Әлем
Абай облысы студенттері республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынамақ 16.11.2024
Астанада «WorldSkills Kazakhstan - 2024» IX республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу рәсімі Экспо көрме залында өтті. Жарысқа 22 жасқа дейінгі 555 студент қатысады.Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсібінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.Бес күндік сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас мамандар 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы аттанды.Айта кетейік, «WorldSkills Kazakhstan-2023» VIII республикалық чемпионатында Абай облысының командасы командалық есепте 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль, 12 медальон жеңіп алып, көш бастаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/883605
ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан 10 экспонат ұсынды. Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырды.Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған және оны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады https://artsandculture.google.com/pocketgallery/nAWxtrFiZ4dQ1Q.Google Arts & Culture – бұл әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мыңнан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшірмелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени мекемелердің мұрағаттарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көрмелер бар.«Жібек жолының ортақ мұрасы» виртуалды көрмесі Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігерінен тұрады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883594
Семейде Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған республикалық конференция өтті 16.11.2024
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында абайтанушы Төлеужар Ибрагимовтың 85 жылдығына арналған «Семей руханияты және Төлеужар Ибрагимов» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.Іс-шара барысында Төлеужар Ибрагимовтың шығармашылық мұрасын зерттеу, насихаттау және Абай облысының әдебиет пен мәдениетінің рухани құндылықтарын ұлықтау мәселелері талқыланды. Конференция аясында «Оймен оңаша» әдеби-музыкалық еске алу кеші, «Абай деп соққан жүрегі» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, Төлеужар Ибрагимовтың абайтану саласындағы рөлі туралы зерттеулері таныстырылды.Конференцияға филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева, Мәдениет саласының үздігі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы және басқа да сарапшылар қатысты.Сондай-ақ, Абай атындағы театр актерлері мен «Дариға-ай» жастар труппасы «Оймен оңаша» атты композициялық көрініс және «Жас Абай» спектаклінен үзінді қойды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883602
Астанада Герольд Бельгердің екі томдық жинағының тұсаукесері өтті 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті аудармашысы, жазушы және публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай екі томдық «Таңдамалылар» кітабының тұсаукесері өтті.Оған мәдениет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар мен аудармашылар, сондай-ақ Ресей дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.Іс-шарада ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.Министр құттықтауында Герольд Бельгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетін дәріптеудегі адал қызметі мен көптілді мұрасы келешек ұрпақ үшін маңызды құндылық екені айтылған.«Бұл жинақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіретін «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көріп, еліміздің кітапханаларына таратылады. Бұдан бөлек биыл бірегей тұлғаға арналған жүзден астам рухани іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен аталып өтуде. Жылдың кейінгі ширегінің өзінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 32 іс-шара жоспарланып, қалыңорман оқырмандарға ұсынылуда. Министрлік тарапынан жазушының шығармашылығы мен өмір жолын насихаттау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде», – делінген құттықтау хатта.Жазушының қызы Ирина Ковалева-Бельгер тұсаукесерге онлайн қатысып, мерейтойға орай өткізіліп жатқан шаралар туралы ойымен бөлісті.«Қазақстанның әр өңірінде Герольд Бельгердің 90 жылдық мерейтойы аясында көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сондай маңызды шараның бірі – екі томдық жинақтың жарық көруі. Бірінші томда ең үздік әңгімелері мен шығармалары жинақталған. Екінші том өміріндегі аса қымбат жандарға, бірге өмір сүрген, өзі талантын жоғары бағалаған адамдарға арналған. Оның шығармашылығы мен өміріне қызығушылық танытып, насихаттап жатқандарыңыз үшін шексіз алғыс білдіреміз», – деді И. Ковалева-Бельгер.Герольд Бельгердің жаңа екі томдық «Таңдамалылар» жинағына 140-тан аса шығармалары мен аудармалары еніп, әрқайсысы 3000 данамен жарыққа шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/883612
