Қоғам
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын 59-шы JMMC отырысында растады 06.04.2025
Астана, 2025 жылғы 5 сәуір – Бүгін ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының атынан Энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты.Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысты. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970449?lang=kk
Бас әскери-клиникалық госпиталь: денсаулық сақтау күзетіндегі ширек ғасыр 06.04.2025
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров астаналық дәрігерлерді осы айтулы оқиғамен құттықтады. Бүгінде госпиталь құрылымында қырықтан астам бөлімше мен қызмет, оның ішінде Щучинск қаласындағы оңалту бөлімшесі және елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшесі бар. 310 төсектік емдеу мекемесі медициналық қызметтердің толық спектрін ұсынады. Жыл сайын госпитальге қырық мыңға жуық адам амбулаториялық-клиникалық көмекке жүгінеді. Емдеу мекемесінде 120-дан астам дәрігер және 190-нан астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторлары, кандидаттар мен магистрлер, Денсаулық сақтау саласының үздіктері және жоғары біліктілік санатындағы дәрігерлер бар.Салтанатты шара "Астана" медицина университетінде өтті.Әскери медициналық мекеме ұжымының атына Қорғаныс министрлігінің, Бас әскери-медициналық басқарманың, ҰҚК Шекара қызметі Әскери-медициналық басқармасының, "Әскери медицина ардагерлері" РҚБ және Қарулы күштер кәсіподақ ұйымы Астана филиалының басшылығы атынан құттықтаулар болды. – Қуатты ғылыми-медициналық базаның арқасында госпитальде маңызды зерттеулер жүргізіліп, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері енгізілуде. Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың кәсібилігі, таңдаған ісіне шексіз берілгендігі мен жанашырлығы құрметке лайық, – деп Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.Госпитальдің алғашқы бастығы запастағы медицина қызметінің полковнигі Серек Болтабаев емдеу мекемесінің қалыптасуы мен дамуы туралы естеліктерін бөлісті.Іс-шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі мен госпиталь жеке құрамының қатысуымен өткен концертпен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970416?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қатынастар органдары – армияның жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды буыны 06.04.2025
Бүгін әскери қатынастар органдарының мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл күн ел Үкіметінің 1994 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының әскери теміржол, теңіз, өзен және әуе тасымалдары Жарғысын бекітуімен байланысты.Орта Азия әскери округінің әскери қатынастар қызметі негізінде құрылған бөлімше қалыптасу мен дамудың әрқилы жолынан өтті. Бүгінде әскери қатынастар органдары әскерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге, олардың ұтқырлығы мен жауынгерлік әзірлігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.Көлік министрлігімен және ұлттық компаниялармен тығыз байланыста мекемелер мен аймақтық әскери қатынастар басқармалары теміржол, әуе, теңіз және автомобиль көлігімен әскери тасымалдауды ұйымдастырады. Әскери қатынастар органдарының мамандары жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы оқу-жаттығуларға, жиындарға және әскери парадтарға, бітімгерлік контингентке, әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын әскери қызметшілерді жөнелтуді жүзеге асырады. Темір жол комендатураларына, Астана және Алматы халықаралық әуежайларының комендатураларына әскери тасымалдау мәселелерін жоспарлау және үйлестіру міндеті жүктелген. Бұдан басқа, олар Вена құжаты шеңберінде әскери бөлімдерді инспекциялау, қорғаныс ведомствосының іс-шараларына, конференциялар мен симпозиумдарға, фестивальдар мен спорттық жарыстарға қатысу үшін Қазақстанға келетін шетелдік делегацияларды қарсы алып, шығарып салады.Әскери қатынастар мамандарын оқыту Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясында (Санкт-Петербург қ.) жүзеге асырылады. Осы бейіндегі запастағы офицерлерді Алматы логистика және көлік институты әскери кафедрасының базасында даярлайды.Одан басқа, "Шошқалы", "Жетісу", "Майлин" және "Әли" полигондарында әскерлерді тасымалдауды оқыту бойынша оқу-жаттығу орындары жабдықталған.Тәжірибе мен жинақталған байланыстар әскери қатынастар органдарының әскери ұжымына Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970396?lang=kk
