Әлем
Дүниежүзілік ислам лигасының өкілдері Астанадағы Съез Хатшылығының жиынына қатысады 11.07.2026
Рияд, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Әбделуахаб әш-Шехримен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар конфессияаралық диалогты тереңдету және мәдени-рухани жобаларды бірлесе жүзеге асыру мәселелерін талқылады.Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығы басшысының 2026 жылғы 7 қазанда Астанада өтетін Съез Хатшылығының XXIV отырысына қатысу үшін ДИЛ өкілін жіберу туралы ДИЛ Бас хатшысына жолдаған хаты табысталды.Өз кезегінде Ә.әш-Шехри Астанадағы алқалы жиынға ДИЛ өкілінің қатысатынын растап, өткен жылғы «Астана 2025 – Бейбітшілік декларациясының» жаһандық тұрақтылықтағы рөліне жоғары баға берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1246866?lang=ru
Ашықтық индексі бойынша техникалық оқу 11.07.2026
Бүгін, 2026 жылғы 24 маусымда Департаментте қызметкерлер үшін «е-Өтініш» АЖ-ға түсетін өтініштер бойынша ашықтық индексінің индикаторлары» тақырыбында техникалық оқу өткізілді. Оқыту барысында түскен өтініштермен жұмыс істеу тәртібі, оларды уақытылы әрі сапалы қарауға қойылатын талаптар, сондай-ақ ашықтық индексін қалыптастыруға әсер ететін көрсеткіштер қаралды. Өтініштердің орындалу мерзімдері мен сапасын сақтауға, мемлекеттік кірістер органдары қызметінің тиімділігін арттыру мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1246870?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуда 11.07.2026
Рияд, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Сыртқы істер министрінің көпжақты халықаралық қатынастар мәселелері бойынша орынбасары Әбделрахман Ибрахим әр-Рассимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды жаһандық бастамаларымен таныстырды. Атап айтқанда, Елші Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық бастамасының мәні мен маңызына ерекше тоқталып, толыққанды ақпарат берді.Сонымен қатар тараптар ислам әлеміндегі бірлік пен ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін сөз етіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) желісі бойынша алдағы уақытта өтетін жиындарға дайындық барысын пысықтады. Сондай-ақ көлік-логистикалық әлеуетті арттыру мен халықаралық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жоспарланған іс-шаралары аясында өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1246862?lang=ru
Дипломатиялық мектептегі KazAID дәрісі 11.07.2026
Астана, 2026 жылғы 23 маусым - Астана Дипломатиялық мектебінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жандос Асановтың дәрісі өтті. Шара барысында болашақ мамандар мен қатысушылар дамуға ресми көмек (ДРК) саласының ерекшеліктерімен және ұлттық агенттіктің негізгі қызмет бағыттарымен танысты.Дәріс аясында KazAID басшысы қазақстандық ДРК жүйесінің институционалдық қалыптасуы, Орталық Азияда және одан тыс аймақтарда халықаралық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның өңірдегі жетекші донор ретіндегі рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Спикер агенттіктің тұрақты дамуды ілгерілету, мемлекетаралық байланыстарды нығайту және жаһандық институттармен жұмысты үйлестіру саласындағы табысты кейстерін таныстырды.Кездесудің маңызды бөлігі кәсіби тәжірибе алмасуға арналды. Жандос Асанов тыңдаушылармен өзінің көпжылдық дипломатиялық қызметінен практикалық кеңестер бөлісіп, халықаралық дамуға ықпал ету саласындағы заманауи сын-қатерлер мен болашақ мамандарға қажетті құзыреттер туралы сөз қозғады. Шара соңында қатысушылар ашық пікірталас форматында көпжақты дипломатияның өзекті трендтерін талқылауға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1246847?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының екі ауылы Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізіміне енді 11.07.2026
Республикалық конкурс қорытындысы бойынша Қазақстанның 2026 жылғы ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізімі анықталды. Жеңімпаздар қатарына Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы Берел және Коробиха ауылдары енді.Сонымен қатар еліміздің ең үздік туристік ауылдарының бестігіне Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Басши ауылы, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Торайғыр ауылы және Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау ауылы кірді.Берел мен Коробиханың еліміздің ең үздік туристік ауылдары қатарына енуі Қазақстандағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі саналатын Катонқарағай ауданының жоғары туристік әлеуетінің мойындалуы болып табылады. Аталған елді мекендер туристерді бірегей табиғи ландшафттарымен, бай тарихи-мәдени мұрасымен, өзіндік дәстүрлерімен және экологиялық әрі танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктерімен тартады.Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылы Қазақстанның ең үздік туристік ауылдарының ТОП-5 тізіміне бірден екі ауылы енген еліміздегі жалғыз өңір болды.Бұл жетістік жергілікті атқарушы органдардың, ауыл тұрғындарының, туристік бизнес өкілдерінің және өңірдің туризм саласын дамытуға үлес қосып жүрген барлық азаматтардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1246840?lang=ru
