Enbekshi QazaQ

Әлем

Ұлттық валюта күнi 14.04.2025
2019 жылдың 15 қарашасында экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күнiне арналған салтанатты iс-шара жүргiзiлдi.Басқарма басшысының орынбасары Д.Қ. Қуанышбаев, ивестициялық саясат бөлiмiнiң басшысы А.Қ. Нурмагамбетова.Басқарманың бас мамандары А.С. Байкуанышев, Г.С. Махамбетова Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.М Ыдырысов алғыс хатымен марапатталды.Басқарманың бас маманы Н.А. Хайдар басқарма басшысы Қ.М. Дүзелбаев алғыс хатымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34524?lang=kk
Қала әкімінің қаржыгерлер күнімен құттықтауы 14.04.2025
Сіздерді Ұлттық валюта – теңге күнімен және кәсіби мереке – Қаржы қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!Қазақстандық валютасының қолданыс уақытында, өз тарихының әртүрлі сатысынан өтіп, құнды ақшалай бірлік ретінде қатыптасты және Қазақстан Республикасының ұлттық төлемді жүйесі ретінде өз бетінше қызмет ете алатынын дәлелдеді.Жинақталған көп жылдық тәжірибе, қажырлы еңбек, сенімді кадрлық әлеует біздің қаламыздың банк жүйесінің алдағы уақытта дамуына, сондай-ақ экономикалық және саяси маңызы бар бәсекеге қабілеттілікті нығайтуда орасан зор үлес ретінде қызмет ететініне сенемін.  Осы айтулы күні, Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, қаржылық береке және қаржылық қызметте табысты және жемісті еңбек етуді тілеймін!Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі                            Қ. АхметовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34493?lang=kk
Профессор Жаумбай Қараевтың облыс педагогтарымен кездесуі 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 11 қазаны күні Ақтау қаласындағы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, білім беру ісінің үздігі, п.ғ.д., профессор Жаумбай Қараевтың Маңғыстау облысы педагогтарымен кездесуі өтті.Кездесуге өңіріміздің мектеп, колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары, «Өрлеу» БАО, НЗМ, білім басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.Еркін форматта өткен кездесуде қазіргі таңда өзекті болып отырған жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысындағы мәселелер талқыланды.Жаумбай Амантұрлыұлы «Педагогикалық технология – ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастырудың басты құралы» тақырыбындағы лекциясын оқыды.Шара барысында мұғалімдерге «Ұстаздар күніне" ҚР Президентінің алғыстары мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының марапаттары табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34452?lang=kk
«Nur Оtan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті 14.04.2025
Ш. Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті. Конференцияны «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы ашып, жүргізіп отырды. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы және аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, кент пен ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, еңбек және партия ардагерлері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіне алты мәселе ұсынылды: «Nur Otan» партиясының алдында тұрған міндеттері туралы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы баяндама жасады. Сондай - ақ «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасын сайлау туралы, аудандық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы, «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссияның 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы, Қармақшы аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық Фракциясының 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарламалар жасалды. «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы болып Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы сайланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/34444?lang=kk
