Әлем
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТАНШЫЛДЫҚҚА БАУЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 07.12.2024
Түркістан облысында азаматтарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктін аралап, жұмысымен танысты.Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Қуаныш Кулумбаев жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлары жөнінде баяндады. Ертай Кенжебекұлы әскери пункттегі жатын орындары мен тамақтану сапаларын бақылап, әскерге шақырылушылармен кездесті.– Туған жер мен отанды қорғау – әр жігіттің ең әуелгі азаматтық міндеті. Отаншылдық пен өжеттілікті серік етіп, әскери өмірмен және еліміздің 20 облысынан жиналған өздеріңіз секілді шақырылушылармен танысасыздар. Қызығушылық болса, әскери құрылымдарда жұмыс істеуге баспалдақ болады. Отан алдындағы борышты абыроймен атқарып, жақындарыңызбен қауышуға тілектеспіз, – деді облыс әкімінің орынбасары.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/898169
Астанада 800-ден астам бала иппотерапиямен оңалтудан өтті 07.12.2024
«Арғымақ» ат спорты кешені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтудың бірегей әдісі-иппотерапияны белсенді дамытуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бойынша сабақтарды аккредиттелген ұйымдарда оқыған оңалту дәрігерлері, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жүргізеді.Нысан емдеу-оңалту жұмыстарын (иппотерапия) жүргізуге арналған, мұнда балалар мен ересектерге атқа мінуге үйретіледі, спорттық, спорттық-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырады.Мұнда 20 жылқы бар, олардың 10-ы сауықтыру шараларына белсенді қатыстырылады. Әр ат иппотерапияға қатыстырылатын күнделікті уақыты екі сағаттан.Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, бүгінде иппотерапияны пайдалана отырып, медициналық оңалтуды ұсыну регламенті әзірленіп, бекітілді.Ол медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, балалар тізімін қалыптастыруды, сондай-ақ жұмысты жүйелеуді және қызмет көрсету тәртібін қамтиды. Бұдан басқа, регламент шеңберінде оңалтудың жеке жоспарлары мен бару кестелері жасалады.Сондай-ақ Ерлан Каналимов иппотерапия бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін «Жансая» және «Нұрлы жүрек» орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.«2024 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін 802 бала иппотерапиядан өтті, оның 610-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет алды. Жұмыс birge.astana.kz платформасы арқылы ұйымдастырылған, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бейімделген спортпен шұғылдану үшін жеті бала таңдалды. Сондай-ақ өңірлік және республикалық жарыстар өткізілді, онда «Арғымақ» тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды», - деді Е.Каналимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898089
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді 07.12.2024
Астанада Тәуелсіздік күніне орай 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.7-8 желтоқсан күндері №15 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданының оқушылары арасында шахмат пен дойбыдан турнир өтеді.7-8 желтоқсанда Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.8 желтоқсан күні сағат 17:00-де елордалық филармонияның концерт залында ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің деканы, «Құрмет» орденінің иегері Серікзат Дүйсенғазының «Ұлы дала жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді.Сол күні сағат 19:00-де Роза Бағланова атындағы «Қазақконцертте» Әміре концерті өтеді. Сонымен қатар Жастар театрында «Ақ кеме» қойылымының премьерасы ұйымдастырылады.Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 10 желтоқсан күні республикалық поэтикалық жоба аясында «Ақындар айтысы» байқауын өткізу жоспарланып отыр.11 желтоқсан күні сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Гауһартас» спектаклі өтеді.13 желтоқсанда бірнеше іс-шаралар жоспарланған. Мәселен, Maqsut Narikbayev University ғимаратында Тәуелсіздік күніне арналған оркестрдің концерті және «Тәуелсіздік – жастарға тағылым» атты дөңгелек үстел өтеді.14 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты іс-шаралар өткізіледі. Бұл күні сағат 10:00-де «Қазанат» ипподромында қалалық жарыстар өтеді, ал №29 орта мектепте «Әкелер кеңесімен» бірлесіп, 5-11 сыныптар арасында футболдан турнир ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында «Мен өз жетістіктерімді Отаныма арнаймын» челленджінің және қалалық, республикалық олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесу жоспарланып отыр.