Әлем
Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жаңа әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды 05.07.2026
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІТАСЕМЕНОВ АЙБЕК ЖАХАНБАЙҰЛЫЖамбыл облысы әкімінің аппараты, индекс 080008,Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 үй, 101 кабинетБайланыс телефондары: 43-72-59, 8 701 75 333 76Е-mail: a.tassemenov@zhambyl.gov.kzЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІҚАБЫЛДАУ КҮНДЕРІҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫҚАБЫЛДАУ ОРНЫ Апта сайын,бейсенбі күні 15.00 – 18.00№101 кабинетЕгер Сіз мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне тап болсаңыз, мына нөмірге қоңырау шалуыңызға болады +7 701 75 333 76Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1243152?lang=ru
Ұлттық ұланда әскери полицияның жедел желісі іске қосылды 05.07.2026
"Цифрлық профилактика" ведомствоаралық бағдарламасы аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша әскери полиция жедел желі телефонын іске қосты.Жобаның негізгі мақсаты — Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен, азаматтық персоналынан және азаматтардан өтініштерді жедел және тәулік бойы қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.Сенім телефонына хабарласуға арналған байланыс нөмірлері: +7 708 703 36 36 және +7 (7172) 27 36 36. Ақпаратты телефон қоңырауы немесе SMS хабарлама арқылы беруге болады.Барлық келіп түскен өтініштер цифрлық есепке алу журналында тіркеледі, бұл оларды қараудың ашықтығын және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.Жедел желіні енгізу құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, әскери тәртіпті нығайтуға, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және әскери қызметшілер мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді деп күтілуде.Жедел желіні іске қосу Ұлттық ұланның қызметіне цифрлық технологияларды енгізудің кезекті кезеңі болды, ол ден қоюдың жеделдігін арттыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. #ЗАҢМЕНТӘРТІП ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1243139?lang=ru
№4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру профилактикалық іс-шара 05.07.2026
Ағымдағы жылғы 17 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова «Жақсы ауданы Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының новеллалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерге, сондай-ақ жақын туыстардың және олармен байланысты өзге де тұлғалардың бірлесіп қызмет өткеруі кезіндегі шектеулерге ерекше назар аударылды.Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, сондай-ақ діни сенімдерді таңбау, бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және т.б. мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1243084?lang=ru
Тазалық өзімізден басталады 05.07.2026
Жаңа Конституция мәтінінде көрініс тапқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде толымды тірліктер жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның бір бөлігі саналатын «Таза бейсенбі» акциясы тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыруға септігін тигізуде. Бұл акция облыс аумағында апта сайын өткізілуде. Қонаев қаласындағы бұрынғы стадион аумағында өткен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен шаһар басшысы Асхат Бердіханов қатысты.– «Таза Қазақстан» бағдарламасының – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағдарламаның азаматтық жауапкершілікті арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту және ортақ құндылықтарды дәріптеудегі рөлін үнемі атап өтеді. Көктемнен бері облыс аумағында 18 ірі сенбілік ұйымдастырылып, 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 5 мың гектердан астам аумақ тазартылды.Бүгінгі шараға да Алматы облысыныңжұртшылығы жаппай қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда. Осы орайда, игі іске белсене қатысып, азаматтық оң көзқарасын танытып жүрген барша өңір тұрғындарына шынайы алғысымды білдіремін. Біз бұл қарқынды бәсеңдетпей, алдағы уақытта қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру жұмыстарын одан әрі күшейте береміз.