Қазақстан Республикасында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды туралы 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 30 қазанында Көкшетау қаласында Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруды түсiндiру және жергiлiктi деңгейде ТБО-ны оқшаулау тәсiлдерiн талқылау бойынша аймақтық семинар өткiзiлдi.Семинардың ұйымдастырушысы БҰҰДБ, АДБ, ҚР Ұлттық экономика министрлiгi, Ақмола облысының әкiмдiгi қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ болды.Семинарды "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Стратегиялық әзiрлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Хамбар Бақытгүл ашты.Семинар жұмысына жергiлiктi атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның, жастардың, жеке сектордың, академиялық топтардың өкiлдерi қатысты.Практикалық семинар Босния және Герцеговина БҰҰ сарапшылары әзiрлеген "Миссия 2030" iскерлiк ойыны форматында өткiзiлдi.Семинарға қатысушылар өңiр үшiн өзектi ТБО-ны анықтады: ТБО-3 "Жақсы денсаулық және амандық", ТБО-4 "сапалы бiлiм", ТБО-8 "лайықты жұмыс және экономикалық өсу", ТБО-6 "Таза су және санитария".Ақмола облысы бойынша семинар нәтижелерi Қазақстандағы ТБО-ны iске асырудың одан әрi кезеңiн өткiзу кезiнде ескерiлетiн болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34441?lang=kk
Семинар 14.04.2025
2026 жылдың 18 наурыз күні Шелек ауылында Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлер арасында семинар өтті. Оқыту семинарда мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бойынша қызметкерлермен оқу жүргізілді.  Шелек ауылдық                                                                                                           округі әкімінің аппараты                                                                                      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1185162?lang=kk
«Жас геолог» облыстық байқауы 14.04.2025
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылдың 17 қазан күні Ақтау қаласы, Туризм колледж базасында  оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында облыстық «Жас геолог» байқауы өткізілді.Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, яғни жалпы орта білім беру ұйымдарының  барлығы  70 білім алушылары қатысты.Облыстық байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар «Мен неге-Геологпын!», «Минералогия және кристаллография»,«Петрография және пайдалы қазбалар», «Жалпы геология және инженерлік геология», «Геоэкология және Маңғыстау геоэкологиялық өлкетану», «Суреттер және тастардан түрлі бұйымдар жасау» кезеңдері бойынша жасаған жұмыстарын қорғады.Қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін 6 геологиялық бағыт бойынша бағалады:I орын - Маңғыстау ауданы, «Азимут» тобы;II орын - Мұнайлы ауданы «Жалын» тобы;II орын - Түпқараған ауданы, «Түпқараған геологтары» тобы;III орын - Жаңаөзен қаласы, «Жаңаөзен жас геологтары» тобы;III орын - Ақтау қаласы, «Ұлу тас» тобы;Бейнеу ауданы Болашақ тобына, Ақтау қаласы Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының  «Маңғыстау» тобына, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен қалалық Білім-инновация лицейінің «ЖБИЛ» тобына сертификаттар табысталды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34439?lang=kk
Облыстық «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр» байқауы 14.04.2025
Ә. Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мұғалімдер арасында 2019 жылы 22 қазан күні Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінде облыстық «Ғұлама тұлға – ғибратты ғұмыр»  сахналық қойылымдар байқауы өткізілді.Байқау заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын, оның көркемдік  ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау мақсатында  ұйымдастырылды.Байқау екі кезеңнен (аудандық/қалалық және облыстық) тұрды. 2019 жылдың 16 қазанына дейін өткен аудандық, қалалық байқаулардың жеңімпаз ұжымдары облыстық кезеңге жолдама алдыЕрежеге сай, Ә.Кекілбайұлының шығармаларын сахналау үшін байқауға 8 ұжым (52 мұғалім) қатыстыОлар:Ақтау қаласынан  №23 орта мектебі ұжымы; Жаңаөзен қаласынан №4 орта мектебі; Бейнеу ауданынан Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі; Мұнайлы ауданынан Ш.Мұңалұлы атындағы орта мектебі; Қарақия ауданынан Қашаған орта мектебі; Түпқараған ауданынан Ақшұқыр мектеп-лицейі; Маңғыстау ауданынан  С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернаты және «Дарын» облыстық мектеп-интернаты.Байқаудың қазылар алқасының шешімдеріне сәйкес, қатысушы ұжымдар облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының арнайы дипломдарымен және  сыйлықтарымен марапатталдыІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицей  ұжымы;ІІ орын – Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымы;ІІІ орын – Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 орта мектеп ұжымы.