Әлем
КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ 24.04.2026
КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫС НӨМІРЛЕРІ💧Ауыз су мәселесі бойынша“МАҢҒЫСТАУЖЫЛУ” МКК жауапты маман: Аблаев Жоламан, байланыс телефоны: 📞+7 (702)-154-16-83🗑️Қоқыс, тазалық мәселесі бойынша“Таза Мұнайлы” МКК жауапты маман:Абилов Роман Жеткізгенұлы, байланыс телефоны:📞 +7 (701)-145-85-52🔥Газ мәселесі бойынша“ҚазТрансГазАймақ” АҚКезекші нөмері:☎️8(7292)-46-56-04💡Электр энергиясы бойынша“МАҢҒЫСТАУЭНЕРГО” МКККезекші нөмері: ☎️8(7292)-46-51-60⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1208280?lang=kk
ПРЕСС-АНОНС 24.04.2026
25 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында челлендж элементтері қамтылған «Таза аула» флэшмобы өтеді.Іс-шараның мақсаты — тұрғындардың тазалық, абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне назарын аудару. Флэшмоб аясында қатысушыларға аулаларда, үй маңындағы аумақтарда және іргелес учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізу, содан кейін бастаманы қолдауға шақыра отырып, эстафетаны достарына, көршілеріне және әріптестеріне жолдау ұсынылады.«Таза аула» челленджі — ортақ іске жеке үлес қосуға, экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге және таза, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру жолында тұрғындарды біріктіруге мүмкіндік береді.Челленджді достарыңызға, көршілеріңізге, туыстарыңызға жолдаңыздар, бірлесе күш жұмсау арқылы ауылымыз бен ауданымызды таза ете аламыз!Аудан тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, жастарды және аға буын өкілдерін 25 сәуір күні өтетін «Таза аула» флэшмобына белсенді түрде қосылып, ортақ үйімізді бірге таза етуге шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1208284?lang=kk
❓ 100% шегерім қолданылған кезде амортизациялық аударымдар бойынша шегерім жасауға бола ма? 24.04.2026
Жауап:Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтер бойынша шегерімдерге амортизациялық аударымдар жатады.Алайда, инвестициялық салық преференциялары қолданылған активтер бақылау кезеңінде тіркелген активтер ретінде танылмайды.Сондықтан, егер негізгі құрал бойынша 100% шегерім түріндегі инвестициялық преференция қолданылса, онда осы объект бойынша амортизациялық аударымдарды шегерімге жатқызуға жол берілмейді.Яғни, бір объект бойынша екі рет шегерім қолдану қарастырылмаған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1208287?lang=kk
Эскизді (эскиздік жобаны) келісу бойынша мемлекеттік қызмет 24.04.2026
Эскизді (эскиздік жобаны) келісу бойынша мемлекеттік қызмет электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы – «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы» https://gov.ggk.kz/ арқылы көрсетіледі.Қызмет көрсету мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл өтініштерді қарау рәсімінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күніне дейін.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).Қызмет көрсету нәтижесі – эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.Қызмет тегін көрсетіледі.Қызметті алу үшін белгіленген үлгідегі өтінішті электрондық түрде, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып, эскиздік жобаны қоса тіркей отырып жолдау қажет.Қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:ұсынылған құжаттар немесе мәліметтердің шындыққа сәйкес келмеуі;эскиздік жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуі.Қызмет алушы порталдағы жеке кабинеті арқылы (gov.ggk.kz) қызмет көрсету мәртебесін қадағалай алады, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы (1414, 8 (72251) 3-33-97) арқылы кеңес ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1208288?lang=kk
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде 24.04.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Азиядағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңес (АӨСШК) сияқты өңірлік ұйымдар шеңберінде жан-жақты пікір алмасты.АӨСШК-ні одан әрі дамытуға, оның ішінде оны кезең-кезеңімен толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау мәселесіне ерекше назар аударылды.Ә.Бақаев өз сөзінде АӨСШК қызмет еткен жылдар ішінде өңірдегі қақтығыс әлеуетін төмендетуге бағытталған сенім шараларын кеңейтуге және нығайтуға ықпал ететін тиімді көпжақты тетік ретінде өзін дәлелдегенін атап өтті. Осыған байланысты Азиядағы қалыптасып келе жатқан инклюзивті және бөлінбейтін қауіпсіздік архитектурасының маңызды элементі ретінде оны одан әрі институционализациялаудың маңыздылығы аталып өтті.Сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары басқа ресейлік әріптесі Дмитрий Любинскиймен кездесу өткізіп, оның барысында адам құқықтары саласындағы көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208188?lang=kk
