Әлем
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАРЛАРЫ ТУРАЛЫ 10.04.2025
Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының кезекті отырысына мемлекеттік рәміздерді насихаттаумен қолдау мәселесін қарастырылуына байланысты, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішев бекіткен сапар кестесіне сәйкес, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның жұмыс тобы Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында орналасқан мемлекеттік органдар және ұйымдарын қарады. Жұмыс тобының сапарына ТРМК Департаменттің бас маманы Н. Сатыбалдинов қатысты.Сапар барысында 36 мемлекеттік ұйымдар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына сәйкестігін тексерілді, сол уақытта ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарттың күшіне енуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ғимараттарда, басшының кабинеттерінде және жалпы көрініске қолайлы жерлерде орналасқан мемлекеттік рәміздерді орнату дұрыстығына, мемлекеттік заңды тұлғалар орналасқан жерлердің мемлекеттік рәміздер қойылымына арналған орындар болуына айрықша көңіл бөлінді. Орнатылған мемлекеттік рәміздер ұлттық стандарттарға сәйкестігі қаралды. Бүгінігі уақытқа дейін бірен-саран мемлекеттік органдарда табиғи тозуына байланысты туындайтын (нақыстар, жарық, таптар, бояу тектестіктер және басқалар) ақаулары бар мемлекеттік рәміздер қолдану фактілері кездесті. Кейбір мемлекеттік органдар стандарттардың маңызды өзгертулерін есепке алмай жасаған елтаңбалы мөрлеріне ие және ұйымдардың ресми бланкілері ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының қара-ақ түсті бейнемен жасалған, рәміздің элементтері анық басылмаған анықталды.Айтылған ескертулер тексеру аңықтамасына кіргізіліп мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссиясының отырысына қарастырылуға бағытталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12267?lang=kk
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 12 мамыр күні Семейде «Семей қаласының медициналық қызметкерлеріне арналған өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілдіДөңгелек үстелді Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің бас мамандары Арай Байзақовамен Мұхтар Елеусизовтің қатысуымен, «Семей қаласының наркологиялық диспансері» ШЖҚ МКК мекемесінде өткізді.Дөңгелек үстелдің мақсаты - аға және кіші медицина қызметкерлерінің, өлшеу құралдары мен медициналық құрал-жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру. Медициналық приборларға өлшеуіш құралдар ретінде қандай метрологиялық талаптар қойылатыны белгілі. Көп жағдайда медициан қызметкерлері бұл мәселенің маңыздылығына назар аудара бермейді немесе медициналық өлшеу құралдарына қатысты заңнамалардың талаптарын білмейді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасына сәйкес диагностикалау және емдеуде қолданылатын өлшеу құралдары міндетті түрде тексеруден өтеді. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» заңнамасын бұзушы кінәлі тұлғалар заң бойынша жауапқа тартылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12178?lang=kk
МЕТРОЛОГИЯ – ӨЛШЕМ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ 10.04.2025
Метрология – талап етілген дәлдікке жету тәсілдері мен олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары мен әдістемелері туралы және өлшемдер туралы ғылым. Бұл әр-түрлі физикалық шамадағы өлшем бірліктерін орнатумен және олардың эталонын қалыптастырумен, физикалық шамалардың өлшем әдістерін әзірлеумен, сонымен қоса, өлшем дәлдігін талдаумен, өлшемдегі дәлсіздікті туғызатын себептерді зерттеп, оларды жоюмен айналысатын ғылым.Адам күнделікті өмірде өлшеммен тығыз қатынаста болады. Ұзындық, көлем, салмақ, уақыт және тағы сол сияқты шамалармен әрбір басқан қадам сайын кезігеді. Демек бізге өмірде барлығын өлшеуге тура келеді. Тіпті өз өлшеміңді білмесең жейде немесе туфли сатып ала алмайсың. Ал ғылым мен техникада миллиондаған өлшемдер жасауға тура келеді.Кез келген өлшем – ол салыстырма, ал өлшем бірлігінің дәлдігі – ол дәлсіздігін нөлге жақын көрсететін сипаттама.Ондаған сантиметрлік дәлдік біреу үшін жеткілікті екені түсінікті, егер сіз көлік бөлшектерін алсаңыз, онда ол жерде миллиметрлік дәлдіктің өзі тым өрескел болуы мүмкін, егер екі саңылаудың өзі бір-бірінен миллиметрге өзгеше болса, саңылауға болттың өзін бұрай алмайсыз. Сол сияқты уақыт өлшемі. Бір жағдайда оны минут дәлдігіне дейін білу қажет (мысалы: егер сіз бәліш пісірсеңіз), ал қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, секундтың жүздік бөлшектері бар секундамер қажет. Денсаулық сақтауды алсақ, науқастың диагнозын анықтау үшін өз өлшем дәлдігі бар медициналық жабдыққа бірнеше зерттеулер (өлшеулер) жүргізу қажет.Метрология стандарттаудың ажырамас бір бөлігі, стандарттау өндірістегі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың тиімді де ең қажетті құралы болып табылады.Барлық дамыған елдерде стандарттау мен метрологияны елдің ілгерлеуі мен күш қуатын арттыруға қолданады. Олардың көмегімен өндіріс тиімділігін жоғарлату мәселелерін шешіп, өндіріс сапасын арттырады. Метрологиядағы дұрыс қойылған стандарттау мен метрологиялық қызмет кәсіпорынның барлық бағытта дамуына жағдай жасайды.Қазақстан Республикасында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданған және ол бүгінгі күні қолданыста. Заңда метрологиялық талаптарды сақтау міндетті болып табылатын қызмет салалары анықталған және кейбіреуіне мемлекеттік метрологиялық бақылау қарастырылған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге мемлекеттік метрологиялық бақылауды, құқықтары мен міндеттері Заңмен орнатылған мемлекеттік инспекторлар жүргізеді.