Әлем
Облыстық семинар өтті 14.04.2025
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Достық» үйінде «Онлайн режим мүмкіндігін пайдалана отырып оқытушылардың біліктілігін арттыру» семинарын ұйымдастырды. Мақсат: оқытушыларға онлайн-сабақтар көрсету, практикалық сабақтар өткізу жолымен қазақ тілін оқыту тиімділігін арттыру.Семинарға тіл орталықтары мен курстарының ересектерге қазақ тілін оқыту жұмысын жүргізіп жүрген әдіскерлері мен оқытушылары, жоғары оқу орындарының орыс тілді топтарға қазақ тілінен сабақ беруші оқытушылары, "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының мамандары қатысты.Шара тақырыбы өте өзекті. Себебі, әр оқытушы бүгінгі цифрлық заманда интернет пен түрлі заманауи бағдарламалардың әлеуетін толыққанды пайдалана білуі керек. Бүгінгі күні Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы бұл мүмкіндіктерді толыққанды игеріп, өз білімдерімен республика мамандарын сусындатуда. Бүгінгі шарада да орталық директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы, былтыр "Республикадағы ең үздік оқытушы" атағына ие болған әдіскер Қуанбаева Динара Әбілсейітқызы және оқытушы Омашева Лаура Қырғызбайқызы келесі тақырыптар бойынша практикалық сабақтар жүргізді: Мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары;STEAM жүйесі бойынша мультимедиялық технологияларды қолдану: мүмкіндігі мен артықшылықтары;Socrative, Playposit, Thinglink бағдарламалары;Онлайн режимдегі "Менің қалам" панорамалық сабағы;Онлайн оқыту барысында IDroo, RealTimeBoard виртуалды тақталарын пайдаланудың тиімділігі;Quizlet бағдарламасы –лексикалық минимумды игертудің заманауи тәсілі.Қатысушылар осы тақырыпта тағы да тереңдетілген семинар өткізуімізге тілек білдірді. 2020 жылға жоспар жасау барысында бұл өтініш ескерілетін болады.Шара соңында барлық 30 қатысушыға басқарманың арнайы сертификаттары табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34289?lang=kk
«Ономастика жұмыстарын ұйымдастырудың заңнамалық негіздері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті 14.04.2025
13 маусымда Қарағанды қаласында «Ономастика жұмыстарын ұйымдастырудың заңнамалық негіздері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандар мен қалалардағы, ауылдық округтердегі тіл саласына жауапты мамандар қатысты.Семинар-кеңес ономастика саласындағы жұмыстар жүргізу барысында ұстанатын басты принциптерді талдау, атау беру және оларды қайта атау кезінде жүзеге асырылатын процедуралар алгоритмін түсіндіру, туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдарын бірлесе талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек қатысушыларға Орталық Қазақстандағы топонимдердің қалыптасу тарихы, өңірдегі кісі есімдерінен туындаған жер-су аттары туралы толыққанды ақпарат берілді.Іс-шара барысында Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі архив басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Аршабеков Темірғали Тілеубекұлы, Қарағанды облысы әділет департаментінің нормативтік-құқықтық акітлерді тіркеу бөлімінің басшысы Изатов Әділхан Темірханұлы, Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мұратхан Айжан баяндама жасады.Семинар-кеңес соңы лекторларға сұрақ қою, еркін пікір алмасу мен талқылауға ұласты. . Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34288?lang=kk
Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы туралы ереже 14.04.2025
Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы (бұдан әрі - Сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.Облыс әкімінің Сыйлығы жылына бір рет Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында өткізілетін салтанатты жиында табыс етіледі.Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мен насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар Сыйлыққа үміткер ретінде келесі номинациялар бойынша қатыса алады:«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы(облыстың мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ісіне айтулы үлес қосып жүрген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, штаттан тыс мамандары арасында);«Тіл жаршысы» номинациясы (мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны және материал беру бірегейлігі мен кәсібилігі үшін баспа бұқаралық ақпарат құралдарыөкілдері (және штаттан тыс қызметкерлер)арасында;«Үздік телехабар» номинациясы (тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы мәселелерді көтерген арнайы, сапалы телехабарлар ұйымдастырғаны және материалдарды берудегі шығармашылық пен бірегейлік үшін электрондыбұқаралық ақпарат құралдарыөкілдері арасында);«Жас полиглот» номинациясы (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдеконкурстарда, олимпиадаларда, жобаларда грамота, диплом, сертификаттар мен басқа да наградаларға ие болған 14-29 жас аралығындағы жастар арасында);«Тіл білгірі» номинациясы (мемлекеттік тілді еркін меңгерген, облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері болып табылатын 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында);«Мемлекеттік тіл - бизнесте» номинациясы (облыс аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтугеүлес қосып жүрген шағын және орта бизнес өкілдері арасында);«Үздік оқытушы» номинациясы(ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда жетістіктерге жеткен, тіл үйретуде озық технологияларды, жаңа әдістерді қолданатын, бірегей әдістемелік өнімдердің авторы болып табылатын тұлғалар арасында);«Тіл майталманы» номинациясы(мемлекеттік тілді дамыту мен танымалетуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың әзірлеушілері