Әлем
Қазақстан мен Оман инвестициялық әріптестікті нығайтуда 25.04.2026
2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығы Инвестициялық қорының президенті Әбдүсаләм Әл-Мүршидимен кездесу өткізді.Кездесу барысында екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан–Оман бірлескен инвестициялық қорын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Оман тарапы екіжақты экономикалық жобаларды қаржыландыру мақсатында осындай қаржы институтын қалыптастыруға қызығушылық білдірді.Әбдүсаләм Әл-Мүршиди инвестициялық әріптестікті кеңейту үшін тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, логистика, қаржы және IT-технологиялар салаларында айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208523?lang=kk
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады 25.04.2026
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді. – Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Премьер-министрдің орынбасары қонақжайлықпен қарсы алған Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Оман тарапы мемлекетаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады. – Қазақстан – өте әсем әрі мәдени мұраға бай ел. Сізге Ұлы мәртебелі Сұлтанның сәлемін жеткізу мен үшін үлкен құрмет. Өзіңізге мәлім, екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алады. Осылайша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнаттық. Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз, – деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид. Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да атап өтті.Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады. Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208524?lang=kk
Қазақстан мен Оман Сұлтандығы арасында Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды 25.04.2026
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидпен кездесті. Жиында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Энергетика, көлік-логистика, тау-кен өндіру, металлургия, цифрлық салалар, АӨК, туризм және т. б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге назар аударылды.«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мәртебелі Сұлтанның Астанаға алғашқы ресми сапарына айрықша мән береді. Оман Сұлтандығы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және бүкіл араб әлеміндегі сенімді серіктесі. Қазақстан Үкіметі Оманмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, инвестициялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов. «Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан "Достық" орденін алу мен үшін үлкен мәртебе болды. Оман Сұлтандығы мен Қазақстан арасында берік әріптестік байланыстар орнаған, біз оларды одан әрі нығайтуға және дамытуға дайынбыз. Қазірдің өзінде инвестициялық ынтымақтастық жолға қойылған салалар бар. Біз сондай-ақ энергетика, жаңартылатын энергия көздері, технологиялар, қаржы секторы сияқты және басқа да бағыттарға басымдық беруді жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саид. Қазақстан мен Оманның бірлескен портфелінде құны $3 млрд-ты құрайтын 5 ірі инвестициялық жоба, оның ішінде энергетика және теміржол тасымалы салаларында $1,1 млрд болатын 2 жоба іске қосылды. Қазір кенді қайта өңдеу саласындағы жобалар жүзеге асырылу сатысында. Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында күш-жігер біріктіруге мүдделі екендерін жеткізді. Атап айтқанда, кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға баса назар аудара отырып, тау-кен өндіру және мұнай-газ саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарға назар аударылды.Қазақстанның Орта дәліздің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарын ескере отырып, логистика саласындағы түйісу нүктелері белгіленді. Екі мемлекеттің экономикасы мен өзара сауданың дамуына өңдеу кәсіпорындарын құру, ауыл шаруашылығы саласындағы технологиялармен алмасу және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасасу жөніндегі бірлескен шаралар да ықпал етеді. GovTech және жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отырған цифрлық сала перспективалы бағытардың бірі болып танылып отыр. Экотуризмді, қонақ үй және сервистік бизнесті дамытуда, мәдени және табиғи көрікті жерлерді насихаттауда тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.*****Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority арасында инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі шарттары (Heads of Terms) туралы келісімге қол қойылды.Құжат бірлескен инвестициялық платформаны қалыптастыру, жаңа қазақ-оман кәсіпорындарын, инвестициялық қорларын және басымдық негізде бірлесіп инвестициялаудың өзге де тетіктерін іске қосу үшін институционалдық негіз қалайды. Келісім өнеркәсіп, энергетика, денсаулық сақтау, логистика, тау-кен өндіру саласын және тағы да басқа қоса алғанда, экономиканың басым секторларында жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Инвестицияларды Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығының аумақтарындағы қолданыстағы активтерге де, жаңа жобаларға да бағыттау жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208525?lang=kk
