Enbekshi QazaQ

Әлем

Мемлекеттік кірістер комитеті BYD гибридті автомобильдерін импорттаушыларға қатысты хабарламалар бойынша жағдайға түсініктеме берді 18.05.2026
Ақпараттық кеңістікте Қытай Халық Республикасынан гибридті көлік құралдарын импорттаған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың банктік шоттары жаппай бұғатталып жатқаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралуына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.BYD маркалы гибридті көлік құралдарын кедендік декларациялау кезінде жалған мәліметтер ұсынуға жол берген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар салық төлеушілердің жеке кабинеттеріне жолданды.Бұл ретте аталған хабарламалар тек 450 сыртқы экономикалық қызметке қатысушы рәсімдеген 623 көлік құралына ғана қатысты, бұл қабылданып жатқан шаралардың жаппай сипатқа ие екендігі туралы таратылып жатқан ақпаратқа сәйкес келмейді.Қолданыстағы заңнама аясында банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын шектеу шаралары тек 45 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге қатысты қолданылды.Бақылау іс-шараларын жүргізуге гибридті көлік құралдарының электр қозғалтқышының 30 минуттық қуатына қатысты жалған мәліметтерді көрсету жағдайларының жиілеуі негіз болды. Бұл өз кезегінде кедендік баждарды төлеуден заңсыз босатуға ықпал еткен.Объективті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелеріне BYD маркасының ресми өкілі ұсынған көлік құралдарының зауыттық техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер берілді. Аталған мәліметтер мәлімделген деректердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылатын болады.Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1223222?lang=kk
Қазақстан Президенті Түркістандағы ТМҰ бейресми саммитінде түркі әлемінің цифрлық даму басымдықтарын айқындады 18.05.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды түркі әлемінің рухани астанасында қарсы алып, Түркістанның бауырлас халықтардың тарихи жады мен рухани бірлігіндегі айрықша орнын атап өтті. Президент өз сөзінде қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында түркі мемлекеттерінің бірлігі мен өзара қолдауы ерекше маңызға ие екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық және инвестициялық әріптестікті жандандыру, ортақ прогресс жолында күш-жігерді біріктіру қажеттігін атап өтті. Осы тұрғыда саммиттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбына арналуы уақыт талабына толық сай келетіні айтылды. Мемлекет басшысы цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті түркі әлемінің ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық факторлар ретінде бағалады. Президент Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланғанын, Астанада Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылғанын, екі суперкомпьютер іске қосылғанын, сондай-ақ «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру жұмысы басталғанын жеткізді. Сонымен қатар, елде Цифрлық кодекс қабылданып, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енгені айтылды. Саммит барысында Президент бірқатар нақты бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда, ТМҰ елдері арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаларды өзара тану, спутниктік байланыс, навигация және мониторинг салаларындағы бірлескен жобаларды кеңейту, сондай-ақ Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құру ұсынылды. Қазақстанда ашылатын Жасанды интеллект университетінде түркі мемлекеттерінің азаматтарына арнайы гранттар бөлуге дайын екені де мәлімделді. Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге ТМҰ елдерінің IT-технопарктерін біріктіретін Turkic AI бірлескен хабын құруды ұсынды. Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай орталық инновациялық жобаларды дамытуға, цифрлық кәсіпкерлікті ілгерілетуге және түркі кеңістігінің технологиялық әлеуетін арттыруға серпін береді. Президент цифрлық дәуірде тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесінің өзектілігіне де ерекше тоқталды. Осыған байланысты ол Түркі өркениетінің мұрасын сақтау туралы конвенцияны әзірлеуді, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған арнайы цифрлық платформаны іске қосуды ұсынды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Түркі өркениеті орталығын құру туралы шешім қабылданғанын хабарлап, оның ғылыми зерттеулер, мәдени жобалар және білім беру бағдарламалары үшін маңызды алаңға айналатынын атап өтті. Мемлекет басшысы сөзінің қорытындысында Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси немесе әскери бірлестік емес, керісінше, сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірегей платформа екенін атап өтті. Президент түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығы ортақ мақсаттарға қол жеткізудің басты кепілі екенін жеткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1222916?lang=kk
ҚҚС бойынша декларацияны (300.00) алдын ала толтыру 18.05.2026
