Әлем
Некені тіркеуге өтініш саны артты: Маңғыстауда 26 маусымға 134 жұп тіркелуге ниет білдірді 11.07.2026
Некені тіркеуге өтініш саны артты: Маңғыстауда 26 маусымға 134 жұп тіркелуге ниет білдірді Цифрлық үйлесімі ерекше 2026 жылғы 26 маусым күні болашақ отбасылар арасында айрықша қызығушылық тудырды. Маңғыстау облысында аталған мерзімге некені мемлекеттік тіркеуге 134 өтініш қабылданған. Оның 105-і Ақтау қаласының тұрғындарынан түскен. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының мәліметінше, есте сақтауға оңай әрі мәні ерекше уақыт межелері жұптар тарапынан жиі таңдалады. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл көрсеткіш қалыпты күндермен салыстырғанда едәуір жоғары. Әдетте Маңғыстау облысында бір тәулікте орта есеппен 10-25 неке тіркеледі. Ал бұған дейін тіркелген ең жоғары көрсеткіш шамамен 45-55 неке аралығын құраған. Мұндай белсенділік болашақ ерлі-зайыптылардың маңызды сәттерін айрықша әрі есте қалатын кезеңдермен байланыстыруға ұмтылатынын көрсетеді. Айта кету керек, неке қиюды мемлекеттік тіркеу белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. АХАТ бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс – 12:30-дан 14:00-ге дейін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1246327?lang=ru
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Солтүстік Американың ең биік шыңына Қазақстан туын тікті 11.07.2026
Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды.6190 метр биіктікте әскери қызметшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді.Сәтті аяқталған экспедиция қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене және психологиялық дайындығымен қатар, олардың отансүйгіштік, ерлік, табандылық қасиеттерін тағы бір паш етті.Еске сала кетейік, аңызға айналған Денали шыңы Алясканың орталық бөлігінің оңтүстігінде орналасқан және жергілікті ұлттық парк пен қорықтың құрамына кіреді. Денали сөзі үндістердің атабаска тілінен аударғанда «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1246128?lang=ru
Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді 11.07.2026
Іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөзбен қала әкімі Б. Абдралиев жүгінді. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметшілердің қала дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтіп, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекет пен қоғамға қызмет ету жолындағы берік ұстанымы үшін алғысын білдірді.Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге атқарған еңбектегі жетістіктері, жұмысқа деген жауапкершілігі және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.Мерекелік іс-шараның сәнін қалалық мәдениет мекемелерінің әртістері дайындаған концерттік бағдарлама келтірді. Көрермендерге ұсынылған өнерпаздардың орындауындағы шығармашылық нөмірлер мерекелік көңіл күй сыйлап, салтанатты жиынның жарқын қорытындысына айналды.Мемлекеттік қызметші күні — бұл қоғам игілігі үшін күнделікті еңбек етіп, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына және азаматтардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын жандардың мерекесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1246104?lang=ru
БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 11.07.2026
Хабарландыру БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады 2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді. Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 09:30, 11:00, 14:00 онлайн форматта өтеді.Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажетEvent-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/re532be292a6e5a8abb5a8808d2e38c8bhttps://enpf.webex.com/weblink/register/reec18696df40f018ebd7d8b7b29a6ad2https://enpf.webex.com/weblink/register/rcc2d1e23ebcc9f8eb85d72f61545b15dДата и время/Күні мен уақыты/Date and time:09:30 - 10:30 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана11:00 – 12:00 жұма, 26 маусым 2026 ж. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 пятница,26 июня 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2512 657 64402517 224 17642519 850 5069Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:1267443453889548832 «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1247788?lang=ru
Полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табысталды 11.07.2026
Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі күні Қызылорда қаласының орталық алаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен полиция қызметкерлеріне 94 арнайы автокөліктің кілтін табыстау рәсімі өтті.Бүгінде өңірде құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Осы жауапты міндеттерді атқаруда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше.Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін полиция департаментінің жедел-салалық қызметтерінің материалдық-техникалық базасы заманауи техникалармен толықтырылды. Жаңа қызметтік көліктер тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, табиғат қорғау, көші-қон және өзге де бөлімшелердің қызметтік міндеттерін жедел орындауына мүмкіндік береді.Аймақ басшысы тәртіп сақшыларының қоғам алдындағы жауапкершілігіне, ел тыныштығы жолындағы еселі еңбегіне тоқталды.«Президентіміз «Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету – айрықша маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл тәртіп сақшыларының күнделікті қызметіндегі басты бағдары болуы тиіс!Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары бірлесіп, үйлесімді жұмыс атқаруда. Кейінгі жылдары құқықбұзушылық азайып, өңірдегі қауіпсіздік пен жедел әрекет ету қызметтерінің жұмысы оң нәтиже берді.Егемен еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыруда аянбай еңбек етіп, Өздеріңізге жүктелген міндетті абыроймен орындай беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Айта кетейік, сәуір айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен полицияның патрульдік қызметкерлеріне 100 жаңа автокөлік табысталған болатын. Бүгінгі бастама құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін бұрынғыдан да нығайта түсті.Рәсімде ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Тастемір Рахимов, облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция полковнигі Әмірбек Шаймағамбетов әріптестерін мерекемен құттықтап, ізгі тілек білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1246083?lang=ru
Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз! 11.07.2026
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!Сіздерді Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының IV маусымының жабылу концертіне шақырамыз!Бұл кеш – өнер мен шабыттың, әсем әуен мен жарқын әсердің мерекесі. Филармония өнерпаздары сіздерге маусымның ең таңдаулы шығармаларын тарту етеді.24 маусым 2026 жыл, Сағат 19:00, Қаратал жағажайыКеремет көңіл-күй мен ұмытылмас музыкалық кеште жүздескенше! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1246000?lang=ru
Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда 11.07.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 18 маусым – «QazExportPromotion» АҚ мен моңғолиялық «MAКС Group» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1245969?lang=ru
Қазақстанның Тұрақты өкілі +7 телефон коды бойынша жаңа келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша GSMA-мен келіссөздер жүргізді 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев GSM қауымдастығының (GSMA) өкілдерімен келіссөздер өткізді.Кездесу барысында Тұрақты өкіл Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағымен (ХЭО) халықаралық +7 телефон кодын пайдалану мәселелері бойынша бірлескен жұмысты аяқтағаны туралы хабардар етті. Осыған байланысты ақпараттың ХЭО-ның 2026 жылғы 1 маусымдағы №1341 Операциялық бюллетенінде ресми түрде жарияланғаны және оған сәйкес Қазақстанға +7 0, +7 6 және +7 7 нөмірлік ресурстары бекітілгені атап өтілді.Қазақстан тарапы халықаралық байланыс операторлары, телекоммуникациялық қызмет көрсетушілер, цифрлық платформалар және жаһандық мобильді экожүйенің өзге де қатысушылары тарапынан қазақстандық нөмірлік ресурстардың дұрыс сәйкестендірілуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Тұрақты өкіл Төребаев К. GSMA-дан салалық қатысушыларды ақпараттандыруға және Қазақстанның нөмірлік ресурстарының халықаралық деңгейде бірізді танылуын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуді сұрады.Тараптар жаңа келісімдерді практикалық іске асырудың келесі қадамдарын талқылап, халықаралық телекоммуникациялық инфрақұрылым мен цифрлық байланыс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1245942?lang=ru
Нұрия Жақсылықова “Мемлекеттік қызмет ардагері” төсбелгісімен марапатталды 11.07.2026
Бүгін Мемлекеттік қызметші күніне орай, әріптесіміз - Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жиынтық қаржы жоспары басқармасының бас сарапшысы Жақсылықова Нұрия Хабибуллақызы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін “Мемлекеттік қызмет ардагері” төсбелгісімен марапатталды.Марапатты Қаржы министрілігінің Аппарат басшысы Эрнар Ержанов табыстады.Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1245943?lang=ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 11.07.2026
Құрметті әріптестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік қызмет – елге адал қызмет етудің, жоғары жауапкершілік пен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және қоғамның сенімін нығайтуға зор үлес қосуда.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1245938?lang=ru
Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды 11.07.2026
Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалдыЖаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Мұқаш қала активіне Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған Абишаев Расул Жұмабекұлын таныстырды. Абишаев Расул Жұмабекұлы 1987 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Аймақтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» ММ жетекші маман қызметінен бастаған. Сондай-ақ, «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы, «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Қызылсай ауылының әкімі қызметтерін атқарған.2023 жылдан бастап «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.2026 жылғы 22 маусымнан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1245914?lang=ru
Әдеп жөніндегі уәкілдің жаңа мамандарды бейімдеуге қатысуы 11.07.2026
