Әлем
Smart Astana қосымшасы: қала тұрғындары үшін ыңғайлы медициналық қызметтер 14.01.2025
Smart Astana қосымшасының ең пайдалы бөлімдерінің бірі «Медицина» болып табылады. Ол Астанада медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған 7 негізгі қызметті қамтиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қосымша қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру және т.б. сияқты қалалық қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Алайда, елорда тұрғындарына қолжетімді медициналық қызметтерге арналған бөлімге ерекше назар аударылады.«Медициналық ұйымдар» және «Медициналық-әлеуметтік мекемелер»бөлімдерінде емханалар, ауруханалар және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары туралы толық мәліметтер жазылған. Пайдаланушылар мекеменің атын, мекенжайын, байланыс деректерін, мекеме басшысының атын және орналасқан жерін картадан көре алады.Сондай-ақ, әр мекемені 1 ден 5-ке дейін шкала бойынша бағалау мүмкіндігі қарастырылған. «Жақын» функциясы медициналық мекемелерді пайдаланушының қазіргі орналасқан жерінен қашықтығы бойынша сұрыптауға мүмкіндік береді. Ал «Таңдаулылар» функциясы болашақта жылдам қол жеткізу үшін таңдалған мекемелерді жеке тізімге қосуға мүмкіндік береді.Астаналықтарға одан да ыңғайлы болу үшін қосымшада «Менің емханам» бөлімі бар. ЖСН енгізілгеннен кейін экранда байланыс деректерін, мекенжайды және картаны қоса, тіркелген медициналық мекеме туралы ақпарат пайда болады.Енді дәрігерге онлайн жазылуға болады. Ол үшін «Дәрігерге жазылу»бөліміне кіріп, ЖСН енгізу жеткілікті. Ал жүйе учаскелік дәрігерді қабылдаудың қол жетімді күндері мен уақытын ұсынады.Төтенше жағдайлар кезінде қосымшада «Дәрігерді үйге шақыру» бөлімі қарастырылған. ЖСН енгізілгеннен кейін пациент, ұйымның атауы және мекен-жайы туралы ақпарат автоматты түрде пайда болады. Пайдаланушылар шақыртудың себебін көрсетіп, қажет болған жағдайда мекенжайды нақтылау мақсатында қосымша ақпарат жаза алады.Бұдан басқа, қосымша «Медициналық сақтандыру (МӘМС)» бөлімінде медициналық сақтандыру мәртебесі туралы ақпаратты ұсынады. Мұнда қала тұрғындары сақтандыру туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады.Дәрігерге барғаннан кейін «i-teka дәрі-дәрмектері» бөлімінің арқасында жақын маңдағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің құны мен бар-жоғын оңай білуге болады. Бұл қызмет қажетті дәрі-дәрмектерді тез табуға және орналасқан жері бойынша ыңғайлы дәріхананы таңдауға көмектеседі.Қолданба сонымен қатар қаладағы ауаның ластану деңгейі туралы маңызды ақпаратты ұсынады. «Ауаның ластануы» бөлімінде AQI ауа сапасының индексін көрсетеді, бұл тұрғындарға қаладағы экологиялық жағдайды бақылауға көмектеседі.2024 жылғы дерек бойынша Smart Astana қосымшасының белсенді пайдаланушыларының саны 30 000 адамнан асты. Бұл қала тұрғындары арасында цифрлық сервистерге деген қызығушылықтың бар екенін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917383
Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты 14.01.2025
Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады.«Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым»,- дейді оқушы Бақтығали Ерланұлы.Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/917392
Облыстық комиссия көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты талқылады 14.01.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда азаматтық қорғаудың аумақтық күштері мен құралдарының көктемгі су тасқынына, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты эвакуациялауға дайындығы мәселелері қаралды. Отырыста гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, су басудың алдын алу шаралары және қираған нысандарды қайта жаңарту жұмысы талқыланды.Өткен жылы жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 24 учаскесі тасқын су астында қалды. Облысымыздағы 3 көпір бүлінді. Соның ішінде Кіндікті ауылына апаратын жолдағы көпір қайта қалпына келтірілді. Тассай ауылындағы көпірге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бозай ауылындағы көпірге ЖСҚ әзірлеу биылға жоспарланған.Автомобиль жолдарындағы су тасқынының салдарын жою үшін «Семей Жолдары» ЖШС мердігерлік ұйымы «Ақсуат – Шыбынды – облыс шекарасы» жол учаскесінде 6 су өткізу құрылысын орнатты.Ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу үшін 70 арнайы техникасы бар 7 авариялық бригаданың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Қажетті материалдар қоры жасақталып, 1000 текше метр құм, 1047 текше метр ПГС, 260 текше метр тасты топырақ жиналды. Мотопомпалар, күрек, етік және басқа да жабдықтар сатып алынды.2024 жылғы су тасқынын талдау негізінде «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолдарының учаскелерінде су өткізу құбырларын жөндеу жоспарланған. Жұмысты аяқтау 2025 жылдың тамызына жоспарланған. Сонымен қатар, Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін автогуж көпірін қайта жаңарту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Integra Construction KZ» ЖШС мердігерлік ұйымы 9 тіректің 5-ін тұрғызды, су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде.Барлық іс-шараларды іске асыру су басу қаупін азайтуға, су тасқыны кезеңінде жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін және көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.Отырыста көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі басқарма басшылары мен әкімдерге тиісті тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/917784
Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады 14.01.2025
Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады. «Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов. Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/917388
ҚМДБ-НЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РУХАНИ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА 14.01.2025
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) құрылғанына 35 жыл толуына орай елімізде бірнеше маңызды рухани шаралар ұйымдастырылды. Шымкент қаласында өткен «Бабалар рухына 350 Құран хатым» шарасы осы мерейтой аясында өткізілген жиындардың бірі. Шараға 200-ге жуық адам қатысып, елімізде діни қызмет атқарған имамдар мен ұстаздар, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне құран бағыштады. Сондай-ақ, жиын барысында дін пен ділдің қоғамдағы орны мен маңызы талқыланды. Діни рәсімдер мен жоралғылардың бүгінде әртүрлі өзгерістерге ұшарағаны, бұрмаланып жатқандығы да сөз болды.- Бүгінде той мен ас беру жоралғыларында даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беріледі. Оны жасайтын той иелерінің өздері. Бұл тұрғыда діни қызметкерлер тұрғындарға дұрыс бағыт-бағдар беру және жастарды салихалы өмірге насихаттау мақсатынды түрлі шаралар ұйымдастырады. Мәселен, былтырғы жылы той тамадаларының қатысуымен үлкен мәжіліс өткен еді. Нәтижесі көрінуде,-дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдурахманов.ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай өткізілген шаралар ертең де жалғаспақ. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Руханият марафон - 2025» іс-шарасы ұйымдастырылады. Жарыс жолында жүзден жүйрік шыққандар арнайы алғыс хат, дипломдармен марапатталады. Айта кету керек, бұл марафонға жергілікті кәсіпкерлер мен жамағаттар демеушілік жасаған.ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойы аясындағы іс-шаралар қоғамдағы рухани білімді арттыруға, жастарға діни тәрбие беру мен дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Бұл шаралар Қазақстандағы рухани дамуды нығайтуға ықпал етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/917775
ХАБАРЛАНДЫРУ! 14.01.2025
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бірыңғай қабылдау күні өтеді. Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі.Сондай-ақ азаматтар әкімдік ғимаратының 1-қабатында басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.Мекен жайы: Назарбаев даңғылы, № 10Күні: 15.01.2025жУақыты: 09:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/917778
Ақтөбеліктер Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алды 14.01.2025
Бүгін 14 қаңтарда аты аңызға айналған жерлесіміз Әлия Молдағұлованың қаза тапқанына – 81 жыл. Мерген қыз Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық майданының 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Новосокольники қаласының маңында көз жұмды. Осы жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күнінде еске алу шарасы өтіп, оның мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.Іс-шараға Әлияның інісі Сапар Молдағұлов және басқа да туыстары, облыстық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, «AMANAT» партиясы мен облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық қорғаныс департаменті, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының, әскери бөлімдер және жергілікті жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.Мемориалдық кешенге жиналғандардың алдында сөз сөйлеген өңір басшысы батырдың ерлігі халық жадында мәңгі қалатынын алға тартты.