Мемлекеттiк метрологиялық бақылау:- өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды; - сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;- өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік осы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңмен орнатылған.Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі нормативтік базасы құрылған, ол өзіне мемлекеттік стандарттар мен Республиканың барлық аумақтарында бірлік шамасының қөлемін беру тәртібін және сынақ жүргізу, салыстырып тексеру мен өлшем бірлігін калибрлеу тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттар жиынтығына құралған.Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік эталонды базасы саналады.Жоғарыдағы ҚР Заңымен толық танысқысы келетіндерге Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Ықылас Дүкенұлы көшесі 29 үй, байланыс телефонымыз: 270741, 270742, Email: gosnadzor_Astana@mail.ru. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - С.В. Коваленко Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12140?lang=kk
2016 ЖЫЛҒЫ 29-30 СӘУІРДЕ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ҒЫЛЫМ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНЖИНИРИНГ: ЖАҒДАЙЫ, ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ 10.04.2025
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында Қазақстан қайта құру және даму көп салалы институты және Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы ұйымдастырған конференцияда жетекші университеттердің, ғылыми және әлемдік инжинирингтік орталықтардың ғалымдары мен мамандары, мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, кәсіби қауымдастықтар, жобалы-конструкторлық, іздестіру және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты.Конференцияда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атынан Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы А.О. Мамбетаев және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Мемлекетаралық стандарттау және ақпараттандыру басқармасының бастығы И.В. Хамитов қатысты.Пленарлық мәжіліс шеңберінде ҚР салалық мемлекеттік органдары, германдық ғылыми-зерттеу ұйымы және Ұлыбритания Болтон университеті, Ресей Федерациясы Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары академиясы басшылығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның құрылыс саласындағы қауымдастықтар және жетекші ұйымдарының өкілдері баяндамалар оқыды.Өзінің пленарлық баяндамасында Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы А.О. Мамбетаев құрылыс саласындағы техникалық реттеу аясының ведомство өткізетін жұмысты көрсетті, оның ішінде келесі:- ұлттық техникалық регламенттерді және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жұмыс бағыттарын айтып өтті.Бүгінгі күні салалық мемлекеттік органдармен үкімет деңгейінен министрліктер деңгейіне ұлттық техникалық регламенттерді аудару, және құрылыс саласында олардың ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісуімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұйрығымен бекітуі бойынша жұмыстар өткізіліп жатқаны атап өтілді.Сондай-ақ «Ғимараттар және құрылыстардың, құрылыс материалдары және бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай ұлттық үсті техникалық регламентін әзірлеу бойынша ағымдағы ахуал хабарланды;- еурокодтардың және олардың сілтеме стандарттарының бейімделуі.Еурокодтарға сілтеме халықаралық (ISO) және еуропалық (EN) стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс баяндалды.Сонымен қатар, 2016 жылғы әзірлеуге жоспарланған 747 стандарттан 1/3 астам бөлігі құрылыс саласына келетіні көрсетілді.- Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды жүзеге асыру.Инвестициялар және даму және ұлттық экономика министрліктері арасында келесі тармақтарды қамтитын Құрылыс саласының техникалық реттеу жүйесін реформалау бойынша бірлескен жоспарды қабылдау көрсетілді:- құрылыс саласының қолданыстағы нормативтік базасын талдау және жүйелендіру;- аккредиттеу туралы заңнамаға сәйкес ИТЖ аттестциясы бойынша орталықтардың біліктілігін анықтаудың балама тәртібін құру мәселесін қарастыру;- стандарттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;- нормативтік-құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар жаңалық енгізу бойынша ұйымдық-түсіндіру жұмысы және т.б.Сөз сөйлеу сонында осы бағытта жұмыс жалғасатыны айтылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12138?lang=kk
ӨНІМДІ КАТАЛОГТАУ ЖҮЙЕСІ 10.04.2025
Өнімді каталогтау жүйесі техникалық реттеу субъектілерін отандық өнімнің сипаттамалары және дайындаушылары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Өнімді каталогтау жүйесін құрудың негізгі міндеттері:- қызығушылық танытқан мемлекеттік басқару органдарымен, заңды және жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасынджа өңдірілген өнім, оның негізгі сипаттамалары, өнімді өндірушілер, қолданылатын нормативтік немесе техникалық құжаттар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;- шығарылатын өнімді есепке алу және жаңа өнімге қажеттіліктерін есепке алу;- өнімнің тиімді атау тізімін нысандау және оны жобалауға, сатып алуға және техникалық күтіп-баптауға кеткен мемлекет шы,ғындарын қыстарту;- Қазақстан Республикасында шығарылатын өнім каталогтарын құру және жаңарту.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркеуге: 1) өнімнің тәжірибелік үлгілері (тәжірибелік топтары), өнімнің белгіленген сериялары, 2) бірлі-жарым өндіріс өнімі, авторлық құқық объектілері, кәдесыйлар, өнімнің құрамдас бөліктері жатпайды.