мен жүзеге асырушылары болып табылатын, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген35 жастан асқан шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында);Номинацияға қатысу үшін қажетті құжаттар:1) түйіндеме, өмірбаян, мекемеден ұсыныс-мінездеме;2)жұмыс процесінде түскен, ресми, бейресми форматтағы жоғары сапалы фотосуреттер (сонымен қатар міндетті түрде электронды форматта ұсыну қажет);3) жеке куәлік көшірмесіжәне 20 таңбалы ағымдағы шот;4) мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру бойынша жобалық ұсыныс;5) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында жеткен жетістіктерін растайтын құжаттардың және материалдардың сапалы көшірмелері (грамоталар, дипломдар, алғысхаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телехабарлар, бағдарламаларда қатысқанын растайтын анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ғана ұсынылуы тиіс.Сыйлыққа үміткер тек бір номинация бойынша қатыса алады, сонымен қатар Сыйлық лауреатының құжаттары үш жыл көлемінде қайта қабылданбайды.Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, пікір берілмейді.«Тіл жанашыры» сыйлығына үміткерлердің материалдары Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында қабылданады. Материалдар электрондық поштамен қабылданбайды. Материалдарды қабылдаудың соңғы күні: 2019 жылғы 23 тамыз.Анықтама телефоны:8/7212/567476. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34286?lang=kk
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ - нің хабарландыруы 14.04.2025
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:D-О-3 санатына: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;6) ғылыми дәрежесінің болуы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:СанатыЖұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлықақысы, теңгеminmaxD-О-3126357,00170 599,00«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 100012, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, байланыс телефоны: 8 /7212/56-74-76, факс 56-93-48, as.zhekebaeva@karaganda-region.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ ономастика, сараптама және қоғамдық ұйымдармен байланыс бөлімінің басшысы (1 бірлік, №3-1, D-O-3 санаты).Функционалдық міндеттері:Бөлім жұмысының негізгі бағыттарын белгілейді, бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Аудан, қалалар бойынша елді мекен атауларына сараптама жасап, олардың тарихи атауларын қайтару, транскрипциясын ретке келтіру сияқты жұмыстарды жүйелі және жоспарлы түрде іске асырады. Аудан, қалалар бойынша көше, шағын аудан т.б. үнемі сараптама жасап, оларды ұлттық менталитетке сәйкестендіру мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізеді. Тілдерді қолдану мен дамытудың өңірлік бағдарламасының жобасын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді. Облыстық ономастикалық комиссия отырысына құжаттарды дайындауға бақылау жасайды. ҚР «Тілдер туралы» Заңының 21 бабының орындалуын бақылайды. Бағдарламаларды, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу жоспарларын әзірлеп, үйлестіреді, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас, өңірдегі тілдік процестерге мониторинг және талдау жүргізеді. Бөлім жұмыстарын жоспарлауды жүзеге асырады: айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлар, ақпараттық-насихаттау тобының жұмыстарын ұйымдастырады, өңірдегі ұлтаралық, тілдік және демографиялық ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтанулық зерттеулерді дайындайды. Ономастика саласы бойынша көрнекі құралдардың заңдылығын айқындап, заңға қайшы келетін көрнекі құралдар бойынша тиісті органдармен жұмыс жасап, заңға сәйкестендіреді. Басқарманың өткізген іс-шараларына ақпараттық-насихаттық қолдау жасауды ұйымдастырады. Тіл саясатын насихаттау бойынша облыстық медиа-жоспардың әзірленуін қадағалайды. Қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастарды жүзеге асырады. Басқарма тарапынан өткізілген іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында таралуын ұйымдастырады. Семинар, конференция және басқа да шаралардың сапалы ұйымдастырылып, өткізілуін қамтамасыз етеді. Басшылыққа бөлімнің жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша (филология, тарих), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (журналистика) немесе «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі). «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 2-қосымшасыНысан __________________________(мемлекеттік орган) ӨтінішМені__________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.Қоса берілген құжаттар:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________________________________________________________________________ __________ ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 ____ ж.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34285?lang=kk
«Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ 14.04.2025
