Enbekshi QazaQ

Әлем

KAZAKH INVEST: Қазақстан экономикасына салынған итальяндық инвестиция көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады 14.04.2025
2019 жылы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында алғашқы Қазақстан-итальян бизнес-форумы өтті.Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған іс-шараға екі елдің іскер топтары, ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарының 200-ден астам өкілдері қатысты.Форум барысында энергетика, ЖЭК, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын итальяндық бизнесмендер біздің еліміздегі қызметтен алған әсерлерімен бөлісіп, инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды ескере отырып, Италияның іскерлік қауымдастығының өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы іскерлік мүмкіндіктерді зерделеуді ұсынды.Өз сөзінде Италияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Манлио Ди Стефано Тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту жылдары Қазақстан экономиканың тұрақты дамуы мен қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін, Қазақстан мен Италия арасындағы табысты және тиімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті. «Бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалар мен іскерлік байланыстарды дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар», - деді М. Ди Стефано мырза.Өз кезегінде, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстарды белсенді жолға қоюға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақыра отырып, Қазақстан мен Италия инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті. «Біздің елдеріміз арасында экономикалық салада, әсіресе баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты үш басым секторларда екіжақты әріптестікті кеңейту мен тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Біздің елімізде «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы жұмыс істейді, ол ағымдағы және әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, инвестициялық жобаларды идеядан оны іске асыруға дейін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жалпы, шетелдік және ұлттық инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдіремін», - деді спикер.Форум барысында машина жасау және тамақ өнімдері жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап форум алаңында өздерінің мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, B2B форматында итальяндық серіктестермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.Мысалы, «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері «Naba Carni» компаниясының басшылығымен Павлодар өңірі аумағында жылқы етін қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ, Павлодар ӘКК делегациясы мен «Rota Guido» компаниясы арасында агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы инвестициялық жобаны қарау туралы келісімге қол жеткізілді.Бірінші қазақстандық-итальяндық бизнес форумды Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ және «ITA italian trade agency» компаниясы. ұйымдастырды.Естеріңізге сала кетейік, Италия Еуропа Одағы елдері арасында Қазақстанның ірі сауда әріптесі және еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.Бүгінде Қазақстан экономикасына құйылған итальяндық инвестициялардың көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларын құрады.Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың 8 айында 6,7 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 270-ке жуық компания жұмыс істейді.Форум барысында тараптар қол жеткізілген келісімдер мен қабылданған шешімдер екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін серпін бергенін, сондай-ақ екі мемлекеттің іскер топтарының әріптестігінің жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларын белгілегенін атап өтті. «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. KAZAKH INVEST ел Үкіметінің атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті түрлі рұқсаттар мен келісулерді, тіркеуді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.Қазақстан экспорты отын-шикізат бағытын (шикі мұнай мен газ конденсаты, битуминозды минералдардан алынған мұнай өнімдері, мазут, сондай-ақ бидай. Маңыздылығы бойынша екінші топ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (мырыш, алтын, мыс және ферроқорытпа) қамтиды.Италиядан импортталатын негізгі тауар топтары халық тұтынатын тауарлар болып табылады, сондай-ақ машиналар мен жабдықтар басым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35684?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 13 қараша – Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы: ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. Қазақстандық дипломатпен бірге іс-шара барысында спикерлер ретінде Еуропа Парламентінің депутаты Андрис Америкс, Орталық Азия елдерімен қатынастар бойынша Еуропарламент делегациясы басшысының орынбасары, «Еуропалық көршілік саясаты жөніндегі кеңесі» ғылыми-зерттеу орталығының басқарушы директоры Самуэль Вестербай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасы басшысының орынбасары Филипп ван Амерсфорт, сондай-ақ Еуропалық сауда жөніндегі комиссияның бас директоратының Қазақстан бойынша үйлестірушісі Жоселин Гиттон сөз сойледі. «Дөңгелек үстелге» Еурокомиссия қызметкерлері, Брюссельдегі Еуроодаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, еуропалық сарапшылар қоғамдастығының және БАҚ өкілдері қатысты.