Әлем
ABAI UNIVERSITY: СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫНА 10 ЖЫЛ 09.12.2024
ABAI UNIVERSITY: СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫНА 10 ЖЫЛАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтына 10 жыл. Осыған орай, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге Абай университетіне арнайы келді. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп әуелі құрметті қонаққа университеттің тарихын айтып өтіп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнер туындылары қойылған мұражаймен таныстырды.Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтын құру туралы алғашқы меморандумға 2013 жылы Сорбонна Париж-Сите университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында қол қойылды. Ал институттың салтанатты ашылуы 2014 жылғы 6 желтоқсанда екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты ашылғаннан бері әлемдік Франкофония желісіне қосылып, AUF (Франкофондық университеттер агенттігі) толыққанды мүшесі болды. Сорбонна-Қазақстан институты құрылған кезде 2014 жылы екі білім беру бағдарламасы ашылды, ал студенттердің жалпы контингенті 40 адамды құрады.2018 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы институттың барлық білім беру бағдарламаларында француз тілін үйретуді күшейту туралы шешім қабылдады. 2018 жылдан бері институт 1200-ден астам студент шығарды. 170-тен астам студент Францияның серіктес университеттерінің дипломымен француз тілінде диссертацияларын сәтті қорғады.Университет ректоры Болат Тілеп Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен бірге Сорбонна-Қазақстан институтының 10 жылда атқарған жұмысымен танысты. Құрметті қонақ университет студенттері мен оқытушыларымен жүздесіп, «Дипломат жолы» тақырыбында дәрісін өткізді. Арнайы дәрістен соң, Сильван Гиогеге Абай атындағы ҚазҰПУ «Құрметті профессоры» атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898911
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 50,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады 09.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізді, оның барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/898504
АСТАНАДА FACE ID ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТ»СЕРВИСТЕРІ АРҚЫЛЫ ПАЦИЕНТТЕРДІ 600 МЫҢНАН АСТАМ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖҮРГІЗІЛДІ 09.12.2024
Пилоттық жобаның шеңберінде Астанада медициналық ұйымдарға келген 600 мыңнан астам пациент Face ID және «Цифрлық құжат» цифрлық сервистері арқылы сәйкестендіруден өтті.Бүгінгі таңда пилоттық жобаға 60-тан астам медициналық ұйым қосылған, онда күн сайын 2,5 мыңнан астам медицина мамандары дәрігердің қабылдауы кезінде пациенттерді сәйкестендіруді жүргізеді.Желтоқсан айының басында елорданың медициналық ұйымдарында қабылдаулардың жалпы саны 1 157 231-ді құрады, бұл ретте 612 мың, оның ішінде Face ID технологиясы бойынша 300 000-нан астам, «Цифрлық құжат» сервисі арқылы 311 мың сәйкестендіру жүргізілді.Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап медициналық ақпараттық жүйелердің функционалына пациентті веб-камера арқылы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін « Face ID» технологиясы қосылды.Пациенттерге медициналық қызмет көрсетуді биометриялық растаудың бұл тетігі денсаулық сақтау жүйесіндегі бұрмаланулар мен қосып жазулар қаупімен күресте тиімді құрал болады деп күтілуде.2025 жылдың қаңтарынан бастап жобаны бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен масштабтау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/898963
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» НҚА жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру 09.12.2024
Осымен 2024 жылғы 9 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет-порталында жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» НҚА (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15335510) орналастырылғанын хабарлаймыз.Жария талқылау 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін өткізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/898914
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫН СУМЕН ҚАМТИТЫН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 09.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарын реттеу, тиімді пайдалану тапсырмасын бергені белгілі. Сол тапсырмалар аясында Түркістан өңірінде қарқынды жұмыс жүріп жатыр.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су қоймасын қалпына келтіру бағытындағы құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде тоғанның жері тегістеліп, жан-жағын биіктету, бөгеу жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы жауапты басшыларға жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды.Жаңа әуежайдан 20 шақырым қашықтықта орналасқан су қоймасының сыйымдылығы – 1,3 млн м³. Қайта реконструкциялау арқылы су сыйымдылығын ұлғайту көзделіп отыр.Ескі тоғанды реконструкциялау жұмыстарына «Тұран су» мекемесі тартылған. Су қоймасы толық қуаттылықта іске қосылған соң жиналған су 22 шақырым қашықтықтағы, яғни, жаңа әуежай жолының екі жағындағы ағаш көшеттерін вегетациялық кезеңде суғаруға толық мүмкіндік береді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898522
