Enbekshi QazaQ

Қоғам

Жоғары Сот Кеңесінде қайта жаңару және халықтар бірлігінің символы болып табылатын Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс — шара өтті 06.04.2025
Жоғары Сот Кеңесінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов барлық қатысушыларды осы айтулы мерекемен құттықтап, оның мәдени және ұлттық дәстүрлерді нығайту, сондай-ақ қоғамды біріктіру үшін аса маңыздылығын атап өтті.«Наурыз-табиғаттың жаңару мерекесі, біздің тамырымызға, дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға құрмет күні. Бұл біз ата-бабаларымыздың даналығына жүгінетін және бізді халық ретінде біріктіретін байланыстарды нығайтатын уақыт. Наурыз бізге өзара көмек, құрмет пен сүйіспеншілікті үйретеді», - деді Д.Малахов. Салтанатты іс-шара аясында сайыстар ұйымдастырылып, оған үш импровизацияланған ауыл қатысты: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би.Қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетті: Наурыз дастарханы Наурыз жұлдызы Наурыз рухы Ұлыстың дәмі-наурыз көже Ұлттық дәстүрдің жанашыры Спорт шеберлері Ең шебер әртіс Ең үздік ауыл (гран-при)Іс-шара соңында Кеңес Төрағасы жеңімпаздарды марапаттап, барлық қатысушыларға ұлттық дәстүрлерге деген құрметі үшін, оларды сақтау мен одан әрі таратуға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сөз соңында Төраға денсаулық, бақыт және халықтың мәдени мұрасы мен бірлігін нығайтуда одан әрі табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/962994?lang=kk
ШҚО ХҚКО-ларында жұмыс кестесі өзгереді 06.04.2025
2025 жылдың 26 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшуде, деп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды. Енді облыс бойынша ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері-сенбі және жексенбі. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жеке кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбіден жұмаға дейін – 08:00 – ден 19:00-ге дейін, сенбіде-08:00-ден 12:00-ге дейін. Түскі үзіліссіз.  Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша кезекші ХҚКО Өскемен қ., Белинский к-сі, 37А және мамандандырылған ХҚКО –Самар тас жолы 23 мекенжайында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/962647?lang=kk
ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді? 06.04.2025
ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында,  Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін жариялайды.Жексенбі және дүйсенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, кезекші бөлімшелерді қоса алғанда, жұмыс істемейді.Наурыз мерекесі күндері 21, 22, 23, 24 наурыз ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болмайды.25 наурыз, сәрсенбі күні, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.Кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында,  Instagram парақшасында немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1178509?lang=kk
Экономиканың нақты секторын қаржыландыру Ұлттық экономика министрлігінің сарапшыларымен талқыланды 06.04.2025
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің екінші отырысы экономиканың нақты секторын қаржыландыруды талқылауға арналды. Оған 20 адам қатысса, жартысы тәуелсіз сарапшылар. Вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атап өткендей, экономиканың нақты секторын қаржыландырудың белсенді басталуы – бұл Қазақстанның ЖІӨ-ні ұлғайтуға бағытталған экономикалық реформасының үшінші кезеңі. Біріншісі – жаңа Бюджет кодексін қабылдау, екіншісі-Салық кодексінің жобасымен жұмыс істеу.Үкіметтің экономиканың нақты секторының жобаларын қаржыландыру жөніндегі негізгі бастамалары туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов баяндады- Қазіргі уақытта инвестицияның ЖІӨ-ге қатынасы 14-15% деңгейінде және объективті төмен болып табылады.  Экономикалық өсудің жоғары қарқынына және Мемлекет басшысы қойған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылға қарай ЖІӨ–ні 450 млрд долларға жеткізу қажет-инвестиция 2.75 есеге, 2024 жылғы 40 млрд доллардан 2029 жылы 103 млрд долларға дейін ұлғаюы тиіс.  Мұны қазір үкімет ұсынып отырған бастамалар есебінен қамтамасыз ету қажет – бизнесті 8 трлн теңгеге кредиттеу үшін Бәйтерек холдингі арқылы 1 трлн теңге бөлу керек, - деді вице-министр.Вице-министр инвестициялық жобаларға құю көлемін ұлғайтудан басқа, тағы бір маңызды проблеманы - сапалы инвестициялық жобалардың жеткіліксіздігін атап өтті.- Қаржыландыру мәселесі - бұл ішінара мәселе. Тағы бір маңыздысы – сапалы жобалардың жетіспеушілігі. Мұны халықаралық даму қаржы институттары да атап өтеді. Біз жобаларды қаржыландыруды 40 млрд доллардан 103 млрд долларға ұлғайту туралы айтатын болсақ, міндет тек қаржыда ғана емес, сонымен қатар инвестициялардың сапасында да екенін түсінеміз, - деп атап өтті Арман Қасенов.