Р. Василенко аудиторияны Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы қызметінің алғашқы қорытындыларымен, сондай-ақ оның Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының негізгі ережелерімен және Президенттің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Ол 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны қабылдау және 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімінің (КӘЫК) ратификациялау процедурасының аяқталуы аясында екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды болғанын атап өтті. Қазақстан басшылығының Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ұмтыласын растай отырып, қазақстандық дипломат Еуропалық Комиссияның жаңа құрамы қызметіне кірісуі мен КӘЫК-тің толық күшіне енуі ЕО-ның Қазақстанмен қарым-қатынастарына айтарлықтай жаңа серпін беретініне сенім білдірді.А. Америкс Қазақстан ЕО-ның саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік тұрғысындағы Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.Өз кезегінде, Ф. ван Амерсфорт ҚР-дағы құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған реформалары мен жақында құрылған сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға және әртараптандыруға бағытталған Қазақстанның Премьер-Министрі қатысатын Экономикалық және іскерлік мәселелер бойынша ҚР-ЕО диалогтық платформасының жұмысын қолдады.Ж. Гуиттон Қазақстан ЕО-ның Орталық Азия елдері арасындағы ең ірі сауда серіктесі болып табылатынына назар аударды: ЕО мен аймақ арасындағы сауданың 86%-ы біздің елге тиесілі. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасында орналасқанына байланысты, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуеті  елдің экономикалық өсуінің қуатты драйвері болуы мүмкін.2019 жылғы маусымда Қазақстандағы президенттік сайлау өткізілуінің байқауына қатысқан С. Вестербай азаматтық қоғамының елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғырту процессіне кеңінен қатысудың маңыздылығын атап өтті.Іс-шараға қатысушылар КӘЫК-тің тиімді іске асырылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтіп, сауда өсімінің, еуропалық технологиялар мен инвестицияларды тартудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың кепілі болады деген бірыңғай пікір білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35683?lang=kk
Брюссельде Ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасы таныстырылды 14.04.2025
БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 12 қараша – «Берлемонт» ғимаратында – Еуропалық комиссияның орталық штаб-пәтерінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқыту бойынша Еуропалық Одақтың бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосу салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі Назифулла Саларзай, Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшылығы, Халықаралық даму және ынтымақтастық жөніндегі Еурокомиссияның Бас директоры, сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер жоғары өкілдері қатысты. Р.Василенко өз сөзінде Ауғанстандағы тұрақтылыққа жәрдемдесу және Орталық Азиядағы аймақтық бейбітшілік аймағын қалыптастыру Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын тағы да растады. ЕО, Қазақстан және Өзбекстанның үшжақты білім беру бағдарламасы ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдау арқылы осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.Осы бастама аясында 2025 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында Ауғанстаннан келген 40 студентті оқыту жоспарлануда. Оқыту ауыл шаруашылығы, қолданбалы статистика және тау-кен ісі сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылатын болады. Тағы 10 қыз Өзбекстанда ауыл шаруашылығын меңгеретін болады. Р.Василенко ЕО-ға осы бағдарламаны іске қосу жөніндегі қазақстандық ұсынысты қолдағаны үшін, атап айтқанда, оны қаржыландыруға 2 млн.еуро бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол сондай-ақ БҰҰДБ мен БҰҰ-Әйелдер ұйымына бағдарламаның практикалық имплементациясын өз мойнына алғаны үшін ризашылығын жеткізді.Оның айтуынша, «бағдарлама Орталық Азия елдері ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің жаңа көрінісі аясында өңірдің ортақ дамуы үшін тиімді шешімдерді бірлесіп ұсына алатын және жүзеге асыратын тамаша үлгі болып табылады». Сонымен қатар, бұл бастама Брюссель мен Орталық Азия астаналарының Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыру бойынша тиімді шешімдер ұсынуға дайындығын көрсетеді.Қазақстандық дипломат қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ БА-ның 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өз қызметімен Орталық Азияны да, сондай-ақ Ауғанстанды да қамтитын Тұрақты даму мақсаттары бойынша Өңірлік орталық құруды ұсынды. Бүгінгі күні іске қосылған бағдарлама он жеті мақсаттың алтауын – сапалы білім (№4 мақсат), гендерлік теңдік (№5 Мақсат), лайықты жұмыс және экономикалық өсу (№8 мақсат), теңсіздікті азайту (№10 мақсат), бейбітшілік, әділ сот және тиімді институттар (№16 мақсат) және тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік (№17 мақсат) қамтиды.