Enbekshi QazaQ

Қоғам

Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу туралы 10.04.2025
Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталғанды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/12699?lang=kk
Жеңіс күні құтты болсын! 10.04.2025
Павлодар облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Болат Бақауов сегіз ардагердің үйіне барып сыйлықтар табыстады.92 жастағы Ғабдолла Мусинов аймақ басшысын отбасымен бірге қарсы алды. Ардагердің үйіне Гонконгте тұратын немересі Әсел Лус пен екі жасар шөбересі Клой-Мария Лус келді.  – Біз атамызға мамыр айында Жеңіс күні қарсаңында келуге тырысамыз, – дейді Әсел Лус. – Менің қызым үлкен атасының үйіне алғаш рет келіп отыр, оған атасымен ойнаған ұнайды, ал ардагер атасы үнемі оған  тәтті тағамдар ұсынып отырады.Иван Лукиннің үйінде облыс әкімін әдеттегідей дастархан жайып қарсы алды. Майдангердің жұбайы Мария Федоровна тоқаш пісірді.– Біздей қарияларды ұмытпай, уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Көңіл бөліп, ескеріп қойсаңыздар, басқа ештеңе қажет емес, – деді Иван Лукин.Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы, сондай-ақ, Біләл Сәбитов, Сұлтанбек Байызбаев, Әнуарбек  Хұсайынов, Виктор Журавлев, Николай Егоренков және Михаил Кунгуров деген ардагерлерді құттықтап шықты.– Мен ардагерлерге Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, жыл бойы келіп тұрамын. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін оларға алғыс білдіруіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12678?lang=kk
«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті» 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген.  ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  pressgov@mail.ruТел: 74-06-01,  74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/12675?lang=kk
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді 10.04.2025
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен  21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12590?lang=kk
Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады 10.04.2025
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады.  Министрге барлығы 19 адам, олардың ішінде Астана қалаcы, Ақмола Павлодар, Қарағанды облыстары. сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, емдеу барысында көмек көрсету, жұмыспен мәселелеріне қатысты болды. «Бүгінгі кездесуде көптеген азаматтар зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін арттыру мәселелері бойынша сауалдар қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, сондай-ақ, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден 20%-ға арттырылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 81,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша қазақстандықтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында толық мағлұмат ала алады.Сонымен бірге, азаматтар менен Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы сұрады. Мен оларға бағдарлама бойынша несие алу жолдары, азаматтарды жұмыспен қамту барысында қандай тетіктер қолданылатыны жайында мәлімет бердім»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау аяқталған соң.Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12589?lang=kk
2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды 10.04.2025
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk
«ОҢТҮСТІК» АЭА СЯНЬЯНДІК «СИНЬСИН» ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІП ПАРКІНЕН ӨЗ ӨКІЛДІГІН АШАДЫ 10.04.2025
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ҚХР-на жасаған ресми сапары аясынада ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, Сяньяндік «Синьсин» тоқыма өнеркәсіп паркінен өз өкілдігін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық делегацияның құрамы атынан «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқармасының төрағасы - Дилдабаев М., «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - А. Турсынгалиев,  «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы  А. Алдажаров ҚХР-на  ресми іс-сапарымен барып қайтқан болатын. Осылайша, таяу уақытта ҚХР-дағы «Оңтүстік» АЭА өкілдігі өндірістік қабаттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жалпы елдер арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және маңызды инвесторларды тартуға бағытталған инвестициялық, инновациялық өндірістерді іске қосу жұмыстарын бастайды. Бірлескен қызметке алғашқы қадам