Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы облысында балық шаруашылығы мен агросаланы дамыту мәселелері талқыланды 07.01.2026
Алматы облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары келді. Халық қалаулылары өңірдегі бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған заңнамалық өзгерістер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында балық шаруашылығы, жем өндірісі, алма өсіру және көкөніс сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Депутаттар Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Айдарбаев» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Аталған қожалық мал және балық азығына арналған түйіршіктелген құрама жем өндірумен айналысады. Былтыр ғана іске қосылған өндіріс орны тәулігіне 3 500 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Кездесу барысында «Аквамәдениет туралы» заң аясындағы негізгі нормалар талқыланып, отандық балық шаруашылығын қолдауға бағытталған мүмкіндіктер түсіндірілді.ҚР Парламенті Сенатының депутаты Зәкіржан Кузиев бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті:«Қазіргі таңда Алматы және Түркістан облыстарында балық шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан біз тек балық фермаларын ғана емес, жем өндірісін де қатар дамытуымыз қажет. Осында көтерілген мәселелер тиісті деңгейде қаралады. Бүгінде балық өсірушілер жемді Еуропадан алдырып отыр. Ал осындай өндірістерді қолдау арқылы салаға тың серпін беруіміз керек», – деді сенатор.Сапар аясында халық қалаулылары «Баймене» серіктестігіне қарасты алма бағын да аралады. Кәсіпорында алманың 8 түрі өсіріледі және жыл сайын нарыққа шамамен 6 мың тонна өнім шығарылады. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді сақтау, өткізу және қайта өңдеу мәселелері талқыланды. Кәсіпорын өкілдері саладағы нақты түйткілдерді көтеріп, мемлекеттік қолдау тетіктеріне қатысты сұрақтарын қойды.Серіктестіктің атқарушы директоры Рустам Аметов өндірісті кеңейту жоспарларымен бөлісті:«Бізде 200 гектарға жуық аумақта алма өсіріледі. Сақтау қоймамыз бен шырын шығаратын цехымыз бар. Негізгі бағытымыз – өндірісті ұлғайту. Қазіргі таңда бірнеше жобамыз бар, оны жақын уақытта жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен жүзеге асырғымыз келеді», – деді ол.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан агроөнеркәсіп мәселелерімен қатар әлеуметтік саланың да маңызын атап өтті:«Бұл тек балық немесе алма өндірушілерге ғана қатысты мәселе емес. Жалпы халықтың әлеуметтік саласына байланысты қордаланған түйткілдер аз емес. Сол мәселелерді Үкіметпен бірде келіссөз арқылы, бірде нақты шешімдер қабылдау арқылы жүйелі түрде шешуіміз керек», – деді мәжілісмен.Сонымен қатар депутаттар ауданда былтыр салынған заманауи көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты. Аталған қоймада көкөністің кез келген түрін ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік бар. Халық қалаулылары кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Алматы облысының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар алдағы уақытта да мемлекеттік қолдауға ие болатынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1137606?lang=kk
Алматы облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді 07.01.2026
2025 жылдың қортындысы бойынша Алматы облысында 27 360 жас азамат жұмысқа орналасты. "Enbek.kz" порталы арқылы 7 мыңға жуық жас тұрақты жұмыс тапты. Ал "Алғашқы жұмыс орны", жастар тәжірибесі, ұрпақтар келісімшарты сынды бағдарламалар аясында 3900 ден астам адам жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек, «Бизнес бастау» жобасымен өз ісін ашуға ниеттенген 91 жанға 1,5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары табысталып, «Заңғар сыйлығы» аясында қаржылай қолдау көрсетілді.«Жасыл ел» жобасы аясында ауыл жастары маусымдық жұмыспен қамтылды. Өңір еріктілері республикалық «Игі істер» марафонында «Ең мейірімді аймақ» атағын иеленсе, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығымен 5 ұйым марапатталды. Волонтерлік қызметті дамыту мақсатында жаңа электронды қосымша дайындалды.Одан бөлек, түрлі форумдар өтіп, белсенді жастар өңірдің түкпір -түкпірінде бас қосты.Сонымен қатар Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында жастар орталықтары пайдалануға берілсе, Қонаевта коворкинг орталығы ашылды. Биыл да бұл игі бастама өз жалғасын табады. Ал, Еңбекшіқазақ пен Ұйғыр аудандарында 4 жаңа орталықтың ашылуы жоспарланып отыр._Алматы облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының айтуынша, Іле, Талғар және Қарасай аудандарындағы жастар инфрақұрылымы мен жұмыс орындарын дамытуға арнайы жоспар әзірленуде: _*«Біз 3 жылға арналған арнайы жоспар әзірлеп отырмыз. Әр 9 аудан, 2 қаладан, әсіресе Алматыға жақын орналасқан Іле, Талғар, Қарасай аудандарынан миграция мәселелерін шешіп, сол жердегі тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар, ауылдардағы жастарға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық береміз»,- деді Мәди Ахметов. *Айта кетейік, Алматы облысында 35 жасқа дейінгі жастар саны 432 мыңнан асады. Бұл өңір халқының бүгінгі күні шамамен 30%-ын құрайды. Жүзеге асырылып жатқан бастамалар жастардың әлеуетін арттыруға және әлеуметтік белсенділігін күшейтуге бағытталып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1137607?lang=kk
Жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша салықтық шегерімдер мен өзгерістер 06.01.2026