«Үздік сахналық интерьер» номинациясымен – Бейнеу ауданы, Ә.Жанкелдин атындағы орта мектеп ұжымы;«Үздік қойылымды ұсынушы» номинациясымен – Қарақия ауданы, Қашаған орта мектеп ұжымы;«Үздік шығармашылық ұжым» номинациясымен – Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұжымы.«Үздік орындаушылық шеберлік» номинациясымен – Оспанов Шерхан Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі;«Үздік әртістік бейнені сомдаушы» номинациясымен – Арғын Қосай, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің ДТІЖО;«Үздік әйел адамның рөлі» номинациясымен – Өтегенова Алтынгүл, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің мұғалімі;«Үздік ер адамның рөлі» номинациясымен – Таңатаров Қалам, Ақтау қаласы, №23 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.Ұстаздық пен өнерді қатар алып жүрген ізденімпаз, өнерлі мұғалімдеріміз көбейе берсін Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34438?lang=kk
Оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесі 14.04.2025
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАДЫ, БІРАҚ ӨЗГЕРЕДІҚазіргі уақытта Білім және ғылым министрінің тапсырмасымен министрліктің жанынан жұмыс тобы құрылды, онда критериалды бағалау жүйесін жетілдіру жолдары талқыланады.Талқылаулар жүріп жатыр, ұсыныстар түсуде. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасады, келіседі, дәлелдейді, толықтырады. Әріптестерімен формативті бағалауды өткізу кезінде балдарды есепке алу мәселелері, БЖБ мен ТЖБ жиілігі және мұғалімдер көтерген басқа да мәселелер талқылануда.Бірақ мұғалімдер – ескі жүйеге яғни 3 балдық жүйеге оралуға болмайды деп келісті.Мұғалімдер критериалды бағалау жүйесінің әдіснамасы дұрыс екенін түсінеді және ол дамыған елдердің бағалау жүйесінің талаптарымен салыстырылатын бағалаудың жаңа стандарттары мен механизмдерін қамтамасыз етті. Сондықтан біз критериалды жүйеден бас тартпаймыз.Түсіндірейін.Білім беру мазмұнын жаңарту оқу нәтижелерін қадағалаудың жаңа нысандарын талап етті, критериалды бағалау жүйесі енгізілді.Бұған дейін стандарт фактологиялық білімді меңгеруге баса назар аударды, олардың деңгейі сабақтарда шағын фрагменттерді қайталау, тестілеу және бақылау кесіндері жүйесі арқылы бағаланды. Мұндай тәсіл оқушыларға өңделген және дайын материалдар ұсынылған кезде ақпараттық оқытуға сәйкес болды.Бағалаудың жаңа жүйесінде объективтілікті қамтамасыз ететін бағалау құралдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Әзірленген өлшемдер мен тапсырмалар білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары мен білімін қолдану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді (оқушы қалай сөйлейді және пайымдайды, бастысы бөліп бере алады және қорытынды жасай алады ма, шешім қабылдай алады ма, алынған білімді өмірде қолдана алады ма). Бұл дәстүрлі бағалардың объективті еместігін жоюға мүмкіндік береді және талаптардың бірлігін, стандарттауды және рәсімдердің теңдігін қамтамасыз етеді.Іс жүзінде БЖБ – бұл бұрын пайдаланылған тақырыптық бақылау жұмыстары, ал ТЖБ – бұл төртінші бақылау жұмыстары.Ескі және жаңа бағалау жүйесінде орындалатын бақылау жұмыстарының санында елеулі айырмашылық жоқ.Мысалы, 2013 жылы «Қазақ тілі»/»Орыс тілі» пәндері бойынша Типтік оқу жоспарларында (ҮОЖ) бақылау жұмыстарының келесі түрлері белгіленген: диктант, баяндау, шығарма, тестілеу, бастауыш мектепте жылына 13-15-ке дейін бақылау диктанты (2 сыныпта - 15, 3 сыныпта-14, 4 сыныпта - 13).Жаңартылған мазмұн аясында осы сыныптардағы ТЖБ мен БЖБ саны аз және жылына 12 жұмысты құрайды. «Математика» пәні бойынша ҮОЖ - 2012 жылы 5 сыныпта бақылау жұмыстарының саны 13, ал БЖБ және ТЖБ саны - 14 жұмысты құрады. Ал 6 сыныпта жаңа бағдарламалар бойынша БЖБ және ТЖБ саны 2012 жылы «Химия» пәні бойынша бағдарламаларға қарағанда аз.Өзгерістер тек оқу тапсырмаларын құрастыру және оқушылардың жұмыстарын бағалаудың нақты критерийлері бойынша тексеру процестеріне қатысты болды. Бұл бағалаудың сапасы мен объективтілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ оқушы өзі неге жеткенін және одан әрі жұмыс істеу қажеттігін түсінуі тиіс екендігіне негізделген.Бұрын бақылау жұмысында баға шегеру әдісімен қойылды, яғни жіберілген қателер мен түзетулердің саны нәтижеге әсер етті (мысалы, нормаларға сәйкес қатесіз - 1 қателік – «5», 1-2 қателік – «4», 3-4 қателік – «3», 4-5 қателік және одан артық – «2»).