Enbekshi QazaQ

Әлем

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 25.12.2025
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жүйесінде 2024 жылғы 11 сәуірдегі «№ 4 типтік негізгі бағыттың жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің № Л-69 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде 2025 жылғы желтоқсанның 22-нен бастап 2026 жылғы қаңтардың 10-на дейінгі аралықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1131942?lang=kk
Әскери-тарихи мұражай Бауыржан Момышұлының туған күніне орай экспозиция көрсетті 25.12.2025
Аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы және қоғам қайраткері Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы күні Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Ел үшін туған ердің ізі» атты іс-шара өтті.Оған Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, әскери колледж кадеттері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Іс-шараны ашқан «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде даңқты әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының тұлға ретіндегі маңыздылығын атап өтті. – Бауыржан Момышұлы ұлт тарихында майдан даласындағы ерлік көрсетіп қана емес, өр рухпен, темірдей тәртіппен де, жоғары мәдениетпен де өшпес із қалдырды. Батырдың өмірі – қазіргі және болашақ Отан қорғаушылар үшін патриотизмнің шынайы үлгісі, – деді ардагер.Мұражайдың ғылыми қызметкерлері Бауыржан Момышұлының қаһармандық жолы, оның соғыстан кейінгі кезеңдегі шығармашылық және қоғамдық қызметі туралы баяндамалар жасады. Бауыржан Момышұлының жауынгерлік тәжірибесі халықаралық деңгейде танылып, әскери мамандардың, одан басқа 1960 жылдардың басында кездескен кубалық көшбасшы Фидель Кастроның шынайы қызығушылығын тудырғаны ерекше атап өтілді.Іс-шарада бұдан өзге атақты командирге арналған арнайы экспозиция көрсетілді. Бауыржан Момышұлының жасанды интеллект көмегімен қалпына келтірілген дауысының аудиожазбасын жаңғырту ерекше сәт болды.Өтіп бара жатқан жыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны аясында ұл-қыздар еліміздің 20 өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барды. Майдангерлердің жиналған жазабалары қолжазба түрінде салтанатты түрде Қарулы күштердің Әскери-тарихи мұражайының қорына тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131901?lang=kk
Әскери ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арнады 25.12.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери авиациялық базаларында қазақ халқының ұлы перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай ауқымды оқу-жаттығу ұшулары өтті.Іс-шараның басты ерекшелігі – Әуе қорғанысы күштерінің әуе кемелерінің Астана, Тараз, Балқаш, Жетіген, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған және Ақтау қалаларындағы әскери әуеайлақтардан бір мезгілде көкке көтерілуі болды. Ұшуларға С-295, Су-30СМ, Су-27, Л-39С ұшақтары, Ми-17, Ми-35, Ми-171 тікұшақтары, сондай-ақ ANKA ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.Жеке құрам даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Батырдың 115 жылдығына орай ұшуларды басқару пунктінде Волоколамск түбіндегі шайқасқа қатысқан жауынгердің өмір жолы мен ерлік істеріне арналған естелік бұрыш безендірілді.Ұшуға дейінгі нұсқаулық барысында экипаж мүшелеріне ақыл-кеңес берген командирлер бұл іс-шараның ұрпақтар сабақтастығын нығайту және Отан қорғаушылардың даңқты жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру тұрғысынан маңызын атап өтті.– Бұл ұшуларға қатысу – әрбір әскери ұшқыш үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Оқу-жаттығу сабақтарын Бауыржан Момышұлының есімімен байланыстыра отырып, біз оның Отан алдындағы еңбегіне терең құрметімізді білдірдік. Оның өмірлік қағидалары мен адамгершілік өсиеттері әскери қызметшілер үшін рухани бағдар мен моральдық тірек болып табылады, – деді Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары полковник Медет Әскетаев.Оқу-жаттығу ұшулары штаттық режимде өтіп, қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды. Іс-шара Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жоғары жауынгерлік дайындығын және ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның кәсібилігін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131881?lang=kk