Салықтық шегерімдердің алдын ала сомасыЖеке тұлғалар 2025 жылға арналған ЖТС-ты есептеу кезінде өзге де салықтық шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы. Аталған сома медициналық қызметтерге, оқуға және ипотекалық қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге байланысты жоспарланған шығыстарды қамтиды.Салықтық шегерімнің ең жоғары мөлшері 282 АЕК-ті (2026 жылға белгіленген АЕК – 4325 мөлшері бойынша) 1 219 650 теңгені құрайды.Салықтық шегерімді қолдану үшін салық агентіне (жұмыс берушіге) өтініш беру қажет. Сонымен қатар 2025 жылы өзге де шегерімдердің алдын ала сомасын қолданған жеке тұлға 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) растайтын құжаттарды қоса отырып, 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынуға міндетті.Көпбалалы отбасыларға арналған салықтық шегерімКөпбалалы отбасылар үшін 282 АЕК мөлшерінде салықтық шегерім көзделген. Аталған шегерім 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға қолданылады.Салықтық шегерім мөлшері ата-аналар арасында мынадай тәртіппен бөлінуі мүмкін: әрбір ата-анаға ай сайын 11,75 АЕК (50 794 теңге) мөлшерінде немесе ата-аналардың біріне ай сайын 23,5 АЕК (101 488 теңге) мөлшерінде.Салықтық шегерім салық агенті арқылы да, сондай-ақ декларацияны өз бетінше тапсыру кезінде де қолданылуы мүмкін.Біржолғы зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығынан босату2026 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылатын біржолғы зейнетақы төлемдері жеке табыс салығымен (ЖТС) салық салудан босатылады.Сонымен қатар, 2026 жылға дейін жүзеге асырылған және салықты белгіленген кестеге сәйкес 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу тәсілі таңдалған біржолғы зейнетақы төлемдеріне де осы босату қолданылады.Мүліктік табысты айқындау үшін мүлікке меншік ету мерзімі2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлік объектілерін өткізу кезінде мүліктік табыс жеке тұлғаның меншік ету мерзімі екі жылдан асқан жағдайда туындайды.2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған және аталған күннен кейін өткізілген мүлікке қатысты бұрын қолданылған меншік ету мерзімі — бір жылдан астам мерзім — сақталады.Мүліктік табыс алған жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыруға және жеке табыс салығын 25 қыркүйектен кешіктірмей төлеуге міндетті.Бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі мүліктік табысБағалы қағаздардың құн өсімінен алынатын табыс оларды өткізу жөніндегі әрбір операция бойынша айқындалады, кейіннен оң және теріс нәтижелерді жиынтықтау арқылы есептеледі.Жиынтық нәтиже оң мәнге ие болған жағдайда құн өсімінен табыс танылады, ал нөлдік немесе теріс мән болған кезде мүліктік табыс туындамайды.Бағалы қағаздар оларды сатып алу күніне қарай хронологиялық тәртіппен есептен шығарылады. Брокерлік сыйақы бағалы қағаздардың бастапқы құнына енгізіледі және сол арқылы салық салынатын табысты азайтады.Аталған нормалар салық салудың ашықтығын арттыруға және салық төлеушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1137587?lang=kk
Жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілердің қызметін тоқтату тәртібі 06.01.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап келесідей арнаулы салық режимдерін (АСР) көздейтін Салық кодексі күшіне енді:өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР;оңайлатылған декларация негізінде АСР;шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР.Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі арнаулы салық режимдері жойылды:оңайлатылған декларация негізінде (бұрынғы редакцияда);тіркелген шегерімді қолданумен;бөлшек салықты пайдалану.Егер 2025 жылы аталған арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер 2026 жылғы қаңтардан бастап ақпан аралығында қызметін тоқтату (таратылу/жабылу) туралы шешім қабылдайтын болса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған режимдердің қолданылмайтынын, сәйкесінше салық есептілік нысандары (СЕН) қол жетімді емес екенін ескеру қажет.Осыған орай, 2026 жылғы 1 қаңтардан 28 ақпанға дейінгі кезеңде қызметін тоқтату шешім қабылдаған салық төлеушілерге келесі әрекеттерді орындау қажет: Салық есептілігін ұсыну «Кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыру:2025 жылғы 4 тоқсанға немесе2025 жылғы 2 жартыжылдыққа(қолданған арнаулы салық режимге байланысты);Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсыну Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның 2-бөлімінде келесіні белгілеу:- ауысу туралы«А Оңайлатылған декларация негізінде АСР» немесе«С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп»;- себеп бойынша:«А ерікті түрде шешім қабылдау».Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі.Қызметті тоқтату рәсімін жүзеге асыруХабарламаны ұсынғаннан кейін келесіні орындау қажет:- қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;- тарату салық есептілігін ұсыну:- 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа – оңайлатылған декларация (ОД) негізінде АСР  қолдану кезінде (910.00-нысаны) немесе- 2026 жылдың 1 тоқсанына (немесе 2026 жыл үшін) – жалпы  белгіленген тәртіпті қолдану кезінде;- қажет болған жағдайда – қызметті тоқтату үшін заңмен көзделген басқа да тиісті құжаттар.МаңыздыСалық салудың қолданылатын режимі туралы хабарлама уақтылы берілмеген жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайтын болады. Бұл жағдайда жүйе келесідей хабарламаны қалыптастырады:"Қызметті тоқтату үшін Сізге "А. ерікті түрде шешім қабылдау" себебі бойынша 2-бөлімде "А. жеңілдетілген декларация негізінде АСР" немесе "С. жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке" белгісі бар қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру қажет. Осыдан кейін Сіз қызметті тоқтатуға құқығыңыз бар". Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1137589?lang=kk
2026 ЖЫЛДЫҢ I-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 06.01.2026
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы14.01.2026 ж., сағат 10.30-11.3028.01.2026 ж., сағат 10.30-11.3011.02.2026 ж., сағат 10.30-11.3025.02.2026 ж., сағат 10.30-11.3011.03.2026 ж., сағат 10.30-11.30Павлодар қ., генерал Дүйсенов к-сі, 80, Азаматтарды қабылдау орталығы, 1 қабат8 (7182) 32-13-59Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00Рысбек Минаймбекұлы Минаймбеков, Департамент басшысының орынбасарысәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 3108 (7182) 32-07-98 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1137590?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясының 2025 жылғы қорытындылары 06.01.2026