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2020 жылдың қазан айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына орай қазақ поэзиясының алыбы Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» республикалық мүшәйрасын өткізеді.мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;қамтылатын тақырыптарына қарай дауылпаз ақын Қасым Аманжоловқа, Абай Құнанбайұлына немесе Алтын Орда тақырыбына арнау және еркін тақырыпта – барлығы 3 өлең ұсынылуы міндетті;шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында жіберілуі қажет;жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.Барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы қарап, талдау жасайды және іріктейді. Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;- шығарманың идеялық мазмұнына;- туындының көркемдік сапасына;- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне баса назар аударылады.Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтеді.Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары, жеке куәлігінің электронды көшірмесі) және шығармалары 2020 жылғы 18 қыркүйекке дейін mushayra.kasym@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.Анықтама телефондары: 8 (7212) 56-74-76, 8-778-355-21-80. «Дүниеге келер әлі талай Қасым»атты республикалық жыр мүшәйрасынақатысуға өтінімТегі, аты, әкесінің атыТуған күні, айы, жылыРеспублика өңірі,елді мекенЖұмыс/оқу орны, лауазымыБайланыс телефондары,электронды поштасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34284?lang=kk
Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды 14.04.2025
Қарағандыда Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінде «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздарына салтанатты түрде облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді.Шара Достық үйінде өтті. Бұл марапат мемлекеттік тіл саясатына, тілдерді дамыту саласына үлес қосқан тұлғаларды қолдау мақсатында жыл сайын тағайындалып келеді. Биылғы жылы да оған әртүрлі сала, кәсіп және ұлт өкілдері ие болды.Аймақ басшысы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша дәстүрлі номинацияларға тағы біреуі – «Үздік оқытушы» қосылды. Бұл сыйлық ересектерге мемлекеттік тілді оқыту саласында еңбекқорлығымен, жаңашылдығымен ерекшеленген ұстаздарға беріледі.- Тіл – бұл қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықтың және мемлекеттің рухы. Ұлттық код негізінде ана тіліміз жатыр. Жыл сайын қазақ тілін үйренушілердің саны артып келе жатқаны қуантады. Егер 10 жыл бұрын ҰБТ тапсыратын түлектердің 40%-ы тапсырмаларды мемлекеттік тілде орындаған болса, қазір бұл көрсеткіш 70%-ға дейін өсті. Балабақшаларда қазақ топтарындағы балалар саны бірнеше есеге артты, - деді Ерлан Қошанов сыйлықты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде.Ол тілдерді үйрену ешқашан кеш емес екенін атап өтті. Ең бастысы ниет болу керек. Кез келген тілді білу шекараны жойып, жаңа есіктерді ашады, шексіз мүмкіндіктер береді, - деп атап өтті аймақ басшысы. Ол қиындықтардан қорықпауға және тілді әртүрлі тиімді әдістер арқылы үйренуге шақырды. Облыс әкімі салтанатты шараға жастар көп жиналғаны қуантатынын атап өтті және ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.Биылғы жылы 8 номинация бойынша 43 үміткер қатысып отыр. Жеңімпаздарды қазылар алқасы таңдады. Оның ішінде 7 номинация бойынша сыйлық мөлшері – 250 мың теңгеден. Басты сыйлық тіл саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Тіл майталманы» номинациясы бойынша 1 млн теңге беріледі. Бұл жылы ол Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Жандос Смағұловқа берілді.Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақ - мемлекет және қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы республиканың барлық өңірлері арасында қарағандылықтар Тілдер күнін кеңінен атап өтіп жатқанына тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұл ана тіліне деген құрметті білдіреді.Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының лауреаттары атанғандар:«Тіл майталманы» номинациясы бойынша - Жандос Смағұлов, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі;«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» номинациясы бойынша - Мадинат Игенберлина, «Сәтбаев қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы;«Тіл жаршысы» номинациясында - Анна Строкова, «Е-Караганда» ақпараттық порталының тілшісі;«Тіл білгірі» номинациясы бойынша - Денис Романов, Жезқазған қаласының №3 «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;«Жас полиглот» номинациясы бойынша - Мадияр Әбділрадов, «Мұрагер» БОМ химия және биология мұғалімі;«Мемлекеттік тіл бизнесте» номинациясы бойынша - Алмаз Мырзахмет, «Magzhan» printing house» ЖМ;«Үздік телехабар» номинациясы бойынша - Аян Шәкен, 5 арнаның жүргізушісі;«Үздік оқытушы» номинациясында - Береке Жарылғапова, «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КМК әдіскері.Облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы 2012 жылдан бастап беріліп келеді. 2018 жылдан бастап Қазақстан халқының Тілдер күні - 5 қыркүйек, ағартушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде атап өтіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34283?lang=kk
Қарағандыда жалпыоблыстық диктанттың үздіктері марапатталды 14.04.2025
Осыдан отыз жыл бұрын 22 қыркүйекте тіл туралы Заң қабылданды. Содан бері мемлекеттік тіл саясатын дамытуда біршама жұмыстар атқарылды, заман талабына сай тіл саласындағы міндеттер де өзгерді. Соның бірі – Елбасының 2017 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру міндеті.Былтыр 14 қарашада жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында республика бойынша өткен «жалпыхалықтық диктант» биылғы жылы да дәстүрлі түрде облыстық деңгейде өтті. Биыл бұл шараға 120 мыңға жуық тұрғын, атап айтсақ 119 мың 293 адам, оның ішінде 9103 мемлекеттік қызметші, 34996 мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың қызметкерлері, 18539 студент, 37394 оқушы және 19261 басқа да санаттағы облыс тұрғындары қамтылды.Биыл мемлекеттік мекемелермен бірге «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС, «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС, «Қазпочта» АҚ сынды мекемелерді де белсенді қатысқаны көңіл қуантты.