Осы игі бастама аясында бүгін Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында қалыптасқан үрдіс бойынша кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылып отыр. Бұл шара сенбіден бейсенбіге ауыстырылды. Соған орай әр аптаның осы күні таңертең бір сағаттай тазалық жұмысы жүргізілуде. Облыс орталығының көшелері едәуір тазарып, бұл игі шараның нәтижесі көрінуде. Бүгінгі шараға спорт мектебінің шәкірттері де қатысып отыр. Бұл бір жағынан тәрбие болса, екінші жағынан өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді. Қазір тазаланып жатқан бұл жер бұрын стадион болып, кейін жекенің қолына өткен екен. Қала орталығында мұндай игерілмей қараусыз жатқан алқап болмау керек. Сондықтан қала әкіміне жерді қайтару бойынша немесе Бас жоспарға сәйкес дұрыс жұмыс жүргізілуі үшін тапысрма бердім. Мұнда бизнес нысаны немесе қоғамдық орын болуы тиіс, – деген Марат Елеусізұлы баршаны қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауға шақырды.Облыстық ТҮКШ және абаттандыру басқармасының бас маманы Алина Түсіпбаеваның мәліметіне сүйенсек, облыс орталығынан басқа барлық аудан мен қалада осындай тазалық шарасы өтуде. Оған облыс әкімдігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары, еріктілер, шағын және орта бизнес өкілдері, өңір тұрғындары қатысуда.Өңір бойынша бүгінгі тазалық шарасына 20 мыңнан астам тұрғын қатысып, 300-ге жуық техника жұмылдырылды. 500 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 300 гектарға жуық аумақ тазартылды. Алдағы уақытта да тазалық шарасы тұрақты түрде жалғасын таба береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1243596?lang=ru
Әскери қызметшілер үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді 05.07.2026
Қазақстанда әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілді. Өзгерістер 2026 жылғы 15 сәуірде күшіне енген «Күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Аталған заңды іске асыру мақсатында Үкіметтің 2026 жылғы 30 мамырдағы қаулысымен тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңартылған қағидалары бекітілді. Жаңа нормаларға сәйкес тұрғын үй төлемдерін енді тұрғын үй сатып алуға, ипотекалық қарызды өтеуге және тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға ғана емес, сондай-ақ кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу төлеміне және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеуге де пайдалануға болады. Сонымен қатар құжатпен бұрын қолданыста болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. Атап айтқанда, тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдерін пайдалану мерзіміне қатысты шектеу жойылды, жалдау шартын міндетті мемлекеттік тіркеу талабы алынып тасталды, тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу кезінде жақын туыстармен мәміле жасауға қойылған тыйым күшін жойды. Сондай-ақ тұрғын үй алаңының 90 шаршы метрге дейінгі мөлшеріне байланысты ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің көлеміне қойылған шектеу де алынып тасталды. Жаңартылған қағидалар тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған және әскери қызметшілерге тұрғын үй жағдайларын жақсартудың қосымша тетіктерін ұсынады. Сонымен қатар тұрғын үй төлемдерін алушылар жыл сайын 25 қаңтарға дейін төлемдерді алу орны бойынша отбасы мүшелерінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы және арнайы шот бойынша банктік анықтаманы ұсынуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243041?lang=ru
17 маусым күні Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары арасында шағын футболдан «Jasyl El Cup – 2026» турнирі ұйымдастырылды. 05.07.2026
Іс-шараға Ақтөбе облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Туралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Атамекен» студенттер отряды жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Шанытбаев Нұржан Құрманғалиұлы қатысып, командаларға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.Турнирге әр команда құрамында 7 ойыншыдан құралған 12 команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.Турнир қорытындысы бойынша:🥇 I орын – FC GREEN LAND🥈 II орын – FC NAMYS🥉 III орын – FC АСМКАрнайы номинациялар:Үздік ойыншы – Алдияр Умаркулов;Үздік қақпашы – Нұраділ Алтай;Үздік шабуылшы – Ансар Сертай;Үздік қорғаушы – Арон Шамшин.Шара соңында жүлделі орын иегерлері мен номинация жеңімпаздары арнайы дипломдармен, ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар, турнирге қатысқан барлық командалар мен қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс хаттар табысталды.«Jasyl El Cup – 2026» турнирі жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және спорт мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1243043?lang=ru
ҚАРАҚҰРТТАН САҚ БОЛЫҢЫЗ! 05.07.2026