«Біз алдағы уақытта бұл бағдарлама өзінің құндылығы мен табыстылығын дәлелдейді деп үміттенеміз, бұл, бұрын жоспарланғандай, оны кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді. Ол Еуразиядағы, Орталық Азиядағы, Еуропалық Одақпен, әсіресе Ауғанстанмен ықпалдаса отырып оған қатысты ынтымақтастықтың жаңа тетіктердің прототипіне айналады деп сенеміз», - деп мәлімдеді министрдің орынбасары. А.Камилов та, Р.Василенко да өз баяндамаларында халықаралық қоғамдастықты Ауғанстанды проблема ретінде емес, жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарастыруға шақырғанын атап өткен жөн.Іс-шара аясында Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметі, БҰҰДБ және басқа да құрылымдар атынан, сондай-ақ Ауғанстанның ЕО жанындағы Елшісі атынан сөйлеген сөздерінде осы бағдарламаның бастаушысы болып, іске асырғаны үшін Қазақстан мен Өзбекстан тарапына жоғары баға мен алғыс сөздер айтылды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кезінде, әсіресе 2018 жылғы қаңтарда ҚК-дегі төрағалығы шеңберінде Ауғанстанды тұрақтандыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілді.Салтанатты шара аясында БҰҰ Даму Бағдарламасы ауған қыздарының тарихын баяндайтын, сондай-ақ олардың Қазақстанда алатын білімінің алдағы уақытта үлкен мүмкіндіктер ашатыны туралы сұхбаттарын көрсететін бейне-ролик ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35681?lang=kk
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ СУ 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 270 текше метр су жіберіліп, оның секундына 200 текше метрін Көксарай су реттегіші алуда. Облыс аумағына секундына 120 текше метр су келіп түсуде. Қызылорда су торабынан төменге 95 м3/сек, Айтек су торабынан 30 м3/сек, Қараөзектен 60 м3/сек, Басықара су торабынан 110 м3/сек, Ақлақ су торабынан 190 м3/сек су босатылуда. Арал теңізіне жіберіліп жатқан су көлемі 62 м3/сек құрап отыр. Облыс аумағындағы Қазалы және Арал аудандарында Сырдария өзенінде ауа-райының жылынуына байланысты мұз еруде. Ал, оңтүстік аудандарда өзен беті мұздан таза. Жалпы бүгінгі күнге Сырдария өзені арнасындағы су шаруашылығы нысандарының жағдайы бірқалыптыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/35679?lang=kk
Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын заңсыз алудың жолын кесу туралы 14.04.2025
ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада «Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті, олар одан әрі оны өткізу мақсатында балықтардың бекіре тұқымдарын аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған.Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 1 100 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 17 килограмм қара уылдырық алынды.Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-б. («Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану»), 335-бабы 3-б. 1, 3, 4, 5-т. («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/35677?lang=kk
Вашингтонда Қазақстанның Достар тобы құрылды 14.04.2025
ВАШИНГТОН, 2019 жылғы 12 қараша - АҚШ Конгрессінде Қазақстанның достары тобының (кокус) құрылуына орай ресми қабылдау өтті. Қазақстанның достары тобы екіпартиялық ұйым болып, оның тең-төрағалары болып конгрессмендер Стив Шабот, Грегори Микс және Роберт Адерхольт бекітілді. Осы топтың құрылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту әрі 2018 жылғы қаңтарындағы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға ресми сапарының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы  қыркүйегіндегі Нью-Йоркқа сапарының қорытындылары бойынша екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Америка Құрама Штаттарында кокустардың дәстүрі 18 ғасырдан басталады, ол кезеңде кокус болып біріңғай саяси мақсатқа жету үшін құрылған ұйымдар саналған. Қазіргі уақытта достар тобы АҚШ-тың заң билігінде таралған. Демократиялық және республикандық топтар бар.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35676?lang=kk
СҚО әкiмi инвесторларды өңiрге шақырды 14.04.2025
СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында баспасөз мәслихатын өткiздi. Өңiр басшысы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына инвесторларды шақырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға шақырды.«Қазiр Claas немiс концернi және YDA Holding түрiк компаниясымен келiсiм бар. Alageum Electric электротехникалық қондырғылар зауыты да салынады. Осы компаниялар 90 млрд. тг инвестиция әкелiп, 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35653?lang=kk
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін! 14.04.2025