Зейнетақы активтерін басқарудың жаңа мүмкіндіктері: нәтижеге бағытталған инвестициялар 25.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қызметінің тиімділігін объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін кірістілік пен тәуекел деңгейіне байланысты Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілетін болады.Композиттік индекс – жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. Осы индекстердің динамикасын ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (ЗА) портфелінің кірістілігімен салыстыру басқарушы компанияның нарықтық конъюнктурадан қаншалықты озық немесе артта қалғанын бағалауға мүмкіндік береді. Бенчмарк – жеке басқарушылардың тиімділігін салыстырып, нәтижелерін бағалау үшін қолданылатын эталондық көрсеткіш немесе бағдар. Бүгінгі таңда БЖЗҚ бес ИПБ-мен ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан. ИПБ-лардың қолданыстағы тәсілі шеңберінде белгіленген нормативтер, заңнама талаптары сақталатынын және зейнетақы активтерінің орташа табыстылығы негізінде есептелген ең төменгі деңгейден төмен емес кірістілік көрсеткіштерін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. ИПБ басқаруына берілген зейнетақы қаражаты көлемінің ұдайы өсуі байқалады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 107,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ИПБ активтерінің көпшілігі консервативті инвестициялау стратегиясына сәйкес келетін облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады. Қолданыстағы тәсіл зейнетақы активтерінің ең көп мөлшеріне ие ИПБ басқаруындағы орташа алынған кірісті қалыптастыруға айтарлықтай әсер етіп, нәтижесінде басқарушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде шектейтіндігіне әкеледі.Басқа ИПБ кірістілігіне тәуелді емес, әлемдік және жергілікті нарықтардағы жағдайды көрсететін танылған бенчмарк негізінде басқару тәсілін енгізу ИПБ-ға объективті бағдарларға сүйенуге және зейнетақы активтерін инвестициялаудың ең жақсы нәтижелеріне ұмтылуға мүмкіндік береді. Инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтудің жаңа ережелері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ-лар инвестициялық стратегияларға арналған портфельді композиттік индекстер негізінде таңдайтын болады. Эталондық портфель инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін қаржы құралдарының жиынтығынан тұрады. Эталондық портфельдің кірістілігі зейнетақы активтерін басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Композиттік бенчмарк жетекші әлемдік қаржы компаниялары әзірлеген және қадағалайтын индекстерді, сондай-ақ инвестициялау стратегиясына байланысты белгілі бір пропорцияларда "Қазақстан қор биржасы" АҚ индекстерін қамтиды.Әр ИПБ, бұрынғыдай, активтерді бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады – ИПБ-ға стратегиялардың бірнеше нұсқалары арасынан таңдау жасау көзделмеген. Алайда, ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары тәуекел деңгейіне, күтілетін кіріске және инвестициялау мерзіміне байланысты әртүрлі болады. Осыны негізге ала отырып, ИПБ салымшыларға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде үш инвестициялық портфельдің бірін ұсына алады:Салымшыларға арналған Кі (12) портфелі, зейнеткерлікке шыққанға дейінгі қалған мерзімге тәуелсіз. Ең төменгі кірістілік 12 айдың қорытындысы бойынша айқындалады және тиісті композиттік индекстің номиналды кірістілігінің кемінде 95% құрауы тиіс.Кі (12) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:            10% - KASE индексі[1];            60% - KZGB_DPs индексі[2]            10% - MSCI ACWI индексі[3]            20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі[4] . Зейнеткерлікке кемінде 3 жылдан кейін шығатын салымшыларға арналған Кі (36) портфелі. Ең төменгі кірістілік 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 90% - нан төмен болмауы керек.Кі (36) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:20% - KASE индексі20% - KZGB_DPs индексі40% - MSCI ACWI индексі20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан аса уақыт бар салымшыларға арналған Кі (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік 60 айдың қорытындысы бойынша анықталады және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 85% -нан төмен болмауы керек.Кi (60) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:20% - KASE индексі10% - KZGB_DPs индексі60% - MSCI ACWI индексі10% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі. Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтері (ЗА) есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі кеңейтіледі және тәуекелдердің жаңа нормативтері белгіленеді. Осылайша, ИПБ таңдаған бенчмарк негізіндегі инвестициялық портфельдің құрылымындағы құралдар түрлері бойынша әртүрлі болады және әр ИПБ өзінің инвестициялық мақсаттарын тәуекел мен кірістілік арақатынасына байланысты айқындайды.  