Ағымдағы жылдың 22 маусымында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл о. Бочарникова Мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптарды, оның ішінде Әдеп кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндірді, сондай-ақ корпоративтік мәдениет негіздерімен таныстырды. Мұндай кездесулер мамандардың тез бейімделуіне ықпал етеді және қызметтің басында мүмкін болатын құқықтық және этикалық қателіктердің алдын алуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1245917?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті Argus «Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» халықаралық конференциясына қатысты 11.07.2026
2026 жылғы 18–19 маусымда Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, жетекші мұнай-газ компанияларының, халықаралық баға агенттіктерінің және сала сарапшыларының өкілдерін біріктірген VIII халықаралық Argus «Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2026» конференциясы өтті. Конференция аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері «Қазақстандағы трансферттік баға белгілеу практикасы және әлемдік мұнай нарығының қазіргі үрдістері» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашылар ретінде Мамандандырылған департаменттің директоры Ибрайым Әлібек Бекенұлы және Трансферттік баға белгілеу басқармасы басшысының орынбасары Қарабаев Нұржан Насирдинұлы сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын қолданудың негізгі аспектілері, халықаралық мәмілелер бойынша нарықтық бағаларды айқындау тәсілдері, сондай-ақ әлемдік мұнай нарығындағы қазіргі үрдістердің трансферттік баға белгілеу практикасына әсері қарастырылды. Конференция қатысушылары мұнай-газ саласын дамытудың өзекті сын-қатерлері мен перспективаларын, әлемдік мұнай нарығының серпінін талқылап, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Мемлекеттік кірістер комитетінің осындай халықаралық алаңдарға қатысуы мемлекет пен бизнес арасындағы кәсіби диалогты нығайтуға, сондай-ақ жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында салықтық бақылаудың заманауи құралдарын қолдану тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1245909?lang=ru
Облыс нарықтарында кассалық тәртіптің сақталуы 11.07.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы сәуір айында «Дина» көтерме-бөлшек сауда нарығында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Нарықта сауда қызметін жүзеге асыратын барлық тұлғаларға түсіндіру барысында кәсіпкерлік қызметті ресми тіркеу, бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және фискалдық чектерді міндетті түрде беру, қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде төлем карталарын пайдалану арқылы төлем қабылдауды (POS-терминалдар) қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Тұтынушылардың құқықтарын сақтау және облыс тұрғындарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында 31 нарықпен (оның ішінде Өскемен қаласындағы 12 нарық), жергілікті атқарушы органдармен және нарық әкімшіліктерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде БКМ мен POS-терминалдарды қолдану мәселелері бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.2026 жылғы мамыр-маусым айларында Өскемен қаласының нарықтарында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша нарықта сауда жасайтын кейбір тұлғалардың заңнама талаптарын бұза отырып бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратыны, оның ішінде БКМ-ны тіркемей және POS-терминалдарсыз жұмыс істейтіні анықталды.Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдары кассалық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік материалдар рәсімдеді.Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Барлық бизнес субъектілерін салықтық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға шақырамыз.Құрметті тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар! БКМ мен POS-терминалдарды қолдану талаптарының бұзылуы туралы ақпараты бар тұлғалар бейнежазбамен расталған құқық бұзушылық фактілері жөнінде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1245869?lang=ru
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялардың №374 бұйрық бойынша есепке алу және есептілікті ұсыну тәртібін өзгерту 11.07.2026
Қабылданған Цифрлық кодекске, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының әкімшілік деректерді жинау қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан РеспубликасыПремьер – Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді.Атап айтқанда:1) «Цифрлық жүйе» (бұрынғы «ақпараттық жүйе») тұжырымы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтірілді;2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 бұйрығымен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларына сәйкес келтіру мақсатында есептіліктің статистикалық нысандарының титулдық парағына түзетулер, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер енгізілді;3) есепке алу кітаптарын (журналдарын), сондай-ақ есептілікті сақтау мерзімдері бойынша нормалар енгізілген;4) заң техникасының нормаларына сәйкес редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді.Есепке алу кітаптарының/журналдарының және есептілік формаларына айтарлықтай өзгерістер болмады.«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 306 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда № 38744 болып тіркелді және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. НҚА-ның толық мәтінімен https://zan.gov.kz/client/#!/doc/225353/kaz сілтеме бойынша танысуға болады.2026 жылдың екінші тоқсанында тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына 2026 жылдың екінші тоқсаны мен бірінші жартыжылдығы үшін есептілікті қалыптастыру және беру 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болатын редакциядағы нысандар бойынша жүзеге асырылсын.