Балалармен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін!Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген төтенше жағдайлар мен жедел ақпаратқа жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Алматы облысының аумағында 3 төтенше жағдай және балаларға байланысты төтенше жағдайлар орын алғаны анықталды, онда қаза болудың негізгі себептері ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың қауіпсіздік және сақтық талаптарын сақтамауы болып табылады.Текелі қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдерінің тапсырмасына сәйкес, Текелі қаласының тұрғындары мен қонақтарына БАҚ арқылы тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуіне байланысты қайғылы жағдайлардың өсуі және оған әкелген себептер туралы жеткізу.Осыған байланысты төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Текелі қаласының аумағында орналасқан балалар бақшаларымен нұсқаулық жүргізді.Нұсқаулық барысында балалардың терезеден құлап кетпеуін және сіріңке мен оттықтары бар балалардың ойнауын болдырмау ережелері түсіндірілді.Балалардың қаза болуының белгіленген себептерінің негізгі себептері ата-аналардың немқұрайлылығы мен жауапсыздығы, ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың абайсыздығы болып табылады. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларын бақылауды күшейту қажет. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.Құрметті ата-аналар! Текелі қаласының ТЖБ балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін сақтау қажет тәртіп ережелерін еске салады: терезелерді ашық қалдырмаңыз; терезені тиісті қорғаусыз москит торларын пайдаланбаңыз, себебі бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде тіпті бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.; баланың терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз; баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнап жүргенде; балаларға төсекке немесе терезелерге жақын орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеңіз.  Осы ережелерді сақтай отырып қайғылы оқиғаға жол бермеуге көмектеседі.Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілеріне балаларды телефон арқылы ТЖ қызметінің "101", "112"нөмірлеріне қоңырау шалуды үйрету туралы ұсыныстар берілді. Жоғарыда көрсетілген жұмыс жалғасуда.  Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөліміАлматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35642?lang=kk
СҚО әкiмi: «Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды» 14.04.2025
Солтүстiкқазақстандықтар ауыл шаруашылығы қызметкерлерi күнiн тойлауда. Биыл диқандар қамбаға 5,1 млн. тонна астық құйды. СҚО — әртараптандыру саласында көшбасшы.«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бiз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центрнер алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегiнiң жемiсi. Осылайша, елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде», — дедi Құмар Ақсақалов.Өңiр басшысы 60 шақты агроөнеркәсiп саласының мамандарына марапат жасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/35641?lang=kk
Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтеді 14.04.2025
Алматы облысы бойынша жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтедіАғымдағы жылдың 22 қарашасында сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Текелі қаласы Тәуелсіздік көшесі № 11 Мәдениет үйінің ғимаратында "Халық заңгері" атты кең ауқымды республикалық акция өтеді. Кездесуге келген қаланың кез келген тұрғыны адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, полицейлерден, Әділет қызметкерлерінен, көші-қон полициясы мен мемлекеттік органдардан жоғары білікті заң кеңесін ала-алады.Көптеген азаматтар заңгерлерге ақылы көмек көрсетуге мүмкіндігі жоқ және осы акцияның арқасында қала тұрғындары осындай мүмкіндікке ие. Бұдан басқа, облыстың әр ауданында және қалаларда бір мезгілде аталған акция өткізіледі.«Халық заңгерінің» ұйымдастырушылары Департамент және "Параграф" ақпараттық жүйе желілік басылымы Zakon.kz болып табылады.Бізді танымал адвокаттар мен заңгерлер қолдады. Басты Идея халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға нақты заң көмегін көрсетуге бағытталған.Барлық тілек білдірушілерді күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35639?lang=kk
Партия филиалының активі өтті 14.04.2025
29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылып «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының актив жиналысы оздырылды. Оған саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, мекеме және бөлім басшылары, жастар қатысты.Актив отырысына төрағалық еткен «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Жанат Асантаев:– Қазақстанда 2012 жылдан бері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі аталып өтілуде. Аталған күн кездейсоқ таңдалып алынбаған. Дәл осы күні 1991 жылдың 1 жетоқсанында қазақстандықтар таңдау жасап, дауыс беруі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы жеңіске жетті.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі ерекше, - деп отырыста партияның «қайта жүктеу» бағытындағы жұмыстарды талқылап, алдағы міндеттерді нақтылау қажеттігін атап өтті.. Жиынның күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов:– Барлық деңгейде партиялық жауапкершілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп, Партия органдарының қызметінің ықпалы артуы тиіс.Партиялық бақылау комисиясында, сыбайлас жекқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, сыбайлас жемқорлық мәселелері жүйелі түрде қаралып, тиісті шаралар алынып отыруы керек.Азаматтардың әл-ауқаты – партияның бар ұмтылыстары. Азаматтардың өтініштерін тиімді және жедел түрде шешу үшін қоғамдық қабылдаулардың жұмысын белсендіретін боламыз.Азаматтарды филиал төрағасы, мемлекеттік органдардың басшылары қабылдауда. Соның арқасында халықтың көптеген сұрақтары жылдам және тиімді шешілуде. Мәселен, 10 айдың ішінде қоғамдық қабылдау арқылы 136 адам қабылданды, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 23% артық.