📌 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қосылған құн салығы бойынша декларацияны (300.00 нысаны) алдын ала толтыру сервисінің жұмысы туралы хабарлайды.ℹ️ Сервистің қалыптастыру қағидаттары, деректерді жаңарту тәртібі және пайдалану ерекшеліктері туралы толық ақпарат карусельде берілген.💡 Сервис салық төлеушілерге қолайлылықты арттыруға бағытталған және декларацияны толтыру кезінде тексеру мен ақпараттандыру мақсатында қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222683?lang=kk
2026 жылғы 4 айында бақылау-экономикалық жұмыс бойынша ақпарат 18.05.2026
2026 жылғы 1041 салықтық тексерулер жүргізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5 %– ға аз (2025 жылы -1126 салықтық  тексеру).Тексерулер нәтижелері бойынша 718,2  млн. тенге сомасында салық және өсімпұл қосымша есептелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222711?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98% цифрлық форматта жүзеге асырды 18.05.2026
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыруға бағытталған көптеген қызметті ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеп келеді. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.01.01.2026ж. мен 31.03.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 17,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 8,6 млн-ы электрондық форматта, 8,8 млны-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 200,9 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 194,9 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 690,4 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 9,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 8,0 млн-ы – электрондық, ал 956,4 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді.2026 жылдың басынан бастап өткен 3 айда деректемелерді өзгертуге 28,4 мың өтініш қабылданды. Оның 26,6 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 14,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 296,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 9,9 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 115,5 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1226073?lang=ru
Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?   «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 18.05.2026
 Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші.        Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарна 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5%-ға дейін) төленеді. Бұған қоса жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат салады. Айта кеткен жөн, ЕЗЖ-ны азаматтар өз қалауымен төлейді, мөлшері мен жиілігін дербес белгілейді Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.  Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? Мұны жұмыс беруші жасай ала ма? Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен өз пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ:   -  агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;  - жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады.        3) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады? ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Елу жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу туралы өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесіне барып тапсыру қажет.ЕЗЖ есебінен төлем алу тәртібі туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер»/«ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде жарияланған. Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады.  Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері қандай жағдайларда автоматты түрде тағайындалады? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптарға сай жүргізіледі. 2026 жылғы наурыз айынан бастап елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты төлем алу үшін бұрын БЖЗҚ-ға жүгінбеген, бірақ БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындаудың өтінішсіз тәртібі енгізілді.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (егер бар болса) тағайындаудың өтінішсіз тәртібі: зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде; ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру, бұл ретте жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен жүргізілетін салыстырып тексеру нәтижелері бойынша көрсетілген тұлғалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын анықтау негізге алынады.Өтінішсіз тәртіп зейнет жасына толған тұлғаларға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында енгізілді. Бұл жаңашылдық ЕЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін оңтайландырып, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты бұрын БЖЗҚ-ға төлем алу үшін жүгінбеген тұлғалардың ЕЗЖ есебіндегі зейнетақы жинақтарының талап етілмей қалу тәуекелін болдырмайды.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері, егер ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828 588 теңге (12 × 69 049)), біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады немесе міндетті жарналар түрлері есебінен төленетін төлемдермен қатар ай сайынғы кесте бойынша зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін төленеді. Сонымен қатар, алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.  Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?          Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді. Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма? Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық аударуға болады.Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу – ЕЗЖ-ның тағы бір артықшылығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1222730?lang=kk