Қазақстан транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндама ұсынды 16.11.2024
Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды.Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру және әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ «Жасыл даму» АҚ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды.BTR1 негізгі бөлігі «Жасыл даму»АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама болып табылады. БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/883610
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда 16.11.2024
Көлік министрі Марат Қарабаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасудаКөлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.«Ай сайын азаматтарды қабылдап, өңірлердегі тұрғындармен кездесу өткізуге тырысамыз. Бұл кері байланысты айтарлықтай нығайтуға және тұрғындарға консультативтік және ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Негізінен тұрғындар жол құрылысы, автоматтандырылған өлшеу жүйесін орнату, теміржол және әуе рейстерінің санын арттыру және басқа да мәселелерді көтереді», - деді министр.Жалпы бұл кездесулерге 100-ге жуық адам келді.Барлық өтініш берушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/883603
Mitsubishi Corporation Қазақстандағы қызметті кеңейту мүмкіндігін қарастыруда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 13 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек Қазақстандағы «Mitsubishi Corporation» бас директоры Тецуя Сугитамен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында Ә.Қуантыров Қазақстанның жаңа инвестициялық саясаты одан әрі экспортқа баса назар аудара отырып, қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға бағытталғанын атап өтті. Осыған байланысты озық жапон технологиялары кадрлық және технологиялық әлеуетті нығайтуда маңызды рөл атқара алады.Кездесу барысында «Mitsubishi Corporation» өкілдері тұрақты даму мен көміртегі ізін азайтуға бағытталған 2024 жылғы корпоративтік стратегиясын ұсынды. Кездесу аясында қазақстандық тарапқа сутегі технологияларын пайдалану үшін инфрақұрылым құру және жаңартылатын энергетика саласында шешімдер әзірлеу сияқты перспективалы жобалар ұсынылды. Осыған байланысты, компанияның энергетикалық инновацияларға, цифрлық трансформацияға және жоғары технологиялық өндіріске беретін маңызы Қазақстанның төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі мақсаттарына толық сәйкес келеді.Тараптар орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде энергетика секторында, инфрақұрылымда және өнеркәсіпте озық технологияларды енгізу мен жобаларды іске асыруды талқылады. «Mitsubishi Corporation» өкілдері компанияның Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге және өңірдің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді. Бұған дейін «C5+Жапония» бизнес-форумы аясында «Mitsubishi Corporation» компаниясы «Central Asia Climate Foundation» және «Rakurs Tech LLC» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар компанияның энергетикалық және цифрлық трансформация саласындағы жаһандық бастамаларын ескере отырып, ынтымақтастықты дамытуға келісті.Анықтама: 1993 жылдан бастап «Mitsubishi Corporation» Қазақстанда үш өкілдік ашты. Елімізде жұмыс істеген жылдары корпорация бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты: «Батыс Қазақстандағы автомобиль жолдарын оңалту», «Қызылорда қаласын сумен жабдықтауды қайта құру және жақсарту», «Темір жолдарды жөндеу үшін техника жеткізу» және т.б. Токио қаласындағы бас кеңсенің мәліметінше, корпорация «Теңізшевройл» және «Ақтөбемұнайгаз» компанияларына коррозияға қарсы тұрақтылығы жоғары 30 мың тонна болат құбыр жеткізген. Адами ресурстарды дамыту жөніндегі қызмет шеңберінде «Mitsubishi Corporation» заманауи жабдықтармен жабдықталған ҚБТУ-дың бірнеше оқу және ғылыми зертханаларының ашылуына демеушілік жасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/883597
Қазақстан қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі ЕО конференциясына қатысты 16.11.2024