Айта кетерлігі, еліміз бойынша әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша құқықтарды қорғау мәселелерінде партияға деген сенім соттан кейін екінші орында тұрғанын қатерлегім келеді, - деді.Жетекші партия активінде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев «Nur Otan» партиясының «қайта жүктеудегі» басым бағыттарының бірі – депутаттық фракция жұмысының қарқынды екендігін тілге тиек етті. Мәслихат фракциясында аумақтарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру туралы атқарушы органдардың есептері көпшілік алдында тыңдалуы да зор ықпаға ие болуда.– Қазіргі таңда аудандық филиалдың негізін қалаушы 17 бастауыш партия ұйымдары болса, олардың бірі «Аққозы» бастауыш партия ұйымы. Біздің бастауыш партия ұйымы да қазіргі партия жұмысын жандандыру бойынша қойылып отырған талаптарды жүзеге асыруда барынша жұмыстанатын болады. Өйткені партия бағдарламасында белгіленген барлық әлеуметтік саясатты, қайырымдылық шараларды және партиялық жобаларды жүзеге асырушы осы бастауыш ұйымдары болмақ. Жергілікті жерде аудан тұрғындарының көмеке мұқтаж осал топтарына қолдау көрсетуде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» сонымен қатар ауылдық елді мекендеріміздің көркейтуге бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларының маңызы зор. Бұл жобалардың табысты іске асуы тұрғындар мәселесін шешіп қана қоймай сонымен қатар партияға сенімді арттыратын болады, - деді Аққозы БПҰ төрағасы Қоныс Мұқанов өз кезегінде.Актив жұмысын қорытындылаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы жергілікті жерлердегі партия органдарының жұмысын күшейту және партияның өңірдегі шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтіп, аудандық партия филиалы, сайланбалы органдардың мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарына жұмыстарды одан әрі белсендіруді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/35638?lang=kk
Линц қаласында өткен үкіметаралық комиссиясының отырысында Қазақстан мен Аустрия арасындағы экономикалық ынтымақтастығының кең спектрі талқыланды 14.04.2025
ЛИНЦ, 2019 жылғы 11 қараша – Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында Линц қаласында Экономикалық, ауыл шаруашылық, экологиялық, техникалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тоғызыншы отырысы өтті.Отырыста қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, аустриялық тараптан – Аустрияның Цифрландыру және экономика федералдық министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат және еуропалық интеграция жөніндегі бас директоры Флориан Фраушер сөз сөйледі. Сонымен қатар, отырысқа екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастарда аймақтық мәнмәтіні екі елдің дербес өңірлері арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін маңыздылыққа ие болуда. Осыған байланысты ҮАК-тың кезекті отырысы Аустрияның астанасы Венада емес, Жоғарғы Аустрия федералдық мемлекетінің орталығы – Линцте өтті.«Қазақстан-Аустриялық ҮАК отырыстары, әдеттегідей, тарихи мәнге ие. Мәселен, 2016 жылғы қазанда Венадағы соңғы кездесу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуы қарсаңында өтті. Бүгінгі кездесу де маңызды, себебі ол тұңғыш рет елордада емес, аймақта өткізіліп отыр. Бұл екіжақты ынтымақтастықтың аймақтық аспектісінің өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, біздің ҮАК шеңберіндегі кездесулеріміз биыл 10 жылға жетті», – деді өз сөзінде Р. Василенко.ҮАК күн тәртібіне сәйкес, тараптар Қазақстан мен Аустрияның қазіргі экономикалық жағдайы, екі елдің үкіметтері экономиканы дамыту бойынша асырып жатқан шаралар туралы пікірлер алмасты. Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растап, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, цифрландыру, коммуналдық шаруашылық және аймақтық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.Қазақстанның тиісті ведомстволарының өкілдері аустриялық әріптестерін энергетика, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды жою, көлік және коммуникация саласындағы қазіргі жағдаймен таныстырды. Бірқатар салаларда ынтымақтастық құруға өзара мүдделілігін білдіре отырып, ҮАК қатысушылары бірлескен басым бизнес-жобалардың тізімін жаңартты және экономиканың нақты салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.Қазақстанның «ашық аспан» режимін енгізуі аустриялық тарапты ерекше қызықтырды.Қазақстандық дипломат «2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің 11 әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Шетелдік компанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесі беріледі. Бұл режим 3 жылға дейін ұзартылу мүмкіндігімен іске асырылады», – деп атап өтіп, еліміздің Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тікелей әуебағыт ашуға мүдделілігін растады.Өз кезегінде аустриялық тарап Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне тоқталды. Аустрияның бірқатар ірі компаниялары Қазақстан нарығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені саласында табысты қызмет атқаруда. Алайда, екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті әлі толығынан асырылған жоқ, әрі тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны мен көлемін белсенді түрде арттыруды жалғастыруы қажет.