Қоғам
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Импульс» әлеуметтік жарнамалық байқауының жеңімпазы атанды 10.04.2025
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауының жеңімпаздары жарияланды.Салтанатты жиында мына аталымдар бойынша лауреаттар анықталды: «Үздік бейне жарнама», «Үздік аудио жарнама», «Үздік сыртқы жарнама», «Үздік интернет-жарнама», «Үздік плакат», «Ең үздік кітапша», «Үздік жарнама кампаниясы» және «Үздік жарнама белсендісі».2017 жылғы байқау жеңімпаздарының тізімінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бар. Ведомства «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруда «Үздік жарнама кампаниясы» аталымы бойынша екінші орынды иеленді.Осы аталымда III орынды екі ұйым бөлісті. Буратия республикасының қалалық медицицналық профилактика орталығы «Біз жүрек саулығы үшін!» және Санкт-Петербургтің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және баспа комитеті «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу» жобасымен танылды. Ал, жеңімпаз болған өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларды қолдау Қоры «Балалар сенім телефоны» жобасымен үздік шықты. Бір атап өтерлігі, биылғы байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдастыру комитетіне Ресей Федерациясы аймақтары мен ТМД елдері бойынша барлығы 500-ге жуық өтініштер келіп түскен.Конкурсқа 2017 жылғы 1 - қазаннан 2017 жылғы 18 - қыркүйекке дейін жарияланған және іске асырылған әлеуметтік жарнамалар қабылданды.«Импульс» мемлекеттік әлеуметтік жарнама байқауы - қоғамның маңызды әлеуметтік мәселелеріне назарын аудару үшін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен жарнама жасау процесін сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей жоба.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16219?lang=kk
Жұмыспен қамту орталықтарының 260-тан астам қызметкері оқудан өтті 10.04.2025
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Жұмыспен қамту орталықтарын реформалау» тақырыбында практикалық оқу - семинарларын өткізді.Тренингке аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту орталықтарының, сондай-ақ өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан 260-тан астам маман қатысты. Семинар кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері «Еңбек нарығы» және «Бірыңғай электронды еңбек биржасы» жаңа ақпараттық жүйесінде бизнес-процестер мен жұмыс әдістерін ұсынды.Жұмыспен қамту орталықтарының жаңа үлгісі жұмыс берушілермен жұмыс істеудің белсенді форматын енгізеді, үміткерлермен жұмыс жасауда профилді құралды енгізу және олардың жұмыспен қамтудың жеке жоспарларын әзірлеу арқылы нығаяды.Жұмыспен қамту орталықтары - жеке агенттіктер, бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке интернет-алаңдардан бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді біріктіретін Электронды Еңбек биржасының белсенді қатысушысы болады.Тренинг аясында жұмыс берушілердің назарына Электронды Еңбек биржасында бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуы, сондай-ақ жұмыссыздардың екі қолға бір күрек табудағы мүмкіндіктері туралы ақпараттарды орналастыру ұсынылды.Еске сала кетейік, 2018 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елдегі барлық 199 жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы трансформациялаудан өтеді.Бұл жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс іздеушілер және жұмыс берушілер арасындағы қатынасты белсенді жүргізіп, әрі қағазбастылық жұмыстан арылтады. Орталықтардың жұмысындағы барлық процедуралар барынша автоматтандырылады, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің өзара байланыстары «бір терезе» қағидатына негізделетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16205?lang=kk
Сарыағаштың 400-ден астам тұрғыны қысқа мерзімді курсты тәмамдады 10.04.2025
Мамандыққа да машықтанып, жұмысқа да орналасуға болады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы екі қолға бір күрек ұсынып, еңбек нарығының сұранысын да реттейді. Сарыағаш ауданында осынау мемлекеттік бастама аясында 400-ден астам тұрғын түрлі мамандықтарды оқып, арнайы куәліктерге қол жеткізді.Үш ай бойы түрлі мамандыққа машықтанған бағдарлама қатысушыларына куәліктер тапсырылды. Тігінші, темір ұстасы, аспаз сияқты бүгінде таптырмайтын бас-аяғы 10 кәсіп түрін игергендердің тең жартысының бүгінде тұрақты жұмыс орындары да дайын дейді салаға жауаптылар. Салтанатты шарадан кейін жас мамандарға арналған жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 60-тан аса жұмыс беруші қатысып, 250-ден аса жұмыс орнын ұсынды. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында 1500-ден астам адам қысқа мерзімді оқу курсына жолданған. Олар өңір басшысының «Әр ауылға өз шебері» бастамасы аясында үш айлық курс кезінде ауданға қажетті деген 38 мамандықты игеріпті. Айта кетейік, облыста арнайы бағдарлама аясында 12 мыңнан аса адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жолданып, бүгінде оның 9 мыңдайы аяқтаған. Еңбек нарығында аса қажетті деген 85 мамандық бойынша арнайы білім алған бағдарлама қатысушыларының тең жартысы екі қолға бір күрек тапты дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16190?lang=kk