«Еңбек Жолы» конкурсы өткізілетінін хабарлайды 18.05.2026
«Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» үш номинация бойынша «Еңбек Жолы» конкурсы өткізілетінін хабарлайды.Сіздерден   ағымдағы  жылдың  26 мамырына  дейін  «Курчатов  қаласының  жұмыспен  қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі» ММ үш номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың кандидатурасын    centr-zan@mail.ru электронды  мекенжай  бойынша ұсынуыңызды  сұраймыз.          Конкурсқа қатысу үшін келесі материалдарды ұсыну қажет:1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;2) жеке куәліктің көшірмесін;3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері;біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.Қосымша: «Еңбек Жолы» конкурсын  өткізу бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1222746?lang=kk
Курчатов қаласының әкімдігі Курчатов қаласы кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ» республикалық конкурсына қатысуға шақырады. 18.05.2026
Курчатов  қаласының әкімдігі Курчатов  қаласы кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі  және мынадай номинациялар бойынша беріледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».3) «Үздік ұжымдық шарт».4) «Экологияға қосқан үлесі үшін»Анықтама телефоны 3-24-77Эл. мекенжайы: centr-zan@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1222754?lang=kk
Қайырымдылық және демеушілік көмекке ЖТС және әлеуметтік төлемдер салынбайды 18.05.2026
Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес, қайырымдылық көмек — бұл өтеусіз негізде берілетін мүлік, оның ішінде:демеушілік көмек түрінде;жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде;төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға;коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау үшін;әлеуметтік салада қызмет жүзеге асыратын ұйымға;Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымына берілетін мүлік.Кодекстің 371-бабына сәйкес, жеке тұлғаның табысына салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) барлық табыс түрлері кіреді, оның ішінде:төлем көзінен салық салынатын табыстар;жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын табыстар.Кодекстің 371-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жылдық табысына өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс енгізіледі.Сонымен қатар, Кодекстің 433-бабына сәйкес, төлем көзінен салық салынуға жататын өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс қайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынған мүліктің құнына азайтылады.Осылайша, жеке тұлғаға қайырымдылық немесе демеушілік көмек аясында берілген мүлік (оның ішінде ақшалай қаражат) мұндай көмекті көрсететін ұйыммен еңбек қатынастарының болуына қарамастан, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерге жатпайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222538?lang=kk
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ 18.05.2026
Абай даңғылының Тәуелсіздік көшесінен Карбышев жолөтпесіне дейінгі аралығында жол төсемін кепілдік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты, 2026 жылғы 18–27 мамыр аралығында көлік жүретін бөлікте ішінара қозғалыс шектеледі.Осыған байланысты қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1222543?lang=kk
Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін шығару кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін                                                                                                      әкетудің кейбір мәселелері туралы                                                                                                                                          «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Шартқа  7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің  қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);                                     2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес  бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде  мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.2026 жылғы 1шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанғадейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Көлік министрліктері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;                                                                                                                                                                       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.Осы  бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1222584?lang=kk