Кедендік тексеріп-қарау ережесі 24.04.2026
Кедендік жете тексеру тауарлардың қаптамасын, көлік құралдарының жүкжайларын (бөлекжайларын), ыдыстарды, контейнерлерді немесе тауарлар орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен және (немесе) оларға қолданылған кедендік пломбаларды, мөрлерді немесе өзге сәйкестендіру құралдарын жоюмен, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеумен, демонтаждаумен немесе өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзумен тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына және жеке тұлғалардың багажына қатысты қарап-тексеру жүргізуді және өзге де әрекеттер жасауды білдіретін кедендік бақылау нысаны болып табылады.Кеден органы декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаны, егер осы тұлғалар анықталса, хабарламаны алуы фактісін растауға мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен кедендік жете тексеруді жүргізу орны мен уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік жете тексеруді жүргізу уақытын тағайындау кезінде мұндай адамдардың келуінің ақылға қонымды мерзімдері ескеріледі. Бұл ретте декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғалардың келуіне арналған мерзімдерде «ҚР кедендік реттеу туралы» Кодекстің 193-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері есепке алынуға тиіс.Кедендік жете тексеруді жүргізу нәтижелері, «ҚР кедендік реттеу туралы» Кодекстің 401-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанын Комиссия айқындаған кедендік жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.2026 жылы 47 кедендік тексеріп қарау жүргізіліп, 22 кеден заңнамасының бұзылуы анықталды. 2 170,0 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, қосымша 378, 5 мың теңге кедендік төлемдер мен алымдар өндіріліп алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1208208?lang=kk
Мәскеуде ағымдағы халықаралық жағдайында ШЫҰ қызметінің қазіргі жағдайдағы мәселелері талқыланды 24.04.2026
Мәскеу, 2026 жылғы 24 сәуір – Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қызметі және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультациялар өтті.Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бакаев басқарды.Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі халықаралық жағдай жағдайында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ ШЫҰ шеңберіндегі көпсалалы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.ШЫҰ қызметін жетілдіруге бағытталған уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға, сондай-ақ Бішкектегі Мемлекет басшыларының саммитіне дайындықты қоса алғанда, 2026 жылы өткізілетін биік және жоғары деңгейдегі кездесулерді мазмұнды толықтыруға ерекше назар аударылды.Ә.Бақаев халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары мен нормалары негізінде өңірдегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі әлемдік күш-жігерге Қазақстанның қолдау білдіргенін, сондай-ақ Еуразияда бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі ШЫҰ-ның артып келе жатқан рөлін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208219?lang=kk
Қазақстан БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының Басқарушы кеңесінің құрамына кірді 24.04.2026
Бангкок, 2026 жылғы 24 сәуір - БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) 52 мүше мемлекеті арасындағы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялар трансферті орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің құрамына сайланды.БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан атап өткендей, аталған шешім Қазақстанның өңірлік ғылыми-технологиялық күн тәртібіндегі белсенді қатысушы ретіндегі ұстанымының нығаюын, сондай-ақ тұрақты әрі инклюзивті дамуды ілгерілетуге қосқан үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуын растайды.Басқарушы кеңес құрамына кіру елге технологиялар трансферті саласындағы өңірлік тәсілдерді қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Бұл, атап айтқанда, аса маңызды технологияларға неғұрлым ашық әрі әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жәрдемдесуді қамтиды.Кеңес жұмысына қатысу елге озық технологияларды, инвестицияларды және жоғары білікті мамандарды тартуға, сондай-ақ жетекші ғылыми орталықтармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.Сонымен қатар, бұл отандық инновацияларды өңірлік деңгейде ілгерілетуге жағдай жасап, Қазақстанның сенімді серіктес әрі заманауи технологиялық шешімдерді жеткізуші ретіндегі рөлін нығайтады.Басқарушы кеңес құрамына сайлану Қазақстан Республикасының инновациялық экономиканы дамытуға және жаһандық технологиялық үдерістерге ықпалдасуға бағытталған мемлекеттік саясатының стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1208228?lang=kk
«Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша 24.04.2026
2026 жылдың 23 сәуірде «Өскемен-КРО» кеден бекетінде Кеден ақпараттық жүйесінде «Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және жеңілдетуді, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, декларанттарға жіберілетін барлық сұраныс түрлері, тауарлар декларацияларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс/шешім нысаны (бұдан әрі - ТД), ТД түзету нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.«Тауар декларациясы» модулі 2026 жылдың 11 сәуірде іске қосылды. Іске қосу ұсынылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылды.Іс-шара жұртшылықты Кеден ақпараттық жүйесіндегі жаңа «Тауар декларациясы» модулімен таныстыру және оны жаңа жүйеде толтыруға байланысты проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел отырысына сыртқы саудаға қатысушылардың өкілі болып табылатын кеден өкілдері мен декларанттар қатысты. Кездесу барысында кеден қызметкерлері жаңа жүйеде тауарлар декларацияларын толтыру және тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Кеден ақпараттық жүйесінде модулінде жұмыс істеу кезінде туындаған кез келген мәселелерді талқылап, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1208242?lang=kk
„Аманат“ және „Ауыл“ партияларының өкілдерімен кездесу 24.04.2026
2026 жылдың 23 сәуірінде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Аманат» және «Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Каскадты оқыту жоспары аясында ұйымдастырылған іс-шара алдағы маңызды саяси науқандарға дайындыққа арналды. Кездесу барысында, саяси ұйымның сайлау процесіндегі құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Алдағы Құрылтай кезінде ашықтықты қамтамасыз ететін бақылаушыларды оқыту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жолдары талқыланды. Сайлау комиссиясы мен саяси партиялар арасындағы мұндай тікелей байланыс сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1208252?lang=kk
Баспасөз хабарламасы "Жасыл болашақ"акциясы республикалық экологиялық акция шеңберінде "Таза Қазақстан!» 24.04.2026
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 25 сәуір, 10: 00Өтетін орны: Бейімбет Майлин ауданыМақсаты: халық арасында тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Аумақтарды көгалдандыруІс-шара экологиялық жағдайды жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған. Акция аясында мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің, еңбек ұжымдарының, жастардың және аудан тұрғындарының қатысуымен ағаш көшеттерін жаппай отырғызу жоспарланған."Жасыл болашақ" акциясы-табиғатты сақтауға және қоғамның экологиялық мәдениетін дамытуға жасалған қадам.Қатысуға округ тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер және барлық қамқор азаматтар шақырылады. Акция жайлы және таза өмір сүру ортасын құруға үлес болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1208254?lang=kk
2026 жылдан бастап контрагенттің салық режимін тексеру – міндетті рәсім 24.04.2026
2026 жылдан бастап контрагенттің салық режимін тексеру – міндетті рәсім2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында салықтық есепке алу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа нормаларға сәйкес, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті (ЖТС/ОУР) қолданатын салық төлеушілер жеңілдетілген декларация режимін қолданатын контрагенттермен жасалған мәмілелер бойынша шығындарды шегерімге жатқыза алмайды.Осыған байланысты кәсіпкерлер үшін серіктестерінің салық режимін алдын ала тексеру маңызды талапқа айналып отыр. Бұл шара салықтық тәуекелдерді азайтуға және қаржылық шығындардың алдын алуға бағытталған.Контрагенттің салық режимін тексерудің ресми әрі қолжетімді тәсілі – Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсындағы «Контрагенттер туралы мәліметтер» сервисін пайдалану. Аталған сервис арқылы салық төлеушінің БСН немесе ЖСН енгізу арқылы оның салық салу режимі, қосылған құн салығы бойынша тіркелуі, қызмет түрі (ЭҚЖЖ), сондай-ақ басқа да маңызды мәліметтерді алуға болады.