Сол күні Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония «Қоңыр үнді аманат» және «Ән салайық бәріміз» мерекелік концерттеріне шақырады.М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 15 желтоқсан күні «Әлия» спектаклі ұсынылады.16 желтоқсанда Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында жазушы, ақын және драматург Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы бойынша спектакль өтеді.17 желтоқсан күні сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Абай-Тоғжан» спектаклі өтеді.Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесіне орай, Байқоңыр ауданының көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балаларына кинотеатрларға тегін бару, зейнеткерлердің ауласын қардан тазалауға көмектесу және азық-түлік тарату бойынша «Қамқорлық мекенжайы» акциясы өтеді. Жастар сарайының алаңында аудан тұрғындарына арналған мұзды қалашық ашылып, конькиден тегін сырғанау және қысқы спорт ойындары өткізіледі. Аудан ұйымдарының арасында үстел теннисінен турнир өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898099
Заң және тәртіп: елордалық еріктілер қоғамдық орындардағы есірткі жарнамаларын өшірді 07.12.2024
Елордалық еріктілер есірткі сату туралы жарнамалар жазылған қабырғаларды бояп, азаматтарға есірткі заттарының зияны туралы жазылған брошюралар таратты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.«Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында өткен акция қаланың Алматы ауданында ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – есірткі заттарының адам өміріне тигізер зиянын түсіндіру, теріс әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.Сондай-ақ бұл іс-шара қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығына халықтың назарын аударды. Тыйым салынған заттарды жарнамалау жастардың өміріне қауіп төндірумен қоса, қаланың әдемі көрінісін бұзады.«Біз есірткі заттарының таралуына қарсы күреске бағытталған ауқымды акцияны өткізіп жатырмыз. Іс-шара өскелең ұрпақтың өмірге саналы көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Сондай-ақ акция барысында азаматтарға есірткі заттарының зияны туралы брошюралар таратылды», - деді полиция майоры Жәнібек Исаев.Акцияға Алматы ауданы әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі басқармасының, қалалық есіркті қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.Айта кетейік, мұндай акция елорданың барлық ауданында ұйымдастырылуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898138
Астанада қоғам белсенділері әлеуметтік топтарға қызмет көрсететін сегіз нысанның жұмысымен танысады 07.12.2024
Елордада әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу үшін үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік орталықтардың Үйлестіру кеңесінің мүшелері түрлі әлеуметтік топтарға қызмет көрсететін сегіз нысанға барады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Нысандар қатарында – Strong mothers NS Қоғамдық Қоры ұйымдастырған көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға арналған Bilim All оқу орталықтарының бірі.«Өзім – көпбалалы анамын. Ал балаларым кішкентай кезінде қосымша білім алуына жағдай жасау қиынға түсті. Бұл өте қымбат болды. Сондықтан мен көпбалалы және толық емес отбасыларға арналған оқу орталықтарын ашуға бел будым. Қоғамдық қорды 2020 жылы құрдым, ал биыл біз әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ендік. Біздің басты міндетіміз – балаларға қосымша негізгі мектеп пәндерін оқуға, шығармашылық дағдыларды дамытуға және өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, біз аналарға Egov.kz арқылы электронды қызметтерді пайдалану бойынша тегін кеңес береміз, сондай-ақ қайырымдылық акцияларын, мәдени іс-шаралар мен концерттер ұйымдастырамыз», - деді қор басшысы Райгүл Серікбаева.Bilim All-дың төрт орталығына 200-ге жуық оқушы барады, олардың 80%-ы – халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары. Сонымен қатар, оқу орталықтарында студенттер практикадан өтеді, жас педагогтар мен «күміс» жастағы өкілдер еңбек етеді.