Жалпыоблыстық диктанттың қорытындысы бойынша жаңа әліпбиді меңгерту бойынша сертификаттары бар әдіскерлер мен оқытушылардан құралған арнайы жұмыс тобы 200 диктант тапсырушылардың орфографиялық, пунктуациялық ережелерді меңгергенін, есте сақтауын бағалай отырып, ішінен диктантты ең үздік жазған 28 тұлғаны іріктеп алды.Барлық жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ орындармен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен ынталандырылғанын атап өткен жөн. Бұдан басқа диктантқа қатысқан барлық 200 адам назардан тыс қалмай белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысхаттармен марапатталды. Олар бұл бастаманы келесі жылы да жалғастыру жөнінде өтініштерін білдірді.Атап өтетін бір жайт, облыс аумағында жаңа әліпбиде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан тренингтерге белсенді қатысып жүрген сот, полиция, қазынашылық, облыстық архив, статистика сынды мекемелердің жаңа әліпбиде жазу қарымдары жоғары екені диктант барысында анық байқалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/34282?lang=kk
Дәленов Ресей мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастығының оң қарқыны қалай сақталып келе жатқанын баяндады 14.04.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту туралы Омбыдағы XVI Өңіраралық форумда сөз болды. Оған Қазақстан делегациясының құрамында сауда-экономикалық миссиямен ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қатысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.ҚР Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, Ресей Қазақстанның ірі және басты сауда серіктестерінің бірі болып табылады.Форум қатысушыларына арнаған сөзінде ҚР ҰЭМ басшысы өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалғанын атап өтті. Тауар айналымы 13%-ке артып, шамамен 19 млрд. АҚШ доллары болды.«Ресей де Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Инвестициялардың негізгі ағыны өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, қаржы қызметі, көлік және логистика салаларына тиесілі», - деп атап өтті Министр.Сонымен қатар, Руслан Дәленов өңіраралық ынтымақтастық пен шектес аумақтарымыздың іскерлік байланыстарын дамытуда қол жеткізілген елеулі табысқа назар аударды.«Бұл біз бірлесіп дамытатын, соның ішінде сауда рәсімдерін оңайлату, өзара инвестицияларды ұлғайту, көлік және ілеспе инфрақұрылымды жақсарту арқылы дамып келе жатқан үлкен нарық. Әлемдік экономикадағы сын-қатерлерді ескере отырып, бізге өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде өсіріп, бірлескен өсу нүктелерін іздестіру қажет. Аймақаралық ынтымақтастық өзгелер үшін көшбасшы және үлгі болуы тиіс» - деді спикер.Қазақтар: «Туыс ата-бабадан, көрші құдайдан» дейді. Біздің тату көршілігіміз, өзара сенімді қарым-қатынасымыз терең құрмет пен бірлескен тарихқа негізделген», - деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.Анықтама:Делегаттар өнеркәсіп, цифрлық технологиялар, шикізаттық емес экспорт салаларындағы мемлекетаралық кооперацияның перспективаларын қарады.Үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық екіжақты маңызды құжаттарға қол қойылды.Іс-шараға қатысушылар арасында министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Ресей Федерациясы мен Қазақстан облыстарының бірқатар субъектілерінің басшылары, сондай-ақ екі елдің іскер топтарының өкілдері бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34281?lang=kk
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дегеніміз не? Руслан Дәленов 1 МЖӘ Форумын ашты 14.04.2025
Астанада Азиялық Даму Банкінің қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған Бірінші инвестициялық мемлекеттік-жекешелік әріптестік форумы өткізілуде.Экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов форум қатысушыларына арнап сөз сөйлей келіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің экономикалық өсуді ынталандыратын тиімді әрі прогрессивтік құрал екенін атап өтті. Бұл, тиісінше, жұмыс орнының көбеюі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру.«Мен бүгінгі форумды біздің қызметіміздің нәтижелері туралы айта алатын және шақырылған МЖӘ саласындағы халықаралық сарапшылармен, оның ішінде Азиялық даму банкі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия, БҰҰ ЭСКАТО және басқалармен жоспарларымызды талқылай алатын маңызды іс-шара деп санаймын», - деді министр. Өз сөзінде Ұлттық экономика министрлігі басшысы Қазақстанның МЖӘ-ні дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар бірнеше мәрте атап өткен тәжірибесін тағы да атап көрсетті: «Біздің еліміз өзіндік «МЖӘ кітапханасына» айналуда. Онда Орталық Азия аймағындағы МЖӘ жобаларын іске асыру туралы ақпарат, білім мен тәжірибе шоғырландырылып, кең ауқым алуда».Анықтама: МЖӘ Форумы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылданған күніне арналды (2015 жылғы 31 қазан).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34274?lang=kk
Дәленов: 2025 жылға қарай, ең көп жұмыс орны туризм, көлік және сауда саласында пайда болады 14.04.2025