болып жобалық  іске асыру құны 100 млн. АҚШ доллары болатын "Сяньяндік тоқыма корпорациясы" АҚБ жіп иіретін фабрикасын салу   болатынын айта кеткен абзал. ҚХР аумағындағы 11 000  астам адам жұмыс істейтін "Синьсин" ("Xinxing") - Сяньяндік тоқыма өнеркәсіптік паркі ҚХР-дағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады. Жер аумағы бойынша 10 000 га құрайды. Тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырып  сондай-ақ өндірістік парк ретінде басқа да салаларда өз қызметін жүргізеді. Өндірістік аймақта өнім мүмкіндіктерін іске асыратын «Zara», «Pierre Cardin», «Massimo Dutti», «Hugo Boss», «Pull&Bear» сияқты ірі брэнтік корпорациялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, парк резиденттердің бірі дүниежүзілік автопром паркінің көшбасшысы «KIA Motors Corporation» компаниясы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk
Өсімдік шаруашылығы басты назарда 10.04.2025
Павлодар кәсіпкерлерін өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына белсенді араластыру қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде талқыланды.Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев Павлодар облысының ұн тартатын кәсіпорындар өз қуаттылығының 47 пайызын, жарма өңдеушілер 40 пайызын ғана қолданатындығын атап өтті.– Өткен жылы облыста 56 мың тонна ұн өндіріліп, оның 7,2 мың тоннасы Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа мемлекеттерге экспортталды, – деді басқарма басшысы. – Егер біздің кәсіпорындар жергілікті нарықтың сұранысын толық орындаса, көршілес елдерден ұн әкелу азаяр еді. Бұған қоса, Орта Азия мемлекеттерінде диірмендер саны артқан. 2016 жылы жарма өңдейтін кәсіпорындар 24 мың тонна өнім шығарып, оның 8,4 мың тоннасы экспортталған. Бұл кәсіпорындар өз қуаттылығының 40 пайызын ғана қолданады. Олардың басты мәселесі көтерме бағаға келіп тіреледі. Өкінішке орай, өлшенген жарманы саудалаумен ешкім айналыспайды. Шағын қалталарға орау тек екі кәсіпорында ғана бар.Басқарма басшысының айтуынша, күнбағыс аз өңделеді. Күнбағыстың ауқымды егілгеніне қарамастан, 2016 жылы мың тоннадан астам ғана май шығарылды.– Тек Качир ауданында 70 мың гектар күнбағыс егіледі, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Орташа шығымдылық гектарына 7 центнерді құрағанда шамамен 49 мың тонна күнбағыс алуға болады. Біз сонда не астықты, не жарманы, не күнбағысты өңдемейміз. Аталған жағдайда ауыл шаруашылығы басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасы бірлесіп Инвестициялар жөніндегі агенттікпен барынша жұмыс істеу керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12498?lang=kk
БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек  бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек,  лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
В рамках X Астанинского экономического форума презентован второй обзор инвестиционной политики Казахстана, направленный на качественное улучшение бизнес среды в стране.В ходе сессии, посвященной вопросам улучшения инвестпривлекательности страны, также стало известно о присоединении Казахстана к Декларации ОЭСР о международных инвестициях и многонациональных предприятиях. Таким образом, наша страна стала 48-м по счету государством, объявившем о стремлении создать наиболее  прозрачную и комфортную среду для иностранных инвесторов.В своем приветственном слове Вице-министр по инвестициям и развитию РК Е.Хаиров отметил большой вклад команды экспертов ОЭСР в подготовке второго обзора, а также поблагодарил за их кропотливую работу и активную поддержку Казахстана. «Конкуренция за инвестиции будет всегда, и наша задача всегда быть первыми в этой борьбе. Поэтому мы высоко ценим данные рекомендации и их качественное внедрение очень важно в процесе укрепления экономики Казахстана. Хотел бы выразить искреннюю благодарность Секретариату и партнерам ОЭСР, за ваш вклад в улучшение инвестиционного климата Казахстана, за полезные рекомендации и плодотворный труд», - подчеркнул Ерлан Хаиров.За последние 5 лет Казахстаном совместно с экспертами ОЭСР проделана большая работа по улучшению инвестклимата в стране. Устранены административные барьеры, внедрены новые стимулы для инвесторов. Расширен список стран, граждане которых пребывают в Казахстан в безвизовом режиме. С 1 января т.г. их количество составляет 56 стран. Также были усовершенствованы условия привлечения иностранной рабочей силы, при Верховном суде создана Специализированная судебная коллегия по инвестиционным спорам.