Астана халықаралық қаржы орталығында Астана халықаралық қаржы орталығы басшылығы мен Оман Сұлтандығы делегациясының кездесуі өтті. Делегацияны экономика мәселелері жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Тейязин бин Хайтам Әл Саид басқарды 25.04.2026
Тараптар қаржы секторының негізгі бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Олардың қатарында исламдық қаржы, капитал нарықтары, активтерді басқару және тұрақты қаржыландыру салалары бар.Ерекше назар жасыл қаржыландыру саласындағы бірлескен бастамаларға, сондай-ақ екі ел институттары арасындағы кәсіби құзыреттерді дамыту мен тәжірибе алмасуға аударылды.Астана халықаралық қаржы орталығы мен Оманның серіктестері халықаралық алаңдарға қатысу, жұмыс сапарлары және сараптамалық диалогтар арқылы өзара іс-қимылды жүйелі түрде кеңейтіп, жаңа бірлескен жобалар үшін негіз қалыптастыруда.Талқыланған бағыттардың қатарында Оманның халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамыту және Таяу Шығыспен инвестициялық өзара іс-қимыл үшін қосымша мүмкіндіктер зор.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1208526?lang=kk
Қазақстан Бразилиямен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 25.04.2026
Бразилиа қ., 2026 жылғы 24 сәуір – ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан мен Бразилияның туристік әлеуеті: ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға Бразилия Туризм министрлігінің өкілдері, туристік агенттіктер және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстанның туристік әлеуеті туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директоры Шырын Мусина баяндама жасады.Бразилия тарапынан Бразилия Туризм министрлігінің халықаралық қатынастар басқармасының басшысы Жуан Рикардо Родригес Виегас және екіжақты қатынастар мен халықаралық жобалар жөніндегі үйлестіруші Тиаго Соуза Лима сөз сөйледі. Өз кезегінде, «Embassy News» бразилиялық ақпарат агенттігінің Бас редакторы Лиз Лобо Қазақстанға арналған арнайы жобаны, соның ішінде туристік мүмкіндіктерді БАҚ-та кеңінен жариялауды ұсынды.Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанда болған бразилиялық блогерлердің қатысуымен дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Конференция соңында қатысушылар туристік компаниялар арасында тікелей байланыстар орнату, бизнес-миссияларды ұйымдастыру және сүйемелдеу, сондай-ақ халықаралық туризм іс-шараларына қатысу мәселелері бойынша ақпаратпен алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1208528?lang=kk
Шымкентте 6 мыңнан астам жас әскери-далалық оқу жиынынан өтті 24.04.2026
Шымкент қаласында мектептің жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған ауқымды әскери-далалық оқу жиыны ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бес күнге созылған іс-шараның салтанатты жабылу рәсімі Ақтас оқу-жаттығу орталығы базасында өтті.Әскери-патриоттық бағыттағы бұл жоба мегаполисте соңғы рет 2019 жылы өткізілген болатын. Биыл бастама қайта жаңғыртылып, оған 10-сынып оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысты. Нәтижесінде 6600-ден астам жас алғашқы әскери дайындықтан өтті.Оқу жиыны барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, тактикалық іс-қимылдар, атыс дайындығы және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерді. Оқу-жаттығу сабақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің тәжірибелі нұсқаушылары жүргізді.Жиынның жабылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жобаның жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.— Бабалар аманатына адал болу – әрбір азаматтың парызы. Осындай оқу жиындары жас ұрпақтың елге деген жауапкершілігін арттырады. Қала әкімінің тапсырмасымен қолға алынған бұл бастама қазіргі таңда өзге өңірлерде жоқ. Сіздер — осы істің алғашқы қарлығаштарысыздар, — деді ол.Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Жас патриоттар» республикалық форумы өтетінін хабарлады.Қалалық білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов айтуынша, оқу жиынын ұйымдастыруға қала әкімдігі тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып, жан-жақты қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастыруға білім беру саласымен қатар, қорғаныс істері департаменті, полиция, төтенше жағдайлар қызметі және медицина саласының мамандары жұмылдырылып, бірлескен жоғары нәтижелі жұмыс атқарылған.Қатысушыларды тасымалдау, тамақтандыру және өзге де ұйымдастыру шығындары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды. Полигонда қауіпсіздік талаптары толық сақталып, қатысушылар үшін қажетті жағдай жасалды.Жалпы, Шымкентте қайта жанданып отырған әскери-далалық оқу жиыны жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің тиімді тетігі ретінде өз маңызын айқындап отыр.
