Enbekshi QazaQ

Әлем

Бақыт Сұлтанов Сауда министрлігі мен бизнес туралы: біз маңызды нарықтарға бірге шығуымыз керек 14.04.2025
2003-Форумнан 2019-Форумға дейін: тауар айналымы 3,5 есеге өсті Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 2003 жылы Омбыда басталған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумынан бастап сауда-саттықтағы жағдайдың қалай өзгергеніне талдау жүргізілді.Содан кейін, 2005 жылдан бастап ресейлік және қазақстандық қалаларда: Челябинск, Орал, Новосибирск, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана, Челябинск, Петропавл қалаларында кезекпен өтті.Бақыт Сұлтанов форум алаңында журналистермен кездесіп, тауар айналымы осы жылдар бойы өсім көрсеткенін атап өтті2003 жылы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумын өткізу уақытынан бастап (15 жыл ішінде) біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті (2003 жылы - 5 245,5 млн. АҚШ $, 2018 жылы - 18 517,3 млн. АҚШ $), оның ішінде Ресейге біздің жеткізілімдеріміз 2,6 есеге өсті (1 967,7 млн. АҚШ $ - 5 279,9 млн. АҚШ $).Практикалық шешімдер, нақты көмек және нақты ұсыныстар! – бұл іскерлік Форум алаңында жұмыс істегісі келетін адамдардың кездесуінде өтіп жатқан жағдай. Бұл Форум ұйымдастырылуының негізгі себебі. Сондықтан, бүгін журналистермен сөйлесе отырып, Бақыт Сұлтанов форумдағы networking алаңының маңыздылығын атап өтіп, бірінші форумнан бастап, көптеген шешімдер, 100-ден астам түрлі келісімдерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Негізінен, бұл, әрине, кәсіпорындар арасындағы келісімдер - бұл өңіраралық ынтымақтастықтың міндеті.- Бүгін біз мемлекет басшылары деңгейіндегі өңіраралық форуммен қатар біздің кәсіпорындар ұсынылған бизнес-форум өткізіп отырмыз.Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бірқатар келісімдер бүгінде шамамен 40 млн $ сомасына жасалады.Бірақ бұл тек бастамасы – кешегі күнге және бүгінге.Сондықтан біз осындай бизнес-форумдардың арқасында кәсіпкерлердің қосымша мүмкіндіктері пайда болады деп үміттенеміз.Біз осындай жұмыс барысында кооперациялық байланыстар құруға кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді шақырамыз.Сонымен қатар, ұлттық тауар өндірушілерді үлкен экспортқа шығару туралы айта отырып, Сауда министрі қазақстандық делегациямен ҚХР-ға барған сапардың ірі нәтижелері туралы айтты. Ол 130 млн. $ деңгейіндегі санды атады - бұл қазақстандық кәсіпкерлер Қытайда тапқан келісімшарттардың сомасы:- Сондықтан осындай жұмыстың арқасында біз кооперациялық байланыстар құрып, осындай маңызды нарықтарды бірге сынап көруіміз керек. – деп Министр атап өтті.Форум – бұл өңірлерге бір-бірімен келісімдер жасауға мүмкіндік беретін жалғыз алаң.2019 жылғы Форумның тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта келе, Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша 8 екіжақты құжатқа, сондай-ақ форум алаңында 12 коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн:Пленарлық отырыста «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойылды.Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында:- Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі (Росмолодежь) арасындағы жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;- Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресейдің Мәдениет министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;- Қазақстан-Ресей шекарасында өткізу пункттерінің жұмыс істеуі бойынша Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресейдің Көлік министрлігі арасындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы.Әкімдіктер арасындағы келісімдер:- Қостанай облысы мен Челябі облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени гуманитарлық ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысы мен Қорған облысының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы;- Павлодар облысының әкімдігі мен Новосибирск облысының әкімшілігі арасындағы сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.Коммерциялық құжаттар бойынша:- «Айсберг ПВ» ЖШС мен «Еуразия» сауда үйі арасындағы жартылай фабрикаттарды;- «Казмясопродукт» ЖШС мен «Еуразия» Т арасындағы шұжық өнімдерін жеткізу туралы келісімдер.- «KSP Steel» сауда үйі («KSP Steel» ЖШС қазақстандық компаниясының серіктесі) және KazakhExport;- «Контрол Лизинг» ЖШҚ және KazakhExport;- Москоммерцбанк және KazakhExport;- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Омбы мұнай өңдеу зауыты және мемлекеттік техникалық университеті;- Павлодар мұнай-химия зауыты мен Омбы мұнай өңдеу зауыты;- БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және Саратов облысының Сауда-өнеркәсіп палатасы;- Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Омбы облысының өнеркәсіп, байланыс, цифрлық және ғылыми-техникалық даму министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер.«АЗАМ-КС» ЖШС мен «Титан-Агро» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы келісім.Қарағанды, Қостанай облыстарының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/34229?lang=kk
"Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында " Туған жер» 14.04.2025
"Рухани жанғыру" бағдарламасы аясында " Туған жер»"Туған ел" 2019ж. 6 қараша күні аудандық мәдениет үйінде домбыра музыкасының жас орындаушыларын біріктірген үшінші аудандық "Домбыра-Дастан" домбырашылар байқауы өтті.Байқаудың мақсаты-ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтау және дамыту, ұлы халық және қазіргі заман композиторларының шығармаларын насихаттау, жас таланттарды анықтау, тәжірибе мен идеялармен алмасу. Ол барлық ауданнан қатысушыларды біріктірді-бұл ауылдық округтерден жастар,аудан орталығы щкол және өнер мектебінің оқушылары.Байқау жас ерекшелігі бойынша өтті,онда бір шығарма (халық күйі немесе ұлы халық және қазіргі қазақ композиторларының шығармалары) орындалды.Бағалау критерийлеріне: орындаушылық шеберлігі (аспапты меңгеру, дыбыс,техника,ритмика, орындау серпінділігі),репертуардың күрделілігі,сахналық костюм, орындау мәдениеті енгізілді.Байқау басталар алдында барлық қатысушыларды Мәдениет үйінің басшысы-Каскова Гүлнар Кенжетайқызы құттықтады.Байқау басталмас бұрын Абай Сейдахметов пен Нияз Қайсардың орындауында покурри орындалды.Байқау қорытындысы бойынша қорытынды шығарылды:Үлкен топ:1 орын-Булекпаева Махаббат-Барвинов орта мектебі-9 сынып.2 орын-Сагаров Рахат-Тагильская С. Ш.-6кл.3 орын-Еркін Айзада-Сарыкөл С. Ш.-7 сыныпОрта топ:1 орын-Италмасова Дариға Сарыкольская С. Ш.-3кл2 орын-Саутбаева Алина.- Урицкая лицей мектебі-5кл.3 орын-Сундеталина Камила-Ново-Урицкая а. Ш-5кл. Байқау соңында "Келіншек"күй - байқауының барлық қатысушыларымен мастер - класс өткізілді.Іс-шараға 130-ға жуық көрермен қатысты. Барлық қатысушылар грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/34216?lang=kk
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары бойынша Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші Ұлттық кезеңдік баяндамасын қорғау жөніндегі 14.04.2025
2019 жылғы 7 қарашада Женева қ. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) рәсімі аясында Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы үшінші Ұлттық баяндамасы сәтті қорғалды.Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет, Ішкі істер, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Ұлттық экономика, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері болды.Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаев ӘКШ процедурасының мемлекеттің өзінің адам құқықтары бойынша міндеттемелерін қалай орындайтынын бағалаудың сыртқы құралы ретіндегі маңыздылығын,     сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ең жақсы халықаралық стандарттары мен тәжірибелерін ұстанатынын атап өтті.Қазақстан 2014 жылы ӘКШ шеңберінде екінші Ұлттық баяндаманың ұсыныстарын іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті: Үкіметтің қоғам алдындағы есеп беруін арттыру саясаты жүргізілуде; ТДМ шеңберіндегі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда; сот-құқықтық жүйелері жаңғыртылды; балалар мен әйелдердің құқығын қорғауда, конфессияаралық келісім мен сыйластықты күшейту бойынша шаралар қабылдануда.БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері интерактивті сұхбат барысында қазақстандық делегацияның жоғары деңгейін, сұхбат пен ынтымақтастыққа ашықтығы мен дайындығын, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және ілгерілету саласындағы жетістіктерін атап өтті.Атап айтқанда, жүздеген қазақстандықтарды Сириядан қайтарған «Жусан» арнайы операциясының сәтті өткізілгені үшін жоғары баға берілді. Өз кезегінде Делегация басшысы терроризммен күрес тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын екендігін білдірді.Қазақстан Үкіметінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына өтуі оң бағаланды, оның мақсаты барлық салаларда адам құқықтарын ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылатын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.Өз сөзінің соңында Әділет министрі Қазақстан Республикасы адам мен балалардың құқықтарын қорғау және ынталандыру, инклюзивті қоғам құру және тиісті институционалдық құрылымдарды нығайту жөніндегі шараларды одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34214?lang=kk
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті 14.04.2025
Ағымдағы жылғы 1 қарашада Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру (баяндамашы – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Ерлан Нысанбаев);2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру  қарастыру көзделген. (баяндамашы– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Елдос Рамазанов).ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіpressgov@mail.ru.   Тел: 74-06-01,  74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/34211?lang=kk