Қарақұрт деген не?Қарақұрт – ең қауіпті улы өрмекшілердің бірі. Көбінесе шөлейт, құмды жерлерде және аласа өсімдіктер арасында кездеседі.📍 Қай жерлерде кездеседі?* Құмды және шөлейт аймақтарда;* Тастардың астында;* Құрғақ шөп арасында;* Табиғат аясындағы демалыс орындарында.🚨 Шаққаннан кейінгі белгілері* Бел мен іштің қатты ауыруы;* Бас ауруы;* Жүрек соғысының жиілеуі;* Ентігу;* Құсу;* Қатты терлеу;* Әлсіздік.🛡️ Сақтану жолдары* Жалаңаяқ жүрмеңіз;* Жабық аяқ киім киіңіз;* Киім мен аяқ киімді киер алдында тексеріңіз;* Шатыр мен демалыс орнын мұқият қарап шығыңыз;* Өрмекшіні қолмен ұстамаңыз.🏥 Егер қарақұрт шаққан болса:* Дереу медициналық көмекке жүгініңіз;* 103 нөміріне хабарласыңыз;* Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1243044?lang=ru
Алматы облысында өрік фестивалі өтті 05.07.2026
Алматы облысының Ұйғыр ауданында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын өрік фестивалі өтті. Шараға бағбандар, омарташылар, ғалымдар мен өңдеу өнеркәсібінің өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Фестивальде өріктің түрлі сорты мен одан жасалған өнімдер халыққа ұсынылды. Омарта шаруашылығы өнімдері, қолөнершілер бұйымдары мен тарихи жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында «Өрік бақтары – өңір байлығы, халық берекесі» тақырыбындағы ғылыми конференция өткізіліп, ғалымдар бақ шаруашылығын дамыту, сапасын арттыру және саланың болашағы жөнінде пікір алмасты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шонжы ауылдық округіндегі орталық стадионда өткен шара өңірдің аграрлық әлеуетін насихаттауға, өрік шаруашылығын дамытуға және ауданның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Фестивальге Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтау хатын оқып берді.«Алматы облысында ауыл шаруашылығына қолайлы аймақтардың бірі Ұйғыр ауданы екені баршамызға мәлім. Дәнді-дақылдарды өндіруде үнемі алдыңғы қатардан көрінеді. Осы шара арқылы еларалық экономикалық қарым-қатынас артып, өңіріміздегі табиғи өнімдер кеңінен насихатталып, туризм саласы да дамып келеді. Бүгінгі күннің өзінде бірнеше өндіріс орындары өрікті шет мемлекеттерге экспорттауда. Болашақта сауда нарығы одан әрі дамитынына сенім мол. Өрік сапасын арттыру жолында ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы – болашақ үшін маңызы зор қадам», – делінген хатта.Қазіргі таңда өңір еліміздегі өрік өндірісі бойынша көш бастап тұр. Республика көлемінде жиналған 39 мың тонна өнімнің 70%-ға жуығы, яғни 27 мың тоннасы облыс шаруашылықтарына тиесілі. Өңірдегі жеміс бақтарының көлемі 10 мың гектарға жуық, оның 46%-ы – өрік алқаптары. Ал Ұйғыр ауданында 3200 гектарға жуық жерде өрік ағашы өсіріледі. Бақ баптаумен 542 шаруақожалық айналысады. Бүгінде 1098 гектар аумақтан 10431 тонна өнім жиналған. Орташа өнімділігі – 95 ц/га. Оның 7800-ден астам тоннасы ішкі нарыққа бағытталса, 2600 тоннасы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталды. Ауданда «Никитинский», «Краснощекий», «Королевский», «Уйгурский» және «Шалах» сорттары басымдыққа ие. Алдағы уақытта таулы аймақтағы кештеу пісетін өрік түрлерін жинау басталады.Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізованың айтуынша, өрік бүгінде ауданның бренді ретінде тіркелген. Фестиваль арқылы бақ шаруашылығымен айналысатын азаматтарға өнімді өткізуге, өңдеуге жол ашылады. Өрік өсіруді қолға алған бағбанның бірі, «Илтыз» шаруақожалығының басшысы – Армидин Таиров. «Біз ауданда түрлі дақылдарды егіп көрдік. Бірақ ең қолайлысы өрік болып шықты. 1998 жылы бағбандар қауымдастығын құрып, осы іске кірісіп кеттік. Кейін тәлімбақ ашып, көшетті өзіміз өсіруге кірістік. Қазіргі таңда бұл көшеттерді облыстың өзге де аудандарына жібереміз. Қарадалада өсірілген ағаштар 10 жылда 9 рет өнім береді. Бұл өзге аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда көп», – дейді ол.Шарада өз өнімін ұсынған Үлкен Ақсу ауылдық округінің тұрғыны Хасият Гожалимова фестивальге екінші рет қатысып тұрғанын айтып, игі бастама ауданның гүлденіп, көркеюіне зор ықпал ететінін әрі өнімдерін насихаттауға септігін тигізетінін жеткізді.Өріктің жақсы өнім беруі бал арасына тікелей байланысты екені белгілі. Омарта шаруашылығын кәсіп еткен Ұйғыр ауданының тұрғыны Таңатар Әбдікерім фестивальде өз өнімін халыққа таныстырды. «Бұл іспен айналысып келе жатқаныма 10 жылдай уақыт болды. Қазіргі таңда шаруашылығымызда 40 омарта ұясы бар. Одан жылына 4 тоннадан астам бал алынады. Ең бастысы, біз экобағытты ұстанамыз. Яғни араларды химиялық заттармен дәрілемейміз және химиялық материалдарды, бояуларды қолданбаймыз. Біз үшін сапа басты назарда. Ара болған жерде өрік ағашы да жақсы тозаңданады. Бір күнде бір ара 5 мыңнан 10 мыңға дейін өрікке қонады. Сондықтан бағбандар мен омарташылар бірігіп жұмыс істеуі керек. Ал мұндай фестивальдер мен ғылыми конференциялар арқылы тың бастамаларды қолға алуға мүмкіндік туады», – деді омарташы.