Создан Национальный контактный центр по ответственному ведению бизнеса, посредством которого обеспечена обратная связь между гражданским обществом и инвесторами.В соответствии с рекомендациями ОЭСР совместно с Всемирным Банком разработана Национальная стратегия по привлечению инвестиций, где прописаны четкие механизмы привлечения инвестиций, совершенствования инвестклимата в соответствии с новым пакетом рекомендаций ОЭСР. «Работа по улучшению инвестиционого климата не остановится на достигнутом, мы будем вкладывать все усилия для соответствия инвестиционного климата Казахстана передовым стандартам стран членов ОЭСР», - заверил вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk
ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр.  Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.  Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы»  үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Денис Тенның отбасына көңіл айтты 10.04.2025
Орны толмас қайғыға тап болдық –біртуар адам, жас дарынды спортшы, еліміздің мақтанышы, Сіздердің ұлыңыз – Денисжан түршігерлік оқиғаның салдарынан өмірден озды.Орны толмайтын қазаға орай, Сіздерге және Сіздердің туған-туысқандарыңызға қайғы-қасіретке ортастығымды білдіріп, көңіл айтамын.Жақынымыздан айырылу барлығымызға да ауыр тиеді, әйтсе де ұлдың қазасы – ата-анасы үшін ештеңемен салыстыруға келмес қасірет. Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәні, үміт, сүйеніштеріңіз болды. Сіздер оған бар сүйіспеншілік, жігерлеріңіз бен армандарыңызды арнадыңыздар.Денис әрдайым жастық, мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, Отанға шын берілгендік пен отансүйгіштік бейнесі болып қалады.Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанның даңқын биіктетіп, жүздеген балалар мен қыздар үшін үлгіге айналды.Денистің аты жүрегімізде мәңгіге сақталып, өз нұрымен жылытып, қайғы-қасіреттің қиын сәттерінде бізге жұбаныш болады.  Қостанай облысының әкіміА. МұхамбетовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12297?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының кезекті отырысына мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен қолдау мәселесін  қарастырылуына байланысты, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев бекіткен сапар кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмыс тобы Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында орналасқан мемлекеттік органдар және ұйымдарын қарады. Жұмыс тобының сапарына ТРМК Департаменттің бас маманы Н. Сатыбалдинов қатысты.Сапар барысында 36 мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына сәйкестігін тексерілді, сол уақытта ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарттың күшіне енуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ғимараттарда, басшының кабинеттерінде және жалпы көрініске қолайлы жерлерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді орнату дұрыстығына, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жерлердің мемлекеттік рәміздер қойылымына арналған орындар болуына айрықша көңіл бөлінді. Орнатылған мемлекеттік рәміздер ұлттық стандарттарға сәйкестігі қаралды. Бүгінігі уақытқа дейін бірен-саран мемлекеттік органдарда табиғи тозуына байланысты туындайтын (нақыстар, жарық, таптар, бояу тектестіктер және басқалар) ақаулары бар мемлекеттік рәміздер қолдану фактілері кездесті. Кейбір мемлекеттік органдар стандарттардың маңызды өзгертулерін есепке алмай жасаған елтаңбалы мөрлеріне ие және ұйымдардың ресми бланкілері ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының қара-ақ түсті бейнемен жасалған, рәміздің элементтері анық басылмаған анықталды.Айтылған ескертулер тексеру аңықтамасына кіргізіліп мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарастырылуға  бағытталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12267?lang=kk