Шекарашылар есіріткі заттарын алып өтпек болған 7, оқ-дәрілер алып өтудің 2 әрекеттерінің және $11 000 заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті 14.04.2025
  2019 жылғы 5-6 қараша аралығында Отанымыздың әр қиырындағы шекарашылар әр түрлі есірткі заттарын алып өтпек болған 7 әрекеттің жолын кесті.   Сонымен, Мерке ЖБӨП учаскесіндегі «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде, Сарығаш шекара жасағының «Жібек жолы» өткізу пунктінде, Ақтөбе шекара жасағының «Әлімбет» өткізу пунктінде, Петропавл шекара жасағының «Бидайық» және «Мамлютка» өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қордай шекара жасағының «Қордай» өткізу пунктінде қызметтік итті қолдана отырып, тексеру кезінде марихуанна, гашиш және синтетикалық есірткі тұзы салынған пакеттер табылған әр түрлі ұлттың 7 азаматы ұсталды. Барлық азаматтар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.           Сонымен қатар, Петропавл және Қорғас шекара жасақтарының учаскесінде «Қарақоға» және «Қорғас» ШЫХО» өткізу пункттерінде ҚР екі азаматы ұсталды. Автомобильдерін қарап-тексеру кезінде шағын калиберлі винтовка мен аң аулауға арналған қарудың 100-ден астам оқ-дәрілері табылды. Ұсталғандар аудандық полиция бөліміне тапсырылды.   Сондай-ақ осы кезеңде Қорғас шекарашылары ШЫХО-да елімізден 11 544 АҚШ долларын заңсыз шығармақ болған азаматты ұстады. Қаражыттың иесі 1995 жылы туған ҚР азаматы «Алтынкөл» кедендің бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34203?lang=kk
Шекарашылар кезекті браконьерлерді қолға түсірді 14.04.2025
  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайту, сондай-ақ барлық қуатты құрылымдарға заңсыз аң аулаумен күресті күшейту және ондай фактілердің жолын кесу туралы тапсырма берді.  Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.  Зайсан шекара жасағының «Шілікті» шекаралық комендатурасы учаскесінде 2019 жылғы 4 қарашада сағат түнгі он шамасында шекаралық наряды тоқта деген талапты орындаудан бас тартқан УАЗ автомашинасының соңына түсіп, «Аршалы» деген жерде ұстады.  Автомашинада ҚР 6 азаматы болған. Барлығына ҚР ӘҚКо 1-бөлігі 1-тармағының 510-бабы «Шекаралық режимді бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.  Ұсталған автомашинаны тексеру барысында 21 қапшық қызыл кітапқа енгізілген «Бозғыл жапырақты сепкігүл» (халық арасындағы атауы «Алтын тамыр» немесе пияу) өсімдігі табылды.  Алайда, оқиға бұнымен аяқталмады. Ұсталғандар тоқтаған жерлерінен қайтадан қаша жөнеліп, жол-жөнекей өсімдік салынған қапшықтарды машинадан лақтыра бастады. Бірақ шекарашылардың құрығынан құтылып кете алмады. Олар қайтадан ұсталып, шекара жасағына жеткізіліп, ҚР ҚК 339-бабы «Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау» бойынша қылмыс белгілерімен Зайсан аудандық прокуратурасы арқылы ШҚО бойынша ПД Зайсан АПБ тапсырылды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.  «Бозғыл жапырақты сепкігүл» - Шығыс Қазақтан облысының таулы аудандарында өсетін емдік қасиеті жоғары өімдік. Халық медицинасында емдік қасиетімен құнды болып табылады. Шет елдерде, әсіресе шығыс Азия елдерінде жоғары бағаланады. Кейбір азаматтардың болашақ ұрпақты ойламай оңай жолмен ақша табуға талпынуы кесірінен алтын тамыр өсімдігінің шығу көлемі жыл өткен сайын азайып бара жатыр. Осы қарқынмен отай беретін болсақ енді бірнеше жылдан соң жерде шөп те қалмайытн түрі бар. Жергілікті халық осы жағын ойланса дейміз! ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34202?lang=kk
Шекарашылар өткен тәулікте 400 кг қара икра, декларцияланбаған валюта және Тотықұс алып өтпек болғандардың жолын кесті 14.04.2025
   Бүгін таңғы 6 сағат шамасында «Жайсан» өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында 1990 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды. Себебі ол Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына жалпы салмағы 400 кг қара икра мен бекіре балықтарын заңсыз алып өтпек болған. Ұсталған тауардың алдын ала болжамды бағасы бағасы 156 000 000 теңгені құрайды.   Құқықбұзушы бағалы жүкті жеміс-жидек ретінде бананның қорабына салып қапшықтағы күріштердің, мейіздер мен арахистардың астына жасырып алып өтуге тырысқан. Алайда, қырағы шекарашыларды алдай алмады.   Ұсталған азамат жүгімен бірге Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тиісті іс-шаралар өткізу үшін тапсырылды.    Қорғас шекарашылары өткен тәулікте «Қорғас» ШЫХО арқылы Қазақстан Республикасынан жалпы сомасы 9 154 000 теңге валютаны заңсыз алып өтпек болған  екі оқиғаның куәсі болды. Екеуі де Қазақстан азаматтары 1973 жылғы туған ер адам мен 1974 жылғы туған әйел адам. «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.    Бейнеу шекарашылары «Мәскеу - Душанбы» бағытындағы № 330 пойызда                          4 Тотықұсты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Тотықұстардың иесі 22 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Тотықұстар ҚР АШМ Бейнеу аудандық ветеринарлық бақылау мамандарына тапсырылды. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34201?lang=kk