Өнімді каталогтау жүйесінде тіркелуге жататын өнімді өндірушілер уәкілетті органға өндірілген (өндірілетін) өнім туралы мәліметтерді өнімнің каталог парағында қағаз және электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Өндіруші Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттарды алдын – ала электрондық түрде уәкілеттік органға жібереді. Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер туралы ақпараттар ҚР СТ 1.11 стандартында көрсетілген пішімде өнімнің каталогтау парағымен береді.Уәкілетті орган каталог парағын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде: каталог парағын толтырудың дұрыстығын және онда көрсетілген мәліметтердің анықтығын тексереді, бұзушылықтар болмаған жағдайда шығарылатын өнім туралы мәліметтерді өнімді каталогтау жүйесіне енгізеді және өндірушінің каталог парағында көрсетілген электрондық мекенжайына, берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, олардың өнімді каталогтау жүйесіне енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді, каталог парағында толық емес не анық емес мәліметтер ұсынылу фактісі анықталған жағдайда, тіркеуден дәлелді жазбаша түрде бас тарту туралы ақпарат жіберіледі. Өндіруші каталог парағындағы көрсетілген толық емес, не анық емес мәліметтерді өзгерткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді көрсете отырып, каталог парағын уәкілетті органға жібереді.Өнімнің каталогтау парағын туралы толық ақпаратты Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінен аласыздар. Біздің мекен жайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31 үй, телефон 270741, электронды мекенжай gosnadzor_astana@mail.ru.Қыстаубаева Азиза Қалиқызы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12123?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУЫ БОЙЫНША, ЕНГІЗУІН ТҮСІНДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨНГЕЛЕК ҮСТӨЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2016 жылдың 22 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, «Ұлт ССО» АҚ Қызылорда филиалының, «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының және мемлдекеттік мекемелердің қатысуымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері – Мемлекеттік туын, Елтаңбасын қолдануы бойынша, ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында дөнгелек үстөл отырысы өткізілді.Отырыс барысында қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді қолдану міндетті, мемлекеттік рәміздерді өндірушілер мен қолданушыларға Қазақстан Республикасының Заң талаптарын бұзғандығы үшін қандай әкімшілік шаралар қолданылады, және тағы-да басқа бірқатар сұрақтар көтерілді.ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына ауысудың қажеттілігі мен есептері бойынша және ҚР СТ 989-2008 стандартынан ҚР СТ 989-2014 Ұлттық стандартына ауысу мерзімі бойынша түсіндірме жүргізілді.Мемлекеттік елтаңбаның авторымен өндірушілердің ұсыныстары ескеріліп конструкторлық сызбалары қайта қаралу қортындысы бойынша:- Мемлекеттік елтаңбаның барлық элементтеріне детализация жүргізілді;- элементерін модельдеуде қажетті өлшемдері келтірілді;- 2008 жылғы стандартта көрсетілмеген барлық құрайтын элементтерінің атауы кетірілген.Өндірісте берілген параметрлер мен талаптарға сай өндіруді қадағалау мақсатында жаңа стандартталған бақылау әдістемелері енгізіліп, осы әдістемелер даулы сұрақтар туындағанда берілген стандартқа сәйкестігін біркелкі растауға көмектеседі.Сонымен қатар жаңа стандарт бойынша елтаңбаны қолданудың кепілді уақты 3-жыл мерізімінде деп белгіленген.Отырыс барыснда қатысушыларға стандарттарға енгізілген барлық өзгерістер түсіндіріліп, қолдану ережесі бойынша және стандарт талаптарына сай келмейтін Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыру және жою ережесі талқыланды.Дөнгелек үстөл барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, берілген ұсыныстарды жұмыс кезеңі барысында тағыда қарауға шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12119?lang=kk
ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫС ШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАДЫ 10.04.2025
2018 жылдың 28 маусымында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «ОЛВИ» ЖШС кәсіпкерлік субъектісіне барды.Кездесудің мақсаты «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан нарығындағы құрылыс өнімдерінің айналыс шарттары болды.Осылайша, техникалық регламенттерді пайдалану кезінде нарық айналымында құрылыс өнімдері келесі ілеспе құжаттармен қамтамасыз етілуі керек – пайдалану нұсқаулығы, сапа төлқұжаты, техникалық немесе нормативті және басқа да зиянның ықтимал қауіптерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті құжаттар.Бұдан басқа, азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған құрылыс материалдарымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек, сақтау мерзімінің немесе сақталу мерзімінің аяқталмауы, орауы бүлінбеген, пайдалану құжаттамасының толық жиынтығы болуы керек.Тұтынушыларды құрылыс материалдары мен бұйымдармен қауіпсіз пайдалану үшін ереже нұсқаулықтары, сатушыларға оларды сату тәртібі туралы ақпарат, одан әрі тексеру мақсатында тұтынушылардың шағымдарын тіркеу үшін нұсқаулықтармен қамтамасыздандыру тиіс.Сонымен қатар, құрылыс өнімдерінің нарығындағы негізгі талаптарының бірі, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнімдердің сәйкестікті растамай, нарық айналымына және сатылуға жол берілмеуі.Кездесу қатысушыларын сәйкестікті бағалаудың міндетті үрдісінен өтуге тиісті құрылыс материалдарының атауларымен таныстырды және оларға «Міндетті сертификаттауға жататын құрылыс өнімдерінің тізбесін» ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12112?lang=kk
