Enbekshi QazaQ

Әлем

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ 10.04.2025
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.AMM-2017-нің басты тақырыбы  - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk
ОСЫ АПТАДА АСТАНАДАН БІРНЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017  халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы 31 мамырдан Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын  ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда. «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:-қазақстандық тасымалдаушы үшін - Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.-украиндық тасымалдаушы үшін - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:- Киев – Астана аптасына 7 рейсов (МАУ);- Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);- Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана). Аталған рейстер ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шетел мемлекеттері авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12765?lang=kk
2016 жылы «Өрлеу» жобасы аясында 38 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды 10.04.2025
Бұл туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі жаңа әдістерге арналған бүгінгі брифинг барысында, ЕХӘҚМ вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.Ол бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңына Мемлекет басшысы 2015 жылғы 29 қазанда қол қойғанын еске салды.Аталған Заңның аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзіндегі қағидалардың орнына ұсынылмақ:- көпбалалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);- аз қамтылған отбасыларға арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысы;- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасыға әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына жауапкершілікпен қатысады.Тұлғаларға тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады.Сонымен бірге, вице-министр, 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында сынақтан өтіп, әлеуметтік келісімшартқа отырған азаматтарға шартты қаржылай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілгенін мәлімдеді. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен пилоттық жоба қосымша 38 аудан мен қалада жүргізіле бастады. 2015 жылы «Өрлеу» жобасына 20,2 мың адам қатысты.«2016 жылы «Өрлеу» жобасына 38,8 мың адам қатысты. Жобаны жүзеге асырудың арқасында оған қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 2 еседен астамға өсіп, еңбекке жарамды тұрғындардың 90,5%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Сонымен қатар, пилоттық аймақтардағы атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатары 24,7%-ға қысқарды», - деп тарқатты Светлана Жақыпова.Жобаны әрі қарай, яғни 2017 жылы жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына елдің барлық ауданы мен қаласынан 150 мыңға жуық аз қамтылған азаматты тарту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12748?lang=kk
2017 жылы 21 мыңнан астам жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған жас қазақстандық жұмысшы кәсіптерге тегін оқи алады 10.04.2025
Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы туралы және жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жайлы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.Біржан Нұрымбетов, сөз басында, жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында (әрі қарай – бағдарлама) келесі мәселелерге көңіл бөлінгенін жеткізді: сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік қағидаттарына жаппай оқыту мен дағдыларды үйрету, жаппай кәсіпкерлікке жағдай жасау, жұмысқа орналасуға әрекеттесу мен еңбекке жұмылуды қолдау арқылы еңбек нарығын дамыту.«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында, 2,5 жылға дейінгі оқу мерзімімен колледждер ауқымында тегін кәсіби-техникалық білім алу ұйымдастырылып, мұнда бәрінен бұрын, мектепті аяқтағаннан кейін оқу орындарына түспеген жастарға назар аударылады. Биыл техникалық және кәсіби оқытуда 21 мыңнан астам жас қазақстандықты қамту жоспарланып отыр. Осымен бірге, колледждер, «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары және кәсіпорындардың оқу орталықтары шеңберінде кәсіби оқытуға арналған қысқамерзімді курстар өткізілетін болады (1-6 ай аралығы). Бұл оқу түрінде 26 мың адамды қамту көзделуде», - деп мәлімдеді вице-министр.Бағдарламаның екінші бағытында, ауылмен қатар, қалаларда да жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру мен дамытуға жағдай жасалады.