Enbekshi QazaQ

Әлем

Кеген ауылындағы көше жарығы 05.04.2025
“Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қаржыландыруымен Кеген ауылындағы көше жарық шамдарының бағаналарына әр түрлі түсте жанатын диодты жарықтар орнатылуда. Өткен жылы 60 дана қойылса ағымдағы жылы тағы 60 дана қойылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966133?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында Қоғамдық кеңестің жанындағы салалық комитеттің отырысы өтті 05.04.2025
2025 жылғы 28 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комитеттің кезекті отырысы өтті.Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, аталған комитеттің жетекшісі А.Мұхтарханов, комитет мүшелері және салалық мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.Отырыста проблемалық нысандардың құрылысы, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері, сондай-ақ өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу мәселелері талқыланды.Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков өз сөзінде Қоғамдық кеңес пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өзара әрекеттестігі сыбайлас жемқорлықпен күресте және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды құралға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2024 жылы бірлескен жұмыс нәтижелері туралы егжей-тегжейлі баяндады.Жиын барысында Катан-Қарағай ауданы әкімінің орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ұзаққа созылған нысандар бойынша, оның ішінде Топқайын ауылында су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту, сондай-ақ Катон-Қарағай, Марқакөл және Үлкен-Нарын аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің салыну барысын баяндады.Өз кезегінде, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Сауда кәсіпкерлері ассоциациясының директоры В.Бердник пен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасы А.Донбаевтың ақпараты тыңдалды.Отырыс қорытындысымен мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және көрсетілген салаларда бақылауды күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.Департамент пен Қоғамдық кеңестің бірлескен жұмысы жалғасатын болады.  #Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/966124?lang=kk
Қостанай облысының индустриалды аймағы: экономиканың локомотиві және инвестиция магниті 05.04.2025
«Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет» Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті  Мемлекет басшысының өңір экономикасына инвестициялар тарту жұмысын тиімді жүргізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.  Қостанайда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан индустриялық аймақ өңір дамуының негізгі драйверіне айналды. Бұл учаске барлық қажетті дайын инфрақұрылыммен, соның ішінде магистральдық газ құбыры, су құбыры, кәріз, байланыс және электр жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген.Қазіргі уақытта Қостанай қаласының Индустриялық аймағында жалпы құны 97,4 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 348,5 млрд теңге сомасына 3,9 мың жұмыс орнын ашуды көздейтін тағы 9 жоба әртүрлі іске асыру кезеңдерінде тұр.  Сонымен қатар, Индустриялық аймақ аумағында жаңа ірі жобаларды іске қосу және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 2024 жылы металлургия өндірісі саласында «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауыты іске қосылды. Кәсіпорын сұр шойыннан цилиндр блоктары мен бастиектерін құюға бағытталған. Өндіріс барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, жоғары деңгейде автоматтандырылған және энергия тиімділігі жоғары.Жобаның құны – 78,2 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 45 мың тонна құйма, 500 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, «KamLitKZ» ЖШС металлургия кластерін дамыту аясында биыл тағы 2 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Олар – жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіру және жүк көліктеріне арналған жетекші көпір балкасын тереңдетілген локализациямен шығару. Жобалардың өндірістік қуаты – жылына 74 мың редуктор және 90 мың көпір балкасы, жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, 2024 жылы машина жасау саласында «Беларус» тракторларының кабиналарын («МТЗ Қазақстан» ЖШС) және көлік құралдарының кузовтарын (жедел жәрдем, автозактар, жедел әрекет ету қызметтеріне арналған көліктер – «TEHNOPARK KZ» ЖШС) өндіру басталды. Жыл қорытындысы бойынша 250 кабина және 600 бірлік кузов шығарылды. Сондай-ақ өткен жылдан бастап теміржол жылжымалы құрамына арналған серіппелердің сериялық өндірісі жолға қойылды. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, жаңа тауар ассортименті пайда болуына байланысты өндірілетін өнімнің номенклатурасы кеңейіп келеді. Жергілікті билік коммуникацияларды қосу тұрғысынан әрбір инвесторға жеке тәсіл қолданады. Осылайша, 2023 жылы Индустриялық аймақ аумағында автомобиль жасау секторындағы негізгі жобалардың бірі – толық циклді KIA автокөлік зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 90 млрд теңге, жылдық өндірістік қуаты – 70 мың автокөлік, 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауытты іске қосу 2025 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Дүниежүзілік ірі концерн – KIA Corporation компаниясының келуімен Қазақстандағы машина жасау саласындағы кадрларды даярлау жүйесінде түбегейлі өзгеріс күтілуде. Бұл елімізде жаңа буын инженерлерін даярлауға мүмкіндік береді. Баршаға мәлім, адами капитал – бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы басты факторлардың бірі. Осылайша, өңірде Индустриялық аймақтардың болуы инвесторларға қолайлы жағдайлар ұсынып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, көлікке қолжетімділік және басқа да артықшылықтар береді. Ал бұл өз кезегінде өңірді нақты сектордың негізгі салаларына инвестиция тарту үшін тартымды етеді. Нәтижесінде, бюджетке түсетін түсімдер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және экономиканың тұрақты өсімі қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/966122?lang=kk
«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрық жобасына өзгерістер енгізу туралы» Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502494) Бас Прокурордың «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрық жобасына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/966111?lang=kk
Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрық жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502693) Бас Прокурордың «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрық жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/966102?lang=kk
Армия орталық спорт клубының командасы – күштік құрылымдар арасында қазақ күресінен өткен чемпионат жеңімпазы 05.04.2025
Алматыда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен ашық чемпионат аяқталды.Ең мықты деген балуандар турнирі Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының филиалында өтті.300-ден астам спортшы қатысқан жарыста Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және ведомстволық оқу орындарының спортшылары чемпион атағын сарапқа салды. Оның ішінде  халықаралық дәрежедегі 11спорт шебері, 52 спорт шебері және бірнеше спорт шеберіне үміткерлер бар.Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының құрамасы жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының балуандары иелсенсе, Ұлттық ұлан командасы үшінші орынға табан тіреді.Қазақ күресінен өткен сайыста жеке есепте 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекжан Төлепов (АОСК), 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Сүлеймен (АОСК), 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әшім Сағындық (Мемлекеттік күзет қызметі), 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұмажан Қожамбеков (АОСК), 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ахметқали Әділет (Ұлттық ұлан), 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдар Бескемпір («Оңтүстік» ӨңҚ), 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Құдірет Досымов (Әскери полиция бас басқармасы) және100 келіден астам салмақ дәрежесінде Ғалымжан Қырықбай (АОСК) чемпион атанды.Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов атап өткендей, турнир жеңімпаздары биылғы 12-16 тамыз аралығында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен Астанада өтетін әлем чемпионатында сынға түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/966095?lang=kk
Салықтарды уақытылы төлеңіз! 05.04.2025
17,2 мың маңғыстаулық автокөлік иелерінің көлік құралдарына салынатын салық бойынша 786,9 млн. теңгеден астам сомаға берешегі бар, ал 2025 жылғы 1 сәуірде 2024 жылға салық төлеудің соңғы мерзімі.Салықты уақытылы төлемеген адамдарға ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады, сондай-ақ мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.Маңғыстау облысында көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша жеке тұлғалардың меншігінде 214 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген.Көлік құралдарына салынатын салық Салық кодексінің 493-бабына сәйкес дербес есептеледі. Мұны ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталында орналастырылған "Көлік салығын есептеу" электрондық сервисін пайдалану арқылы немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Калькуляторлар" сервисінде  жасауға болады.Салық мөлшерлемесі АЕК мөлшеріне және көлік қозғалтқышының көлеміне байланысты, сәйкесінше, жыл сайын салық сомасы АЕК мөлшерінің ұлғаюымен бірге артады. Салықты есептеу үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына АЕК қолданылады, яғни 2024 жылы 3692 теңге.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылатынын еске салады және салықтарды уақытылы төлеуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/966087?lang=kk