Іс-шараға қатысушылар қоғамдық қордың жұмысымен танысты, басшымен және қызметкерлермен әңгімелесті.«Бүгін бізге қоғамдық қордың қызметімен танысуға мүмкіндік туды. Орталықтар елорданың шалғай аудандарында орналасқан, онда қосымша білім беру ұйымдарына шұғыл қажеттілік бар. Ай сайын талдау жүргіземіз және қалада балалардың бос уақытын пайдалы өткізу үшін инфрақұрылымға қажеттілік бар екенін көреміз. Оқу және білім беру үдерісінен басқа, орталықтарда көпбалалы аналарға арналған консультативтік қызметтер көрсетіледі. Олар сондай-ақ өмірлік қиын жағдайларда қолдау көрсетеді. Қор халықтың әлеуметтік топтары үшін мүмкіндіктер ұсынатынына өте қуаныштымын», - деп атап өтті Кеңес мүшесі және «Сенімен Болашақ» РҚБ өкілі Жансая Бердімұрат.Іс-шараны ұйымдастырушылар тәжірибе алмасуға, тиімді тәжірибелерді зерделеуге және әлеуметтік қолдау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.«Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері әлеуметтік жобаларды іске асыратын және елорда әкімдігінің қолдауын алатын орталықтарды аралауға бастамашы болды. Мұндай сапарлар өте пайдалы. Біз негізінен құжаттамамен жұмыс істейміз, бірақ қаражаттың адамдарға қалай көмектесетінін өз көзіңізбен көру – ол мүлдем басқа деңгей. Келесі жолы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізсек, бұл тәжірибе бізге көмектеседі», - деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Асылхан Көшкімбаев.Кеңес мүшелері сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына, дағдарыс орталығына, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығына, жартылай стационар жағдайында психологиялық және неврологиялық патологиялары бар 18 жастан асқан адамдарға қызмет көрсететін орталыққа барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898180
Заң және тәртіп: Астанада әйелдердің құқығы мен қауіпсіздігі талқыланды 07.12.2024
Іс-шарада еліміздің мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтарын қорғау және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.Іс-шарада мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және қалалық прокуратураның өкілдері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық - зомбылықтың алдын алу, құқықтарды қорғау, және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.«Мемлекет тарапынан зорлық-зомбылыққа қарсы күресті арттыру үшін маңызды шаралар қолға алынды. Біріншіден, құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілді. Полиция қызметі зорлық-зомбылық туралы әрбір хабарламаны қатаң тексеріп, іс-шараларды уақытында қабылдайды. Соның ішінде сот шешімдері шығарылуы, жәбірленушіні қауіпсіз жерге орналастыру, полицияның тұрақты бақылаумен қамтамасыз етуі сияқты құқықтық тетіктер бар. Екіншіден, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында арнайы дағдарыс орталықтары мен кеңес беру пунктері іске қосылды. Бұл орталықтар жәбірленушіге медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіп, уақытша баспанамен қамтиды», - деді Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Баян Жалмағанбетова.Әс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы директорының орынбасары Айгүл Шамшатова орталық жұмысы туралы ақпараттармен бөлісті. 2013 жылдан бастап өз жұмысын бастаған орталықта осыған дейін 50 адамға шақталған босла, биылдан бастап төсектік орын саны 70-ке дейін көбейтілген.рталыққа 18 жастан 58 жасқа дейінгі жәбірленушілер 1 айдан 6 айға дейін қабылданады. Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Баян Тойкебаева өз ұсыныстарын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898141
Таза Қазақстан: елордалық еріктілер «Игі істер марафонын» ұйымдастырды 07.12.2024
Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері арасынан еріктілер «Игі істер марафоны» дәстүрлі акциясына қатысып, мұқтаж жандарға үй маңындағы аумақты қардан тазартуға көмектесті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қыс мезгілінде елорданың барлық ауданында жалғыз тұратын қарттар мен көп балалы аналардың жеке үйлерінің аулаларында қар тазалау бойынша акциялар өткізіледі.Еріктілердің қолдауымен осындай акциялардың бірін Нұра ауданындағы «Үркер» тұрғын алабындағы 9 бала тәрбиелеп отырған тұрғынының үйінде ұйымдастырды. Еріктілер ауланы қардан тазартып, көмір түсіруге көмектесті.Еріктілер көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасау жалпы жауапкершілік екенін және әрбір қала тұрғыны өз үлесін қоса алатынын атап өтті.Айта кетейік, «Астана жастары» белсенділері қаланы тәулік бойы қардан тазартатын коммуналдық қызмет қызметкерлеріне де көмектесуде. Елорда үшін маңызды жұмысы үшін еріктілер тұрақты негізде ыстық шай мен бауырсақтарды тарату бойынша акциялар өткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898158
Астанада түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды 07.12.2024
6 желтоқсан күні елорданың коммуналдық қызметтері қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.6-ынан 7 желтоқсанға қараған түнгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды тазалауға 200-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника шықты.6 желтоқсан күні қар полигондарына 598 ауыр жүк рейсімен 7 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 66 822 рейспен 853 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898242
Елордада контрафактілерге және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күрес бойынша қандай жұмыс жүріп жатыр 07.12.2024
Елордада контрафактілерге және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күрес бойынша қандай жұмыс жүріп жатырАстана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бекболат Колумбаев елордалық Коммуникациялар қызметінде 2024 жылғы жұмысты қорытындылап, негізгі бөлімшелер қызметінің нәтижесі туралы есеп берді. Атқарушылық құжаттардың сәтті орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың қарыздарымен жұмыс істеу, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау – басты назарда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Департаменттің орындауында 2024 жылы жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 1459 атқарушылық құжат болған. Оның ішінде 1,4 млрд теңге сомасына 1049 құжат аяқталды, бұл өндірістердің жалпы санының 71,4%-ын құрайды.2024 жылдың 11 айында 1017 атқарушылық іс жүргізу бойынша 8 млрд теңге сомасына 618 іс аяқталды, 4 млрд теңгеге 446 құжат нақты өндірілді, 2 млрд теңгеге 26 іс қайтарылды және 119 млн теңге сомасына 18 іс шеңберінде атқарушылық санкцияның 10%-ы өндірілді. Сондай-ақ, басқа юрисдикцияларда одан әрі орындау үшін 163 млрд теңге сомасына 95 құжат тапсырылды.Бұл ретте департамент зияткерлік меншікті қорғаумен айналысады және ұлттық брендтердің дамуына көмектеседі.«Қазақстандық бірегей тауарларды әлемдік нарыққа жылжыту аясында департамент географиялық көрсеткіштерді тіркеуге жеті өтінім жолдады. Географиялық көрсеткіштерге қызығушылық олардың өнімнің аумақтық шығу тегімен байланысын баса көрсету қабілетімен байланысты», - деп түсіндірді спикер.Сондай-ақ, бизнеспен және халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер мен дәрістерді қоса алғанда, 110 іс-шара ұйымдастырылды. Маркетплейстермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады. Кездесулер өткізіліп, онда контрафактінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/897957
Заң мен тәртіп: Сарыарқа ауданында абаттандыру ережелерін бұзғандар жазаланды 07.12.2024
Елорданың Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан. Астана -тазалық пен тәртіптің үлгісі акциясы аясында 2 желтоқсан күні заңсыз қоқыс төккені үшін КАМАЗ жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жыл басынан бері аудан аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жасағаны үшін 3843 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 3,6 миллион теңгеден асты.Еске салайық, абаттандыру ережелерін бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 30-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.Елорда тұрғындары мен қонақтары заңсыз қалдық төгу, құрылыс немесе басқа да қоқыстарды рұқсат етілмеген жерлерге тастау жағдайларын анықтаған жағдайда «102» арнасына хабарлауға болады.Айта кетейік, елордада стихиялық рұқсат етілмеген полигондармен жүйелі күрес жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері елорда аудандарынан 300-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталды. Олардан полигондарға 172 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.Заңсыз полигондарды жою жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898270