«Бүгінде еңбек нарығы көптеген өзгеріске ұшырауда. Халықаралық сарапшылардың дерегіне сәйкес, әлемдік еңбек нарығына мынадай трендтер әсер етпек:-АКТ цифрландыру мен дамыту;-Жұмыс орнының күрделендірілуі;-Жұмыспен қамтудың иекмді түрлерін енгізу;-Демографиялық өзгерістер», – деп санамалап өтті бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндай келіп.Министрдің айтуынша, еңбек нарығы мынадай факторлардың әсерімен өзгереді:Жылына 5% деңгейіндегі және одан да жоғары ЖІӨ жаңа сапалы өсуіне көшу.Экономиканың басым салаларындағы сапалы жұмыс орындарына сұранысты арттыратын бірнеше инвестициялық жобаны іске асыру.ЖІӨ-нің 35%-іне дейін өсетін шағын және орта бизнестің үлесін арттыру.Еңбек нарығының икемділігін ұлғайту. Бұл – макроэкономикалық және басқа да еліміздегі және әлемдегі өзгерістерге икемділік.Дәленов 2025 жылға дейінгі 41,6 трлн.теңгенің инвестициялық жобалар пулы бүгіннің өзінде құрылғанын хабарлады. «Бұл пулды басшылыққа алсақ, 2025 жылға дейінгі жаңа дайындалған кадрларға сұраныс 1,3 млн. адам деңгейінде бағаланады», - деді министр.Көп жұмыс орны туризм, көлік, АӨК, сауда және АКТ салаларында жоспалануда. Бұл көптеген білікті кадр дайындауды талап етеді.Тұтастай алғанда, Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, 2019-2025 жылғы кезеңде 2,6 млн. жаңа жұмыс орны құрылады. Оның жартысы 41,6 трлн. теңгенің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру есебінен пайда болады. 2,6 млн. жаңа жұмыс орнындағы 600 мың адам таза жұмыс күшінің өсуімен, 2 млн.-ы экономика салаларындағы жұмыс күшінің ағылуымен қамтамасыз етіледі.«Жұмыспен қамтылған халықтың саны 2018 жылы 8,7 млн. адамнан 2025 жылға қарай 9,3 млн. адамға артады. Онымен бір уақытта еңбек нарығы құрылымында сапалы өзгерістер орын алады. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың үлесі 7,5%-ке азайып, АӨК, ОЭК және өңдеу өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен экономиканың нақты салаларындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 3% -ке өседі. Туризм мен көрсетілетін қызметтер саласының үлесі 2%-ке артады», - деді ҰЭМ басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34273?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 14.04.2025
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов ел экономикасындағы жоспарлы құрылымдық қайта құрулардың еңбек нарығына және кәсіпкерліктің дамуына әсері туралы, «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Сарбасов, ауылдағы шағын несиелендіру туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев, өңірлердің азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысы туралы Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов баяндады.Үш жылда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 1,7 млн адам қатысқан, оның ішінде осы жылдың басынан бері – 500 мың адам, оның 178,8 мыңы – жастар, 12,6 мыңы – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15,7 мыңы – аз қамтылған азаматтар. Жыл басынан бері 23,7 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқудан өтті, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 45,4 мың адам оқытылды, 11,6 мың шағын несие берілді, оның 90%-ы — ауылды жерлерде.«Біздің басты міндетіміз – нәтижелі жұмыспен қамтуды күшейту есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру. 2017-2019 жылдар аралығында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 1,3 млн адам жұмысқа орналасты, 51 мың адам жеке бизнесін ашты, 248 мың адам біліктілігін арттырды, 53 мың жас азамат алғашқы кәсіптерін игеруде», — деді А. Мамин.Премьер-Министр осы жылдың соңына дейін еңбек нарығын 2025 жылға дейін кешенді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әрекет етіп тұрған тетіктерін жетілдіруді тапсырды.«Қысқа мерзімді оқыту кепілді жұмысқа орналастыру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Шағын несие беру және гранттар алу кезіндегі шарттардың орындалуын нақты бақылау қажет», — деді Үкімет басшысы.Премьер-Министр жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді.«Жастардың әлеуетін дамыту мақсатында “Жас кәсіпкер”, “Жас маман” жобалары іске асырылып жатыр. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына нақты индикаторларды көрсете отырып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жеке блокты енгізуді тапсырамын», — деді А. Мамин.Үкімет басшысы тұрақты жұмыс орындарын құру әкімдер мен салалық министрліктер жұмысының негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті.Дерек көзі: primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34272?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН DOING BUSINESS РЕЙТИНГІ БОЙЫНША 25 ОЗЫҚ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ 14.04.2025
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2020 рейтингінде үш позицияға көтеріліп, тұңғыш рет 25 озық елдің қатарына енді.Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш позицияға және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға (2017 – 36 орын, 2018 – 28 орын) көтеріліп, 25 орынды иеленген.«Бизнес жүргізу» баяндамасы осымен 17 рет жасалып, 190 елді қамтыды. Ол бизнестің дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, оның ішінде кәсіпорын құру, бизнес жүргізу, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру, салық төлеу, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін қоса алғандағы қызмет әрекетінің барлық кезеңдерін зерттейді.Қазақстан барлығы 10 негізгі индикатор бойынша бағаланды. Еліміз 10 негізгі индикатордың 3-еуі бойынша позициясын жақсартып, 1 индикатор бойынша позициясын сақтады.Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикторлары бойынша едәуір өсуді көрсетіп, «Келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша позициясын сақтады (4 орын).Қазақстан рейтингте Австрияны (27 орын), Испанияны (30 орын), Францияны (32 орын), Португалияны (39 орын), Нидерландыны (42 орын), Италияны (58 орын) және басқа да елдерді басып озған.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында (ТМД) ҚАЗАҚСТАН КӨШБАСШЫЛЫҚ ПОЗИЦИЯНЫ ИЕЛЕНДІ. Одан кейін Ресей (28 орын), Әзірбайжан (34 орын), Армения (47 орын), Молдавия (48 орын), Беларусь (49 орын), Өзбекстан (69 орын), Қырғызстан (80 орын), Тәжікстан (106 орын) тұр.Doing Business рейтингінің басында Жаңа Зеландия орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34268?lang=kk
Дәленов: Инвестиция тарту көзі – МЖӘ 14.04.2025
«1 қазанда МЖӘ жобаларының жалпы саны 1 253, сомасы 3,5 трлн. теңге. Оның ішінде 1,6 трлн. теңгеге 615 шарт жасалды. 1,9 трлн теңге сомасындағы 638 жоба дайындық сатысында», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бүгін Үкімет отырысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндай келіп.ҚР ҰЭМ басшысы атап өткендей, көптеген жоба білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына тиесілі.Көп қаражатты қажет ететін жобалар көлік және инфрақұрылым, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, мәдениет және спорт саласында.«Ағымдағы жылғы мамырда саннан сапаға көшу мақсатында МЖӘ жобаларын санаттарға бөлу енгізілді.МЖӘ жобалары бюджеттен өтеу бойынша шартты түрде 3 санатқа бөлінді:I санат –жеке әріптестің инвестициялары мен операциялық шығындарын бюджеттен толықтай өтеу.II санат –бюджет есебінен инвестицияларды ішінара өтеу.III санат – бюджеттен өтеусіз. Өтеу негізінен нарық есебінен орын алады», - деді министр.Сол арада, Ұлттық экономика басшысы Министрлік қабылдаған жергілікті жердегі жобалардың сапасын үйлестіру мен бақылау шараларына назар аударды. Бұлар:– ЖАО өтеу лимиттері;– жоспарланған жобаларды мониторингілеу;– жобалардағы маржаны бақылау;– жасалған және жоспарланған жобалардың қолжетімділігі мен ашықтығы.Министрліктің деректері бойынша, МЖӘ жобаларына жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай туғызу үшін мынадай жаңа шаралар ұсынылады:1. МЖӘ «бірыңғай терезесі»;2. «Пакеттік шешімдер»;3. «Қайтарымды» МЖӘ;4. МЖӘ процестерін цифрландыру.Экономикалық ведомство осы жаңалықтарды іске асыру үшін заң жобасының тұжырымдамасын жасап, заңнамалық түзетулер жобасын дайындауда.Бүгінгі күні МЖӘ орталығы базасында МЖӘ жобалары бойынша «Бір терезе» құрылды. «Бір терезе» офисінің міндеті – инвесторлармен өзара іс-қимыл, МЖӘ жобалары бойынша ақпараттық-консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ МЖӘ және концессия саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру.Қазіргі уақытта МЖӘ орталығының сайтында инвесторлар үшін жобалар базасы және МЖӘ мен концессиялар жөніндегі заңнамаларға сілтемелер орналастырылған «Бір терезе» жеке қойындысы жұмыс істеуде. Инвесторлар жоспарланып жатқан болсын, іске асырылып жатқан жобалар болсын, өздерін қызықтырған кез келген ақпаратты өз бетінше ала алады.«МЖӘ-ні одан әрі жетілдіру мақсатында барлық рәсімдерді электрондық форматқа көшіру ұсынылып отыр. МЖӘ шарттарын жоспарлау, тендерлік рәсімдеу, әзірлеу, тіркеу мен орындау үдерісі цифрландыру мақсатында электрондық форматқа көшіріледі. Бұл жұмыстарды мемлекеттік тапсырыстар порталымен біріктіру көзделуде», - деді министр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34267?lang=kk
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы аясында бірнеше келісім жасалды 14.04.2025
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 34 млрд теңгеден астам сомаға 116 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы жобалар»,– деді Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдерін көріп, әрбір нысан бойынша толық ақпарат алды.Маңызды жобалардың бірі – «Тарлан» спорт кешені. «Тарлан батырлары» ЖШС МЖӘ шарты бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануды қамтамасыздандырады. Мұнда 2 жыл бойы 350 балаға спорттың үш түрі бойынша сабақтар жүргізілуде, олар: бокс, ауыр атлетика және таэквандо.Облыстағы МЖӘ аясында жүзеге асырылған оңтайлы жобаның бірі – жаңа емхана. Бір ауысымда 400 келушіге арналған емхананың ашылуы 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа мекеме заманауи медициналық жабдықтардың арқасында диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсартты. Бұл жоба бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, өңір 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны іске асыруды жылдамдатты.Сондай-ақ, биыл облыста қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы және Қызылорда қаласында сыртқы инженерлік желілерді жүргізу басталды. МЖӘ жобасының мақсаты – ҚТҚ кәдеге жарату деңгейін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму бойынша тиімді, сенімді және әлеуметтік қолайлы қызметтер кешенін құру.Жалпы, Қызылорда облысында МЖӘ жобаларының 60%-дан астамы инвесторларды тартуда қиындығы бар ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылған.30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандағы МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» Форумы аясында Қызылорда облысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жобаларына қол қоюды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – Қызылорда қаласындағы студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/34265?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТТIК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВIНЕ IРIКТЕУ БАСТАЛДЫ 14.04.2025
Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-economika/press/news/details/34263?lang=kk
Жетісуда 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасы баспанамен қамтылады 14.04.2025
Облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XXXXVII сессиясында биыл 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отырғаны белгілі болды. Отырыс барысында облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 38-211 "Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сондай-ақ, Алматы облысының 2018 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы есептер тыңдалды. Облыстың бірқатар комиссияларының құрамы бекітілді, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.Сессияда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасын ұсынды. Мектептерді күрделі жөндеу, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру, жарықтандыру, тұрғын үй салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, газдандыру, облыстық маңызы бар жолдарды орташа және күрделі жөндеу жобаларына, сондай – ақ "Ауыл-ел бесігі"бағдарламасы бойынша жобаларға ерекше назар аударылды. Аталып өткендей, енгізілген және қаралып отырған өзгерістерді есепке ала отырып, облыс бюджеті 514,6 миллиард теңгені құрады. Жомарт Әмірхановтың айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да маңызды салаларға көп көңіл бөлінеді, өйткені облыс бюджетінің кіріс бөлігі 7 миллиард теңгеге өсіп, республикалық бюджеттен қосымша 39,8 миллиард теңге нысаналы трансферттер бөлінді. Ол сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер үшін улы газ датчиктерін сатып алуға, 7903 көп балалы отбасына мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-ана төлемақысын субсидиялауға және басқа да әлеуметтік қолдау түрлеріне қомақты қаражат бағытталғанын атап өтті.Облыстық қаржы басқармасының басшысы Данияр Әлімбаев 2018 жылға арналған өңір бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп беріп, бюджеттің игерілуіне жан-жақты талдау жасады. Өңір басшысы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілетінін хабарлап, отырысты қорытындылады. "Nur Otan партиясының XVIII съезінде қабылданған жаңа бағдарлама негізінде біз көп балалы аналарға көмек көрсету мақсатында облыстық бюджетті қайта қарадық. Республикалық бюджеттен қосымша нысаналы трансферттер бөлінді. Осыған байланысты біз тұрғын үй санын арттыруға тиіспіз. Көпбалалы отбасылардың санына назар аудара отырып, құрылысты облыс орталығынан бастаймыз. Осы жылы біз 600-ден астам аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан бері меценаттардың көмегімен 60 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Біз атқарушы орган тарапынан жүйелі жұмысты орындай отырып, тұрғын үй мәселесін шешуге тиіспіз. Аудандар мен қалалардың барлық әкімдері осыны есте сақтап, осы бағытта жұмыс істеуі тиіс", - деп түйіндеді ол. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасымен облыстың жеті аудан орталығы қамтылды. Бағдарлама қорытындысы бойынша аудан орталықтарында спорт, білім беру, денсаулық сақтау нысандары салынады, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелері құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34261?lang=kk
Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы " ММ-нің бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылауларының басталғаны туралы жариялаймыз" 14.04.2025
258001015-экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState=258005000-мемлекеттік органның күрделі шығыстары https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258007013-мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258007015-мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258113000-жергілікті бюджеттерден берілетін трансферттер (мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258108000-Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258003000-жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= 258001011-экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және облысты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3564&budgetId=455202&budgetState= Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34260?lang=kk
Алматы облысында «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы мақала 14.04.2025
Облыста 742 елді мекен бар, оның ішінде 10 қала және 732 ауылдық елді мекен.Қалалар мен ауылдардың халқын базалық мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету үшін өңірлік стандарттар жүйесі әзірленіп, ол 2019 жылғы 26 сәуірдегі "Елді мекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы" № 18592 орталық мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілді.Өңірлік стандарттар жүйесініңқалалық жерлер үшін барлық қалалардағы халқы «20 минуттық қадамдық қолжетімділігі» қағидаты бойынша объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі, ал ауылдық жерлер үшін - ауылдарды дамыту перспективасы негізінде (аудан орталықтары, ауылдық округтердің орталықтары, халық саны аз қалған ауылдар) объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуі қағидаттары болып табылады.Осылайша аудан орталықтары үшін объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі 32 атаудан, ауылдық округтердің орталықтары – 23, қалған ауылдар – 11, ал қаладағы жоспарлау секторы үшін – 51 атаудан тұрады.Ағымдағы жылы елді мекендерде объектілер мен қызметтердің бар-жоғы және олардың қолданыстағы салалық нормативтерге сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттары № 81 бұйрығымен бекітілді.Осы өлшемшарттарда «Халық» ауылдық елді мекендерінің басымдығын бағалаудың неғұрлым маңызды параметрі ретінде қарастырылады. Халық санын бағалау соңғы 10 жылда жүргізіледі.Барлық 732 ауылдық елді мекен 374 ауылдық кластерге біріктірілді. Оның ішінде басым кластерлерге 151-і жатқызылды, онда ең ірі ауыл жақын орналасқан ауылдар үшін орталық және тірек болып табылады.Осылайша, 2024 жылға дейін өңірлік стандарттар барлық 457 басым ауылдарда енгізілетін болады, оның ішінде 151 - тірек, 293 - спутниктік және 13-шекаралық.Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру басталды. Жобаның негізгі мақсаты - ауылда өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.Жобаны іске асыру тірек ауылдық елді мекендерде ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ спутниктік ауылдық елді мекендер үшін мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ретінде дамытуға мүмкіндік береді.Ағымдағы жылы ірі елді мекендерге тірек жасалды – халық саны көп аудан орталықтарына.«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде 7 аудан орталығын қамтитын Жансүгіров, Бақанас, Қарабұлақ, Ұзынағаш, Сарыөзек, Балпық би, Шонжы ауылдарында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу және жөндеу бойынша 44 жоба жүзеге асырылуда.4 дене шынықтыру-сауықтыру кешен құрылысы, 2 аудандық орталық аурухана, 6 білім беру нысаны, 32 сумен, жылумен жабдықтау, кәріз, абаттандыру және кент ішіндегі жолдарды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 6,5 млрд.теңге бөлінді.1 қазанына Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Орталық скверге жөндеу жұмыстары, спорт алаңын жайластыру, жолдарды жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы сумен жабдықтау жүйелері, Д. Қонаев ат. мектептің, Актиын", "Балдырған" балабақшалардың ғимараттары жөнделді.Жыл соңына дейін тағы 28 нысан аяқталатын болады.«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру, жалпы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, ауылдық аумақтарды дамытуға жаңа серпін береді, сол арқылы халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етеді және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Алматы облысының экономикажәне бюджеттік жоспарлаубасқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-economy/press/news/details/34259?lang=kk
Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді 14.04.2025
2019 жылғы 21 қарашада Мемлекет басшысының «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында Қостанай қаласының әкімдігінде Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді.Қабылдауды Қостанай қаласының әкімі Қайрат Жұмашұлы Ахметовтың өзі мемлекеттік мекемелердің басшыларын тарта отырып жүзеге асырады.Өтетін орны: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98, «Қостанай – көмек алаңы» («Доступный акимат») ғимараты.Басталуы: сағат 09: 00.Қабылдауға 575-765 телефоны арқылы немесе азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлмесіне барып жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34256?lang=kk
Ресейлік бизнес ҚР Сауда министрлігінен көмек сұрауда 14.04.2025
ҚР мен РФ шекараға жақын облыстарында өзара сауда жасанды шектеулердің әсерінен төмендеуде. Ресейлік бизнес Мәскеуде жауап жоқ екендігін айтты және Қазақстаннан мемлекет басшыларының назарына «біздің кедергілерді жоюға деген ниетімізді» жетізу үшін көмек сұрауда.Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы XVI форумы шеңберінде Қазақстандық-Ресейлік «Экономикалық шоғырландырудың заманауи аспектілері» іскерлік кеңесі отырысында саудадағы кедергілердің бар болуы талқылаудың басты тақырыбы болды.Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті Жантасов Темірлан: «Кедергілердің сақталу себебі жекелеген мемлекеттердің интеграциялық процестерден өз пайдасын көру мен өз нарығын ашуға ниет білдірмеуі болып табылады. Бұл жағдайды өңірлік деңгейде әртүрлі кедергілердің қолданылуы қиындатуда».Жантасов «ЕАЭО ішкі нарығында кедергілердің бар болуы экономикалық белсенділіктің төмендеу факторларының бірі болып табылады» деп қоса айтып кетті.Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің шекара жанындағы өңірлерінің тауар айналымы соңғы жылы төмендеп кетті.Егер 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында біздің елдердің шекара маңындағы өңірлерінің өзара саудасы 1,3 млрд долл. құраса, онда ағымдағы жылдың 8 айында ол бар болғаны 1,2 млрд долл. құрады. Бұл төмендеудің себебі Ресейдің шекара маңындағы облыстарында қазақстандық өнімдерге қатысты қолданатын қазақстандық өнім үшін сауда кеңістіктерін шектеу түріндегі жасырын шараларына да байланысты.Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да сөз сөйлеген өкілдер қазақстандық-ресейлік мемлекеттік шекараның бойында орналасқан, қазақстандық өнімге қатысты ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жүзеге асырылатын алдын ала хабарлау пункттерінің қызмет етуінің заңсыз екенін атап өтті.Бұған дейін трансшекаралық саудадағы проблемаларды талқылай отырып, Ресей Федерациясы Сауда-Өнеркәсіп палатасының Вице-президенті Владимир Падалко «Біз неге өзіміз зардап шегетін осы шараларды тудырамыз?» - деп Ресей билігінің өкілдеріне өтініш білдірген болатын. Және қазақстандық Сауда және интеграция министрлігінің өкілінен Мәскеумен болатын келіссөздерде көмек сұрады: «Ресей мен Қазақстан Президенттеріне ресейлік бизнестің өтінішін, біздің кедергілерді жою ниетімізді жеткізуді сұраймыз".ҚР Сауда және интеграция министрлігінің департамент директоры Сауда және интеграция министрлігі үшін жұмыстың басты көрсеткіші-тауарлардың ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы екенін атап өтті: «Сондықтан ресейлік бизнес тарапынан кедергілерді жою мәселесіндегі біздің ұстанымымызға қолдау көрсету маңызды фактор».«Біздің елдерімізде өндірілген тауарлар ортақ нарыққа тосқауылсыз шығуы тиіс», - деп Жантасов түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34231?lang=kk