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызында НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15502422) Бас Прокурордың «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы  19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ аттестаттау кезінде кейіннен есепке алу үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға жол беретін қылмыстық қудалау органдары қызметкерлерінің тізбесін енгізу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу тетіктерін жетілдіру және оларды жасыру фактілерін болғызбау.Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/966074?lang=kk
Жеңістің 80 жылдығы: Қорғаныс министрі ағаш отырғызуға бастау берді 05.04.2025
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызуды бастап берді. Көгалдандыру акциясы Ұлы Жеңістің мерейтойына арналып отыр.Отырғызылған көшеттердің бір бөлігі Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтитын мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ.Акцияға Парламент депутаттары, Бас әскери прокурор әділет генерал-майоры Дастан Секенов, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев, Алматы қаласы әскери-тарихи мұражайының басшысы Алуа Байқадамова, жергілікті әскери басқару органдарының, қалалық әкімдіктің, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Қорғаныс министрі Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандықтарды еске алуға арналған экологиялық акция отандастарымыздың Жеңіске қосқан үлесіне деген құрмет деп атап өтті.- Мегаполисте 80 түп ағаш отырғызылмақ. Жалпы Қарулы күштердің әскери бөлімдері бар әр гарнизонда осынша көшет отырғызылады. Осылайша біз Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсетеміз, - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/966054?lang=kk
«Мектепалды даярлықтың бастауыш мектеппен сабақтастығы» тақырыбындағы тәжірибелік семинар 05.04.2025
2025 жылдың 31 наурызы күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында тірек балабақшалардың, тірек консультациялық пункттердің және тірек мектептердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға арналған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес, мектепалды даярлық педагогтерінің шығармашылық қызметке ынтасын арттыру және кіші жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерінде сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептерді синхрондау бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәжірибелік семинар өткізді.Тәжірибелік семинарда облыстық мобильді топ мүшелері (Жапарова С.С., Кожанова Б.М., Кайырбаева Г.М.) тақырып төңірегінде баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектепалды даярлық топтарының педагогтері (Нурсапарова М.К. - №1 «Балапан» бб, Өтеубекова Л.Ө. - №3 «Балбөбек» бб, Кабдешова Г.А. - №106 «Карлыгаш» бб.) кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттерден үзінділер көрсетті.Семинар соңында мектепалды даярлықтың өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікір алмасылып, ұсынымдар берілді.Шараға облысымыздың 50 мектепалды даярлық пен бастауыш сынып педагогтері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966053?lang=kk
Азаматтарды қабылдау 05.04.2025
Азаматтарды қабылдауАғымдағы жылдың 13-мамыр күні Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы базасында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті МӘС әдіснама және бақылау бөлімі басшысының м.а. Д.Амангалиеваның қатысуымен мүгедектігі бар жандарды қабылдау жүргізілді.Қабылдау барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1218548?lang=kk
Таяу Шығыс шіркеулер кеңесі Әлемдік діндер көшбасшыларының Съезіне қатысады 05.04.2025
28 наурызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалының Таяу Шығыс шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы Мишель Абспен кездесуі өтті. Сұхбат кезінде Қазақстан мен Ливандағы түрлі діни конфессиялар мен діни бағыттар арасындағы өзара төзімділік пен үйлесімдік мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Сонымен қатар Бас хатшы М.Абстың ағымдағы жылы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу мүмкіндігі талқыланды.Таяу Шығыс шіркеулері Кеңесінің Бас хатшысы М.Абс Съезге қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Өңірдегі бірқатар елдердегі шіркеулерді біріктіретін ұйымның басшысы дінаралық татулықты нығайту саласында ерекше орын алатын Қазақстанға баруға ниетті екенін атап өтті.1974 жылы құрылған Таяу Шығыс шіркеулер кеңесі аймақ елдеріндегі 20-дан астам шіркеуді біріктіреді. Штаб-пәтері Бейрутта орналасқан. Кипр, Мысыр, Иран, Ирақ, Иордания, Палестина және Сирияда филиалдары бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/965974?lang=kk
Жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтарға арналған «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы білім беруді трансформациялау: жаңа әдістер мен құралдар» облыстық семинарының өткізілуі қорытындысы 05.04.2025
2025 жылғы 28 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ көктемгі каникулдық мектеп аясында «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы білім беруді трансформациялау: жаңа әдістер мен құралдар» облыстық семинар өткізді.ШҚО ББ Өскемен қаласы білім беру бөліміне қарасты «№12 мектеп-гимназиясы» КММ  мұғалімдері төмендегі тақырыптар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:-Химия пәнінің мұғалімі, Самамбетова Надежда Петровна,; «Білім беру процесін дербестендіруде жасанды интеллект»;-Биология пәнінің мұғалімі; Быкова Елена Николаевна, «Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқытудың инновациялық әдістері»;-Информатика пәнінің мұғалімдері, Жукова Наталья Владимировна, Рыльская Ольга Семеновна, «Информатика және STEM пәндерін оқытудағы геймификация »;-География пәнінің мұғалімі,  Байгометов Ерик Мухаметканович, физика пәнінің мұғалімі, Асетова Еркежан Асетовна, «Жаратылыстану-математика пәндерінде жобалық оқыту»;-Математика пәнінің мұғалімдері, Худякова Александра Евгеньевна, Петруха Алла Юрьевна, «Үлкен деректер және статистика: оқытудың жаңа тәсілдері»;-Математика пәнінің мұғалімдері, Булыжко Дарья Владимировна, Мамежанова Гульжан Болатновна «Білім беру процесінде STEM әдістерін қолдану»-Быкова Елена Николаевна, Асетова Еркежан Асетовна, Байгометов Ерик Мухаметканович, «Панельдік пікірталас «Жаратылыстану-математика біліміндегі цифрлық технологиялар: прогресс пе, әлде классикалық әдістерді алмастыру ма?»Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті, сабақтар тақырыбы бойынша өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.Аталған іс-шараға Самар, Алтай,, Риддер, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан ауданының және Өскемен қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 70 математика, информатика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965971?lang=kk
«SKILLS FOR GEEKS» облыстық ІТ-чемпионатының баспасөз релизі 05.04.2025
Облыстық «SKILLS FOR GEEKS» ІT-Чемпионаты Қатысушылар санаты - облыс мектептерінің 10+, 14+  жас санаттарындағы оқушылары.Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1 наурызына дейін.Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 4 сәуір, сағат 10.00.Өткізу орны: Өскемен қ., Қ. Сәтбаев даңғылы, 82/1. Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайы. «SKILLS FOR GEEKS» облыстық ІТ-чемпионатының баспасөз релизі Мақсаты: облыс мектеп оқушыларының шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін белсендіру және дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасау, оқушылардың нақты кәсіби жағдайларда тапсырмаларды практикалық шешу дағдыларын және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, оқушылардың жоғары технологиялық өндіріс, инновациялар және инженерлік әзірлемелер саласына деген қызығушылығын ынталандыру.Чемпионат ақпараттық технологиялар саласында жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге байланысты жастардың келешегі зор идеялары мен бастамаларын дамытуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965958?lang=kk
«Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» облыстық байқауы 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында 2025 жылғы 28 наурызда «Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» облыстық байқауы өткізілді.Байқаудың мақсаты: педагогтің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, музыка мектептеріндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.Байқауға жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес музыка мектептерінің (басқа да қосымша білім беру ұйымдарының музыка бағыты бойынша) фортепиано, ішекті (ысқышты) аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, музыка теориясы (сольфеджио), хореография бағыттары бойынша педагогтері қатысты.Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аудандық (қалалық), 2 кезең – облыстық. Облыстық кезең 2 бөлімнен: «Менің сабағым» сабақтан үзінді және «Шеберлік сыныбы» әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сыныбы.Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.«Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» облыстық байқауының қосымша білім беру жүйесіндегі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасуда оқушыларға тәрбие беруде, озық ойлайтын, шығармашыл, белсенді және талантты балаларды анықтауда алар орны ерекше.Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965954?lang=kk