Ұландық спортшы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды 06.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жекпе-жек чемпионаты өтті.Алматы қаласында ұйымдастырылған сайысқа Ұлттық ұлан атынан 6655 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы 3 батальоны құрамындағы атқыштар взводының 1-ші гранатометшілер бөлімшесінің аға маманы (аға көздеуші) ефрейтор Руслан Қазыбай қатысты.66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ұландық физикалық дайындық, жауынгерлік рух және шеберлік деңгейін жоғары көрсетіп, табандылық пен кәсібиліктің арқасында турнирдің барлық бастапқы кезеңдерінен сәтті өтті. Ал шиеленіске толы финалда күміс медаль иеленді.- Мен Ұлттық ұлан атын республикалық деңгейде таныта алғаныма мақтанамын. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен Бас қолбасшылыққа алғысымды білдіремін. Бұл бізге тек қызметтік міндеттерімізді орындауға ғана емес, спорт саласында да дамуға мүмкіндік береді. Маған сенген тәлімгерлерім мен жауынгер достарыма ерекше алғыс айтамын. Олардың сенімі – мен үшін ең күшті мотивация. Бұл жетістік – біздің ортақ нәтижеміз! – ефрейтор Руслан Қазыбай.Айта кетейік, бұл жетістік үздіксіз жаттығулардың, мақсатқа ұмтылудың және жеңіске деген құштарлықтың нәтижесі болды. Ұлттық ұлан өз әскери қызметшілерін мақтан тұтады. Олар тек қызметтік міндеттерін ғана орындап қоймай, елімізді спорттық ареналарда да лайықты танытып жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/970388?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланды 06.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 сәуір – БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысы барысында 2026-2029 жылдар кезеңіне арналған Есірткі құралдары жөніндегі комиссияның (ЕҚК) жаңа мүшелерін сайлау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Қазақстан ЭКОСОС мүшелерінің басым дауысын жинап, Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобы атынан Комиссияның мүшесі болып сайланды.Есірткі құралдары жөніндегі комиссия – халықаралық деңгейде есірткі айналымын бақылауға қатысты келісімдердің орындалуын қадағалайтын және жаһандық үрдістерді саралап, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірлейтін БҰҰ-ның негізгі органы болып табылады.Қазақстанның бұл комиссияға сайлануы – еліміздің есірткіге қарсы халықаралық күрестегі белсенді жұмысының нақты дәлелі. Қазақстан есірткі саудасының алдын алу үшін тұрақты шаралар қабылдап, көршілес елдермен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Сонымен қатар, еліміз есірткінің алдын алуға, емдеу мен оңалтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысын нығайтуға айрықша көңіл бөлуде.Сонымен қатар, еліміз Алматы қаласында орналасқан Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) сияқты өңірлік өзара іс-қимыл тетіктерін белсенді қолдап, есірткі бақылауына қатысты халықаралық келісімдер аясындағы міндеттемелерін толық орындап келеді.Комиссия аясында Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, есірткіден азат әлем құру жолындағы жаһандық күш-жігерге өз үлесін қоса бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/970379?lang=kk
Бразилия аймақтарымен ынтымақтастық кеңейіп келеді 06.04.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Федералдық үкімет жанындағы Рондония штаты өкілдігінің басшысы, хатшы Шейла Шнайдер ханыммен кездесті.Келіссөздердің күн тәртібіне Қазақстан мен Бразилияның Рондония штаты арасындағы экономика, сауда, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері енді. Осы штатта орналасқан компаниялармен агроөнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.Бразилияның федералды құрылымын ескере отырып, өңірлік ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Баия штаты (2021 ж.), Алматы облысы және Рио-Гранди-ду-Сул штаты (2024 ж.) тәрізді Қазақстан мен Бразилия өңірлері арасында серіктестік байланыстар орнатылған.Биылғы жылы Бразилияның Санта-Катарина штаты мен Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда.Анықтамалық: Рондония штаты Бразилияның батысында орналасқан. Рондонияның экономикасы, оның ауыл және мал шаруашылығы мен тау-кен өндірісіне негізделген. Штатта кофе, какао мен ағаш өсіріледі және өндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/995752?lang=kk
Дипломатиялық қатынастарға 33 жыл: Қазақстан мен Швеция экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 06.04.2025
Стокгольм, 2025 жылдың 5 cәуірі – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция СІМ-нің Даму және сыртқы сауда мақсатында халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен және Швецияның Сауда мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесінің, Ericsson, AstraZeneca және Volvo Group өкілдерін қоса алғанда, Швеция бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуы қарсаңында (1992 жылғы 7 сәуір) өтті. «Біздің кездесуіміз ерекше сәтте өтіп жатыр: Қазақстан мен Швеция дипломатиялық қатынастардың – өзара сенімге, құрметке және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұмтылуға негізделген әріптестіктің, 33 жылын атап өтуде», – деп атап өтті Елші.Талқылау сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына бағытталды.ҚР Елшісі Қазақстан экономикасының негізгі салаларын дамытуға және тұрақты технологияларды ілгерілетуге үлес қосқан, Ericsson, Scania, Epiroc, AstraZeneca, ABB, Volvo және басқа да ірі швед компанияларының белсенді қатысуын атап өтті.