«Өтеу мерзімі 7 жыл несиенің жылдық мөлшерлемесі 6% деңгейде сақтала отырып, 18 миллион теңге мөлшерінде ұсынылады. Несиенің қолжетімділігін кеңейтуге арналған келесі бір тың шара, несиені кепілдендіру тетігі енгізіледі: бизнесін енді бастағандарға 85%-ға дейін және жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлерге 50%-ға дейін. Ауыл мен шағын қалалалардағы несиелеу, шағын қаржы ұйымдарын қосқанда, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүргізіледі. Қалаларда шағын несиелеу, ауылдық жерлерге арналған шарттардағыдай, екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асатын болады. Үстіміздегі жылы 10 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда», - деп байыптады Біржан Нұрымбетов.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, арнайы тренерлер мен табысты да тәжірибелі кәсіпкерлерді тартқан райда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы «Бастау-бизнес» жобасы арқылы қолға алынады. Ағымдағы жылы оқу сабақтарына 15 мың адам ілікпек.Үшінші бағытта азаматтардың жекелеген санаттарының жұмысқа орналасуында атаулы көмекті күшейту, еңбек ресурстарын жұмылдыруды күшейту және еңбек нарығы инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.Анығырақ тоқталсақ, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстар сынды құралдар жастар мен әйелдердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында сұранысқа ие. Биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 11,3 мың адамды орналастыру межеленсе, жастар тәжірибесінде 12,7 мың адам қамтылмақ.Еңбек ресурстарының жұмылуын арттыруда, ҚР Үкіметі анықтаған өңірлерге ерікті түрде қоныс аударған тұлғаларға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған. Жыл сайын, өңірлер мен жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына сұранысын ескерген райда, ішкі көші-қон квотасы белгіленеді. Аталған көшті ынталандыру тетігі ретінде, бастапқы бейімделу және жол мен жүк тасу шығынын өтеу құралдарынан тұратын, қазіргі таңдағы әлеуметтік пакетті қолдану жалғасын табатын болады. Осы жылы 2,7 мың азаматтың қоныс аударуына субсидия төлеу мақсат етілген.Тағы бір маңызды мәселе, enbek.kz порталында Еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасы (электрондық еңбек биржасы) жасалып, онда ғаламтор кеңістігіндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер жайлы барлық деректі біріктіру күтілуде.2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 85 млрд теңге қарастырылғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12718?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ 10.04.2025
Бішкек қаласында   2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk
Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі кезекті кездесу туралы 10.04.2025
Ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режиміне кепілгер елдердің өзара келісуімен, Астана процесі аясындағы Сирия жөнінде жоғары деңгейдегі жетінші халықаралық кездесу 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді.Келіссөздер барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастыруға және Сирияда гуманитарлық минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы бірлескен мәлімдемені қабылдауға ниетті. Өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелердің талқылануы ықтимал.Астанада қыркүйекте өткен келіссөздердің алтыншы раунды тараптардың Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандум ережелерін іске асыру және Астана процесі аясында осыған дейін қабылданған басқа да шешімдердің орындалуы бойынша жұмысты жалғастыру ниеті расталған бірлескен мәлімдемені қабылдаумен аяқталғанды. Сирияда құрылған деэскалация аймақтары аталған қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/12699?lang=kk
Жеңіс күні құтты болсын! 10.04.2025
Павлодар облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады. Болат Бақауов сегіз ардагердің үйіне барып сыйлықтар табыстады.92 жастағы Ғабдолла Мусинов аймақ басшысын отбасымен бірге қарсы алды. Ардагердің үйіне Гонконгте тұратын немересі Әсел Лус пен екі жасар шөбересі Клой-Мария Лус келді.  – Біз атамызға мамыр айында Жеңіс күні қарсаңында келуге тырысамыз, – дейді Әсел Лус. – Менің қызым үлкен атасының үйіне алғаш рет келіп отыр, оған атасымен ойнаған ұнайды, ал ардагер атасы үнемі оған  тәтті тағамдар ұсынып отырады.Иван Лукиннің үйінде облыс әкімін әдеттегідей дастархан жайып қарсы алды. Майдангердің жұбайы Мария Федоровна тоқаш пісірді.– Біздей қарияларды ұмытпай, уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет. Көңіл бөліп, ескеріп қойсаңыздар, басқа ештеңе қажет емес, – деді Иван Лукин.Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы, сондай-ақ, Біләл Сәбитов, Сұлтанбек Байызбаев, Әнуарбек  Хұсайынов, Виктор Журавлев, Николай Егоренков және Михаил Кунгуров деген ардагерлерді құттықтап шықты.– Мен ардагерлерге Жеңіс күні қарсаңында ғана емес, жыл бойы келіп тұрамын. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқанымыз үшін оларға алғыс білдіруіміз керек, – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12678?lang=kk
«Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті» 10.04.2025
Ағымдағы жылғы 27 тамызда ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста мынадай заң жобалары қарастырылды:1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заң жобасының тұжырымдамасын (баяндамашы–Мәдениет және спорт министрлігінің Вице-министрі Кожағапанов Е.Т.);2. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдамаларын (баяндамашы–Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сүлейменов Ж.Қ.) қарастыру көзделген.  ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  pressgov@mail.ruТел: 74-06-01,  74-06-02Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/12675?lang=kk
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған қазақстандықтарға 2016 жылы республикалық бюджеттен 21,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді 10.04.2025
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға 2016 жылы республикалық бюджеттен  21,7 млрд. теңгеден астам бөлінді.2016 жылы жәрдемақының орташа мөлшері 24 002 теңгені құрады. Мұндай жәрдемақы 73,4 мың адамға төленді. 2017 жылы мүгедек балалар тәрбиелеп отырған азаматтарға берілетін жәрдемақыға республикалық бюджетте 24,9 млрд. теңге қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12590?lang=kk
Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады 10.04.2025
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік-еңбек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ел азаматтарын қабылдады.  Министрге барлығы 19 адам, олардың ішінде Астана қалаcы, Ақмола Павлодар, Қарағанды облыстары. сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының тұрғындары Тамара Дүйсеновамен бейнеконференция байланысы арқылы өз сұрақтарын қойды. Олардың басым көпшілігі зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, емдеу барысында көмек көрсету, жұмыспен мәселелеріне қатысты болды. «Бүгінгі кездесуде көптеген азаматтар зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін арттыру мәселелері бойынша сауалдар қойды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға, сондай-ақ, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1 шілдеден 20%-ға арттырылады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 81,6 млрд. теңге бөлінеді. Аталған мәселелер бойынша қазақстандықтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында толық мағлұмат ала алады.Сонымен бірге, азаматтар менен Нәтижелі жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы сұрады. Мен оларға бағдарлама бойынша несие алу жолдары, азаматтарды жұмыспен қамту барысында қандай тетіктер қолданылатыны жайында мәлімет бердім»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдау аяқталған соң.Министр барлық өтінімдерді қарастырып, әрқайсысына толыққанды жауап берді. Шешімі белгілі бір уақытты талап ететін мәселелерді Тамара Дүйсенова өз бақылауына алып, ҚР ДСӘДМ комитеттері, құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық департаменттерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12589?lang=kk
2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 5673 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды 10.04.2025
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытының аясында 5673 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 40 мың 927 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 22 мың 213-і – бағдарламаға қатысушылар. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы бірінші бағытының аясында Қазақстанда тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, абаттандыру, инженерлік-көлік инфрақұрылымы салаларына жататын нысандар салынып, жөндеуден өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12526?lang=kk
«ОҢТҮСТІК» АЭА СЯНЬЯНДІК «СИНЬСИН» ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІП ПАРКІНЕН ӨЗ ӨКІЛДІГІН АШАДЫ 10.04.2025