«Digital System Servis» ЖШС ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты 24.04.2026
Зауыт аумағында және оған жақын аумақта тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, айнала қоқыстан тазартылды. Ұжымдық еңбек пен ортақ жауапкершіліктің арқасында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды жұмыс атқарылды.Таза орта — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі шаралар қала мәдениетін қалыптастырып, экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау — бүгінгі күннің маңызды құндылықтарының бірі.#ТазаҚазақстан #Астана #ТазаОрта #ТазаАула #ИндустриялықПаркАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1208467?lang=kk
ҚР СІМ-де БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының өкілдерімен өңірлік ынтымақтастық перспективалары талқыланды 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының (ЮНФПА) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Флоренс Бауэрмен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ф.Бауэрге Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ ЮНФПА Өңірлік кеңсесінің қазақстандық бейінді мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Саммит аясындағы панельдік сессиялар мен іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.Ол экологиялық күн тәртібі мәселелері жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар мен техногендік төтенше жағдайлар алдында аса осал болатын балалар мен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін назар аударды.Ф.Бауэр Саммит алаңында демографиялық орнықтылық, ана мен бала өлімі, климат өзгерісінің өңірдегі өлім-жітім көрсеткіштеріне әсері, сондай-ақ экологиялық күн тәртібіне белсенді тартылған жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру мәселелері сияқты өзекті өңірлік тақырыптар талқыланғанын атап өтті.ЮНФПА өкілі Түркістан облысындағы Отбасын қолдау орталықтарының әлеуетін арттыру жөніндегі қазақстандық тәжірибе өзге өңірлерде де қолданылып жатқанын, ал Түрікменстан мен Қырғызстан қазақстандық орталықтар негізінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жастардың репродуктивтік денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға, сондай-ақ ЮНФПА-ның Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының негізінде қатысуын кеңейтуге келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208469?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-ның Женевадағы өңірлік форумында ОДМ іске асыру тәжірибесін ұсынды 24.04.2026
Қазақстан делегациясы 50 елдің өкілдерімен қатар БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі Еуропалық экономикалық комиссиясының Өңірлік форумына қатысты. Ел атынан ҚР ҰЭМ департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова мен ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.Жоғары деңгейдегі сессия шеңберінде Нұргүл Жанназарова Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асырудағы ілгерілеуі туралы баяндама жасап, олардың ұлттық реформалар үшін іргетасқа айналғанын және елдің жаңартылған Конституциясына интеграцияланғанын атап өтті.Спикер 2025 жылы ұсынылған үшінші ерікті ұлттық шолуға және Мемлекет басшысының халықаралық бастамасына назар аударды, соның арқасында 2026 жыл БҰҰ-ның Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды.Баяндамада сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының маңызды рөлі және климат пен жасыл экономика мәселелеріне бағытталған Астанадағы экологиялық саммиттің қорытындылары атап өтілді.Өз сөзін аяқтай отырып, спикер БҰҰ агенттіктерінің, оның ішінде ЕЭК, БҰҰДБ басшыларына алғысын білдірді және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу шеңберінде одан әрі көпжақты ынтымақтастыққа сенім білдірді.Форумға қатысу Қазақстан мен ЕЭК өңірінің елдері үшін халықаралық әріптестікті нығайту, озық тәжірибемен алмасу және орнықты даму саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Форум орнықты даму, цифрлық трансформация, жасыл өсу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсаттарына қол жеткізу мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестіру, келісілген шешімдер әзірлеу және өңірлік өзара іс-қимылды кеңейту үшін алаң болды. Форумда әзірленген талқылаулар мен негізгі пікірталас идеялары 2026 жылы жоғары деңгейдегі саяси форумда ОДМ-ның жаһандық прогреске шолуына біріктіріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1208471?lang=kk
Қазақстандағы жаңа стандарттар әйнек қауіпсіздігін қалай арттырады? 24.04.2026