Брюссель, 2024 жылғы 12-13 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Еуропалық одақтың қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі конференциясына қатысты.Іс-шараға Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропалық комиссияның, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және басқа да елдердің жоғары деңгейдегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасының, БҰҰ-ның Қарусыздану проблемаларын зерттеу институтының, Венадағы қарусыздану және таратпау жөніндегі орталығының, МАГАТЭ, ЯСЖТШҰ, жетекші ғылыми, білім беру мекемелерінің және халықаралық талдау орталықтарының өкілдері қатысты.2026 жылғы ЯҚТШ Шолу конференциясының Дайындық комитетінің екінші сессиясының төрағасы ретінде баяндама жасай отырып, А. Рахметуллин қолданыстағы сын-қатерлерге қарамастан, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт(ЯҚТШ) әлі де ядролық қарусыздану мен таратпаудың іргелі және әмбебап тетігі, сондай-ақ осы мәселелерді талқылау үшін негізгі форум болып қалатынын растады. Ол Шарттың тұтастығы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін атап өтті.Келесі жылы қорытынды дайындық комитетінің жұмысында жауапты ұжымдық көзқарастың сақталуына үміт білдіре отырып, қазақ дипломаты бұл нақты және мазмұнды ұсынымдар қабылданатын 2026 жылғы ЯҚТШ-ны орындау бойынша шолу конференциясын сәтті өткізуге негіз болатынына сендірді.Конференцияға қатысушылар ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы берік халықаралық шарттық-құқықтық базаны атап өтіп, мультилатерализм қағидаттарын сақтаудың және тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/883600
Астанада рұқсатсыз салынған нысан бұзылады 16.11.2024
Елордалық қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы нысанды өз бетінше салуынған нысанның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Қала прокуратурасының үйлестіруімен елорда аумағында азаматтардың қаражатын тиісті рұқсатсыз заңсыз тарту фактісі анықталды.Құрылыс салушы «INTER Stroy Astana» ЖШС «QURMANGAZY» көпқабатты үй салу үшін үлескерлердің ақшасын қабылдаған.Құрылысқа тапсырыс беруші объектіде жерге тиісті құқық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болмаған, осыған қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады, бұл өз кезегінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзу болып саналады.Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған жол берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Берілген нұсқаманы орындау үшін құрылыс салушы ерікті түрде заңсыз объектіні бұзу бойынша іс-шара жүргізеді.Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883581
Астанадағы Еуразиялық құрылтай бойынша әлеуметтік кәсіпкерлерге 1000 ға жуық адам қатысады 16.11.2024
Елордада 14-15 қараша аралығында «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инновациялар» тақырыбында ауқымды Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтіп жатыр. Форумның мақсаты – тәжірибе алмасу, стратегиялық серіктестіктер орнату және ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты кейстерді таныстыру үшін көшбасшылар мен сарапшыларды біріктіру, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Оған 1000-ға жуық адам, оның ішінде бизнес өкілдері, блогерлер және әлеуметтік экономиканы дамытуға мүдделі белсенділер қатысады. Сондай-ақ, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Үндістан және басқа елдерден халықаралық спикерлер қатысады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, құрылтайға қатысу – бұл жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларда бірлесіп жұмыс істеу үшін пікірлес адамдарды табу мүмкіндігі.«Біздің басты міндетіміз – қоғамдағы әлеуметтік түйткілді тақырыптардың маңыздылығын көрсету үшін әлеуметтік өзгерістер көшбасшыларын, әлеуметтік жауапты бизнес, үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдар өкілдерін біріктіру. Бірінші кезекте әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуметтік бағыттағы өзекті мәселелерді шешуде», - деп бөлісті әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төрағасы Эмин Аскеров.Іс-шара барысында қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің жәрмеңкесі, «Үздік әлеуметтік кәсіпкер-2024» номинациясы бойынша марапаттау және меморандумдарға қол қою күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883586
Өнерден спортқа дейін: Астанада студенттер фестивалінің жеңімпаздары анықталды 16.11.2024