2025 жылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген іс-шараларға 849 мың адам, сондай-ақ 8,8 мың кәсіпорын мен ұйым қатысты. Акция барысында 17,5 мың тонна қоқыс жиналып, 109,8 мың ағаш отырғызылды және әртүрлі ағаш тұқымдарының 14 мың килограмы себілді. Іс-шараларды өткізу үшін 3,7 мыңнан астам арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Оның ішінде облыстың 429 мектебінде 11,2 мың ағаш отырғызылды.Акция аясында 3 048 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары, 55 саябақ пен сквер, 1 194 тарихи-мәдени мұра объектісі және 1 055 әлеуметтік нысан тазартылды.Облыс тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау мақсатында медиажоспар бекітілді. 2025 жылы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 30 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында @TazaQazBot телеграм-чат-боты іске қосылды. Онлайн-платформада келіп түскен өтініштерге күнделікті мониторинг жүргізіліп, олар уақтылы және сапалы түрде орындалуда. Есепті кезеңде телеграм-ботқа 668 өтініш келіп түсті, оның ішінде 542-сі орындалды, 126-сы кері қайтарылды.Сонымен қатар, телеграм-чат-боттың мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде 200-ден астам ақпараттық материал жарияланып, 43 тақырыптық баннер орнатылды. Ақпарат көппәтерлі тұрғын үйлердегі мүлік иелері бірлестіктерінің чаттарында, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыс чаттарында, «Жетісу» телеарнасында, сондай-ақ облыстық интернет-ресурстар мен баспа басылымдарында таратылды.Іс-шараларды іске асыру жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2024–2029 жылдарға арналған бекітілген Іс-қимыл жоспарына сәйкес жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1137596?lang=kk
Қазақстан мен Израиль Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелерін талқылады 06.01.2026
Қазақстанның Израильдегі Елшісі Даулет Ембердиев Қазақстан–Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, Израиль Қаржы министрі Зеэв Элькинмен кездесті.Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібі талқыланып, оның ішінде биік және жоғары деңнейде жоспарланып отырған  сапарлар туралы пікір алмасылды.Ерекше назар биыл Израильде өтетін Үкіметаралық комиссияның отырысына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tel-aviv/press/news/details/1137598?lang=kk
Салық төлеушілердің назарына. Салық есептілігі: нені білу маңызды 06.01.2026
Есептілік тапсырылмаған болсаЕгер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса және салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген болса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін салық төлеуге есептелетін нөлге тең сомамен есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Қандай іс-шаралар қолданылмайтын боладыСалық есептілігін ұсынбағаны үшін қолданылмайтын болады:- салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар шығару;- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;-«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тарту.Білу маңыздыЕгер мемлекеттік кірістер органдары тарапынан сіз көрсетпеген айналымдар (кірістер) анықталатын болса, онда әкімшілік жауапкершілік нормалары қолданыла алады.Егер сіз мәлімделмеген кірістерді дербес анықтаған және қосымша салық есептілігін ұсынған болсаңыз шаралар қолданылмайды.Салық есептілігін кері қайтарып алуда өзгерістер Не өзгерді«Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі жойылды;СЕН ұсынылғаннан кейін өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін беру жолымен ғана мүмкін болады;салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықталады;қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес өзгерте аласыз.Салық есептілігін ұсынуды ұзартуСЕН беру мерзімін ұзарту (кейінге қалдыру) енді көзделмеген.Білу маңыздыҚР Қаржы министрі 12.11.2025 жылғы № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бекітілген.Көрсетілген бұйрықта:- салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;- салық есептілікті нысандарын ұсыну ережесі;- «Салық есептілікті қабылдау», «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.Өзгерістер қай кезден бастап әрекет етеді2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі нормалар күшіне енеді:салық есептілігін кері қайтарып алу жойылады;салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жойылады.Бұл ережелер көрсетілген датаға дейін туындаған жағдайларға да қолданылады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1137582?lang=kk
Патриотизм мектептен басталады: Ұлттық ұлан мен елордалық мектеп батыр рухын ұлықтады 06.01.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен елордалық құрамасы Астана қаласының №36 мектеп-лицейімен бірлесіп, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған мәдени-танымдық іс-шара өткізді.Шараға құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері, жергілікті соғыстарға қатысушылар қоғамдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ тәрбие орталықтарының басшылары мен педагогтары қатысты.Салтанатты бөлім Ұлттық ұлан Құрмет қарауыл ротасы жауынгерлерінің сахна төріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуінен басталды. Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрінің сүйемелдеуімен қатысушылар Мемлекеттік әнұранды шырқады.Кездесу барысында арнайы шақырылған қонақтар оқушыларға Бауыржан Момышұлының өнегелі өмір жолы, ерлікке толы тағдыры және ел тарихына қосқан елеулі үлесі туралы айтып берді. Баяндамашылар өз сөздерінде аты аңызға айналған батыр мұрасының жас ұрпақты патриотизмге, тәртіп және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеудегі маңыздылығына тоқталды.Шараның мәдени бөлімі құқықтық тәртіп әскері Ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымы әзірлеген концертке ұласты.Кездесу соңында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді одан әрі дамытуға бағытталған №36 мектеп-лицейі мен 5573 әскери бөлімі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Бұл меморандум өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен батыр мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру жолындағы білім беру мен тәрбие жобаларын іске асыруға негіз болмақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1137574?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында жаңа оқу кезеңі басталды 06.01.