорғауымыз қажет. Әрбір тұтынушылар мен ата-ана балалардың, сонымен қатар олардың күтушілерінің де өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ, тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуға қатысты ойыншықтардың тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар орнатылатын Кеден одағының техникалық регламенті бар екенін көкейлерінде біліп жүруі тиіс.Егер тұтынушы сатушыдан бұл талаптардың орындалуын талап етсе, ал сатушы өз кезегінде талаптарға сай өнімді әкелсе, нарықта сапасыз тауарлардың саны азаяр ма еді.Ойыншықтар сапасын қорытындылай келгенде тек бір нәрсе айтқым келеді – балалар ойыншықтарын дұрыс таңдап, жоғарыда аталған талаптарды ұстанған жағдайда ғана (өз ұрпағың үшін тек сапалысын жете таңдап) өз сәбиіңіздің денсаулығы мен өміріне сенімді бола аласыз.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Қосанқызы НұргүлАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15112?lang=kk
ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ КОМИТЕТТЕРДІҢ ҮШІН 2016 ЖЫЛ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 18 қаңтарында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы есебінің қорытындысы бойынша жұмыс отырысын өткізілді.ТК қызметтерін бақылау (мониторинг) жүргізіліп, оның нәтижелері «ең үздік практик», яғни тәжірибешіл әрі белсенді 19 ТК (6-ТК, 18-ТК, 30-ТК, 34-ТК, 40-ТК, 42-ТК, 46-ТК, 53-ТК, 65-ТК, 66-ТК, 72-ТК, 76-ТК, 78-ТК, 79-ТК, 85-ТК, 91-ТК, 92-ТК, 93-ТК, 96-ТК) және орта белсенділікті 19 ТК (44-ТК, 54-ТК, 55-ТК, 61-ТК, 62-ТК, 63-ТК, 67-ТК, 73-ТК, 77-ТК, 83-ТК, 86-ТК, 88-ТК, 89-ТК, 90-ТК, 94-ТК, 95-ТК, 97-ТК, 98-ТК, 99-ТК) жұмысын көрсетті. Жиынға 35 стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер өкілдері қатысты.Жұмыс отырысында:- стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің 2016 жылғы қорытынды есебі;- «Стандарттау туралы» Заңы шеңберінде жаңа үлгіде жұмыс жасау бойынша техникалық комитеттердің рөлі және функциялары;- ИСО ТК, МТК және басқа салалық халықаралық ұйымдар (ASTM, ASME, API, SAC, т.б.) шеңберлерде ынтымақтастық жасау;- нормативтік және техникалық құжаттарды талдау, ғылыми жұмыстарды атқару, кәсіпкерлік-бірлестіктермен жұмыс жасау, ТК қызметі басты сұрақтарын айқындау мақсатында ТК-ның келешектегі жұмыстарын жоспарлау сияқты өзекті сұрақтар қарастырылды.Бұдан басқа ерекше ықыласпен стандарттарды әзірлегенде жаңа кезеңдер мен процесстер, дауыс беру, техникалық талқылау мен бәтуаға келу, ТК-ның жаңа үлгіде жұмыс жасау және ТК құрамына сарапшы бірлестіктер, академиялық орта, өндірушілер, «Атамекен» ҰКП-сы мен тұтынушы қауымдастық өкілдерінің кіру сұрақтары қарастырылған.Жиын қорытындысы бойынша техникалық комитеттер:- техникалық талқылау және дауыс беру рәсімдері бойынша өз ұсыныстарын;- заңдық нормативтік актілерді қарастырып бойынша өз ұсыныстарын;- ТК құрамын заң жобасындағы жаңа талаптарға сай қалыптастыру;- ТК-ның ИСО ТК, МТК комитеттер шегінде жұмыстарын жандандыру;- 2018-2020 жж. арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарларына ұсыныс беру керек.Тағы да техникалық комитеттерге техникалық талқылау өткізу бойынша сынамалы ТК құру мәселесін қарастыру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15103?lang=kk
Қазақстанның келешегі бар инвестициялық жобалары катар шейхына ұсынылды 10.04.2025
«Kazakh Invest» қолдауымен Катарлық кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасы Шейх Фейсалом бен Касим АльТани бастаған Катарлық бизнес-делегация Алматы және Астана қалаларына Қазақстандағы инвестициялық жобалармен танысу үшін келді. Аталмыш сапар «KazakhInvest» өкілдерінің ағымдағы жылдың сәуір айындағы Доха қ. кездесуінен кейінгі катарлық бизнес-делегациясының жауапты визиті болды.Астана және Алматыда ірі қазақстандық компаниялармен және холдингтермен бизнес кездесулер ұйымдастырылды. «Kazakh Invest» катарлық делегацияға зерттеу үшін нақты инвестициялық жобаларды ұсынды.