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДЕГІ» ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАДАҒАЛАДЫ 09.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898526
Су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық 09.12.2024
ТЖМ қызметкерлері 2025 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық өңірлердің дайындығына тексеру жүргізді. Тексеру іс-шаралардың басым бөлігі облыстық инженерлік жұмыстар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылатынын анықтады. Жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны 1258, оның ішінде 923-і немесе 73%-ы орындалды. Мәселен қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, нөсер жүйесін салу, су өткізу құрылыстарын жайластыру және ауыстыру, ГТҚ-ны ағымдағы жөндеу жұмыстары және басқа алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірлерде 275,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, жөнделді және нығайтылды, 92,07 км дренаж жүйелері жөнделді және салынды, автомобиль және темір жолдардың астына 518,65 км су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 194,67 км каналдар мен 228,5 км арықтар салынды, 38 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Өзен арналарының учаскелерінде 65,6 км жағалауды нығайту, 182,75 км түбін тереңдету, 111,7 км түзету, 166,6 км тазарту жұмыстары жүргізілді. Қарағанды қаласында ұзындығы 17 110 метр нөсер жүйесі қалпына келтірілді, оның ішінде 8420 метр жабық, 8690 метр арық жүйесі. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының шетінде ұзындығы 2 шақырымнан асатын айналма арнаны, 529 метр нөсер коллекторларын орнату және кіші Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жалғасуда. «Бұл іс-шаралар еріген қар суынан туындаған проблемаларды барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деп Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев атап өтті. Жетісу облысында Көксу өзенінің арнасын жағалауды нығайту, түбін тереңдету және түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар Балпық би және Қаратал ауылдарын су басу қаупін болдырмауға, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожол көпірін жууға бағытталған. «Бұл жоба 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықтың маңызды қадамы болып табылады, өңірдің халқы мен стратегиялық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы Нұрлан Бекбосынов айтты. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/898807
ЖЫЛ КӨРСЕТКІШІ 09.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/898819
2024 жылы педагогикалық кадрларды даярлау: Жаңа мүмкіндіктер мен цифрлық трансформация 09.12.2024
2024 жылы ғылым және жоғары білім саласында бірқатар маңызды өзгерістер орын алды. Педагогикалық кадрларды даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, қазіргі таңда 54 жоғары оқу орны педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға ие.Педагогикалық бағыттар бойынша гранттар саны жыл сайын артып келеді, 2023-2024 оқу жылында 15 923 грант, ал 2024-2025 оқу жылында 15 973 грант бөлінді.Болашақ бағдарламасы аясында шетелдің үздік жоғары оқу орындарында 12 665 адам дайындалып, оның 1 942 ғылыми-педагогикалық қызметкер санаты бойынша білім алды.Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы цифрлық экожүйе күшейтіліп, барлық оқу орындары LMS платформаларына қосылды.Зерттеу университеттерінің саны артты, 2022 жылдан бастап 5 жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесіне ие болды.Бейнематериал сілтемедеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898791
Ғылым: инвестициялар және жас ғалымдарды қолдау 09.12.2024
2024 жылы ғылымға арналған қолданбалы ғылымды қаржыландыру 489,2 млрд теңгеге ұлғайтылды.2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Министрлік «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жас ғалымдарға арналған несие бағдарламасын іске қосып, 290 пәтер берілді.Ғылыми ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға өсті, ал 2025 жылғы қаңтардан бастап тағы 17%-ға артатын болады.Қазіргі жылы 2297 ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама, 134 коммерцияландыру жобалары жүзеге асырылуда. Жас ғалымдар тарапынан 1055 ғылыми жоба іске асырылуда.Қазақстан ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды белсенді дамытуда. Ғылыми-техникалық қызмет бойынша конкурстар аясында 97 млрд теңгеден астам қаражат алынды, ал ғылыми өнімнің экспорты 571 млн теңгені құрады. 2025 жылы технологиялық стартаптарды қолдау бағдарламасы іске қосылады, бұл кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898810
Қазақстанның мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау мәселелері Үрімшіде талқыланды 09.12.2024
Үрімшіде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, СҰАР партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй және Гонконг (ҚХР) Сауда және экономикалық даму министрі Алджернон Яудың қатысуымен өткен үшжақты кездесуде Қазақстаннан СҰАР мен Гонконгқа мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қытайдың Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Ол қазақстандық өндірушілердің Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде жабайы аң еті, сиыр еті, қой еті, шошқа еті мен құс еті, бал, жемшөп қоспалары, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерін – астық, ұн, майлы дақылдар, өсімдік майлары мен сүт өнімдерін экспорттауға мүдделі екенін айтты.Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге кедергі келтіретін бірқатар мәселелер бар. Қазақстаннан Гонконгқа мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін әр өнімге байланысты Гонконгтың ветеринарлық қызметімен хаттамалар жасалуы тиіс. Гонконгтың Азық-түлік қауіпсіздігі және қоршаған орта гигиенасы департаментімен бірқатар мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды келісу бойынша бірлескен жұмыс басталды. Сонымен қатар, қазақстандық тарап Гонконгқа қытайлық Ляньюньгань порты арқылы бидай ұнын сынақ ретінде жеткізуді ұсынды.Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында Қазақстаннан ҚХР-на 9 түрлі мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға хаттамаларға қол қойылған.Осы жылы Қытай тарапы құс тұмауы (елдің барлық аумағы) және аусыл (оңтүстік-шығыс аймақтар) бойынша енгізілген уақытша шектеулерді алып тастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында сойылған ірі қара мал мен ірі қара мал терісін жеткізуге екі хаттамаға қол қойылды. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы өнімдері мен қосалқы өнімдерді экспорттау бойынша хаттамаға қол қою дайындық үстінде.Қытайға экспортталатын өнімдер тізімін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа мал шаруашылығы өнімдері – салқындатылған ет, жылқы еті, термоөңделген ет өнімдері және жануарларды сою кезінде алынатын қосалқы өнімдер бойынша ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстарын жүргізуде.Бүгінгі күні ҚХР-да аккредитациядан өткен кәсіпорындар тізімінде 43 қазақстандық кәсіпорын бар. Тағы шамамен 10 кәсіпорын электронды платформада тіркелу сатысында тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898778
Қазақстанның аграрлық саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдар 09.12.2024
Қазақстанның агро шаруашылығына қатысты соңғы жаңалықтар тыңайтқыштар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы «ЕвроХим» компаниясы ұйымдастырған ауқымды конференциямен толыға түсті. Бұл шарада Солтүстік және Орталық Қазақстаннан келген аграрийлер, олардың агрошаруашылықты дамытуды мақсат еткен жетекшілері бас қосты. Астана қаласында өткен жиында елдің аграрлық секторындағы өзекті мәселелер талқыланып, өнімділікті арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты шаралар қарастырылды.Конференцияда «ЕвроХим» компаниясы әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, ауыл шаруашылығын жаңғырту үшін тиімділікті арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Компанияның өкілдері Қазақстанның әрбір аймағының топырақ және климат ерекшеліктерін ескере отырып, дақылдарды азықтандырудың жаңа тәсілдерін ұсынды. Бұл тәсілдер аграрлық секторды жаңа деңгейге көтеріп, ел экономикасының ауыл шаруашылығы бағытындағы дамуына зор үлес қосуға бағытталған.Жиын барысында компанияның 34 түрлі өнімдері таныстырылды. Олардың ішінде инновациялық азот-фосфорлы тыңайтқыштар мен жоғары сапалы сұйық азот тыңайтқыштары бар. Аграрийлер бұл өнімдер арқылы өз егіндерінің сапасын арттырып, өнімділікті жоғары деңгейге шығару мүмкіндігіне ие болмақ. Бұған қоса, жоғары сұранысқа ие премиум санатындағы суға еритін тыңайтқыштар Aqualis туралы да жан-жақты ақпарат ұсынылды.«ЕвроХим» компаниясы тек өнімділікті арттыруға бағытталған тыңайтқыштар ұсынып қана қоймай, Қазақстанның аграрлық секторын жаңғыртуға арналған күрделі жобаларды іске асырып жатыр. Жаңатас қаласында салынған жаңа химиялық кешеннің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында бірінші кезең бойынша фосфаттарды өндіру кешені іске қосылды.Компанияның болашақтағы жоспарлары арасында фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін жолға қойып және зауыттың қуатын арттыру міндеті тұр. Аталмыш кешеннің жылдық қуаты 1 миллион тоннадан астам тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді, бұл өнімдер ел нарығына ғана емес, Орталық Азия, Ресей, Қытай және Еуропа нарықтарына да экспортталады.Бұл қадамдар Қазақстанның ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу мен аграрлық өнімділікті арттырудағы маңызды кезең болып табылады. Ал «ЕвроХим» компаниясының қолдауымен еліміздің агроөнеркәсіп кешені одан әрі дамып, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898786