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы ҚХР-на жасаған ресми сапары аясынада ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында келіссөздер жүргізіліп, Сяньяндік «Синьсин» тоқыма өнеркәсіп паркінен өз өкілдігін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық делегацияның құрамы атынан «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқармасының төрағасы - Дилдабаев М., «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары - А. Турсынгалиев,  «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасы  А. Алдажаров ҚХР-на  ресми іс-сапарымен барып қайтқан болатын. Осылайша, таяу уақытта ҚХР-дағы «Оңтүстік» АЭА өкілдігі өндірістік қабаттың жаңа мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жалпы елдер арасындағы инвестициялық ахуалды жақсартуға және маңызды инвесторларды тартуға бағытталған инвестициялық, инновациялық өндірістерді іске қосу жұмыстарын бастайды. Бірлескен қызметке алғашқы қадам болып жобалық  іске асыру құны 100 млн. АҚШ доллары болатын "Сяньяндік тоқыма корпорациясы" АҚБ жіп иіретін фабрикасын салу   болатынын айта кеткен абзал. ҚХР аумағындағы 11 000  астам адам жұмыс істейтін "Синьсин" ("Xinxing") - Сяньяндік тоқыма өнеркәсіптік паркі ҚХР-дағы ең ірі өнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылады. Жер аумағы бойынша 10 000 га құрайды. Тоқыма өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырып  сондай-ақ өндірістік парк ретінде басқа да салаларда өз қызметін жүргізеді. Өндірістік аймақта өнім мүмкіндіктерін іске асыратын «Zara», «Pierre Cardin», «Massimo Dutti», «Hugo Boss», «Pull&Bear» сияқты ірі брэнтік корпорациялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, парк резиденттердің бірі дүниежүзілік автопром паркінің көшбасшысы «KIA Motors Corporation» компаниясы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk
Өсімдік шаруашылығы басты назарда 10.04.2025
Павлодар кәсіпкерлерін өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына белсенді араластыру қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде талқыланды.Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев Павлодар облысының ұн тартатын кәсіпорындар өз қуаттылығының 47 пайызын, жарма өңдеушілер 40 пайызын ғана қолданатындығын атап өтті.– Өткен жылы облыста 56 мың тонна ұн өндіріліп, оның 7,2 мың тоннасы Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа мемлекеттерге экспортталды, – деді басқарма басшысы. – Егер біздің кәсіпорындар жергілікті нарықтың сұранысын толық орындаса, көршілес елдерден ұн әкелу азаяр еді. Бұған қоса, Орта Азия мемлекеттерінде диірмендер саны артқан. 2016 жылы жарма өңдейтін кәсіпорындар 24 мың тонна өнім шығарып, оның 8,4 мың тоннасы экспортталған. Бұл кәсіпорындар өз қуаттылығының 40 пайызын ғана қолданады. Олардың басты мәселесі көтерме бағаға келіп тіреледі. Өкінішке орай, өлшенген жарманы саудалаумен ешкім айналыспайды. Шағын қалталарға орау тек екі кәсіпорында ғана бар.Басқарма басшысының айтуынша, күнбағыс аз өңделеді. Күнбағыстың ауқымды егілгеніне қарамастан, 2016 жылы мың тоннадан астам ғана май шығарылды.– Тек Качир ауданында 70 мың гектар күнбағыс егіледі, – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Орташа шығымдылық гектарына 7 центнерді құрағанда шамамен 49 мың тонна күнбағыс алуға болады. Біз сонда не астықты, не жарманы, не күнбағысты өңдемейміз. Аталған жағдайда ауыл шаруашылығы басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасы бірлесіп Инвестициялар жөніндегі агенттікпен барынша жұмыс істеу керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/12498?lang=kk
БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек  бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек,  лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
В рамках X Астанинского экономического форума презентован второй обзор инвестиционной политики Казахстана, направленный на качественное улучшение бизнес среды в стране.В ходе сессии, посвященной вопросам улучшения инвестпривлекательности страны, также стало известно о присоединении Казахстана к Декларации ОЭСР о международных инвестициях и многонациональных предприятиях. Таким образом, наша страна стала 48-м по счету государством, объявившем о стремлении создать наиболее  прозрачную и комфортную среду для иностранных инвесторов.В своем приветственном слове Вице-министр по инвестициям и развитию РК Е.Хаиров отметил большой вклад команды экспертов ОЭСР в подготовке второго обзора, а также поблагодарил за их кропотливую работу и активную поддержку Казахстана. «Конкуренция за инвестиции будет всегда, и наша задача всегда быть первыми в этой борьбе. Поэтому мы высоко ценим данные рекомендации и их качественное внедрение очень важно в процесе укрепления экономики Казахстана. Хотел бы выразить искреннюю благодарность Секретариату и партнерам ОЭСР, за ваш вклад в улучшение инвестиционного климата Казахстана, за полезные рекомендации и плодотворный труд», - подчеркнул Ерлан Хаиров.