БЕЙЖІҢДЕ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН–ҚЫТАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ БЕЙЖІҢ 10.04.2025
Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ басқарды.Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті. «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.Ақпарат көзі: kazinformАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25833?lang=kk
073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады 10.04.2025
Бұл анықтама пайдаланушының көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды. Қызметке өтінім берген соң анықтама жеке кабинетте PDF форматында 1 жыл бойы жарамды боладыҚызмет туралы толық ақпаратпен карусельден танысыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/965964?lang=kk
Астанада ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды 10.04.2025
Бүгін Rixos President Astana қонақүйінде «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шексіз зейнетақымен қамсыздандыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, мемлекеттік органдардың, Зейнетақы және әлеуметтік қорлардың халықаралық қауымдастықтың, «Атамекен» ҰКП-ның, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ-нің, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының, Кәсіподақтар федерациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері және т.б. қатысты.Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) өкілдері келді.Бүгінгі күні зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің ұлттық ерекшіліктерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдары осы одақ құрамына енген мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартты дайындау үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.Дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице - министрі Светлана Жақыпова өз сөзінде, мұндай келісім зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тең құқықты қамтамасыз ету, ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер аумағында жұмыс істейтін еңбеккерлердің зейнетақы құқықтарын қорғау болып табылатындығын атап өтті.«ЕАЭО-қа мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осы мемлекеттің азаматтарына ұқсас шарттарда берілген құқықтар мөлшеріне тең зейнетақымен қамтамасыз ету көлемін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, мұндай келісімнің қабылдануы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы аталған одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті және құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» - деді вице-министр.Коллегия мүшесі – ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықұлы Мекешович барлығын Шарт жобасы бойынша жұмыстың барысы және оның мүше мемлекеттердің еңбекшілері үшін артықшылықтары туралы ақпараттандырды.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты қабылдау қажеттігі туралы Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары – Статс-хатшы Андрей Николаевич Пудовта атап өтті.Бүгінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында заңды негiздерде жүз мыңнан астам еңбекші мигрант жұмыс істейді және олар мен олардың отбасы мүшелері үшін зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін реттеудің жоғары маңызы бар.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың күшіне енуі мүше мемлекеттердің азаматтарына мүше мемлекеттер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ие болған зейнетақы құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді және олардың еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбек қызметін заңдастыру бойынша белгіленген рәсімдерді сақтаудың қосымша стимулына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16090?lang=kk
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері ҚР Үкіметінің кезекті отырысында талқыланды 10.04.2025