«Бүгін – ерлігімен елдің рухын асқақтатқан қазақтың даңқты қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл батыр апамыздың туғанына 100 жыл толады. Осыған орай өңірде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында биылғы жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге ерекше назар аударылатынын, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанованың өшпес ерліктерін жадымызда жаңғыртатынымызды және жауынгерлеріміздің есімдерін халық жадында сақтауға қатысты зерттеу жұмыстары жалғасатынын атап өтті.Отан үшін от кешкен жерлесіміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Әлия Молдағұлованың есімі ғасырлар бойы даңққа бөленеді, ал оның батылдығы мен Отанға деген адалдығы туралы естеліктер болашақ ұрпаққа тәлім, нағыз құнды қазына», - деп атап өтті облыс әкімі.Өңір басшысы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығын мерекелеу аясында облыста қандай іс-шаралар өтетінін де айтты. Аты аңызға айналған жерлесіміздің мерейтойы республикалық салтанатты шаралар тізіміне енгізілген. Облыстық деңгейде мерейтойға арналған 100-ден астам іс-шараны қамтитын жоспар бекітілді. Оған бұқаралық, мәдени-ойын-сауық, патриоттық, әскери-спорттық және халықаралық шаралар енді. Батырды еске алуға арналған байқаулар, гала-концерттер, спектакльдер, танымдық кештер және өзге де ұлықтау шаралары жоспарланған.Олардың ішінде: «Ғасырларға жалғасқан ерлік» халықаралық форумы, «Әлия гүлінің достары» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының X Халықаралық фестивалі, «Ұмытылмас бейне» республикалық суретшілер мен мүсіншілер байқауының көрмесі, қыздар арасында пневматикалық қарудан ату бойынша «Мерген ару – 2025» республикалық байқауы, «Әлия-ән. Әлия-жыр. Әлия-дастан» республикалық ақындар айтысы, сондай-ақ «Әлия» мюзиклінің премьерасы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының «Әлия» музыкалық-драмалық перфомансы өтеді.100 жылдыққа дайындық аясында Қобда ауданы Әлия ауылының ауылдық клубында, «Әлия» патриоттық орталығында және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайында жөндеу жұмыстары жүргізілді.Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында «Әлия» заманауи мәдени-патриоттық орталығын салу, сондай-ақ мемориалдық мұражай ашу жұмыстары басталды.Салтанатты шара барысында Әлия Молдағұлованың туыстары да сөз сөйледі. Осыдан кейін іс-шара қонақтары Әлия Молдағұлова кешеніне гүл шоқтарын қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917545
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойды 14.01.2025
Бүгін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қаза тапқан күніне арналған еске алу шарасы өтті.Жастар, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, тұрғындар Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Шернияз көшесінде орналасқан батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойды, Әлияның ерлігін еске алып, тағзым етті.Бұл күн – ел тарихында батырлықтың, отансүйгіштіктің, қайсар рухтың мәңгілік белгісі ретінде сақталып келеді.Жиынға қатысушылар Әлия Молдағұлованың Отан қорғау жолындағы ерлігі – бүгінгі және келер ұрпаққа ұлы өнеге екенін атап өтті. Батыр қыздың есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.Бұл шара ел жастарына батырдың рухани мұрасын ұлықтау және ұрпақ бойында патриотизм сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/917767
Шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндетті болады 14.01.2025
Сауда және интеграция министрлігінің басшылығы шетелдік онлайн-дүкендердың қызметін қайта қарау бастамасын көтерді.Атап айтқанда, ведомство басшысы Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарлануда.Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15046 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917487
Электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту үшін Қазақстанда мультимодальды қоймалар салынады 14.01.2025
Үкімет отырысында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова электронды сауданың өсуін қамтамасыз ету үшін республикада заманауи қойма кешендерінің желісі дамып жатқанын атап өтті.Ол халықаралық серіктестермен бірлесіп жалпы ауданы 85 мың шаршы метрден асатын Алматы, Ақтөбе және Алматы және Түркістан облыстарында мультимодальды қоймалар салу жоспарланып отырғанын хабарлады.«Инвестиция көлемі шамамен $100 млн-ды құрайды. Бұл инфрақұрылым ішкі нарыққа да, трансшекаралық сауданы дамытуға да негіз болады», — деп атап өтті Әсел Жанасова.Источник: https://t.me/KZgovernment/15050 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917521
Электрондық сауданы дамыту салықтық түсімдерді 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді — «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы 14.01.2025
«Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев Үкімет отырысында Қазақстанда электрондық сауданы дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.Атап айтқанда, ол келесі шараларды ұсынды:ШОБ үшін тауарларды әкелуді оңайлату:Жалпы мөлшерлемені 15-22%-ға дейін төмендету.Кедендік рәсімдерді оңайлату:Сертификаттау процесін толық цифрландыру және кедендік құжат айналымын жеңілдету.Тауарларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту.Жергілікті маркетплейстерді кедендік жүйелермен біріктіру:Сауданы жеделдету және арзандату үшін процестерді автоматтандыру.Шетелдік алаңдардан сатып алынатын тауарларды міндетті сертификаттауды енгізу:Бұл өнімнің сапасын қамтамасыз етуге және тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.Шетелдік платформаларда сатып алынатын тауарларға баж салығын енгізу:Бұл қадам отандық бизнес пен шетелдік бәсекелестер үшін тең жағдай жасайды.Спикер бұл шаралар салық түсімдерін 2 есеге – 2025 жылға қарай 626 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, төрт жыл ішінде 500 мың жұмыс орнын ашуға, нарықтың ашықтығын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15051 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917529
Электрондық сауданы дамыту 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді 14.01.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды.Электрондық сауда – әлемдік экономиканың маңызды сегменті. Тек 2024 жылы 2,7 млрд-тан астам адам тауарларды онлайн сатып алған. Сатылымдардың жалпы сомасы шамамен $6,3 трлн-ға жетті.Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша елімізде өткен жыл қорытындысы бойынша электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгені құрады, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 14,5%-ға жетті. Сала 300 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Ал еңбек өнімділігінің өсуі дүкендер мен нарықтық сатылымдарға қарағанда 30%-дан асып кетті.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15052 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917542
Олжас Бектенов онлайн сауда туралы: өнім сапасының басымдығы, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғау 14.01.2025
Электрондық сауда нарығының дамуын ескере отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болған өндірушілер үшін де қауіпті азайту қажеттігіне назар аударды.«Біздегі нарықтың ауқымды бөлігін шетелдік интернет-алаңдар алып жатыр. Оларды отандық тауарлар экспортын арттыру үшін тиімді пайдалануға болады. Екінші жағынан, тұтынушылардың құқықтары мен зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға байланысты мәселе туындайды.Шетелдік алаңдар түгілі, отандық маркетплейстер де сапаға кепілдік бере алмайды. Өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көбінесе көрсетілмейді.Бұл – сапасыз тауар сатып алған тұтынушылармен қатар, бәсекенің заңсыз тәсілдеріне тап болатын өндірушілер үшін де қауіпті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне бірқатар тапсырма берілді:Базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу;Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу:«Бұл жұмысты өнімнің сапасына, зияткерлік меншікті және азаматтардың дербес деректерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов;Биыл наурыз айының соңына дейін отандық бизнес-қоғамдастық ұсыныстарын және мүдделі мемлекеттік органдармен және «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығымен бірлесіп маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу;мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін ел ішінде де, халықаралық деңгейде де тауарларды жеткізудің тиімді тізбегін қалыптастыру;цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, сауда министрліктерінің алдына ұлттық пошта операторы – «Қазпоштаның» даму жоспарын әзірлеу міндеті қойылды.Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/15053 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/917551
Парламент Мәжілісінің депутаттары әскери-техникалық мектептерге әскери қызметшілерді даярлау функциясын беруді ұсынды 14.01.2025