2025 жылы елімізде құрылыс әйнегіне арналған, үйлердің, кеңселердің және қоғамдық ғимараттардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стандарттар әзірленді. Хабарлама көпқабатты қауіпсіз әйнек өндірісін реттейтін ҚР СТ ISO 12543-1-2025 және ҚР СТ ISO 12543-2-2025 стандарттары жайлы айтылуда. Қазіргі уақытта осы талаптар Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «СтеклоСервис» ЖШС кәсіпорнында қолданылады.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіндегілер атап өткендей, аталған құжаттар өндірушілер мен өңдеушілер үшін бірыңғай талаптарды енгізеді. Оларда көпқабатты әйнектің құрамы мен негізгі сипаттамалары айқындалған. Әйнектің беріктігі мен қауіпсіздігіне басты назар аударылған. Мұндай бұйымдар соққыға төзімді болады және сынған жағдайда қауіпті сынықтар пайда болмайды.«Бүгінгі таңда стандарттар — жай формалдылық емес, адамдарды қорғаудың нақты құралы. Көпқабатты әйнекке қойылатын талаптарды енгізу ғимараттардың қауіпсіздігін арттырып, жарақат алу қаупін төмендетеді. Бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп, құрылыс материалдарына деген сенімді қалыптастырады», — деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Мәлік Сәулебай.Іс жүзінде бұл жоғары деңгейлі қорғанышты білдіреді. Тұрғын үйлер мен бизнес-орталықтарда әйнек зақымданған кезде жарақат алу қаупін төмендетеді. Витраждар, қасбеттер, терезелер мен арақабырғалар механикалық жүктемелер мен температураның ауытқуына төзімдірек болады.Өндірістік цикл бірнеше өңдеу кезеңдерінен тұрады. Жайпақ әйнек шыңдаудан, ламинациялаудан, эмальдаудан және басқа да процестерден өтеді. Сосын аталған бұйымнан беріктік пен қауіпсіздік сипаттамалары белгіленген шыныпакеттер мен арнайы бұйымдар жасалады.«СтеклоСервис» қазақстандық компаниясы өзі үшін әзірленген осы стандарттар бойынша өнімнің кең ауқымды түрлерін шығарады. Олардың қатарында шыңдалған және отқа төзімді әйнек, соққыға және оққа төзімді көпқабатты бұйымдар, эмальданған және иіп қалыпталған конструкциялар, сондай-ақ шыныпакеттер бар. «Көпқабатты әйнек “қауіпсіз сыну” қағидаты бойынша жұмыс істейді: тіпті қатты соққы тиген жағдайда да сынықтар конструкцияның ішінде қалады. Бұл әсіресе қауіпсіздікке өте жоғары талаптар қойылған қоғамдық орталар мен қасбеттік конструкциялар үшін маңызды», — деп түсіндірді «СтеклоСервис» компаниясының маманы.Өндірістік процесс әртүрлі типтегі жайпақ әйнектің, негізінен «джамбо» форматындағы әйнектің жеткізілуінен басталады. Бұдан әрі материал шыңдау, ламинациялау, эмальдау, иіп қалыптау, шыны пакеттерді құрастыру және отқа төзімді бұйымдарды дайындау сияқты өндірістік өңдеуден өтеді. Соңғы түпкілікті кезеңінде дайын өнімге таңбалау басылады және қауіпсіз тасымалдауға және сақтауға арналған ағаш жәшіктерге немесе пирамида тәрізді арнайы тіреуіштерге буып-түйіледі.Стандарттарды енгізуден өнімнің сапасы жақсартып, құрылыс материалдарына деген сенім арттады деп күтіледі.«Бұл ішкі нарық үшін де, экспорт үшін де маңызды. Бірыңғай талаптар отандық өндірушілерге халықаралық қағидалар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді, олардың нарықтағы позициясын нығайтады», — деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінен.Жаңа стандарттардың қазақстандықтарға да жақсы жағынан әсері болады. Өте берік әрі қауіпсіз әйнек конструкциялары жарақат алу қаупін төмендетеді, адамдар үшін тыныштық пен сенімділікке толы ортада күнделікті өмір сүруге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1208463?lang=kk
ЮНЕСКО Атқарушы кеңесі Қазақстан бастамасымен ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарын қолдау туралы құжат қабылдады 24.04.2026
Париж, 2026 ж. 24 сәуір – Қазақстан делегациясы 2026 ж. 8–23 сәуір аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі бас кеңсесінде Ұйымның Атқарушы кеңесінің кезекті 224-ші сессиясына белсенді қатысты.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Ұйымның жаңа Бас директоры Халед әл-Анани бастамашылық еткен «ЮНЕСКО-80» реформалау үдерісін және оның мүше мемлекеттермен, ұлттық комиссияларымен, сондай-ақ ЮНЕСКО жүйесіне кіретін өзге де құрылымдармен белсенді өзара іс-қимылын жоғары бағалады. Бұл құрылымдар Ұйымның ақпараттық-ағартушылық қызметінің негізін құрап, оның жергілікті деңгейдегі ықпалын қамтамасыз етеді деп атап өтілді. Сонымен қатар дипломат Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммитке көрсетілген қолдау және алдағы «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумға бөлінген патронажы үшін ЮНЕСКО-ға алғыс білдірді.Сессия аясында дәстүрлі түрде Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық комиссияларының жиналысы өтті. Онда сөз сөйлеген ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Жанар Шайменова Ұйымдағы жаңа даму серпініне қолдау білдіріп, білім беру, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда ЮНЕСКО Хатшылығы, ұлттық комиссиялар және басқа да байланысты құрылымдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.Осы тұрғыда сессияның маңызды нәтижелерінің бірі Қазақстан бастамашылық еткен «ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Ұйым бағдарламалары мен жаһандық басымдықтарын іске асыруға қосатын үлесін күшейту» туралы Атқарушы кеңес шешімінің қабылдануы болды. Құжаттың тең авторлары әлемнің барлық құрлықтарындағы 41 мемлекет болды.Қабылданған шешім ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының жаһандық қозғалысын Ұйымның стратегиялық бағыттарын ілгерілетуге жүйелі түрде тарту үшін үйлестіруді күшейтуге бағытталған. Құжатта мұндай жұмысты жандандырудың маңыздылығы Біріккен Ұлттар Ұйымының 2026 ж. Орнықты даму мақсаттары үшін Халықаралық еріктілер жылы деп жариялауымен байланысты ерекше атап өтілді.