«Қазақстан Аустрия үшін өте маңызды серіктес. Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өкілдері бүгін Линцте өтіп жатқан Жоғарғы Аустрия Экспорттық күніне қатысқаны аса қуантады. Сондай-ақ, Қазақстанда 50-ге жуық аустриялық компания табысты жұмыс істеп жатқандығын ерекше қанағатпен атап өткім келеді. Мұның бәрі ҮАК-тың жұмысы оң қолданбалы әсерге ие екендігін білдіреді », – деді Аустрияның ҮАК тең төрағасы Ф. Фраушер.ҮАК отырысының соңында тараптар Қорытынды хаттамаға қол қойып, келесі 10-шы кездесуді Қазақстанда өткізуге келісті.Линцке сапары барысында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко Жоғарғы Аустрия жер үкіметінің экономика және инфрақұрылым бойынша министрлері Маркус Ахляйтнер және Гюнтер Штайнкельнермен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия облыстары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Бұл тұрғыда сұхбаттасушылар Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы, сондай-ақ Вельс пен Орал қалалары арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумның мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35636?lang=kk
Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 11 қараша – ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа Стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық отырысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөздерінің негізгі арқауы осындай.Сұхбат барысында экология, цифрлық даму, гуманитарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәселелері секілді перспективалы бағыттар бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы 2019 жыл Орталық Азия бойынша жаңа Стратегияның қабылдануына және 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті. «Біз Қазақстан-Еуропа қатынастарын сапалы жаңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құжаттарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асырылуы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға алып келетініне сенім білдіремін», - деді ол. Еуропалық дипломат Қазақстан Орталық Азия бойынша жаңа стратегияны іске асыру бойынша Еуропада маңызды серіктес ретінде қабылданатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстандағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн.еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.Кездесу аясында жоғары деңгейдегі кездесулерді, ынтымақтастық кеңеске, конференциялар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынтымақтастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралардың перспективті күнтізбесіне ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша, тараптар Еуропалық Одақтың Қазақстанмен және өңірмен сындарлы ынтымақтастық әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.2019 ж. қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 23,8 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 18,8 млрд. АҚШ долл., импорт – 5 млрд. АҚШ). 2018 жылы тауар айналымы 37,7 млрд. (экспорт – 31 млрд. АҚШ долл., импорт – 6,7 млрд. АҚШ долл.) құрады.2019 ж. І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЕО елдерінен 5,4 млрд. АҚШ долл. тікелей инвестициялар тартылды. 2018 ж. Еуроодақтан жалпы ТШИ ағыны 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 ж. деңгейден 18,4% - ға жоғары (9,8 млрд. АҚШ доллары).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/35635?lang=kk
Менің қалам, арнаймын 14.04.2025
Менің қалам, арнаймынҚалалық кітапханада Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Текелі ақын – композиторларының "Текелі-тұғырым" атты шығармашылық кеші өттімәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп.Текелі-еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі. Мұнда дарынды адамдар өмір сүреді және жасайды. Олар өздерінің туған қаласына деген таңданысын және сүйіспеншілігін шығармашылықта жүзеге асырады.Олардың қатарында композиторлар, ән авторлары мен орындаушылары Мырзахмет Мұқанов, Бекзат Мырзахметұлы, Константин Нестеров, Жандос Дәуренбеков және Эвелина Бершадская бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35634?lang=kk
Өңірлік мүмкіндіктерді ашуға күш салынады 14.04.2025
Өңірлік мүмкіндіктерді ашуға күш салынадыӨткен аптада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы К.Бозшағұлов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің бас сарапшысы Р.Набиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Төлегенқызы қаламызға іссапармен келіп, бірқатар кәсіпорындарды аралады.