Бағалаудың жаңа жүйесі оқу тапсырмаларын орындаудың әрбір кезеңін ескереді, бұл балл жинауға мүмкіндік береді. Жинақтау жүйесі оқушылардың өзіндік қызметін ынталандырады және оқу бағдарламасын меңгеруді қамтамасыз етеді, яғни білім сапасын арттыруға ықпал етеді.Мұғалімдерге қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері ескі жүйеде күн сайын дәптерлерді тексерді, бұл олар үшін үйреншікті іс болды. Күн сайын олар бірнеше пән бойынша 25 оқушының жазбаша жұмыстарын тексеріп, келесі күні сыныпқа түсініктеме беріп, тексерілген тапсырмалар берді.Қазақ, орыс тілдері, математика, физика, химия, биология пәні мұғалімдері үшін орта және жоғары сыныптардағы жазбаша жұмыстар, зертханалық және практикалық жұмыстар болды.Бүгін БЖБ мен ТЖБ тексеру кезінде бұл мұғалімдер қиындықтарға тап болмайды.Әрине, ескі жүйеде жазбаша жұмыстар болмаған және оқушылардың ауызша жауаптарын ғана бағалауға үйренген пән мұғалімдеріне қиындайды.Оқушыларға қатысты. 2016 жылы жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша 1 сыныпқа барған балалар бірден формативті және жиынтық түрде бағаланып, жаңа жағдайларға белсенді түрде енді. Олар «жаман» белгілерді алуға қорықпайды, олар оны білмейді де. Олар үшін өз жауаптарына мұғалімнің жақсы болғанына, ал не істемегені туралы түсініктерін естуге үйренеді.Жаңа жүйемен бағалауға алдымен ескі жүйеде оқыған және бағаланған, қазір жаңасына көшкен балалар баяу бейімделуде. Олардың қиындықтары психологиялық тұрғыдан бір-біріне үйреніп қалуларында, енді оларға қайта бейімделуге тура келеді.Ата-аналарға қатысты. Бүгінгі ата-аналар-кешегі мектеп оқушылары, олар өздері ескі бағдарлама бойынша оқып, баға алды «3», «4», «5». Олар үшін кез келген бағалар өздімен ғана байланысты. Басқаны елестету оларға қиын. Сонымен қатар, бұрынғысы ыңғайлы. Және бұл түсінікті.Бұл ретте, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ережелерінде БЖБ мен ТЖБ саны күніне 3-тен аспауы тиіс, оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін БЖБ мен ТЖБ тапсырудың икемді кестесі және т.б. бар екендігін атап өту қажет.Сонымен қатар, біз курстар, семинарлар, тренингтер арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Бізге объективті, ең бастысы, оқушыларды оқыту процесін қолдауға және ынталандыруға бағытталған бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшеліктерін педагогтарға, ата-аналарға түсіндіру маңызды.©️ Шолпан Каринова - Білім және ғылым вице-министрі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34407?lang=kk
"Электрондық үкімет" порталының артықшылықтары 14.04.2025
2019 жылғы 12 қараша күні басқарма қызметкерлері арасында "электрондық үкімет" порталының артықшылықтары және электрондық қызметтер үлесін арттыру бойынша белгіленген міндеттер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-til-udalen/press/news/details/34404?lang=kk
«Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары» қашықтық сабақ 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы ұйымдастыруымен Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінде «Туризм ісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбындағы онлайн режимдегі қашықтық сабағы өтті.Қашықтық сабағына білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық қатысушы қатысты. Орталықтың туризм-өлкетану бөлімінің жетекшісі Сұлтан Қазыбек қашықтық сабағын ашып, туризм ісіндегі қауіпсіздік шараларының маңызы туралы айтты.Сабақта М.Горький атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Б.Джумашев баяндама оқыды. Баяндамада туризм туралы жалпы түсініктер, туризмде және туристік жорықтарда сақталу  керек қауіпсіздік шаралары, дәрежелі және категориялық жорықтардың нормативтері, спорттық көпсайыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы, туристік құрал-жабдықтарды қалай дұрыс пайдалану керектігі жөнінде сөз қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34402?lang=kk
Д. Садуақасов атындағы халықаралық шахмат турнирінің қатысушыларына арналған саяхат 14.04.2025