«Keden» цифрлық жүйесінде есепке алуды жүргізуді және есептілікті ұсынуды автоматтандыру жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін есептілікті қабылдау Мемлекеттік кірістер департаменттерінде құрылған пошта жәшіктері арқылы жүзеге асырылсын.Уақытша сақтау қоймаларының, кедендік, еркін қоймалардың, өз тауарларын сақтау қоймаларының, бажсыз сауда дүкендерінің иелері, кеден тасымалдаушылары, кеден өкілдері, уәкілетті экономикалық операторлар кезекті есептілікті төмендегі ұсынымдарды ескере отырып, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің электрондық мекенжайларына жіберуі қажет. Электрондық пошта арқылы мемлекеттік кірістер органына жіберілетін есептілікті ресімдеу жөніндегі ұсынымдар: Тіркеу нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні және байланыс деректері көрсетілген ілеспе хат (жұмыс, ұялы телефоны, электрондық пошта мекенжайы); Хабарлама тақырыбын көрсету. Мысалы, ««Алатау» ЖШС УСҚ-ның 2026 жылғы 2 тоқсан үшін есебі», хабарламаның тақырыбына ұқсас есебімен файл атауы. Есептерді жолдадауға үшін электрондық мекенжайларМКД атауыЭлектрондық пошта мекенжайыАкмола облысы бойынша МКДakmol@kgd.gov.kzАқтөбе облысы бойынша МКД50400uta@kgd.gov.kzАлматы облысы бойынша МКД55400_otchet_keden@kgd.gov.kzАстана қаласы бойынша МКДutk.astana@kgd.gov.kzАлматы қаласы бойынша МКДOtchety.Keden_Almaty@kgd.gov.kzАтырау облысы бойынша МКДatyrau.keden@kgd.gov.kzШҚО облысы бойынша МКД51400uta@kgd.gov.kzЖамбыл облысы бойынша МКД51500utk@kgd.gov.kzБҚО облысы бойынша МКДzko_51700@kgd.gov.kzҚарағанды облысы бойынша МКДdgd_karaganda@kgd.gov.kzКостанай облысы бойынша МКДdgduta@mail.ruҚызылорда облысы бойынша МКДdgd_kzo@kgd.gov.kzМаңғыстау облысы бойынша МКД50700uta@kgd.gov.kzПавлодар облысы бойынша МКДuta_pvl_otchet@kgd.gov.kzСҚО облысы бойынша МКДmail.sko@kgd.gov.kzТүркістан облысы бойынша МКД55500uta@kgd.gov.kzШымкент қаласы бойынша МКД57200uta@kgd.gov.kzЖетісу облысы бойынша МКДdgd.zhetisu.uta@kgd.gov.kzҰлытау облысы бойынша МКДulytau_57400@kgd.gov.kzАбай облысы бойынша МКД7101uta@kgd.gov.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1245843?lang=ru
⚖️ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту жөніндегі жұмыстар. 11.07.2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және барынша азайту, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.🔍 Жүргізілген талдау нәтижесінде жекелеген құрылымдық бөлімшелердің қызметінде мүліктік кірістерді әкімшілендіру кезінде, экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша тексеру іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.📋 Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар әзірледі, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізіп, Тәуекелдер картасын жасады.📝 2026 жылғы 09 маусымдағы талдамалық анықтама әзірленді.✅ Тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі бекітілді.📊 Қазіргі уақытта әзірленген ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізілуде.📞 Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің бизнес-процестерінде немесе нормативтік құқықтық актілерде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы 8 (7212) 51-36-89 телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.🤝 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1245826?lang=ru
Қорғаныс министрінің орынбасары Қарағанды облысындағы әскери гарнизондардың инфрақұрылымын тексерді 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Джумакеев Қарағанды, Балқаш және Приозерск гарнизондарына жұмыс сапарымен барып, әскери қызметшілердің қызмет өткеру жағдайымен және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен танысты.Жұмыс сапары барысында генерал-майор Алмаз Джумакеев «Астана» өңірлік қолбасшылығында, Қарағанды, және Приозерск гарнизондарына қарасты әскери бөлімдерде, авиациялық базада, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында, сондай-ақ әскери лазаретте болды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қорғаныс министрінің орынбасары мерзімді әскери қызметшілердің киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етілуін тексеріп, жеке құрамның тұрмыс жағдайымен, медициналық бөлімшелер мен тылдық қамтамасыз ету нысандарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар екі гарнизондағы әскери техника, қару-жарақ және әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйіне инспекция жүргізілді.Әскери қызметшілермен және бөлім командирлерімен кездесулер барысында Алмаз Джумакеев қызметті ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер мен шешуді қажет ететін кемшіліктер жөніндегі баяндамаларды тыңдады. Көтерілген әрбір мәселе бойынша оларды жоюға бағытталған нақты шаралар айқындалды.– Қолбасшылықтың басты міндеті – әскери қызметшілерге лайықты қызмет жағдайын жасау, сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру, уақтылы медициналық көмек көрсетуді және сенімді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жолға қою. Бұл бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен қойылған міндеттердің тиімді орындалуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша генерал-майор Алмаз Джумакеев әскерлерді тылдық қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіруге, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1245789?lang=ru
Алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензиясы туралы Кәсіпкерлер нені білуі керек? 11.07.2026
Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін өткізу лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады. Алкоголь өнімдерін көтерме немесе бөлшек саудада заңды түрде өткізу үшін кәсіпкерлер белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуы қажет.Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және өткізуге лицензияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.Лицензия алу үшін өтінішті электрондық форматта www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Бұл құжаттарды қарау мерзімін едәуір қысқартып, рұқсат құжаттарын алу процесін бизнес үшін анағұрлым ыңғайлы етеді.Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі – өтініш тіркелген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Лицензияны қайта ресімдеу мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және деректерді тіркеу мен беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуы туралы мәліметтер ұсынылады.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәртібі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төленген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріне қарай белгіленеді және төмендегідей мөлшерде алынады:АтауыАЕКАлкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін)200Алкоголь өнімдерін өндіру аумағындағы қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу (әрбір қызмет объектісі үшін): - астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда100- аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде70- ауылдық елді мекендерде30Біліктілік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Алкоголь өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асыру үшін алкоголь өнімдерін сақтау, қабылдау және босатуға арналған қойма үй-жайлары болуы қажет. Мұндай үй-жайлар білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, спорт объектілерінің, жанармай құю станцияларының, базарлардың және мәдени-демалыс мекемелерінің аумағында орналаспауы тиіс.Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келетін стационарлық үй-жайдың болуы міндетті. Үй-жай сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіліп, тіркелген бақылау-касса машинасымен жабдықталуы қажет.Заңнамада лицензия беруден бас тарту жағдайлары да көзделген. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, жалған мәліметтер ұсыну немесе лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға қатысты сот шектеулерінің болуы жатады.Өтінішті қарау нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушы лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық лицензияны немесе бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауапты алады.Белгіленген талаптарды сақтау және лицензияны уақытылы рәсімдеу алкоголь өнімдерін өткізу қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1245795?lang=ru
Құрметті мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 11.07.2026
Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен халық алдындағы жауапкершілік, азаматтардың үнін естіп, оларға қолдау көрсету, маңызды шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізу. Сіздердің біліктіліктеріңізге, бастамашылдықтарыңызға және адал еңбектеріңізге халықтың өмір сүру сапасы мен мемлекеттік институттардың тиімді қызметі тікелей байланысты.Аудандық деңгейдегі қызметтің маңызы ерекше. Сіздер күн сайын тұрғындардың өтініштерін қарап, өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, халықтың игілігі үшін маңызды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосып келесіздер.Мемлекеттік қызмет ардагерлеріне ерекше құрмет пен шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсіби жолдарыңыз, жинақтаған мол тәжірибелеріңіз бен өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз мемлекеттік басқару жүйесінің дамуына берік негіз қалап, жас мамандар үшін өнеге болып табылады.Бүгінде мемлекеттік қызмет заман талабына сай жаңарып, қоғамның сұраныстары мен сын-қатерлеріне жауап беруде. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және дамуға деген ұмтылыстарыңыз азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған міндеттердің табысты орындалуына ықпал ете беретініне сенімдімін.Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен мемлекет пен қоғам игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1245777?lang=ru
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады 11.07.2026
20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.Жобаны іске қосу аясында жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін орнату жұмысын бастап кетті. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.Басқарма өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақты енгізудің мақсаты – қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту.Жаңа қозғалыс схемасы автобустардың тұрақты әрі болжамды қозғалысын қамтамасыз етуге, жалпы көлік ағынындағы кідірісті азайтуға және маршруттардың қозғалыс кестесінің сақталуын жақсартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Пилоттық режим қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға және жол қозғалысына қатысушылардың өзгеріске кезең-кезеңімен бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1245759?lang=ru