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ МЕН СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯ ӨНІМДЕРІН АНЫҚТАУ (ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ) БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ. 10.04.2025
2016 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды қаласындаТехникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті сәйкестік сертификаты мен сәйкестік декларация өнімдерін анықтау (идентификациялау) бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Семинар жұмысына қатысқандар: Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы кеден бекеттерінің басшылары мен сәйкестікті растайтын органдар өкілдері, кедендік брокерлер және СЭҚ қатысушылары.Семинар қатысушыларына Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің шешімі күшіне енгізілгендіктен бастап қазақстандық импорттаушылар кедендік декларациямен қатар кедендік органдарға кедендік одақтың міндеттелген талаптарына сәйкес әкелінген тауарлардың сәйкестігін куәландыратын құжаттар ұсыну керек. Сәйкестігі міндетті бағалауға жататын тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде декларация-өтініш қабылданбайды, өйткені техникалық реттеу саласындағы кедендік одақ заңнамаларының талаптары осындай, атап айтқанда: кедендік одақтың кедендік аумақтарына кедендік одақ ішінде міндетті талаптар қойылатын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібі туралы Ережесі.Семинарда кедендік одақтың кедендік аумақтарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімдерді (тауарлар) әкелу тәртібіне, кедендік одақтағы сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларының бірегейлік реестрін және берілген сәйкестік сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларацияларының бірегейлі реестрін қолдану, Еуразиялық экономикалық одағының тұрақты жұмыс істеп тұрған реттегіш органында http://www.eurasiancommission.org/ru/ - Еуразиялық экономикалық комиссия интернет порталындағы бірегейлік реестр жүйесінде жалған сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларацияларды іздеу мүмкіндігі, сонымен қатар өнімдерді сәйкестік сертификаттар мен сәйкестік туралы декларациялармен анықтауға (идентификациялау), әр өнім түрін сынақтан өткізу үшін қажетті мерзімді ескере отырып өнімдерге сәйкестік сертификаттар берілу мерзімдеріне ерекше назар аудару керектігі туралы түсініктеме берілді.Семинарда Кедендік одақтың кедендік аумақтарына өнімдерді әкелу кезіндегі негізгі мәселелер талқыланды.Өткізілген семинар нәтижесі бойынша пайдалы пікір алмасу болды, қатысушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар қайтарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12110?lang=kk
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ 10.04.2025
2018 жылдың 29 маусымында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп ЕЭО-ың «Жеңіл рельсті көліктердің, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы» және «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» жобаларын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді:Дөңгелек үстелде бизнес-қауымдастық өкілдері, аймақтық облыстық басқармалар мен департаменттер қатысты.Дөңгелек үстел отырысының мақсаты - техникалық регламенттер бойынша өнімді өндірушілерге ақпараттық және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Еуразиялық экономикалық комиссиядан алынған құжаттарды жылдам қарауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, олар бойынша ұсыныстар дайындау.Дөңгелек үстел аясында жеңіл рельсті көлік құралдары үшін техникалық регламенттің талаптарын, олардың қауіпсіздігінің әлеуметтік қолайлы деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ метрополитен жылжымалы құрамына және оның құрамдас бөліктеріне қойылатын талаптар, соның ішінде қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті бағалау ережелері, бір құжатта - ЕЭО техникалық регламенттерінде сәйкестік белгісімен белгілеу.Дөңгелек үстелдің соңында тыңдаушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12102?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ САЛАЛАРЫНДА БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ 10.04.2025
2018 жылдың 16 мен 18 шілде аралығында Көкшетау қаласында техникалық реттеу және метрология саласында кадрларды даярлау бойынша оқыту семинар өтеді.Семинар ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.Бағдарламаның басты мақсаты - мемлекеттік инспекторлардың техникалық реттеу және метрология салаларында біліктіліктерін арттыру.Үш күндік оқыту семинар барысында, мамандар, бағдарламаға бекітілген дәрістік материалды толық тындайтын болады.Тыңдаушыларға түсіндірілетін тақырыптар:- Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу;- Мемлекеттің метрологиялық бақылауын жүзеге асыру;- Тауар өндіру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;- Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар» заңы жайлы;- Қазакстан Республикасының «ҚР Рәміздері» Конституциялық заңы туралы.Семинар өткізілу мекен-жайы: Көкшетау қ., 8 марта к-сі 61.Басталуы: сағ 10:00Байланыс деректері: «ҚазСтИн» РМК Акмола филиалы, телефон: 8(7162) 40 21 37Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12092?lang=kk