Орталық 29 қазан күні «Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасов кубогы» Халықаралық шахмат турнирінің қатысушыларына қала бойынша экскурсия ұйымдастырды.Экскурсияға еліміздің әр облысынан және көршілес Қырғызстан, Ресей елдерінен 175 бала қатысты.Орталық қызметкерлері қатысушыларға облысымыздың тарихын және қаламыз жайында қызықты деректерін түсіндірді.Ақтау қаласының көрікті жерлері: Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейімен, «Амфитеатр»,«I love Aktau» инсталляциясы, Жартасты соқпақ жағалауымен танысып, естелік суретке түсіп және алған әсерлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34400?lang=kk
Маңғыстау облысының тарихи-мәдени орындарына саяхат 14.04.2025
Орталық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, өзге діни ағымдарға түспеудің алдын алу және қоғамдағы жат әрекеттерден сақтану мақсатында, ағымдағы жылдың 30-31 қазан күндері «Сұлтан-Үпі», «Шақпақ-Ата», «С.Қондыбай мемориалдық музейі», «Ақмыш», «Шерқала» сынды тарихи-мәдени орындарына саяхат ұйымдастырды.Саяхатқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының білім беру ұйымдарынан 85 оқушы қатысты.Саяхат гидтері жол бойында оқушыларға өңіріміздің тарихи-мәдени орындары жайлы ақпараттарымен бөлісті. «С.Қондыбай мемориалдық музейіне» барып, музей экскурсоводы музей ішін толықтай көрсетіп, С.Қондыбай өмірбаянымен және жер асты бейнесіндегі бөлімдерімен, түрлі аңыз әңгімелермен таныстырды. «Сұлтан-Үпі», «Шақпақ Ата» жер асты мешіттерінде оқушылар мешіт тарихы мен оған байланысты аңыз әңгімелермен танысып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Ақмыш» демалыс орнынында серуендеп, «Шерқала» тауының тамаша табиғаты және пайда болу тарихы жайлы ақпарат алды. Саяхат соңында оқушыларға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, өзге діни ағымдарға түспеудің алдын алу және қоғамдағы жат әрекеттерден сақтану туралы түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, таратпа материалдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/34397?lang=kk
Бизнес-бірден мектеп 14.04.2025
Бизнес-бірден мектеп РИИ құрады және дамытады кәсіпкерлік қауымдастық арасында, рудный қаласының мектеп оқушылары Кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы нарықтық жүйесінің ажырамас элементі, онсыз экономика мен қоғам тұтастай алғанда қалыпты өмір сүре алмайды және дами алмайды. Рудный Индустриалдық институтында "Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі"жобасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Оның бастамашылары-ERG компаниясы, Алматы Менеджмент Университет және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы. Жоба студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен құзыреттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оны іске асыру үшін тартылған оқушылар мен Рудный. Олар үшін РИИ шеберхана ашылды "Сандық кәсіпкерлік", онда балалар жұмыс істейді, өз жобаларымен көмегімен табысты стартапшылар институты. Тренинг бағдарламасы оқушыларды нарықтық экономика негіздерімен, бизнес-жоспарлаумен, мотивациямен және командадағы жұмыспен таныстырады. Арнайы мектеп оқушылары үшін краудсорсинг және идеяларды генерациялау бойынша бірегей тренингтер де әзірленген. Бірлескен жұмыс РИИ студенттерінің және мектеп оқушыларының қала, әрине, дамуына ықпал кәсіпкерлік экожүйесін аймақта, ал оқушылар қазірдің өзінде мектеп қабырғасынан біледі қалай дұрыс және сауатты өз бизнесін жүргізуге, ол болуы мүмкін бүкіл өмірінің ісі.Р. САПАНОВА, ЭЖ кафедрасының аға оқытушысы, И. ШТЫКОВА, Аажб кафедрасының аға оқытушысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/34363?lang=kk
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің «Тестілеуді верификациялау» кезеңі қалай өтті? 14.04.2025
Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің қабілетін «Тестілеуді верификациялау» кезеңі аяқталды.Тестілеудің  верификациясына қабілеттілікті тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 902 қатысушы жіберілді.Бұл кезеңде вербалды және сандық тесттердің әрқайсысы 15 тапсырмадан тұрды. Үміткерлер тестілеуді онлайн-платформада өтті.Іріктеуге қатысуға еліміздің жастарымен қатар, шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілді. Сағаттық белдеулердегі айырмашылықты ескере отырып, сондай-ақ барлық іріктеуге қатысушылардың қолайлығы үшін тесттерді демалыс күндері тапсыру және ол үшін өз бетінше ең қолайлы уақыт аралығын белгілуге мүмкіндік берілді.