Өсудің негізгі нүктелері-өнімділігі жоғары экспортқа бағдарланған жобалар. Бұл металды қайта өңдеу, мұнай - газ, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі, мұнай және көмір химиясы және басқалар.Бәйтерек холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин 60% нарықтық қорландыруды және 40% бюджеттік кредиттеуді қамтитын холдингті қаржыландыру моделі туралы айтып берді. 2025 жылы Бәйтерек тарапынан қаржыландырудың жалпы көлемі 8 трлн теңге, оның 3,75 трлн теңгесі ұлттық валютада 12,6% ставка бойынша, 2,25 трлн ұлттық валютада нарықтық ставка бойынша және 2 трлн шетел валютасында берілетін болады.- Біздің басты міндетіміз-түпкі тұтынушы үшін ставкаларды 12,6% - ға біріздендіру. Бұл біріздендіру екінші деңгейдегі банктерге бүгінде Бәйтерек қатысып отырған барлық бағыттарға қатысуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Рустам Қарағойшин. - Уақыт өте келе, базалық мөлшерлеме қолайлы деңгейге дейін төмендеген кезде, банктер экономиканы қаржыландырудың ауқымды үлесін алады. Ал Бәйтерек және басқа да даму институттары экспортқа бағдарланған ауқымды тауашалық жобалар үшін өзіндік құралға айналады.Тәуелсіз сарапшылар тарапынан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, AERC бас директоры Жәнібек Айғазин жеңілдетілген қаржыландыру үшін жобалардың басымдығын қалай анықтайтынын және олардың инвестицияларды қайтару және ЖІӨ өсіміне қосатын үлесі тұрғысынан қалай бағаланатынын сұрады. ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12%, бұл үлес біздің күш-жігерімізге қарамастан айтарлықтай өспеуде. Ол инфрақұрылымның дамуы мен қуаттылығының артуына ерекше назар аударуды ұсынды. Бұл экономикаға жалпы әсер етпек, өйткені біз бәріміз инфрақұрылымды пайдаланамыз.Серік Жұманғарин бүгінгі таңда ЖҚҚ бойынша салынған инвестицияның ең үлкен қайтарымын ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, сауда береді деген жауап қайтарды. Белсенді өсу драйверлеріне көлік пен қойма кіреді. Бәйтерек арқылы қаржыландыруда басымдық металлургия, мұнай және көмір химиясы, тамақ өнімдерін өндіру, ИТ, ЖИ, логистика және т.б. жоғары өңделген өнім жасау жөніндегі жобаларға берілетін болады. Ал инфрақұрылымды дамыту үшін ұлттық инфрақұрылымдық жоспар бар. Оған сәйкес биыл 13 мың шақырым автожолды жаңғырту, салу және жөндеу, 1480 шақырымға жуық теміржолды жөндеу және жаңа теміржол желілерін салу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/962390?lang=kk
Профессор Г.Мендіқұлова Францияның Үлкен Шығыс өңіріндегі қазақстандық жауынгерлер жерленген орындарға барды 06.04.2025
Сарргемин, Форбах, Метц, 2025 жылғы 19-20 наурыз – белгілі қазақстандық зерттеуші, тарихшы, профессор Гүлнар Мендіқұлованың Францияның Үлкен Шығыс өңіріне жұмыс сапары аясында ҚР Страсбургтағы Бас консулдығы жергілікті билік, архив және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үлкен Шығыс өңірінде қаза тапқан кеңес одағының қазақстандық жауынгерлері жерленген орындарын анықтау мақсатында бірқатар кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырды.Сарргемин қаласының әкімдігі мен Форбах қаласындағы Souvenir Français патриоттар қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесулер барысында француз тарапы ұсынған тарихи мұрағат құжаттары зерттелді.Профессор Г.Мендіқұлова сонымен қатар Bains Saint Jean әскери тұтқындар лагеріне және Метц қаласының департаменттік архивтеріне барып, Қазақ КСР-інен шыққан әскери тұтқындар – Василий Бабков, Мұхамед Рахимов, Садуакас Морсабаев және басқалар туралы мәліметтер қамтылған құжаттарды тапты.Бұдан бөлек, Метц қаласындағы Соғыс жауынгерлері мен құрбандар ұлттық басқармасының өкілдерімен кездесу өтті. Келіссөздер барысында қазақ әскери тұтқындарының тағдырын зерттеу бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Француз әріптестер Е.Португаль және тарихшы, публицист-ғалым Ф.Вильмут қазақстандық тараппен бірлескен жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ жерлеу орындарын іздеу, дерекқор жүйесін қалыптастыру бойынша тәжірибе және ақпарат алмасуға дайындықтарын білдірді.Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тарихи жадыны сақтау және Екінші дүниежүзілік соғыста қатысқан қазақстандықтардың ерлігін мәңгі есте қалдырудың маңыздылығын атап өтті. Атқарылған жұмыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығы қарсаңында ерекше символдық мәнге ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/962190?lang=kk
Аустрия Орталық Азия елдерімен парламенттік ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті 06.04.2025