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті 2018 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп, өңірлік штаб өкілдерінің, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар және бизнес-қауымдастық басшылары қатысуымен стандарттау және Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу мәселелері бойынша Өңірлік штаб отырысы ұйымдастырылды.Өңірлік штаб отырысын ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Тлектес Атчибаева ашты. Отырыс барысында Евразиялық экономикалық одақтың техникалық регламент жобалары «Жоғары вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Химиялық заттар және қоспалар тізімін қалыптастыру мен жүргізу және Жаңа химиялық заттектерін нотификациялау тәртіптері» және Евразиялық экономикалық одақтың қабылданған техникалық регламенті «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ТР ЕАЭС 041/2017) қарастыруға ұсынылды.Сонымен қатар, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдерімен 2018 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын негізге ала отырып әзірленіп жатқан ҚР СТ бірқатар жобаларын слайд презентация арқылы, және де ҚР СТ талдау жүргізу, әрі қарай кәіпорынға еңгізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдар кезеңінде қабылданған ұлттық стандарттар туралы, сондай-ақ, мекемелерге 2019-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік стандарттау жобаларының жасақталынуы туралы ақпарат берілді.Отырыс қорытындысы бойынша, қаралып жатқан ЕАЭО Техникалық регламент жобаларын егжей-тегжейлі зерделеу туралы шешім қабылданып, Химиялық заттар және қоспалар тізімін қалыптастыру мен жүргізу және Жаңа химиялық заттектерін нотификациялау тәртіптері туралы, ұсынылатын НҚА бойынша ескертулер немесе ұсыныстар болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссиясы мекен-жайына ресми хатпен немесе ЕЭК сайтында жазба қалдыруға болады, сондай-ақ Департаментке жолдау жіберілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12090?lang=kk
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚАУІПТІ САЛАЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 9 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар туралы семинар өткізілді.Аталған іс-шараның мақсаты адам денсаулығын қорғау үшін жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптарды түсіндіру болып табылады.Жеке қорғану құралдары бұл қауіпті салаларда жұмыс істеу кезінде қажетті сақтық шаралары.Белгіленген стандарттарға сәйкес, осы кәсіпорындардың әрқайсысы барлық санаттағы қызметкерлер үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге тиіс.Басқаша айтқанда, қызметкерлер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуы керек, сондай-ақ кәсіпорында жұмыс істеудің теріс салдарынан қорғайтын арнайы қорғаныш киім және аяқ киім киюі керек.Өз кезегінде, барлық жеке қорғану құралдарының қорғау дәределері «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» (TР КО 019/2011) Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкес сәйкестікті растауға тиіс.Жеке қорғану құралдары, бұл организмде зиянды және зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе алдын-алу мақсатында, сондай-ақ ластанудан қосымша қорғау үшін пайдаланатын құрылғы.Әдетте, жеке қорғану құралдары өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін кез-келген нысанды стандартты құрамына кіредіЖеке қорғану құралдары жабдықты жобалау, архитектуралық-жоспарлау шешімдері және өндірістік процестерді ұйымдастыру белгілі бір индустриялық аймақта жұмыс істейтін адамдар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтін жағдайларда пайдаланылады.Тіпті қарапайым көзқарастағы, мысалы, дәке бинттері немесе өрт сөндіргіш сияқты қорғаныс құралдары күтпеген жағдайлардан, денсаулығына қауіпті және кейде өмір үшін қауіпін қорғай алады.Егер мысалдарды қарастырсақ, онда ең көп таралған ЖҚҚ бірі құрылыс индустриясында қорғаныс дулыға болып табылады. Каскалар жұмысшылардың басын құлайтын объектілерден қорғауға, сондай-ақ ірі қозғалыстағы объектілер келіп соғуынан қорғауға арналған.Азаматтық тұрғындарды қорғау үшін ЖҚҚ көбінесе респираторлық жүйені және улы химикаттардың зиянды әсерінен қорғайтын ГП қорғау газ маскасы ретінде қолданылады. Мектеп оқушылары үшін де, кішкентай балалар үшін де балалар газ маскасы моделдеріде бар.Сондай-ақ, ластанған аумақта инфекция дәрежесіне байланысты кейде азаматтық тұрғындар дем алу органдарын улы газдардың, шаңның немесе аэрозольдан қорғайтын респираторларды пайдаланады.Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне ала аласыз.Біздің мекен-жай: Алматы қаласы, Алтынсарина даңғылы, 83 үй. Тел.: 8 (727) 303-88-52, 243-10-24. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12068?lang=kk
ТРМК ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС БАРДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ ТРМК ШҚО бойынша департаменті мамандары ағымдағы жылдың 10 шілдесінде техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында «ALTAY ENVIRONMENTAL MANAGEMENT» ЖШС-ның жұмысшыларымен кездесті.Кәсіпорын күрделі жөндеу және реконструкциялау, жолдар мен теміржолдарды салу, топырақта арнайы жұмыстар жүргізу сияқты инженерлік желілер мен жүйелерді орнатумен айналысады. Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының метрологиялық қамтамасыздандыру, стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасының талаптарын түсіндірді.«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» КО ТР талаптары, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» ҚР ТР бойынша сәйкестікті растау рәсімдері туралы айтылды.Сондай-ақ, бетонның қолданыстағы стандарттары мен сертификаттаудың сынау әдістері қарастырылды.Кездесу соңында кәсіпорын басшылығы ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12032?lang=kk
ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ ШҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ВОСТОКЭНЕРГОСЕРВИС» ЖШС-ІНЕ БАРЫП ШЫҚТЫ 10.04.2025
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде «Лабораторияларды толық жабдықтандыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ә.Жақсыбаева және Департаменттің бас маманы Г.Қондыбаева «Востокэнергосервис» ЖШС-іне барып шықты.«Востокэнергосервис» ЖШС криогеника бойынша, төмен және аса төмен температуралар теориясы, электротехникалық өнеркәсіп, электрлі жетек бойынша ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулер, материалдар мен бұйымдар (қызметтер) зерттеулері, сынақтары, сынамалары, сараптамасы, электрлі және электрондық блоктар мен жабдықтарды сынау қызметтері, өндірістік машиналар мен жабдықтарды (қызметтер) сынау, өлшеу құралдары мен бақылау-өлшеу аппаратурасын сынау, қадағалау, аттестациялау мәселелерімен айналысады.Сапар барысында департамент қызметкерлері сынақ базасымен таныстырылды, қажетті жабдық сатып алу, қолданыстағы сынақ жабдығын жаңарту сұрақтары талқыланды.Кездесу нәтижелері бойынша тараптар «Востокэнергосервис» ЖШС сынақ базасын жаңартудағы кейінгі ынтымақтастықты талқылады.Қолданыстағы Инновациялық гранттарды ұсыну ережелеріне сынақ зертханасын (орталығын) құру және (немесе) кеңейту үшін сынақ зертханаларына жабдық, материалдар, толымдаушылар сатып алуға инновациялық гранттар ұсыну бөлігінде енгізілген өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/12006?lang=kk
ТРМК ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 10.04.2025
2018 жылдың 13 шілдеде Техникалық реттеу және метрология Комитететінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Жиһаз» СҮ-нің жиһаз өнімдерін сатушы кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін түсіндіру.Осылайша, нақты техникалық регламент жиһаз өнімдеріне және оны пайдалану үрдістеріне, үйге және қоғамдық ғимараттарға арналған жиһаз жиынтықтарын (үстелдер, орындықтар, креслолар, диван, кереует, матрацтар, шкафтар, ілгіштер, киім-кешек, жәшіктер, балалар жиһазы және басқа да өнімдер) оның ішінде жеке тапсырыстар бойынша жасалған жиһаздарға қойылатын талаптарды белгілейді.Бұдан басқа, өндіруші, сатушы, импорттаушы немесе нарықта жиһаз жасайтын өндіруші уәкілеттік берген тұлға міндетті: осы техникалық регламенттің талаптарына жиһаз өнімдерінің сәйкестігін қамтамасыз ету. Өндірушінің жарамдылық мерзімі ішінде жиһаз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз, ілеспе құжаттамада және өнім туралы ақпаратты сәйкестік сертификатында немесе сәйкестік туралы декларацияда белгілегенде көрсету қажет. Жиһаз бөлшектелген күйде жеткізілсе, ілеспе құжаттама жүк туралы ескертуді, пайдалану нұсқаулықтарын және монтаждау нұсқауларын қамтуға тиіс.Сондай-ақ таңбалау мен ақпарат орыс тілінде немесе Кеден одағына мүшесінің мемлекеттік тілінде ұсынылуы тиіс. Таңбалау қағаз жапсырмасында (жапсырмада) немесе жинақталған жиһаз өніміне мықтап бекітілген матаның жапсырмасында басылуы тиіс. Бөлшектелген түрде жиһазда таңбалау орауға қойылады. Таңбалау тұтынушыға жиһаз өнімі туралы толық ақпарат береді.Сонымен қатар, жиһаз өнімдерінің «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ТР ТС талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) сәйкестік (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) түрінде және мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрінде жүзеге асырылады.Осылайша, тұрмыстық жиһаздар мен қоғамдық үй-жайларға арналған жиһаздар сәйкестікті декларациялауға жатады, балаларға арналған жиһаз, оқу орындары үшін жиһаздар, мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаздар сәйкестікті міндетті түрде растауға жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11998?lang=kk
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ЖӘНЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ», «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 10.04.2025
2016 жылдың 12-ші сәуір айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде басшы орынбасары Әкімов Әбсамат Әбжапарұлының төрағалығымен «ҚазСтИн» РММ Алматы облысы бойынша филиалының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің маманы Демесинова Мерейдің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Іс-шараның мақсаты ұжымда, сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою үшін, сонымен қатар қоғамдағы ғана емес, сыбайлас жемқорлық үшін сарапшылар білім деңгейін, жаңа заңнама талаптарына, практикада қолдану, төзбеу ахуалы қалыптастыру мүмкіндігін арттыру болып табылады.2016 жылдың 1-қаңтарында күшіне енгізілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын осы дөңгелек үстелдің шеңберінде қарастырды. Іскерлік сапасын және моральдік-адамгершілік бейнесін арттыру талаптары мақсатында ТРМК-ның Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережесімен жазбаша түрде таныстырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережесін қарастырып, мемлекеттік қызметке орналасу, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауызымының ерекшеліктерін, мемлекеттік қызмет өткеру, қызметтік тәртіп және этика, әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік қызметті тоқтатуы және өзге де мәселелер туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11996?lang=kk
Тағы бір «Агроқала» ашылмақ 10.04.2025
Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар облысында жұмыс істеуге және аймақ экономикасын дамытуға қаражат құюға ниет білдірген инвестор «Агроқала» ЖШС бас директоры Николай Карташевпен кездесу өткізді.Жобаның бастамашысы атап айтқандай, басты мақсат – Қазақстан нарығында тұтынуға арналған сұранысқа ие, сондай-ақ жуық маңдағы Ресей мен Қытайға экспорттауға арналған азық-түлік өндіру. Бүгінгі таңда Польшаның қаржы институттарымен және Польша мен Ресей Федерациясының серіктестерімен келісімге қол жеткізілді. Жобаның жалпы құны – 144 млрд. теңге, оның 80 пайызын Польшаның инвестициясы құрайды.– Бағдарламаның басты мәні – Қазақстанға польшалық озық технологияларды, құрал-жабдықты, техниканы, мамандарды тарту. 55 000 гектар жерді суаруды қалпына келтіру жоспарланған, бұл жер жайлы Республика Қазсушаруашылығымен және Сәтбаев арнасының басшылығымен келісілген. Бұл алаңда азықтық дақылдарды, қант қызылшасын, көкөніс, күнбағыс, бақша дақылдарын және жеміс-жидек өсіру жоспарланып отыр. Инвестор болашақта «Агроқала» салуды көздеп отыр. Онда қойма, тоңазытқыштар және газды ортасы реттелмелі тоңазытқыштар, қант пен май, ет өнімдерін, кептірілген және мұздатылған көкөністер мен жемістер, түйіршіктелген азықтар және қаптама шығаратын зауыттар болады, – деп хабарлады аймақ басшысына Николай Карташев.Жоба бастамашысы болашақта Польша мен Павлодар облысы салалық оқу орындарында орта және жоғары басқару буыны мамандарын, жұмысшы мамандарын даярлайтын және қайта даярлайтын оператор ретіндегі білім беру орталығын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.Кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты.– Біздің әр ауданымызда аграрлық колледждер бар, солардың біреуін сенімді басқаруға бере аламыз. Оның негізінде еуропалық үлгідегі диплом алатын мамандарды даярлау процесі басталады.Аймақ басшысы орынбасарларына инвестордың жоспарын іске асыру үшін бұл жобаны жан-жақты зерделеуді тапсырды. Жобаның алғашқы кезеңі Екібастұзда басталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11886?lang=kk
Өмір сапасының стратегиясы 10.04.2025
Павлодар облысының әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде өңірдің 2030 жылға дейінгі Стратегиясында белгіленген негізгі даму бағыттарды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Облыс әкімі экономикалық саясат тиімді құрылса, кез келген өңірдің дамуы сәтті болатынын атап өтті. – Өткен жылдың желтоқсан айында мен Стратегияның негізінде алдағы үш жылға облыстың және әр ауданның кешенді даму жоспарын құрастыруды тапсырған болатынмын, – деді Болат Бақауов. – Қазір, біз бағытымызды айқындап, белгіленген басымдықтарға сәйкес келе жатырмыз ба, кешенді жоспардың шеңберінде қандай жұмыстар атқарылғанын және қай тұстарды жетілдіру керектігін түсінуіміз керек.Жоспардың жүзеге асырылуы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев баяндап берді. – Павлодар облысының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы 2015 жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асырылып келеді, – деді ол. – Стратегияны жүзеге асыру шеңберінде облыста 8 институт пен ұйымдар құрылды. Олар: инвестицияларды тарту бойынша Агенттік, инвесторлар кеңесі («бизнес-періштелер» клубы), С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы өңірлік StartUp Академия, ИнЕУ-дің жанындағы өңірлік ғылыми-технологиялық орталықтың базасындағы бизнес-акселератор және өңірлік технологияларды коммерциализациялау орталығы, экологиялық технологиялар бойынша құзыреттіліктер орталығы; медициналық кардиология орталығы. Сонымен қатар, Стратегия негізінде 5 концепция, 21 жоспар, «Ақылды аялдама» жобасының эскизі, «Ақылды үй» концепциясы шеңберінде «Достық» шағын ауданындағы жаңа үйлердің ЖСҚ-ын құрастыруға арналған техникалық сипаттамалардың жобасы, қалалар мен аудандардың туристік төлқұжаттары құрастырылды.Облыс әкімі Экологиялық технологиялар бойынша құзыреттіліктер орталығын қаржыландыру мәселесі туралы сауал қойды. Жақында ғана Ақсу қаласының тұрғындары күлдің астында қалды. Алайда, Құзыреттіктер орталығы осы жағдайдағы күлдің шоғырлануының шектеулі шамасы сақталды деп сендірген еді. – Стратегия аймақ тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталуы керек, – деді аймақ басшысы. – Кеешнді жоспарға тұрғын үйлер мен экобекеттер, жылытылатын аялдамалар салу, аулаларды абаттандыру, интеллектуалды көлік жүйесі, бала бақшалармен қамту мәселлері енуі керек. Облыс орталығына салынып жатқан инвестициялар 1,7 есеге артты. Тек қана жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарына 3 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Біз барлық күшімізді тұрғындардың өмірін жайлы етуге жұмсап, халыққа қызмет етуіміз керек.Сонымен бірге, Болат Бақауов туристік кластерді дамыту бойынша ескерту жасады. Жасыбай демалыс аймағы мен Маралды көлі қалпына келтірілгенімен, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Облыс әкімі аудандардың туристік карталары әлі күнге жоқ екендігін және облыс орталығындағы такси қызметінің сапасыздығын еске салды. Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі Жоспарды өзектендіру мақсатында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы салалық басқармалармен бірлесіп, Павлодар облысы дамуының алдағы үш жылға арналған Кешенді жоспарын құрастырады. Аймақ басшысы 1-ші тамызға дейін кешенді жоспарды қайта қарап, толықтыруды және ұзақ мерзім ішінде қол жеткізуге болатын көрсеткіштерді анықтауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/11877?lang=kk
«BAYAN» КОМПАНИЯСЫНДА БОЛДЫ 10.04.2025