Жыл басынан бері облыстардағы мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мың 700-ден астам тексеру жүргізіп, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2890 заң бұзушылықты анықтады.Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай туғызған 20 ұйым мен өндіріс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды, ондағы 230 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы осы және басқа да көрсеткіштер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова кезекті Үкімет отырысында баяндады. Бүгінгі таңда еліміздегі 1400-ден астам кәсіпорын халықаралық еңбек ұйымы ұсынған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау стандарттарын енгізген. Сапында жұмыс берушілер мен жұмысшы топ өкілдері бар 12 мыңнан астам өндірістік кеңестер құрылды.Бүгінгі таңда 130-тан астам жұмыс беруші сенім сертификатын алып, инспекцияның жоспарлы тексеру тізімінен үш жылға дейін шығарылды. Бұл мүмкіндік, жұмыс беруші өзінің еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес ерікті декларацияны жүзеге асыруына байланысты болды.Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Аттестациялауды тек сынақ зертханасы бар, арнайы мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. «Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралардың нәтижесінде, жұмысшылардың қауіпсіздік еңбек жағдайларын қалыптастыруда оң үрдіс байқалады. 2016 жылы өндірісте жапа шеккендер қатары 2015 жылмен салыстырғанда 2,4% -ға азайды.» - деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.Көбіне құрылымы, ғимараттары мен қажетті жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайдағы құрылыс индустриясында (16,0%), және тау-кен металлургиялық саласында (15%) жұмысшылар сан-алуан жарақаттар алады. Осы жылдың алғашқы тоғыз айы бойынша еліміздің кәсіпорындары басым орналасқан аймақтары, - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндірістегі жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталып отыр.Қазір елімізде халықаралық талаптарға сай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.Министрдің айтуынша, министрлікте құрылған сараптамалық топ жыл соңына дейін еңбек жағдайы бойынша жұмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібін жетілдіру, жұмысқа байланысты өзара әрекеттесуді белгілеу негізінде ұсыныстар әзірлейтін болады. Тараптардың аралас жауапкершілігі де белгіленеді (жұмыс беруші және жұмысшы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16080?lang=kk
Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты 10.04.2025
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын 10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді. Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 7 ақпанда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің айналымы мәселелері бойынша Комитет қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер дайындаушылардан құралған жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.Кездесу барысында Мемлекеттік рәміздер айналымының және Мемлекеттік Елтаңбаны ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына сәйкес дайындаудың негізгі мәселелері талқыланды.Мәжіліс қорытындысы бойынша, жұмыс тобының барлық мүшелеріне Мемлекеттік рәміздердің айналымына және Мемлекеттік Елтаңбаның жаңа үлгісін енгізуге қатысты нақты ұсыныстар беру ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15981?lang=kk
Алматыда 43,2 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді 10.04.2025
Қазіргі кезде қала жолдарындағы ақауларды анықтаумен және оларды жөндеу жұмыстарымен 20 бригадалары бар төрт мердігерлік ұйым айналысуда.Алматы қаласының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, қалада ұзындығы 31,27 км болатын 12 магистральді және аудандық маңызы бар 23 көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды.Жақын күндері Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеуден өзге бұл учаскеге «Алматы қаласының тұрақты көлігі» бағдарламасы бойынша қаланың велосипед және жүргінші жолы инфрақұрылымын жоспарлау негізінде велосипед жолдарының қондырғылары орнатылады.Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейін ұзындығы 2,08 болатын аумақ күрделі жөндеуден өтуде. Жобада көлік қозғалысы бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзенінің бойындағы көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложол мен ұзындығы 4 км болатын тротуарлар салу қарастырылған.Атап өтерлік жайт, биылғы жылы жалпы құны 574 млн. теңге болатын 14,7 км арық желісін салу, 57 көшеде 42,2 км арық желісін қайта жасау жоспарланған. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерден ұзындығы 500 км болатын 488 көшеге жаңа арық желілер мен жаңбыр канализацияларын салу үшін ЖСҚ жасау жөнінде өтініштер түскен. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15976?lang=kk
Жуық арада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісімге қол қойылады. 10.04.2025