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымын 32,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтты 18.05.2026
Қазақстан биылғы жылдың бірінші тоқсанын сыртқы сауда көрсеткіштерінің қарқынды өсімімен қорытындылады. Іскерлік белсенділікті жоғары деңгейде сақтап, экспорттық әлеуетті кеңейту арқылы елдің тауар айналымы 32,9 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артты. 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 29,8 млрд АҚШ долларын құраған. Қалыптасқан оң динамика сыртқы экономикалық сектордың тұрақтылығын және қазақстандық экспорт құрылымында жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесі артып келе жатқанын көрсетеді.2026 жылғы қаңтар–наурыз айларында экспорт көлемі 9,4%-ға өсіп, 18,0 млрд АҚШ долларын құрады. Ал импорт көлемі 14,9 млрд АҚШ долларына жетіп, 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,8%-ға ұлғайды. Импорт өсімі негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қажетті инвестициялық және технологиялық тауарларды сатып алу көлемінің артуымен байланысты. Әсіресе электр генераторлық қондырғылар импортының көлемі бес еседен астам өсіп, 416,8 млн АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар газ турбиналары мен авиациялық қозғалтқыштар, мұнай өнімдері, теміржол локомотивтері, сондай-ақ шикізатты өңдеу мен сұрыптауға арналған жабдықтар импорты айтарлықтай артты. Мұндай құрылым экономикадағы инвестициялық сұраныстың жоғары деңгейде сақталғанын және инфрақұрылымдық әрі индустриялық жобалардың белсенді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.Шикізаттық емес сектордағы өсім де ерекше назар аудартады. 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында шикізаттық емес тауарлар бойынша сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға өсті. Ал шикізаттық емес экспорт көлемі бірден 23,4%-ға артып, 6,9 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіштер сыртқы сауда құрылымындағы сапалы өзгерістердің күшейіп келе жатқанын аңғартады.Шикізаттық емес экспорттың негізгі драйверлері мыс пен мыс катодтары, күміс, уран, ферроқорытпалар, мал азығына арналған өнімдер және күнбағыс майы болды. Атап айтқанда, күнбағыс майының экспорты шамамен 60%-ға өсіп, 277,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл қазақстандық қайта өңделген агроөнеркәсіп өнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын көрсетеді. Ал ферроқорытпалар экспортының 20,1%-ға ұлғаюы металлургия саласының нығайып, отандық өнеркәсіп өнімдерінің экспорт географиясының кеңейіп келе жатқанын дәлелдейді.Қазақстанның сыртқы сауда географиясы әртараптандырылған құрылымын сақтап отыр. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қытай 7,8 млрд АҚШ долларын құраған тауар айналымымен және жалпы сыртқы сауда көлеміндегі 23,8% үлесімен еліміздің ең ірі сауда серіктесі болды. Ресей 6,5 млрд АҚШ долларын құрайтын сауда көлемімен екінші орынды сақтап, импорт пен өнеркәсіптік кооперация бағытындағы негізгі әріптестердің бірі болып қала берді. Сонымен қатар Италия, Түркия және Өзбекстан да Қазақстанның ірі сауда серіктестері қатарынан көрінді. Италиямен арадағы тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларынан асып, оның ішінде қазақстандық экспорт көлемі 3 млрд АҚШ долларынан жоғары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1222494?lang=kk
Алматыда сауда саласын дамыту, баға мониторингі және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды 18.05.2026
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Кездесуге базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда желілерінің өкілдері қатысты.Кеңес барысында сауда саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда базарларды жаңғырту, сауда үстемесін реттеу, баға қалыптастыру және саланы одан әрі дамыту бағыттары талқыланды. Кәсіпкерлер Комитет төрағасына тікелей сұрақ қойып, ашық диалог форматында жан-жақты жауап алу мүмкіндігіне ие болды.Кездесуге Zoom платформасы арқылы Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері де қосылып, өңірлік бизнеске қатысты маңызды мәселелер ортаға салынды.Жұмыс сапары аясында Small және Magnum Cash&Carry ірі сауда желілерінде мониторинг жүргізілді. Оның барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексеріліп, өнімдердің қолжетімділігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Сонымен қатар, Райымбек даңғылы 507А мекенжайындағы Small филиалында және Радостовец көшесі 292 мекенжайындағы Magnum Cash&Carry сауда орталығында қазақстандық ірімшік өнімдерін өндірушілерді қолдау жобасы іске қосылды. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сауда желілеріндегі үлесін арттыруға және жергілікті брендтердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Алматы қаласы мен Алматы облысының Сауда департаментінің қолдауымен Алтын Орда базары аумағында мониторинг жүргізілді. Базарды аралау барысында сауда орнын жаңғырту, сауда қызметін ұйымдастыру және азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тетіктері қарастырылды.Аталған жұмыстар заманауи сауда инфрақұрылымын дамытуға, отандық бизнесті қолдауға, баға қалыптастыру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге және өңірдегі азық-түлік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauda/press/news/details/1222473?lang=kk