Қазақстанда сыртқы электрондық сауда бойынша «пилоттық жоба» ұзартылды 05.04.2025
Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 4 шілдеден бастап, 2021 жылғы 5 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің №7 қаулысымен іске қосылған сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жоба жүзеге асырылуда.       Мақсаттар мен ерекшеліктер. Жоба электрондық сауда тауарларын кедендік шекара арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен экспресс-жеткізілімдер арқылы әкелу кезінде кедендік әкімшілікті және тауарларды декларациялауды жеңілдетуге бағытталған. Оның шеңберінде электрондық сауда операторы ретінде «Қазпошта» АҚ әрекет етеді, ол тауарларды кедендік қойма (бонд қоймасы моделі) арқылы да, «тікелей» жеткізу кезінде де алушылар – жеке тұлғалар атынан кедендік декларациялауды жүзеге асырады.     Нормативтік база. Пилоттық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді:     - 45-1-тарау қосылып, электрондық сауданың тауарларын кедендік декларациялау және шығару ерекшеліктері белгіленді;    - 544-бапқа өзгерістер енгізіліп, пилоттық жобаның өткізу мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін шектелді.      Процестің дамуы және цифрландырылуы. 2024 жылғы маусымда шеңберінде «Қазпошта» АҚ-ның (Пошталық есеп жүйесі АЖ) және мемлекеттік кірістер органдарының («АСТАНА-1» АЖ) ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Бұл кедендік операцияларды айтарлықтай жеделдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік берді.      Пилоттық ұзарту. Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны өткізу мерзімі 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Қазақстан Республикасы Заңымен ұзартылды. Осы заңға сәйкес,  ЕАЭО кедендік аумағында сыртқы электрондық сауда бойынша ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттама мен Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті актілері күшіне енгенге дейін жалғасады.       Ұзарту Қазақстанға кедендік әкімшілікті одан әрі цифрландыруға және сыртқы электрондық сауда қатысушылары үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/965951?lang=kk
1-сыныпқа балаларды қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс кеңесін өткізу туралы 05.04.2025
2025 жылдың 20 наурызы күні Осакаров ауданының білім бөлімі «1-сыныпқа балаларды қабылдауды ұйымдастыру» тақырыбында мектеп директорлары мен осы мемлекеттік қызметке жауапты тұлғалармен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте 1-сыныпқа қабылдау туралы қажетті ақпарат берілді. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды ата-аналардан (немесе басқа заңды өкілдерден) қабылдау 1 сәуірден (сағат 9:00) бастап ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін күнделікті «E-GOV» электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарымен үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/965938?lang=kk
Уақытша сақтау қоймасын ашуды жоспарлап отырған заңды тұлғалардың назарына 05.04.2025
Қазақстан Республикасындағы уақытша сақтау қоймаларының қызметін кедендік реттеу сәйкес жүзеге асырылады:«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) 17 және 59-тарауларға«Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі №665 бұйрығы (25-қосымша) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің. бұйрығымен http://zan.gov.kz/client/#!/doc/199620/rus Нормативтік құқықтық актіге сілтеме);2018 жылғы 23 N280 "Уақытша кедендік бақылау аймақтарының, уақытша сақтау орындарының және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актіге сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016549);4) «Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1800016365) (үй-жайлар мен аумақтарды тексеруге арналған бұйрықтың нысаны);6) Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімі (http://adilet.zan.kz/rus/docs/H10T0000260) нормативтік құқықтық актіге сілтеме) (үй-жайлар мен аумақтарды тексеру актісі нысаны);7) «Мемлекеттік кірістер органына бухгалтерлік есеп пен есептіліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығымен (2-қосымша) (Нормативтік құқықтық актіге сілтеме http://adilet.zan.kz/rus/docs/2020).Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары:уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылыстарды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды иелену, шаруашылық жүргізу, жедел басқару немесе жалға беру және мынадай талаптарға жауап беру:уақытша сақтау қоймасы аумағына көлік құралдарының уақытша және сыртқы қоймаға кіруін бақылау жүйелерінің болуы; мемлекеттік кірістер органының бейне ақпаратқа нақты уақыт режимінде қашықтан қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған үйге және (немесе) үй-жайға және уақытша сақтау қоймасынан және (немесе) үй-жайлардан (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар мен көлік құралдары орналасқан) шығу;қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын немесе тиеу-түсіру механизмдерін пайдалануға байланысты қызметтерді көрсететін тұлғамен шарттың болуын растау;сақталатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығына иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын, ал газ арнайы сақтау қоймаларында сақталған жағдайда тиісті есепке алу аспаптарының болуын растау;техникалық жарамды кірме жолдардың болуы;мемлекеттік кірістер органына нақты уақыт режимінде бейнеақпаратқа қашықтан қол жеткізу, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтау және қарау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тауарларды тексеру үшін орындардың, оның ішінде электр жарығымен жабдықталған және тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте тексеру аймағы периметрі бойынша сары бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуі және бейнебақылау аппаратурасына көрінбейтін аумақтардың (учаскелердің) болуын болдырмауға тиіс;аумақта қойма қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылыстар болмауы керек;аумақтың табиғи тектес ағаштар, бұталар және шөптесін өсімдіктер орналасқан аумақтарын қоспағанда, іргелес тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақ Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуге және бетон, асфальт немесе өзге де қатты жабынға ие болуға тиіс;2) шартта белгiленген сақтандыру сомасына сақтаудағы басқа тұлғалардың тауарларына зиян келтiру немесе басқа тұлғалармен сақтау шарттарының өзге де талаптарын бұзу салдарынан туындауы мүмкiн уақытша сақтау қоймасы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi тәуекелiн сақтандыру шартының болуы;3) аумақтық кеден органына жүгінген күні белгіленген мерзімде орындалмаған кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеменің болмауы;4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес аумақтық кеден органына жүгінген күнге дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылу фактілерінің болмауы;5) электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімшарттың) болуы;6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша өтелмеген соттылықтың болмауы, сондай-ақ 19-шілде, 12-бап 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 16, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367 тармақшалары бойынша уақытша сақтау қоймаларында уақытша сақтау қоймаларына заңды тұлғаларды сақтау қоймаларының иелеріне өтініш білдіру туралы өтінішхат береді.Егер құрылыстарды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күні жалға берілсе, мұндай құрылыстарды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды жалға беру шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуы тиіс.Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) аумақта уақытша сақтау қоймасы құрылған басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасалған уақытша сақтау қоймасының иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы береді.Өтінішті қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасы құрылған аумақтық кеден органы аумақтық кеден органында тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.Қосымша талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы N280 бұйрығымен белгіленді.Осылайша, уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңшалар:тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететіндей және оларға тауарлық-материалдық құндылықтарды бұзатын немесе жоқ, үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне жол бермейтіндей етіп орналастырылады осындай өкілеттігі бар тұлғалардың өкілдері;осы тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі.Қойма ретінде пайдалануға арналған құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңшалар кедендік бақылаудағы көлік құралдары мен тауарларды қоюға арналған қатты жабындысы (асфальт, бетон немесе басқа да қатты жабын) бар күзетілетін аумақ болып табылады.