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Жезқазған бөлімінің қызметкерлері 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген «BAYAN компаниясы» ЖШС болып қайтты.BAYAN компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сәтті жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде 7000 шаршы метрден астам аумақты қамтитын дамыған инфрақұрылымы бар жаңа қуатты өндірістік базасы құрылды. Компания қышқыл сүтті, шырын өнімдерін, жүгері таяқшаларын, қатырлақ, сусындар, йогурттар, сүзбелер шығарады. Осылар үшін өндірістік және технологиялық тізбектерді үнемі жетілдіре түсетіндіктен, олар технологияның қарқынды дамып келе жатқан темпіне орай инновациялық әзірлемелерді қолданады.Барудың шеңберінде қызметкерлер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын орындау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы Заңдардың мақсаты мен міндеттері жеткізілді.Кездесудің қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттар бөлігіндегі сұрақтарға жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11864?lang=kk
«ҚИДИ» АҚ САРАПШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 10.04.2025
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10-13 шілде аралығында өткен ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі «Иннопром-2017» көрмесі өз жұмысын аяқтады. Биыл көрмеде «ҚИДИ» АҚ индустриалды саясат Орталық директорының өкілі Салтанат Жұмабекова мен Орталықтың бас сарапшысы Алмат Расиль «Қазақстан индустрия даму институты» акционерлік қоғамының өкілі ретінде қатысты. ЕЭҚ өндірістік ынтымақтастығының тиімді шарттары бойынша дөңгелек үстел жұмысы барысында ЦИП АҚ «ҚИДИ» директоры Салтанат Жумабекова «ЕЭҚ-нда өндірістік ынтымақтастық: болашағы мен мүмкіндіктері (кооперация, әлеуеті, ынталандыру механизмдері, пайда)» тақырыбында баяндама жасады.Ол өз баяндамасында ЕЭҚ мәселелері мен болашақ даму аспектілерін атап өтті, ал бұл экономика дамуының, өндірістік кешендерінің тең еместігі, ЕЭҚ мүше - елдердің өндірістік құрылымдарының әртүрлілігі, сонымен қатар, Еуразия даму банкінің рөлі туралы территориялық кластерлердің даму маңыздылығы және шекаралық ынтымақтастық пен«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу туралы айтты.Баяндамашының айтуынша, логистика өндірістік ынтымақастықты дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ал, кластерлік саясат ЕЭҚ интеграциялық үдерістерінің драйвері бола алады. - Егер бұрын интеграциялық бірлестіктерді құрудағы мақсат тек тауар айналымын ұлғайтуды ғана көздеген болса, қазіргі уақытта интеграция арқылы толыққанды өндірістік-сауда кешендерін құруға талпыныс жасайды. Осы кешендер қосымша құн тізбектер жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады,- деп атап өтті орталық директоры.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында кооперацияны дамыту элементтерінің бірі шекаралық ынтымақтастықты дамыту екендігін атап өтті. Қолайлы георграфиялық орналасуы және жолға салынған көлік жолдары есебінен шекаралас аймақтар жеткізілім мүмкіндіктерін қарастыру тұрғысынан және бірлескен кооперциялық жобаларды жолға қою орынды болып табылады. Осы кооперациялар аясында бизнес дамуының аймақаралық сәйкестігін пайдалана отыра, дамуда кластерлік тәсілдердің тізілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан мен РФ шекаралас аудандарын қарастырсақ, барлығы 12 экспорттық әлеуеттің жоғары шоғырлануы байқалады, ол ресейге шығарылатын экспорттың тек жартысын құрайды. Екі жақтағы шаруашылық субьектілерінің өзара қарым-қатынасының, олардың арасындағы кеден кедергілерін алып тастауды қамтамасыз ететін жаңа шарттары аталған аудандарға жеткізілімді ұлғайтуға және кооперациялық өзара қатынасты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Даму мен Индустрии 4.0 имплементциясына қатысты тұжырымдама Қазақстанда да, ЕЭҚ да экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды міндеттері болып табылады. 4.0 концепциясын жүзеге асырудың негізі ұлттық шаралары мен механизмдері болады. Сондықтан, С.Жұмабекова Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы баяндап берді. Сонымен, оның берген ақпараты бойынша, Қазақстан Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және дамыту бойынша іс-шаралар қабылданды: нормативті –құқықтық база әзірленуде, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейін базалық өндіріс салаларын қайта техникалық қаруландыру бойынша шаралар кешенінбекіту жоспарланған. Қазақстанның өндіріс секторларының қайта өңдеу кәсіпорындарында сандық технологияны енгізуді ынталандыру шаралары мен нақты бағыттарын анықтау жоспарланған және осыған орай ЕЭҚ аясында синергетикалық эффектіге максималды қол жеткізу және өндірісті сандық технология көшіру бойынша тығыз ынтымақсатыстықта жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.Жалпы, қазақстандық скипердің пікірше, ЕЭҚ аясында өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесін ұлғайту, өңірлік және әлемдік нарықта тауар, қызмет көрсету, технологияны экспорттауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.Үш күндік жұмыс іссапары барысында «ҚИДИ» АҚ сарапшылары бірқатар дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда өндірістік саясаттың құралы ретінде арнайы инвестициялық жобалардың қажеттілігі, индустрияны автоматттандыру мәселелері, өндірісті роботтандыру, сонымен қатар энергия құралдарын импорт алмастыру бойынша ынтымақастық жобалары, жаңартылған энергия көздері және т.б. мәселелер қарастырылды. 20 мемлекеттен келген 600-ден астам өндіріс компаниялары өз өнімдерін көрмеге ұсынды. Көрмені өткізудің сегізінші жылы әлемдік технологиялық көшбасшы ретінде серіктес мемлекет Жапония болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11862?lang=kk