Фестиваль аясында өткізілген конференцияда ғалымдар өнімнің көлемі мен сапасын арттыруға бағытталған өз зерттеулерімен бөлісті. Ал бағбандар толғандырған сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауап алды. Алдағы уақытта бақ шаруашылығын зерттеумен айналысатын институттармен меморандумға отыру көзделуде. Бұл ғылым мен тәжірибені ұштастыруға зор мүмкіндік береді. Конференцияда сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, кәсіпкерлік пен бау-бақша шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды.Фестиваль эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындаланды.Өрік фестивалі мен ғылыми конференция жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табады. Алдағы уақытта ауданда жеміс-жидекті сақтайтын заманауи қоймалар мен өңдеу кәсіпорындарының инфрақұрылымын жетілдіру жоспарлануда. Сондай-ақ биылдан бастап халықаралық стандарттарға сай, Түркия елінен әкелінген өнімділігі жоғары сорттарды жерсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1243029?lang=ru
🔹Жер қатынастары бойынша бас маман Нұралы Жасөмірұлы тұрғындарды жеке қабылдады. 05.07.2026
Қабылдау барысында азаматтар жер телімдерін рәсімдеу, мақсатты пайдалану, құжаттандыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойды.Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары заңнама талаптарына сәйкес қаралып, әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірме берілді. Кейбір өтініштер бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен шешу жолдары түсіндірілді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1243033?lang=ru
Серік Жұманғарин: Бизнестің мал шаруашылығын жүргізу тәсілі түбегейлі өзгеруі тиіс 05.07.2026
Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірдің фермерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Облыс экономикасы өсуінің негізгі бағыттарының бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешен мен мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударылды.Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, ауыл шаруашылығы өңірлік экономиканың негізгі драйверінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі алғаш рет 583,8 млрд теңгеге жетіп, екі жылда 1,4 есеге ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің жартысынан астамы мал шаруашылығына тиесілі.Кездесуде саланы жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Серік Жұманғарин қазіргі заманғы мал шаруашылығы жаңа тәсілдерді, цифрландыруды және озық әлемдік технологияларды енгізуді талап ететінін атап өтті. Бүгінде мемлекет мал шаруашылығын дамытуға қомақты қаражат бөлуде, ол жылдық 6%-бен 220 млрд теңге жеңілдікті қаржыландыру. Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында биыл өңірге тауарлы сүт фермаларын салу жобасына 7 млрд теңге жеңілдікпен қаржыландыру бөлінді. Алайда, вице-премьер атап өткендей, бизнес тәсілдері түбегейлі өзгеруі тиіс.«Біз мың жыл бойы мал шаруашылығымен айналысқанымызды мақтан тұтамыз. Бірақ бүгін цифрландыру дәуірі келді. Жайылымдағы малды босатып, оның өзі салмақ қосуын күтетін кездер өтті, бұл тиімсіз. Мал өсірудің озық технологияларын, австралиялық, канадалық тәжірибені енгізу қажет», — деп атап өтті вице-премьер.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасы аясында Абай облысында 13,2 млрд теңгеге 176 фермер жеңілдетілген несие алғанын хабарлады. Бұл 125 мың гектар егіс алқабын қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Шаруалар үшін қарыз қаражатының құнын төмендету мақсатында «Даму» қоры арқылы қарыз сомасының 85%-на дейінгі мөлшерде кепілдік беру жалғасады. Бұл кредиттеу мөлшерлемесін түпкілікті қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде ұстап қалуға мүмкіндік береді.Сондай-ақ шаруаларға жылдық ставкасы 6%-дан аспайтын ауыл шаруашылығы асыл тұқымды мал басын сатып алу үшін «Игілік» және «Береке» жаңа кредиттік өнімі ұсынылды. Шалғайдағы мал шаруашылығын қолдау үшін жайылымдық инфрақұрылымды дамытуды қаржыландыруды көздейтін «Жайлау» бірыңғай кредиттік өнімі іске қосылады.Жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуді арттыру үшін кредиттеу жүйесіне өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қосылды. Бұл шараларды жүзеге асыру Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге және саланың жедел өсуіне негіз жасауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ кездесуде салық инновациялары талқыланды. Бюджеттік жоспарлауды болжау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы корпоративтік табыс салығын (КТС) төлеушілердің тізбесін үш жылдық кезеңге бекіту және аудандарды қолдау үшін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін қайта қарау ұсынысы жұмысқа қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1243021?lang=ru