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында және әскери бөлімдерінде жаңа оқу кезеңі басталды. Жеке құрам әскери қызметшілердің жан-жақты дайындығын нығайтуға бағытталған оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.Оқу кезеңінің алғашқы күні құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшылығының, әскери бөлімдердің және өңірлік қолбасшылықтардың аумағында оқу-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Қызметті ұйымдастыру, әскери тәртіп пен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сабақтар басталар алдында Бас қолбасшылықтың әскери қызметшілері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының батырлары — қатардағы Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровты бір минут үнсіздікпен еске алды. Олар ел азаматтарының тыныштығы жолындағы қойылған міндеттерді орындау барысында өз өмірлерін құрбан еткен.Мемлекеттік-құқықтық дайындық аясында сабақты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов өткізді. Лекция тақырыбы «Қазақстан Республикасының Президенті — елдің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы: ішкі саясаттың құндылықтары мен негізгі бағыттары» болды.Сабақтар практикалық форматта да, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және әскери-техникалық дамуының негізгі бағыттары бойынша оқу мәселелерін қарастыру түрінде де ұйымдастырылды.Алғашқы оқу күнінде ұландықтар жауынгерлік дайындық бойынша да сабақтар өтті. Қару-жарақ пен әскери техниканы дұрыс пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, атыс және дене дайындығы барысында, сондай-ақ парк-шаруашылық күндерін өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша кешенді жаттығулар ұйымдастырылды.Жауынгерлік дайындық құқықтық тәртіп әскерлерінің қызметінің негізі болып қала береді. Бүгінде Ұлттық ұлан әскери бөлімдеріне мемлекет ішіндегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты маңызды міндеттер жүктелген.Өткен жылы патрульдік-бекеттік қызмет аясында 3,3 мыңнан астам міндет орындалып, ішкі істер органдарына шамамен 17 мың құқық бұзушы жеткізілді. Олардың ішінде 600-ден астамы қылмыс белгілерімен ұсталған.Айта кету керек, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді тиімді орындау жоғары кәсіби жауынгерлік  дайындықсыз және әскери шеберліксіз мүмкін емес. Осыған байланысты жаңа оқу кезеңі -  әрбір әскери қызметші үшін кәсіби білімін, практикалық дағдыларын және қызметтік төзімділігін жетілдірудің мүмкіндігі.Жыл бойы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері саптық, тактикалық және дене дайындығы бойынша нормативтерді орындап, атыс жаттығуларын пысықтайды, кәсіби-лауазымдық және мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша білімін тереңдетіп, жалпы әскери жарғылардың талаптарын меңгереді.Ұлттық ұланның жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтау— қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Бұл еліміздің тұрақты дамуының, жүргізіліп жатқан реформалардың табысты іске асырылуының және қазақстандықтардың бейбіт әрі жасампаз еңбегінің маңызды шарты саналады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1137571?lang=kk
Қаланың қысқы күтіп ұстауы — ерекше бақылауда 06.01.2026
Аппараттық кеңесте қалалық аумақты қысқы күтіп ұстау мәселесі қаралды.Ағымдағы жылы қаланы тазалау жұмыстарын 6 мердігер ұйым жүзеге асырады (бұрын – 5). Бұл мақсатта 392 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қар полигондарының саны 4-тен 5-ке дейін арттырылып, олардың барлығында таразылар мен қар шығаруды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды.Сонымен қатар, алғашқы қалың қар бірқатар мердігер ұйымдардың жұмысында кемшіліктер бар екенін көрсетті. Осыған байланысты коммуналдық қызметтерге тазалау жұмыстарын күшейту, тәулік бойы жұмыс режимін ұйымдастыру, негізгі магистральдардағы автотұрақтарды тазалау мәселесі бойынша полиция органдарымен өзара іс-қимылды жолға қою, сондай-ақ жолдар мен тротуарларда қарды уақтылы тазалауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Қар тазалау шарттарының барлық елеулі бұзушылықтары арнайы порталға тіркеледі. Ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, жосықсыз мердігер ұйымдармен шарттарды бұзу мәселесі қаралатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1137470?lang=kk
Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселелері қаралды 06.01.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен облыс әкімінің мәжілісінен кейінгі жиын өтті.Мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарды аудан деңгейінде жүйелі ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар 2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Бұл туралы Жандос Еркінбек:-Цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, уақыт пен ресурсты үнемдеуге және жастардың білімін жетілдіріп, ақпараттық технология саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сондықтан, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану үшін тұрғындарды кеңінен оқыту, насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет,- деп атап өтті.Осыған орай аудан көлемінде цифрландыру және жасанды интеллект бағытында білім беру және оқыту орталықтарын ашу мүмкіндіктері, жастар арасында насихаттау жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.Сондай-ақ жиында 2025 жылғы аудан бюджетінің игерілу қорытындысы да қаралды. Қазіргі таңда аудан бюджеті 100 пайызға жуық орындалып отыр. Бұл жұмыстардың толық орындалуы үшін жауапты сала басшыларына бақылауды күшейту тапсырылды.Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1137476?lang=kk
Айдос Ұзақбайұлы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды 06.01.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік қазынашылық комитетініңЖамбыл облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаменті ұжымына жаңабасшы – Айдос Ұзақбайұлы таныстырылды. Айдос Ұзақбайұлы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылордамемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойыншатамамдаған.Еңбек жолын мемлекеттік қаржы саласындаҚызылорда облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаментінде бас маман лауазымынан бастаған.Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейінМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаменті басшысыныңорынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1137333?lang=kk