Сонымен бірге, ҚР Елшісі Қазақстанның швед бизнесінің қатысуын одан әрі кеңейтуге, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ «жасыл» энергетика, сыни шикізат материалдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы, инновация, IT және жасанды интеллект сияқты басым секторларда нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.Мемлекеттік хатшы Д. Янсе Швецияның Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылығын растап, Орталық Азия өңірінің маңыздылығын атап өтті. «Біз Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуде үлкен перспективаларды көріп отырмыз және осы өзара іс – қимылды белсенді дамытуға ниеттіміз», - деп атап өтті Д.Янсе.Практикалық қадамдардың бірі ретінде тараптар мамыр айында нақты инвестициялық бастамалар мен жобалардың презентациясын жасау мақсатында тиімді платформа болуға бағытталған, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Қазақ-Швед дөңгелек үстелін өткізу бойынша дайындық барысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/970359?lang=kk
Наурыз мерекесі Женевада кеңінен тойланды 06.04.2025
Женева, 2025 жылғы 3-4 сәуір - Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі дәстүрлі көктем мерекесі – Наурызды Қазақстанның бай мәдени мұрасын көрсететін екі арнайы іс-шарамен атап өтті.2025 ж. 3 сәуірде Тұрақты өкілдік Ауғанстан, Үндістан, Иран, Ирақ, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанмен бірлесіп ұйымдастырылған салтанатты ресми қабылдауға қосылды. Женевада өткен бұл жарқын мерекені 1500-ден астам қонақ, оның ішінде халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус пен Халықаралық Женева өкілдері, сондай-ақ қалада тұратын Қазақстан азаматтары қарсы алды. Қонақтарға Орталық Азияның қонақжайлылығының әртүрлілігі мен жылуын көрсететін дәстүрлі ұлттық тағамдары ұсынылды.Мерекелік іс-шаралар 2025 ж. 4 сәуірде Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің ғимаратында жалғасты, онда құрметті қонақтар, оның ішінде Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая, Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбо, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары халықаралық федерациясының Бас хатшысы Джаган Чапагейн, басқа да халықаралық ұйымдардың басшылары, Женевадағы Қазақстан азаматтары мен достары жиналды. Өз сөзінде Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ерлан Әлімбаев жиналғандарды құттықтап, Наурызды бейнелейтін жаңару мен бірлік рухын атап өтті.Қонақтар Ақтөбе облысы кәсіби ұжымдарының, оның ішінде Дәурен Ғылымовтың жетекшілігімен «Достық сазы» ансамблінің, сондай-ақ «Аққу» ансамблінің әншілері мен бишілерінің өнерін тамашалап, жылы қабылдады. Іс-шара соңында жиналғандарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, еліміздің басқа бай мұрасымен танысуға мүмкіндік берілді.Екі іс-шара Қазақстанның халықаралық аренада өзінің бай мәдени мұрасын ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/970315?lang=kk
Кишиневте Наурыз мейрамы аталып өтті 06.04.2025
Кишинев, 2025 жылғы 4 сәуір – Молдовадағы Қазақстанның Елшілігінде Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға ресми және дипломатиялық өкілдер, іскер және академиялық топтар, журналистер мен қазақ диаспораcының мүшелері қатысты.Қазақстанның Елшісі Алмат Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, Наурыздың жаңару, мейірімділік пен бірліктің символы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Наурыз мейрамының молдавиялық Мэрцишормен мәдени ұқсастығын айтып, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен насихаттаудың, әсіресе жастар мен шетелдегі достарымыз үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.Мереке аясында қазақтың дәстүрлі киіз үйінің шағын үлгісін жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қатысушылар киіз үйдің қазақ мәдениетіндегі маңызы, киізбен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістері туралы танысып, шағын киіз үйдің моделін өз қолдарымен құрастырды.Сондай-ақ қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татты.Мерекелік іс-шара «Moldova 1» ұлттық телеарнасының «Біздің ортақ үйіміз» бағдарламасы аясында көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/970302?lang=kk
«Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы 06.04.2025
2025 жылғы 4 сәуірінде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15507953) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Осы жоба Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг шеңберінде әзірленді. Атап айтқанда, жобаның кіріспесі Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілген.«Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығына сәйкес келтірілген Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің атауы.Функционалдың іске асырылуына байланысты АЖ ААЖ-де «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған кәртішкесі» электрондық ақпараттық есепке алу құжаты автоматты түрде қалыптастырылатын болады.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/970299?lang=kk