Салымшылар белгілі бір ИПБ ұсынатын стратегияны өздері үшін рұқсат етілген тәуекел деңгейі мен зейнеткерлік жасқа жақындау мерзімдері бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып таңдайды. Жинақтың бір бөлігін таңдалған стратегияға сәйкес ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру – инвестициялау тәжірибесін қалыптастырып, оның нәтижелерін талдау бойынша таптырмас мүмкіндік. Теріс айырмашылықты өтеу механизмі Зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік эталоннан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Өтеу басқарушы компания, кастодиан-банк және БЖЗҚ арасындағы салыстыру актісі негізінде жүргізіледі. Заңнамадағы жаңашылдықтар да БЖЗҚ мен ИПБ арасындағы шарттарды төмендегі жағдайлар негізінде бұзу мүмкіндігін көздейді: ИПБ бастамасы бойынша ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт осы Шарт жасалған күннен бастап бір толық күнтізбелік жыл өткен соң бұзылуы мүмкін;ИПБ уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және ЗА-ны есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан-банкті шарт бұзылған күнге дейін бір жылдан кешіктірмей хабардар етуге, сондай-ақ тиісті хабарландыруды корпоративтік сайтта орналастыруға міндетті;ИПБ өз міндеттемелерін орындағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде ЗА-ны қабылдау-тапсыру актісі негізінде БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі кастодиандық шотына қайтарады.Осы нормалар сенімгерлік басқарушыларды ауыстыру кезінде салымшылар қаражатының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Осылайша, қабылданған жаңашылдықтар:ЗА-ның ұзақмерзімді кірістілігін көтеріп, сақталуын қамтамасыз етуге;ИПБ-лар арасындағы бәсекеге қабілетті ортаны дамытуға;салымшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік береді.   Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына беру туралы өтінішті www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп өтініш жасау арқылы беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  [1]индекстің жасалған күнгі өкілдік тізіміне кіретін акциялардың нарықтық бағаларының еркін айналымдағы акцияларды ескере отырып, капиталдандыру бойынша мөлшерленген осы тізімдегі акциялардың белгілі бір күнгі бағаларына қатынасы болып табылатын индекс2  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары құнының өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі өзгерісін көрсететін есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, жиынтық табыс индексі 3 индекс дамыған (РР) және дамушы (РР) нарықтық экономикасы бар елдердегі жоғары және орташа капиталдандырылған компанияларды қамтиды (акциялар саласындағы барлық әлемдік инвестициялық мүмкіндіктердің шамамен 85%) https://www.msci.com/indexes/index/8924004  көптеген валюта нарықтарында ұсынылған инвестициялық деңгейдегі жаһандық қарыздың флагмандық индексіне дамыған және дамушы нарықтардың эмитенттерінің тұрақты мөлшерлемесі бар Қазынашылық, Мемлекеттік, корпоративтік және секьюритилендірілген облигациялары кіреді   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1134269?lang=kk
Қазақстан Елшісі Битоладағы студенттерге дәріс оқыды 25.12.2025
Битола, 2025 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Битола қаласындағы Әулие Клемент Охридски университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды.Елші өз сөзінде Қазақстанның ағымдағы дамуы, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы жетістіктер, ҚР-ның қазіргі әлемдегі геосаяси рөлі, Астананың жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту жөніндегі түрлі бастамалары, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығының нәтижелері туралы айтты.Қазақстан, оның салт-дәстүрлері мен халқы туралы баяндайтын бейнероликтер мен слайдтардың көрсетілімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.Дипломат тыңдаушыларды қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің заманауи дамуы, халықаралық академиялық және білім беру бағдарламалары туралы хабардар етті. Елші С.Бұршақов «Болашақ» бағдарламалары мен еліміздегі жетекші әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдары бойынша оң тәжірибеге назар аударды.Университет вице-ректоры Горан Иликимен кездесу барысында Елші Бұршақов білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македонияның ғылыми орталықтары арасындағы әріптестікті дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Г.Илики қазақстандық жоғары білім беру жүйесімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ризашылығын білдіріп, академиялық алмасу, бірлескен жобалар және ғылыми-білім беру өзара іс-қимылын кеңейту перспективаларына баса назар аудара отырып, еліміздің білім беру мекемелерімен практикалық байланыстар орнатуға терең қызығушылық танытқанын атап өтті.Анықтама: Әулие Клемент Охридски университеті 1979 жылы Битолада құрылған және Еуропалық университет қауымдастығының (EUA), Халықаралық университеттер қауымдастығының (IAU) құрамына кіреді. Студенттер саны 15 мыңнан асады. Университетте экономика, құқық, туризм, техникалық факультеттер, сонымен қатар ауылшаруашылық, медициналық және әлеуметтік ғылымдар факультеттер бар.  Университеттің құрамына елдегі бірегей екі ғылыми-зерттеу бөлімі кіреді: Ескі славян мәдениеті институты (Прилеп қаласында) және Гидробиологиялық институт (Охрид қаласында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1131835?lang=kk