Абай облысындағы жаңа ет комбинаты аты аңызға айналған Семей бұқтырылған ет шығаратын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болады 05.07.2026
Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Eurasia Agro Semey» ЖШС ет өңдеу кешені құрылысының барысымен танысты. Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланған.Кешен Семей қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан және мал қабылдаудан бастап, шұжық өнімін, жартылай фабрикатты, ет консервілері мен деликатес өнімін шығаруға дейінгі толық циклді вертикалдық интеграцияланған кәсіпорын болып саналады. Өндірістік қуаттылығы 100 бас ірі қара мен жылқыны, сондай-ақ бір ауысымда 1 мың басқа дейін ұсақ малды құрайды. Кәсіпорында 250 жаңа жұмыс орны ашылады.Компания басшылығының айтуынша, жобалық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын еліміздегі ең ірі ет өңдеу кешеніне айналады. Оның тұрақты жүктемесін қамтамасыз ету үшін зауыттың айналасында толыққанды ет кластері құрылады. Мұнда фермерлік шаруашылық, бордақылау алаңы, жем-шөп өсіруге арналған суармалы жер және басқа да іргелес өндірістер бар.Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы Қазақстанның ет өңдейтін тарихи орталығының бірі ретінде Семейдің гастрономиялық даңқын жандандыруға бағытталған.Жобаның ерекше мақтанышы Кеңес Одағы кезінен бері танымал болған әйгілі Семей бұқтырылған етінің қайта жандануы. Бір кездері Семей ет комбинаты КСРО-ның ірі ет өнеркәсібі кәсіпорыны қатарына кіріп, өнім сапасы үшін бірнеше рет салалық марапатқа ие болған еді.Кәсіпорын директоры атап өткендей, жаңа өндірісте аты аңызға айналған комбинаттың кадрлық әлеуеті сақталған. Жобаны жүзеге асыруға кеңестік жылдары кәсіпорында жұмыс істеген мамандар қатысады. Бұл Семей ет өнімінің даңқын шығарған дәстүрлі технология мен рецептті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Сапар шеңберінде Серік Жұманғарин сонымен қатар «Qazaq-Astyq Group» ЖШС мұнай экстракция зауытын, «Агролидер KAZ» ЖШС бұршақ және майлы дақылды қайта өңдеу кәсіпорнын және орау өнімінің көптеген түрін шығаратын «Қазполиграф» ЖШС-ні қоса алғанда, өңірдің бірқатар қайта өңдеу кәсіпорынын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1243014?lang=ru
«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды 05.07.2026
Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты.Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік ұйым өкілдері ауыл-қалаларға барады. Кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жергілікті жерде кеңес алып, қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінім бере алады.Мобильді фронт-офистердің жұмысы шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялау, кепілдік пен жеңілдікпен кредит беру, микроқаржыландыру, лизинг, экспорттық жобаларды қолдау құралдары, сондай-ақ оқыту, консультациялық сүйемелдеу мен кәсіпкерлік құзыретті дамыту секілді қаржысыз қолдау шарасы бойынша ақпарат беріледі.«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев атап өткендей, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы туралы кәсіпкерлерді ақпараттандыруға ерекше назар аударылуда.«Биыл "Даму" қорының өңірлік филиалдары базасында біз "Бәйтерек" холдингінің бірыңғай фронт-офисін іске қостық. Жыл басынан бері бізге кәсіпкерлерден 12 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Оның ішінде Абай облысынан 553 және Шығыс Қазақстан облысынан 609 өтініш бар», — деді Фархат Сәрсекеев.Бүгінде мобильді фронт-офистер Ұлытау, Жетісу, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Жақын арада жоба еліміздің тағы бес өңіріне таратылады. Осы бастаманың арқасында 300-ден астам адам консультациялық қолдау алған.Шалғайдағы елді мекендерге барудан басқа, мобильді фронт-офистер өңірлік көрмелерде, жәрмеңкелерде және іскерлік шараларда жұмыс істейді. Кәсіпкерлер тікелей сол жерде кеңес ала алады.