Қала әкімі Бахтияр Өнербаев қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен, әсіресе, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту және бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатынан қалған қалдықтарды зарарсыздандыру, таза әрі қауіпсіз қала құру жолында атқарылып жатқан жұмыстармен, жобалармен жан-жақты таныстырды. Жұмыс тобы алдымен «Достық» шағынауданында салынып жатқан 40 пәтерлі үйдің құрылысына назар аударды. Қазір мұнда жұмыстар қауырт, құрылыстың сапалы әрі уақытында бітуіне күш салынуда. Құрылысшылардың құлшынысты еңбегіне жылы күздің жауынсыз ашық күндері де көп септігін тигізуде. Бәрі сәтімен болса, жаңа үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жұмыс тобы құрылыс талаптарының мүлтіксіз орындалуына мән беріп, үйдің дәлізі, пәтер есіктерінің мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына ыңғайлы болуын да қадағалады. Содан соң «ТКҚӨК» ЖШС-да болып, шойын өндірісінің жай-күйімен танысты. Өңірлік индустрияландыру картасы және Текелі қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жобасы шеңберінде шағын-орта бизнесті дамыту үшін экономиканы әртараптандыру жолымен инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу және өндіру зәкірлік жобасы негізінде іске қосылған кенді қайта өңдеу кешенінде бүгінде 947 адам жұмыс істейді. Зауыт өткен жылы 17,1 мың тонна шойын өндірді. Нарықтағы шойынның, сондай-ақ, шойын өндіруге қажетті кокс бағасының тұрақсыздығы зауыттың бір- қалыпты жұмысына өз ықпалын тигізбей қоймады. Десе де, қазір шойын өндірісі қайта жанданды. Қ.Бозшағұлов өңірлік мүмкіндіктерді халық игілігіне айналдыруда экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан маңызды рөл атқаратын отандық өндірісті дамытуға мемлекет барынша қолдау көрсетіп отырғанын, сондықтан өндірістен пайда табу, көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш салынуы керектігін алға тартты. Жұмыс тобы қалалық ауруханада болып, денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасымен танысты. Жалпы, қалалық ауруханада емдеудің озық аспаптарын сатып алуға және тұрғындардың денсаулығын жақсартуға пайдалануға, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі. Аурухананың ас-су блогы, дезинфекциялық камера және кір жуу орны жаңадан салынды, бірқатар ғимараттар жер сілкінісіне қарсы беріктеліп, күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Рудничный ауылындағы амбулатория ғимаратына да қалпына келтіру, сейсмикалық күшейту бойынша тұтастай қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл «Достық» шағынауданында көппәтерлі тұрғын үйдегі дәрігерлік амбулатория жаңа ғимаратқа көшірілді. Тұрғындардың денсаулығын күшейту, өмір сапасын арттыру бағытындағы атқарылып жатқан сан-салалы жұмыстарды зерделеген жұмыс тобы өңірлік мүмкіндіктерді дамытуға, оны ел игілігіне айналдыруға күш салынатындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35610?lang=kk
Әсерлі өткен әдеби кеш 14.04.2025
Әсерлі өткен әдеби кешАбайдың ақылын, ұлттық ұстанымын  жас ұрпақ санасына ұялату мақсатында «Достық» шағынауданындағы алаңда ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» тақырыбындағы әдеби-сазды кеште оқушылар ақын өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады.  №4 орта мектебі ұйымдастырған әдеби шарада қала әкімі Бахтияр Өнербаев осыдан бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын ұлы ойшыл Абай айтып кеткен құндылықтар бүгінде өзектілігін жоғалтпағанын алға тартып, жас ұрпақты Абай өлеңдері мен қара сөздерін жаттап, ондағы адамгершілік қағидаларды бойға сіңіре білуге шақырды. Абайдың ұлттық болмысқа, береке-бірлікке, ғылым мен өнерге, мәдениетке бастаған дана жолы бізді ешқашан адастырмайтынын, Абай мінеген жаман әдеттер бүгінгі өркениетті өмірімізді де өрге бастырмайтынын ерекше атап, «Алма піс, аузыма түс» дейтін жатыпішер жалқаулықтан бойды аулақ ұстауды, кішіпейіл һәм еңбекқор болуды, кітап оқып, салауатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдыруды айтты. Әсіресе, «Мектептің Абай мұраларын жас ұрпаққа насихаттаудағы құлшынысына дән ризамын. Абайдың 45 қара сөзін жатқа  білетін оқушыларды келесі жылы Семейде өтетін дүбірлі тойда сөз бәйгесіне үкілеп қосамын!» деген сөзі оқушыларды жігерлендіре түсті.   Әдеби кеш жан-жақты дайындығымен көпшілікті өзіне баурады. Ұлттық үлгіде киінген мектеп оқушыларының жарасымды шоғыры ұлы табиғатпен үндестік тапқан өрелі талғамды паш етіп, сәнді жайлау үстіндегі Абай ауылының салтанатын бейнеледі. «Поэзия» ауылында оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақ жазба әдебиетіне жаңаша үлгілерді терең философиялық оймен өрнектеген Абай өлеңдерін байыбына бармаған, ой тереңіне үңілмеген адам нақышына келтіріп оқи да алмайды. Жаңылмай, өлеңдік ырғаққа түсіріп, жатқа мүдірмей оқыған оқушылар тыңдаған жанды сүйсінтті. Абай әндері «Ән ауылынан» әуеледі. «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегізаяқ» әндерін өнерлі оқушылар өзінше шырқап, жүректерге жеткізді.Көпшілікті «Қара сөз» ауылы баурап әкетті. Ұлы ойшылдың халқына қалдырған ақыл-кеңесі, өсиеті, ақыл тезіндей болған 45 қарасөзі – бізді естілікке жетелейтін ұлттық қағидаттар конституциясы іспетті. Кез келген қара сөзді тыңдаған адам өзін тез басында түзеуге түскен қисық ағаштай сезінеді.Оқушылар, сонымен бірге, атақты Біржан салдың Абай ауылында, тобықты елін аралап, бір жаз сауық-сайран құрған кезін де әдемі көрсете білді.  Тарихта Әсет сол сауықта ерекше шабытқа, бапқа келген деседі. Өнерді, өнер иесін құрметтеп бағалайтын Абай да «Айтушы сен болсаң, тыңдаушы мен болайын» деп аса қызығушылық танытқан.Әдеби кеште көпшілік Абай өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін тыңдап бір серпіліп қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35608?lang=kk
Көрікті орта – көпке ортақ 14.04.2025
