Enbekshi QazaQ

Әлем

Өңірлерде орнықты даму мақсаттары бойынша семинарлар өтті 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және Экономикалық зерттеулер институтымен (ERI) бірлесіп, мүдделі тараптар мен азаматтарды Орнықты даму саласындағы Күн тәртібін ілгерілетуге тартуға бағытталған бірқатар семинарлар өткізді. Шаралар Алматы, Семей, Ақтау, Астана, Жезқазған, Петропавл және Қызылордамен қатар еліміздің  басқа да өңірлерінде өтті.Семинарлардың мақсаты – Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде іске асыру бойынша пікір алмасу, қоғамдық пікірді ескере отырып, басым бағыттарды анықтау, өзекті өңірлік мәселелерді айқындау, тұрақты шешімдер іздеу, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша проактивті шараларды әзірлеу болды.  Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындау процесіне халықтың барлық санатын тартуға ерекше назар аударылды.Шараларға облыс әкімдерінің орынбасарлары мен мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам мен бизнес секторының өкілдері қатысты.Семинарға қатысушылар ұлттық ОДМ индикаторларын жергілікті деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға интеграциялаудың, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша жүйелі жоспарлау шараларын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова өз сөзінде өңірлік институционалдық механизмдерді құру халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін аса маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыруда шешуші рөл атқарады, ал Шолу бойынша басым бағыттар қоғамның түрлі топтарының пікірін ескере отырып қалыптастырылады. Сондай-ақ, ол ОДМ-ға қол жеткізу – ортақ міндет екенін әрі Шолуды сапалы дайындау қажеттігін атап өтті.Талқылаулар барысында қатысушылар ОДМ-ды іске асырылуын мониторингтеуді күшейтуге қатысты нақты ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, жобалық кеңселердің шеңберінде ОДМ бойынша жеке бөлімді Ұлттық даму жоспары мен өңірлік жоспарларға енгізуді ұсынылды. Бұл іске асырылып жатқан жобалардың ОДМ-ға әсерін жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, ОДМ бойынша деректерді жинау мен талдауға арналған ұлттық цифрлық платформаны құру туралы ұсыныс та айтылды.Еске сала кетсек,  биылғы жылдың шілде айында Қазақстан 39 елмен бірге Нью-Йоркте өтетін Жоғары деңгейдегі саяси форумда өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/966371?lang=kk
Агенттік екінші деңгейдегі банктердің басшы қызметкерлеріне келісім берді 05.04.2025
Агенттік екінші деңгейдегі банктің келесі басшы қызметкерлеріне келісім берді: Хусаинова Альфия Тахировна «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы      директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 9/БВУ/Т хаттама).Ахатова Динара Алихановна «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 6/БВУ/Т хаттама).Тян Станислав Игоревич «Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) Басқарма мүшесі — Басқарушы директор лауазымына келісілді (2026 жылғы 5 ақпандағы № 7/БВУ/Т хаттама).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1158653?lang=kk
ІІМ-де тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті 05.04.2025
Ішкі істер министрлігінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті.Аға буын офицерлердің қатарынан құралған бұл ұйымның жас мамандарды тәрбиелеуде орны ерекше. Тәлімгерлер кеңесі министрлік жанында ғана емес, бүкіл республика бойынша аумақтық полиция департаменттерінде жұмыс істейді.Ішкі істер органдарында жоғары моральдық-психологиялық және жауынгерлік рухты қамтамасыз етуде, басшыларға бағыт-бағдар беруде тәлімгерлердің ықпалы өте зор. Барлық өңірде 65 тәлімгерлер кеңесі құрылды. Былтыр олардың 821 отырысы өткізілді. Биылдың өзінде жеке құрамның қатысуымен 207 жиын ұйымдастырылды. Отырыстарда ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау мәселелері қаралды.Министрлік ұрпақтар сабақтастығы жүйесін ұстанып келеді. Осы бағыттағы жұмыс аясында мектеп қабырғасындағы балаларға да көңіл бөлінуде. Бүгінде еліміздің 103 мектебінде 125 "Жас сақшы" полиция сыныптары ашылған. Онда екі мыңнан астам оқушы білім алуда. Сонымен қатар 291 алғашқы әскери дайындық кабинеттері жұмыс істейді. Одан бөлек, сақшылардың мерейін үстем етіп, ерліктерін көпшілікке насихаттау мақсатында "Қазіргі заман қаһарманы" сынды іс-шаралар жалғасын табуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/966345?lang=kk
