Бүгін, Қарағанды қаласында жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды
30.06.2026 19:29:04 16
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Қарағанды облысының еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ өкілдері, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары, кәсіпкерлер қауымдастығының, «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің және қаланың 50-ден астам кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, оның ішінде квоталанатын, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, арнайы жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау жөніндегі шаралар мәселелері қаралды және талқыланды.
Бұдан басқа, еңбек және халықты жұмыспен қамту заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органдары мен жұмыс берушілер арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай тәжірибе ағымдағы жылдың ішінде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1231038?lang=ru