Алматыда ірі катарлық құрылс компаниясы «Gettco Construction Division» алматылық компаниялар ұсынған коммерциялық жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. «Eurasia» холдингі өзінің металлургия, девелопмент және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобаларын ұсынды. Катарлық «Al Sawari» Алматы маңында ірі тақырыптық саябақтың құрылысын салу бойынша жоба ұсынылды.Астанада катар бизнесмендерінің «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында қазақстандық бизнесмендер АӨК саласындағы, туристік, мұнай-химия және металлургия салаларындағы жобалар жайында айтып өтті.Осылайша, катарлық бизнесмендерге өткізу қабілетін күніне 5 мың адамға дейін ұлғайту мақсатында «Табаган» спорттық-ойын-сауық кешенін реконструкциялау және жаңғырту бойынша жоба ұсынылды. Бизнес делегация 5-ші сыныпты мотор майларын және мұнай-химиялық өнімді өндіруге арналған 2 млн. тоннаға дейінгі көмірсутек шикізатын өңдеу бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытының құрылысын салу бойынша жобамен танысты.Катарлық бизнесмендер жылына 100 мың тоннаға дейінгі көлемде күркетауық етін тереңдетіп өңдеу бойынша жобаға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, «BI Group» және «KTZ Express» компанияларымен ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.Катарлық бизнес делегацияның сапары барысында қол жеткізілген келісімдер келесі айлар бойына белсенді түрде қарастырылатын болады. Осылайша, жақын арада қазақстандық делегацияның Катарға бизнес-сапары ұйымдастырылатын болады. Бұдан бөлек, катарлық бизнесмендер аймақтардың инвестициялық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында Қазақстанның бірқатар облыстарына баратын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/15088?lang=kk
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндеАқордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның Департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіТабиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.Осылайша, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары ;Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Солтүстік Қазақстаноблысыбойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.Бұл ретте, Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды.Сонымен қатар, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және Комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/15018?lang=kk
Жамбыл облысы Әділет пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды 10.04.2025
2018 жылдың 10 шілдесінде Жамбыл облысы Әділет департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі ХҚКО) бірлесе азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша кейбір қызметтерін жедел түрде алу жөнінде пилоттық жобаны іске қосу жұмыстары атқарылды.Тек, туу, қайтыс болу, сот шешімі негізінде некені бұзу мемлекеттік тіркеу түрлері ХҚКО-ның ғимаратында жүргізіледі. АХАТ және ХҚКО қызметкерлері бірлесе өтінімдерді өңдейді.Енді, куәліктерді 3 сағат ішінде алуға болады. Бұрын тууды тіркеу және сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу 2 жұмыс күн ішінде, ал қайтыс болуды тіркеу 1 жұмыс күн ішінде көрсетілетін.Пилоттық жоба енгізілгенен бері 1008 куәлік берілген, оның ішінде 217 қайтыс болу туралы, 146 некені бұзу туралы, 645 туу туралы куәліктер берілген оның ішінде 6 егіз тіркелген. Жамбыл облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14938?lang=kk
Алматыда Қазақстанда энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкинге ескерткіш қойылды 10.04.2025