Қазақстандық балуандар Аммандағы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетті 05.04.2025
2025 жылғы 25-30 наурыз аралығында Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы – Амман қаласында Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) айдарымен күрестен Азия чемпионаты өтті. Турнир Азияның 39 елінен 370-тен астам спортшыны Әл-Хусейн жастар қалашығындағы Сумайя ханшайым атындағы аренасында жинады. Іс-шара аталған спорт түріндегі жылдың ең ірі құрлықтық оқиғасы болды.Қазақстан құрамасы грек-рим күресі, әйелдер және еркін күресте нәтижелер көрсетіп, ел наградаларының қоржынын түрлі медальдармен толықтырды.Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: күміс – Әлімхан Сыздықов (130 кг), сондай-ақ қола – Ибрагим Магомадов (77 кг) және Шамиль Ожаев (87 кг).Әйелдер күресінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған Жәмила Бақбергенова мен 53 келіге дейінгі санатта қола жүлдеге ие болған Зейнеп Баянова көзге түсті.Еркін күресте Қазақстан автивінде бес медаль бар: Нұрқожа Қайпановтан (74 кг) алтын, Ризабек Айтмұханнан (97 кг) және Болат Сақаевтан (86 кг) күміс, сондай-ақ Азамат Дәулетбековтен (92 кг) және Рахат Қалжаннан (57 кг) қола.Медаль иегерлерін марапаттау рәсіміне Азия күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай қатысты.Турнир қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық медальдық есепте үшінші орын иеленді.Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі қазақстандық делегацияға ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелер бойынша жәрдем көрсетіп, жарыстарда елдің лайықты өкілдігін қамтамасыз етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/966342?lang=kk
Көктемгі санитарлық тазалық айлығының басталуы туралы 05.04.2025
Бүгін, 31 наурызда, қалалық санитарлық тазалық айлығы басталды. Бұл айлық 1 мамырға дейін жалғасады.Қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, кәсіпкерлер, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдар қала абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырылады. Көше тазалығы мен қоқыстарды шығарудан бөлек, іргелес аумақтарды ретке келтіру, ғимараттардың қасбеттерін, тротуарларды, кіреберіс топтарын жаңарту және косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл жұмыстарға гараж кооперативтері, МИБ және ПИТК иелері ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.Айлық барысында қоқыс қалдықтарын полигондарға тегін шығару қызметі ұйымдастырылады. Бұл үшін 109 нөміріне Айкөмек қызметіне өтініш беру қажет.Құрылыс алаңдарында санитарлық нормаларды қатаң сақтау міндетті екенін атап өткіміз келеді. Құрылыс салушылар қала жолдарын ластамау үшін тазалық ережелерін сақтауға, соның ішінде құрылыс алаңынан шыққан кезде жүк көліктерінің дөңгелектерін жууға міндетті.Қаланың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз етуге барша қала тұрғындарын қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/966338?lang=kk
Жас дарын – 140 балл! 05.04.2025
Білім – кез келген мемлекеттің өркендеуінің негізгі іргетасы. Бүгінгі жастардың ғылым мен білімге деген құштарлығы – елдің ертеңін жарқын ететін басты күш. Осындай алғыр да еңбекқор жастардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы Толқын орта мектебінің оқушысы Санжар Қуандық. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) наурыз айындағы сынағында ең жоғары 140 балл жинап, өзінің білім деңгейін дәлелдеді.Санжардың бұл жетістігі туған мектебінің ғана емес, бүкіл облыстың мақтанышына айналды. Осы орайда, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев дарынды оқушымен арнайы кездесіп, оны құттықтады. Кездесу барысында өңір басшысы білім саласындағы жаңа бастамаларға тоқталып, мектептерді жаңғырту, оқушыларға заманауи білім беру мен қауіпсіздік мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.– Бұл жетістік – сенің табандылығыңның, ата-анаң мен ұстаздарыңның қолдауының нәтижесі. Бүгінде елімізде жастарға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, одан әрі биіктерді бағындыруға тілектеспін, – деді облыс әкімі.Санжар өз кезегінде болашақ жоспары туралы ой бөлісіп, ұстаздық жолды таңдауды мақсат еткенін жеткізді. Ол алған білімін келешек ұрпақпен бөлісуді ең үлкен миссиясы санайды.Кездесу соңында өңір басшысы жас түлекке 500 мың теңгенің сертификатын табыстап, анасы мен ұстаздарына Алғыс хат ұсынды. Мұндай қолдау – білімді жастарды ынталандырудың және олардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісі.Санжар Қуандықтың жетістігі – білімге ұмтылған әрбір жасқа шабыт сыйлайды. Осындай талапты, алғыр жастар көбейген сайын, еліміздің де болашағы жарқын болары сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/966324?lang=kk