Coca-Cola-ның жаңажылдық керуені алғаш рет Қонаев қаласына келді 25.12.2025
24 желтоқсан күні әлемге танымал Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жаңажылдық керуені Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласына алғаш рет келіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.Арнайы мерекелік нақышта безендірілген Coca-Cola фурасы қалаға кіргеннен кейін Алматы, Сейфуллин, Жамбыл көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңдағы бас жаңажылдық шыршаның маңына тоқтады. Керуеннің жүріп өтуі қала көшелеріне ерекше сән беріп, тұрғындардың көңілін көтерді.Қонаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызының айтуынша, бұл – қала үшін айрықша оқиға.«Мұндай Coca-Cola керуені Қонаев қаласына алғаш рет келіп тұр. Қала тұрғындарын осындай қуанышқа, шаттыққа бөлегеніне қуаныштымыз. Керуен Алматы, Сейфуллин, Жамбыл көшелерімен жүріп өтіп, жұртшылыққа әдемі көңіл-күй сыйлады. Осы керуен арқылы жаңа жылдың жақындағанын сезіндік. Барша тұрғынды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыс, бақыт, береке, молшылық әкелсін»,-деді ол.Мерекелік шара барысында тұрғындар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, концерттік қойылымдар мен түрлі қызықты ойындар өтті. Кішкентай көрермендермен қатар, ересектер де ерекше әсер алып, мерекелік атмосфераны бірге сезінгендерін жеткізді.«Керуенді алғаш рет өз қаламызда көру-үлкен қуаныш. Балаларымызбен бірге келіп, нағыз жаңа жылдық көңіл-күйге бөлендік», осындай шаралар қаламызға ерекше сән береді. Жаңа жылдың жақындағанын дәл бүгін анық сезіндік», – дейді қала тұрғыныАйта кетейік, Coca-Cola жаңажылдық керуені-әлемнің көптеген елдерінде жаңа жылдың жақындағанын білдіретін символдық жоба. Биыл бұл ерекше бастама Қонаев қаласының тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1131837?lang=kk
Қазақстан АЭХА-мен техникалық ынтымақтастықты нығайтуда 25.12.2025
Вена, 2025 жылғы 22 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің бастамасымен Қазақстан делегациясының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен (АЭХА) үйлестіру кездесуіне қатысу үшін сапары өткізілді.Делегация құрамына ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, сондай-ақ Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының (ҰҒОО) өкілдері кірді.АЭХА Бас директорының орынбасары Хуа Лиумен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, оның ішінде АЭХА-ның техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды. Қазақстан тарапы қауіпсіз атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық реттеудің ұлттық жүйесін нығайту, адами капиталды дамыту, ядролық технологияларды медицинада қолдануды кеңейту және басқа да басым бағыттарды қамтитын ынтымақтастықтың Жол картасы жобасын ұсынды.АЭХА-ның Адам денсаулығын қорғау департаменті басшылығымен өткен кездесуде Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. ҰҒОО-ның жоғары ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін ескере отырып, тараптар АЭХА-ның аясында өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және Орталық Азия елдеріне қолдау көрсету мүмкіндіктерін талқылады.Сапар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірленіп, Агенттікпен ынтымақтастық шеңберіндегі келесі кездесулерді өткізу жоспарлары келісілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1131850?lang=kk
Қазақстан мен Словения арасындағы сенім мен даму диалогы 25.12.2025
Любляна, 2025 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словен Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы (министрдің бірінші орынбасары) Мелита Габричпен өткізген кездесуде 2025 жылғы саяси-дипломатиялық өзара іс-қимылдың қорытындыларын, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, негізгі басым бағыттар бойынша ұстанымдарды саралап, жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың өзектілігін растады. Тараптар саяси диалогты одан әрі тереңдетуге, сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық, көлік-логистикалық және мәдени салалардағы әріптестікті кеңейтуге деген өзара ниетті екендігін атап өтті.Кездесу барысында 2026 жылы екі елдің Премьер-Министрлерінің орынбасарларының тең төрағалығымен өтетін Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының мазмұндық күн тәртібін қалыптастыру, мүдделі іскер топтардың қатысуымен Іскерлік кеңес құру, сондай-ақ екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультацияларды жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар практикалық сипаттағы визалық мәселелер де қозғалды.Әңгімелесушілер цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, Орта дәліз шеңберіндегі көлік-логистикалық өзара іс-қимылға, энергетикалық әріптестікке, өнеркәсіптік кооперацияға, сондай-ақ білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы байланыстарды нығайтуға басымдық берілетінін атап өтті.Қазақстандық дипломат Словения Республикасын 2025 жылғы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне табысты төрағалық етуімен құттықтап, оның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қақтығыстардың алдын алуға және гендерлік теңдікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді, сындарлы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1131853?lang=kk