Шапық Шөкин - Қазақстан энергетикасын дамутыға арналған «Қазақстан энергетикасы», «Ауылшаруашылығын энергиямен қамтамасыз етудің ғылыми негіздері», «Қазақстан энергетикасын дамытудың негіздері», «Энергетика және Қазақстанның су шаруашылығы», «Қазақстанның жылу-энергетикалық балансы» және басқа 500 –ден аса ғылыми еңбектің авторы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1996 жылы академик Шапық Шөкинге ең жоғарғы белгі - «Халық Қаһарманы» атағын берді.Алматы әкімі Бауыржан Байбек Шапық Шөкиннің жаңашыл ғылыми еңбектері арқылы өз кезеңінің қоғамдық сананы жаңғыртушысы болғандығын атап өтті.«Ол Қазақ энергетика ғылыми- зерттеу институтының алғашқы директоры болды. Академик Шөкин басқарған кезде институт еліміздегі құнды эксперименталды базасы бар, тіпті кейбір зерттеулері бойынша әлемде баламасы жоқ ірі әрі жаңашыл ғылыми мекемеге айналды. Қазақстанның энергетика саласындағы ғылыми жаңалықтардың барлығы осы институтпен байланысты.Шапық Шөкиннің тікелей араласуымен Қазақстан энергетикасы ғылыми- техникалық болжамының кешенді жүйесі, Ертіс - Қарағанды каналының, Қапшағай гидроэлектростанциясының жобалары жасалды», - деп атап өтті Алматы әкімі.Бұрын Алматы әкімдігі Ш. Шөкин ескерткішінің үздік эскизіне ашық конкурс жариялаған болатын. Қазақстанда қойылатын ескерткіштен мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен К. Жарылғапов пен М. Азмағамбетов жасаған эскиз үлгілері үздік деп танылды.Салтанатты шараға академиктің ұлы Қанат Шөкин, Қазақ Ұлттық академиясының президенті Мұрат Жұрынов, энергетика ғылыми- зерттеу институтының президенті Калық Абдуллаев, Алматының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, ғалым-археолог Карл Байпақов, Алматы мәслихатының депутаты Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Қазақстанның халық жазушысы Бексұлтан Нұржекеев, ғылыми- зерттеу институтының қызметкерлері және көптеген басқалары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14925?lang=kk
Алматыда қаланың білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті 10.04.2025
Мемлекет басшысы білім саласы сананы жаңғыртудың басты бағыттарының бірі екенін айта келіп,«экономикалық өсімнің жаңа моделі ретінде білім беруді орталық буын ретінде қабылдау қажет. Оқу бағдарламалары сыни ойлау мен ақпаратты өз бетінше іздеуді дамытуға ықпал етулері тиіс» деген болатын. Қазірдің өзінде оқу бағдарламалары IT- білімді қалыптастыруға, сыни ойлауды, үш тілділікті дамытуға орайластырылған. Латын әрпіне көшу басталды, бұл Қазақстанға әлемдік білім мен ақпараттық кеңістікке тез қалыптасуға,озық тәжірибені енгізуге ықпал етумен қатар қазақ тілінің төл табиғатын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер толық жүзеге асуда. Қала басшысы өзінің сөзінде басты мақсат - мегаполистің еліміздің білім мен ғылым орталығы ретіндегі мәртебесін нығайту, оқушыларды даярлау мен педагогтар құрамының сапасын арттыруда жетекші позициясын сақтау екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғырту қажет екенін жариялады. Уақыт үрдісіне сай сананы өзгерту – бұл бірыңғай Ұлт пен жауапкершілігі жоғары адамдарды қалыптастыру, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену. Біздің ортақ мақсатымыз – білімді,денсаулығы мықты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленген жас адамды қалыптастыру. Жастар сананы өзгертудің, ашықтық пен прагматизмнің қозғаушы күшіне айналулары тиіс. Олар туған тілдеріне, туған әдебиетке, мәдени мұраға адал болып, өз елінің шынайы патриоты бола алады. Балаларымыздың, қаламыздың, еліміздің болашағы сіздерге байланысты, құрметті ұстаздар. Алматыда білікті және дарынды мүғалімдер жұмыс істейді. Мен Сіздердің барлықтарыңызға барынша қиын әрі өте жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Нағыз мұғалім – балдырғанның бойына білім шырағын, өзіне деген сенім мен үміт отын жағатын қасиетті жан.Тек мұғалім ғана адамның бойына жақсылық нышандарын сеуіп, болашағына жол ашады», - деп атап өтті Б.Байбек.Қалада соңғы 5 жылда 15 мың орынды 280-нен астам бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылдың өзінде ғана жергілікті бюджет қаржысы есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ» және «Қалқаман» ықшам аудандарында мектеп жанынан 1800 орынды қосалқы нысандар пайдалануға берілді.Биылғы жылы 6 бала бақшаның құрылысы басталды. «Өжет» елді мекеніндегі №156 мектептің жанынан 600 оқушыға арналған қосалқы нысан салынуда. Алатау және Наурызбай аудандарында 2600 орынды мектеп пен қосалқы нысан салуға қаржы бөлінді.