«Ашық есік күні» 05.04.2025
2025 жылғы 26 қыркүйекте экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында «Ашық есік күні» өтті.           Іс-шара аясында барлық тілек білдірушілер басқарманың функциялары, міндеттері туралы білуге бірегей мүмкіндік алды. Іс-шара диалог режимінде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1075633?lang=kk
Сыртқы электрондық сауда бойынша «пилоттық жоба» ұзартылды 05.04.2025
Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 4 шілдеден бастап, 2021 жылғы 5 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің №7 қаулысымен іске қосылған сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жоба жүзеге асырылуда.Мақсаттар мен ерекшеліктер. Жоба электрондық сауда тауарларын кедендік шекара арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен экспресс-жеткізілімдер арқылы әкелу кезінде кедендік әкімшілікті және тауарларды декларациялауды жеңілдетуге бағытталған. Оның шеңберінде электрондық сауда операторы ретінде «Қазпошта» АҚ әрекет етеді, ол тауарларды кедендік қойма (бонд қоймасы моделі) арқылы да, «тікелей» жеткізу кезінде де алушылар–жеке тұлғалар атынан кедендік декларациялауды жүзеге асырады.Нормативтік база. Пилоттық жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді:- 45-1-тарау қосылып, электрондық сауданың тауарларын кедендік декларациялау және шығару ерекшеліктері белгіленді;- 544-бапқа өзгерістер енгізіліп, пилоттық жобаның өткізу мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін шектелді.Процестің дамуы және цифрландырылуы. 2024 жылғы маусымда шеңберінде «Қазпошта» АҚ-ның (Пошталық есеп жүйесі АЖ) және мемлекеттік кірістер органдарының («АСТАНА-1» АЖ) ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Бұл кедендік операцияларды айтарлықтай жеделдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік берді.Пилоттық ұзарту. Жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны өткізу мерзімі 2025 жылғы 10 ақпандағы № 164-VIII Қазақстан Республикасы Заңымен ұзартылды. Осы заңға сәйкес,  ЕАЭО кедендік аумағында сыртқы электрондық сауда бойынша ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттама мен Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті актілері күшіне енгенге дейін жалғасады.Ұзарту Қазақстанға кедендік әкімшілікті одан әрі цифрландыруға және сыртқы электрондық сауда қатысушылары үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/966263?lang=kk
Қазақстандық ұландықтар Азия чемпионатында жүлдегер атанды 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшілері 25-30 наурыз аралығында Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатын сәтті аяқтады. Спортшылар жеке есепте екі медаль жеңіп алып, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.Ақтық сында 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұландық Болат Сақаев Иран өкілі Абольфазл Рахманимен кездесті. Қызу күресте қазақстандық спортшы жеңіліс тапқанмен, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, күміс медаль иеленді.Ел қоржынына тағы бір марапатты Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының аға нұсқаушысы Азамат Дәулетбеков салды. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға тұрақтап, чемпионаттың құрмет тұғырына көтерілді.Қазақстандық ұландықтардың қорытынды жетістіктері:2 орын  - Болат Сақаев (86 кг дейінгі салмақ дәрежесі);3 орын  - Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейінгі салмақ дәрежесі).Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады: бір алтын, екі күміс және екі қола.  Спортшылардың додадағы өнері тәртіп пен табандылық — ұландықтардың жауынгерлік және спорттық дайындықтағы табысының кепілі екенін тағы да дәлелдеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/966255?lang=kk
Апостиль қоюға құжаттарды қабылдау бойынша тағылымдама өткізілді 05.04.2025
   2025 жылдың 31 наурызында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Қостанай қаласының "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" № 1 филиалының бөлім инспекторы үшін апостиль қоюға құжаттарды қабылдау бойынша тағылымдама өткізді. Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдауды түсіндіруге ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/966254?lang=kk