Құжатқа үшжақты келісім негізінде - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қол қойылады. Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделетін болады. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады. Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды.Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал, осы жолғы келісімнің мақсты - оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл - кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15960?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова Қарағанды қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады 10.04.2025
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар нысандарында болды, селолық округтердің тұрғындарымен кездесіп, оларға әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесі бойынша түсіндірулер берді.Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу күн тәртібіндегі басты мәселе болғандықтан, ведомства басшысы Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығына барып, осы мәселе бойынша консультанттар мен ассистенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, жұмыс сапарының басты мақсатының бірі облыс кәсіпорындарында жұмыскерлер ағынына байланысты ахуалмен танысу болды.Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы Үкімет пен әкімдіктердің алдына кәсіпорындарды жаңғыртудың нәтижесінде туындайтын еңбек ресурстары ағынын басқару үшін жағдай жасау міндетін қойды. Президент ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірге тиісті «Жол карталарын» жасаулары керектігін атап көрсетті.Соған байланысты, Еңбекмині Тамара Дүйсенованың бастамасымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді. Еліміздің ірі өңірлерінің бірі болып табылатын Қарағанды облысы кадрлар ағынын басқару бойынша пилоттық жобаны енгізу орны болып отыр.«Бүгінгі күнде өңірімізде жүйе құраушы кәсіпорындармен Жол карталарын жасау бойынша жұмыс басталды. Жұмыскерлер босатылған немесе қосымша қажеттіліктер туындаған жағдайда бірлескен іс-әрекеттер талқылануда. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін өңірлік штаб құрылды» - деп атап көрсетті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.Жаңа технологиялар енгізілумен дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босатылатын болады. Соныменқатар жаңа индустрияларды құру мен дамыту азаматтарды жұмысқа орналастыру мен олардың нақты кірістерін арттырудың қосымша көзі болуы керек.Мысалы, қысқартылған жұмыскерлерді қайта даярлау мен оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды инвестициялау қарастырылуда. Сол сияқты еңбек күші көп өңірлерден, ауылдық жерлерден қалаға жұмыс күштерін тарту үдерісіне қолдау жасалады.Бүгінгі күнде Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалау мен барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірегей онлайн-платформалар құруға кірісті. «Жол картасы бірінші кезекте олар үшін жаңғыртулар нәтижесінде туындайтын әлеуметтік қатерлерден қорғайтын жақсы құрал болады деп санаймын. Мемлекет орталық және жергілікті деңгейлерде қысқартулар және кадрларға қосымша қажеттіліктер болған жағдайларда қолдау көрсетуге дайын. Жұмыскерлерге де, қажет ететін кәсіпорындарға да нақты қолдау көрсетілетін болады» - деп түйіндеді министр.Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының алаңында пилоттық Жол карталарын іске асыру бұл бағыттағы маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеріне сенім білдірді.Өңірге жұмыс сапарының қорытындылары бойынша министрдің төрағалығымен облыс әкімдігінде қала және аудан әкімдері мен олардың орынбасарларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15949?lang=kk
Алматыда 472 жаңа аула алаңдары салынады 10.04.2025
Құрылыс барысында сертификатталған және қауіпсіз кіші архитектурлалық формалар іске асады. Анығын айтқанда, асфальтты, резинкалы, брусты төсеніштер, бордюрлер қайта жөнделіп, орындықтар қойылады, таза ауада балалардың спорпен айналысуына барлық жағдайлар жасалады.«Түрксіб ауданында жыл аяғына дейін 80 жаңа аула алаңдары салынады. Бұл жөндеу емес, жаңадан салу деген сөз. Кіші архитектуралық формалалар – алтыбақандар, турниктер, орындықтар, урналар болады, баллар және спорт алаңдары ашылады. Бұлардан өзге, аулаларға жарық көздері орнатылып, асфальт төселеді», - деді Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов.Осыған ұқсас жұмыстар басқа аудандарда да атқарылады. Мысалы, Алатау ауданында 15 аула, Алмалы ауданында – 80, Әуезов ауданында- 50, Бостандық ауданында – 60, Жетісу ауданында – 50, Медеу ауданында – 120, Наурызбай ауданында 17 аула жасалады.Атап өтерлік жайт, 2016 жылы қалада 290 аула көріктендірілген болатын. Осы жұмыс аясында балалар алаңдары үшін жаңа қоныдырғылар, урналар, орындықтар алынып, аула іштерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15921?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыс бойынша консультацияларына қатысты 10.04.2025