Қазақстан мен Ақпараттық ғылымдар институты (IZUM) цифрлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуде 25.12.2025
Марибор, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Өңірлік сапар аясында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Ақпараттық ғылымдар институтының (IZUM - Institut informacijskih znanosti, Maribor) басшылығымен кездесіп, стратегиялық және инновациялық ынтымақтастықтың перспективаларын, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерді дамытуды жан-жақты талқылады.Институт директоры Алеш Бошняк словендік суперкомпьютерлік және ЖИ инфрақұрылымының негізінде ғылыми-зерттеу ақпараттық және кітапханалық ақпараттық жүйелердің интеграциясы жатқанын атап өтті. Институт кітапханалық ақпараттық жүйелер саласындағы ЮНЕСКО аймақтық орталығының функцияларын орындайды.Бұл ретте Еуропаның 8 елін біріктіретін COBISS (Cooperative Bibliographic Information System) кооперативтік библиографиялық жүйесіінің орны айрықша. Жүйе барлық қатысушы елдердің кітапханалары пайдаланатын бірыңғай каталог пен метадеректер қағидатына негізделген, сол арқылы деректердің жоғары сапасы қамтамасыз етіліп, шығындар көзі төмендеп, тиімділік пен толық үйлесімділік деңгейі жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. COBISS-тің Қазақстан Ұлттық кітапханасымен ынтымақтастығын жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді.Елші HPC RIVR (Research Infrastructure of the Eastern Region) бастамасы аясында басталған словениялық VEGA суперкомпьютерінің функционалдығымен егжей-тегжейлі танысты. 6.9 петафлопс жадысымен қамтылған VEGA суперкомпьютері сейсмология, климат, ауа-райы болжамы, жоғары энергетикалық және ғарыштық физика, медицина және фармацевтика (жаңа дәрі-дәрмектердің формуласын ойлап шығару, болашақта ықтимал ауру мен дерттердің түрлерін модельдеу), биоинженерия және өнеркәсіптік модельдеу, жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы жоғары жүктемелі есептеулерге арналған. Словения ұлттық суперкомпьютерлік экожүйені SLING бірлескен ұлттық суперкомпьютинг желісіне үйлесімді қосылған.Қазіргі таңда Словенияда жалпы бюджеті шамамен 150 млн еуроны көлеміндегі 3000 шаршы метр аумақта орналасқан VEGA-2 «Slovenian Artificial Intelligence Factory» жаңа ауқымды жобасы іске асырылуда. Жаңа суперкомпьютер өзара байланысты екі бөліктен құралмақ: жаңа AI-бағдарланған суперкомпьютерді сатып алу, сондай-ақ AI-сервистерді, зерттеулер мен индустриялық енгізуді құру. Жоба "EuroHPC Joint Undertaking"-пен үйлестіре жүзеге асырылуда және жалпыеуропалық AI — суперкомпьютерлік экожүйесінің ажырамас бөлігі (ресурстар: есептеу қуаттылығының 50% — еуропалық жобалар, 50% - Словения көшбасшы болып табылатын жобалар). AI фабрикасының фокустық вертикалдарына Жасыл өткел, ақылды қалалар, өнеркәсіптік AI, агро - және food-tech салалары басты бағыт болып танылған.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және екі елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін бірлескен инновациялық жобаларды дамыту, атап айтқанда, Словенияда Қазақтанның санды брендіне айналған «Digital Bridge» цифрлық форумын бірлесіп өткізу және Astana Hub пен IZUM арасындағы іскерлік ынтымақтастықты жолға қою туралы қағидатты уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде бірлескен зерттеу бастамаларына, мамандарды даярлауға және технологиялармен алмасуға ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1131854?lang=kk
Зейнетақы активтерін басқарудың жаңа мүмкіндіктері: нәтижеге бағытталған инвестициялар 25.12.2025
  Зейнетақы активтерін басқарудың жаңа мүмкіндіктері: нәтижеге бағытталған инвестициялар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) қызметінің тиімділігін объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін кірістілік пен тәуекел деңгейіне байланысты Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілетін болады.Композиттік индекс – жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. Осы индекстердің динамикасын ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері (ЗА) портфелінің кірістілігімен салыстыру басқарушы компанияның нарықтық конъюнктурадан қаншалықты озық немесе артта қалғанын бағалауға мүмкіндік береді. Бенчмарк – жеке басқарушылардың тиімділігін салыстырып, нәтижелерін бағалау үшін қолданылатын эталондық көрсеткіш немесе бағдар. Бүгінгі таңда БЖЗҚ бес ИПБ-мен ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан. ИПБ-лардың қолданыстағы тәсілі шеңберінде белгіленген нормативтер, заңнама талаптары сақталатынын және зейнетақы активтерінің орташа табыстылығы негізінде есептелген ең төменгі деңгейден төмен емес кірістілік көрсеткіштерін қамтамасыз ететінін атап өткен жөн. ИПБ басқаруына берілген зейнетақы қаражаты көлемінің ұдайы өсуі байқалады. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 107,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ИПБ активтерінің көпшілігі консервативті инвестициялау стратегиясына сәйкес келетін облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестицияланады. Қолданыстағы тәсіл зейнетақы активтерінің ең көп мөлшеріне ие ИПБ басқаруындағы орташа алынған кірісті қалыптастыруға айтарлықтай әсер етіп, нәтижесінде басқарушылардың инвестициялық мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде шектейтіндігіне әкеледі.Басқа ИПБ кірістілігіне тәуелді емес, әлемдік және жергілікті нарықтардағы жағдайды көрсететін танылған бенчмарк негізінде басқару тәсілін енгізу ИПБ-ға объективті бағдарларға сүйенуге және зейнетақы активтерін инвестициялаудың ең жақсы нәтижелеріне ұмтылуға мүмкіндік береді. Инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтудің жаңа ережелері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ-лар инвестициялық стратегияларға арналған портфельді композиттік индекстер негізінде таңдайтын болады. Эталондық портфель инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін қаржы құралдарының жиынтығынан тұрады. Эталондық портфельдің кірістілігі зейнетақы активтерін басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Композиттік бенчмарк жетекші әлемдік қаржы компаниялары әзірлеген және қадағалайтын индекстерді, сондай-ақ инвестициялау стратегиясына байланысты белгілі бір пропорцияларда "Қазақстан қор биржасы" АҚ индекстерін қамтиды.Әр ИПБ, бұрынғыдай, активтерді бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады – ИПБ-ға стратегиялардың бірнеше нұсқалары арасынан таңдау жасау көзделмеген. Алайда, ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары тәуекел деңгейіне, күтілетін кіріске және инвестициялау мерзіміне байланысты әртүрлі болады. Осыны негізге ала отырып, ИПБ салымшыларға зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде үш инвестициялық портфельдің бірін ұсына алады:Салымшыларға арналған Кі (12) портфелі, зейнеткерлікке шыққанға дейінгі қалған мерзімге тәуелсіз. Ең төменгі кірістілік 12 айдың қорытындысы бойынша айқындалады және тиісті композиттік индекстің номиналды кірістілігінің кемінде 95% құрауы тиіс.Кі (12) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:            10% - KASE индексі[1];            60% - KZGB_DPs индексі[2]            10% - MSCI ACWI индексі[3]            20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі[4] . Зейнеткерлікке кемінде 3 жылдан кейін шығатын салымшыларға арналған Кі (36) портфелі. Ең төменгі кірістілік 36 айдың қорытындысы бойынша есептеледі және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 90% - нан төмен болмауы керек.Кі (36) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:20% - KASE индексі20% - KZGB_DPs индексі40% - MSCI ACWI индексі20% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі. Зейнеткерлікке шыққанға дейін 13 жылдан аса уақыт бар салымшыларға арналған Кі (60) портфелі. Ең төменгі кірістілік 60 айдың қорытындысы бойынша анықталады және композиттік индекстің номиналды кірістілігінің 85% -нан төмен болмауы керек.Кi (60) инвестициялық портфелі үшін төмендегі индекстер эталондық портфель болып табылады:20% - KASE индексі10% - KZGB_DPs индексі60% - MSCI ACWI индексі10% - Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD индексі. Бұдан басқа, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтері (ЗА) есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі кеңейтіледі және тәуекелдердің жаңа нормативтері белгіленеді. Осылайша, ИПБ таңдаған бенчмарк негізіндегі инвестициялық портфельдің құрылымындағы құралдар түрлері бойынша әртүрлі болады және әр ИПБ өзінің инвестициялық мақсаттарын тәуекел мен кірістілік арақатынасына байланысты айқындайды.  Салымшылар белгілі бір ИПБ ұсынатын стратегияны өздері үшін рұқсат етілген тәуекел деңгейі мен зейнеткерлік жасқа жақындау мерзімдері бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып таңдайды. Жинақтың бір бөлігін таңдалған стратегияға сәйкес ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру – инвестициялау тәжірибесін қалыптастырып, оның нәтижелерін талдау бойынша таптырмас мүмкіндік. Теріс айырмашылықты өтеу механизмі Зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік эталоннан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Өтеу басқарушы компания, кастодиан-банк және БЖЗҚ арасындағы салыстыру актісі негізінде жүргізіледі. Заңнамадағы жаңашылдықтар да БЖЗҚ мен ИПБ арасындағы шарттарды төмендегі жағдайлар негізінде бұзу мүмкіндігін көздейді: ИПБ бастамасы бойынша ЗА сенімгерлік басқару туралы шарт осы Шарт жасалған күннен бастап бір толық күнтізбелік жыл өткен соң бұзылуы мүмкін;ИПБ уәкілетті органды, БЖЗҚ-ны және ЗА-ны есепке алу және сақтауды жүзеге асыратын кастодиан-банкті шарт бұзылған күнге дейін бір жылдан кешіктірмей хабардар етуге, сондай-ақ тиісті хабарландыруды корпоративтік сайтта орналастыруға міндетті;ИПБ өз міндеттемелерін орындағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде ЗА-ны қабылдау-тапсыру актісі негізінде БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі кастодиандық шотына қайтарады.