“Е-өтініш” АЖ -ға өтініш беру тәртібі туралы нұсқаулық 06.04.2025
“Е-өтініш” АЖ -ға өтініш беру тәртібі туралы нұсқаулықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/970294?lang=kk
«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы 06.04.2025
2025 жылғы 4 сәуірінде НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15508065) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Қылмыстық-құқықтық саладағы сот есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу және қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Атап айтқанда, кассациялық сатыдағы соттар мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы есептердің нысандары бекітілді.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/970283?lang=kk
"Жеңіске 100 күн" акциясы: әскери қызметшілер тыл ардагеріне көмек көрсетті 06.04.2025
Қарағандыда "Жеңіске 100 күн" республикалық акциясы аясында 44803 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің ауданында тұратын тыл ардагері Надежда Образцоваяға көмек көрсетті. Саймандары сақадай сай сарбаздар үй маңын абаттандырып, қалған қарды лақтырып, ауланы құрғақ жапырақтар мен қоқыстардан тазартты. Жұмыс аса қамқорлықпен әрі ыждағатпен мұқият орындалды. – Біз қарт адамдарға бірінші рет көмек көрсетіп отырған жоқпыз. Мұндай жұмыстар оларға өте ауыр, ал жастарға түк қиын емес. Үлкендерге қол ұшын созып, алғыс пен бата алған қандай жақсы, – деді акцияға қатысушылардың бірі қатардағы жауынгер Амантай Әбдірәсіл.Мұндай іс-шаралар жастарды майданда жанқиярлықпен соғысқан және тылда жеңісті жақындатқан аға буынға деген құрмет пен ризашылыққа тәрбиелейді. Акция игі істер мен жақсы әрекеттерді насихаттай отырып, әр буын өкілдерін біріктіруді жалғастырып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/970250?lang=kk
Ақтөбеде туа біткен жүрек аурулары бар 8 балаға күрделі ота жасалды 06.04.2025
Ақтөбеде туа біткен жүрек аурулары бар 8 балаға күрделі ота жасалдыАқтөбе облысының көпсалалы балалар ауруханасында балалардағы туа біткен жүрек ақауларын кардиохирургиялық түзету бойынша Беларусь кардиохирургтарының қатысуымен шеберлік сабақтары өтті. Онда ақтөбелік балалар кардиохирургтары шетелдік мамандармен бірлесіп, туа біткен ауыр жүрек ақаулары бар 8 балаға жоғары технологиялық күрделі операциялар жасады. Сонымен қатар кардиолог дәрігерлерге, реаниматолог-анестезиологтарға арналған оқыту семинарлары өткізілді."Біздің облысқа келген балалар кардиохирургтары командасының құрамында Беларусь Республикасының жетекші мамандары бар. Олар ақтөбелік кардиологтармен бірлесіп әр қайсысы 8-9 сағатқа созылған күрделі оталарды жүргізді. Жүрек ақауы бар 8 балаға ота жасалды, олардың екеуі Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келген. Операция жасалған балалардың арасында 1 жасқа толмаған нәрестеде болды" - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Шеберлік сабақттары аясында облыстық көпсалалы балалар ауруханасының консультативтік – диагностикалық бөлімшесінде жүрек ақауы бар 35 балаға консультациялық тексерулер жүргізілген. Атап өтейік, бұл маңызды іс-шара Қазақстан Республикасының балалар кардиохирургия қызметінің 10 жылдығы қарсаңында «Жұлдызай» корпоративтік қорының қайырымдылық қызметі аясында жүзеге асты. Қор 10 жыл бойы «Mumkindik» жобасы аясында денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттары бойынша ауқымды шеберлік сабақтарын ұйымдастырып келеді. Аталмыш қордың басшысы Ұлжалғас Мұхамбетова Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімі еліміздің батыс аймағына қызмет көрсетіп отырған бірегей орталық екенін атап өтті. Мұнда көршілес Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген пациенттердің де ем алуына барлық жағдай жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/970137?lang=kk
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕГРАВИДАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАМТУ 45%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫ 06.04.2025
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕГРАВИДАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАМТУ 45%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫДенсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдердің жағдайын бақылау мен диагностикалауды жақсарту үшін тиімді шаралар қабылдауда, жаңа скринингтік бағдарламалар енгізілуде, болашақ аналардың репродуктивтік функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін акушерлікте инновациялық емдеу әдістері сәтті қолданылуда.Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 8,3%-ға, ана өлімін 12%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.«Әрбір әйел - әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылы фертилдік жастағы әйелдердің арасында аурулардың профилактикасы жоспарында жаңа тәсілдерді іске асыруға қол жеткізілді, жүкті және босанатын әйелдердің маршруттары оңтайландырылды, акушерлік көмекті ұйымдастыру стандарттары өзектендірілді, босандыру қызметінің барлық қатысушыларын үйлестіру айтарлықтай күшейтілді, бұл аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/969938?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/970131?lang=kk