Эфиопияда Наурызды қарсы алды 05.04.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 30 наурыз – Эфиопиядағы Қазақстан Елшілігінде Халықаралық Наурыз күніне арналған салтанатты шара өтті, оған Эфиопия мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың, бизнес-қоғамдастықтың, Достар клубының өкілдері және Эфиопияда тұратын Қазақстан азаматтары жиналды.Қонақтарға Наурыздың терең мағынасы мен дәстүрлерін ашатын фильм көрсетілді, сондай-ақ әуезді халық әндері, жалынды билер, домбырадағы күйлер орындалған концерт ұйымдастырылды. Ұлы қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің даланың мәңгілік сұлулығы мен қазақ халқы жанының ұлылығының гимні іспетті «Аққу» және «Бес жорға» өлмес күйлері қызығушылық тудырды.Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов өз сөзінде Наурыздың қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту, мәдениетаралық диалогты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікке, халықаралық экологиялық күн тәртібіне жәрдемдесу тұрғысынан маңыздылығын белгілеп, қонақтарды Наурызды қарсы алу тарихымен және тұжырымдамасымен таныстырды. Елші өткен жылдан бастап Наурыз Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес он күн бойы тойланатынын, күндердің әрқайсысы ерекше мағынаға толы екенін атап өтті.Өз кезегінде Аддис-Абебадағы ЮНЕСКО байланыс бөлімшесінің директоры және Эфиопиядағы ЮНЕСКО өкілі Рита Биссунаут 2009 жылы Наурыздың ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілгенін атап өтіп, Наурыз жай ғана мейрам емес, терең мәдени құндылықтарды бойына сіңірген жаңғыру мен жаңарудың символы екенін және Қазақстан бұл мұраны танымал ету мен сақтауға үлес қосып жатқанын атап өтті.Ұлттық ою-өрнектермен, музыкалық аспаптармен және тұрмыстық заттармен безендірілген киіз үй түрінде безендірілген «Қазақ бұрышы» қонақтарды ерекше таң қалдырды. Кештің шарықтау шегі қазақ асханасының талғампаз тағамдарының дәм татуы болды, бұл қонақтарға Қазақстанның аспаздық дәстүрлерінің байлығын сезінуге мүмкіндік берді. Қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарының дәмін тамашалай алды: қазы, наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ және т.б.Наурыз барлық қатысушыларда Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы қызығушылық тудырып, өшпес әсер қалдырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/966243?lang=kk
Астанадағы «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауы: қазақстандық оқушылардың жетістігі 05.04.2025
2025 жылғы 30 наурызда Астанада «Spectrum» халықаралық мектебінің базасында беделді «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауы өтті, оған 210 инновациялық жобасы бар 9 елден 600-ге жуық қатысушы мен 100 басшы жиналды.Қатысушылар өздерінің дағдылары мен дамуын тоғыз бағытта көрсетті:AI Programming - Жасанды интеллект бағдарламалау;AI Hackathon - жасанды интеллект хакатоны;3. Computer Art - Компьютерлік өнер;4. Hardware Control - аппараттық құралдарды басқару;5. Short Movie - қысқа метражды фильмдер;6. Applied Science - қолданбалы ғылымдар;7. Arduino Hackathon - Arduino Хакатоны;8. Lego Relay Race - Лего эстафетасы;9. Startup Projects - Cтартап жобалары.Байқау ҚР Білім Министрлігінің, «Дарын» РҒПО және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қолдауымен ұйымдастырылды, бұл оның Қазақстандағы IT-білім беруді дамыту үшін маңыздылығын көрсетеді.«Arduino hackathon» номинациясы бойынша 2-ші орын алған Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 10 – сынып оқушылары-Сташков Денис пен Бочкарев Илья үздік нәтижелер көрсетті. Оларды дарынды педагог – информатика пәнінің мұғалімі Е. К. Мурзаканов дайындады.Марапат ретінде балалар құрметті орынға ие болып қана қоймай, Алматы энергетика және телекоммуникация университетінің грантын жеңіп алды.«INFOMATRIX-ASIA» байқауы қазақстандық оқушыларды даярлаудың жоғары деңгейін тағы да көрсетті және олардың алдында ғылым мен технологиялар әлемінде жаңа көкжиектер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966240?lang=kk
Алтын кұрсақ 6 баланың анасы 05.04.2025
Каримова Перизат 6 баланың анасы өзінің Күміс алқасын төс белгісін тағып, құрметке иеленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966235?lang=kk
300 г егістік жерлерді беру жұмыстары жүргізілуде. 05.04.2025
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында егістік, шабындық жерлері жоқ ауылымыздың 60 тұрғынына 300 г егістік жерлерді беру жұмыстары жүргізілуде. Бас аяғы 10 күн ішінде 60 тұрғынның ұсыныстары орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966217?lang=kk