Осы нормалар сенімгерлік басқарушыларды ауыстыру кезінде салымшылар қаражатының ашықтығы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Осылайша, қабылданған жаңашылдықтар:ЗА-ның ұзақмерзімді кірістілігін көтеріп, сақталуын қамтамасыз етуге;ИПБ-лар арасындағы бәсекеге қабілетті ортаны дамытуға;салымшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік береді.   Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына беру туралы өтінішті www.enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп өтініш жасау арқылы беруге болады. [1]индекстің жасалған күнгі өкілдік тізіміне кіретін акциялардың нарықтық бағаларының еркін айналымдағы акцияларды ескере отырып, капиталдандыру бойынша мөлшерленген осы тізімдегі акциялардың белгілі бір күнгі бағаларына қатынасы болып табылатын индекс2  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары құнының өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі өзгерісін көрсететін есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, жиынтық табыс индексі 3 индекс дамыған (РР) және дамушы (РР) нарықтық экономикасы бар елдердегі жоғары және орташа капиталдандырылған компанияларды қамтиды (акциялар саласындағы барлық әлемдік инвестициялық мүмкіндіктердің шамамен 85%) https://www.msci.com/indexes/index/8924004  көптеген валюта нарықтарында ұсынылған инвестициялық деңгейдегі жаһандық қарыздың флагмандық индексіне дамыған және дамушы нарықтардың эмитенттерінің тұрақты мөлшерлемесі бар Қазынашылық, Мемлекеттік, корпоративтік және секьюритилендірілген облигациялары кіреді   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1140215?lang=kk
Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді 24.12.2025
Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды. Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген. Дереккөз: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-ondeu-onerkasibi-kasiporyndarynyn-kormesin-aralap-kordi-24112148 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1131799?lang=kk
Президент Besqaru зауытымен танысты 24.12.2025
Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді. Дереккөз: https://www.akorda.kz/kz/prezident-besqaru-zauytymen-tanysty-24113837 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1131804?lang=kk
Заң мен тәртіп 24.12.2025
№190 орта мектепте «Адал бала» платформасы арқылы 1–11 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» тақырыбында бейнесабақтар көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-kolaryq/press/news/details/1131807?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық саладағы ынтымақтастықты жалғастыруда 24.12.2025
Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында жеңілдетілген визалық режим және реадмиссия туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздердің ресми түрде бастаудың қорытындысы бойынша Еуропалық одақтың Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.Тараптар келіссөздердің басталуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара сенімнің артқанын, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін күшейтуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысты көрсететінін атап өтті. Аталған процесс Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы осындай алғашқы бастама екені аталып, бұл қадамға тарихи мән берілді.Келіссөздер 2026 жылы Астанада жалғасуға жоспарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1134373?lang=kk
Әскери полиция қызметшілері Астана мектептерінде «Ерлік сабағын» өткізді 24.12.2025
Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы және жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай әскери полиция қызметшілері Астананың сегіз жалпы білім беру мектебінде ерлік сабақтарын өткізді.Оқушылар алдында сөз сөйлеген әскери полиция режим және қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары полковник Айбол Сапаров даңқты қолбасшының өмір жолы, жауынгерлік қызметі және мұрасы туралы айтып берді.– Әскерге дейінгі жас буынға ерлік сабақтарын өткізу әскери-патриоттық жұмыстың маңызды элементі болып табылады. Мұндай кездесулер оқушылардың бойында еліміздің тарихына, батырларына деген құрмет сезімін қалыптастыруға, жауапкершілік пен Отанға қызмет етуге дайындықты дамытуға ықпал етеді, – деді полковник А. Сапаров.