Мирас мәдениет үйінің жаңартылуы

Мирас мәдениет үйінің жаңартылуы

09.04.2026 20:13:17 219

Мәдениет саласына ерекше көңіл бөлініп, қаржыландыру кезең-кезеңімен артып, инфрақұрылым жаңартылуда.

Соңғы үш жылда саланың бюджеті 42%-ға ұлғайды. Соның нәтижесінде екі кітапханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, мәдениет мекемелеріндегі компьютерлік техника жаңартылды, жаңа жиһаз бен жабдықтар сатып алынды.

Айтарлықтай өзгерістер «Мирас» мәдениет үйінде де жүзеге асырылуда: мекемеге шағын автобус, сахналық костюмдер алынып, музыкалық аспаптар жаңартылды. Қазіргі уақытта мұнда шатыр, сахна және сахналық жабдықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шығармашылық ұжымдардың жұмыс жағдайына ерекше мән берілуде. Би залдарына арнайы еден жабыны төселіп, қажетті жабдықтар орнатылады.

Сонымен қатар, тұрғындардың демалысы үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мәдениет үйінің маңын абаттандыру жұмыстары жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1197729?lang=kk