Көрісу күні 05.04.2025
14 наурыз – жәй ғана күн емес, бұл – ағайынның бір-бірімен жүздесіп, үлкендерге сәлем беріп, өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарайтын күн. Бұл күні реніштер ұмытылып, барша жан кешірімділік пен мейірімділікке бөленеді. Көрісу күні тек жақсылықтармен есте қалсын! Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966195?lang=kk
Кеген ауылдық округі бойынша шабындық жері жоқ тұрғындардың өтініштерін қарау мақсатында жиналыс өтті. 05.04.2025
Кеген ауылдық округі бойынша шабындық жері жоқ тұрғындардың өтініштерін қарау мақсатында жиналыс өтті.Жиналыс қортындысы бойынша жері жоқ азаматтарға пайдаланылмаған жердерді қайтару жұмсытарының нәтижесіндегі қайтарып алынған 300га жерді 5га дан үлестіріп беру қаралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966164?lang=kk
Жол белгілерін жаңарту 05.04.2025
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстаушы мердігер мекеме есебінен жасанды жол кедергілерін және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/966157?lang=kk
Әкімнің жеке қабылдауы 05.04.2025
Әр жұма сайын сағат 11.00-де әкімнің жеке қабылдауы өтеді. Жеке қабылдауға алдын-ала 313-31-12 нөмірлеріне хабарласып жазыла аласыздар.Сондай - ақ, ауданымыздың аулалары мен көшелерін тазалауға, көгалдандыруға, жарықтандыруға және басқа да көптеген мәселелерге қатысты барлық сұрақтарыңызды телеграмм чатына жазыңыздар https://t.me/almalyaudany.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/999825?lang=kk
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің болашағын талқылады 05.04.2025
Астана, 2025 жылғы 31 наурыз – Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Словения Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Словения арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен келешегін талқыланды. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі елдің іскерлік орталары үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.Министрлер Словения президентінің сапары аясында өтетін бизнес-форумның байланыстарды кеңейтуде маңызды қадам болатынына сенім білдірді. Осы тұста көлік және логистика, фармацевтика, жасыл энергетика, су ресурстары мен телекоммуникация салалары басым бағыттар ретінде аталып өтті.«Астана Орталық Еуропа мен Еуропалық одақтағы маңызды серіктес ретінде Люблянамен байланысты жоғары бағалайды. Көптеген мәселелер бойынша ортақ мүдделеріміз бар, атап айтқанда транзит-көліктік әлеуетімізді өзара тиімді пайдалана аламыз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Сыртқы саяси ведомстволар басшылары сондай-ақ көпжақты форматтағы конструктивті өзара іс-қимылды атап өтіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді». Бұл бағытта Астана мен Люблянаның БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы бойынша ұстанымдарының жақындығы айтылды.М.Нұртілеу Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құруда, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастауға Еурокомиссияның мандатын алуда білдірген қолдауы үшін словен тарапына алғыс білдірді.Өз кезегінде Т.Файон Словенияның Қазақстанмен өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда көпқырлы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі күш-жігер туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/966146?lang=kk
удандық мәдениет үйінде 1наурыз “Алғыс айту” күні мерекесі және “Бейбітшілік бастауы-бірлік пен келісім” атты форум өтті. 05.04.2025
2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Халық Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды, Қазақстанда “Алғыс айту” күні деп жариялау туралы Жарлығына қол қойған болатын.Бүгінгі салтанатты шара Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.Шараға Алматы облысының Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім және даму орталығы басшысының орынбасары Тәңірбергенова Айымжан Кәріпжанқызы қатысты.Қоғамдық келісім және даму орталығы коммуналдық мемлекетік мекемесінің Алғысымен аудан ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарды марапаттады.Аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы аудан халқын құттықтап, Алғыс хаттарын табыстады.Соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концертіне ұласты.#рекомендации #рек #кегенауданыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/966144?lang=kk