Шекарашылар 9 браконьерді және бір шекара бұзушыны құрықтады 14.04.2025
  Жуықта ғана браконьерлердің заңсыз әрекетінің кесірінен «Охотзоопрома» инспекторы қаза тапқан сәтте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерліктің жазасын қатайтуды тапсырған еді.  Соған қарамастан, заңның талабынан қорықпайтын кейбір азаматтар әсіресе шекаралық аймақтарда заңсыз әрекеттермен айналысуды жалғастыруда. Алайда, олар шекарашылар мен шекара маңында тұратын халықтың қырағылық факторын ескере бермейді.  Сонымен, өткен демалыс күндері ерікті жасақтың мүшесінен келіп түскен ақпарат бойынша Шонжы шекара жасағының шекарашылары «Талдысай» шатқалында 9 браконьерді қылмыс үстінде қолға түсірді. Барлығы да ҚР азаматы. Құқық бұзушылардың қолында аң аулайтын қару-жарақ және сойылып бұзылған бір қапшық ет болды. Одан әрі, Нарынқол аудандық полиция бөлімінің, прокуратура мен ҰҚК қызметкерлерімен берлесіп жүргізген тиісті іс-шаралар барысында тағы да                      4 қару-жарақ запас ұңғыларымен, оқ-дәрілерімен, сондай-ақ 60 кг астам ет және мүйізі бар Маралдың басы табылды.  Ұсталғандар заттай айғақтарымен бірге Райымбек аудандық полиция бөліміне тапсырылды.   Сарыағаш шекара жасағының шекарашылары «Ынтымақ» шекара заставасының учаскесінде тағы бір шекара бұзушыны ұстады.  Шекара наряды қызмет атқару барысында ӨзР шекарасы жаққа қарай біздің аумақпен қозғалып бара жатқан белгісіз адамды көріп қалады. Шекара бұзушы ештемеден сезіктенбестен алға қарай жүріп келіп шекараны бөліп тұрған сеткі қоршаудан өтер кезде ұсталды.  Өзінің айтуы бойынша 1997 жылғы туған Өзбекстан Республикасының азаматы. Тиісті іс-шаралар өткізілуде.  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34200?lang=kk
Шекарашылар есірткі затын алып өтудің жолын кесті 14.04.2025
Өткен демалыста Қордай шекара жасағының аумағындағы «Қордай» өткізу пунктінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына «Гашиш» есірткі затының ірі көлемдегі партиясын алып өтудің жолы кесілді (жалпы салмағы 782 г.). Есірткі заты қызметтік итті пайдаланумен ҚР  аумағы арқылы Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан Қырғыз Республикасы азаматының денесін тексеру барысында табылды. Қазіргі уақытта есірткі тасымалдаушы ұсталған затымен бірге  тиісті анықтау органдарына тапсырылды. Тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр. ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shekaraknb/press/news/details/34195?lang=kk
Қ. Ысқақов: «кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілуі қажет» 14.04.2025
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. Облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын және жасөспірімдердің өздерімен жасалған қылмыстар азаймай отыр. Осыған орай, облыс әкімі ішкі істер департаментіне жұмысты күшейтуді тапсырып, облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Ш.Амитовке бірқатар тапсырмалар берді."Жастарға қатысты қылмыстардың профилактикалық шаралары күшейтілсін, тиісті мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатылсын. Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны жою шараларына барша қоғам болып атсалысуымыз керек. Облыстың ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайту үшін жыл сайын қыруар қаржы бөліп отырмыз. Алайда, жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырған жоқпын. Аталған бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, үш ай мерзімде орындалу қажет. Бұл мәселе жеке өзімнің бақылауымда болады" - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/34154?lang=kk
«Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері туралы 14.04.2025
Алматы, 2019 жылғы 25 қазан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұңғыш Тұрақты Өкілі, Төтенше және Өкілетті Елші, тарих ғылымдарының докторы Акмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға арналған «Өнегелі өмір» кітабының тұсаукесері өтті.«Өнегелі өмір» - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің түлектері болып табылатын көрнекті тұлғаларға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, оқытушыларға, Қазақстан Республикасының ғылым және білім саласындағы ұйымдастырушыларына арналған университет басып шығаратын кітаптар топтамасы. Бұл кітапта А.Арыстанбекованың әр-түрлі кезеңдегі өмірі мен қызметі, оның ғылыми мақалалары, өмірбаяндық және мұрағаттық материалдары, бірлескен қызметі жайлы әріптестерінің мақалалары ұсынылады. Ауқымды фотомұрағат, сонымен бірге Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі және халықаралық ұйымдағы қызметінің алғашқы кезеңі туралы ресми құжаттар назар аудартады.Салтанатты іс-шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы Кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек, ғалымдар М.Әбусейітова мен К.Байзақова, сонымен қатар ҚазҰУ студенттері сөз сөйледі.Кітап еліміздің жас буынына, дипломаттарға, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшыларға, сондай-ақ бұқара өкілдеріне арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34112?lang=kk
«Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірі жарыққа шықты 14.04.2025
НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 28 қазан – «Дипломатия жаршысы» журналының күзгі нөмірін оқырмандарға дәстүрлі түрде сапалы контент ұсынады. Күз сияқты, әр түрлі түстер мен мотивтерге «боялған» журналдың ағымдағы нөмірі екі жақты және көп жақты дипломатияның әр түрлі тақырыптарына қызықты және эксклюзивті сұхбаттар мен мақалаларды қамтиды. Шығарылымда ядролық қарусыздану мәселесіне, атап айтқанда Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚТШ) және Қазақстанның осы саладағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Қазақстанның Беларусь, Қырғызстан және Бразилиямен екіжақты және көпжақты қарым-қатынасы журнал беттерінде аталған елдердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары терең және мазмұнды ашып, талдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары осы тоқсанның ең жарқын оқиғаларының бірі болды. Бұл тұрғыда Қазақстан-Қытай қатынастарының ауқымы мен тереңдігі туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо бөлісті. Күзгі шығарылымда басқа да қызықты материалдар ұсынылды: ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасы негізінде Қазақстанда жасыл технологияларды дамыту; ҚР Сыртқы істер экс-министрі, БҰҰ жанындағы Қазақстанның бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекованың «Қазіргі әлемдегі Дипломатия» монографиясына; сондай-ақ қазақстандық дипломат Ильяс Козыбаев жазған «Сәлім Құрманғожин - мен үшін кім болды» кітабына Рецензиялар. Айта кету керек, ағымдағы тоқсан Сыртқы істер министрлігіндегі жаңа кадрлық өзгерістердің айқын калейдоскопымен атап өтілді: СІМ басшылығынан бастап, Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жиырмадан астам жаңа басшыларын тағайындаумен аяқталады. Бұл ақпаратпен «Министрліктегі жаңа тағайындаулар» бөлімінен танысуға болады. «Дипломатия жаршысы» қазақ, орыс («Вестник дипломатии») және ағылшын тілдерінде («The Diplomatic Herald of Kazakhstan») шығарылады. Журналдың электрондық нұсқасы PDF және HTML форматтарында - http://mfa.gov.kz/ru/content/Journal - вебсайтында қол жетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34111?lang=kk
Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударды 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастаған қазақстандық делегациясының Ұлыбританияға сапары Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жоғары деңгейдегі іс-шаралармен жалғасты.Сапар аясында Р. Василенко мен Ұлыбританияның сауда саясаты жөніндегі министрі Конор Бернстің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысы өтті.Ұлыбритания іскер топтарының 50 астам өкілдері кірген ҮАК-ке қатысушылар өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындыларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын қарастырды. Оған қоса, мұнай-газ, қаржылық, технологиялық, тау-кен және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.«Ұлыбритания Қазақстан Республикасының стратегиялық және негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Ұлыбританиямен екіжақты сауда айналымы жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді. Қазақстанның британдық және басқа да Батыс нарықтары үшін ашықтығы Үкіметіміздің шетелдік бизнеске инвестициялар мен сауда жасау үшін жағдай жасау жөніндегі тұрақты күш-жігерімен айқындалады. Осы күш-жігердің нәтижесінде бүгін жарияланған Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2020» рейтингіне сәйкес, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда үш орынға көтеріліп, 190 елдің арасында 25-ші орын алды», – деді Р. Василенко.Қазақстандық дипломат елдеріміз осы диалогты «шикізатты инвестиция мен озық технологияларға айырбастау» формуласы бойынша, кейіннен қосымша құны бар бірлескен өндірістер құруға шығу арқылы одан әрі нығайту қажет екенін атап өтті.Өз кезегінде К. Бернс Ұлыбритания мен Қазақстан көптеген салаларда, соның ішінде білім беру, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, қаржы, химия өнеркәсібі, машина жасау, металлургия және азаматтық авиация салаларында ынтымақтастықты дамытып келе жатқанын айтты.«Қазақстан бүгін британдық компаниялар қызығушылық танытып жатқан қарқынды трансформацияланып, әртараптандырылып жатқан экономика болып табылады. Біздің Үкімет осы өркендеуші нарыққа инвестициялап, қазақстандық фирмалармен ынтымақтастық орнатып, осы елдің экономикасы ұсынатын шексіз мүмкіндіктерді пайдалану үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын», – деп толықтырды К. Бернс.