Сабақ барысында әскери полиция қызметшілері әскери тәртіп, жеке жауапкершілік, болашақ Отан қорғаушысының моральдық-құндылық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлді. Олар Отанға қызмет ету тек күш-қуат төзімділігін ғана емес, сонымен қатар ішкі мәдениетті, ұйымдастырушылық қабілетті және заңға құрметті талап ететінін атап өтті.Оқушыларға әскери полицияның негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары, әскери қызметті өтеу ерекшеліктері және әскери қызметшілерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқушыларға әскери мамандық таңдау туралы сұрақ қойып, жауап алуға мүмкіндік берілді. Кездесулер мұғалімдер мен оқушылар тарапынан қолдау тапты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1131818?lang=kk
Қостанайда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 24.12.2025
2025 жылғы 20 желтоқсанда Қостанай қаласында облыстың 14 ауданы мен қалаларынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.Іс-шараға ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынған 90-нан астам шаруашылық субъектілері қатысты. Өткізілген тауарлардың жалпы көлемі 333 тоннаны құрады, бұл қала тұрғындарының жоғары қызығушылығын және халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Жәрмеңкенің маңыздылығын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1131774?lang=kk
Elberen зауыты 24.12.2025
Күнделікті қолданып жүрген қағаз өнімдері қалай дайындалады? Қарапайым өндірістік майлықтан бастап, санитарлық-гигиеналық бұйымдарға дейінгі заттардың жасалу жолын біліп жүріңіз.https://www.instagram.com/p/DSmz6mrjM8f/  #Қазақстандажасалған #Астана #индустриялықпаркАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1131791?lang=kk
Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды 24.12.2025
Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды.№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді. Дереккөз: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-tausogar-zauytynda-boldy-24111412 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1131795?lang=kk
Маңғыстау облысының әкімі Германия Республикасының Бас консулымен кездесті 24.12.2025
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті. Жиында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.Кездесу барысында облыс әкімі Маңғыстау өңірінің географиялық орналасуы мен көлік-логистикалық әлеуеті, сондай-ақ туризм, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы мүмкіндіктер туралы айтты.«Маңғыстау облысы – инвестиция салуға қолайлы аймақ. Біз логистикалық және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Германия біздің өңір үшін маңызды экономикалық серіктес болып саналады», – деді облыс әкімі.Өз кезегінде Маттиас Кислер Германияның Қазақстанмен, соның ішінде Маңғыстау облысымен экономикалық, технологиялық және экологиялық бағыттарда бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.Кездесу өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге және екі тарап арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған пікір алмасумен аяқталды.Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысында германиялық капиталдың қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында 20-дан астам кәсіпорын тіркелген. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Германия арасындағы сыртқы сауда айналымы 12,4 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 370 мың АҚШ доллары, импорт – 12,1 млн АҚШ доллары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uiir/press/news/details/1131538?lang=kk
Аудан әкімі архив қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады 24.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев архив қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады.– Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың даму жолын, болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын сақтайтын киелі орын. Бүгінгі таңда елімізде 223 мемлекеттік архив мекемесін бар және онда 3000-нан астам адам жұмыс жасайды. Архив саласын дамытуда Сыр өңірінде үлкен қолдаулар бар. Атап айтқанда, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібавтың қолдауымен барлық ауданда «Руханият» орталықтары салынған болатын, аталған ғимараттың ішінде аудандық архив орналасқанын атап өткен жөн.Бүгінде аудандық архивте 40 мыңға жуық құжат сақтаулы. Бұл құжаттар аудан тарихынан сыр шертеді. Бұл жұмыстарды архив қызметкері атқарып келеді. Сіздердің атқарған әрбір жұмыстарыңыз ауданның тарихы мен дамуына қосқан зор үлес деп санаймын және шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Аудан әкімі архив қызметкерлерінің ұжымдық еңбегін бағалап, «Алғыс хатпен» марапаттады.Мерекелік қабылдауда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келдібаев Мұса Алпысбайұлы, сала ардагерлері Ұлмекен Жанәлиева, Рахима Сәметова сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1131557?lang=kk