Қоғам
Алматыда Астана күні қарсаңында «Астана – Ардағым» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді 10.04.2025
«Астана – Ардағым» мерекелік сыйлығымен Алматы қаласында тұрған әрі туылған және Астананың қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан, Президенттің астананы көшіру туралы шешіміне барынша қолдау көрсеткен қайраткерлер марапатталады.Алматы қаласының Мәдениет басқармасы хабарлағандай, «Астана – Ардағым» сыйлығы 20 категория бойынша беріледі, олар - білім мен ғылым, сәулет пен құрылыс, денсаулық сақтау, спорт, өнер, кинематография, журналистика және әдебиет салалары.«Бүгінгі күні Алматы қаржы және экономикалық магнит ретінде еліміздің саяси орталығы – Астананы үйлесімді толықтыруда. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, күшті саяси орталық пен либералды қаланың келісімі мемлекеттің тұрақты дамуына ықпал етеді», - деп атап өтілді Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Астананың тағдыры – екі ғасырды артқа тастаған барша қазақстандықтардың тағдыры. Бұл заманауи мемлекетке айналған, жаһандық қоғамдастық таныған және құрметтеген, Ұлы жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры» деген сөздері еске түсірілді.Номинанттарды іріктеу конкурстық комиссияның http://astana.ardaq.kz сайтында ашық дауыс берулері арқылы 9 желтоқсанда Астана уақытымен 00:00 сағатта аяқталады.Еске салсақ, келер жыл Қазақстан астанасы үшін мерейлі жыл. Алматыда Астананың 20 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар ауқымды мәдени шаралар-концерттер, фестивальдер, көрмелер өткізу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/13157?lang=kk
Кадрлық өзгерістер 10.04.2025
Жаңа басшыны таныстыра отырып, аймақ басшысы Болат Бақауов бұған дейін ауыл шаруашылығы және жануарлар дүниесі Министрлігі жанындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын молайту және акваөсіру басқармасының басшысы қызметін атқарған. Сонымен қатар, 2013 жылдан 2016 жылға дейін Нариман Жүнісов орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.– Сіздің осы салада тәжірибеңіз өте зор, – деді облыс әкімі. – Жақын арада біз сіздің жұмысыңыздың нәтижесін көретінімізге сенімдімінНариман Жүнісов 1981 жылы туылған. 2003 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін, 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/13132?lang=kk
«ВЗЛЕТ-ҚАЗАҚСТАН» ӨНДІРІСТІК ФИРМАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.04.2025
2019 жылдың 11 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «Взлет-Қазақстан өндірістік фирмасы» ЖШС-нің қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бас маманы Айнұр Кенжеғүлова, техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің жаңа талаптарын түсіндіріп берді.Аталған іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12976?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ТОҚТАТЫЛМАЙДЫ 10.04.2025
ҚР ИИДМ техникалық байқау орталықтарында жалған техникалық байқау жүргізуді болдырмау үшін талаптарды күшейтуде2019 жылдың сәуірінде "Жол жүрісі туралы" заңға техникалық байқау операторларының бақылау-диагностикалық жабдықтарынан ақпарат беретін арнайы бағдарламаларға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Бүгінгі таңда мамандандырылған бағдарламаларға қойылатын талаптар жобасы ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуде.Бұл талаптар автомобильді техникалық байқау желісіне ұсынбай жатып техникалық байқауды өткізу фактілерін болдырмауға, сондай-ақ деректерді "қолмен" енгізуді (фотошоп) болдырмауға бағытталған.Елімізде техникалық байқауды жою мәселесі қарастырылмайды, өйткені оның мерзімді өтуі жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығының, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған.Басқа елдерде тіркелген автомобильдерге техникалық байқауды жүргізетін тұлғалардың қызметіне келетін болсақ, ҚР ИИДМ техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген операторлардың міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізетінін атап өту қажет.Министрліктің құзыретіне техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілмеген тұлғаларға қатысты тексеру жүргізу кірмейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12975?lang=kk
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 25 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы «Беркат» ЖШС және «Селмурзаев» ЖК кәсіпорнында болып қайтты.«Сельмурзаев» ЖК және «Беркат» ЖШС 1998 жылы құрылған бірыңғай агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. «Беркат» ЖШС Қазақстанда сатылып, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ресейге және Ауғанстанға экспортталатын жоғары, бірінші және екінші санаттағы жоғары сапалы бидай ұнын өндірумен айналысады. Дермен айына 1 300 мың тонна бидай өңдейді.Дермен барлық қажетті құралдармен жыбдықталған.«Сельмурзаев» ЖК пісірмесі түрлі өнімдердің кең ассортиментін пісіреді.Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік қадағалау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторымен өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ органикалық өнімдерді өндіру бойынша ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12973?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ТҮСІНДІРІЛДІ 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 13-26 маусым аралығында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы Д.Ж. Кожикова «Карагандинская обувная фабрика» ЖШС, «ЕСКО» ЖШС, «Дедал» фирмасы» ЖШС, «Стежок» ЖШС техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларындағы заң талаптарын түсіндірді.Бұдан басқа, арнайы киім, арнайы аяқ киім және шұлық өнімдері өндірілетін кәсіпорындардың назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы заңнаманың мақсаты мен міндеттері жеткізілді. Осы орайда, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы мен «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы талаптарын қатаң сақтау маңыздылығына ерекше назар аударылды.Кездесудің қорытындысы бойынша тұшымды пікір алмасу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12970?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады 10.04.2025
Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Министр, жыл басынан бері, Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартудың жаңа әдісі жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Ендігі уақытта, әр шақырылған маман үшін, жұмыс беруші мөлшері салалар мен жұмысшының біліктілік деңгейіне қарай есептелетін салық төлейтін болады. Бүгінде, шетелдік білікті кадрлар, Қазақстанда өздігімен келе алады және оларға экономиканың басым бағыттарында сұранысқа ие кәсіптер тізіміндегі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жол ашық. «Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер тарапы, шетелдік мамандарға рұқсат берумен қатар, оларға жұмыс орнын ұсынуда және еңбекақысын тағайындау кезінде заңның бұлжытылмай сақталуын қамтамасыз етуі міндетті.Бізге, бәрінен бұрын білікті кадрлар тартуға бейімделген, салмақты көші-қон саясаты қажет. Қазіргі уақытта, көші-қон үдерістерімен байланысты қауіп-қатерлер кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; азаматтар мен мигранттарды ел аумағында оңтайлы орналастыруды; экономиканың қажетті жұмыс күшіне сұранысын қамтамасыз етуді қарастыратын Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындадық», - деп қосты ҚР ЕХӘҚМ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12811?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА АСЫЛ ТАСТАРДЫ ӘКЕЛУ ЖӘНЕ ӘКЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІПТЕРІН ТҮСІНДІРДІ 10.04.2025
2017 жылдың 26 мамырында VIII халықаралық тау-кен металлургиялық конгрессі және «AstanaMining&Metallurgy» – АММ-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту жөнінде ұсыныстар жасау мәселесі талқыланды.Талқылаудың негізгі тақырыбы: Қазақстанда зергерлік бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.Отырысқа республиканың мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ «Тау-Кен Алтын» ЖШС, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҰлтСжС» АҚ сынама палатасының, Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау орталығының, «Қазақстанның зергерлер лигасы» ЗТБ және ЖК, «Қазақювелир» АҚ басшылары және зергерлік саланың басқа да өкілдері қатысты.«Асыл тастарды, бағалы металдардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу және әкетудің ерекшеліктері» тақырыбына шолу ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева баяндама жасады.Баяндамада 2016 жылдан бастап енгізілген асыл тастар және зергерлік бұйымдар туралы заңнаманың 5 тармақ бөлігіндегі және жоспарланатын өзгерістердің негізгі жаңа тәртіптер айтылды. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау жаңа форматта қолданылатын болады. Осылайша, бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру аясында тексеруден ескерту сипаты бар бақылау формасына көшіру жоспарланып отыр»,-деп хабарлады ТРМК төрағасының орынбасары.Сонымен бірге, ЕАЭО кірмейтін елдерден зергерлік бұйымдарды біздің елге әкелу және өзге елдерге әкету туралы біздің отандық өндірушілерді толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қолдау кезінде зергерлік саланы дамыту бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Ссөз соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Шынар Қазыбаева еліміздегі зергерлік саланың табысты дамуына, отандық өндірістің алға басуы мен әлемдік нарыққа шығуына, ал өндірушілерге шығармашылықтың жемісі – теңдессіз бұйымдар шығаруларына тілектестігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12810?lang=kk
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ 10.04.2025
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.AMM-2017-нің басты тақырыбы - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk
ОСЫ АПТАДА АСТАНАДАН БІРНЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017 халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы 31 мамырдан Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда. «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:-қазақстандық тасымалдаушы үшін - Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.-украиндық тасымалдаушы үшін - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:- Киев – Астана аптасына 7 рейсов (МАУ);- Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);- Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана). Аталған рейстер ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шетел мемлекеттері авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12765?lang=kk
2016 жылы «Өрлеу» жобасы аясында 38 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды 10.04.2025
Бұл туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі жаңа әдістерге арналған бүгінгі брифинг барысында, ЕХӘҚМ вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.Ол бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңына Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойғанын еске салды.Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:- көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады.Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.Сонымен бірге, вице-министр, 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгенін мәлімдеді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.«2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 2 еседен астамға өсіп, еңбекке жарамды тұрғындардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, пилоттық аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатары 24,7%-ға қысқарды», - деп тарқатты Светлана Жақыпова.Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12748?lang=kk
2017 жылы 21 мыңнан астам жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жас қазақстандық жұмысшы кәсіптерге тегін оқи алады 10.04.2025
Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.Біржан Нұрымбетов, сөз басында, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында (әрі қарай – бағдарлама) келесі мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді: сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім алу ұйымдастырылып, мұнда бәрінен бұрын, мектепті аяқтағаннан кейін оқу орындарына түспеген жастарға назар аударылады. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Осымен бірге, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізілетін болады (1-6 ай аралығы). Бұл оқу түрінде 26 мың адамды қамту көзделуде», - деп мәлімдеді вице-министр.Бағдарламаның екінші бағытында, ауылмен қатар, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалады.«Өтеу мерзімі 7 жыл несиенің жылдық мөлшерлемесі 6% деңгейде сақтала отырып, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылады. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге арналған келесі бір тың шара, несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі: бизнесін енді бастағандарға 85%-ға дейін және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Ауыл мен шағын қалалалардағы несиелеу, шағын қаржы ұйымдарын қосқанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүргізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асатын болады. Үстіміздегі жылы 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда», - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы тренерлер мен табысты да тәжірибелі кәсіпкерлерді тартқан райда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау-бизнес» жобасы арқылы қолға алынады. Ағымдағы жылы оқу сабақтарына 15 мың адам ілікпек.Үшінші бағытта азаматтардың жекелеген санаттарының жұмысқа орналасуында атаулы көмекті күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды күшейту және еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.Анығырақ тоқталсақ, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар сынды құралдар жастар мен әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында сұранысқа ие. Биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 мың адамды орналастыру межеленсе, жастар тәжірибесінде 12,7 мың адам қамтылмақ.Еңбек ресурстарының жұмылуын арттыруда, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Жыл сайын, өңірлер мен жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына сұранысын ескерген райда, ішкі көші-қон квотасы белгіленеді. Аталған көшті ынталандыру тетігі ретінде, бастапқы бейімделу және жол мен жүк тасу шығынын өтеу құралдарынан тұратын, қазіргі таңдағы әлеуметтік пакетті қолдану жалғасын табатын болады. Осы жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу мақсат етілген.Тағы бір маңызды мәселе, enbek.kz порталында Еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасы (электрондық еңбек биржасы) жасалып, онда ғаламтор кеңістігіндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер жайлы барлық деректі біріктіру күтілуде.2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 85 млрд теңге қарастырылғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12718?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ 10.04.2025
Бішкек қаласында 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk
Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу туралы 10.04.2025
Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталғанды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/12699?lang=kk
Жеңіс күні құтты болсын! 10.04.2025
Павлодар облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Болат Бақауов сегіз ардагердің үйіне барып сыйлықтар табыстады.92 жастағы Ғабдолла Мусинов аймақ басшысын отбасымен бірге қарсы алды. Ардагердің үйіне Гонконгте тұратын немересі Әсел Лус пен екі жасар шөбересі Клой-Мария Лус келді. – Біз атамызға мамыр айында Жеңіс күні қарсаңында келуге тырысамыз, – дейді Әсел Лус. – Менің қызым үлкен атасының үйіне алғаш рет келіп отыр, оған атасымен ойнаған ұнайды, ал ардагер атасы үнемі оған тәтті тағамдар ұсынып отырады.Иван Лукиннің үйінде облыс әкімін әдеттегідей дастархан жайып қарсы алды. Майдангердің жұбайы Мария Федоровна тоқаш пісірді.– Біздей қарияларды ұмытпай, уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Көңіл бөліп, ескеріп қойсаңыздар, басқа ештеңе қажет емес, – деді Иван Лукин.Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы, сондай-ақ, Біләл Сәбитов, Сұлтанбек Байызбаев, Әнуарбек Хұсайынов, Виктор Журавлев, Николай Егоренков және Михаил Кунгуров деген ардагерлерді құттықтап шықты.– Мен ардагерлерге Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, жыл бойы келіп тұрамын. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін оларға алғыс білдіруіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12678?lang=kk
«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті» 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген. ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі pressgov@mail.ruТел: 74-06-01, 74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/12675?lang=kk
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді 10.04.2025
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12590?lang=kk
Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады 10.04.2025
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады. Министрге барлығы 19 адам, олардың ішінде Астана қалаcы, Ақмола Павлодар, Қарағанды облыстары. сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, емдеу барысында көмек көрсету, жұмыспен мәселелеріне қатысты болды. «Бүгінгі кездесуде көптеген азаматтар зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін арттыру мәселелері бойынша сауалдар қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, сондай-ақ, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден 20%-ға арттырылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 81,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша қазақстандықтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында толық мағлұмат ала алады.Сонымен бірге, азаматтар менен Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы сұрады. Мен оларға бағдарлама бойынша несие алу жолдары, азаматтарды жұмыспен қамту барысында қандай тетіктер қолданылатыны жайында мәлімет бердім»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау аяқталған соң.Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12589?lang=kk
2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды 10.04.2025
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk