Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысында «бір күндік клиника» жобасы бастау алды 07.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің 7 өңірінде жүкті әйелдерде ұрық диагностикасының тиімділігін арттыруға және «бір терезе» қағидаты бойынша көмекті ұйымдастыруға бағытталған пренаталдық диагностика орталықтарын құру жөніндегі жоба басталған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының базасында «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы басталды.«Ұрықтың пренатальды диагностикасының сапасын жақсарту, балалар арасында сырқаттанушылық пен мүгедектікті уақтылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен ақауларынан нәресте өлімін азайту мақсатында «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеуді, биохимиялық скринингті және генетикалық консультацияны қамтитын «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» жобасы іске қосылды. Жүкті әйелдер үшін Volution E6, volution e10 және volution e20 диагностикалық тиімділігі жоғары ажыратымдылығы бар заманауи аппараттарда «бір терезе» қағидаты бойынша бір күн ішінде пренаталдық скрининг жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының жемісті ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылуда», - деп бөлісті Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізіледі, оған генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Көрсеткіштер бойынша ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасы жүргізіледі. Даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды көпсалалы консилиумда жүктілікті жалғастыру немесе тоқтатудың одан әрі тактикасы анықталады. Көпсалалы комиссияның құрамына генетик дәрігер, ультрадыбыстық маман, акушер-гинеколог, балалар кардиохирургы, балалар нейрохирургы және неонатальды хирург кіреді. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдау кезінде баланың өмірінің болжамы және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.«Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «бүгін және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Біз жүкті әйелдерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында медициналық диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістерін ұсына алатынымызға сенімдіміз», - дейді АККА директоры Эльмира Берикова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/898184
- 07.12.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1282752?lang=ru
Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады 07.12.2024
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Amanat партиясының ғимаратында бірыңғай қабылдау өткізді. Аймақ басшысы жалпы саны 20-ға жуық тұрғынның мәселесімен танысып, заң аясында шешілетінін айтты. Азаматтардың арыз-талабын, ұсыныстарын басқарма басшылары мен аудан әкімдері де тыңдады.Асхат Шахаровтың қабылдауына жазылғандар жеке-жеке мәселесін тізіп, әкімнен шешілуге көмек беруін сұрады. Қабылдауға келгендердің көбі баспана базынасын айтты. Енді бірі жұмысқа орналастыру, денсаулық жағдайына қатыстымәселелерді қаузады. Әр өтініш бойынша толық түсініктемелер берілді. Жауаптылар келушілердің арыз-талабы заң аясында шешімін табатынын, назардан тыс қалмайтын жеткізді.Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына алдын ала жазылу тұрақты негізде жүргізіледі. Тұрғындар egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/898303
Ақтөбеліктер сыбаға таратты 07.12.2024
Ақтөбе облысында бес күнге созылған «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальдің соңғы күнінде ақтөбелік кәсіпкерлер 1000-ға жуық ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, қоғамның осал топ өкілдеріне сыбаға үлестірді. Яғни, қайырымдылық акциясы аясында шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер ірі қара, жылқы мен түйе сойып, оның етін таратты. Өңір жұртшылығы ұмыт болып бара жатқан «Сыбаға» дәстүрінің қайта жаңғырғандығына қуанышты.«Ақтөбе облысының әкімдігі желтоқсан айының басынан бастап, апта бойы үлкен жоба – «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалін ұйымдастырып жатыр. Дәстүрлеріміз дәріптеліп, ұлттық қасиеттеріміз ұлықталуда. Фестивальге үлес қосу мақсатында кеше түйе сойдық. Халыққа таратамыз. Соғым-сыбаға тарату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ерекше дәстүрі», - деді кәсіпкер Амантай Үмбетай. Акцияның өтуін жастар мен волонтерлер де қолдады. Олар әр жілікті арнайы «Сыбаға» деп жазылған қораптарға салып, жерлестеріне таратты. Тұрғындар фестивальдің алдағы уақытта жалғасын табуына тілектестігін білдірді. «Жұбайым – бірінші топ, қызым – екінші топ мүгедегі. Қазақы ауылда өстім. Күз түскен кезде қараша-желтоқсан айларында соғым сояды. Көршілерге, ағайын туысқа сыбаға тарататын. Бұл дәстүр бүгінгі күні, әсіресе, қалалық жерде ұмыт болып бара жатыр. Қазақи салт-дәстүрді әрі қарай жалғасқаны өте орынды болады деп есептеймін», - деді қала тұрғыны Орынбай Өтениязов. Шара бір жағынан ұлттық дәстүрлерімізді насихаттаса, екінші жағынан қоғамның әлсіз топтарына қолдау көрсетудің маңыздылығын тағы бір рет айқындап берді. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/898336
Абай облысында үздік жастар марапатталды 07.12.2024
Абай облысында дәстүрлі «Бірге! Бір толқында» жастар форумы өтті. Форум жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, белсенділер, аймақтағы студенттер клубтарының мүшелерін біріктірді.Шараға қатысқан аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев жастар болашақтың қозғаушы күші екенін атап өтті.«Бүгін біз жаңа ұрпақтың ең жарқын, талантты және ынталы өкілдері жастарға құрмет көрсетіп, шабыттандыру үшін жиналып отырмыз. Жастар - ел болашағы. Сондықтан сіздер жаңа идеяларды дүниеге әкеліп, жүзеге асыруға батылдық танытасыздар. Сіздердің облыстың қоғамдық өміріне араласып, белсенділік танытып жүргендеріңізді білемін. Білім мен ғылым, өнер мен спорт, волонтерлік қызмет пен кәсіпкерлік салаларда еңбек етіп, жетістікке жеткен замандастарыңыз аз емес. Бұл Абай облысының дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз. Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда. Сіздер жаңа биіктерге жетіп қана қоймай, басқаларға үлгі боласыздар деп сенемін», — деді облыс әкімі.Іс-шара барысында 7 түрлі номинацияда жеңіске жеткен жастар Алғыс хат, естелік сыйлық және ақшалай сертификаттармен марапатталды.«Жыл көшбасшысы» - Өмірәлінов Ерасыл Серікұлы;️«Жылдың жас дарыны» - Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы, Қайсар Мұхтар;️«Үздік жастар ресурстық орталығы» - Аягөз ауданы, Курчатов қаласы;«Жылдың үздік жобасы» - Таев Ерасыл Қайратұлы, «Soul Voice» жобасының авторы;️«Жылдың жас еңбек адамы» - Сейтбеков Елдос Айдынбекұлы;«Жылдың жас волонтері» - Сүлейменова Наргиз Асхатқызы, Мәулетханов Аян Әділбекұлы;️«Жылдың жас отбасы» - Сағынбаевтар отбасы.Биылғы байқауға 80-ге жуық үміткер өз құжаттарын тапсырған. Форумда би, вокалдық топтар, жеке орындаушылар, «Вена балы-2024» сайысының жеңімпаздары өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898181
Жаңасемей ауданындағы әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандыру қажет 07.12.2024
Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев жұмыс сапарымен Жаңасемей ауданы Қайнар ауылында болды. Сапар барысында өңірдегі әлеуметтік нысандармен танысып, оларды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.Делегация С.Бегалин атындағы орта мектепте болды. Бүгінде мұнда 147 оқушы білім алуда. Мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту және қосымша педагогикалық кадрларды тарту мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды.Сондай-ақ әкім орынбасары Қайнар ауылындағы 300 орындық Мәдениет үйіне де атбасын бұрды. Мәдениет үйінде «Қайнар» халық театры, халық ән-би ансамблі, сондай-ақ «Мейзек» балалар ансамблі белсенді жұмыс істейді. Сапар барысында Жасұлан Сәрсебаев жергілікті ұжымдардың шығармашылығын кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейтіп, мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды.Қайнар ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де назардан тыс қалмады. Кешенде күрес залы, екі ойын залы және ауданы 720 шаршы метр спорт залы бар.368 орынға арналған «Знаменская орта мектебі» КММ барған делегация білім мекемесінің бүгінгі жағдайын көзбен көрді. Қазір мұнда 1-11 сыныптар аралығында 164 оқушы білім алуда, сонымен қатар 15 балаға арналған мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді.Жұмыс сапарының соңында Жасұлан Сәрсебаев аудан әкімдігіне әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарын жандандырып, олардың мәселелерін жедел шешу үшін тұрғындармен тығыз байланыста болуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898322
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында » Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды 07.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Кемелердің құрылысын, жаңғыртылуын және жабдықталуын ұйымдастыру» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз. Толығырақ: Бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің «E-gov» интернет-порталында 2024 жылғы 6 желтоқсанда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332761 ) орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898082
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 07.12.2024
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.Халықпен кездесуде вице-министр отандық ғылым мен жоғары білім саласындағы реформаларды, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы баяндады. Ол министрлік тарапынан білімді жастарды қолдауға және ғылымды дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар өз баяндамасында 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, инженерлік білім берудің ұлттық моделін енгізу, әлемдік цифрлық платформаларға қолжетімділікті кеңейту, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы, жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарлама, студенттердің жатақханадағы орындармен толық қамтылуы, сондай-ақ ғылыми жобаларды коммерцияландыру нәтижелері туралы мәліметтермен бөлісті.Дархан Ахмед-Заки білім және ғылым саласын жаңғыртуда жасанды интеллекттің рөлі ұлғайып келе жатқанын ерекше атап өтті.– ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, жасанды интеллектті енгізу және цифрлық технологияларды дамыту – еліміздің басты басымдықтарының бірі. Бұл технологиялар жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тиімділікті арттырады, – деді ол.Кездесуде өңір тұрғындарының ұсыныстары тыңдалып, олардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шарадан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылды.Кездесуден соң Дархан Ахмед-Заки Қазақстандық мұнай жабдықтары зауытына арнайы барып, өндірістік алаңның жұмысымен жан-жақты танысу арқылы ғылым мен өндіріс арасындағы ықпалдастықты арттыруға басымдық берді.Сондай-ақ вице-министр Ақтөбе қаласындағы «Көкжиде» жерасты су қорының мәселелерін шешуге арналған ғылыми-технологиялық сессияға қатысты. Ол өндірістік кәсіпорындардың міндеттерін шешуде ғылым мен жоғары білімнің рөлі туралы баяндама жасап, сессия аясында ұсынылған инновациялық прототиптік шешімдермен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898246
АҚТӨБЕДЕ ҒАЛЫМДАР «КӨКЖИДЕ» КЕН ОРНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ 07.12.2024
АҚТӨБЕДЕ ҒАЛЫМДАР «КӨКЖИДЕ» КЕН ОРНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ5-6 желтоқсан күндері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы және «Самғау» ғылыми-техникалық инициативалар орталығының ұйымдастыруымен ғылыми-техникалық сессия өтті.Іс-шараға ғалымдар, сарапшылар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Энергетика министрлігінің, Ғылым комитеті мен Ғылым қорының өкілдері қатысты.– Бүгін біз ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен алтыншы ғылыми-техникалық сессияны өткіздік. Бұл жүйелі жұмыс ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын қалыптастыруға арналған жаңа механизмдерді әзірлеуге бағытталған. Әр сессия өткізілген сайын бұл форматтың нақты экономика қажеттіліктерін шешудегі тиімділігі дәлелденіп келеді. Аталған іс-шаралар ғылым мен бизнестің арасындағы кооперацияны жақсартуға, экспортқа бағытталған жаңа өнім өндірісі үшін коммерцияландыру жобаларын алға жылжытуға ықпал етеді. Тәжірибе ғылыми идеяларды нақты прототиптер мен стартаптарға айналдыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасының халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қажетті нәтиже, – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки.Сессияның алғашқы күні ғалымдар «Көкжиде» кен орнындағы жер асты суларының мұнай өндіруден ластануы мәселесін талқылады.Сессия қатысушылары іс-шара барысында жер асты суларының сапасын сақтау бойынша тиімді шешімдер мен шаралар ұсынылатынына сенім білдірді.– Бұл – жер қойнауын пайдаланушылармен ортақ түсіністікке келіп, жер асты су ресурстарын сақтауға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруға жасалған тағы бір маңызды қадам. Менің ойымша, бүгінгі сессияның ең маңызды мәселесі – «Көкжиде» кен орнын толық зерттеуді бастау. Біздің университет экожүйенің қазіргі жағдайын анықтап, су ресурстарын басқарудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін барлық табиғи компоненттерді қамтитын кешенді биожүйелік зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр, – дейді Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің экология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ақылжан Телеуов.Сессияның екінші күні қатысушылар «Көкжиде» жерасты су кен орнына қатысты ғылыми-технологиялық шешімдерді бірлесіп іздеу және әзірлеумен айналысты. Іс-шара аясында су саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе және ұсыныстармен алмасып, өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауға арналған инновациялық идеялар әзірледі. Сондай-ақ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мен KazEnergy жүргізген геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің аралық нәтижелері ұсынылды. «Schlumberger», «Halliburton» және «Baker Hughes» сынды әлемдік жетекші компаниялар мен «SNPC-AMG» АҚ өкілдері осындай кен орындарын игеру тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қатар іс-шара барысында «Қазахойл Ақтөбе» ЖШС өндірістік алаңдарына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар жұмыс процестерімен танысты.Бұл шара ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту және экологиялық ластанумен күрес пен су ресурстарының жағдайын жақсарту үшін тиімді шешімдер іздеуде маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/898276
Мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық депозитарийді пайдаланушылардың назарына! 07.12.2024
Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталының еpsd.kz порталымен интеграциясы іске асырылды. Енді сараптама ұйымдарының электрондық депозитарийдегі тәжірибесін растау автоматты режимде жүзеге асырылады.Мемлекеттік сатып алу порталында тәжірибені растауға өтінім беру үшін сараптамалық қорытындының нөмірі мен күнін енгізу жеткілікті.Сәтті тексеруден кейін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың сараптамалық қорытынды файлы автоматты түрде жүктеледі.Файлды жүктеу қатесі болған жағдайда, мүмкін себептер:1-сараптамалық қорытындының нөмірі немесе күні дұрыс енгізілмеген;2-сараптама жүргізуге орындалған жұмыстар актісіне қол қойылмаған (қорытынды берген сараптама ұйымына хабарласыңыз);3-авторлық шартқа қол қойылмаған жағдайда, егер жоба құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінің критерийлеріне қатысты болса (сараптамаға тапсырыс берушіге хабарласыңыз).Өзге жағдайларда техникалық қолдау қызметіне📞 +7 (7172) 57-37-30 телефоны бойынша хабарласу ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898207
Қазақстан мен Германия: өнеркәсіптік серіктестікті кеңейту 07.12.2024
2024 жылғы 5 желтоқсанда Берлин қ. (Германия) «Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың ағымдағы қаржы құралдары» тақырыбында Берлин Еуразиялық клубының (БЭК) 42-ші отырысы өтті.БЕК отырысында Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау федералды министрлігінің Сыртқы сауданы ынталандыру және қаржыландыру департаментінің басшысы Герлинд Хекманн атап өткендей, Германия үкіметі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделі. Атап айтқанда, ол неміс бизнесін қолдау үшін енгізілген бірқатар жаңа құралдарды атап өтті, олар басқалармен қатар Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге арналған.2024 жылдың қыркүйегінде Германияның Экономикалық істер және климатты қорғау министрлігі ресурстарды өндіру және өңдеу жобаларын жүзеге асыруда неміс компанияларына қосымша қолдау көрсетуге арналған Неміс шикізат қорының іске қосылғаны туралы хабарлады.Негізгі баяндаманы жасаған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік әлеуетті ауқымды жаңғырту және соған сәйкес бизнесті ынталандыру бағдарламаларына шолу жасады.Подиумдік пікірталас қатысушылары екі елдің үкіметтері мен даму институттары жүзеге асырып жатқан нақты қолдау тетіктерін және оларды одан әрі жетілдіру перспективаларын талқылады.Жиынға саяси және іскер топтардың, іскерлік ассоциациялар мен қауымдастықтардың, сарапшылық қауымдастықтың 100-ге жуық өкілдері қатысты.Осындай шаралардың арқасында екі елдің іскерлік ынтымақтастығы жедел қарқынмен дамып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/898304
Қорғаныс министрі Алматыда балалар мен жасөспірімдерге арналған дамыту орталығын салтанатты түрде ашты 07.12.2024
Бұрын Парашют дайындығы орталығының қарамағында болған клуб үйі күрделі жөндеуден өтіп, «Жас десантшы» балалар орталығы болып ашылды. Бос тұрған ғимаратты ұтымды пайдалану идеясы Алматы өңірлік гарнизонының бастығы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке тиесілі.Жарты жыл ішінде ескі клубта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттерді, акт залы мен сахнаны жабдықтау кезінде алматылық бизнесмендер үлкен демеушілік көмек көрсетті.Қалалық жағдайда балалар оқудан бос уақытын тиімді пайдалану үшін дамыту орталықтарына, секцияларға және қосымшаларға барады. Бұл уақытының көп бөлігін қызметте өткізетін ата-аналарға үлкен көмек әрі қаржы мен уақытты үнемдеуге де пайдасы зор.– Алматы десантшыларының отбасыларында мектеп жасындағы 3000-нан астам бала бар. Олардың барлығы осында жақын тұрады. Балалар үшін бүгінде робототехника, шахмат, шешендік өнер, мобилография, хореография, сурет салу, ағылшын тілі және домбыра үйрету секциялары тегін жұмыс істейді. Оған 150-ден астам бала қатысады. Алдағы уақытта дыбыс жазу студиясын, сондай-ақ ағаш ұстаханасы цехын іске қосу ойда бар, – деді орталық басшысы Қарулы күштердің қызметкері Адалят Насырова.Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Орталықтың үй-жайларын аралап көріп, Райымбек батыр атындағы Алматы десанттық-шабуылдау бригадасы мен балалар вокалдық студиясы шығармашылық ұжымының концертін тамашалады.– Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевке және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің барлық ұжымына қысқа мерзімде атқарылған осындай орасан зор жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Балалар – біздің болашағымыз десек, оларға бар жағдайды жасауымыз керек, – деді Қорғаныс министрі. «Жас десантшы» орталығының тәрбиеленушісі Әмірхан Әбдімәжитов ағылшын тілі сабақтарына қатысады. Оның отбасы үшін үйінің жанында тегін үйірмелері бар Дамыту орталығының ашылуы Әмірханның бос уақытын ұйымдастыру мәселесін шешіп берді. Ол алғашқылардың бірі болып ағылшын тілі курсына жазылды. Балақай Қорғаныс министрі мен Десанттық шабуылдау әскерлерінің қолбасшысына тек тіл үйрену үшін ғана емес, басқа үйірмелерде де оқуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898018
Қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізіледі 07.12.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді.Осы бұйрық арқылы сұрау салу бойынша ұсынылған оң пікірлер, сынақ актілері немесе тәжірибелік әскери пайдалану нәтижелері (ол жүргізілген жағдайда) негізінде бір мемлекеттік органда қару-жарақ пен әскери техниканы жарақ құрамына қабылдау мүмкіндігіне жол беріледі. Бұл жаңашылдық бөлімше басшысын – тапсырыс берушіге әскери тәжірибеде қолдану мерзімдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық қажетті тексерулерді қамти отырып, экономикалық мақсатқа сай болу мәселелері де ескеріледі.Оған қоса, құжатқа тұжырымдамалық аппаратқа қатысты кейбір редакциялық түзетулер енгізілмек. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 23 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332001 сілтемесі бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898260
Айдарбек Сапаров: Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ғана емес 5%-дық жеңілдетілген құралдарды АӨК-тің басқа да негізгі бағыттарына тарату қажет 07.12.2024
ҚР Парламенті Сенатында өткен «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» атты парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ғана емес жеңілдетілген 5%-дық мөлшерлемемен қаржыландыру құралдарын агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да негізгі бағыттарына тарату қажеттігін мәлімдеді.Фермерлердің ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметтің қолдауымен министрлік салаға қолжетімді жеңілдетілген қаржы ресурстарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар аграршыларға қажетті материалдар мен жабдықтарды уақтылы сатып алуға ғана емес, өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, оның бағалық және сапалық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Мәселен, ағымдағы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге бөлінді, оның 400 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. 2025 жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат деңгейі 560 млрд теңгеге жеткізілмек.«Қаржыландыру алғаш рет қараша айының соңында басталды. Қазіргі уақытта 695 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден 85 млрд теңгеге өтінімдер пулы қалыптастырылды. Қазір жеңілдетілген қарыз қаражаттары тек көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бағытталуда. Алайда біз мұндай 5%-дық жеңілдетілген құралдарды аграрлық сектордың басқа да негізгі бағыттарына, әсіресе, мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде тері мен жүнді қайта өңдеуді, сондай-ақ саланың инвестициялық бағыттарын қолдауға тарату қажет деп санаймыз», – деді министр.Осы бастамаларды іске асыру азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды қадам болып, ауылдық аумақтарды дамытуға қосымша серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897861
Қазақстанда негізгі 24 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80-100%-ды құрайды 07.12.2024
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының «Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі» атты парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.Министрлік негізгі азық-түлік тауарларының, оның ішінде 19 әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуде.2023 жылдың қорытындысы 10 тауарлық позиция бойынша ішкі нарық 100% және одан да жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Олардың қатарына бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті және сәбіз кіреді.14 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары. Бұл тауарларға тауық жұмыртқасы, қияр, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, шошқа еті, пияз, асханалық қызылша, ашытылған сүт өнімдері, сары май және алма жатады.Алайда, 5 азық-түлік тауары бойынша импортқа тәуелділік байқалады. Атап айтқанда, бұл құс еті, шұжық өнімдері, балық, ірімшік пен сүзбе, сондай-ақ қант.Аталған тауарлар бойынша министрлік өндіріс көлемін ұлғайту және импортты алмастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту міндеті инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы шешілмек.2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгені құрайтын 780 инвестициялық жобаны, оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 855 млрд теңгеге 170 жобаны іске асыру жоспарлануда.Сонымен қатар, ішкі нарықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында СҚО тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында 69 сүт-тауарлы ферма қаржыландырылды.«Соңғы 10 жылда сүт саласына 78,5 млрд теңге инвестиция тартылса, тек соңғы жылы бұл салаға 100 млрд теңге жеке инвестиция құйылды. Инвестицияларды ынталандыру мақсатында СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында несиелендіру бағыттарының саны 13-ке дейін көбейтілді. 2025 жылға осы мақсаттарға 200 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ, инвестициялық мақсаттарға ұзақ мерзімді қаржыландыруды тікелей субсидиялау және коммерциялық банктердің қаражатын ауыл шаруашылығының барлық салаларына тарту қарастырылған», – деп қабылданып жатқан шаралар туралы Айдарбек Сапаров атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/897863
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы қаласының халқымен кездесу өткізеді 07.12.2024
2024 жылғы 9 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алматы қаласының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңдеушілермен кездесу және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 15:00-де Алматы қаласы, Байзақов көшесі 303, 2-қабат мекенжайы бойынша өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898330
Петропавл қаласында Қазақстан стартаптары мен IT-таланттарына арналған жаңа орталық ашылды 07.12.2024
Бүгін Петропавл қаласында SKO Hub — Қазақстанның 18-өңірлік IT-хабының ашылу салтанаты өтті. IT-хаб Astana Hub, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен құрылып, өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтудағы маңызды қадам болды.Хаб стартаптардың дамуы үшін қажетті қолдау ұсынатын кеңістікті құруға бағытталса, жас таланттар IT-саласында табысты мансапқа қажет білім мен дағдыларды ала алады. Хаб міндеттеріне IT-білім беруді дамыту ғана емес, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерлікке қолайлы экожүйені қалыптастыру, цифрлық бастамаларды ынталандыру мен Солтүстік Қазақстан облысындағы цифрлық трансформация процестерін жеделдету кіреді.«SKO Hub — өңіріміздің IT-экожүйесін дамытудағы жаңа қадам. Ол жастар мен IT-инфрақұрылымды дамытуға мүдделі тұлғалар үшін тартылыс орталығына айналады деп күтіліп отыр. Өйткені оларда өзгеріс пен дамуға қажет зор әлеует бар», — деді Руслан Әлішев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.Хаб жұмысы аясында технологиялық экожүйеге қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін инкубациялық бағдарламалар, білім беру курстары, семинарлар мен митаптар, воркшоптар, форумдар, хакатондар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.«SKO Hub-тың ашылуы — Қазақстанда тұрақты технологиялық инфрақұрылымды құру жөніндегі стратегияның бір бөлігі. 2024 жылы Astana Hub он сегізінші хабты ашты, бұл ел көлемінде инновациялық жобаларды қолдау орталықтарының бірыңғай желісін құрудағы маңызды бастама болады», — деп қосты Аида Дусова, Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры.Қазіргі уақытта Қазақстанда 18 өңірлік IT-хаб белсенді жұмыс істеп тұр, 1700-ден астам іс-шара, оның ішінде 18 халықаралық форум өткізілді. Бұл бастамалар 50 мыңнан астам қатысушыны тартты және 440 стартап-жобалардың құрылуына ықпал етті. 200-ге жуық IT-компания Astana Hub экожүйесіне қосылды, бұл елдегі цифрлық технологиялар мен инновациялардың дамуына септігін тигізеді.Өңірлік хабтар ашылғаннан бері 450 стартап-идея әзірленді, Qostanai Hub және Kyzylorda Hub-та GameDev орталықтары бар. Сонымен қатар, 1555 IT-компания, оның ішінде 186-сы Қазақстан өңірлерінен Astana Hub-та технологиялық экожүйенің қатысушылары ретінде тіркелген, бұл өңірлердегі IT-сектордың дамуына үлес қосады.SKO Hub-тың ашылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инновациялық инфрақұрылым құруға және жас таланттар мен технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған стратегиясын қолдайды.Ақпарат үшін: SKO Hub Ж.Жабаев көшесі, 195-ғимарат мекенжайында орналасқан. Хаб технологиялар мен инновациялар саласында өз идеялары мен жобаларын дамытуға ұмтылатындардың барлығын қарсы алуға сақадай сай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/898040
Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметі қорытындыланды 07.12.2024
Бүгін «Ұстаным» пікірталас клубының қорытынды отырысы аясында «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестігін іске асыру қорытындылары талқыланды.Отырыста жоба қатысушылары атқарған жұмыстарын, қол жеткізген көрсеткіштерін таныстырып, басқа өңірлермен тәжірибе алмасты.Биыл азаматтар арасында ең өзекті мәселелер бойынша «Ұстаным» клубының 6 отырысы өткізілді. Барлық өңірлерде 2 мыңнан астам адамға консультациялық көмек көрсетілді. Әлеуметтік желілерде 275 материал жарияланды. Сондай-ақ 20 тікелей эфир ұйымдастырылып, арнайы подкаст құрылды.Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар өкілдері үшін төрт көшпелі семинар және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін екі семинар өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898163
Art Forum: Креаторлар мен арт-менеджерлер Қазақстандағы креативті индустриялардың дамуын талқылады 07.12.2024
Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Art Forum өтті. Іс-шарада мәдениет пен коммуникация саласындағы менеджерлер, креаторлар, сарапшылар және мемлекеттік орган өкілдері бас қосты.Қатысушылар маркетинг, монетизация, технологиялар мен шығармашылықты біріктіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында қазақтілді контентті тұтыну бойынша зерттеулер таныстырылды.Бұдан бөлек, форум аясында PR ROOM AWARDS үздік PR-жобалар байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқауға PR-қоғамдастық өкілдері, қоғаммен байланыс мамандары, паблик авторлары, баспасөз қызметтері және қазақстандық компаниялардың PR-бөлімшелері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898288
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады 07.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған. «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасындағы кәсіби мерекелер тізбесін келесідей атаулы күндермен толықтыруды көздейді:– 28 қаңтар – қаржылық мониторингі органдарының күні;– шілденің бірінші жексенбісі – теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;– тамыздың бірінші жексенбісі – теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;– қыркүйектің екінші жексенбісі – бақылау өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;– 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;– қазанның соңғы жексенбісі – автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;– 10 қараша – бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;– 13 желтоқсан – қылмыстық-атқару жүйесі күні.Бұдан басқа Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бүған дейін ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 668 қаулысымен бекітілуіне байланысты, аталған мерекелер қайталануды болдырмау мақсатында осы тізбеден алып тасталуы жоспарлануда.Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады.Бұйрық жобасымен «Ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332246 сілтемесі бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/897968