Астанада «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды 09.12.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «AMANAT» партиясының қолдауымен өткен «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.Дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналдыЕкі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.Айтыс қорытындысымен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан Гран-приге ие болып, оған «Алтын домбыра» мен автокөлік табысталды.Бірінші орынды Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе), екінші орынды Айым Асылбекқызы (Алматы), үшінші орынды Өміржан Көпбосын (Ұлытау), Дидар Қами (Қарағанды) және Аспанбек Шұғатай (Павлодар) иеленді.Сондай-ақ, басқа қатысушылар арнайы жүлдемен марапатталды.Айтыс демеушісі – кәсіпкер, меценат, Q4 «Тұлпар» компаниясының негізін қалаушы Талғат Сақан.Жыр додасы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, талантты ақындарға қолдау көрсетуде маңызды оқиға болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898434
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді 09.12.2024
2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғимаратында (Серікбаев көшесі 19) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың халықпен кездесуі, оның шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауы өтеді.Кездесу барысында азаматтық қоғам саласын, ақпарат, жастар, мәдениет және отбасы саясатын, конфессияаралық және этносаралық қатынастарды дамыту талқыланады.Қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 8 (707) 709-00-61 немесе 8 (702) 852-25-52 телефондары бойынша жүзеге асырылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898556
ТЖМ құтқарушылары өткен демалыс күндері құтқару операцияларын жүргізді 09.12.2024
7 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында «Қарабұтақ-Қостанай» республикалық маңызы бар автожолының 135 км ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен «РФ Челябинск қ.–Шымкент қ.» бағытында бара жатқан техникалық ақауы бар «Yutong» маркалы жолаушылар автобусынан 34 жолаушы С. Т. Жүргенов орталық мешітіне эвакуацияланды. 7 желтоқсанда кешке Қарағанды облысы Қарқаралы қаласынан 4 км жердегі «Орлога» демалыс аймағы ауданында ТЖД және ПД күштерімен күндіз «Шайтан көл» жаққа шығып, адасып қалған 4 адамды іздеу жүргізілді. Іздеу тобы түнгі камерасы бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланды. Жоғалған адамдар демалыс аймағынан 4 км қашықтықта табылды. 7 желтоқсанға қараған түні Қостанай облысы Жангелдин ауданының Саға ауылында ТЖД, ПД және туыстарының күштерімен 1994 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді, ол 6 желтоқсан күні түстен кейін атқа мініп, белгісіз бағытта мал іздеп қайтып оралмады. Саға ауылынан 20 км қашықтықта іздеу тобы ашық аумақта жоғалған адамды табынмен бірге тапты. 9 желтоқсан күні таңертең Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында Юбилейное ауылының маңында ТЖД күштерімен ақауы бар жеңіл автокөліктен Құлан ауылына жүргізуші жеткізілді. ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ауа-райының өзгеруін, жолдардағы қозғалыс шектеулерін бақылауға шақырады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/898587
Иісті газбен улану қаупін білуге сауалнама жүргізу туралы 09.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылғы 9-31 желтоқсан аралығында ТЖМ интернет-ресурсында «Иісті газ дегеніміз не және ол не үшін қауіпті?» тақырыбында сауалнама жүргізуде. Сауалнама мақсаты азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, олармен кері байланыс орнату.Сіздерді сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Сауалнамаға сілтеме:https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/survey/2008?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/emer/survey/2008?lang=ru.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/898636
Астанада XX-шы Республикалық «Шапағат-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды 09.12.2024
2024 жылдың 6 желтоқсанында Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында мерейтойлық XX-шы Республикалық ««Шапағат-2024»байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Шара еліміздің жетекші өнертапқыштарын, ғалымдары мен инноваторларын, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік құрылым өкілдерін біріктірді.Байқаудың ұйымдастырушылары ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) танылды.Жеңімпаздарға «Шапағат» мүсіні, 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық және құрмет грамоталары табысталды. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын иеленген тұлғаға өнертапқыштық қызметтегі ерекше жетістіктерін мойындаудың жоғары символы ретінде медаль берілді.