АСТАНА, 2017 жылғы 26 қыркүйек – Қазақстан делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Палестина мәселесімен қатар Таяу Шығыстағы жағдайы бойынша консультацияларына қатысты. Отырыста БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Николай Младеновтің брифингі тыңдалды.Брифингтің ашық бөлімінде сөз сөйлеген Қазақстанның БҰҰжанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес шиеленістерді бейбіт, адал және берік жолмен реттеу үшін тараптарды келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.Мәлімдемеде Израиль және Палестина көшбасшылары екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік беретін және Палестиналықтардың ажырамас мемлекеттілік құқықтары және Израильдің қауіпсіздік құқықтары негізінде бейбітшілікке қол жеткізу перспективаларын нығайтатын нақты қадамдарды қабылдау қажеттілігі көрсетілді.Қазақстан Палестина және Израиль тараптарын «екі халық үшін екі мемлекет» қағидасы бойынша тарихи бейбіт келісім жолында бейбітшілік, қауіпсіздік және даму қарым-қатынастарын нығайту арқылы саяси ерікті көрсетуге шақырды. Соның ішінде БҰҰ «екінші тірегі» болып табылатын даму саласындағы сенімгерлік шараларын ілгерілету арқылы.Қазақстан делегациясы Таяу Шығыс «квартетінің» (АҚШ, Ресей Федерациясы, БҰҰ және Еуропа одағы) жұмысын жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын Газ секторындағы тұрақсыз және қиын жағдайға аударды. Қазақстан аталған мәселе бойынша АҚШ, Ресей Федерациясы және Мысырдың жуырдағы дипломатиялық күштерін қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/15915?lang=kk
Қазақ күресі бойынша өткен «Алматы Барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды 10.04.2025
Чемпионның алтын белбеуі мен көлік кілтін Наурызбай ауданының палуаны Руслан Әбдіразақов жеңіп алды. Екінші орынды Бостандық ауданының өкілі Дәурен Нуралинов иеленді. Екі спортшы да Астанада шілде айында өтетін «Қазақстан барысы - 2017» республикалық турнирінде Алматы қаласының атынан бәсекеге түсетін болады. 2016 жылы «Алматы барысының» жеңімпазы атанған Наурызбай ауданының спортшысы Виктор Демьяненко үшінші орынға көтерілді.Атап өтерлік жайт, Алматыда ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде көкпардан, аударыспақ пен теңге ілуден, асық және жамбы атудан, қазақ күресінен жарыстар жиі өтіп келеді. Мысалы, мамырда орталық ипподромда Қазақстанның әр аймағынан спортшылар қатысқан «Ұлы дала ойындары» республикалыцқ фестивалі өтті. Соңғы екі жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы және қолөнершілердің жаңа орталығы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15911?lang=kk
Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар экспорттайды 10.04.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өткен жиында өңірдің экспорттық әл-ауқатын дамыту, бірыңғай экспорттық стратегияны әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің айтуынша, өңірдің 2017 жылғы сыртқы сауда-саттығы 2 млрд доллардан асып түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,6% артық. «Елбасы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге ұлғайтуды тапсырғаны мәлім. Сондықтан экспорттау аймағын кеңейту маңызды болып отыр. Қостанай облысының негізгі шикізат көзі - аграрлық сектор мен өндіріс. Елдің 24% егіс алқабы біздің облысқа тиесілі. Бұған қоса шекемтас пен асбест 100% Қостанайда өндіріледі. Соған қарамастан біз экспорт көлемі бойынша Қазақстанда 11-орындамыз», - деді Мырзалиев өз баяндамасында.Мырзалиевтің мәліметіне сүйенсек, облыс экспортының 47,6% минералды өнімдерден тұрады. Атап айтқанда, темір концентраты мен рудасы, асбест пен шекемтас өтімді өнімдер санатына кіреді. Мұнан соң азық-түлік тауарларынан да пайда түседі. Бидай, зығыр тұқымы, кондитерлік тағамдар Ауғанстан, Өзбекстан және Ресейге экспортталады. «Былтыр металл бұйымдарын сатудан 31,8 млн доллар пайда түсті. Олардың көбі Ресей, Тәжікстан, Қырғызстанға өткізілді. Ауылшаруашылық қосалқы бөлшектері мен қағаз өнімдері 10,9 млн долларға сатылды. Жалпы, Қостанай облысы әлемнің 60 еліне тауар тасымалдайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов экспорттық әл-ауқатты дамыту үшін кедергілерді анықтап алуды тапсырды. «Облыста әлеуетті деген кәсіпорын, зауыттар жетерлік. Өз өнімдерімізді экспортқа шығарып пайда табу керек. Нарық болған соң өзіндік қиындықтары болатыны анық. Соларды жан-жақты талдаңыздар. Проблема болса, тиісті органдар көмектеседі. Бірігіп қимылдасаңыздар нәтижесі де жақсы болады. Қостанайлық өнімдердің өтімділігін ұлғайту үшін жаңа нарыққа шығу қажет. Соның жүйесін әзірлеңіздер», - деді А.Мұхамбетов. Облыс әкімі кәсіпорын басшыларын сырт елдерге тауар өткізуде кездесетін кедергілерді айтып, оларды бірге шешуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/15909?lang=kk