Тестілеуден өту кезінде қатысушылар белгілі бір шектеулерді сақтау бойынша өзіне міндеттемелерді алады, олардың ішінде:үміткердің өзге адамдарды қатыстырмай, тапсырмаларды өз бетінше орындауы;дыбыс және кескін сапалы болуы, үміткердің тіке қарап отыруын қамтамасыз етуі;бөгде адамдармен қандай да бір сөйлесуге тыйым салынуы;веб-камераны жабуға немесе өшіруге және микрофонды өшіруге тыйым салынуы;тестілеу кезінде өзге бағдарламалық өнімдерді, соның ішінде мессенджерлерді (whatsapp, telegram және т. б.) пайдалануға тыйым салынуы;тек стандартты калькуляторды пайдалану және басқа да бірқатар шарттар.Қатысушыларға орнынан тұруға, соның ішінде бөгде адамдардан қандай да бір заттарды қабылдауға немесе беруге тыйым салынды.  Үміткерлердің тестілеуден өтуінің бейне және аудио фиксациясы аса маңызды шарт болды, өйткені кезең алдыңғы қашықтықтан қабілеттілікті тестілеуден өтудің адалдығын қайта тексеруді көздейді. Ол үшін 50 білікті маман қатысушылардың видеоларын бірнеше рет тексерді, қатысушылар тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде акт толтыру көзделген. Актілер негізінде тәртіп бұзушылар шеттетіледі.Верификация нәтижелері бойынша 22 қазан - 3 қараша аралығында өтетін келесі «Әлеуетті бағалау» кезеңіне өту мүмкіндігі шектеулі уақыт жағдайында сандық және мәтіндік материалдарды талдау қабілетін анықтауға арналған тестілер қорытындысы бойынша ең жақсы балл жинаған қатысушыларға ұсынылады.«Әлеуетті бағалау» кезеңі 3 құрамдас бөліктен тұрады: эссе жазу, жобаны ұсыну, құзыреттерді бағалау. Эссе жазу және жобаларды таныстыру видео және аудио тіркеудің көмегімен pkrezerv.kz автоматтандырылған жүйеде онлайн түрде жүзеге асырылады.Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін тіркеу рәсімінен 13212 адам өтті, оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толық аяқтады.«Қабілеттерді тестілеуге» 5745 үміткер қатысты, тестілеуді верификациялауға 902 үміткер жіберілді.Қатысушылардың басым бөлігі елордадан – 1379 адам, Алматы және Шымкент қалаларынан тиісінше 493 және 380-ден, Ақтөбе облысынан - 289 адам. Басқа өңірлерден 100-200 қатысушы.Шетелдерден қатысушылар арасында Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Сингапур, БАӘ және Түркиядан қазақстандықтар бар.Президенттік жастар кадр резервіне өткендер саяси және жоғары әкімшілік лауазымдарға, ұлттық холдингтар мен компаниялардың жоғары басқарушы лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/34332?lang=kk
Тіл саясаты мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті 14.04.2025
14 ақпан күні Қарағанды облысы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға қоғам белсенділері, тіл жанашырлары, филолог-ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, орталықтар директорлары, сондай-ақ облыс өңірлері әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.Кеңестің күн тәртібіне тілдерді дамыту саласындағы бірнеше түйткілді мәселелер шығарылып, оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, облыс аумағындағы мына бағыттардағы атқарылған жұмыстар талданып, алдағы бағдар айқындалды:мемлекеттік тілді оқыту мәселелері;облыстың ономастикалық кеңістігі;көрнекі ақпараттардың сауатты ресімделуі;мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, ақпараттық қолдау.«Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темірғали Көкетай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлік жобалық кеңсе бас менеджері Бахытқали Мұсабеков, «Болашақ» академиясының профессоры Құрманғазы Сембиев, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың доценттері Жаңбырбай Қағазбаев, Салауат Кентбеков, ҚарМТУ-дың «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының директоры Нұрлыбек Әубәкіров, журналистика саласының ардагері Сағат Батырханова, «Айқын» республикалық газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ләззат Қожахметова, «Арқа ақшамы» облыстық газетінің бас редакторы Жанат Жаңқашұлы секілді тіл жанашырлары көкейдегі сауалдарын қойып, келелі ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстар негізінен мемлекеттік органдардағы жиындарды мемлекеттік тілде өткізу, облыс орталығындағы ономастикалық кеңістікті реттеу бойынша жұмыстарды қарқындату, көрнекі ақпараттардағы мемлекеттік тілдің қолданысын реттеу мазмұнын қамтыды.Асхат Қанатұлы бірінші кезекте  қазақ тілін білу мемлекеттік қызметшілерден бастау алу қажеттігіне баса назар аударып, мемлекеттік тілді оқыту және тіл меңгерген тұлғаның тілдік құзыретін одан әрі жетілдіру, көрнекі ақпараттар мәтінінің сауатты жазылуы үшін кәсіпкерлермен ықпалдастықты арттыру, ономастикалық саясатты тұрғындарға жете түсіндіру арқылы жүзеге асыру бойынша межелерді сала қызметкерлеріне жұмыс барысындағы негізгі басымдық ретінде міндеттеді. Облыс әкімінің орынбасары тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға және өңірлердің әкімдері орынбасарларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34331?lang=kk