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 12 мамыр күні Семейде «Семей қаласының медициналық қызметкерлеріне арналған өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілдіДөңгелек үстелді Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бас мамандары Арай Байзақовамен Мұхтар Елеусизовтің қатысуымен, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК мекемесінде өткізді.Дөңгелек үстелдің мақсаты -  аға және кіші медицина қызметкерлерінің, өлшеу құралдары мен медициналық құрал-жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру. Медициналық приборларға өлшеуіш құралдар ретінде қандай метрологиялық талаптар қойылатыны белгілі. Көп жағдайда медициан қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығына назар аудара бермейді немесе медициналық өлшеу құралдарына қатысты заңнамалардың талаптарын білмейді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасына сәйкес диагностикалау және емдеуде қолданылатын өлшеу құралдары міндетті түрде тексеруден өтеді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасын бұзушы кінәлі тұлғалар заң бойынша жауапқа тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12178?lang=kk
МЕТРОЛОГИЯ – ӨЛШЕМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 10.04.2025
Метрология – талап етілген дәлдікке жету тәсілдері мен олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары мен әдістемелері туралы және өлшемдер туралы ғылым. Бұл әр-түрлі физикалық шамадағы өлшем бірліктерін орнатумен және олардың эталонын қалыптастырумен, физикалық шамалардың өлшем әдістерін әзірлеумен, сонымен қоса, өлшем дәлдігін талдаумен, өлшемдегі дәлсіздікті туғызатын себептерді зерттеп, оларды жоюмен айналысатын ғылым.Адам күнделікті өмірде өлшеммен тығыз қатынаста болады. Ұзындық, көлем, салмақ, уақыт және тағы сол сияқты шамалармен әрбір басқан қадам сайын кезігеді. Демек бізге өмірде барлығын өлшеуге тура келеді. Тіпті өз өлшеміңді білмесең жейде немесе туфли сатып ала алмайсың. Ал ғылым мен техникада миллиондаған өлшемдер жасауға тура келеді.Кез келген өлшем – ол салыстырма, ал өлшем бірлігінің дәлдігі – ол дәлсіздігін нөлге жақын көрсететін сипаттама.Ондаған сантиметрлік дәлдік біреу үшін жеткілікті екені түсінікті, егер сіз көлік бөлшектерін алсаңыз, онда ол жерде миллиметрлік дәлдіктің өзі тым өрескел болуы мүмкін, егер екі саңылаудың өзі бір-бірінен миллиметрге өзгеше болса, саңылауға болттың өзін бұрай алмайсыз. Сол сияқты уақыт өлшемі. Бір жағдайда оны минут дәлдігіне дейін білу қажет (мысалы: егер сіз бәліш пісірсеңіз), ал қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, секундтың жүздік бөлшектері бар секундамер қажет. Денсаулық сақтауды алсақ, науқастың диагнозын анықтау үшін өз өлшем дәлдігі бар медициналық жабдыққа бірнеше зерттеулер (өлшеулер) жүргізу қажет.Метрология стандарттаудың ажырамас бір бөлігі, стандарттау өндірістегі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың тиімді де ең қажетті құралы болып табылады.Барлық дамыған елдерде стандарттау мен метрологияны елдің ілгерлеуі мен күш қуатын арттыруға қолданады. Олардың көмегімен өндіріс тиімділігін жоғарлату мәселелерін шешіп, өндіріс сапасын арттырады.  Метрологиядағы дұрыс қойылған стандарттау  мен метрологиялық қызмет кәсіпорынның барлық бағытта дамуына жағдай жасайды.Қазақстан Республикасында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданған және ол бүгінгі күні қолданыста. Заңда метрологиялық талаптарды сақтау міндетті болып табылатын қызмет салалары анықталған және кейбіреуіне мемлекеттік метрологиялық бақылау қарастырылған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге мемлекеттік метрологиялық бақылауды, құқықтары мен міндеттері Заңмен орнатылған мемлекеттік инспекторлар жүргізеді.Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:- өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды; - сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;- өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік осы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңмен орнатылған.Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі нормативтік базасы құрылған, ол өзіне мемлекеттік стандарттар мен Республиканың барлық аумақтарында бірлік шамасының қөлемін беру тәртібін және сынақ жүргізу, салыстырып тексеру мен өлшем бірлігін калибрлеу тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттар жиынтығына құралған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталонды базасы саналады.Жоғарыдағы ҚР Заңымен толық танысқысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Ықылас Дүкенұлы көшесі 29 үй, байланыс телефонымыз: 270741, 270742, Email: gosnadzor_Astana@mail.ru.      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - С.В. Коваленко Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12140?lang=kk