Мемлекеттік -жеке әріптестік аясында өткен жылы жеке қаржы есебінен 175 бала бақша мен 5,7 мың орынды мини-орталықтар ашылды. Биылғы жылы 2000 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан болған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Қаланың Қалақұрылысы кеңесінде тұрғын үй салу мәселесі қаралған кезде мектептер мен бала бақшаларға ерекше мән беріледі. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша, 3 мың орынды 24 бала бақша салуға шешім қабылданған. Кейін бұлар коммуналды меншікке беріледі. Осының арқасында 24 млрд. теңге бюджеттік қаржы үнемделді.Биыл алғаш рет бірден 28 нысанды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. Бұл мақсатқа 23 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылына дейін жоспар бойынша 10 объектідегі жұмыс аяқталады, бұлар 4 мектеп пен 6 бала бақша. Ал қазан айында 9 мектептегі, желтоқсанда 8 мектеп Үміт үйіндегі жұмыстар бітеді..Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап Жаппай тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы қолға алынды. Қала бюджетінен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Ал бұл жұмысшы мамандығын қажет ететін еңбек нарығына 11 мың адамды тегін оқытуға мүмкіндік береді.Кәсіптік білім беретін қысқа мерзімді курстар 14 есе ұлғайған, яғни 7 мыңнан астам адам кәсіби білім алды.«Бүгін ата- аналар баласын ЖОО-да оқыту үшін соңғы ақшаларын береді. Олар кейін жұмыссыз қалмай ма деп ойланбайды. Мысалы, Алматыда ЖОО түлектерінің 70% -ы қалып қояды. Бірақ олар алған мамандықтары бойынша қызметке тұра алмайды. Өйткені, еңбек нарығына олар қажет емес. Ал бүгінгі күні жұмысшы мамандығы өте тапшы. Қазіргі жұмысшылар бұрынғыдай май сіңген арнайы киім кигендер емес. Қазіргі жұмысшылар IT-технологияны, күрделі қондырғыны меңгерген, ойлау қабілеті жоғары жандар. Мұғалімдер жастарға осы мәселені жете түсіндірулері, олардың өз болашақтарына прагматикалық тұрғыдан келуді бойларына сіңірулері тиіс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай барынша жақсы өмір сүруге,білім мен салауатты өмір салтына, кәсіби жетістікке ұмтылу – тәрбиедегі прагматизм болып табылады», - деді Б.Байбек.Алматы әкімі өзінің сөзінде ортаның адам санасын өзгертуге ықпал ететінін айтты. Осыны басшылыққа ала отырып, қаланы қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.«Қала адам үшін Философиясының» негізі қала кеңістігін жақсартып, тұрғындардың қоғамдық өмірін барынша жайлы етумен анықталады. Мұның басты принциптері – қаланы көлік жүктемесінен азайту, нарықтық негізде жұмыс жасайтын тиімді, тұрақты қоғамдық көлікті қалыптастыру. Қалалықтардың жаяу немесе велосипедпен жүруін қамтамасыз ету. Сапалы инфрақұрылымның арқасында жүргіншілерге жағдай жасау, бұрынғы визуалды қоқыс – ескі билбордтар мен дүкендерден, ретсіз жарнамадан арылу. Қоғамдық кеңістік адами ауқымға сай жасалады. Жүргінші кеңістігі адамдарды пәтерлерінен шығарып, ауамен тыныстауға шақырады. Ата- аналар мен олардың балаларына салауатты өмірді ұсынады. Бұл салауатты құндылықтар – отбасын, экологияны, дұрыс өмір салтын тек жақсы жақтарға бұрады», - деп атап өтті әкім.подчеркнул аким города.Алматы әкімі қаланың тарихи орталығының 30%-ға жаңарғанын, Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Кабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңының, Байсеитов, Төлебаев көшелері мен Есентай өзені жағалауының осы мақсатқа сай жаңғырғанын айтты. Бұл көшелерде жүргіншіге басымдық берілген, қоғамдық кеңістік кеңейіп, веложолдар салынып, жасыл желек отырғызылған. Жыл аяғына дейін 500-ден аса балалар алаңдары ашылады.Бүгінгі күні қала тұрғындарының бойына ашық ойды, құқықтық және қаржылық мәдениетті қалыптасыру ісі қолға алынған.Бұл үшін «Оңай» жол картасы енгізілді қолмақол ақшасыз көлік тұрақтары пайда болуда, заңсыз нысандар сүрілуде. «Осы шаралар көлеңкелі экономиканы едәуір төмендетті, салық түсімін арттырды, ал бұл бюджеттік қызметкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы, жаңа бала бақшалар мен мектептер», - деді ол.Б. Байбек өзінің сөзінде 2017 жыл Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыда «Жастар жылы» болып жарияланғанын, осыған орай тиісті Жол картасы жасалғанын айтты .2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланған.1200 орынды жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірігіп құнды бағдарлама жасалуда, соның арқасында жас отбасылар жаңа пәтер алу үшін жеңілдетілген заёмға қол жеткізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14906?lang=kk