За последние 5 лет Казахстаном совместно с экспертами ОЭСР проделана большая работа по улучшению инвестклимата в стране. Устранены административные барьеры, внедрены новые стимулы для инвесторов. Расширен список стран, граждане которых пребывают в Казахстан в безвизовом режиме. С 1 января т.г. их количество составляет 56 стран. Также были усовершенствованы условия привлечения иностранной рабочей силы, при Верховном суде создана Специализированная судебная коллегия по инвестиционным спорам.Создан Национальный контактный центр по ответственному ведению бизнеса, посредством которого обеспечена обратная связь между гражданским обществом и инвесторами.В соответствии с рекомендациями ОЭСР совместно с Всемирным Банком разработана Национальная стратегия по привлечению инвестиций, где прописаны четкие механизмы привлечения инвестиций, совершенствования инвестклимата в соответствии с новым пакетом рекомендаций ОЭСР. «Работа по улучшению инвестиционого климата не остановится на достигнутом, мы будем вкладывать все усилия для соответствия инвестиционного климата Казахстана передовым стандартам стран членов ОЭСР», - заверил вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk
ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр.  Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.  Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы»  үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk
Қостанай облысының әкімі Денис Тенның отбасына көңіл айтты 10.04.2025
Орны толмас қайғыға тап болдық –біртуар адам, жас дарынды спортшы, еліміздің мақтанышы, Сіздердің ұлыңыз – Денисжан түршігерлік оқиғаның салдарынан өмірден озды.Орны толмайтын қазаға орай, Сіздерге және Сіздердің туған-туысқандарыңызға қайғы-қасіретке ортастығымды білдіріп, көңіл айтамын.Жақынымыздан айырылу барлығымызға да ауыр тиеді, әйтсе де ұлдың қазасы – ата-анасы үшін ештеңемен салыстыруға келмес қасірет. Ол Сіздер үшін өмірдің басты мәні, үміт, сүйеніштеріңіз болды. Сіздер оған бар сүйіспеншілік, жігерлеріңіз бен армандарыңызды арнадыңыздар.Денис әрдайым жастық, мақсаткерлік, жеңіске жігерленген ерік, Отанға шын берілгендік пен отансүйгіштік бейнесі болып қалады.Оның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанның даңқын биіктетіп, жүздеген балалар мен қыздар үшін үлгіге айналды.Денистің аты жүрегімізде мәңгіге сақталып, өз нұрымен жылытып, қайғы-қасіреттің қиын сәттерінде бізге жұбаныш болады.  Қостанай облысының әкіміА. МұхамбетовАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/12297?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының кезекті отырысына мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен қолдау мәселесін  қарастырылуына байланысты, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев бекіткен сапар кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмыс тобы Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында орналасқан мемлекеттік органдар және ұйымдарын қарады. Жұмыс тобының сапарына ТРМК Департаменттің бас маманы Н. Сатыбалдинов қатысты.Сапар барысында 36 мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына сәйкестігін тексерілді, сол уақытта ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарттың күшіне енуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ғимараттарда, басшының кабинеттерінде және жалпы көрініске қолайлы жерлерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді орнату дұрыстығына, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жерлердің мемлекеттік рәміздер қойылымына арналған орындар болуына айрықша көңіл бөлінді. Орнатылған мемлекеттік рәміздер ұлттық стандарттарға сәйкестігі қаралды. Бүгінігі уақытқа дейін бірен-саран мемлекеттік органдарда табиғи тозуына байланысты туындайтын (нақыстар, жарық, таптар, бояу тектестіктер және басқалар) ақаулары бар мемлекеттік рәміздер қолдану фактілері кездесті. Кейбір мемлекеттік органдар стандарттардың маңызды өзгертулерін есепке алмай жасаған елтаңбалы мөрлеріне ие және ұйымдардың ресми бланкілері ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының қара-ақ түсті бейнемен жасалған, рәміздің элементтері анық басылмаған анықталды.Айтылған ескертулер тексеру аңықтамасына кіргізіліп мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарастырылуға  бағытталды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12267?lang=kk