2016 ЖЫЛҒЫ 29-30 СӘУІРДЕ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНЖИНИРИНГ: ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 10.04.2025
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Қазақстан қайта құру және даму көп салалы институты және Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған конференцияда жетекші университеттердің, ғылыми және әлемдік инжинирингтік орталықтардың ғалымдары мен мамандары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, кәсіби қауымдастықтар, жобалы-конструкторлық, іздестіру және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.Конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы А.О. Мамбетаев және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Мемлекетаралық стандарттау және ақпараттандыру басқармасының бастығы И.В. Хамитов қатысты.Пленарлық мәжіліс шеңберінде ҚР салалық мемлекеттік органдары, германдық ғылыми-зерттеу ұйымы және Ұлыбритания Болтон университеті, Ресей Федерациясы Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы басшылығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның құрылыс саласындағы қауымдастықтар және жетекші ұйымдарының өкілдері баяндамалар оқыды.Өзінің пленарлық баяндамасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы А.О. Мамбетаев құрылыс саласындағы техникалық реттеу аясының ведомство өткізетін жұмысты көрсетті, оның ішінде келесі:- ұлттық техникалық регламенттерді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жұмыс бағыттарын айтып өтті.Бүгінгі күні салалық мемлекеттік органдармен үкімет деңгейінен министрліктер деңгейіне ұлттық техникалық регламенттерді аудару, және құрылыс саласында олардың ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісуімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұйрығымен бекітуі бойынша жұмыстар өткізіліп жатқаны атап өтілді.Сондай-ақ «Ғимараттар және құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай ұлттық үсті техникалық регламентін әзірлеу бойынша ағымдағы ахуал хабарланды;- еурокодтардың және олардың сілтеме стандарттарының бейімделуі.Еурокодтарға сілтеме халықаралық (ISO) және еуропалық (EN) стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс баяндалды.Сонымен қатар, 2016 жылғы әзірлеуге жоспарланған 747 стандарттан 1/3 астам бөлігі құрылыс саласына келетіні көрсетілді.- Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды жүзеге асыру.Инвестициялар және даму және ұлттық экономика министрліктері арасында келесі тармақтарды қамтитын Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды қабылдау көрсетілді:- құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасын талдау және жүйелендіру;- аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес ИТЖ аттестциясы бойынша орталықтардың біліктілігін анықтаудың балама тәртібін құру мәселесін қарастыру;- стандарттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;- нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар жаңалық енгізу бойынша ұйымдық-түсіндіру жұмысы және т.б.Сөз сөйлеу сонында осы бағытта жұмыс жалғасатыны айтылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12138?lang=kk
ӨНІМДІ КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ 10.04.2025
Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Өнімді каталогтау жүйесін құрудың негізгі міндеттері:- қызығушылық танытқан мемлекеттік басқару органдарымен, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасынджа өңдірілген өнім, оның негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылатын нормативтік немесе техникалық құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;- шығарылатын өнімді есепке алу және жаңа өнімге қажеттіліктерін есепке алу;- өнімнің тиімді атау тізімін нысандау және оны жобалауға, сатып алуға және техникалық күтіп-баптауға кеткен мемлекет шы,ғындарын қыстарту;- Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтарын құру және жаңарту.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге: 1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары, 2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Өндіруші Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттарды алдын – ала электрондық түрде уәкілеттік органға жібереді. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттар ҚР СТ 1.11 стандартында көрсетілген пішімде өнімнің каталогтау парағымен береді.Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді, бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді, каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша түрде бас тарту туралы ақпарат жіберіледі. Өндіруші каталог парағындағы көрсетілген толық емес, не анық емес мәліметтерді өзгерткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.Өнімнің каталогтау парағын туралы толық ақпаратты Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінен аласыздар. Біздің мекен жайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31 үй, телефон 270741, электронды мекенжай gosnadzor_astana@mail.ru.Қыстаубаева Азиза Қалиқызы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12123?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША, ЕНГІЗУІН ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 22 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, «Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалының, «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының және мемлдекеттік мекемелердің қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері – Мемлекеттік туын, Елтаңбасын қолдануы бойынша, ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында дөнгелек үстөл отырысы өткізілді.Отырыс барысында қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді қолдану міндетті, мемлекеттік рәміздерді өндірушілер мен қолданушыларға Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзғандығы үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылады, және тағы-да басқа бірқатар сұрақтар көтерілді.ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысудың қажеттілігі мен есептері бойынша және ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізілді.Мемлекеттік елтаңбаның авторымен өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп конструкторлық сызбалары қайта қаралу қортындысы бойынша:- Мемлекеттік елтаңбаның барлық элементтеріне детализация жүргізілді;- элементерін модельдеуде қажетті өлшемдері келтірілді;- 2008 жылғы стандартта көрсетілмеген барлық құрайтын элементтерінің атауы кетірілген.Өндірісте берілген параметрлер мен талаптарға сай өндіруді қадағалау мақсатында жаңа стандартталған бақылау әдістемелері енгізіліп, осы әдістемелер даулы сұрақтар туындағанда берілген стандартқа сәйкестігін біркелкі растауға көмектеседі.Сонымен қатар жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілді уақты 3-жыл мерізімінде деп белгіленген.Отырыс барыснда қатысушыларға стандарттарға енгізілген барлық өзгерістер түсіндіріліп, қолдану ережесі бойынша және стандарт талаптарына сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесі талқыланды.Дөнгелек үстөл барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, берілген ұсыныстарды жұмыс кезеңі барысында тағыда қарауға шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12119?lang=kk
ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫС ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
2018 жылдың 28 маусымында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «ОЛВИ» ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне барды.Кездесудің мақсаты «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан нарығындағы құрылыс өнімдерінің айналыс шарттары болды.Осылайша, техникалық регламенттерді пайдалану кезінде нарық айналымында құрылыс өнімдері келесі ілеспе құжаттармен қамтамасыз етілуі керек – пайдалану нұсқаулығы, сапа төлқұжаты, техникалық немесе нормативті және басқа да зиянның ықтимал қауіптерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті құжаттар.Бұдан басқа, азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған құрылыс материалдарымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, сақтау мерзімінің немесе сақталу мерзімінің аяқталмауы, орауы бүлінбеген, пайдалану құжаттамасының толық жиынтығы болуы керек.Тұтынушыларды құрылыс материалдары мен бұйымдармен қауіпсіз пайдалану үшін  ереже нұсқаулықтары, сатушыларға оларды сату тәртібі туралы ақпарат, одан әрі тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу үшін нұсқаулықтармен қамтамасыздандыру тиіс.Сонымен қатар, құрылыс өнімдерінің нарығындағы негізгі талаптарының бірі, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің сәйкестікті растамай, нарық айналымына және сатылуға жол берілмеуі.Кездесу қатысушыларын сәйкестікті бағалаудың міндетті үрдісінен өтуге тиісті құрылыс материалдарының атауларымен таныстырды және оларға «Міндетті сертификаттауға жататын құрылыс өнімдерінің тізбесін» ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12112?lang=kk