Сондай-ақ Атқарушы кеңес Алматы қаласында өткен ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтарының Ғаламдық жастар форумының қорытындыларын және 2030 жылға дейін арналған қозғалыс Жол картасын құптады. Атап өткеніміз жөн, Қазақстан 2023–2027 жж. ЮНЕСКО клубтарының Дүниежүзілік федерациясына төрағалық етуде.ЮНЕСКО қауымдастықтары мен клубтары алғаш рет 1947 ж. құрылған және Ұйым экожүйесіндегі ең ескі әрі ең ауқымды желілердің бірі болып табылады. Бұл қозғалыс бүгінде әлемнің 95 елінде 5 400-ден астам ерікті бастамаларды біріктіріп, жастар шығармашылығының дамуына, гендерлік теңдікті нығайтуға, мәдениетаралық диалогқа, инклюзивті білім беруге, экологиялық сананы қалыптастыруға және орнықты дамуға бағытталған.Қазақстанның ЮНЕСКО клубтарының ұлттық федерациясы 2009 ж. құрылған және қазіргі таңда еліміздің әртүрлі өңірлерінде 236 клубты біріктіреді. Оның жобаларына жыл сайын 15 000-нан астам балалар, жасөспірімдер мен студенттер қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1208460?lang=kk
ҚР СІМ-де ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік директордың орынбасарымен балалар құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік директордың орынбасары Октавиан Биволмен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақстандық дипломат О.Биволға Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Өңірлік кеңсесінің қазақстандық мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Саммиттің панельдік сессиялары мен іс-шараларын ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.Ол экологиялық күн тәртібі мәселелері балалардың әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін атап өтті, себебі балалар жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар мен техногендік төтенше жағдайлар алдында ең осал топтардың бірі болып табылады.О.Бивол Саммит алаңы өңірлік экологиялық күн тәртібіне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беріп, өңірлік экологиялық ынтымақтастықтың ең өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды үйлестіруге жол ашқанын атап өтті.ЮНИСЕФ өкілі Саммит аясында білім беру бағдарламаларына экологиялық тәрбие қағидаттарын енгізуге, қоршаған ортаға ұқыпты әрі саналы көзқарасты қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың табиғи ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалану дағдыларын дамытуға негізделген «Жасыл мектеп» атты бірегей өңірлік жобаның бастау алғанын ерекше атап өтті.О.Бивол Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2026–2030 жылдарға арналған жаңа елдік ынтымақтастық бағдарламасы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғауға қатысты Қазақстанның негізгі ұлттық басымдықтарын көрсететінін айтты.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар балалар құқықтары мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға және ЮНИСЕФ-тің Алматы қаласындағы Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға арналған БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының негізінде қатысуын кеңейтуге келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208461?lang=kk
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 34 – сессиясы өтті 24.04.2026
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 34 – сессиясы К.Т.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті. Сессияда, «2025-2027 жылдарға арналған Бумакөл, Кеңтүбек ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы» мәселе бойынша ауыл әкімдері баяндама жасап, тиісті шешім қабылданды.Депутаттар, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесі туралы мәселесі бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың баяндамасын талқылап, өздерінің келісімін берді. Сонымен қатар, Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, талқыланды.Мәслихат депутаттары аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия құрамын бекітіп, жер комиссиясының құрамына, Бөрлі аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізді.Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Имашев, Батыс-Қазақстан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия барысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1208414?lang=kk
СІМ-де БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен ынтымақтастықты дамыту талқыланды 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының орынбасары – Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Виорел Гуцумен кездесу өткізді.Кездесу барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы ФАО-ның Еуропа және Орталық Азия өңірінде орнықты экологиялық тәжірибелерді ілгерілетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қосып отырған елеулі үлесін атап өтті.Е.Көшербаев Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында бірлескен жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығының климаттық орнықтылығын арттыру, экожүйелерді қорғау және өңірлік бастамаларды дамыту мәселелеріне басымдық берілетіні айтылды.Қазақстан тарапы ФАО ұсынымдары негізінде ұлттық сертификаттау стандарттарын әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде В. Гуцу лецитин өндірісін дамыту және стандарттау мәселелерін қоса алғанда, жан-жақты әдіснамалық қолдау көрсетуге ФАО-ның дайын екенін жеткізді.Сондай-ақ, ФАО-ның Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі серіктесі ретінде белсенді қатысуына және форум аясында бірқатар жоғары деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруына ерекше назар аударылды.Тараптар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мүмкіндіктерін, оның ішінде су ресурстарын тиімді басқару және жерді тұрақты пайдалану мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208400?lang=kk