Қостанай облысының өнеркәсіп және инвестициялық әлеуетінің дамуы 06.01.2026
Қостанай облысы еліміздің негізгі индустриялық орталықтарының бірі ретінде өзінің позициясын нығайтуын жалғастыруда. Өңір Қазақстан Республикасында машина жасау өнімдерінің көлемі бойынша жетекші орын алады: бұл саладағы республикалық өндірістің ширегіне жуығы — 25,1% немесе 1 223,8 млрд теңге (ел бойынша жалпы көлем 4 881,6 млрд теңге) Қостанай облысына тиесілі.Өңір кәсіпорындары инновацияларды, цифрлық шешімдерді және өндірістік роботтандыруды белсенді енгізуде. Тек 2025 жылдың өзінде өнеркәсіптік роботтар саны 40 есеге өсіп, 3-тен 133-ке дейін артты. Бұл өңірдегі технологиялық жаңғыртудың жоғары қарқынын дәлелдейді.Маңызды іске асқан жобалардың бірі – құны 78,2 млрд теңге болатын «KamLitKZ» ЖШС шойын құю зауытының құрылысы. Оның іске қосылуы өңірде 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Құны 160,5 млрд теңге болатын жетекші белдіктер өндіретін ірі зауыттың құрылысы аяқталды. Онда 650 жұмыс орны құрылады. Тағы бір ауқымды жоба – жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер зауыты. Инвестициялар көлемі 17,8 млрд теңгені құрайды, 800 жұмыс орны ашылады.Машина жасау саласының дамуына айтарлықтай үлес қосатын нысан – небәрі 1,5 жылда салынған жаңа KIA («KIA Qazaqstan») зауыты. Мұнда 1 500 адам еңбек ететін болады.2025 жылдың сәуірінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Jetour X70+ автокөлігін өндіруді іске қосты. Инвестициялар көлемі – 2,3 млрд теңге, 200 жаңа жұмыс орны құрылды.Өңір экономикасының өсу драйверіне қара металлургия айналуда. Рудный қаласында салмағы жағынан ең ірі және капиталы көп талап етілетін жобалардың бірі – ыстық брикеттелген темір өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаның бірінші кезеңіне 655 млрд теңге инвестиция салынып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады.Лисаков қаласында темір рудасының техногендік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жалпы құны 36 млрд теңгеден асатын жоба іске қосылуға дайындалуда (бірінші кезең – 10,4 млрд теңге, екінші кезең – 25,9 млрд теңге).Қостанай қаласында халықаралық көлік-логистика кешені – «Тобыл» құрылысы жалғасуда. Жаңа нысан жылына 400 мың контейнерге дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Инвестициялар көлемі – 63,8 млрд теңге, жоба 500 жұмыс орнын ашады. Кешеннің іске асуы өңірдегі жүк айналымын 20%-ға арттырады.2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 556,4 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға жоғары.Соңғы үш жылда өңірге шамамен 1,5 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл – Қостанай облысының инвестициялық климатын халықаралық бизнестің жоғары бағалайтындығының айқын дәлелі.Агроөнеркәсіп секторы Қостанай облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. 2025 жылы саланы қолдауға 207 млрд теңге бөлінді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп.11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 924 млрд теңгені құрап, жыл қорытындысында 1 трлн теңгеден асты. Астықтың жалпы түсімі 7 млн тоннаны құрады.Өңірде 7 заманауи цифрлық сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, тағы 5 нысанды 2026 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл жобалардың жүзеге асуы сүт өндірісін екі есеге арттырады — 75 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін.Тағам өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Баян Сұлу» АҚ «Кондитерлік Астана» жаңа кондитерлік фабрикасын салып жатыр. Инвестициялар көлемі — 14,3 млрд теңге, 260 жұмыс орны ашылады. Фабрика іске қосылғаннан кейін өнім ассортименті 16,6 мың тоннаға ұлғаяды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1137331?lang=kk
«Экспорттық акселерация 2025» бағдарламасы аясында қазақстандық компаниялар 180 млн АҚШ долларына келісімшарт жасасты 06.01.2026
Өткен жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы QazTrade экспорттық акселерация бағдарламасын сәтті іске асырды. Бағдарлама қазақстандық компанияларды сыртқы нарыққа жүйелі түрде шығуға дайындауға бағытталған.Жыл қорытындысы бойынша экспорттық акселерация бағдарламасына экономиканың 14 саласынан 120 компания қатысты. Олардың қатарында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және фармацевтика, металлургия, IT-қызметтер, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және қызмет көрсету салалары бар.Қатысушылардың ең көп үлесі тамақ өнеркәсібіне тиесілі болды. Сонымен қатар машина жасау мен химия салаларының компаниялары белсенділік танытты.2025 жылы бағдарлама өзге салаларды кеңінен қамтып, экспорт географиясы айтарлықтай кеңейтілді. Бұрын негізгі назар жекелеген салаларға аударылса, есепті жылы акселерация 14 саланы қамтып, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы Корольдігі және Италияны қоса алғанда, 8 нысаналы нарыққа бағытталды.Бағдарлама аясында компаниялар оқытудан өтті, экспорттық диагностика жүргізді, консультациялық және сервистік қолдау алды, сондай-ақ шетелдік нарыққа шығу бойынша кешенді сүйемелдеумен қамтылды. Нәтижесінде 2025 жылы жалпы сомасы 180 млн АҚШ доллар  экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен қатар қазақстандық компания өкілдері Қытай мен Оңтүстік Кореяда тәжірибеден өтті.Экспорттық акселерациямен қатар, 2025 жылы QazTrade ұйымдастырған сауда-экономикалық миссиялар аясында қазақстандық компаниялар Иран, Венгрия, Қытай, Ауғанстан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь және Пәкістан елдерінде өткен іскерлік кездесулерге қатысты. Жыл ішінде барлығы 10 сауда-экономикалық миссия өтті.Жалпы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы белсенді экспорттаушылар саны 1 000 компанияға дейін жетті. Бұл ретте қолдау бағдарламаларына қатысушылардың шамамен 80 пайызы шағын және орта бизнес субъектілерінен тұрды, ал компаниялардың 60 пайыздан астамы тамақ өнеркәсібі саласын ұсынды.Экспорттық акселерация бағдарламасы қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған экспортты қаржылық емес қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1137307?lang=kk
Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары! Сіздерді Рождество Христово мерекесімен құттықтаймын! 06.01.2026
Бұл – үйге жақсылық пен махаббат әкелетін жарқын қуаныш мерекесі. Рождество бізге жақсылыққа үміт береді және бізді бір-бірімізбен бейбітшілік пен сүйіспеншілікте өмір сүруге талпындырады.Сіздерге рухани үйлесімділік, жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас, өмірде сәттілік, сондай-ақ игі істер жасауға жаңа мүмкіндіктер тілеймін!Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы                                                А. СветашАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1137276?lang=kk
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 672-ге жетті 06.01.2026
2025 жылғы төртінші тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 672. Ал 2024 жылы 835 болған. Бұл сектордағы қарқынды өсу мен дамуды көрсетеді.Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізілімі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мәліметтері негізінде арнайы комиссияның материалдарды қарау нәтижесі бойынша қалыптастырылып, жүргізіледі. Комиссия ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды Тізілімге енгізу ұсынымын әзірлейді. Тізілімді Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын жаңартып отырады.Еске салсақ, әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне арналған заңнамалық негіз 2021 жылы жасалған болатын. Алғаш рет азаматтардың және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешетін кәсіпкерлік қызмет – «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымы нормативтік деңгейде бекітілді. Әлеуметтік кәсіпкерлікке мүгедектігі бар адамдардың бизнесі, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, әлеуметтік осал топ өкілдеріне жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорындар да жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1137279?lang=kk
Жаңа Салық кодексі шеңберіндегі салықтық ынталандыру шаралары 06.01.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге, бизнес жүктемесін азайтуға және экономикалық белсенділікті ынталандыруға арналған жаңа Салық кодексі күшіне енді.Жаңа кодекс салық жүйесін айтарлықтай оңайлатып отыр: салық есептілігінің көлемі 30%-ға, салық саны 20%-ға қысқарды. Салықтық жеңілдік пен алымды оңтайландыру жүргізіліп, жаңа салықтық әкімшілендіру тәсілдері енгізілді. Камералдық бақылау алдын алу және кезеңдік сипатта жүргізіледі. Салық берешегін өндіріп алу, сондай-ақ кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімі жеңілдетіледі. Берешек аз болса, бизнестің шоты бұғатталмайды. Хабарлама мен ықпал ету шарасы қарыз мөлшеріне қарай кезең-кезеңмен қолданылады.Жаңа Салық кодексі шеңберінде кіру және ішкі туризм саласындағы туроператор қызметі айналымы қосылған құн салығынан босатылады. Қабылданған шара туристік саланы дамытуға қосымша серпін беруге, ішкі нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыруға арналған. ҚҚС-тан босату соңғы тұтынушы үшін туристік қызмет құнын төмендетуге, бизнеске неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және туристік ағынның шетелдіктер есебінен өсуін ынталандыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, салық преференциялары кітап шығару саласына қолданылады. 2026 жылдан бастап отандық кітап басылымын сату айналымы, сондай-ақ оларды баспа форматында шығару қызметі ҚҚС-тан босатылады. Бұл норма ұлттық баспагерлер мен авторларды қолдауға, кітап оқу мәдениетін дамытуға және баспа өнімдеріне халықтың қол жеткізуін арттыруға бағытталған.Салық жүктемесін төмендету кітап шығарудың өзіндік құнын төмендетуге, отандық әдебиеттер ассортиментін кеңейтуге және ішкі нарықтағы қазақстандық кітап шығару позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуде тауарлар мен қызметтер қосылған құн салығынан босатылады.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында есепке жатқызылатын қосымша ҚҚС мөлшері 70-тен 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл салық жүктемесін қолданыстағы деңгеймен салыстырғанда төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанда қайта өңделетін шикізат пен материалдардың импорты үшін ҚҚС төлеу бір жылға кейінге қалдырылады.Инвестицияны ынталандыру, өндірісті жаңғырту үшін құрылыс, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, сондай-ақ оларды қайта құру мен жаңғырту шығыны бойынша 100 пайыздық шегерім енгізілді. Бұдан басқа, ғылыми әзірлемені қаржыландыруға 300 пайыз мөлшерінде супер шегерім қолданылады.Қор нарығын ынталандыру және компаниялардың капиталды қажетсінетін және ұзақмерзімдік жобаларға инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейту мақсатында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміндегі бағалы қағаздарға дивиденд есептелетін күні салық салудан босату жеңілдігі сақталды. Сондай-ақ, белгілі бір кезеңге бірқатар салық төлеуден босатуды көздейтін арнайы экономикалық аймақтар мен инвестициялар туралы келісімдер шеңберінде инвестиция тартудың оң нәтижесін көрсеткен жеңілдіктер сақталды.Жаңа Салық кодексінде таусылған кен орындарын геологиялық барлауға және игеруге инвестицияны ынталандыруға ерекше назар аударылды. Пайдалы қазбаларды өңдеу және геологиялық барлау үшін жеңілдіктер, соның ішінде жаңа жобалар үшін бес жыл мерзімге ПҚӨС нөлдік мөлшерлемесін белгілеу қарастырылған. Осы шараларды іске асыру тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және саланың ұзақмерзімдік дамуына оң ықпал етеді.Арнайы салық режимі оңтайландырылып, оның саны жетіден үшке қысқарды. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеңілдетілген декларация негізінде, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимін қолдану кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Бірыңғай ең төменгі төлем 4 пайыз. Арнайы салық режимі үшін оңайлатылған декларация негізінде 600 мың АЕК мөлшерінде шекті табыс белгіленді. Бұл ретте қызметкер саны шектелмейді. Осы режимді қолданатын кәсіпкерлер ҚҚС және әлеуметтік салық төлеушіге жатпайды.