Семейде мобильдік фронт-офис Орталық Арбаттағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі шеңберінде орналастырылды. Өңір тұрғындары мен кәсіпкерлері бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларымен және қаржыландыру құралдарымен танысуға мүмкіндік алды.Talpyn Semey балалар білім беру орталығының басшысы Меруерт Жұмашева жұмыстың мобильді форматының арқасында алғаш рет мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алғанын атап өтті.«Мен жәрмеңкені қызықтауға келіп, ондағы мобильді фронт-кеңсені көргенде таң қалдым. Осындай іс-шараларда мамандардың өздерінің отыруы өте ыңғайлы. Уақыт жұмсамай-ақ кеңес алуға болады. Қазір біз білім беру орталығын одан әрі дамытудың мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Сондықтан мен үшін қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мен қаржыландыру құралдары туралы білу маңызды», — дейді кәсіпкер.IT саласындағы жеке кәсіпкер Ринат Жақашев жұмыстың жаңа форматын да жоғары бағалайды.«Қазір мені субсидиялау мүмкіндігі қызықтырады. Өзім жеке қосымша құруды жоспарлап отыр едім. Ондағы негізгі шығындар әзірлеуге емес, өнімді жылжытуға байланысты. Мен үшін «Өрлеу» бағдарламасы ыңғайлы. Себебі онда қолайлы шарттар бар. Мобильді кеңсе тамаша идея екен. Тек оның келетінін алдын ала білсең болды», — дейді ол.Жақын арада мобильді фронт-офистер базасында шағын бизнеске арналған консультациялық-оңалту орталықтарын іске қосу жоспарлануда. Кәсіпкерлер даму, жобаларды кеңінен тарату және бизнесті жүргізуде туындайтын қиындықты еңсеру мәселесінде қолдау ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1243006?lang=ru
Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды 04.07.2026
Шымкентте Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Шымсити» саябағындағы алып амфитеатрда жалғасты. Концерт басталмай тұрып-ақ сахна алдындағы ашық алаңға жүздеген қала тұрғыны жиналды. Әсіресе, балалардың қарасы қалың болды. Ал кеш түсе басталған мерекелік бағдарлама көрермендерге жай ғана концерт емес, жарық пен музыкалық безендіру үйлескен әсерлі шоуға ұласты. Қазақстанның көк Туын желбіреткен жастардың өнер көрсетушілерге қолдау білдіруі мерекелік кештің ажарын аша түсіп, көпшілікке ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық мәдениетінің басты нышандарының бірі саналатын қасиетті домбыраға арналған мереке. Бұл мереке 2018 жылдан бері жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып келеді. Осы атаулы күн қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ұлттық өнерді насихаттауға және мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған ауқымды концерттік бағдарламаны халыққа ұсынылды.Мерекелік кештің шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекелік кеште Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көрермендерге халық күйлері мен ұлттық музыкалық шығармаларды дәстүрлі және заманауи өңдеуде ұсынып, ерекше әсер қалдырды. Домбыраның қоңыр үні кешке жиналған жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ұлттық домбыра күні – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын ұлықтайтын ерекше мереке. Осындай концерттік бағдарламалар арқылы қала тұрғындары мен қонақтары қазақтың төл өнерімен жақынырақ танысып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыра түседі.– Бүгін біз ұлттық аспаптар оркестрінің құрамында өнер көрсетіп жатқан қызымыз Ару Маққамбаеваны қолдап келдік. Осындай айтулы мерекенің бір бөлшегі болғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндағы атмосфера керемет. Оркестрдің орындауындағы шығармалар ұлттық мәдениетімізге деген мақтаныш сезімін оятты. Осындай концерттер адамдарды біріктіріп, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға үлкен үлес қосады, – дейді қала тұрғыны Әлима Урупбаева.Оның пікірін тағы бір көрермен Назима Сабырбекова да қолдады.– Осындай концерттердің ұйымдастырылуы өте маңызды. Олар өскелең ұрпақтың туған елінің тарихы мен дәстүріне деген құрметін қалыптастырады. Әсіресе, жастардың ұлттық музыкамен танысып, оның халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуіне үлкен мүмкіндік береді, – дейді ол.Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Ол – қазақ халқының рухани болмысының, ұлттық дүниетанымының және тарихи жадының ажырамас бөлігі. Ғасырлар бойы халықтың қуанышы мен қайғысын, арман-аңсарын күй арқылы жеткізген қасиетті аспап бүгінгі күні де ұлттың рухын асқақтатып, мәдени мұрамыздың мәңгілік символы болып қала береді.