Елордада JASTAR JALYNY-2024 студенттік шығармашылық-спорттық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Халықаралық студенттер күні қарсаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Фестивальдің мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және дарынды студенттер мен ұжымдардың дамуына жағдай жасау болды.Іс-шара барысында студенттер спорт пен өнердегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, командада жұмыс істеуге, өз ойын білдіруге және көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге үйренді.«Студенттік өмір – бұл мәңгі есте қалатын уақыт, оны ұмыту мүмкін емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, одан әрі дамудың негізі және әр елдің болашағы. Бүгінгі таңда елордада қаламыздың дамуына үлес қосып, болашағымызды қамтамасыз ететін 450 мың жас тұрады. Құрметті жастар, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жарқын естеліктерге толы жастық сіздерге тек жетістіктер мен қуанышты сәтке толы болсын», - деді фестиваль жеңімпаздарын құттықтаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.Конкурстық бағдарламаға елорданың 15 ЖОО-ның 100 мыңға жуық студенті қатысты.Фестиваль қатысушыларын кәсіби мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, сондай-ақ белгілі әртістер, хореографтар мен видеографтар бағалады.Студенттер футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, эстрада, домбыра, ұлттық және заманауи би, театр және мобилография сияқты өнер және спорт түрлері бойынша бақ сынасты.«Жеңіс жақсы дайындық пен өз қабілеттеріне деген сенімділіктің нәтижесі болды. Фестивальде жаңа адамдармен араласу мені шабыттандырды. Студенттердің шахматқа қызығушылық танытып, өздеріне қолдау көрсетіп жатқанын көру қуаныш пен мотивация береді», - деді әлем чемпионы, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан әйелдер құрамасы құрамасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Меруерт Камалиденова.Гран-при барлық номинациялардың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Қазақ ұлттық өнер университетіне берілді. Фестивальдің бас жүлдесі 500 000 теңгені құрады. Екінші командалық орынға дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, үшінші орынға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ие болды.Әр номинацияның жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бірінші орын үшін 100 000 теңгеден, екінші орынға 70 000 теңгеден, үшінші орынға 50 000 теңгеден табыс етілді.Номинациялар бойынша жеңімпаздар:Шахмат: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Astana IT University, III орын – Назарбаев Университеті.Ұлттық би: I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы, II орын – Esil University, III орын – Astana International University.Мобилография: I орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы.Ұлттық аспап (домбыра): I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, III орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.Эстрада: I орын – «Тұран-Астана» университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Esil University.Театр: I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.Футбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.Үстел теннисі: I орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, II орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, III орын – Назарбаев Университеті.Волейбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – Мақасұт Нәрікбаев университеті.Заманауи би: I орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Astana IT University.Фестивальдің соңғы рәсімі нағыз шоуға ұласты. Іс-шарада танымал AYREE және QARAKESEK әртістері өнер көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/883589
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ 16.11.2024
ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға Астана қаласы мен Жамбыл облысының азаматтары қатысып, министрге жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласына қатысты сұрақтарын қойды. Министр Саясат Нұрбек тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ол қабылдау барысында азаматтардың көтерген мәселелерінің маңыздылығына тоқталып, қоғамды алаңдататын жоғары білім саласындағы өзекті сұрақтарды шешу – министрліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ведомство басшысы ғылым және жоғары білім саласындағы соңғы жетістіктер мен енгізілген жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Ол жоғары білім беру жүйесін дамыту, зерттеу инфрақұрылымын кеңейту және қазақстандық университеттердің халықаралық аренадағы беделін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министр азаматтардың ұсыныстарын ескеріп, сала басшыларына осы мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Тұрғындардың талап-тілектерін негізге ала отырып, бұл мәселелердің уақтылы әрі тиімді шешілуіне назар аударылатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай қабылдаулар халықпен байланысты нығайтуға және азаматтардың қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Министрлік азаматтармен ашық және тұрақты байланыс орнатуды жалғастыра бермек, бұл өз кезегінде ғылым және жоғары білім беру саласының сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жетілдіруге ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/883592