Мәжілісмендер әскери-техникалық мектептің Алматы филиалы мамандарымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР заңына түзетулерді талқылады.Мекеме басшылары Мәжіліс пен Алматы мәслихатының депутаттарын әскерге шақырылушыларды, сондай-ақ Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын лауазымдарды жасақтау үшін әскери оқытылған резервті дайындайтын Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің қызметімен таныстырды.Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан мен депутат Айдос Сарым жаңа жағдайда елдің жұмылдыру ресурсын толықтыру мәселелері ерекше өзекті болып отырғанын атап өтті.Кездесуде мемлекеттің қорғаныс қабілетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери-патриоттық тәрбие тақырыбына назар аударылды.Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебі бас директорының орынбасары – әскери-патриоттық тәрбие орталығының басшысы отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов атап өткендей, бүгінде әскери-техникалық мектептерге жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру орталықтарының рөлі берілген.Бұл мәселелердің заң шығару процесінде көрініс табуы да маңызды. Осылайша, депутат Олжас Құспековтың бастамасымен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқитын әскерге шақырылушылардың әскери ант беру мәселесі бойынша толықтыру енгізу ұсынылады. Депутат бұл түзету әскери қызметтің беделін және әскери-техникалық мектептің имиджін нығайту үшін жұмыс істейді деп санайды.Сонымен қатар, Парламент депутаттары Айдос Сарым, Болат Керімбек, Самат Нұртаза және Максим Рожин әскери-техникалық мектептерге әскери қызметшілерді даярлау функциясын беруді ұсынды. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл Қарулы күштердің кадрлық әлеуетін нығайтуға оң ықпал етеді. Бұл ретте кейбір мамандардың тапшылығы әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді курстық даярлау арқылы толықтырылатын болады.Депутаттар аталған түзетулер Мәжіліс пен Үкіметтің жұмыс топтарының отырыстарында келісілгенін және 2025 жылы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясында қабылданатынын хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/917279
Ақтауда 300 ден астам теңіз жаяу әскері мамандық бойынша оқудан өтті 14.01.2025
Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілерін даярлау тәжірибелі командирлер мен бөлімше сержанттарының басшылығымен ұйымдастырылды.Сабақтарды сапалы өткізу үшін 25 оқу тобы құрылды. Әскери қызметшілер штаттық қару-жарақтың, әскери техниканың материалдық бөлігімен танысып, оны пайдалану тәртібін игерді. Парашютпен секіру, оқ ату, жауынгерлік техниканы басқару, штаттық байланыс құралдарын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтарына ерекше назар аударылды. – Оқу барысында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін, қаруды ұрысқа келтіру тәртібін, штаттық қарудан және жауынгерлік машиналардан ату негіздерін зерделеді. Әскери қызметшілер қазіргі заманғы ұрыс жағдайында кез келген міндеттерді орындауға дайын болуы үшін біз осы құрамдас бөліктердің әрқайсысын мұқият пысықтадық, – деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының командирі капитан Мұрат Ибрагимов.Іс-шаралар әскери қызметшілер бөлімше құрамында тапсырмаларды орындауда дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен бақылау сабақтарымен аяқталды.Оқытудың келесі кезеңінде теңіз жаяу әскерлері бөлімшелер құрамындағы дайындықты жалғастыратын болады. Бұл олардың жауынгерлік бірлігін және әскери ұжымда тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/917293
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері курсанттарға жетістіктерінің сырларымен бөлісті 14.01.2025
Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаевпен кездесу өтті.Белгілі қонаққа институтқа экскурсия жасатып, курсанттарды даярлау бағыттары, олардың жетістіктері және курсанттарды оқытудағы инновациялық тәсілдер жайында айтылды. Спортшы заманауи жабдықтарды жеке сынақтан өткізіп, электронды атыс тиріне ерекше қызығушылық танытты. Ислам Сәтбаев қазіргі заманғы технологиялар жақсы машықтануға ғана емес, сонымен қатар спортта да, әскери қызметте де қажетті дәлдік пен жинақылықты жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ислам Сәтбаев курсанттармен кездесуінде тәртіптің, табандылық пен өзіне деген сенімнің оған спортта жетістіктерге жетуге қалай көмектескенін айтты. Ислам Сәтбаевтың қоржынында 2023 жылғы әлем кубогының күміс медалі, 2021 жылғы Азия чемпионатындаңы жеңіс және басқа да көптеген халықаралық марапаттар бар. Болашақ офицерлермен әңгімелесу барысында Ислам оқ ату кез келген жағдайда сабырлықты, шыдамдылықты және зер салуды дамытатынын атап өтті.– Әр жеңіс – тынымсыз жаттығу мен қажырлы еңбектің нәтижесі. Қиындыққа қарамастан әрқашан өзіңе сену және мақсатқа жету маңызды. Спорт та әскери қызмет сияқты, барынша ісіңе беріліп, бір нәрсе дұрыс болмаған кезде соған төтеп беруді талап етеді, – деді И. Сәтбаев.Кездесу соңында Олимпиада ойындарының жүлдегері курсанттарға рух беретін мақсат қойып, оған қол жеткізіңдер деді. Ал өмірде кездесетін сәтсіздіктер – адам мінезін қатайтып, неғұрлым күшті ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/917504