ҮАК шеңберінде өткізілген мұнай-газ, тау-кен өндірістері, денсаулық сақтау, білім беру және қаржылық қызметтер бойынша бес жұмыс топтарының отырыстары барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында корпоративті басқаруды дамыту, Қазақстанның азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа моделін құру, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту, еліміздегі кәсіптік-техникалық колледждерді одан әрі қалыптастыру және т.б. өзекті мәселелер көтерілді.Ауылдық жерлерде су ресурстарын басқару, мал шаруашылығы және қалдықтарды басқару мәселелері бөлек талқыға салынды.Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына және екіжақты келіссөздерге қатысушылар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасып, стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайындығын растады.Іс-шараның нәтижесінде екі тараптың барлық салада стратегиялық серіктестікті нығайтуды жалғастыруға ниетін растаған Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.Отырыс аясында келесі екіжақты құжаттарға қол қойылды:- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мен британдық Экспорттық кредиттерге кепілдік беру агенттігі (UK Export Finance) арасындағы британдық бизнестің қатысуымен ҚР-да инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «Independent Power Corporation» («IPC») энергетикалық компаниясы арасындағы Батыс Қазақстанды үздіксіз газдың таза көздерімен және жаңартылатын энергия көздерімен қамтамасыз ету үшін Ақтау қаласында жаңа дата-орталықты дамыту бойынша цифрлық бірлескен кәсіпорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;- «Artex Construction» ЖШС мен «IPC» арасындағы экологиялық таза энергияны әзірлеумен айналысатын және Ақтау қаласында қуаты 250 МВт құрамдастырылған циклдік газ турбинасын салу жобасына шоғырланған энергетикалық компания құру туралы келісім;- «Қазгеология» АҚ мен британдық «Astra Mining» компаниясы арасындағы ҚР-да үш кен орнын барлау туралы келісім;- қазақстандық «Aurora Mining» компаниясы мен британдық «RPA Inc» компаниясы арасындағы жер қойнауын пайдалану саласында консалтингтік қызметтер көрсету туралы келісім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34109?lang=kk
Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті 14.04.2025
БЕРН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Әлібек Бақаев Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсырды.Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34108?lang=kk
Нұр-Сұлтан және Лондон екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттар теңестірді» 14.04.2025
ЛОНДОН, 2019 жылғы 24 қазан – Қазақстандағы ауқымды реформалар бағдарламасын әрі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыруды және Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуын қоса алғанда, екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістер контекстіндегі стратегиялық әріптестікті Қазақстан мен Ұлыбритания одан әрі нығайтуға дайын. Осындай тақырыптар бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Кристофер Пинчермен кездесуі барысында талқыланды.Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық мәселелерін, сондай-ақ «Kazakhstan Global Investment Forum – 2019» инвестициялық форумының, Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің қорытындыларын және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысының жұмысын қарастырды.Р. Василенко әріптесін еліміздегі қазіргі жағдаймен және саяси өзгерістермен таныстырды. «Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі ашық, сенімді және тұрақты әрі ҚР заңнамасына сәйкес биліктің конституциялық сабақтастығын қамтамасыз етеді. Біз Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы стратегиялық бағытының өзгермейтіндігін растаймыз», – деп атап өтті қазақстандық дипломат.К. Пинчер Қазақстанның саяси жаңғыру процесінің серпінін атап өтіп, Ұлыбританияның елімізбен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниеттілігін растады. Британдық министр ағылшын құқық қағидаттары мен нормаларына жүгінетін «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылуы екі мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңызды жетістіктерінің бірі екендігін атап өтті.Тараптар сондай-ақ Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақтан шығу үдерісі аяқталғаннан кейін бекітілуге жоспарланған екі мемлекет арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімнің жобасын талқылады.«Жаһандық Британия» тұжырымдамасы аясында өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын талқылау аясында «британдық технологиялар мен тәжірибе, қазақстандық ресурстар мен транзиттік-көліктік әлеует, қытай инвестициялар мен нарықтар» формуласының әлеуеті атап өтілді.Өңірдегі жағдай туралы айта отырып, тараптар Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруге бағытталған Қазақстанның шараларын атап өтті. Оның ішінде Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен жақында Қазақстанда іске қосылған ауған әйелдері үшін білім беру жобасы да болды.Сонымен қатар кездесу барысында қорғаныс және қауіпсіздік, мәдени, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер талқыланған мәселелердің кең кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық сұрақтары бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті одан әрі нығайтуға деген дайындығын растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/34107?lang=kk