701.01 нысаны 04.07.2026
2026 жылф мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын ұсыну міндетті есептелген мүлік салығының сомасы 300 АЕК-тен (2026 жылғы АЕК – 4325 теңге болғанда 1 297 500 теңге) асқан жағдайда жеке кәсіпкерлерде (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда) және заңды тұлғаларда туындайды.Салық төлеушілердің өзге санаттары үшін 2026 жылы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу мен төлеу, сондай-ақ 701.01 нысанын тапсыру міндеті алып тасталды.Есептік сома салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепте көрсетілген салық салу объектілерінің баланстық құнын салық мөлшерлемесіне көбейту арқылы айқындалады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 512- бабына сәйкес жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі алып тасталды. Осыған байланысты жер салығы бөлігінде 701.01 салық есептілігі нысанын ұсыну міндеті жойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1242964?lang=ru
ДОМБЫРА ҮНІ ШЫМКЕНТТІ ТЕРБЕДІ 04.07.2026
Қадыр ақынның «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзі халқымыздың болмысын бір ауыз сөзбен айқындап бергендей. Домбыра қазақтың жаны, тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, рухы мен дүниетанымын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті ұлттық аспап. Қос ішектен төгілген әрбір күй халқымыздың өткені мен бүгінінен сыр шертеді. Елімізде 2018 – жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Шымкентте Ұлттық домбыра күні сән-салтанатымен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары Шым қала тарихи-мәдени кешенінің Этноауыл аумағына жиналды. Ол жерде «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты шара өтті. Мерекелік шарада кітап көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындыларынан көрмелер қойылыпты. Келушілер халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, тамашалады. Сондай-ақ, домбыра жасау шеберлері шеберлік сағаттарын өткізіп, ұлттық қолөнердің қыр-сыры көрсетіліп, қазақы дәстүрдің үзілмес сабақтастығын көрсетті. Дәл осы алаң көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Өз ісінің майталмандары Дастан Шаменов, Нұрперзент Үсенов, Нұрлыбек Шәкенұлы, Ержан Шәкенұлы сынды белгілі шеберлер ұлттық аспапты жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Отыз жылдан астам уақытын домбыра жасауға арнаған Дастан Шаменов пен Нұрперзент Үсеновтің айтуынша, бүгінде ұлттық аспапқа деген сұраныс өте жоғары екен. «Домбыра – қазақтың жаны. Оның қадірі ешқашан төмендеген емес. Қазір домбыра үйренуге құмар, ұлттық өнерге қызығатын жастар көбейді. Соған сай ұлттық аспапқа деген сұраныс та жоғары» дейді шеберлер.Бүгін дәл осындай жастар, атап айтқанда,қала мектептерінен домбыра үйірмесінің 100-ден аса шәкірттері жиналып, жайылған қызыл кілем үстінде күй тартты. Күй тартып қана қоймай, шеберлердің тәлімді сабағын тыңдады. Шара барысында қолөнер иелері өз жұмыстарын таныстырып, ұлттық мұраны сақтаудың маңызын кеңінен насихаттады.Кештің тағы бір әсерлі сәті, домбыраны ерекше сезіммен күмбірлете шертіп отырған сары шашты шетелдік бойжеткен жұрт назарын бірден өзіне аударды. Ол 23 жасар Швециядан келген София Рова есімді қыз. София бес жыл бойы өз елінде интернет арқылы домбыра тартуды өз бетінше үйренген. Қазақтың күй өнеріне қызығушылығы артып, Қазақстанға арнайы келіпті. Оның басты мақсаты домбыраның тарихын тереңірек зерттеп, орындаушылық шеберлігін жетілдіру екен. Софияны Қазақстанмен байланыстыратын тағы бір ерекше жайт бар. Ол интернет арқылы қазақ жігітімен танысқан. Бүгінде қазақ досы Софияның ұлттық өнерге деген қызығушылығын қолдап, сапары барысында жанынан табылып жүр.Ұйымдастырушылар мерекелік іс-шараның Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне ену кезеңімен сабақтастырыла ұйымдастырылғанын атап өтті.Мерекелік кештің көркін «Шымкент концерт» концерттік ұйымының «Қаратау» фольклорлық ансамблі орындаған халық күйлері мен дәстүрлі әншілердің жанды дауыста шырқалған терме-толғаулары және халық әндері аша түсті. Этноауылдың самалы мен «Қаратау» ансамблінің репертуары өзара үйлесім тапқан, ашық аспан астында ерекше концерт өтті.Ұлттық домбыра күніне арналған мерекенің басты мақсаты қазақтың қасиетті аспабының тарихи әрі рухани құндылығын кеңінен дәріптеу, ұлттық мұраны жас ұрпақтың санасына сіңіру және күй өнеріне деген құрметті арттыру. Қос ішектен төгілген күмбір күй, қолөнердің көркі, ұлттық рух пен жастардың қызығушылығы тоғысқан бұл мереке тағы бір мәрте домбыраның қазақ халқы үшін жай ғана музыкалық аспап емес, ұлттың жаны мен рухы екенін айқын аңғартты.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды. 04.07.2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1242927?lang=ru
18 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданы және Төребай би ауылының тұрғындарымен кездеседі 04.07.2026
18 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қармақшы ауданы және Төребай би ауылының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242914?lang=ru