Самарқандта химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қатерлерге әрекет ету бойынша өңірлік оқу-жаттығулар өтті 18.05.2026
2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) Химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық (ХБРЯ) тәуекелдерді азайту жөніндегі Еуропалық Одақтың озық тәжірибелер орталықтары ұйымдастырған «Project 106» жобасының өңірлік дала оқу-жаттығулары өтті.Іс-шара ірі қоғамдық іс-шаралар кезінде ХБРЯ қаруын қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін күрделі әрі үйлестірілген шабуылдарға ұлттық және өңірлік деңгейдегі дайындықты тексеруге бағытталды.Оқу-жаттығуларға бейінді ведомстволардың, төтенше жағдайлар қызметтерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушы ретінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты.Іс-шараға Қазақстан Республикасынан Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық ұлан және Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі жанындағы Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің өкілдері қатысты.Оқу-жаттығулар барысында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, жедел қызметтердің әрекеттерін үйлестіруді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі өңір мемлекеттері арасындағы ақпарат алмасу мәселелерін пысықтады.Осындай іс-шараларды өткізу өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atomic-control/press/news/details/1222479?lang=kk
50 мыңнан астам жәдігер: Қорғаныс министрлігінің музейлері еліміздің әскери тарихынан сыр шертеді 18.05.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы елдің әскери тарихын сақтау және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы музей ісін дамытуды жалғастыруда. Қазіргі таңда оның құрамында Астанадағы Әскери-тарихи музей, Алматыдағы Даңқ музейі және Ақмола облысындағы филиал жұмыс істейді.Родина ауылындағы жаңа филиал биыл Отан қорғаушы күніне орай ашылды. Оған «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр бастамашы болып, жобаға Қорғаныс министрлігі қолдау көрсетті.Елордадағы Әскери-тарихи музей қорында авторлық коллекциялар мен жеке жинақтарды қоса алғанда 24 мыңнан астам жәдігер сақталған. Оларды жинақтауға облыстық өлкетану музейлері, Астана қаласының көркемсурет галереясы, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен музейтанушылар үлес қосты.Келушілердің ерекше қызығушылығын VI–VIII ғасырларға жататын түркі жауынгерінің геральдикалық белбеуі, даңқты қолбасшы Бөгенбай батырдың дулығасы, Рейхстагқа Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов тіккен Жеңіс туының көшірмесі, сондай-ақ генерал-майор Иван Панфилов пен Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттары тудырады.Музей аумағындағы ашық аспан астындағы алаңда ХХ ғасырдағы қару-жарақ пен әскери техникалардың үлгілері қойылған.Алматыдағы музей Қазақстанның Революциялық және жауынгерлік даңқ музейі қоры негізінде құрылған. Онда 30 мыңнан астам жәдігер сақталған. Олардың қатарында наградалар, майдан хаттары, фотосуреттер, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке заттары, сондай-ақ ғалым-шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске және азамат соғысы кезеңіне арналған материалдар бар.Қорғаныс министрлігінің музейлері маңызды ағартушылық міндет атқарып, келушілердің Қазақстанның әскери тарихы, көрнекті тұлғалары мен ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдер туралы білімін кеңейтеді. Бұл жастар арасында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1222456?lang=kk
ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша ҚҚС-ты есепке жатқызу күніне қатысты 18.05.2026
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 481-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады, бірақ мұндай салық есептелген кезең ретінде осы Кодекстің 530-бабының 6-тармағында айқындалған салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен ерте емес, — ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағынан тауарлар импортталған жағдайда. Салық кодексінің 530-бабының 6-тармағына сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар, оның ішінде қайта өңдеуге берілген шикізатты қайта өңдеу өнімдері, лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) бойынша жанама салықтарды есептеу және төлеу үшін импортталған тауарлар есепке қабылданған немесе лизинг шартымен (келісімшартпен) көзделген төлем мерзімі туындаған күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады. Бұл ретте салық міндеттемесін салық кезеңі ішінде орындауға жол беріледі. Салық кодексінің 530-бабының 5-тармағына сәйкес импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Импортталған тауарлар бағасы Салық кодексінің 518-бабының 8-тармағына сәйкес ұлғайған жағдайда, импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы шарт (келісімшарт) тараптары импортталған тауарлардың бағасын өзгерткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Осылайша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы Салық кодексінің 481-бабының ережелеріне сәйкес бюджетке төлем жүзеге асырылған күн келетін салық кезеңінде есепке алынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1222424?lang=kk