Мемлекеттік тілде оқытатын № 28 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы 14.04.2025
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қостанай қаласында мемлекеттік тілде білім беретін №28 мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті.Ашылу рәсіміне қала әкімі Қ.Ахметов, Қостанай қаласының құрметті тұрғындары, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығы, БАҚ өкілдері қатысты.Қала әкімі Ахметов Қайрат Жұмашұлы іс-шараға қатысушыларды шын жүректен құттықтады.Өз сөзінде ол мемлекеттік тілде оқытатын мектептің ашылуы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген қазақ тілінің рөлін күшейту және жалпы білім беруді дамыту саласындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығы жаңа гимназияның ашылуы қарсаңында білім алушылар үшін шынайы патриотизмнің кепілі болатынына сенім білдірді.Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының бірінші басшыларының бірі Көпешев Беген Қаженұлы, белгілі ақын, драматург Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы және ата-аналар қауымдастығының өкілі Қыдырбек Қиысхан сөз сөйледі. Олар атқарылған жұмыс пен қаланың дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесі, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығы үшін әкімге алғыстарын білдірді.Жаздың басында қала тұрғындары арасында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бірі жабылатын қауіптер болды. Алайда, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны қысқармады, бүгінде олардың саны 7 - ге жетті.Мұнда сапалы білім беру үрдісі үшін мақтана алатын барлық жағдайлар жасалған. Ғимаратты ағымдағы жөндеуге және жабдықтауға 250 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді: жергілікті бюджеттен - 160 млн.теңге және демеушілік қаражат - 94,7 млн. теңге.Қысқа уақыт аралығында ғимараттың шатыры жөнделді, жылыту және сумен жабдықтау жүйесі ауыстырылып, ғимараттың алдыңғы жағы жаңартылды. Сондай-ақ, гимназия үшін асханалық және музыкалық жабдықтар, сыныптарға жаңа жиһаздар, спорт жабдықтары орнатылды, химия, физика, биология, хореграфия, робототехника кабинеттеріне қаржы бөлінді.Мектептің жобалық қуаты – 900 орынды құрайды. Бүгін 500-ге жуық оқушы оқиды, сондықтан гимназияға білім алушыларды қабылдау жалғасатын болады. Сондай-ақ гимназия ғимарытының ішінде 90 орынды құрайтын қазақ тілінде оқытатын шағын орталық ашылады.Бұл дегеніміз, жаңа мектеп жақын маңдағы мектептер мен шағын орталықтардың толымдылығын жояды, ең бастысы, оқушылардың ана тілінде білім алуына қолайлы тілдік ортаны құрайды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34098?lang=kk
Тұтынушының электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедурасы 14.04.2025
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Аумақтық департаменті) Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі  № 588 Заңының 6-бабының 2 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және мерзімдерін бақылау мақсатында Аумақтық департаменті тарапынан тұрақты негізде құқықтық түсіндіру жұмысы жүргізілуде.Қазақстанда күннен күнге бизнесті жүргізу оңайға түсуде. Дүниежүзілік банк жыл сайын бағалау өткізіп,  «Doing Business» рейтингін құрастырады.2018 жылғы 31 қазанның түніне қарай кезекті есеп жарияланды, оның ішінде Қазақстан бірінші рет отыздыққа кіріп, 36 орынннан 28-ге көтерілді. Өткен жылға қарағанда Қазақстан өз көрсеткіштерін 8 тармаққа жақсартты. Сарапшылар атап өткендей Қазақстанға, Испания, Франция, Польша, Португалия, Швейцария, Япония, Туркия сияқты елдерін озып шығуын белгіледі.Дүниежүзілік банктің   «Doing Business - 2019» халықаралық рейтингі есебінің  «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 190 орынның ішінен 76 орын алды. Осындай нәтижеге қазақстандық бизнесті электрмен жабдықтау желілеріне қосылудың жағдайын жақсарту реформаларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізді.Қазақстанда қазақстандық бизнес үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу шарттарын жақсартуға бағытталған реформалар жүргізілді. Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер және толықтырулар енгізілді.Негізгі мәселе – қолданыстағы заңнамаға электрмен жабдықтау желілеріне қосылу процедураларын жеңілдетуге бағытталған өзгертулер енгізу.«Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness-2017» халықаралық рейтингісінің есептеуіне сәйкес, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу» индикаторы бойынша Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда, нәтижесін 5 позицияға жақсартып, 70-ші орынға шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар өзгертулер енгізілгеннен кейін мүмкін болды».Мысалы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу кезінде екі рұқсаттамалық процедура алынып тасталды және электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарт беру мерзімі, энергия ұсынушы ұйыммен тұтынушының жобалық шешімдерін келістіру мерзімі, сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісімшарт жасау мерзімі  айтарлықтай қысқартылды.Кәсіпкерлерге, тұтынушыларға белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр құрылғыларын электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру 14 күннен  5 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, енді үш күн ішінде энергия ұсынушы/жабдықтаушы ұйыммен жобалық шешімдерді келістіруге және электр энергиясын жеткізуге келісімшарт жасасуға болады. Бұрын бұл прцедуралар 20 және 7 күн уақыт алатын.Белгіленген қуаты 5 МегаВаттқа дейін электр құрылғылары бар тұтынушылар өтінімге сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса бермейді.Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес энергия тасымалдаушы немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алған соң, жаңадан іске кірістірілетін немесе қайта қалпына келтірілетін электр құрылғыларын қосуға техникалық шартты мына мерзім ішінде береді (техникалық мүмкіндік бар  болса): қуаты 200 кВт-қа дейінгі  — 5 жұмыс күні ішінде;  қуаты 200-ден 1000 кВт-қа дейінгі — 10 жұмыс күні ішінде; қуаты 1000 кВт-тан жоғары — 15 жұмыс күні ішінде.Техникалық шартты қайта ресімдегені үшін төлемақы алынбайды.Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаттама алу қажет емес. Жобалаушы жұмыстың басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды түрде хабарлама жіберсе жеткілікті.Сонымен қатар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желісіне қосылу үшін рұқсаттама алу да  қажет емес.Электрмен жабдықтауға келісімшарт жасаудың апталық мерзімі енді үш күн болып қысқартылды.Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарымен электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін және мерзімдерін бұзған жағдайда, тұтынушылар олардың іс-әрекетті (әрекетсіздігі) жөнінде Департаментке, Қостанай қ., Гоголь көш., 75, 219 каб., 8 (7142) 50-02-60 тел. орналасқан мекен-жайына шағымдану болады немесе өтінішті азаматтар үшін электрондық үкімет порталы арқылы жіберу болады. ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34030?lang=kk
Халықаралық қарттар күні 14.04.2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде Малеев ауылдық округінің әкімі Б.О.Исаев ғасырға келген қарттар мен зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтады. Оларға зор денсаулық тілеп, азық-түлік пакеттерін табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-maleevsk/press/news/details/1078653?lang=kk
Мұғалімдер күні 14.04.2025
Малеев ауылдық округінде ұстаздар күніне орай мектептерде мерекелік концерттер өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-maleevsk/press/news/details/1080304?lang=kk
Қала әкімінің құтқару күнімен құттықтау 14.04.2025
Құрметті қостанайлықтар!Барлық қызметкерлер мен ардагерлерді, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді азаматтық қорғаныс жүйесінің кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күнімен құттықтаймын.Біздің елімізде төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде шешуге қабілетті қуатты, жедел әрекет ету жүйесі қалыптасты деп мақтанышпен айта аламыз.Осы саладағы барлық қызметкерлердің басты шақыруы адамдарға қызмет ету болды және солай болып қала бермек.Әрекеттердің тиімділігі мен тиімділігі сіздің жұмысыңыздың негізгі компоненттері болып табылады.Сіз адамдарға көмек керек жерде әрдайым бірінші боласыз: қираған ғимараттардың қираған жерінде, өрттің түтіні мен өртенуінде, тозған көліктерде, су басқан жерлерде.Сіз қиын күндіз-түні қызмет етіп, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету қажеттілігі туралы кез-келген сигналдарға жедел жауап бересіз. Бұл жұмыстың нәтижесі жүздеген мыңдаған адамдардың өмірін құтқарады.       Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің жанқиярлық еңбегіңіз үшін, сіз үшін үйреншікті жағдайға айналған ерлігі мен ерлігі үшін терең ризашылықты қабылдаңыз. Сіздің жұмысыңыз әрқашан адамдарға жақсылық пен жақсылық әкелсін! Сізге және жақындарыңызға бақыт, зор денсаулық және береке!Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі             Қ.АхметовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/34023?lang=kk