Алматыда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды 10.04.2025
Алматы әкімі монументтің Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапрысмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн. 700 мың адам қырылып кеткен. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.«Бүгін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткен жылы біз осы ескерткішті жасауға байқау жариялаған едік. Оған жалпы саны 21 жоба түсіп, көпшіліктің, арнайы мамандардың талқылауына ұсынылды. Астанадағы мемлекеттік комиссияның ұйғарымымен жобалардың ішінен баласын кеудесіне қысқан Ана бейнесі жеңімпаз деп танылды. Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті. Аштықтан бұратылған болашағын – өз сәбиін құшақтаған Ананың қайғылы халі сол кезеңде өмір мен өлімнің арасындағы қазақ халқының басынан кешкен талайлы тағдырын шынайы бейнелейтіндей. Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал болашақ үшін - тағылым», - деді Б.Байбек.1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске алу күні болып жарияланды. Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер,мемориалды кешендер бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/15908?lang=kk
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті 10.04.2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, халықты әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жиын өткізді. Сонымен қатар, алқалы басқосуға, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаменттерінің директорлары, жергілікті атқару органдардағы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары, өзге де мүдделі тараптар қатысты. Күнтәртібіндегі басты тақырып ретінде атаулы әлеуметтік көмектің (әрі қарай – АӘК) жаңа сипатын қолданысқа енгізу, базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесін өзгерту және өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар тобымен жұмыс жайлары талқыланды. Жаңа сипаттағы АӘК тұрғысында, Министр, жұмыспен қамту орталықтарын күшейту арқылы олардың материалдық-техникалық жабдықталуы мен мамандар даярлау ісіне аса мән беру керек екенін нұсқады. «Егер қазіргі таңда АӘК табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен адамдар мен отбасыларға қаржылай көмек ретінде берілетін болса, жаңа жылдан бастап жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларға берілетін болады. Сонымен бірге, жаңа сипаттағы АӘК - қазіргі таңдағы АӘК, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы секілді 3 әлеуметтік төлемнің орнына Бірыңғай жәрдемақы түрінде төленеді. Ең басты ескеретін жайт, жаңа АӘК мөлшері жоғарыда аталған 3 түрлі жәрдемақының жалпы сомасынан жоғары болады. Осылайша, жаңа АӘК тек қана қаржылай жәрдемақы ғана емес, кедейлік деңгейінен шығудың кешенді шарасы болмақ. Жәрдемақының қолжетімділігі мен бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жұмысты бір терезе жүйесімен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүргізу ұсынылады», - деді Министр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жиналғандардың назарын келер жылдан бастап базалық зейнетақы тағайындау тетігі өзгеретіне де аударды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өседі. Базалық зейнетақы, басқа да жәрдемақы түрлері сияқты, 6 пайызға көбейеді. Осы арқылы, базалық зейнетақыны ескергендегі зейнетақының төменгі мөлшері келесі жылы 49 019 теңгені құрап, орташа дәрежесі 71 333 теңгені төңіректемек. «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының түсу аралығы ғана есептілініп қоймай, 1998 жылға дейінгі де еңбек өтілі назарға алынатыны болжануда», - деп түсіндірді Тамара Дуйсенова. Мұндай әдіс, 30-40 жыл еңбек өтілі болса да, төмен зейнетақы алып отырған адамдарға қатысты әділдік орнататыны күтілуде. 1998 жылға дейін және одан кейін де 33 жылдан асатын өтілі бар тұлғаларға, базалық зейнетақы ағымдағы көлемімен салыстырғанда екі есеге көбейеді. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса, 28 мың теңгені иемденетін болады. 10 жылдан асқан әр жыл сайын базалық зейнетақы 2 пайызға өспек. Мәселен, 20 жылдық еңбек өтілінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын құраса, 30 жылда 94%-ды межелемек. Заңда айқындалғандай, 33 жылды еңсерген өтіл белесінде базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің толық 100% көлемін қамтымақ. Өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар қызметін реттеуде 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасы жасалуда. Тамара Дүйсенова, жоғарыда көрсетілген барлық міндеттерді қаперге алған райда, Үкіметтің әлеуметтік салада жүргізіп отырған саясатын өңірлерде түсіндіру іс-қимылдарын ширату қажеттігін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» идеясы мен халыққа Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/15851?lang=kk