Вена, 2025 жылғы 4 сәуір – Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Орталық Азия елдерінің Елшілері Аустрия Республикасы Парламентінің Ұлттық кеңесі Президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді.Диалог барысында Вальтер Розенкранц Орталық Азияның жаһандық саясаттағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, Еуропалық одақтың аймаққа деген қызығушылығының күшейгенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге ерекше мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылады. Әсіресе парламенттер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Розенкранц Аустрия мен аймақ елдері депутаттарының байланысын нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Қазақстанның Елшісі Мұхтар Тілеуберді бұл кездесудің Орталық Азия – ЕО саммиті аясында Самарқандта өтіп жатқанын атап өтті. ҚР Елшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ парламентшілердің ТМД ПА және ЕҚЫҰ ПА аясындағы өзара іс-қимылы туралы жан-жақты ақпарат берді.Орталық Азияның басқа елдерінің елшілері өз мемлекеттеріндегі қазіргі өзгерістер, Аустриямен ынтымақтастықтың дамуы туралы айтып, парламенттік диалогты жандандыруға қызығушылық танытты. Аймақта болып жатқан реформалар туралы аустриялық депутаттардың хабардарлығын арттырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетудің ықтимал форматтарын, соның ішінде делегациялармен алмасу және халықаралық форумдардағы бірлескен бастамаларды талқылады. Дипломатиялық миссиялар басшылары Аустрия Парламентінің Президентін Орталық Азияға ресми сапармен келуге шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/970358?lang=kk
Әкімшілік құқық бұзушылық кезінде алынған заттар және құралдар 59 қароп темекі түрінде "Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ-не берілді. 06.04.2025
Құқық бұзушылардың мүлкін тәркілеу бойынша атқару өндірісі аясында «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы тәркіленген заттарды «Уәлихан ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ-не 59 қорап темекі түрінде тапсырды.Құқық бұзушының тәркіленген мүлкі мемлекет кірісіне айналады. Сот шешімі орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969481?lang=kk
"Таза Қазақстан" 06.04.2025
Мариногорка ауылдық округінің Мариногорка ауылында "Таза Қазақстан" акция  аясында, әкімшілік ғимаратының маңайына гүлдер отырғызылып, гүлзарлар жасалдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1227359?lang=ru
Жұпсыз жібек көбелегі 06.04.2025
         Жұпсыз жібек көбелегі – карантиндік зиянкес, өйткені ол орман алқаптарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Жұпсыз жібек көбелегі жапырақты ағаштарды, әсіресе қайың мен теректі жақсы көреді. Бұл зиянкестің таралуына жылы қыстар, көлікпен және ағаш материалдарымен тасымалдануы ықпал етеді.      Оның өмірлік циклі төрт негізгі кезеңнен тұрады: жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ және имаго. Аналық көбелектер жұмыртқаларын топтастырып ағаш қабығына және басқа да беттерге салады, бұл олардың қолайсыз жағдайларда тірі қалуына көмектеседі. Жұлдызқұрттар – негізгі зиянкестер, олар белсенді түрде ағаш жапырақтарын жеп, 6-8 апта ішінде 5-6 даму сатысынан өтеді.           Қуыршақтардың дамуы және ересек көбелектің пайда болуы шілде айының басында басталып, шілденің аяғы – тамыздың басында аяқталады. Толық даму үшін 900-1000°С (тиімді температурасы +5°С-тан жоғары), 600-700°С (тиімді температурасы +10°С-тан жоғары) қажет.        Ересек көбелектер шыққаннан кейін (шілде-тамыз) жаңа ұрпақтың өмірлік циклі басталады. Қыстайтын кезең жұмыртқа күйінде өтеді. Бұл түр суық температура мен қолайсыз жағдайларға төзімді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жылына бір ұрпақ береді. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы  МинистрлігіАгроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»  Денисов ауданың республикалық мемлекеттік мекемесіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/970455?lang=kk
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын 59-шы JMMC отырысында растады 06.04.2025
Астана, 2025 жылғы 5 сәуір – Бүгін ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының атынан Энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты.Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысты. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970449?lang=kk
Бас әскери-клиникалық госпиталь: денсаулық сақтау күзетіндегі ширек ғасыр 06.04.2025