Сонымен қатар, сервис арқылы контрагенттің салық берешегі, тіркеу мәртебесі, құрылтайшылары мен басшылары туралы ақпарат, сондай-ақ сенімділік деңгейі жөніндегі мәліметтер қолжетімді.Сарапшылардың айтуынша, жаңа талаптар бизнестің ашықтығын арттыруға және адал бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерлерге шарт жасасу алдында контрагенттердің деректерін міндетті түрде тексеру ұсынылады.Ресми ақпараттық жүйелерді пайдалану серіктестер туралы өзекті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік береді және салықтық есептілікті дұрыс жүргізуге жағдай жасайды.Жаңа ережелерді сақтау кәсіпкерлерге қосымша салықтық жүктемеден сақтануға және бизнесті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1208261?lang=kk
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті 24.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» тақырыбында ауқымды экологиялық акция өтті.Аталған шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға бағыттау.Акция барысында Жалағаш ауданының әкімі арнайы сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту және келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдырудың маңыздылығына тоқталды.«Бүгінгі тал егу акциясы – болашаққа жасалған игі қадам. Әр отырғызылған тал – ертеңгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Барша тұрғындарды табиғатты қорғауға және осындай игі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын», – деді аудан әкімі А. Ибраимов.Аталған акцияға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан ақсақалдары, этнос өкілдері, аудандық аналар, әйелдер кеңесі мүшелері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, белсенді қатысып, белгіленген аумақтарға 550 түп ағаш отырғызды.Сонымен қатар, елді мекен аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру, тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырудың маңыздылығы кеңінен насихатталды.Шара барысында қатысушылар табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл игі бастама аудан көлемінде тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасын табатынын айқындайды. #ТазаҚазақстан#тұрақтыдаму#экология#TazaChallenge#TazaQazaqstan
Жеке тұлғаның өзі салық салуға жататын кірістер 24.04.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ол жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібін, соның ішінде мүліктік кірістері қарастырды. Ең елеулі өзгерістер жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерге — пәтерлер, үйлер, жер учаскелеріне қатысты болды.Мүліктік кіріс дегеніміз не?Мүліктік кіріс — бұл жеке тұлғаның мүлікті сату кезінде алған табысы, егер құн өсімі (бағаның өсуі) орын алса. Ол сатып алу бағасы мен сату бағасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.Егер жылжымайтын мүлік сатып алынған бағадан жоғары бағада сатылса, бұл айырма салық салынатын табыс ретінде танылады және декларацияға енгізілуі тиіс.Жылжымайтын мүлікті иелену мерзімі ұлғайтылдыМаңызды өзгерістердің бірі — салықтан босату үшін жылжымайтын мүлікті иеленудің минималды мерзімінің ұлғайтылуы.Бұрын мүлікті 1 жыл иелену жеткілікті болса, 2026 жылдан бастап бұл мерзім 2 жылға дейін ұзартылды. Бұл тек жаңа кодекс күшіне енгеннен кейін сатып алынған объектілерге қолданылады.Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған жылжымайтын мүлік 2 жыл өтпей сатылса, жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайды. Ал 2026 жылға дейін сатып алынған объектілер бойынша кей жағдайларда бұрынғы 1 жылдық тәртіп сақталады.Салықтың прогрессивті мөлшерлемесі2026 жылдан бастап мүліктік кіріс бойынша жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласы енгізілді: 10% — егер құн өсімі 8 500 АЕК-ке дейін (2026 жылы 1 АЕК – 4 325 теңге, 8 500 АЕК – 36,7 млн. теңге); 15% — көрсетілген шектен асқан сомадан.Осы ретте, салық салу саралаған түрде жүзеге асырылады: табыстың негізгі бөлігі 10% мөлшерлеме бойынша, ал белгіленген шектен асатын бөлігі 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады, осыған байланысты салық міндеттемелері алынған табыс мөлшеріне қарай айқынбалады.Салық салынатын объектілер?Жаңа ережелер келесі объектілерге қолданылады, тұрғын үй (пәтерлер, үйлер), жер учаскелері, коммерциялық жылжымайтын мүлік, құн өсімі туындайтын өзге де мүлік түрлері.Маңызды: коммерциялық объектілер бойынша иелену мерзімі салықтан босатпайды — табыс болған жағдайда, мерзімге қарамастан салық төленеді.