Ақмола облысында Прокуратура күні аталып өтті 07.12.2024
Көкшетауда Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының құрылған күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. «Прокуратура органдары әрқашан құқықтық тәртіп жүйесінің маңызды буыны болып қала бермек. Қоғамымыздағы әділдік пен заңдылық сіздердің принципшілдіктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және кәсібиліктеріңізге байланысты. Осы айтулы күнмен құттықтай отырып, халық пен мемлекет үшін қызметте табыс тілеймін», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Салтанатты шара барысында құқықтық жүйені дамытуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін прокуратураның үздік қызметкерлері марапатталды. Оларға «С.К.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалі, «Прокуратураның құрметті қызметкері» және «Прокуратура үздігі» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасы мен Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.Мереке Ақмола облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/898284
6 млн-ға жуық турист: Қазақстанда ішкі туристер саны артты 07.12.2024
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 5 млн 973 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған. Ішкі туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 562 мың адамға артқан. 2023 жылы осы көрсеткіш 5,4 миллион адамды құрады.Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы ішкі туризм бағыттары арасында көш бастап тұр. Бұл аймақтар туристерді ерекше табиғатымен, дамыған инфрақұрылымымен және алуан түрлі туристік мүмкіндіктерімен тартып келеді.«Ішкі туристер санының артуы қазақстандықтардың ел бойынша жиі саяхаттайтынын көрсетеді. Яғни, өз елін танып-білуге деген қызығушылығының артқанын байқауға болады. Ішкі туризмді әр азамат үшін қолжетімді, тартымды және жайлы етуге жұмыстар жасалуда. Осы мақсатта инфрақұрылымды дамытып, жаңа бастамаларды қолдап келеміз», – деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898051
Бүгін Бахрейнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады 07.12.2024
Бүгін Бахрейн астанасы Манамада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының алауы тұтанады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаһандық додаға биыл әлемнің 92 елінен 471 ауыратлет қатысады. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да бар. Манамадағы толағайлар тартысында ел намысын ерлер – 10, әйелдер – 5 салмақ дәрежесінде қорғайды.Былтыр Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әлем чемпионатына 12 отандасымыз бақ сынап, өкінішке қарай, олардың бірде-біреуі жүлдегерлер қатарынан көріне алмаған еді. Ал 2022 жылы Колумбияның Богота қаласында өткен жаһандық додада жерлестеріміз бір күміс, бір қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған болатын.Сол жылы ел құрамасынан 96 келіде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы ел қоржынына – күміс, 73 келіде сынға түскен Алексей Чуркин қола жүлде салған еді. Нұрғиса Әділетұлы қоссайыста 383 (174+209) келіні еңсерсе, Алексей Чуркин 343 (153+190) келі зілтемірді басынан асыра көтерген болатын.Манамадағы биылғы аламанда екі отандасымыз да бақ сынап, екі жыл бұрынғы нәтижелерін жақсартуға тырысады.Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы:67 кг: Ақмолда Сайрамкез81 кг: Александр Уваров81 кг: Алексей Чуркин89 кг: Денис Уланов86 кг: Денис Полубояринов96 кг: Кирилл Староверкин96 кг: Нұрғиса Әділетұлы102 кг: Артем Антропов109 кг: Андат Самарқанов109 кг: Мейрам СұлтанҚазақстан әйелдер құрамасы:64 кг: Карина Горичева71 кг: Арай Нұрлыбекова76 кг: Аянат Жұмағали76 кг: Айша Омарова+87 кг: Любовь КовальчукАйта кетейік, Бахрейндегі әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығында өтеді. Ел құрамасынан жарыс жолына бірінші болып 8 желтоқсанда Ақмолда Сайрамкез шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898063
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің өкілдеріне арналған туризм бойынша халықаралық тренинг-семинар өтті 07.12.2024