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров астаналық дәрігерлерді осы айтулы оқиғамен құттықтады. Бүгінде госпиталь құрылымында қырықтан астам бөлімше мен қызмет, оның ішінде Щучинск қаласындағы оңалту бөлімшесі және елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшесі бар. 310 төсектік емдеу мекемесі медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Жыл сайын госпитальге қырық мыңға жуық адам амбулаториялық-клиникалық көмекке жүгінеді.        Емдеу мекемесінде 120-дан астам дәрігер және 190-нан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттар мен магистрлер, Денсаулық сақтау саласының үздіктері және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер бар.Салтанатты шара "Астана" медицина университетінде өтті.Әскери медициналық мекеме ұжымының атына Қорғаныс министрлігінің, Бас әскери-медициналық басқарманың, ҰҚК Шекара қызметі Әскери-медициналық басқармасының, "Әскери медицина ардагерлері" РҚБ және Қарулы күштер  кәсіподақ ұйымы Астана филиалының басшылығы атынан құттықтаулар болды. – Қуатты ғылыми-медициналық базаның арқасында госпитальде маңызды зерттеулер жүргізіліп, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың кәсібилігі, таңдаған ісіне шексіз берілгендігі мен жанашырлығы құрметке лайық, – деп Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.Госпитальдің алғашқы бастығы запастағы медицина қызметінің полковнигі Серек Болтабаев емдеу мекемесінің қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерін бөлісті.Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен госпиталь жеке құрамының қатысуымен өткен концертпен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970416?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қатынастар органдары – армияның жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды буыны 06.04.2025
Бүгін әскери қатынастар органдарының мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн ел Үкіметінің 1994 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының әскери теміржол, теңіз, өзен және әуе тасымалдары Жарғысын бекітуімен байланысты.Орта Азия әскери округінің әскери қатынастар қызметі негізінде құрылған бөлімше қалыптасу мен дамудың әрқилы жолынан өтті. Бүгінде әскери қатынастар органдары әскерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге, олардың ұтқырлығы мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.Көлік министрлігімен және ұлттық компаниялармен тығыз байланыста мекемелер мен аймақтық әскери қатынастар басқармалары теміржол, әуе, теңіз және автомобиль көлігімен әскери тасымалдауды ұйымдастырады. Әскери қатынастар органдарының мамандары жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы оқу-жаттығуларға, жиындарға және әскери парадтарға, бітімгерлік контингентке, әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын әскери қызметшілерді жөнелтуді жүзеге асырады. Темір жол комендатураларына, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының комендатураларына әскери тасымалдау мәселелерін жоспарлау және үйлестіру міндеті жүктелген. Бұдан басқа, олар Вена құжаты шеңберінде әскери бөлімдерді инспекциялау, қорғаныс ведомствосының іс-шараларына, конференциялар мен симпозиумдарға, фестивальдар мен спорттық жарыстарға қатысу үшін Қазақстанға келетін шетелдік делегацияларды қарсы алып, шығарып салады.Әскери қатынастар мамандарын оқыту Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясында (Санкт-Петербург қ.) жүзеге асырылады. Осы бейіндегі запастағы офицерлерді Алматы логистика және көлік институты әскери кафедрасының базасында даярлайды.Одан басқа, "Шошқалы", "Жетісу", "Майлин" және "Әли" полигондарында әскерлерді тасымалдауды оқыту бойынша оқу-жаттығу орындары жабдықталған.Тәжірибе мен жинақталған байланыстар әскери қатынастар органдарының әскери ұжымына Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970396?lang=kk
Ұландық спортшы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды 06.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жекпе-жек чемпионаты өтті.Алматы қаласында ұйымдастырылған сайысқа Ұлттық ұлан атынан 6655 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы 3 батальоны құрамындағы атқыштар взводының 1-ші гранатометшілер бөлімшесінің аға маманы (аға көздеуші) ефрейтор Руслан Қазыбай қатысты.66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ұландық физикалық дайындық, жауынгерлік рух және шеберлік деңгейін жоғары көрсетіп, табандылық пен кәсібиліктің арқасында турнирдің барлық бастапқы кезеңдерінен сәтті өтті. Ал шиеленіске толы финалда күміс медаль иеленді.- Мен Ұлттық ұлан атын республикалық деңгейде таныта алғаныма мақтанамын. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Бас қолбасшылыққа алғысымды білдіремін. Бұл бізге тек қызметтік міндеттерімізді орындауға ғана емес, спорт саласында да дамуға мүмкіндік береді. Маған сенген тәлімгерлерім мен жауынгер достарыма ерекше алғыс айтамын. Олардың сенімі – мен үшін ең күшті мотивация. Бұл жетістік – біздің ортақ нәтижеміз! – ефрейтор Руслан Қазыбай.Айта кетейік, бұл жетістік үздіксіз жаттығулардың, мақсатқа ұмтылудың және жеңіске деген құштарлықтың нәтижесі болды. Ұлттық ұлан өз әскери қызметшілерін мақтан тұтады. Олар тек қызметтік міндеттерін ғана орындап қоймай, елімізді спорттық ареналарда да лайықты танытып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970388?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланды 06.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 сәуір – БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысы барысында 2026-2029 жылдар кезеңіне арналған Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның (ЕҚК) жаңа мүшелерін сайлау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Қазақстан ЭКОСОС мүшелерінің басым дауысын жинап, Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобы атынан Комиссияның мүшесі болып сайланды.Есірткі құралдары жөніндегі комиссия – халықаралық деңгейде есірткі айналымын бақылауға қатысты келісімдердің орындалуын қадағалайтын және жаһандық үрдістерді саралап, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірлейтін БҰҰ-ның негізгі органы болып табылады.Қазақстанның бұл комиссияға сайлануы – еліміздің есірткіге қарсы халықаралық күрестегі белсенді жұмысының нақты дәлелі. Қазақстан есірткі саудасының алдын алу үшін тұрақты шаралар қабылдап, көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Сонымен қатар, еліміз есірткінің алдын алуға, емдеу мен оңалтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысын нығайтуға айрықша көңіл бөлуде.Сонымен қатар, еліміз Алматы қаласында орналасқан Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) сияқты өңірлік өзара іс-қимыл тетіктерін белсенді қолдап, есірткі бақылауына қатысты халықаралық келісімдер аясындағы міндеттемелерін толық орындап келеді.Комиссия аясында Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, есірткіден азат әлем құру жолындағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/970379?lang=kk
Бразилия аймақтарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді 06.04.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Федералдық үкімет жанындағы Рондония штаты өкілдігінің басшысы, хатшы Шейла Шнайдер ханыммен кездесті.Келіссөздердің күн тәртібіне Қазақстан мен Бразилияның Рондония штаты арасындағы экономика, сауда, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері енді. Осы штатта орналасқан компаниялармен агроөнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды ​​облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) тәрізді Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған.Биылғы жылы Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.Анықтамалық: Рондония штаты Бразилияның батысында орналасқан. Рондонияның экономикасы, оның ауыл және мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісіне негізделген. Штатта кофе, какао мен ағаш өсіріледі және өндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/995752?lang=kk
Дипломатиялық қатынастарға 33 жыл: Қазақстан мен Швеция экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 06.04.2025
Стокгольм, 2025 жылдың 5 cәуірі – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция СІМ-нің Даму және сыртқы сауда мақсатында халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен және Швецияның Сауда мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесінің, Ericsson, AstraZeneca және Volvo Group өкілдерін қоса алғанда, Швеция бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуы қарсаңында (1992 жылғы 7 сәуір) өтті. «Біздің кездесуіміз ерекше сәтте өтіп жатыр: Қазақстан мен Швеция дипломатиялық қатынастардың – өзара сенімге, құрметке және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұмтылуға негізделген әріптестіктің, 33 жылын атап өтуде», – деп атап өтті Елші.Талқылау сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына бағытталды.ҚР Елшісі Қазақстан экономикасының негізгі салаларын дамытуға және тұрақты технологияларды ілгерілетуге үлес қосқан, Ericsson, Scania, Epiroc, AstraZeneca, ABB, Volvo және басқа да ірі швед компанияларының белсенді қатысуын атап өтті.Сонымен бірге, ҚР Елшісі Қазақстанның швед бизнесінің қатысуын одан әрі кеңейтуге, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ «жасыл» энергетика, сыни шикізат материалдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы, инновация, IT және жасанды интеллект сияқты басым секторларда нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.