Тұрғын үй қатынастары саласында цифрлық форматта қызмет көрсету туралы бірлескен бұйрық дайындалды 14.01.2025
«Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді. Құжат қызметтік тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімін өзектендіруге бағытталған.Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үй алу кезегінен шығару жөніндегі қызмет оның аудандық пайдалану бөліміне жеке өтінішінсіз көрсетіледі деп болжанады.Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15398832Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/917547
Қазақстандықтар Әлия Молдағұлованың ерлігіне тағзым етті 14.01.2025
Ақтөбеде әскери қызметшілер, курсанттар мен қала тұрғындары Кеңес Одағының Батыры, атақты мерген Әлия Молдағұлованы еске алды.Ол 1925 жылғы 25 қазанда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың соңында майданға аттанады. 2-ші Балтық майданының 22-ші армия 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет етті.1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында неміс офицерімен болған жекпе-жекте қаза тапты. Қазақтың батыр қызы осы жерде өмірін қиған екінші жарақатын алса да, фашист офицерін жер жастандырып үлгереді.Бүгін Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешеніне гүл шоқтары қойылды.Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының басшылығы, курсанттар, Ақтөбе гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері мен туыстары еске алды.Өңір әкімі Асхат Шахаров Әлия Молдағұлованың мерейтойы республикалық іс-шаралар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Облыстық деңгейде жүзден астам бұқаралық, мәдени, патриоттық, әскери-спорттық және халықаралық іс-шаралар өтеді. Туған ауданында әлеуметтік-мәдени нысандар жөнделіп, салынады.– Біз жерлесімізді мақтан тұтамыз. Оның есімі қала көшелеріне және облыс орталығындағы мемориалдық мұражайға берілген. Батыр туралы көркем шығармалар да жетерлік. Әлия батылдық пен жанқиярлықтың символына айналды, оның есімі мәңгілік, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Тимур Еспағанбетов.Бүгін қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған іс-шаралар барлық жерде өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/917599
Қазақстанның Сыртқы істер министрі АҚШ Елшісін қабылдады 14.01.2025
Астана, 2025 жылғы 14 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-америкалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде АҚШ Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы барысында үнемі қолдау көрсетілгені үшін шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанмен өзара құрмет пен сенім рухында ынтымақтастықты нығайтуға Құрама Штаттарының бейілділігін ерекше атап өтті.Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу АҚШ Елшісіне Қазақстандағы жұмысы барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, алғыс хат табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/917809
Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген үздік оқушылар білімдерін сынауда 14.01.2025
Астанада 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. 15 мемлекеттен келген үздік оқушылар математика, физика және информатика пәндері бойынша сынға түсуде. Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сөз сөйледі. Ол қатысушылар мен қонақтарды құттықтап, дарынды жастарды анықтау мен қолдауда осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. «Жәутіков олимпиадасы оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға ғана емес, Қазақстандағы білім берудің мәртебесін арттыруға да ықпал ететініне сенемін», — деді Наталья Жұмаділдаева. Сондай-ақ, Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев қатысушыларға өз тілегін білдірді. Өз сөзінде ол Жәутіков олимпиадасы әр елдің ең қабілетті оқушылары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасатын бірегей алаң екенін атап өтті. «Бұл тапсырмалар тек білімді тексеріп қана қоймай, сыни ойлауға, шығармашылық шешімдер табуға және ғылымды өмірде қолдануға үйретеді. Сіздерге сенімділік, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін!», — деді Асқар Жұмаділдаев. Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 700-ге жуық қатысушы келді. Олимпиада бес күнге созылып, жеңімпаздар 17 қаңтар күні анықталады. Доданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/917391