Кірістерді декларациялауМүліктік кіріс алған жағдайда жеке тұлға міндетті:00 нысаны бойынша декларация тапсыруға;декларацияны тапсыру мерзімі — сату жүзеге асқан жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін;салықты төлеу мерзімі — 25 қыркүйекке дейін.Өтпелі ережелерСонымен қатар өтпелі нормалар қарастырылған. 2026 жылға дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік бойынша кей жағдайларда бұрынғы салық салу шарттары сақталуы мүмкін. Бұл жаңа жүйеге біртіндеп көшу және азаматтарға түсетін салықтық жүктемені жұмсарту мақсатында енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1208156?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»:БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады 24.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын50%-ға дейін жәнеерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып, зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді. Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды. Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.Алдағы "Ашық есік күні" осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1a10db56ab87a4b71eb165820df2d85c)Еvent-мәжіліс нөмірі: (2514 666 1832)Еvent-мәжіліс құпиясөзі: (1234) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1208175?lang=kk
Тұрақты авиациялық отын және биоэтанол: Қостанай облысында экологиялық таза өнім өндіретін зауыттар салынады 24.04.2026
Қостанай облысында негізгі шикізат ретінде биоэтанолға негізделген экологиялық таза тұрақты авиациялық отын өндіретін зауыт салынады. Сонымен қатар экологиялық таза биоэтанол отынын өндіру бойынша инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.Астанада өткен RES 2026 EXPO жасыл технологиялар және тұрақты шешімдер халықаралық көрмесі аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KazFoodProducts» ЖШС және KBR (АҚШ) компаниясы Қостанай облысында тұрақты авиациялық отын (SAF – Sustainable Aviation Fuel) өндіру зауытын салуды базалық жобалау туралы келісімге қол қойды.Тұрақты авиациялық отын (SAF) – бұл мұнай емес шикізаттан өндірілетін, әуе көлігінен шығатын көміртек қалдықтарын азайтатын экологиялық таза авиациялық отын. Қарастырылып отырған жоба аясында SAF өндіру үшін негізгі шикізат ретінде биоэтанол («этанолдан авиакеросинге» немесе «alcohol-to-jet» процесі) қолдану көзделуде.Еуропалық одақтың «жасыл» экономиканы дамыту және көміртек ізін азайту саясаты аясында SAF үлесін кезең-кезеңімен арттырудың міндетті нормалары белгіленген: 2025 жылы 2%-дан 2050 жылға қарай 70%-ға дейін.«KazFoodProducts» ЖШС сондай-ақ жылына 412 мың тонна бидайды терең өңдеуге арналған қуаты бар биоэтанол өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастады.Бұл зауытта өндірілетін биоэтанол SAF өндіруде шикізат ретінде пайдаланылатын болады.Жоғарыда аталған зауыттарды салуға 151 млрд теңге бағытталады.KBR компаниясы әлем бойынша мемлекеттік құрылымдар мен компанияларға ғылыми, технологиялық және инжинирингтік шешімдер ұсынады. Компания 80-нен астам елдегі клиенттерге қызмет көрсетеді және 29-дан астам елде операциялық қызмет жүргізеді.«Жасыл» энергия – экономикалық өсім мен экологиялық қауіпсіздіктің негізі«Жасыл» энергетика саласындағы тағы бір жоба – қуаты 1000 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы. Жобаны «Turan Wind Energy» ЖШС жүзеге асырады. Ол жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған. Құрылыс аясында әрқайсысының қуаты 6,25 МВт болатын 160 жел генераторын орнату жоспарлануда. Инвестиция көлемі 468 млрд теңге деп бағаланып отыр.«Ең маңыздысы, жел электр станциялары жоғарыда аталған биоэтанол және авиациялық отын өндіретін зауыттарды энергиямен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті өңір басшысы.Осылайша, Қостанай облысында «жасыл» экономикаға тиімді көшу – бірегей жобаларды жүзеге асырудың арқасында мүмкін болмақ. Биоэтанол, SAF және ЖЭС салуға бағытталатын 620 млрд теңгеге жуық қаражат өңірдің экологиялық тазалығын қамтамасыз етуге, табиғи әлеуетін сақтауға, сондай-ақ болашақта өңіріміз бен еліміздің экономикалық жағынан тұрақты дамуына салынған инвестиция болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208179?