Мемлекеттік хатшы Д. Янсе Швецияның Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылығын растап, Орталық Азия өңірінің маңыздылығын атап өтті. «Біз Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуде үлкен перспективаларды көріп отырмыз және осы өзара іс – қимылды белсенді дамытуға ниеттіміз», - деп атап өтті Д.Янсе.Практикалық қадамдардың бірі ретінде тараптар мамыр айында нақты инвестициялық бастамалар мен жобалардың презентациясын жасау мақсатында тиімді платформа болуға бағытталған, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Қазақ-Швед дөңгелек үстелін өткізу бойынша дайындық барысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/970359?lang=kk
Наурыз мерекесі Женевада кеңінен тойланды 06.04.2025
 Женева, 2025 жылғы 3-4 сәуір - Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі дәстүрлі көктем мерекесі – Наурызды Қазақстанның бай мәдени мұрасын көрсететін екі арнайы іс-шарамен атап өтті.2025 ж. 3 сәуірде Тұрақты өкілдік Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирақ, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанмен бірлесіп ұйымдастырылған салтанатты ресми қабылдауға қосылды. Женевада өткен бұл жарқын мерекені 1500-ден астам қонақ, оның ішінде халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус пен Халықаралық Женева өкілдері, сондай-ақ қалада тұратын Қазақстан азаматтары қарсы алды. Қонақтарға Орталық Азияның қонақжайлылығының әртүрлілігі мен жылуын көрсететін дәстүрлі ұлттық тағамдары ұсынылды.Мерекелік іс-шаралар 2025 ж. 4 сәуірде Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ғимаратында жалғасты, онда құрметті қонақтар, оның ішінде Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая, Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Бас хатшысы Джаган Чапагейн, басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары, Женевадағы Қазақстан азаматтары мен достары жиналды. Өз сөзінде Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ерлан Әлімбаев жиналғандарды құттықтап, Наурызды бейнелейтін жаңару мен бірлік рухын атап өтті.Қонақтар Ақтөбе облысы кәсіби ұжымдарының, оның ішінде Дәурен Ғылымовтың жетекшілігімен «Достық сазы» ансамблінің, сондай-ақ «Аққу» ансамблінің әншілері мен бишілерінің өнерін тамашалап, жылы қабылдады. Іс-шара соңында жиналғандарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.Екі іс-шара Қазақстанның халықаралық аренада өзінің бай мәдени мұрасын ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/970315?lang=kk
Кишиневте Наурыз мейрамы аталып өтті 06.04.2025
Кишинев, 2025 жылғы 4 сәуір – Молдовадағы Қазақстанның Елшілігінде Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға ресми және дипломатиялық өкілдер, іскер және академиялық топтар, журналистер мен қазақ диаспораcының мүшелері қатысты.Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, Наурыздың жаңару, мейірімділік пен бірліктің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Наурыз мейрамының молдавиялық Мэрцишормен мәдени ұқсастығын айтып, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен насихаттаудың, әсіресе жастар мен шетелдегі достарымыз үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.Мереке аясында қазақтың дәстүрлі киіз үйінің шағын үлгісін жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар киіз үйдің қазақ мәдениетіндегі маңызы, киізбен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістері туралы танысып, шағын киіз үйдің моделін өз қолдарымен құрастырды.Сондай-ақ қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татты.Мерекелік іс-шара «Moldova 1» ұлттық телеарнасының «Біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/970302?lang=kk
«Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы 06.04.2025
2025 жылғы 4 сәуірінде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15507953) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Осы жоба Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді.    Атап айтқанда, жобаның кіріспесі Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілген.«Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығына сәйкес келтірілген Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің атауы.Функционалдың іске асырылуына байланысты АЖ ААЖ-де «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған кәртішкесі» электрондық ақпараттық есепке алу құжаты автоматты түрде қалыптастырылатын болады.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/970299?lang=kk
“Е-өтініш” АЖ -ға өтініш беру тәртібі туралы нұсқаулық 06.04.2025
“Е-өтініш” АЖ -ға өтініш беру тәртібі туралы нұсқаулықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/970294?lang=kk