Қоймалардың орналасуына (еркін қоймаларды қоспағанда), жайластыруға және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:1) көлік түріне, техникалық жарамды кірме жолдарға;2) орналастырылатын жүктің сипатына сәйкес қажетті тиеу-түсіру механизмдері немесе тиеу-түсіру механизмдерін пайдалануға байланысты қызметтерді көрсететін тұлғамен шарттың болуы;3) қоймалардың бүкіл периметрі бойынша қоршаудың үздіксіздігі;4) өткізу пункттері;5) бақылау камераларында тәулік бойы жазу функциясы бар және 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде орын алған оқиғалар туралы бейне ақпаратты көруге мүмкіндік беретін периметрді бейнебақылау аппаратурасымен (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден астам бос қойманы қоспағанда) жабдықтау;6) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы, ал газ арнайы қоймаларға орналастырылған жағдайда, тиісті есепке алу аспаптары;7) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына қоймаларда орналасқан тауарлар туралы есепте қамтылған ақпаратты электрондық нысанда беру және қоймаларда орналасқан тауарларды шығару туралы ақпаратты электрондық нысанда алу мүмкіндігі.Келесі кезекте кеден органының қызметкері күні мен уақытын көрсете отырып, үй-жайлар мен аумақтарды жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкестігіне кедендік тексеру жүргізуге ұйғарым жібереді. Тексеру жүргізілгеннен кейін тізілімге енгізу шарттарын сақтау немесе сақтамау туралы кедендік тексеру актісі жасалады.Сонымен қатар, 2025 жылғы 10 ақпаннан бастап «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ қызметін тоқтата тұру, қайта бастау, тізілімнен шығару, сондай-ақ тізілімге енгізілген кезде мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізу Кеден ақпараттық жүйесі ( http://keden.kgd.gov.kz) арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.Уақытша сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру, тізілімнен шығару шарттары, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері Кодекстің 505, 506 және 507-баптарында белгіленеді.Сонымен қатар, Сізге қызмет саласы бойынша уақытша сақтау қоймасын ашу немесе кеден заңнамасына сәйкес басқа да кедендік операцияларды жүргізу  немесе кеден заңнамасы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен кеңес алуға болатынын хабарлаймыз. Байланыс телефон 8-716-2-72-28-90. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/965882?lang=kk
Армия спортшылары еркін күрестен Азия чемпионы атанды 05.04.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының әскери қызметшілері ефрейтор Нұрқожа Қайпанов пен сержант Жәмила Бақбергенова Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында алтынға ие болды.74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте балуан Нұрқожа Қайпанов қырғыз спортшысы Орозобек Тоқтомамбетовті 2:1 есебімен жеңді.Армия спортшысы Нұрқожа Қайпанов бұған дейін өткен әлем чемпионаттарында да күміс пен алтынға ие болған. Бұл оның Азия құрлығы біріншіліктеріндегі үшінші алтын жүлдесі. Спортшының қоржынында Азия чемпионатының күміс медалі де бар. Еркін күрестен Азия біріншілігінде әйелдер арасында армия спортшысы сержант Жәмила Бақбергенова чемпиондық атаққа ие болды. Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қытайлық қарсыласын 4-1 есебімен жеңді. Бұл оның спорттық мансабындағы құрлықтық біріншіліктегі төртінші жеңісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965875?lang=kk
2025 жылғы 13 ақпанда электрондық дүкен арқылы өткізілетін Мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдауға және тапсырыс берушілердің келесі тауарлар санаттары үшін ұлттық режимнен алу тетігін айналып өту фактілерін болдырмауға бағытталған өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз 05.04.2025
2025 жылғы 13 ақпанда электрондық дүкен арқылы өткізілетін Мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдауға және тапсырыс берушілердің келесі тауарлар санаттары үшін ұлттық режимнен алу тетігін айналып өту фактілерін болдырмауға бағытталған өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:- Антисептиктер;- Антисептикалық сабын;- Дезинфекциялық майлықтар;- Аппараттық дезинфекциялауға арналған құралдар;- Суды зарарсыздандыруға арналған құралдар;- Беттерді өңдеуге арналған құралдар;- Сантехниканы тазартуға арналған құралдар.Бұл пысықтау өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келісімі бойынша "Атамекен" ҰКП ұсынған отандық өндіруші тауарлардың аналогтары бар тауарлардың жоғарыда көрсетілген санаттары бойынша жүргізілді (тауарлар карточкаларында аналогтың бар екендігі туралы белгі пайда болады).Осылайша, ұлттық режимнен алып қою тізбесіне енгізілмеген тауарлар бойынша "бірінші" үлгісіндегі тапсырысты орналастыру кезінде, егер осы тауар бойынша қазақстандық тектес ұқсастықтар болған жағдайда, тапсырыс берушілер отандық өндірушінің тауарын таңдай алады.Бұл ретте қайталама тапсырыстарды жариялауды тапсырыс берушілер жеткізушілердің барлық санаттары арасында жалпы негіздерде жүзеге асыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/965851?lang=kk