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумы Төраға болып қайта сайланды 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Президиумының төрағасы Амангелді Абдоловтың қатысуымен кездесуі өтті.Президиум жұмысына облыстардан және уәкілетті органнан оның мүшелерінің көпшілігі қатысты,олар Қүлахмет Бекетовты Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының Басқарма төрағасы етіп сайлады.Сондай-ақ,Басқарманың жаңа төрт мушелерін сайлау өтті.Бұрын,осы жылдың 11 шілдесінде өткізілген Президиумының отырысы оның барысында жасалған бұзушылықтарды ескере отырып жарамсыз деп танылды.Кеңестің жаңа төрағасына кезектен тыс сьезді шақыру ұсынылды, онда ЖСО институтында пайда болған проблемалық мәселелер талқыланды.Естеріңізге сала кетейік,осы жылдың 11 шілдесінде кейбір БАҚ Президиумының кейбір мүшелерінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы Басқармасының төрағасы ретінде Ирак Келекеевті сайлау туралы ақпарат жариялады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/14904?lang=kk
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды 10.04.2025
Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ерлан Әукеновтың энергетикалық кешен мен коммуналды шаруашылық салаларын, кәсіпкерлікті дамытудағы, инвестиция тартудағы және басқа да атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.Соңғы 2 жыл ішінде Алматының индустрия Картасына 190 млрд. теңгенің 100 жобасы енгізілді, оның құны 35,6 млрд. теңге болатын 33 жобасы іске асты, соның арқасында қалада 2,7 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.Бизнестің Жол картасы және қалалық «Жібек жолы» бағдарламалары аясында 2015 жылдан бастап 755 бизнес-жоба мемлекеттен қолдау тапты, нәтижесінде 3,4 жаңа жұмыс орны ашылып, бұрыннан бар 10 мыңнан астамы сақталып қалды. «Жібек жолының» игі істерін саралай келіп, биылғы жылы үш жаңа өңірлік бағдарламалар: «Алматы өнім», «Алматы инновация» және «Алматы туризм» жұмыс істей бастады, бұлардың жалпы құны 1,3 миллиард теңге.Алматыда Ерлан Әукеновтың бастамасы бойынша елімізде баламасы жоқ кәсіпкерлікті ынталандырудың жаңа нысандарды ашу Картасы іске асты. 2016 жылы құны 156,6 млрд. теңге болатын 131 объект ашылды және 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2017 Картаға 155 млрд. теңгенің 93 жобасы енді. Атап өтерлік жайт, Алматы бойынша бағаланатын Қазақстан «Doing Business» халыаралық рейтингінде 2015 жылдан 77-ден 35 орынға көтерілді. Бүкіләлемдік банктің бағасы бойынша субұлттық рейтингте Алматы 8 қалалардың ішінен1-ші орынды иеленді.Жылуэнергетика кешені менТҮКШ-та соңғы 3 жыл ішінде жүргізілген қайта жасау барысында апатты жағдайлар 10%-ға төмендеді. Жылу маусымы басталар алдында бірнеше инженерлік желілер іске қосылатын болады, бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда едәуір көп.Ерлан Әукеновтың оқу демалысы кезінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмас Мәдиев тағайындалды, ол бұған дейін Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқарманың басшысы қызметін бір жарым жыл бойы атқарып келді және индустриалды инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырды, шғаны және орта бизнес мәселелерімен айналысты.Алмас Мәдиев мамандығы бойынша инженер-экономист, заңгер, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын, К.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университетін бітірген.Түрлі жылдары Жамбыл технологиялық институтында оқытушы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жетекші маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармаларының басшысы, «ҰК «ӘКК «Оңтүстік» АҚ-ның қаржы директоры, басқарушы директоры,басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның қаржы департаментінің директоры, «ҰК «ӘКК» Павлодар» АҚ-ның басқарма төрағасы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы1 қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14874?lang=kk
Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі мен РФ Экономикалық даму министрлігі елдер арасындағы 2020-2025 жылдарға арналған шекара маңы ынтымақтасты ғы бағдарламасын əзірлеуде 10.04.2025
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен РФ Экономикалық даму министрі Максим Орешкин жұмада "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын əзірлеу жəне іске асыру ниеті туралы меморандумға қол қойды.Құжатқа қол қою жұмада Петропавл қаласында өткізілген Қазақстан мен РФ-ның аймақаралық ынтымақтастығының XV Форумының аясында орын алды.Тараптар 2020-2025 жылдарға арналған "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын бірге əзірлеу жəне іске асыру ниетін білдірді. Ол өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ аймақ саясаты мәселелері бойынша ақпарат алмасуға бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асыру үшін тараптар тиісінше Келісім әзірлеуге ниетті.2020-2025 жылдарға арналған "Қазақстан - Ресей" шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы мақсатының ішінде қазақстандық шекара маңы аймақтары мен ресейлік аймақтар арасындағы ынтымақтастықты қолдау және жәрдемдесу; өмір сүру, жұмыс істеу және болашақ ұрпақ тәрбиелеу үшін қолайлы аумақ құру; орта және шағын кәсіпкерлікті ынталандыру мәселесі жөніндегі ынтымақтастық және ақпарат алмасу, шекара маңындағы жергілікті өндірістің бәсекеге қабілеттілігін нығайту, шекара маңы халқын жұмыспен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ аумақаралық кооперацияларды дамыту бойынша шараларды іске асыру бар.Сондай-ақ аймақтық саясатты әзірлеу және іске асыру тәжірибесі тралы ақпарат алмасу, шекара маңы ынтымақтастығын нығайту және шекара маңы аймағын экономикалық дамыту көзделуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14834?lang=kk
Еңбек нарығындағы жағдай 10.04.2025
2026 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі1) 4,5% құрады.2026 жылғы I тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9398,0 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9392,0 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7290,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,6%) жалдамалы қызметкер болса, 2101,6 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,4%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,1% құрады.Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 108,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,7%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,6%) және ауыл шаруашылығы (10,2%) салаларында байқалды.Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,8% құрады.15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,0% құрады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы сәуір айының соңына 334,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4% құрады. Анықтама:Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1219931?lang=kk
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі 10.04.2025
Ағымдағы жылғы қазанда жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жыл сайынғы дүниежүзілік есебіне сәйкес Қазақстан 140 елінің арасында 59 орында орналасып, рейтингте өзінің ұстанымын сақтап қалды.Бұл рейтинг жалпы әлемдік экономикалық қауымдастық немесе сол өзге мемлекет қарым-қатынасына әсер етеді. Экономика жағдайын көрсетеді және осы елдерде инвестиция салу мен бизнесті дамытудың мақсаттылығы болжайды.Ішкі істер министрлігі 3 индикатор бойынша нәтижелер негізгі орындаушы болып табылады, олар бойынша жақсарғандығын атап кету керек:1) «Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» 4-ұстанымға (62-ден 58 орынға);2) «Полиция қызметінің сенімділігі» 2-ұстанымға (86-дан 84 орынға);3) «Кісі өлімінің сандары» ұстанымы 2017 жылғы деңгейде қалды (87 орын).