Аталған іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.Семинарға Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және ТМҰ Хатшылығының туризм саласындағы сарапшылары қатысты. Спикер ретінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Әлібек Шоқпаров, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Кемал Кантарджи, Түркістан облысы Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов, Open Turkistan туристік ақпарат орталығының бас директорының міндетін атқарушы Темур Мұратов, Turkistan Invest бас директоры Берік Кенжебаев және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының өкілі Ернұр Кенжебеков сөз сөйледі.Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан туризмін дамыту, кадр даярлау, цифрландыру, үлкен деректерді өңдеу және басқа да мәселелерді талқылады. Сондай-ақ шетелдік мамандар өз елдерінің туристік әлеуетімен бөлісіп, туризмді дамыту бойынша пікірлері мен тәжірибелерін ортаға салды.Семинарға қатысушылар Түркістан қаласына сапары барысында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің спорт клубымен, Turkistan телеарнасының жұмысымен, Түркістан облысындағы туристік кластердің дамуымен және Open Turkistan туристік ақпарат орталығының қызметімен танысты. Сонымен қатар оларға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.Сонымен қатар шетелдік меймандарға Түркістан облысының көрікті жерлеріне, сондай-ақ Отырар және Сауран аудандарына экскурсиялық бағдарлама ұсынылды.Айта кетейік, Түркістан қаласы 2024 жылы Түркі әлемінің туристік астанасы мәртебесіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898106
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді 07.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.Көлік және логистика, отын-энергетика кешені, коммуналдық инфрақұрылым, туристік кластерді қосқанда, облыс экономикасының негізгі салаларын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.Премьер-министрге Маңғыстау облысының 2021-2023 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өңірлік өнімнің 50%-ға – 4,5 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз еткені баяндалды.2025 жылға дейінгі кезеңде 1,8 трлн теңге сомасына 259 іс-шараны іске асыру көзделген.Маңғыстау облысының еліміздегі көлік-логистика саласы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, республикалық маңызы бар ұзындығы 680 шақырымды құрайтын автожолдар учаскелерін жоспарлы реконструкциялауды қосқанда, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Теңіз портын, әуе және теміржол инфрақұрылымын кеңейту, түрлі қызмет көрсету және олардың сапасын арттыру басымдыққа ие болуы тиіс.Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға, ал контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге артқанын баяндады.Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен — 6,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.Премьер-министр Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту қажеттігіне тоқталды. Көлік министрлігіне Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді ұлғайту мәселелерін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жолаушылар маршруттарын көбейту үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту маңызды.Олжас Бектенов «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңызына назар аударды. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында облыс тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 525 жұмыс орнын ашқан 14 жоба іске қосылды.Бүгінгі таңда өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 17,2 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев салада тұрақты жұмыс орындарын ашу мақсатында инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 3,9 мың жұмыс орнын ашатын 1,5 трлн теңге сомасына 19 перспективалық жоба пысықталуда.Энергетика саласында жауапты министрліктің алдына «қызыл тәуекел аймағындағы» 19 энергия көзінің, жылу және электр магистралды және орамішілік желілердің тізбесіне кіретін МАЭК-ті жаңғырту бойынша міндеттер қойылды. Бұған дейін МАЭК-тің тұрақты жұмысы үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінген болатын. Жиында жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі атап өтілді.«Өңірде жылумен жабдықтаудың ішкі кварталдық желілерінің жоғары деңгейде тозуы – үлкен мәселе. Жылыту маусымы басталғаннан бері 225 екпін тіркелді. Ақтау қаласының сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 82% құрайды. Біз қала тұрғындарының су тапшылығына шағымданатынын білеміз. Бұл мәселелерді бірінші кезекте облыс әкімдігі шешуі керек. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне әкімдікке көмек көрсету тапсырылды.Сондай-ақ Президенттің туризмді, оның ішінде «Кендірлі» курорттық аймағын дамыту бойынша қойған міндетін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қаралды. Маңғыстау облысын жағажай туризмінің халықаралық орталығы ретінде ұзақмерзімді дамытуға бағытталған кешенді жоспар шеңберінде 2030 жылға дейін жеке инвестициялар тарта отырып, жалпы сомасы 165,1 млрд теңгені құрайтын 64 іс-шара жоспарланған.Басым жобалар қатарында «Жылы жағажай» және «Кендірлі» курорттық аймақтарын құру. Аталған шаралар туристер санын 1,3 млн адамға дейін арттыруға және өңірдің қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.Туризм және спорт министрлігіне Облыстағы туризмді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеуде әкімдікке барынша жәрдем көрсету тапсырылды. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898198
Акселерациялық кездесу: туризмді дамыту мен инвестиция тарту жолдары қарастырылды 07.12.2024
Астанада туризм саласындағы инвестициялық жобалардың дамуын тежейтін негізгі мәселелер мен кедергілерді анықтауға бағытталған акселерация форматында кездесу өтті. Іс-шараға қатысушылар аталған мәселелерді шешу және саланы тиімді дамыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынымдар әзірлеуге ерекше назар аударды.Басқосуға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және бизнес өкілдерінің, оның ішінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев, сондай-ақ туризм және меймандостық саласындағы жетекші компаниялардың басшылары қатысты.Жиын барысында туризм саласындағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қазіргі шаралары, саланың даму динамикасы мен негізгі көрсеткіштері, соның ішінде инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асырудағы негізгі мәселелер талқыланды.Акселерация форматы қатысушыларға қазіргі сын-қатерлерді талқылап қана қоймай, командалық жұмыс арқылы идеялар ұсынуға және Қазақстанның туризм саласының тартымдылығын арттыру үшін практикалық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.ҚР Туризм және спорт министрлігі бизнес өкілдерімен және мүдделі тараптармен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ елдегі туризмді тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898309
ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды 07.12.2024
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды.Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/898100
Құттықтау 07.12.2024
Құрметті Zakon.kz ақпарат агенттігінің ұжымы!Сіздерді 25 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын!Zakon.kz - халықтың көзаймына айналған жетекші медианың бірі.Ақпараттық агенттік кез келген мәліметтің тереңіне үңіліп, әр дерек пен дәйекті жіліктеп, оқырманға ұғынықты тілде жедел жеткізуімен ерекшеленеді. Бұл орайда уақытпен санаспай, сапалы дүниелер ұсынған тәжірибелі тілшілердің еңбегі зор!Алдағы уақытта да Zakon.kz ұжымы ақпарат аламанында көш бастап, тұрақты оқырмандарының назарына салмақты дүниелер ұсынатынына сенімім мол!Сіздерді айтулы күнмен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық отбасыларыңыз амандық, шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт тілеймін!Zakon.kz-тің ғұмыры ұзақ болсын! Ізгі ниетпен, Жамбыл облысының әкімі Ербол ҚарашөкеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/898225
СҚО-да тапшы дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы төленбек 07.12.2024
Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сауалына жауап берген кезде мәлімдеді. Солтүстікте медицина кадрларының тапшылығын азайтуға ерекше көңіл бөледі. Дәрігерлер баспанамен қамтамасыз етілсе, қалада 3 жылға жалға берілетін үйге төлемдер қарастырылған. Резидентураға 50 грант бөлінді, қазір 34 резидент білім алуда. Келген дәрігерлер 5 миллион теңгеге дейін көтермеақы алады. Соның арқасында дәрігерлер тапшылығы 2 есеге қысқарды.Дегенмен, ауруханаларда әлі де тар мамандар жетіспейді. Аймақ басшысының айтуынша, өткір тапшылық мамандықтары бойынша дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көтермеақы төлеу туралы шешім қабылданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/898109