Қалалық саябақ қызылордалықтарға қызмет көрсетуде 04.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қалалық мәдениет және демалыс саябағына барып, жазғы демалыс маусымында тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстармен танысты.Еске салсақ, саябақ өткен жылы 6,3 млрд теңгеге қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілген болатын. Жалпы аумағы 6 гектар нысан құрылысын «Bi Global» ЖШС жүргізді. Қазір мұнда 21 аттракцион келушілерге қызмет көрсетуде.Саябақты аралап шыққан аймақ басшысы аттракциондардың техникалық жай-күйін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Жауапты сала басшыларына келушілердің қауіпсіздігін басты назарда ұстауды, аттракциондарды техникалық тексерістен тұрақты өткізуді, қоғамдық тәртіп пен профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, тазалық сақтауды және абаттандыруды тапсырды. «Ең бастысы – балаларымыздың қауіпсіздігін басты назарда ұстаңыздар. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы, айнала таза болуы тиіс. Әрбір аттракционның қасында техника қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы нұсқаушы маманның барлығын жіті қадағалап тұруы өте маңызды. Қызметкерлерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілуі қажет. Сондай-ақ тұрғындар арасында да түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу қауіптің алдын алады», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242909?lang=ru
Төртжақты меморандумға қол қойылды 04.07.2026
Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Жүнісов Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында халықаралық білім беру саласындағы маңызды құжатқа қол қойды.Төртжақты ынтымақтастық туралы меморандум Қызылорда облысының білім басқармасы, Чунцин электрондық ғылым және технологиялар кәсіптік университеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және «Чунцин баспасы» компаниясы арасында жасалды.Аталған келісім техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығына қажетті маман даярлауға бағытталған.Меморандум аясында тараптар оқытушылар мен студенттер алмасады. Қытайда білім алатын шетелдіктерді даярлау жүйесі дамиды, бірлескен оқу-тәжірибе орталықтарын, мамандандырылған шеберханалар құру көзделген. Екі тілде оқулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурстары әзірленеді. Сонымен қатар «Қытай тілі + кәсіптік дағдылар» бағдарламасы енгізіледі. Өндірістік тәжірибеден өту, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіліп, білім беру мен өндірісті ықпалдастыратын халықаралық жобалар іске асады.Сапар Чунцин қаласындағы келіссөздермен жалғасып, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесу өткізу жоспарланған. Бұл жаңа бастамалар мен бірлескен жобаларға жол ашпақ.Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақтың білім беру саласында 46 заманауи нысан ел игілігіне табысталды. Олардың қатарында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызылорда қаласында бой көтерген еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» да бар. Бүгінде орталық жастардың кәсіби дағдыларын шыңдауына, тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпалын тигізіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242894?lang=ru
🚨 САЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРІ – 2026: БИЗНЕС ҮШІН 10 НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІС 04.07.2026
2025 жылғы 18 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық бақылау және салықтық тексерулер жүргізу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.📌 Негізгі жаңалықтар:✅ 1. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер ұғымы алынып тасталдыЕнді салықтық бақылау тек салықтық тексеру нысанында жүзеге асырылады. Ерекше жағдайлар Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тексерулерге қатысты қолданылады.✅ 2. Салықтық тексеру тағайындау негіздері қысқартылдыТексеру жүргізу негіздерінің саны 12-ден 4-ке дейін азайтылды.✅ 3. Тақырыптық тексерулер бойынша мәселелер тізбесі кеңейтілдіЖаңа Салық кодексінің 156-бабында тақырыптық тексерулердің 35 мәселесі жүйелендірілді (бұрын – 22).✅ 4. Кешенді тексерулер салықтық жүктеме коэффициентіне байланысты тағайындаладыКешенді тексеру жүргізу үшін салықтық жүктеме коэффициенті (СЖК) тиісті қызмет түрі мен өңір бойынша жоғарғы көрсеткіштің кемінде 90%-ын құрауы тиіс.✅ 5. Нұсқама 3 жұмыс күні ішінде табысталуы тиісТексеру тағайындау туралы нұсқама шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде салық төлеушіге тапсырылуы қажет.✅ 6. Нұсқамаға шағымдану тексеруді тоқтатпайдыСалық төлеуші нұсқамаға шағым берген жағдайда да тексеру жалғаса береді.✅ 7. Құжат айналымы электрондық форматқа көшіріледіНұсқамадан басқа барлық құжаттар салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде жолданады.✅ 8. Құжаттарды ұсыну мерзімдері қысқартылды* Негізгі мерзім – 10 жұмыс күні;* Құжаттар болмаған жағдайда – 30 жұмыс күні.Шағын және микро бизнес субъектілеріне құжат талап ету екі реттен артық жолданбайды.✅ 9. Тексеру жүргізу мерзімдері шектелдіМикро, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты салықтық тексерудің жалпы мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.Ерекшеліктер:* ірі кәсіпкерлік субъектілері;* халықаралық келісімдер шеңберінде шетел мемлекеттеріне сұрау салу жағдайлары.✅ 10. Талап қою мерзіміне қатысты өзгерістерНұсқама табысталған сәттен бастап талап қою мерзімінің өтуі тексеру аяқталғанға дейін тоқтатылады.Сонымен қатар, талап қою мерзімі аяқталуына 30 күнтізбелік күннен аз уақыт қалғанда салықтық тексеру тағайындауға жол берілмейді.📌 Аталған өзгерістер салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға, тексеру мерзімдерін қысқартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242898?lang=ru