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ 20 КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА АТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ 24.04.2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ономастика саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Аудан әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілген зерделеу нәтижесінде қала аумағында барлығы 4117 көше бар екендігі анықталған. Оның ішінде 2727 көше тарихи жер-су және дәстүрлі атаулармен аталған болса, 992 көше кісі есімдерімен аталады.Есепті кезеңде Шымкент қаласында 20 құрамдас бөлікке атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттармен заңдастырылды. Аталған жұмыстар республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қала әкімдігі мен мәслихаттың бірлескен шешімі арқылы бекітілді.Нәтижесінде атауы жоқ 9 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері берілсе, 11 көшеге тарихи жер-су атаулары берілді. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи атауларды қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам болып отыр.Сонымен қатар қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан 18 тұлғаның және Ұлы Отан соғысының 2 батырының есімдерін ұлықтау мақсатында оларды көшелерге беру мәселесі қарастырылған. Аталған ұсыныстар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында талқыланып, ономастика комиссиясының отырысында қорытындыланды.Жалпы алғанда, қаладағы ономастика саласында жүргізілген жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тарихи атауларды сақтау мен ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды шешімдер қабылдануда.Толығырақ: https://youtube.com/live/9whFWZMlz4E?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ШЫМКЕНТТЕ І ТОҚСАНДА 188 МЫҢНАН АСТАМ АРХИВ ҚҰЖАТЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ 24.04.2026
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы тіл саясаты, архив ісі және тарихи-мәдени мұра бағыттарында атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма басшысы Бауыржан Орынтаев есепті кезеңде бұл салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.Қала аумағында тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Шымкентте 188 тарихи-мәдени нысан есепке алынған. Оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер мемлекеттік тізімге енгізілген. Заңсыз орнатылған нысандардың тіркелмеуі – бақылау жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.Салт-дәстүрді насихаттау мақсатында арнайы орталықта мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар экскурсиялар өткізіліп, мыңдаған тұрғын қамтылды. Бұл бағыт рухани құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады.Тіл саясаты саласында заңнаманың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлік нысандарға ескерту беріліп, заң бұзушылықтар бойынша шаралар қабылданды. «Е-Өтініш» порталы арқылы түскен өтінімдер қаралып, бірқатар нысандардағы кемшіліктер түзетілді. Ономастика саласында да жүйелі талдау жүргізіліп, қаладағы көше атауларын реттеу жұмыстары жалғасуда.Архив саласында цифрландыру үдерісі қарқын алды. І тоқсанда 188 мыңнан астам құжат парағы цифрлық форматқа көшірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету көрсеткіштері де жоғары деңгейде орындалды.Қорытындылай келе, тіл саясаты, архив және тарихи мұраны сақтау бағыттарында атқарылған жұмыстар қаланың рухани және мәдени дамуына негіз болып отыр. Алдағы кезеңде бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.Толығырақ: https://youtube.com/live/9whFWZMlz4E?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР АУҚЫМЫ КЕҢЕЙІП, КӨРЕРМЕН БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТТЫ 24.04.2026
Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2026 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындылары таныстырылды. Басқарма басшысы Бауыржан Орынтаевтың мәлімдеуінше, есепті кезеңде мәдени-шығармашылық бағытта бірқатар нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылған.Қазіргі таңда басқармаға қарасты 22 мәдениет ұйымы халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Оның ішінде 7 театр, 6 кітапхана, концерттік ұйымдар, музейлер, цирк және өзге де мәдени нысандар бар.Шығармашылық бағытта да оң динамика қалыптасты. Театр саласында жыл басынан бері 6 жаңа қойылым сахналанып, 286 спектакль көрерменге ұсынылды. Жалпы көрермен саны 57 мыңнан асты. Қалалық циркте 20 қойылым ұйымдастырылып, 15 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар концерттік ұйымдарда ондаған мәдени іс-шара өтіп, мыңдаған көрермен жиналды.Мәдени-көпшілік іс-шаралар да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. І тоқсанда 11 ірі мәдени және ресми іс-шара өткізіліп, 500 мыңнан астам адам қамтылды. Атап айтқанда, Алғыс айту күні мен «Наурызнама» онкүндігі аясындағы шаралар кең көлемде өтті.