Қазақстан Республикасының Әділет министрі марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, мыналарды атап өтті: «Мерейтойлық «Шапағат» байқауы өнертабыстың еліміздің экономикасы мен инновациялық әлеуетінің дамуына қосқан маңыздылығын көрсетеді. Ғылым мен технологияларды қолдау — Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Біз өз өнертапқыштарымызбен мақтанамыз, олардың инновациялары еліміздің жаһандық аренадағы орнын нығайтуға ықпал етеді».Рәсім архивтік фотосуреттер мен бейнемазмұндардан құралған ерекше көрменің ашылуымен басталды, онда «Шапағат» байқауының жеңімпаздарын марапаттаудың маңызды сәттері бейнеленген.Экспозиция қазақстандық өнертапқыштардың энергетика, медицина, аграрлық сектор және IT-технологиялар сияқты стратегиялық маңызды салаларды дамытуға қосқан үлесін айқын көрсетті, сонымен қатар инновациялардың елдің прогресі үшін маңыздылығын атап өтті.«Шапағат» байқауының қорытындысы Қазақстандық өнертапқыштардың кәсібилігі, шығармашылық әлеуеті мен ғылыми деңгейінің жоғары екенін тағы бір рет дәлелдеді.Жеңімпаздар жыл сайын тек ұлттық деңгейде лайықты танылумен ғана шектелмей, сонымен қатар өз жобаларын халықаралық аренада — жетекші инновациялық форумдар мен көрмелерде таныстыру үшін ерекше мүмкіндікке ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/898513
Алматы қаласы Әділет департаментінің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді 09.12.2024
Алматыда 40 жылдан астам тарихы бар Әділет департаментінің ғимараты күрделі жөндеуден өтті.ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев пен Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңартылған Әділет департаментінің ғимаратын ашты. Салтанатты рәсімге Алматы қаласының арнайы органдарының басшылары да қатысты.1982 жылы салынған ғимарат заманауи талаптарға сай келмей, күрделі жөндеуді қажет ететін еді.Алматы қаласы құрылыс басқармасының мәліметінше, ғимараттың құрылымы сейсмикалық тұрғыдан күшейтіліп, функционалдық және эстетикалық сипаттамалары айтарлықтай жақсарды. Ғимараттың іргетасы мен жабындары монолитті темірбетон плитамен бекітіліп, ескі шатырының орнына жаңасы орнатылды. Инженерлік инфрақұрылым толықтай жаңартылды.Соның нәтижесінде Алматы қаласының Әділет департаментінде азаматтар мен 70-тен астам қызметкер үшін қолайлы жағдай жасалды. Айта кету керек, азаматтарды қабылдауға арналған open space форматындағы заманауи бөлмелер жабдықталды, бұл мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен жылдамдығын арттырады.Алматыда Әділет департаментінің ғимараты жөндеуден өткеннен кейін азаматтарды қабылдауға арналған open space форматындағы бөлмелер құрылды.Жұмысқа жаңа тәсілдерді қолдану мемлекеттік қызмет көрсету мен құқықтық ағартушылықтың сапасын жоғары деңгейде жақсартуға, қоғамның дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/898804
СҚО-да қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін техноэкопарк құрылады 09.12.2024
Астанадағы ОКК-де өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерін СҚО-да Техноэкопарк құру жобасы қызықтырды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде отандық инвестордың күшімен Техноэкопарк құрылатынын, оған қалдықтарды сұрыптау кешені, қағаз өнімдері фабрикасы, картон және металл-пластикалық зауыты кіретінін атап өтті.Қалдықтарды сұрыптау кешені аймақтағы қоқыс полигондарымен және қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істейтін болады, бұл аймақтағы қалдықтардың көлемін азайтып қана қоймай, қайталама түйіршіктер шығару арқылы одан әрі өндіріске шикізат алмақ.Сонымен қатар, қағаз және картон бұйымдарын, автокомпоненттер мен агротехниканың қосалқы бөлшектерін шығару, сондай-ақ тұрмыстық бұйымдар шығару жоспарлануда. Жобаның құны 26 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 2025 жылы басталмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/898489
Баспасөз аңдатпасы 09.12.2024
2025 жылдың 24 қыркүйегінде 10:00, 14:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шара тақырыбы: "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін".Алдағы іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелерін түсіндіреді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтері туралы баяндайды. Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Event-совещание/Event- жиналыс:https://enpf.webex.com/weblink/register/r4dc57cf52a4db8b4346cbd99527912ca https://enpf.webex.com/weblink/register/rfb7f37c3e629f8479cd2b9b92c334ff7 https://enpf.webex.com/weblink/register/rf70e33e2498937d0798ed588b34ac2d2 Дата и время/Күні мен уақыты:10:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) Астана14:00 сәрсенбі, 24 қыркүйек 2025ж. (UTC+05:00) Астана16:00 среда,24 сентября 2025 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі:2513 885 0005 2515 829 4091 2515 489 9107 Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі:15465476 33874311 43986651 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1070870?lang=kk