ШҚО Экология департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы туралы семинар өтті 06.04.2025
«Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық Экология департаментінде семинар өткізді.Аталған іс-шара Экология департаменті қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын игеру деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Департаменттің Превенция басқармасының офицері Жандос Мұзтауов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормалары мен мемлекеттік қызметтегі қызметшілерге қойылатын шектеулерді түсіндірді.Бақылау мен реттеу функцияларын жүзеге асыратын экология департаментінің ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, спикер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелерін қозғады.Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және осы індетпен күрестің тиімді әдістерін енгізу жөніндегі күш-жігердің маңызды бөлігіне айналды.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/970112?lang=kk
«Бабадан қалған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел 06.04.2025
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Бақай батыр Мықтыбекұлының ұстаған қылышын ұрпақтары музейге табыстау рәсіміне орай «Бабадан қалған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бақай батыр 18 ғасырда жоңғарларға қарсы соғыста Райымбек батыр жасағының жүзбасы болған. Шара барысында батырдың ұрпағы Қарлығаш Манатқызы қаруды музейге табыстады.Шараға зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970089?lang=kk
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 06.04.2025
Жол кауіпсіздігін камтамасыз ету мақсатында ауылішілік автомобиль жолдарын арнайы техника көмегімен қар күреу жұмыстарыжалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/970069?lang=kk
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құмар ойындар 06.04.2025
2024 жылғы қыркүйекте елде ойын бизнесі мен лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер күшіне енді. Заңнамаға халықтың құмар ойындарға тартылуын азайтуға бағытталған нормалары енгізілді.Бұл шаралар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін арттыруға да бағытталған. Атап айтқанда, құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған тұлғалар тізімі кеңейтілді. Енді бұл шектеу мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде әскери қызметкерлерге, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ бюджеттік ұйым басшыларына қолданылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның таралуына жол бермеу үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы шаралар аясында оқыту семинарлары, түсіндіру кездесулері, тақырыптық тренингтер және ақпараттық кампаниялар ұйымдастырылады. Ең алдымен, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ойын мекемелерге барудан тартынуды міндеттейтін нормамен толықтырылды.Сонымен қатар, 2024 жылғы шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу белгіленді. Енді мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде ойын орындарына, рұқсат етілмеген орындарда, сондай-ақ интернет арқылы қатысуға тыйым салынады.Осылайша, заңнамалық талаптар едәуір қатаңдатылды. Ойын мекемелерге бару тәртіптік жауапкершілікке әкелсе, құмар ойындарға қатысу мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.Осы нормалардың сақталуын түсіндіру және тұрақты мониторинг жүргізу бұзушылықтардың алдын алу және белгіленген талаптарды жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Айбек Шілманов – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Актөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/970057?lang=kk
«Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр! 06.04.2025
Астанада Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, есімі аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр!«Фестивальде әуелі өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтіп, Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концертімен жалғасын тапты. Күні кеше өңірлік филармония ұжымдарының концерті ұйымдастырылса, 10 шақты облыс өнер майталмандары арасында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының “Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі де өз өнерлерін паш етті. Қорытынды кеште 4 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі концертін қояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970043?lang=kk