Жазғы лагерь оқушылары кітапханаға экскурсия жасады 11.07.2026
Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасына Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушылары экскурсиямен келді. Танымдық шараның мақсаты – оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және жазғы демалыс уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге бағыттау.Экскурсия барысында балалар кітапхананың бөлімдерін аралап, оның жұмысымен жақынырақ танысты. Кітапхана мамандары оқырман болып тіркелу тәртібі, кітаптарды пайдалану ережелері, кітап қорының ерекшеліктері туралы айтып, түрлі жанрдағы балалар әдебиеттері, ертегілер, энциклопедиялар мен танымдық кітаптарды таныстырды. Сонымен қатар кітаптың адам өміріндегі орны мен кітап оқудың пайдасы жайында қызықты әңгіме өрбіді.Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кітапхана қорындағы қызықты кітаптарды тамашалады. Балалар белсенділік танытып, сүйікті шығармалары мен кейіпкерлері туралы ой бөлісті. Кітапхана қызметкерлері оларды жазғы демалыс кезінде кітапханаға жиі келіп, қызықты кітаптар оқуға шақырды.Аталған экскурсия балалардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырып, кітаппен достасуға мүмкіндік берді. Мұндай танымдық кездесулер жазғы лагерь бағдарламасын мазмұнды етіп, жас оқырмандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1246832?lang=ru
Орта дәліз Қазақстан мен Испания ынтымақтастығын кеңейтуге жол ашады 11.07.2026
Мадрид, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның Көлік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Хосе Антонио Сантаномен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар көлік-транзит саласындағы қазақ-испан ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға және Орталық Азия мен Еуропа арасындағы өзара байланыстылықты нығайтуға ерекше назар аударды.Қазақ дипломаты елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. ТХКБ бүгінде Еуразияның көлік архитектурасының маңызды элементтерінің біріне айналып, Шығыс пен Батыс арасындағы орнықты әрі әртараптандырылған сауда бағыттарын қамтамасыз етуге ықпал етіп отырғаны атап өтілді.Осы тұрғыда ТХКБ мүмкіндіктерін Еуропалық одақтың Global Gateway бастамасымен ұштастыру және Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықтың жаңа тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған сапары аясында іске қосылған Өзара байланыстылық күн тәртібі платформасына (Connectivity Agenda Platform) ерекше назар аударылды. Сондай-ақ логистика, көлік процестерін цифрландыру және заманауи инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.Сұхбаттасушылар көлік және азаматтық авиация салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) қоса алғанда, бейінді көпжақты алаңдардағы ұстанымдарды үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды ілгерілетуге және көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1246834?lang=ru
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары және ҚҚС бойынша ТОП-10 сұрақ-жауап 11.07.2026
Қандай жағдайларда акцизделетін тауарларға ТІЖ ресімделеді?Жауап: ҚР аумағына әкелуді және ҚР аумағынан әкетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарларды өткізу және (немесе) өткізу, оның ішінде ішкі өткізу кезінде; Жеке тұлғаларға ЖЖМ іске асыру кезінде ЖҚС ТІЖ жазып бере ме?Жауап: жоқ ЖЖМ-ді ЖҚС-нан бөлшек саудада өткізу кезінде сатып алушының талабы бойынша ТІЖ-дан үзінді көшірмені қоспағанда ТІЖ жазылмайды. Акцизделетін тауарларға ТІЖ қандай өлшем бірліктерінде жазылады (алкоголь, темекі өнімдері және мұнай өнімдері)?Жауап: этил спирті мен алкоголь өнімі литрмен, мұнай өнімдері тоннамен немесе литрмен. Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіз болып табылады?Жауап: Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз: қайтаруға мәлімделген қосылған құн салығының асып кетуі сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі, оны шағымдану нәтижелері ескеріле отырып (салық төлеуші шағым жасаған жағдайда); салықтық тексеру актісіне қорытынды. 