Туризм және шыбын-шіркей туралы 10.04.2025
Жиынның алғышқы кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина облыстағы шыбын-шіркейге байланысты жағдайдың тұрақтылығы туралы мәлімдеді.– Масалардың бірінші ағыны бойынша жұмыстар аяқталды, – деді ол. – Бүгінгі күні бұл шыбын-шіркейдің қанатты түрінің біраз өкілдері Ленин кентіндегі №2 авиаегістігінде және Усолка өзеніндегі автомобиль көпірінің маңында адамдар тұрмайтын жағында байқалды, – деді Ирина Сорокина. – Авиаегістікте авиаөңдеу жұмыстары, ал көпір маңында – жердегі химиялық өңдеу жүргізілетін болады. Павлодар саябақтарында масаның қанатты түріне қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ. Онымен біз Кенжекөл мен Ақсу жақтарынан барьерлік өңдеу жұмыстарын жүргізу арқылы күресеміз. Біз Ертіс жағасында орналасқан облыс аудандарында бақылау жұмыстарын жалғастырып келеміз. Осы мәселеге байланысты тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ.Содан кейін трибунада кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы Қанат Шәбенов өңірдегі туризмнің дамуы туралы айтып берді. Ол Баянауыл ауданындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтқанда Болат Бақауов ол ауданның туристерді қабылдауға 100%-ға дайын еместігі жөнінде пікір білдірді.– Өткен жылы Баянауылда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басында, яғни 10 маусымда барлық объектілер жұмыс істеді, – деді аймақ басшысы. – Әрине, климаттық жағдайлар дайындық жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін, алайда мен бұл жердегі жұмыстардың төменгі деңгейде жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көрдім.Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі бес негізгі туристік аймақты дамыту қажеттілігі туралы айтып өтті. Соның ішінде: Баянауыл, Маралды және Тұз-Қала тұзды көлдері, Шалдай ормандары мен павлодарлық «Ertis Promenade» жағажайы.– Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының қызметкерлері бұл объектілерде тұру керек, – деді Болат Бақауов. – Баянауылды қалпына кетіріп болғаннан кейін Маралды жағасына көштік, Маралдыны қалпына келтіргеннен кейін Тұз-Қалаға жылжыдық!Жалпы алғанда, аймақ басшысы туризмді ұйымдастыру саласында қызметкерлерінің жұмысына қанағаттанған жоқ. Бұл сала үшін жауап беретін басқарма бастығы Қанат Шәбенов сөгіс алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/15806?lang=kk
ТРМКД – ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ БРИФИНГ. 10.04.2025
Қызылорда облыстық әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметі залында 2 ақпан 2017 жылы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2016 жылы атқарылған жұмыстары туралы департамент басшысы Е. Кеулімжаев баспасөз өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Баспасөз брифингке облыс әкімі аппаратының өкілі, облыстың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер, телеарналар тілшілері, интернет газеттер тілшілері қатысты.Баспасөз брифингінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Кеулімжаев, есепті кезеңде облыс аумағында кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың барлық салалары бойынша өндірістің тиімді жүргізілуі және тұтынушыларды өнімдер қауіпсіздігі мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында техникалық реттеу құралдарын индустрияландыру және сапа инфраструктурасын құру процесстеріндегі міндеттерін анықтап, халықаралық стандарттарға сай өнім өндіруге жағдай жасау жұмыстарын белсендіру, халықаралық менеджмент жүйесін енгізу және өндірісті техникалық қайта жабдықтау жөнінде аймақтағы тауар өндіруші кәсіпорындарды аралап түсіндірме жұмыстарын жандандыра жүргізгендігін атап өтіп, 2016 жылы департаментпен атқарылған жұмыстар бойынша слайд және графикалық кестеде 2015 жылмен салыстырмалы түрде толық мағлұмат берді.Сонымен қатар, департамент басшысы департаменттің 2017 жылы атқаратын міндеттеріне тоқталды. Баспасөз брифингі қорытындысымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/15780?lang=kk