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті 24.04.2026
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысты ашып жүргізген аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы М.Дияров.Отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонова «Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесін келісу» мәселесі бойынша баяндама жасады.Бұдан соң, жер комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Габидуллин мәлімдеме жасады.Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясында қарауға ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1208403?lang=kk
Топырағы торқа, жаны жәнәтта болсын! 24.04.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар басқарған облыстық салық қызметінің ардагері Теңбай Сапиоллаұлы Ибраевөмірден озды.Оның бүкіл өмірі таңдаған ісіне шексіз берілгендік пен адамдарға қызмет ету болды. Ол адамдарға әрдайым сезімтал, жанашыр өте мейірімді болды.Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен сипатталды, оның үлкен беделі өңірде танымал еді. Мемлекеттік кірістер департаментінің шаралар ардагерлер кеңесінін назарынан тыс қалған жоқ еді.Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды адалдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші еді.Орны толмас ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамыз. Теңбай Сапиоллаұлының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесіАқмола облысы бойынша МКД ұжымы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1208317?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында кезектен тыс сессия өтті 24.04.2026
Кезектен тыс сессияда Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары бюджетті нақтылау мәселесін қарады.Автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізуге қосымша қаржы бөлу қарастырылды.Сонымен қатар, қараусыз қалған жануарларды аулауды және ұстауды ұйымдастыруға қаражат қарастырылды.Сондай-ақ, депутаттардың ұсынымдарына сәйкес, қалалық зираттардың аумақтарын санитарлық тазартуға бюджеттен қаражат бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1208359?lang=kk
Өкілдік басшысы «Тұран Модель БҰҰ» конференциясына қатысты 24.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Тұран университетінде өткен «Тұран Модель Біріккен Ұлттар Ұйымы» конференциясының ашылуына қатысып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың конференция қатысушыларына жолдаған лебізін жеткізді.Сонымен қатар, өз сөзінде Елші БҰҰ-ның Моделі жастарға өзекті жаһандық мәселелермен айналысуға, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға және ынтымақтастық пен жауапкершілік рухын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды білім беру және дипломатиялық құрал ретінде қызмет ететіндігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1208303?lang=kk
Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма 24.04.2026
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails, https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomika-glavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm) алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда. Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі. Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді. Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады. Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздер және банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:• SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;• бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;• бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректерін енгізбеу;• барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;• әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;• бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз Комитеттің Қылмыстық қауіпқатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығынАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208275?lang=kk
КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ 24.04.2026
КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ💧Ауыз су мәселесі бойынша“МАҢҒЫСТАУЖЫЛУ” МКК жауапты маман: Аблаев Жоламан, байланыс телефоны: 📞+7 (702)-154-16-83🗑️Қоқыс, тазалық мәселесі бойынша“Таза Мұнайлы” МКК жауапты маман:Абилов Роман Жеткізгенұлы, байланыс телефоны:📞 +7 (701)-145-85-52🔥Газ мәселесі бойынша“ҚазТрансГазАймақ” АҚКезекші нөмері:☎️8(7292)-46-56-04💡Электр энергиясы бойынша“МАҢҒЫСТАУЭНЕРГО” МКККезекші нөмері: ☎️8(7292)-46-51-60⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1208280?lang=kk