5.Оңайлатылған ҚҚС қайтару рәсіміне кім құқылы?артық соманы қайтарудың жеңілдетілген тәртібін келесі салық төлеушілер қолдана алады:1.салықтық мониторингте тұрған және күнтізбелік жыл ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу айналымдарын жүзеге асырғанда;2.салық кезеңі ішінде жалпы салық салынатын өткізу айналымының кемінде 50 пайызы нөлдік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылған өткізу айналымынан тұратын салық төлеушілер.1.қайтару туралы талап ұсынылған күнге орындалмаған хабарламаның болмау;2.қайтару туралы талап ұсынылған күнге дейінгі онекі ай ішінде жүргізілген салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған салықтың артық сомасының болуы. Қандай жағдайларда және қалай қосымша құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркелу керек?Жауап: - Тіркеу тәртібі ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш шекті айналым мөлшерінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.Егер мәміле шекті мөлшерден асып кететін болса, салық төлеуші өтінішті мәмілені жүзеге асырғанға дейін ұсынуы қажет. -ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтын, бірақ ҚҚС салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуды жоспарлайтын тұлға салық органына қосымша құн салығы бойынша тіркеу үшін өз еркімен өтініш бере алады. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу үшін айналым қандай болу керек?Жауап: Егер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша айналым көрсеткіштің ең төменгі айналымынан асып кетсе - ай сайынғы есептелген 10 000 еселігінен (АЕК 2026 ж. - 4325 теңге * 10 000= 43 250 000 теңге) ҚҚС бойынша декларацияның мерзімдері қандай?Жауап: Әрбір салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларация (300.00 СЕТ) есепті салықтан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей тапсырылады ҚҚС қашан төлеу керек? Жауап: Қосылған құн салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей төленедіҚосылған құн салығын төлеушінің ҚҚС бойынша есепке алуды тіркеуден алып тастауы кезінде: -ҚҚС бойынша тарату декларациясын салық органына ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей (300.00 СЕТ)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246809?lang=ru
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды қадағалап бағалаудың жаңа моделі туралы 11.07.2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды қадағалап бағалаудың жаңа моделін әзірлеп, пилоттық режимде тестілеуден өткізді.Жаңа модель тәуекелге бағдарланған қадағалауды одан әрі дамытуға және инвесторлардың мүдделерін қорғауды, сондай-ақ корпоративтік басқару сапасын ескере отырып, кәсіби қатысушылардың қызметін бағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.Қадағалау тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі бағалы қағаздар нарығының дамуымен, кәсіби қатысушылардың клиенттік базасының кеңеюімен және іс-қимыл факторларының маңыздылығын арттырумен байланысты. Агенттіктің қадағалау болжамдары проблемалық аймақтарды барынша ертерек анықтауға, қадағалауды нақты күшейтуге және тәуекелдерді бағалау жүйесін жетілдіру арқылы нарықтың тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.Модельдің әдіснамалық негізі халықаралық стандарттарға, оның ішінде IOSCO қағидаттарына, сондай-ақ Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімделген шетелдік реттеушілердің (ESMA, FCA және т.б.) тәсілдеріне сүйенеді. Бағалау негізгі төрт блок бойынша жүргізіледі: инвесторлардың мүдделерін қорғау, корпоративтік басқару, бизнес-модельді талдау, клиенттердің деректері мен активтерін қорғау. Бағалаудың қорытындысы бойынша әрбір қатысушыға қадағалау іс-қимылдары жоспарының және реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстардың негізі болып табылатын рейтинг беріледі.Модельді пилоттық сынақтан өткізу нарыққа қатысушылардың практикасында дамытуды талап ететін бірқатар салаларды анықтауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, инвесторларға лайық емес қаржы өнімдерінің ұсынылуына жол бермеуге көмектесетін клиенттердің инвестициялық профилін бағалау рәсімдерін құру қажет. Теріс іс-әрекетке қарсы іс-қимыл жасау және нарықтың орнықтылығын сақтау үшін клиенттердің мәмілелерін нарықта айла-шарғы жасау белгілері тұрғысынан талдауды қамтамасыз ету талап етіледі. Директорлар кеңестері стратегиялық шешімдерді әзірлеуге, тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жеткілікті деңгейде қатыспайды, бұл мүдделер қақтығысының ықтималдығын арттырады.