Әділет министрлігінде құмар ойындарға тәуелділіктен (лудомания) алдын алу шаралары туралы семинар өтті 16.11.2024
2024 жылдың 13 қарашасында Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ұйымдастыруымен министрліктің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық әділет департаменттері және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметшілері үшін құмар ойындарға тәуелділіктен (лудомания) алдын алу шаралары туралы семинар өтті.Лудомания – бұл адамның құмар ойындарға патологиялық тәуелділігі, яғни ойынға бақылаусыз әуестік, ол адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және әлеуметтік қарым-қатынасына зиян келтіруі мүмкін. Семинарда осы тәуелділіктің зияны, оның алғашқы белгілері мен одан арылу жолдары туралы мәлімет берілді. Клиникалық психолог Жаннат Кенжебайқызы Нуркина тәуелділікті болдырмау бойынша кеңестер ұсынып, қызметкерлерге практикалық ұсыныстар айтты.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» және «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын мекемелеріне барудан тартыну және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер белгіленген. Бұл талаптарды сақтау мемлекеттік қызметшілердің абыройын және қоғамдық сенімін қолдауға ықпал етеді.Семинар барысында қызметкерлер психологтан жан-жақты ақпарат пен тиісті кеңестерді алуға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/883587
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды іс-шаралар өткізілді. Олардың барлығы табиғи аумақтарды таза ұстауға, тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға және қоршаған ортаға қамқорлықты насихаттауға бағытталған. Қалалар мен аудандарда «таза бейсенбі» ұйымдастырылды. Аталған іс шараға мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, мұғалімдер мен оқушылар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.Жезқазған қаласының мектептерінде «Менің таза қалам» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ал Сәтбаев қаласында технологиялық колледж студенттері арасында «Таза Қазақстан» атты ашық сабақ ұйымдастырылды.Қоршаған ортаға қамқорлықтың маңыздылығы, табиғатты қорғау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, жастар экологиялық тақырыптағы креативті роликтер дайындау бойынша «Таза қала» акциясына және «тазалық ауланнан баста» тақырыбындағы онлайн челленджге белсенді қатысты. Қаражал қаласында қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда тұрғындар арасында «бұл менің қоқысым емес, бірақ бұл менің планетам» атты челлендж және «Табиғатты аялайық». Ұлытау ауданы да шетте қалмады. Онда жастар «бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» дөңгелек үстеліне қатысты. Жастар қоқысты бөлек жинау не үшін және оны қалай ұйымдастыру керектігі туралы айтты. «Таза Қазақстан» акциясына Жаңаарқа ауданы тұрғындары өз үлестерін қосты. Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында ауданда буклеттер таратылды.Жалпы білім беретін мектептерде «қалдықтарға екінші өмір сыйла» байқауы және «мектепке гүл әкел» акциясы өтті. Жалпы, бұл күні облыс тұрғындары қалдықтарды қайта өңдеу, энергия мен суды үнемдеу, табиғи ресурстарды сақтау бойынша пайдалы кеңестер алды. Олар акцияға оң көзқараспен қарап, алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізуге ниет білдірді. Мұның бәрі экологиялық мәдениетті нығайту және аймақтағы қоршаған ортаны сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/883542
Алматының Жетісу ауданында 2025 жылдың соңына қарай 97 шақырымнан астам жаңа инженерлік желілер салынады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты.Бұрын бұл учаскеде магистральдық желілер болмаған. Кеңес заманында тұрғындар ұжымдық су құбырын тартып, кейін жеке желілерге қосылды. Құбырлардың кіші диаметріне және халық санының өсуіне байланысты қысым және сәйкесінше су тапшылығы болды. Пайдалану кезінде тозған құбыр жүктемелерге төтеп бере алмады, соның салдарынан жиі қысым әріісумен жабдықтауда үзілістер болды.Жетісу ауданында сумен жабдықтаудың және суды бұрудың жаңа желілерін салудың ауқымды құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жоба бойынша инженерлік желілердің жалпы ұзындығы-97,75 км: 25,7 км су құбыры және 72 км – кәріз желілері. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 30%-ды құрайды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.Сондай-ақ, жобада жолдың бүкіл ені бойынша 13 көшеде асфальт төсемді қалпына келтіру көзделген, оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды: Таймыр, Мещерский, Шілдехана, Февральская, Обская, Феоктистов, Леонов, Быковский, Серіков. Боралдай және Октябрьская көшелері бойынша ұзындығы 1,5 км жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Логовая және Ермолова көшелерінде жүргізіледі.Жоба аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық абонент орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.Қала басшысы Жетісу ауданының әкіміне құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ерболат Досаев бұл жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды әрі Жеісу ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883532
Алматыда осы демалыс күндері Жансүгіров – Сейфуллин қиылысындағы тоннельде қозғалыс ашылады 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында жолайырықтың құрылыс қарқынымен танысты. Жобаны жүзеге асыру 2017 жылы басталған болатын, алайда 259 жер телімін сатып алу қажеттілігіне байланысты ұзаққа созылды. Соңғы жер телімі биыл мамыр айында босатылды. Жоба бойынша Сейфуллин даңғылында көліктердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі тоннель салу қарастырылған. Ал Жансүгіров көшесі бойынша көлік қозғалысы жер деңгейінде жүзеге асады. Сонымен қатар, 4 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және іргелес аумақты көгалдандыру жоспарланған. Қазір барлық бұрылыс жолға асфальтбетон жабыны төселіп, бір жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, сондай-ақ кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон жабын төсеу аяқталды. Демалыс күндері осы тоннельдер арқылы қозғалыс ашылып, ауа райы қолайлы болса уақытша жол таңбаларын сызу жоспарланған. Қала әкімі құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, нысанды абаттандырумен бірге келесі жылдың маусым айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Айта кету керек, жолайырық іске қосылғаннан кейін Жансүгіров көшесінің өткізу қабілеті 15%-ға, Сейфуллин даңғылының өткізу қабілеті 20%-ға артады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/883570
Әйтеке би ауданында 40-қа жуық отбасы желтоқсан айында үйлі болмақ 16.11.2024
Бұл отбасылар тұрғын үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұр. Ауданда жалпы саны 316 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, тұрғын үй саласындағы өзгерістерге тоқталды. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық үйлер 2021 жылдан бері салынуда. 2023 жылдың қазан айында ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров құрылысы ұзаққа созылған нысанды тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырып, қатаң бақылауына алған еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі жобаға қайта өзгеріс енгізді. Биылғы жылы мердігер мекеме «Baspana Build» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда. Желтоқсан айында 16 пәтер иесі анықталып, кілттері табысталмақ.«Аталмыш жобаның құны – 298 млн теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазір толығымен аяқталуы жақын. Үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Дәулетияр Тоғызбаев. Аудан әкімінің айтуынша, бұдан бөлек Қарабұтақ ауылында екі пәтерлі 11 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің де құрылысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жалпы құны 327 млн теңгені құрайтын жоба аяқталған соң, тағы 22 ауыл тұрғыны баспаналы болмақ. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/883565
Қанат Шарлапаев ірі қытайлық Xinjiang Lihua Co компаниясымен инвестициялық жобаны талқылады 16.11.2024
2024 жылғы 14 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың жетекшілігімен қытайлық «Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd.» (Синцзянь Лихуа Групп) компаниясымен Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жобасын жүзеге асыру туралы кездесу өтті.Xinjiang Lihua (Group) Co. мақта өсіру және оны озық өңдеу саласындағы Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын мақта-матадан жіп пен маталар, дайын тоқыма бұйымдары сияқты жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.Жиынға Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, сондай-ақ қытайлық «K&K 86 LTD» компаниясының басшысы Сюй Цзе қатысты.