Жалпы айтқанда, ішкі істер органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жұмысы бойынша басқа шаралармен қатар Қазақстанның елдер рейтингісінде ұстанымын жақсартуға да әсер етеді.«Ұйымдасқан қылмыстан бизнес шығындары» индикаторы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жандандыру, ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған жалыпқылмыстық қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді шаралар іске асырылған.Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылда қорқытып алумен байланысты қылмыстық қол сұғушылықты ашу көрсеткіштері жақсаруда (2013 жылы 77,3%-дан 2017 жылы 97,3%). Тиісінше бизнес-қауымдастықтың және халықтың қорғалу деңгейі артып, сондай-ақ жазалаудың бұлтартпастығы қағидаты іске асырылуда.Соңғы жылдары қылмыстық топты құрғаны және қатысқаны үшін жауапкершілік заңнамалық қатайтылған. Қылмыстық кодекске 9 жаңа сараланған қылмыс құрамы енгізілген. Оларды жасағаны үшін 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп Кәсіпкерлерді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі арнайы жоспар іске асырылуда.Трансұлттық қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық кеңеюде. БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО шеңберінде құқық қорғау органдарының диалог алаңдары тиімді пайдаланылуда.Полицияның ұсыныстары бойынша бизнес-құрылымдардың көпшілігінде «дабыл нүктесі», бейнебақылау камералары, инженерлік қорғаудың техникалық құралдары және тағы басқалар орнатылуда.Құқықтық тәртіпті қорғау саласына жаңа технологиялық құралдар – бейнебақылау жүйелері, жол құқық бұзушылықтарын фото-бейнетіркеу, бенйтіркегіштер және басқа да инновациялық технологиялар енгізілуде.Әр өңірде бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен оқыту тренингтері, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.«Полиция қызметінің сенімділігі» индикаторы бойынша қылмысқа қарсы күресті күшейтуге және елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты шаралар жүзеге асырылып жатыр.Барлық жерде дерлік қылмысты жасырудың теріс практикасы жойылды, қазіргі таңда бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды.2015 жылдан бастап азаматтардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы хабарламасын тіркеуге шара қолданбағаны үшін полицейлердің қылмыстық жауапкершілігі (ҚК 433-бабы) енгізілді.Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесі енгізілді, олардың шешілу барысын «Сall-орталықтар» және SMS-сервистер арқылы қарап отыруға болады.Жеке және заңды тұлғалардың сигналдарына қатысты қабылданып жатқан шаралардың заңдылығы мен негізділігін, сондай-ақ қылмыстық істердің тез әрі толық тергелуін немесе әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдардың шешілуін ведомстволық бақылау күшейді.«Бірыңғай сенім телефоны» (1402), ІІМ сайты және Министрдің блогы, Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес және аумақтық Полиция департаменттерінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар жұмыс жасайды.Ішкі істер министрінің, аумақтық ІІО басшылығы мен учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу заңнамалық бекітілген.«Қылмыстардың саны» индикаторы бойынша Қасақана адам өлтірудің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша 2018-2019 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылуда.Осы шаралардың барлығын іске асыру ІІМ-ге жүктелген индикаторлардың жақсаруына және жалпы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі рейтингінің жоғарылауына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14684?lang=kk
Алматы әкімі Италияның экономикалық даму вице-министрімен кездесті 10.04.2025