Модельді әзірлеу Агенттіктің қаржы нарығында іс-қимылды қадағалауды енгізу жөніндегі ауқымды жұмысының жалғасы болып табылады. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Агенттік жаңа модельге сәйкес қадағалап бағалау жүргізу жөніндегі ішкі нұсқауды әзірледі.Ағымдағы жылы ірі брокерлерді, дилерлер мен инвестициялық портфельді басқарушыларды қоса алғанда, қадағалап бағалауды тұтастай бағалы қағаздар нарығына қолдану жоспарлануда. Қажет болған жағдайда бағалау жаңа пайымдарды ескере отырып айқындалуы мүмкін.Жаңа қадағалау моделінің негізгі элементтері де ескерілетін болады және Бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының және Капитал нарығы туралы жаңа заңның ережелерімен салыстырылады, бұл реттеудің ашықтығын, орнықтылығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайтуға ықпал етеді. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1246786?lang=ru
Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді 11.07.2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Хаким Ұлан Табылдыұлы «Alatau City Bank» АҚ Төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі лауазымына келісілді (2026 жылғы 3 шілдедегі №49/БВУ/П хаттама.)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1254166?lang=ru
Жеңілдетілген декларация бойынша АСР бірнеше аймақтарда қолданылуы мүмкін 11.07.2026
Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер 2026 жылдан бастап қызметін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан бірнеше сауда нүктелерінде бірден жүзеге асыруға құқылы. Мұндай құқық ҚР Салық кодексінің 723-бабында көзделген.Енді қызметті Қазақстанның әртүрлі аудандарында, қалаларында және облыстарында орналасқан объектілер арқылы жүргізуге болады.Бұл ретте салық төлеуші 910.00 нысанындағы оңайлатылған декларацияда қызметті жүргізу орындары бойынша барлық аумақтық МКБ көрсетуге, сондай-ақ өзінің барлық объектілерінің мекенжайларын көрсетуге міндетті.Егер әртүрлі аймақтарда әртүрлі салық ставкалары қолданылса, кірістерді бөлек есепке алу қажет. Декларацияда жергілікті мәслихаттардың шешімдерімен өзгертілген ставкаларды қоса алғанда, тиісті салық ставкасы көрсетіледі.Қазір жеңілдетілген декларация негізінде АСР бойынша салықтың базалық ставкасы 4% -. құрайды. Бұл ретте жергілікті өкілді органдардың белгіленген мөлшерлеме мөлшерін 50% - дан аспайтын төмендетуге немесе арттыруға құқығы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246740?lang=ru
Дербес шот: қандай жағдайларда және беру қалай жүргізіледі 11.07.2026
Салық төлеушінің (салық агентінің) Дербес шотын, оның ішінде Мемлекеттік кірістер органдары арасында беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:1) өзгерген кезде:- жеке тұлғаның тұрғылықты (болған) жері;- орналасқан жері:* жеке кәсіпкер;* жеке практикамен айналысатын адамдар;* резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай - ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;* ҚР - да қызметін тұрақты мекеме арқылы филиал немесе өкілдік ашпай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;* бейрезиденттің тұрақты мекемесі деп танылған тәуелді агент;* салық агенті болып табылатын резидент емес;2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде-БСН Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;3) Резидент емес заңды тұлға КТС төлеу және декларацияны ұсыну тәртібіне ауысқан кезде ҚР - дағы тұрақты мекемелер тобы бойынша тұрақты мекемелердің бірі арқылы жиынтық түрде;4) салықтар мен басқа да төлемдерді қате төлеген кезде;5) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде - БСН Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жеке шотты заңды тұлғаның дербес шотына бере отырып.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246744?lang=ru
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған "Ұрпақтар диалогы: Мемлекеттік қызметтің сабақтастығы, тәжірибесі мен болашағы" тақырыбындағы дөңгелек үстел 11.07.2026
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында аудан әкімі аппаратымен "ұрпақтар диалогы: Мемлекеттік қызметтің сабақтастығы, тәжірибесі мен болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған мемлекеттік қызмет ардагерлері мен жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер шақырылды. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті, тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды.Мемлекеттік қызмет ардагерлері өздерінің еңбек қызметі туралы естеліктерімен бөлісті, жұмыстың әртүрлі жылдарында кездескен елеулі жетістіктері мен қиындықтары туралы айтты. Жас мамандар өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға, мемлекетке және азаматтарға жауапты қызмет ету қағидаттары туралы білуге, сондай-ақ аға буынның құнды өмірлік және кәсіби тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік алды.Кездесу барысында ұрпақтар сабақтастығының, Мемлекеттік қызметтің үздік дәстүрлерін сақтаудың және жас қызметкерлердің жауапкершілік сезімін тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1246707?lang=ru