Қарағанды облысында халықты жаңа әліпбиге дағдыландыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде 14.04.2025
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Үш байлық» ҚБ-мен бірлесіп латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне халықты дағдыландыру бойынша жоспарлы тренингтер өткізуде. Егер, 2018 жылы осындай тренингтермен облыс орталығына жақын орналасқан 5 қала қамтылса, биыл 13 өңірден 3 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда.Бұл жолы жұмыс тобы кесте бойынша төрт аймаққа ат басын тіреді. Олар: Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандары. Іс-шараның модераторы қоғам қайраткері, «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы қатысушыларға жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен көшу үрдісі, артықшылықтары, орфографиялық ережелердің жобасы туралы айтып, тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жаңа әліпбиді қол жетімді меңгеру үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өткен жөн, бұл үшін электрондық бағдарламалар құрылуда. «ICoder» ЖШС өкілі Рымбек Ізғали «Жаңа алфавитті зерделеудегі IT-жобалар» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Қатысушылар қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу барысы туралы барлық ақпарат орналастырылатын «Qazlatyn.kz» ұлттық порталымен, «Qazlatyn» көпфункционалды конвертерімен, «Tilqural.kz» тілді машинамен оқытуға арналған веб-сервисімен, барлық салалық сөздіктер мен энциклопедиялар жинақталған «Sozdikqor.kz» платформасымен, балаларға да, ересектерге де жаңа әліпбиді жеңіл үйренуге мүмкіндік беретін «Jasyryn sóz», «Sózdi tap», «ILES», «Zerekbala», «Sóz álemi» ойындар түріндегі бес мобильді қосымшалармен танысты.Іс-шараның негізгі бөлігі тренинг түрінде өткізілді. Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Мұстағұлова залмен жұмыс жасады, қатысушылар практикалық сабақтарды орындап, орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді, ерекшелік сөздерін жазып отырды.Келесі кезеңді сәуір және мамыр айларында өткізу жоспарлануда.Жалпы, Қарағанды облысы жаңа әліпбиді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: WhatsApp желісінде апта сайын «Аудиодиктант жазамыз» акциясы өткізіледі, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің әр сенбілік нөмірінде «Jańǵyrý jazýdan bastalady» айдары жұмыс істейді, ол шалғай елдімекен тұрғындарына жаңа әліпбиді өз бетінше үйренуге мүмкіндік береді, YouTube-та қолжетімді оқыту сипатындағы 2D бейнеролик әзірленді, сонымен қатар облыс тұрғындары «Бүгінгі ой», «Латын-караоке», «Латын субтитр», «Мақалды жалғастыр» акцияларына белсенді қатысуда. Ресурстық орталық меншік нысанына қарамастан мекемелерге өтінімдер негізінде жоспарлы және жоспардан тыс тренингтер өткізуде, осындай шаралармен жыл басынан 2 мыңнан астам адам қамтылды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34329?lang=kk
Наурыз мейрамы «Мәміле» тілдесу клубында 14.04.2025
Биылғы жыл «Мәміле» тілдік клубына құтты жыл деуге болады. Ұлы Наурыз мерекесінің алдында Қарағанды қаласының «Нәтиже» сүт фабрикасының басшысы, табысты кәсіпкер, полиглот, нағыз тіл жанашыры – Ерлан Әшім спикер болып бізге құрмет көрсетті. Көп тіл білудің пайдасы туралы айтылған тілдік клубта жексенбілік кештің қалай тез батқаны да байқалмай қалды.«Тіл білу сол халықтың жанын түсіну» деп бастаған Ерлан Әшім, қазақ тілін білу – қазақты тереңінен түсіну деген сөз деп түсіндірді. Сонымен қатар, қазақ тілін білу – уақыт талабы екенін, мемлекеттік тілді білу сіз үшін көптеген есіктерді аша атап өтті.Кәсібіне байланысты шетелге жиі шығып тұратындықтан, оңтайлы келісімге келуге осы тіл арқылы жететінін, қай елге барса да сол елдің жиі қолданатын 50 сөзін міндетті түрде жаттап алатынын жеткізді.Жеке өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, Қазақстанда қазақ тілін білу басқа ұлт үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін, сондай-ақ бәсекеге қабілетті бола алатынын екі тілде түсіндіріп берді. Әңгіме соңында наурыз мерекесіне жайылған дастарқан үстінде жалғасып, клуб тыңдармандарын қазақша сөйлесуге таңғы асқа өзінің компаниясына қонаққа шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34327?lang=kk