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін кеңейту жөнінде кеңес өткізді 07.12.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.Көлік және логистика, отын-энергетика кешені, коммуналдық инфрақұрылым, туристік кластерді қосқанда, облыс экономикасының негізгі салаларын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.Премьер-министрге Маңғыстау облысының 2021-2023 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өңірлік өнімнің 50%-ға – 4,5 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз еткені баяндалды.2025 жылға дейінгі кезеңде 1,8 трлн теңге сомасына 259 іс-шараны іске асыру көзделген.Маңғыстау облысының еліміздегі көлік-логистика саласы үшін стратегиялық маңызын ескере отырып, республикалық маңызы бар ұзындығы 680 шақырымды құрайтын автожолдар учаскелерін жоспарлы реконструкциялауды қосқанда, Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. Теңіз портын, әуе және теміржол инфрақұрылымын кеңейту, түрлі қызмет көрсету және олардың сапасын арттыру басымдыққа ие болуы тиіс.Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68%-ға, ал контейнерлік тасымалдау 2,7 есеге артқанын баяндады.Теміржол көлігімен 2,3 млн тонна, теңіз жолымен — 6,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3%-ға артық.Премьер-министр Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту қажеттігіне тоқталды. Көлік министрлігіне Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп өңірге авиаотынды тікелей жеткізу, сондай-ақ шетелдік авиакомпанияларды тарта отырып, жаңа бағыттар бойынша субсидияланатын ішкі авиарейстерді ұлғайту мәселелерін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар Маңғыстау облысына басқа өңірлерден жолаушылар маршруттарын көбейту үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту маңызды.Олжас Бектенов «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағын кеңейту үшін әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңызына назар аударды. Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында облыс тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындарын ашу маңызды. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 525 жұмыс орнын ашқан 14 жоба іске қосылды.Бүгінгі таңда өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 17,2 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев салада тұрақты жұмыс орындарын ашу мақсатында инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 3,9 мың жұмыс орнын ашатын 1,5 трлн теңге сомасына 19 перспективалық жоба пысықталуда. Энергетика саласында жауапты министрліктің алдына «қызыл тәуекел аймағындағы» 19 энергия көзінің, жылу және электр магистралды және орамішілік желілердің тізбесіне кіретін МАЭК-ті жаңғырту бойынша міндеттер қойылды. Бұған дейін МАЭК-тің тұрақты жұмысы үшін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге бөлінген болатын. Жиында жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігі атап өтілді.«Өңірде жылумен жабдықтаудың ішкі кварталдық желілерінің жоғары деңгейде тозуы – үлкен мәселе. Жылыту маусымы басталғаннан бері 225 екпін тіркелді. Ақтау қаласының сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 82% құрайды. Біз қала тұрғындарының су тапшылығына шағымданатынын білеміз. Бұл мәселелерді бірінші кезекте облыс әкімдігі шешуі керек. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне әкімдікке көмек көрсету тапсырылды.Сондай-ақ Президенттің туризмді, оның ішінде «Кендірлі» курорттық аймағын дамыту бойынша қойған міндетін іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қаралды.Маңғыстау облысын жағажай туризмінің халықаралық орталығы ретінде ұзақмерзімді дамытуға бағытталған кешенді жоспар шеңберінде 2030 жылға дейін жеке инвестициялар тарта отырып, жалпы сомасы 165,1 млрд теңгені құрайтын 64 іс-шара жоспарланған. Басым жобалар қатарында «Жылы жағажай» және «Кендірлі» курорттық аймақтарын құру. Аталған шаралар туристер санын 1,3 млн адамға дейін арттыруға және өңірдің қонақ үй инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Туризм және спорт министрлігіне Облыстағы туризмді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеуде әкімдікке барынша жәрдем көрсету тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/898251