Италияның экономикалық даму вице-министрі ТҚҚ қайта өңдеу, ТҮКШ жаңарту, құрылыс және «Смарт- сити» жобасы аясында атқарылатын түрлі бағдарламаларға итальяндық компаниялардың қызығушылық танытқандығын атап өтті.Алматы әкімі өз кезегінде итальяндық компаниялардың машина жасау, энергия көздерін пайдалану, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажет қондырғылар шығару салаларында мол тәжірибелері бар екендігін, Алматыда жеке өндіріс орындарын ашу үшін шетелдік компанияларға «бір терезе» принципі бойынша қолдау көрсетілетінін айтты.Кездесу барысында Бауыржан Байбек итальяндық компанияларды биылғы жылдың қазан айында өтетін «Almaty Invest» халықаралық форумына қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14670?lang=kk
Алматыда қалалықтар үшін «Open Almaty» атты қоғамдық қабылдау ашылды 10.04.2025
Жаңа қалалық сервис арқылы қаланың әрбір тұрғыны немесе қонағы түрлі қызметке қатысты өз ұсынысы мен шағымын қаланың қоғамдық қабылдауына www.open-almaty.kz интернет- порталы немесе 1308 нөмірі бойынша жібере алады. «Open Almaty» порталы бойынша түрлі өмірлік жағдайларды шешу алгоритмімен қоса қаланың коммуналды қызмет көрсету орындарының (жол, арық, жылу жүйесін, аула және басқаларын жөндеу) жұмыстарымен танысып, байланыса алады.Қоғамдық қабылдаудың фронт-офисінде қаланың барлық аудандарының, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет, жолаушылар көлігі, табиғи ресурстар мен архитектура басқармаларының, қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс департаментінің, ТЖД-нің, ХҚКО-ның, кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының өкілдері, медиаторлар қызмет көрсетеді.Басқармалар басшылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қалалық түрлі бастамаларды таныстыра алады.Айта кетерлігі, 2015 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қалалықтарға қолайлы болу үшін Инстаграмда өз аккаунтын ашқан еді, 3 лүпілден соң өтінім тіркеліп, әкімдікке жіберілетін. 2 жыл ішінде Инстаграмдағы тұрақты аудитория 150 мың жазылушыға жетті, қалалықтардың 20 мың өтінімі орындалды.Жаңа сервистің жұмыс кестесі қала тұрғындарының жұмыс уақытын ескере отырып жасалған, қызмет көрсету уақыттары жай күндері сағат 8.00 ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00 нан 17.00-ге дейін.Қоғамдық көліктің жақын бекеттері: «Әуезов атындағы театр» (Абай даң) баратын автобустар 3, 33, 34, 62, 65, 66, 92, 118, 120, 123, 128 мен троллейбустар 5,19,25; «Қастеев мұражайы» (Сәтпаев көш.) – автобустар 18,35,121; «Орталық аурухана» (Жандосов көш.) - автобустар 18, 44, 62, 66, 95, 121, 123; метро бекеті – Әуезов атындағы театр.Мекенжайы: Байзақов көшесі, 280 (Сәтпаев көшесінің бұрышы) «Алматы Тауэрс» орталығы.Анықтама үшін:Қазіргі кезде әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауында мемлекеттік органдардың өкілдері қабылдау жүргізуде, арыз- шағымдар әлеуметтік желілер арқылы түседі – аудандар әкімдіктері (55 %), тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресусртар және табиғатты пайдалануды реттеу, архитектура және қала құрылысы басқармалары (45% өтінім) бойынша.2018 жылдан бастап қала басқармалары және коммнуалдық қызмет көрсету кәсіпорындары жөнінде жобаның 2-ші кезегі жүзеге асыру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/14614?lang=kk
Құрметті отандастар! 10.04.2025
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!Аталған мереке – өзара құрмет пен келісімнің, татулық пен тұрақтылықтың символына айналды.Халқымыздың ынтымағы уақыт сынынан өтіп, өз бекемдігін дәлелдеп келеді. Елімізді мекен еткен сан алуан ұлт пен этнос өкілдерінің біте қайнасып, мәдениеттердің тоғысуы мен бір-біріне деген сыйластығы мерекенің негізіне айналды.Бейбітшілікті ту еткен отандастарымызды еңбекқорлық пен жасампаздық, қамқорлық пен жанашарлық сынды ізгі қасиеттер мен ортақ құндылықтар біріктіреді. Осы ырыс-ынтымақты көздің қарашағындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан айтулы мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!Еліміз тұрақты, халқымыз ынтымақты болсын! Ізгі тілекпен, Қаржы министріМәди ТакиевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1212990?lang=kk