Кітапхана және музей салаларында да көрсеткіштер жоғары. Кітапханаларда 600 мыңнан астам келуші тіркеліп, жүздеген іс-шара ұйымдастырылды. Музей қорлары жаңа экспонаттармен толықтырылып, көрмелер саны артты.Жалпы алғанда, І тоқсан қорытындысы мәдениет саласының жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді. Жыл соңына дейін жоспарланған жобалар мен іс-шаралар өз жалғасын табады.Толығырақ: https://youtube.com/live/9whFWZMlz4E?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Дала философиясы: AlmaU-де «Ұлы Дала Академиясы» ашылды 24.04.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Almaty Management University-де (AlmaU) «Ұлы Дала Академиясы» ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында дала өркениетінің мұрасын қайта пайымдауға бағытталған жаңа зияткерлік алаң ғалымдарды, оқытушыларды, мәдениет қайраткерлерін және қоғамдық көшбасшыларды біріктіретін пәнаралық диалог кеңістігі ретінде құрылды. Іс-шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстанның академиялық қауымдастығының өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты. Қатысушылар қатарында тарихшылар, философтар, әлеуметтанушылар, антропологтар, оқытушылар, жазушылар және халықаралық зерттеушілер болды. Қонақтарға құттықтау сөз сөйлеген AlmaU негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Кожахметов орталықтың дәстүр мен болашақты тоғыстыратын маңызды диалог алаңы екенін атап өтті. “AlmaU - Қазақстанның ең көне жеке университеті және еліміздің алғашқы бизнес мектебі. 2028 жылға дейінгі даму стратегиясында біз Орталық Азияның зияткерлік хабына айналу мақсатын қойдық және осы стратегияның өзегінде трансформациялық гуманитарлық ғылымдардың бағыты тұр. Біз мәдени мұраны заманауи білім беру және қоғамдық тәжірибеге айналдырғалы тұрмыз: оқу бағдарламаларына, жастар көшбасшылығына, қоғамдық пікірталасқа, шығармашылық индустрияларға”, – деді Асылбек Кожахметов. Іс-шара барысында бүгінгі таңда ғылыми қоғамдастықтың алдында Ұлы даланың бай мұрасы туралы айтып қана қоймай, оны болашақтың білім беру және зияткерлік ресурсына айналдыра отырып, осы мұраны заманауи ғылыми тілге аудару міндеті тұрғаны атап өтілді. Дәл осы мақсатта "Ұлы Дала Академиясы" орталығының қызметі үш негізгі зерттеу бағытының айналасында құрылатын болады. Бірінші бағыт - “далалық философия” тұжырымдамасын әлем мен ондағы адамның орнын түсінудің тұтас жүйесі ретінде дамытумен байланысты. Екіншісі - ”далалық ойлау” уақытты, қозғалыс пен тепе-теңдікті қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырылатын далалық ойлау. Үшінші бағыт - “далалық басқару” көшбасшылық қоғам мен қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан үлгісі ретінде. Сондай-ақ, қазіргі заманның экологиялық сын-қатерлері жағдайында жерге және табиғи тепе-теңдікке деген дәстүрлі көзқарас ерекше өзектілікке ие болатыны, ал жаһандық тұрақсыздық дәуірінде тұрақты қозғалыста тұрақтылықты сақтай білген қоғамдардың тарихи тәжірибесіне қызығушылық арта түсетіні атап өтілді. Бағдарламаның айрықша сәттерінің бірі – көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматовтың немересі Чинара Айтматованың сөзі болды. Ол Орталық Азия халықтарының гуманитарлық ынтымақтастығының маңызын, түркі әлемінің рухани мұрасын және өңір елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы білімнің рөлін атап өтті. Білім, ғылым және халықаралық гуманитарлық диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін Чинара Айтматова Оразақ Смағұлұына, Асылбек Кожахметовке, Дидар Амантай мен Жұмажан Байжуминге Шыңғыс Айтматов атындағы медальдарды табыстады. «"Ұлы Дала Академиясының" ашылуы - бұл ғылыми орталықтың құрылуы ғана емес, сонымен бірге біздің ортақ тарихи жадымыздың жаңғыруының символы. Ұлы Дала мұрасы қазіргі ұрпақтың мәдениетінде, құндылықтарында және санасында өмір сүруді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ата-бабаларымызды құрметтеу және болашақ алдындағы жауапкершілікті білу өте маңызды. Тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында Түркі халықтарының бірлігі мен интеграциясы ерекше маңызға ие. Ортақ рухани негізге, өзара қолдауға және бір-біріміздің алдындағы жауапкершілік сезіміне сүйене отырып, біз уақыттың қиындықтарына лайықты жауап бере аламыз », – деді Чинара Айтматова. Салтанатты рәсім аясында отандық ғылымның, білім беру саласының дамуына және тарихи-мәдени