«Үштілді» көшбасшы интеллектуалдық байқауы Қарағанды медицина университетінде 14.04.2025
Ресурстық тіл орталығы мен Қарағанды медицина университетінің ұйымдастыруымен ү.ж. 20 наурызда Наурыз мейрамының қарсаңында университет базасында «Үштілді көшбасшы» интеллектуалдық байқауы өткізілді. Осындай байқау Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Қарағанды экономикалық университетінде өткізілген болатын. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, тілдің үштұғырлығы саясатын жүзеге асыру, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту. Шарада Қарағанды медицина университетінің бірінші курс студенттері арасынан 8 ойыншы қатысты.  Аталмыш байқау 4 кезеңнен тұрып, әр кезеңде тарих, салт-дәстүр, кино әлемі, т.б. тақырыптарда сұрақтар мен тапсырмалар үш тілде берілді. 4 кезеңнің нәтижесі бойынша, Ахметов Ерасыл Үштілді көшбасшы атанып, ал ІІ орын мен ІІІ орынды Шәкір Дәулет пен Рахибаева Аружан иеленді. P.S. Осындай байқау алда Қарағандының басқа да жоғары оқу орындарында өткізілетін болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34326?lang=kk
Облыстың жас полиглоттары сынға түсті 14.04.2025
Бүгін, яғни сәуірдің 19 жұлдызында Қарағанды  қаласы Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің шет тілдері факультетінің базасында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын»  облыстық байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, үштұғырлы тіл саясатын насихаттау, жастардың көп тілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту болып табылады.Аталған іс-шара 2012 жылдан бері жалғасын тауып келе жатыр. 2015 жылы республикалық байқау Қарағанды қаласында өткізілген болатын. 2016 жылы – Шет ауданының Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталды мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрхан Нұрланов,    2017 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті Әлібек Марат, ал 2018 жылы Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, бүгінгі таңда Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенті Никита Савин республикалық байқаудың бас жүлдегерлері атанған. Байқауға Жезқазған, Приозерск, Саран, Теміртау қалаларынан, Абай, Нұра, Шет аудандарынан, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеттерінен, «Болашақ» академиясынан және колледждерден, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдардан 18-22 жас аралығындағы барлығы 23 үміткер қатысты.  Байқаудың кезеңдерінде үміткерлердің қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде берілген тақырыптардың мазмұнын ашу, үш тілде сауатты сөйлеу және мәтіндерді аудару кезінде орфоэпиялық сауаттылығының сапалық деңгейі бойынша білімдері ескерілді. Биылғы жылғы байқаудың ерекшелігі – қатысушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейіне баса назар аударылды. Қазақ тілінде эссе жазу және тыңдалым тілдік қатысымы бойынша сұрақтарға жауап беру кезеңдерінің тапсырмалары ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделді.Байқау жеңімпаздарын ғалымдар, тіл мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес келесі тіл білгірлері жүлделі орындарға лайық деп танылды және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:Бас жүлде – Төленді Соғдиана Жанатқызы, Қарағанды «Болашақ» жоғары колледжінің студенті;І орын – Әсет Қызғалдақ Думанқызы, А.Мусин атындағы балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі;ІІ орын – Түркенова Әйгерім Өміртайқызы, А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі;ІІІ орын – Ким Джейсан Николаевич, Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейі;Ынталандыру сыйлықтары – Серікова Күнсая Ерболатқызы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;Оспанова Майдагүл Аманқызы, Нұра ауданының Ақмешіт жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;Тлеуқұлова Әсем Ерланқызы, Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназысының мұғалімі.Облыстық конкурстың жеңімпазы Соғдиана Төленді республикалық «Тілдарын» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысатын болады.        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34290?lang=kk