Мәселенің және халықаралық практиканың әлеуметтік маңыздылығын ескерсек, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығатын адамдарды, сондай-ақ мұрагерлік тәртібімен алынған төлемді қоспағанда, БЖЗҚ зейнетақы төлемін жеке табыс салығынан босату енгізілді.Бұдан басқа, жеңіл автомобиль салығы пайдалану мерзіміне байланысты төмендеді. Енді 10 жылдан 20 жылға дейінгі көлікке - 30 пайыз, 20 жылдан асса, 50 пайыз. Сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік салық шегерімінің мөлшері 882 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін артты. ЖТС бойынша құжаттамалық растауды талап ететін қолданыстағы шегерімнің орнына жеке тұлғаларға 30 еселенген АЕК мөлшерінде ұлғайтылған шегерім енгізілді. Бұл қолға алынатын жалақы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1137250?lang=kk
ҚҚС төлеушілер Арнаулы салық режимдеріне (АСР) көшу кезінде 06.01.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндіреді. ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады:жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу;қызметін тоқтату немесе тарату.АСР-ге көшу кезінде Салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады. ҚҚС бойынша есептен шығару күні Есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі.Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін бұл күн — қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып табылады.МысалЕгер хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда берілсе, онда:- ҚҚС бойынша есептен шығару күні — 2026 жылғы 5 қаңтар;- ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін тапсырылады. Тауар қалдықтары және ҚҚС - Бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады;- Айналым тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда);- Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады;- ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күніне қолданылады (ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн).Маңызды: салық салу күні мен ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде АСР қолдану басталған күн шешуші мәнге ие. Өтпелі ережелер (2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін) Алдыңғы АСР-лердің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) қолданылуы тоқтатылуына байланысты мынадай өтпелі нормалар көзделген:- 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады;- ҚҚС бойынша есептен шығару — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;- ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырылады;- Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1137303?lang=kk
Шетелдік БАҚ: өндіріс үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік компаниялардың қатары артып келеді 06.01.2026
Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға және транзитке баса ден қойған экономика ретінде қабылданып келгені рас. Бірақ 2020 жылдардың басынан бұл көзқарас өзгере бастады: көптеген халықаралық корпорациялар елге өткізу нарығы ретінде қарағанды қойып, өз өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілерді қолдай отыра, шығаратын өнім көлемін көбейтті. Нәтижесінде бұл ел біртіндеп экспортқа деген нақты амбициясы бар аймақтық өнеркәсіптік платформа ретінде қалыптасып келеді.Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналуда2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдық трансформацияның оң белгілерін көрсете бастады. Геосаяси пен логистикалық тәуекелдерге байланысты жеткізу тізбегін жаһандық қайта құру аясында трансұлттық компаниялар өндіріс географиясын қарқынды түрде әртараптандыруды қолға алды. Бұл тұрғыда Қазақстан өнімді тек ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне, ЕАЭО-ға және жақын өңірлерге жеткізуге қабілетті өндірістік хабқа айналуда.Мұндай өзгерістер мемлекеттің экономикалық саясатының нәтижесі еді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 6% деңгейінде күтілуде, ал 2026 жылға арналған нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде белгіленді. Дәл бір қайта өңдеу саласы шикізат экспортына тәуелділікті біртіндеп төмендете отырып, экономикалық өсудің тірегіне айналмақ.Бұл ретте металлургия Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі драйверлерінің бірі болып қалып отыр. 2026 жылы саладағы өнім көлемінің өсуі шамамен 3% деңгейінде болады деп болжануда, бұған бір жағынан Kyzyl Aray Copper, Ekibastuz FerroAlloys, Kazferro Limited, Shagala Mining және тағы да басқа кәсіпорындардың жобалық қуатына шығу сеп болмақ. Қара металлургияда ферроқорытпалар, болат, шойын және жалпақ жайма темір өндірісі артады деп күтілуде, ал түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий және мырыш өндірісі күшеймек.Машина жасау одан да жоғары өсу қарқынын көрсете түседі. 2026 жылы өнім көлемін 13,4%-ға ұлғайту жоспарлануда, оған жеңіл автомобильдер өндірісінің 17%-ға және ауыл шаруашылығы техникасының 5%-ға өсуі ықпал етпек. Химия өнеркәсібі де жеделдетілген қарқынмен дамып келеді, 2026 жылы күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны шығаратын жаңа қуаттардың енгізілуіне байланысты өндірістің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде.Экономиканың қарқын алуында сауда саласы маңызды рөлге ие болып отыр. 2026 жылы жиынтық тауар айналымы 92,4 трлн теңге деңгейінде жоспарланған, бұл 6,5% өсімге сәйкес келеді. Кеңейю мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің тұрақты көлемімен, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеу жөніндегі ауқымды бағдарламалармен, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағытталған бірнеше ірі B2B-алаңдарын іске қосумен қамтамасыз етілетін болады.Ауыл шаруашылығы да, ең алдымен, қайта өңдеу сегментінде қарқын алуда. 2026 жылы азық-түлік пен сусындар өндірісі сәйкесінше 9% және 9,3%-ға өседі, бұл сектордың қосылған құнын және оның экспорттық әлеуетін арттырады.