Көрікті орта – көпке ортақКүзгі санитарлық тазалық айлығы аясындағы жалпықалалық тазалық жұмыстарына, әсіресе, аға буын өкілдері белсенді қатысып, үлгі-өнеге көрсетті. Өткен сенбіде бір топ белсенді азаматтар Д.Қонаев көшесінің «Достық» шағынауданындағы Керімбек би көшесінен қалаға кіреберіске дейінгі бөлігінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, жолдың екі қапталын түрлі қоқыстардан тазалап шықты. Олардың ішінде жасы егде тартқан ақсақалды аталар да, жасөспірім балалар да бар. Олар белсенді қимылдап, көше бойын, сондай-ақ, «Алатау» шағынауданындағы мешіт салынатын орынды тазалады. Көпшілікке  ризашылығын жеткізген қала әкімі Бахтияр Өнербев қаламызға келген ресейлік «Шапито» циркінің билеттерін сыйға тартып, балаларды қуантты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35607?lang=kk
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі 14.04.2025
Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет – ұлттың рухани негізі№2 орта мектебінде «Ұлттық дәстүрлер мен мәдениет –ұлттың рухани негізі» тақырыбында кездесу өтіп, ақ сақалдыаталарымыз бен ақ самайлы апаларымыз жас буынға ұлттықсалт-дәстүрлеріміздің маңызды рөлін түсіндірді.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің ұлттық болмысымызға қайта оралуымызға, мемлекетіміздің, ұлтымыздың мүддесін қорғауда маңызды рөл атқаруда. Себебі, жаһандану үдерісінде экономикасы мен ұлттық негізі әлсіз елдердің жұтылып кету қаупі арта түсуде. Демек, мемлекет құраушы ұлт ретінде біз білімді һәм рухани бай болуымыз керек. Әрине, ол руханияттың салалы бір тамыры салт-дәстүрлерімізде жатыр. Сондықтан, бүгінде мектептерде білім берумен бірге ұлттық тәрбиеге де баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта өткен кездесуге «Абзал ана отауы» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Бектұрова, ансамбльдің белсенді мүшелері Оралтай Әлиева, Жанат Нұрғожаева, «Горняцкий» шағынауданында тұратын бүркітші қария Әбікен Халелұлы, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Бақыт Қапезқызы қатысып, оқушыларды қа-зақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінде жатқан тәрбие өзегіне жетеледі. Шындығында, ата-анаға, отбасына, туған елге, өскен жерге, Отанға деген перзенттік сүйіспеншілік, табиғатқа жанашырлық, еңбекқорлық пен адал-дық, білімге, өнерге қызы-ғушылық, өзара құрмет пен сенімділік, міне осылай жалғаса беретін жақсы қасиеттердің бәрі біздің салт-дәстүрлеріміздің өн бойынан табылады. Ана тіліміздің шұрайлы һәм құнарлы қоры да ізгілік, батырлық, сұлулық, асқақтықпен бітеқайнасып жатыр. Яғни, ұлттық болмысымыз баланы шешен сөйлеп, бойын әсем ұстауға баулиды.Тоқтаусыз жылжыған уақыт керуені өз келбетімен ерекшеленеді десек те, жалғасын тапқан жақсы үрдіс қана ғұмырлы болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35606?lang=kk
Үлкен әлеуеті бар қала 14.04.2025
Үлкен әлеуеті бар қалаҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Қ.Бозшағұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Р. Нәбиева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті басшысының м. а. ә. Төлегенқызы қаламызда жұмыс сапарымен болды.Қала әкімі Бақтияр Өнербаев жоғары қонақтарды кәсіпорындардың жұмысымен және іске асырылып жатқан таза ауыз сумен және қорғасын-мырыш комбинатының қалдықтарын зарарсыздандырумен байланысты жобалармен таныстырды. Жұмыс тобы 40 пәтерлі үйдің құрылысы орнында "Достық" шағын ауданында болды. Қазіргі уақытта онда жұмыстар жүргізілуде және құрылыстың сапасын қамтамасыз ету және уақтылы аяқтау үшін барлық күш-жігер жұмсалып жатыр. Қонақтар құрылыс талаптарын қатаң сақтауға және тұрғын үй адамдар үшін ыңғайлы болуына назар аудардымүмкіндігі шектеулі жандар.Текелі тау-кен өңдеу кешенінде жұмыс тобының мүшелері шойын өндіру процесімен танысты. Қазіргі уақытта кәсіпорында мыңға жуық адам еңбек етеді. Өндіріс негізінде 2015-2017 жылдарға арналған Текелі қаласын кешенді дамыту және өңірлік Индустрияландыру картасы аясында шағын бизнесті дамыту үшін экономиканы әртараптандыру есебінен темір кенін өндіру және қайта өңдеудің инновациялық технологиясы жатыр. Өткен жылы зауыт 17,1 мың тонна шойын шығарды. Екінші домна пеші іске қосуға дайын.Қалалық ауруханада қонақтар материалдық-техникалық базасы денсаулық сақтау.Қалалық ауруханада халықтың денсаулығын жақсарту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында қазіргі заманғы медициналық жабдықтарды сатып алу құқығы берілетін болады. Биылғы жылы "Достық"шағын ауданында амбулаторияға жаңа кең ғимарат сатып алынды.Жұмыс тобының мүшелері қаламыздың дамуына жақсы баға беріп, оның әрі қарай әл-ауқатының жақсаруына көмектесуге уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35602?lang=kk
Сыйлық аурухана 14.04.2025
Сыйлық ауруханаБіздің қаламыздың төрт мектебіне: бірінші, төртінші, бесінші және сегізінші мектебіне дефибрилляция, кардиостимуляция, мониторинг және кардиоверсия үшін өмірлік маңызды аппарат сатып алынды.Мұндай сыйлықты қалалық аурухана жасады. Медицина мекемесінің директоры Елена Целищева мектеп басшыларына аппараттарды жеке табыс етті, сондай-ақ оларды пайдалану бойынша ұсыныстар берді.Оның айтуынша, дефибрилляторды қолдану оңай. Шұғыл жағдайда оны арнайы білімі жоқ адам пайдалана алады, ең бастысы аспап әрқашан қол астында, қолжетімді жерде болуы керек. Сондай-ақ, Елена Николаевна, егер бұл құрылғы біреудің өмірін құтқарса, ол өз мақсатын орындайды деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/35601?lang=kk