Бірлескен жоба Түркістан облысындағы «TURAN» АЭА-да мақта-тоқыма кластерін құруды көздейді.Жоба 2 кезеңде жүзеге асырылады деп күтілуде және келесі нысандардың құрылысын қамтиды: ПВХ құбырларын шығаратын зауыт; тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт; мақта өңдейтін 2 зауыт; иіру фабрикасы; зығыр мата өндіру бойынша тоқыма фабрикасы; бояу және өңдеу зауыты; тігін фабрикасыЖобаның жалпы құны 180 млрд теңгені құрайды, толық іске асырылған кезде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.Бүгінгі күні тамшылатып суару жүйесі орнатылып, 1120 га алқапқа егіс жұмыстары жүргізілді. Мақта өнімділігі 55 ц/га құрады. Иіру фабрикасының құрылысы басталды.Министр бұл жобаны жүзеге асырудың Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамытудағы маңыздылығын және оны қолдауға жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883579
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі кезеңге дайындық тексерілді 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Балғабаев өңірдің халқы мен аумағын тасқын судан қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына баға берді,Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік инспектор төтенше жағдайлар және су ресурстары министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп, алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуына бағалау жүргізді.Облыстың Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарын және Петропавл қаласының аралау нәтижелері бойынша қазіргі уақытта қорғаныс құрылыстары мен қаптамаларды салу, нығайту бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша басқа да іс-шаралар толық жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/883551
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ 16.11.2024
Түркістан өңірінде кәсіп ашқысы келетін инвесторларға жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кезекті инвестициялық штаб отырысын өткізіп, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Әкім энергетика саласы, сүт өңдеу зауыты, тігін фабрикасы, медициналық бұйымдар өндірісі, мал бордақылау алаңы, кір жуатын ұнтақ, тұрмыстық химия өндірісін қолға алған инвесторлармен жұмыс барысын пысықтады.Инвестициялық штаб отырысында көрсетілетін жан-жақты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруына ықпал ететіні айтылды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді.– Қағазбастылық дегенді доғару қажет. Инвесторлардың түрлі кедергілерге тап болуына жол берілмеу керек. Ол үшін әр әкім, басқарма басшылары тікелей жауапты екенін ескертемін. Әр инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда. Ешқандай тежеу болмауы керек. Электр энергиясы, газ бойынша мәселе туындаған жағдайда, шұғыл әрекет етіп, шешу қажет. Оны созбалаңға салудың өзі – сын. Аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласына басымдық беріледі. Тапсырма берілгенін күтіп отырмай, бастама көтеріп, дербес жұмыс істей біліңіздер, – деді Дархан Сатыбалды.Сондай-ақ Дархан Сатыбалды таныстырылған жаңа жобалардың маңыздылығына назар аударып, аудан басшылары мен жауапты сала басшыларына инвесторларға қолдау көрсетуді тапсырды. Аудан, қала әкімдерінің жұмысы инвестиция тартумен, халықты жұмыс орнымен қамтумен бағаланатынын еске салды.Түркістан облысында қазіргі уақытта өндірісті дамыту бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Биыл жалпы құны 136,0 млрд. теңгені құрайтын 56 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылуда. Бүгінге күні 31 инвестициялық жоба іске қосылды.Импорттан тәуелділікті азайту үшін, Өндірістік паркте мемлекет тарапынан кәсіпорынға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын ғимарат ұсынылады. Өндірістік кешенде 39 ғимарат бой көтеруде. 10 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, өңірде 13 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда жұмыс бастап жатқан кәсіпорындар салықтан босатылады. Кедендік жеңілдіктер қарастырылған, инфрақұрылымы бар. Жалпы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда 53 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ 139,4 млрд. теңгеге 29 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысында кәсіпкерлердің саны жыл басынан 2 мыңға артып, бүгінде 208 мыңды құрады. Аталған салада 282 мың адам жұмыспен қамтылған. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен өңірде жалпы құны 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, қазіргі уақытта текстиль кластерін құру және алюминий бұйымдарын шығару зауыты инвестициялық жобаларының құрылысы басталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/883506