Локализация үшін негіз қалауБүгінде куә болып отырған трансформациялық процесстер – Қазақстан басшылығының соңғы жылдары жүзеге асырған реформаларының нәтижесі. Инвестициялық ахуалды жақсарту, индустриялық аймақтарды жаңғырту және реттеудің болжамдылығын арттыру жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Арнайы экономикалық аймақтар, салықтық жеңілдіктер және оңайлатылған мақұлдау процедуралары шетелдік өндірушілерге алдағы ұзақ жылдарға жоспар жасаумен өндірістік стратегияларды құруға мүмкіндік береді.Қазақстан оларға саяси тұрақтылық, ірі нарықтарға жақындық және халықаралық инвесторларға түсінікті құқықтық базаны ұсынып отыр. Бұл елді өндірістерді орналастыру үшін тартымды алаңға айналдырады.Мәселен, Mars жаһандық азық-түлік корпорациясы – мұндағы көзқарастың өзгергенінің жарқын мысалы. Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда импорттаушы және дистрибьютор ретінде жұмыс істеп келген еді, енді Алматы облысында өндірісін локализациялау үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті, нақтырақ айтқанда олар үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытын салмақ. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады, ал қуаттылығы – жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіруге жетеді. Бұл қадам жергілікті жерде өндіріс ашуға көбірек таңдау жасай бастаған шетелдік өндірушілердің трендін айғақтай түседі.Фармацевтика өнеркәсібінде де жаңа жобалар пайда болмақ. «Алатау» арнайы экономикалық аймағында өндірістік кешен тұрғызатын Khan Tengri Biopharma компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Кешеннің өндірістік портфеліне онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 27 халықаралық патенттелмеген атаулар кіреді, ал инвестициялар көлемі 103 млрд теңгеден асады. Бұл импорттық дәрі-дәрмектерді алмастыруға ғана емес, болашақта шетелдерге жөнелтуге де мүмкіндік береді. Қазақстанның өнеркәсіптік торап ретінде қалыптасып келе жатқаны технологиялық жағынан күрделі салаларда да байқалып отыр. 2025 жылы Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық циклді зауыттың іске қосылуы отандық автоөнеркәсіп үшін маңызды кезең болды. $270 млн-нан асатын инвестициялар ішкі нарыққа ғана емес, Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жіберілетін экспортқа да бағдарланған. Толық өндірістік цикл жеткізушілердің жоғары дамыған желісін, білікті кадрларды және ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді, мұндай кәсіпорындарды өнеркәсіптік кластерлердің «жәкірлі» бөлшегіне айналдырады.Локализацияның тағы бір мысалы – америкалық локомотивтер өндіретін Wabtec компаниясы. Олар Қазақстанда бұрыннан бар, бірақ қазір жергілікті компоненттердің үлесін арттыру және Астанада инженерлік-технологиялық орталықты ашу есебінен локализацияны күшейтуде. Ұлттық теміржол компаниясымен ұзақмерзімді келісімшарттар тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді, ал білім мен құзыреттерді беру елдің технологиялық әлеуетін нығайтады.Металлургия секторындағы локализация да айырықша байқалып отыр. Металл және тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық компаниялардың бірі – ERG тобы қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің үлесін 2024 жылы бір жыл бұрынғы 48%-бен салыстырғанда 60%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Компания өз кәсіпорындары орналасқан моноқалалардағы өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударады. 2024 жылы мұндай сатып алулар Қазақстандағы ERG сатып алуларының жалпы көлемінің 21,5%-ын құрады және бұл көрсеткіш жаңа, оның ішінде экологияға бағдарланған өндірістерді іске қосу аясында өсуін жалғастыруда.Qarmet компаниясы елдің өнеркәсіптік базасын едәуір күшейтетін бірнеше стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың бірі – қытайлық бизнеспен серіктестікте іске қосу көзделіп отырған металл бұйымдарының түрлі сортын жаймалап шығаратын қондырғы. Ол құрылыс металлургиясындағы импортты толығымен алмастыруға және ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жоба – Қарағанды облысында ені 1850 мм-ге дейін және қалыңдығы 0,8-ден 16 мм-ге дейін болатын ыстықтай илектелген болат темірді шығаруға бағдарланған құю-жаймалау кешенінің құрылысы. Бұл өнімдер автомобиль, мұнай-газ, атом, медициналық және құбыр өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде зор сұранысқа ие. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өзіндік құнын төмендетуге және жоғары қайта өңдеу өнімдерінің желісін кеңейтуге көмектеседі.Өсіп келе жатқан инвестициялық портфельҚазақстан индустрияландыруды қарқынды түрде қолдап келеді. Қазірдің өзінде жалпы құны 5,7 трлн теңгеге жуықтайтын, шетелдіктердің қатысуымен жүзеге асып жатқан 20 ірі жобаның портфелі қалыптастырылды, олар 11 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Екі және одан да көп елдерден шыққан компаниялардың қатысуымен $2,4 млрд-қа жуық сомаға 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын қосымша тоғыз көпжақты жоба жүзеге асырылуда. Қаржыландыру ұлттық компаниялар мен даму институттарының қолдауымен жүзеге асырылады, бұл инвестициялық тәуекелдерді азайтады.Жаңа өндірістердің көпшілігі әу бастан-ақ экспортқа бағдарланған. Мәселен, автомобиль құрастыру, металлургия және машина жасау салалары Орталық Азия мен ЕАЭО нарықтарына бағытталған. Локализация айқын мультипликативті әсер тудырады: жұмыс орындары тек зауыттарда ғана емес, сонымен қатар логистикада, инжинирингте және ілеспе қызметтерде де пайда болады, ал құзыреттерді беру білікті жұмыс күшін қалыптастыруға ықпал етеді.Халықаралық корпорациялардың қатарының артуы Қазақстанда барған сайын индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Локализация мен қайта өңдеуге салынған инвестициялар бизнестің елдің ұзақмерзімді траекториясына деген сенімін және оның жаһандық әрі аймақтық қосылған құн тізбегіне интеграциялану қабілетінің артып келе жатқанын аңғартады.Трансұлттық өндірушілерді тартып, локализацияны көбейте отырып және экспорттық қуаттарды ұлғайту арқылы Қазақстан Еуразияның негізгі өнеркәсіптік хабтарының бірі ретіндегі өз позициясын нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1137078?lang=kk