Бизнесті қайта құру-тек салықтық бақылаудан кейін 11.07.2026
Мемлекеттік кірістер органдары салықты төлеуден жалтару схемаларын, соның ішінде негізсіз салықтық пайда алу үшін компанияларды қайта құруды пайдалануды, оның ішінде ҚҚС бойынша анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілерді қайта ұйымдастыру салықтық әкімшілендіруден кейін ғана жүргізілетін болады: камералдық бақылау – міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібімен немесе салықтық тексеру – қалған жағдайларда.Жеңілдетілген тәртіп бірқатар шарттар сақталған кезде қолданылады: ескіру мерзімі шегінде ҚҚС бойынша тіркеудің болмауы, шағын айналымдар, қарыздың болмауы және басқа да қауіп факторлары.Жаңа нормалар қайта құру кезінде салық міндеттемесін орындау ережелерімен бекітілген.Бұдан басқа, ҚҚС-тың 300 АЕК-тен асуы кешенді салықтық тексеру қорытындылары бойынша сомалардың дұрыстығын растағаннан кейін ғана құқықтық мирасқорға берілуі мүмкін.МКД салық заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246708?lang=ru
ШФҚ үшін АСР: 2026 жылдан бері не өзгерді 11.07.2026
2026 жылдан бастап шаруа және фермер қожалықтары (шаруа қожалықтары) үшін арнайы салық режимін қолданудағы басты өзгеріс - бірыңғай жер салығын жою және салық салудың жаңа тәртібіне көшу.ҚР-да жер учаскелерін иеленетін немесе пайдаланатын шаруа қожалықтары АСР-ді қолдана алады. Режим кем дегенде бір күнтізбелік жылға жарамды. Шарттар бұзылған жағдайда ШФҚ жалпыға бірдей белгіленген режимге ауыстырылады.SNR тек өзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, өңдеуге және сатуға қолданылады. Акцизделетін тауарларды өндіру және сату режимге жатпайды.ЖТС салық салу объектісінің 0,5% ставкасы бойынша дербес есептеледі. ЖТС-ны 70% - ға төмендету бойынша бұрын қолданыста болған жеңілдік жойылды.АСР-дағы ШҚҚ жер, мүліктік және көлік салықтарын, әлеуметтік салықты, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны, сондай-ақ ҚҚС-ты (резидент емес үшін импортқа ҚҚС-ты және ҚҚС-ты қоспағанда) төлеуден босатылады.Декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246688?lang=ru
Салықтық тексерулер бойынша ТОП 10 сұрақ - жауап 11.07.2026
Салықтық тексерулерді кім жүзеге асырады?Жауабы бар: салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады;Салықтық тексерулердің қандай нысандары бар?Жауабы бар: салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады; 3. Салықтық тексерулер қандай жағдайларда тағайындалады? Жауабы бар: Салықтық тексеру келесі жағдайларда тағайындалады:1) салық төлеушінің (салық агентінің) осы Салық кодексінде көзделген өтінішті, талаптарды беруі;2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздердің болуы;3) салық органы салықтық тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайларда; Салықтық тексеру не негізінде жүргізіледі? Жауабы бар: салықтық тексеру нұсқаманы ңнегізінде жүргізіледі; Салықтық тексеру жүргізуге нұсқаманы кім тапсырады? Жауабы бар: тексеруді жүргізетін салық органының лауазымды адамы нұсқаманы салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді; Салықтық тексеру актісі қанша данада жасалады? Жауабы бар: салықтық тексеру актісі кемінде екі дана болатын санда жасалады; Салықтық тексерулерді жүргізу мерзімі қандай?Жауабы бар: салық кодексінің 163-бабының 1-тармағына сәйкес нұсқамада көрсетілетін салықтық тексеру жүргізу мерзімі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, нұсқама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс; Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізуге арналған нұсқамада қандай ең ұзақ мерзім көрсетілуі мүмкін? Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспауға тиiс; Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша салықтық тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексеруді тоқтатуға жол беріле ме? Жауабы бар: жол берілмейді;Кімнің қатысуымен хронометраждық тексеру жүргізіледі? Жауабы бар: хронометраждық зерттеп-қарау салық төлеушінің және (немесе) оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1246690?lang=ru
«Еңбек жолы - 2026» республикалық байқауға қатысуға шақырамыз 11.07.2026