мұраны сақтауға зор үлес қосқан аға буын ғылыми қауымдастық өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Көпжылдық адал еңбегі, жоғары академиялық жетістіктері және өз ісіне берілгендігі үшін көрнекті ғалым Оразақ Смағұлұлына естелік сыйлықтар мен алғыс белгілері табысталды. “Көптеген жылдар бойы зерттеулермен айналысып, тіпті генетикалық деректер негізінде де қазақ халқының шығу тегінің ерекшеліктерін байқауға болатының растадым. Бұрынғы кездерде жазбаша дереккөздер мен фактілердің жеткіліксіздігіне байланысты біздің тарихымыздың тереңдігін жоққа шығарғандар болды. Алайда бүгін әлемдік ғылыми қауымдастық біздің тамырымыздың ежелгі дәуірін және тарихи сабақтастықты мойындайды. "Ұлы Дала Академиясы" да уақыт өте келе әлемге ұлы даланың бай мұрасын ұсынатын танымал халықаралық орталыққа айналатынына сенімдімін", – деп атап өтті антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі Оразақ Смағұлұлы. Бағдарламаның жеке бөлімі ретінде тарихшы, профессор Жұмажан Байжуминнің тарихи жады мен ұлттық мұра мәселелеріне арналған «Түркілер: шығу тегі және тарихи миссиясы» атты жаңа жинағының таныстырылымы өтті. Ғалым өзінің бес томдық еңбегін AlmaU-ға сыйға тартып, студенттер мен зерттеушілердің іргелі ғылыми материалдарға ашық қолжетімділігінің маңызын атап өтті. Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі – көшпелі өркениеттің тарихи тәжірибесін көшбасшылық, басқару және қоғамдық даму мәселелерімен ұштастыратын жаңа гуманитарлық парадигма – «Дала ойлау философиясын» дамыту болмақ. Нұржан Құлымжанов «Дала ойлауы» тұжырымдамасын таныстырып, онда көшпелі өркениеттің дүниетанымдық дәстүрлері мен олардың қазіргі дәуірдегі өзектілігі қарастырылғанын атап өтті. “Далалық ойлау концепциясының методологиясын шығару үшін далалық ойланудың өзінің категориялық тезаурасын белгілеу керек. Далалық ойлаудың категориялық тезаурасы түркі-қазақ дүниетанымындағы ауқыт, кеңістік, жол, дер, қоныс, құт, кие, аманат сияқты негізгі үғымдардың өзара баланысын ашатын мәдени-философиялық жүйе”, – деді «Ұлы Дала Академиясы» орталығының директоры, философия докторы (PhD) Нұржан Құлымжанов. Панельдік пікірталас барысында бірегейлік, тарихи жады, мәдени мұра және гуманитарлық ғылымды дамыту перспективалары мәселелері талқыланды. Панельдік сессияға Қалнұр Ормушев, "Қырғыз-өзбек гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директоры; Айгүл Сәдуақасова, Қақазстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің Ғылым комитетінің “Философия, саясаттану және дінтану институтының” бас директоры; Жұмажан Байжумин, тарихшы, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры; Дидар Қосылбеков, жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері; Шолпан Ибжарова, философия ғылымдарының кандидаты, Social Sciences and transformative humanities school, AlmaU қауымдастырылған профессоры қатысты. “Далалық ойлау - дайын жабық теория емес, үлкен ғылыми болашағы бар ашық концепт. Менің ойымша, "Ұлы Дала Академиясы" және біздің университетте жүзеге асырылып жатқан "Толық адам" бағдарламасы ауқымды зияткерлік идеяға бірігіп, заманауи білім беру моделіне айналуы мүмкін ”, - Шолпан Ибжарова. Ашық пікірталас барысында қатысушылар жаңа орталықтың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге, ғылыми зерттеулерге, бірлескен жобаларға жәрдемдесуге және гуманитарлық білімді ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді. Мұндай алаңды құру әртүрлі бағыттар мен ұрпақтардың зерттеушілерін біріктіру үшін кең мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Талқылауда семиотика, көне түркі жазуы және руникалық мұра мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар руникалық мәтіндерде ата-бабалардың дүниетанымы, тілі, тарихы мен құндылықтары туралы білімнің едәуір қабаты бар екенін және оларды зерттеу білім беру мен ғылыми мазмұнның маңызды көзі бола алатындығын атап өтті. Бұл ескерткіштерде қазіргі білім беру бағдарламасының іргелі элементтерімен салыстырылатын негізгі білім көрсетілгені атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Ұлы Даланың өркениеттік мұрасын жүйелі зерделеудің маңызын, сондай-ақ гуманитарлық зерттеулерді заманауи білім беру және халықаралық үдерістермен ықпалдастыру қажеттігін атап өтті. «Ұлы Дала Академиясы» орталығының ашылуы академиялық қауымдастық үшін маңызды оқиғаға айналып, XXI ғасырдың жаһандық сын-қатерлері жағдайында Ұлы Даланың тарихи-мәдени мұрасын зерттеуді дамытудағы маңызды қадам болды.