Арнаулы салық режимін қолдану тәртібі мен шарттары 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енгізілген қызметті жүзеге асыруға байланысты салықтық кезең үшін алынған кіріс өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимінде салық салу объектісі болып табылатынын хабарлайды.Бұл ретте өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру күні, оның ішінде ақшаны немесе оның баламасын алу немесе төлеу күні кірісті тану күні болып табылады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың (қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда) кірістерін есепке алу арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылатын кірістер тізілімде жүргізіледі.Қызметін жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде жүзеге асыратын жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміндегі кірістерін есепке алу операциялардың күні, атауы, әрбір операциядан алынған сомалар, әрбір күн үшін, ай үшін қорытынды сома көрсетіле отырып, өздері дербес әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1228450?lang=ru
Салық және кеден мәселелері бойынша цифрлық кеңесші 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және кеден мәселелерін түсіндіру бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Мемлекеттік кірістер органдары @salyqbot сілтемесі бойынша Telegram–да Чат–ботты іске асырғанын хабарлайды.Salyqbot – қазақ және орыс тілдерінде цифрлық салық консультанты, ыңғайлы болу үшін Qr–кодтың көмегімен кіру мүмкіндігі қарастырылған.SalyqBot көмегімен Сізде:– салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге;– көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге;– салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге;– өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға;– түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға;– тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push–хабарламаларды, сондай–ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының – жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға;– банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға;– егер Сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1222444?lang=kk
Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы 18.05.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175 – н/қ бұйрығына сәйкес тыйым салулар енгізілгенін хабарлайды:1 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге:а) жағармай майларын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін  (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00)  автомобиль көлігімен әкетуге;б) бензинді (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0) әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12)  темір жол көлігімен әкетуге тыйым салынды.2. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндер және дизель отынын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойль (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуола, ксилола (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (ЕАЭО СЭҚ ТН сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2713 20 000 0) әкетуге тыйым салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1222445?lang=kk
Энергетикалық сусындарға акциз 18.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындар акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізілгенін хабарлайды.Бүгінгі күнге энергетикалық сусындар алкогольсіз өнімдер нарығының қалыптасқан және тұрақты сегменті болып табылады. Қазақстан Республикасында аталған өнімді өндіру және импорттау қызметін 5 отандық өндіруші және 5 ірі импорттаушы жүзеге асырады.Сонымен қатар өндірістің едәуір бөлігі ел ішінде шоғырланған. Қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді шетелге де табысты экспорттауда, бұл саланың дамуы мен экспорттық әлеуетінің бар екенін көрсетеді.Өнімнің осы санаты бойынша акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен енгізу көзделген: 2026 жылдан бастап акциз мөлшері 1 литр үшін 100 теңгені, 2027 жылдан бастап – 140 теңгені, 2028 жылдан бастап – 180 теңгені құрайды.Акциздік реттеуді енгізу энергетикалық сусындар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, бюджетке салық төлемдерінің толық әрі уақтылы түсуіне, сондай-ақ нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және әділ жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.Сала өкілдерінің бағалауы бойынша энергетикалық сусындардың негізгі тұтынушылары кәмелетке толған азаматтар болып табылады. Осыған байланысты аталған өнімді өткізу кезінде заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылатын болады.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп салықтық әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру, нарықтың ашықтығын арттыру, сондай-ақ адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1227481?lang=ru