«Еңбек жолы - 2026» республикалық байқауға қатысуға шақырамызКонкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Конкурс жеңімпаздарын өңірлік және республикалық комиссиялар келесі номинациялар бойынша екі кезеңде айқындайды:1) «Үздік еңбек әулеті» - осы кәсіпорында ең ұзақ еңбек өтілі бар ең көп марапаттары бар ең көп әулет (бір отбасының үш және одан да көп ұрпағы) таңдалады.2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл).3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды);Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сомаға сертификаттар беріледі:- 1 орын үшін - 1 000 000 (миллион) теңге;- 2 орын үшін - 500 000 (бес жүз мың) теңге;- 3 орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге.Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 01 шілдеге дейін қағаз түрінде және "Qamqor.enbek.kz" платформасы арқылы. «Еңбек жолы» байқауына қатысу ережесі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (Абай қ., М. Әуезов к-сі, 30, № 1 каб, анықтама телефоны 4 46 12) білуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1246691?lang=ru
EGov Business те ЖК қызметін тоқтату қызметі пайда болды 11.07.2026
EGov Business мобильді қосымшасында "жеке кәсіпкердің (ЖК) қызметін тоқтату" жаңа мемлекеттік қызметі қолжетімді болды.Сервис беру кезеңінде мемлекеттік органдарға бармай-ақ ЖК жабуға өтінішті толығымен онлайн түрде беруге мүмкіндік береді.Қызмет жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға арналған. Пайдаланушылар қолданбаның барлық кезеңдерінен өтіп, нақты уақыт режимінде өтінім күйін бақылай алады.Өтініш беру үшін eGov Business-ке кіріп, "бизнесті тіркеу және тоқтату" бөлімін және "ЖК қызметін тоқтату" қызметін таңдап, содан кейін салықтық өтініштің санатын көрсету қажет:- D-камералдық бақылау жүргізе отырып, қызметті тоқтату;- E-қызметті камералдық бақылаусыз оңайлатылған тәртіппен тоқтату.Әрі қарай, сіз Мемлекеттік кірістер органын таңдап, Деректерді өңдеуге келісімді растап, жылдам қол жеткізу коды, Face ID немесе Touch ID көмегімен өтінімге қол қоюыңыз керек.Қызмет нәтижесі қайта кірген кезде қол жетімді болады. "Өңделген" мәртебесі Мемлекеттік кірістер органдарының базасында ЖК қызметінің ресми тоқтатылғанын растайды.Сондай-ақ порталда eGov.kz 2017 жылдан бастап қолданыстағы заңды тұлғаларды тарату қызметі қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246693?lang=ru
ЕАЭО шеңберінде тауарлар импорты кезіндегі камералдық бақылау 11.07.2026
ЕАЭО шеңберінде тауарлар импорты кезіндегі камералдық бақылауБҚО МКД камералдық бақылау шеңберінде салық төлеушілерге ЕАЭО елдерінен тауарлар импорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу (328.00 ТНК) туралы өтініштерді ұсынбау фактілері бойынша хабарламалар жіберу жүзеге асырылатынын хабарлайды.Хабарламалар тауарлардың өткізілуі және табыс етілген салық есептілігі туралы деректерді қоса алғанда, ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.Хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған (алған) күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.Хабарлама мынадай жағдайларда орындалды деп есептеледі:- егер мұндай өтініш ұсынылуға жататын болса, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш беру;- не өтінішті ұсынбау себептерін көрсете отырып, түсініктеме беру.Өтініш немесе түсініктеме беру хабарламаны орындалды деп тану үшін негіз болып табылады.БҚО МКД салық төлеушілерге келіп түскен хабарламаларды уақтылы тексеруді және салық заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1246682?lang=ru
БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында "Ашық есік күніне" шақырады 11.07.2026
Баспасөз хабарламасы 2026 жылдың 26 маусымында 11:00, 12:00, 15:00, 16:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb25af9f74b19b9e69eed3c275f52e1bf.Еvent-кеңестің нөмірі: 2511 356 7852Еvent-кеңестің паролі: 123456 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! Помимо этого, ответственные работники региональных подразделений ответят на вопросы и предоставят индивидуальные консультации посетителям мероприятия. Напоминаем, что «День открытых дверей» пройдёт в онлайн-формате 26 июня 2026 года в 11:00 и 15:00 на казахском языке, 12:00 и 16:00 на русском языке. Для принятия участия в мероприятии каждому участнику необходимо перейти по ссылке https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb25af9f74b19b9e69eed3c275f52e1bfПосле чего ввести номер event-совещания: 2511 356 7852 и пароль event-совещания: 123456АО «ЕНПФ» ждет своих вкладчиков, получателей и всех желающих в «День открытых дверей»! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1246683?lang=ru