Enbekshi QazaQ

Әлем

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне іссапармен сапармен келді. 21.07.2025
2025 жылғы 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №28 мекемесіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев іс сапармен келді. Сапардың негізгі мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу болды. Сапар аясында Артур Ермекұлы мекеме әкімшілігі мен бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп сотталғандарды жеке мәселелері бойынша, оның ішінде қатаң жағдайларда және отряд үй-жайларында ұсталатын сотталғандарды қабылдауды өткізді. Сапар барысында сотталғандардың құқықтарына, ұстау шарттарына, медициналық қамтамасыз етуге қатысты заңнаманы сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтініш жасауға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сотталғандар өздерін толғандыратын  мәселелермен уәкілге жеке өзі жүгінуге мүмкіндік алды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1037851?lang=kk
Пугачев ауылындағы мектеп құрылысы бақылауда 21.07.2025
Бөрлі аудандық мәслихатының депутаттары Пугачево ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының барысымен танысып қайтты. Құрылыс барысыАталған нысанның құрылысын «ЖайықСити» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Жұмыстар жоспарға сай қарқынды жүруде. Құрылыс алаңында депутаттар:Жұмыстың сапасына байланысты ұсыныстарын жеткіздіҚалған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы аяқталуына тілектестік білдірдіҚауіпсіздік техникасының сақталуына назар аудардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037799?lang=kk
Жидебайда 4G интернет желісі іске қосылды 21.07.2025
Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Жидебай музей-қорығына Beeline ұялы байланыс операторының интернет желісі іске қосылды.🔠Облыс әкімі Берік Уәли туристер ең көп келетін қасиетті орынға орнатылған антенна-діңгекті құрылғының жұмысымен танысты.Жоба Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылды.Бөрілі елді мекенінде антенна-діңгекті құрылғы орнату жұмысы тамыз айында аяқталады.Осыдан кейін ауданымыз облыстағы алғашқы 100 пайыз интернетпен қамтылған аудан атанады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037736?lang=kk
«Этно ауыл Жидебай» туристік кешенінің құрылысы басталды 21.07.2025
«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында Абайдың 180 жылдығына орай ауданымызда «Абай-Шәкәрім» кесенесі аумағында «Этно ауыл Жидебай» кешені бой көтереді. Бүгін ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, меценат Бектас Медғатов қатысты.Жерлесіміз, меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен жүзеге асатын, 60 гектар аумақты қамтитын кешеннің жалпы құны – 1,2 млрд теңге. Жобаның мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту, рухани-мәдени мұраны дәріптеу және Жидебайды халықаралық туристік бағыттардың біріне айналдыру.Кешеннің құрамында жыл бойы жұмыс істейтін киіз үйлер мен бунгало үлгісіндегі қонақүйлер, этно-SPA орталығы мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар ипподром, хайуанаттар бағы, конференц-зал, тимбилдингке арналған арнайы аймақтар, электромобильдерді қуаттау станциялары мен қымыз құю желісі бар заманауи орындар болады.Жоба іске қосылғаннан кейін 50 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға оң әсер етеді.Облыс әкімі бұл жобаның ауданымызға туризм саласын дамытып қана қоймай, аудан экономикасына да серпін беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037754?lang=kk
Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде 21.07.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесін (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосуды жүргізілуде.       2025 жылғы 18 шілдеден бастап салық режимін қолдану туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) (https://knp.kgd.gov.kz/) СӘИЖ СТК-да қабылданатын болады.       Бұл ретте, бұрын берілген хабарламалар салық төлеушінің кабинетінде де (https://cabinet.kgd.gov.kz) көруге қолжетімді болып қалды.      Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Қолдау қызметіне 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы, knpsd@ecc.kz электрондық поштаға хабарласа аласыз:Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1037755?lang=kk
Поляк агробизнесі Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларға қызығушылық танытуда 21.07.2025
Варшава, 2025 жылғы 15 шілде – Қазақстанның Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасының ауыл шаруашылығы және ауылды дамыту Вице-министрі Яцек Чернякпен кездесті.Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Қазақ дипломаты Қазақстанның Еуропалық Одақ кеңістігіндегі маңызды серіктесі ретінде Польшаның маңыздылығын, сондай-ақ Польшаның агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары деңгейін атап өтті. Астық пен ұн экспортының тұрақты өсуін қоса алғанда, Қазақстанның аграрлық саясатының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстанда Organic Food өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды іске асырудағы артықшылықтар ұсынылды.Поляк сұхбаттасушысы тарапынан Польшаның Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесі ретінде қарастырылатын Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілік расталды.Я.Черняк Қазақстандық агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін жоғары бағалады, сондай-ақ агротехнологиялар трансферін, сауданы дамытуды және поляк бизнесінің Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысуын қоса алғанда, өзекті бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді.Қазақстандық тарап инвестициялық өзара іс-қимыл үшін нақты салаларды ұсынды: астықты, майлы дақылдарды, қант қызылшасын, картопты, жемістерді, ет пен сүтті өңдеу, сондай-ақ балалар тағамын өндіру. Мал бордақылау және көрші нарықтарға ет жеткізу перспективасы бөлек аталып өтті.Кездесу соңында тараптар диалогты қолдауға өзара мүдделілігін растады және агроөнеркәсіптік ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1037763?lang=kk
“Саржал Бренд” қымызы республикалық “BaiQymyz” гастрофестивальде І орынды иеленіп, 20 млн теңгені жеңіп алды 21.07.2025
Фестивальдің ақпан айында өтетіні хабарланып, осы уақыт аралығында ұйымдастырушылар еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты. Мамыр айында Абай ауданына арнайы келіп, қымыз дайындау барысын түсіріп, қатысушылардың еңбегін кеңінен насихаттаған болатын.19-20 шілде күндері Астана қаласында өткен “BaiQymyz” гастрофестивалінде Абай облысының намысын қорғаған “Саржал” бренд қымызы І орынға ие болды.Аталған шараға республика бойынша 50-ден астам қатысушы келіп, ұлттық сусын – қымыздың үздік үлгісін ұсынды. Абай ауданынан арнайы іріктелген 6 команда қатысып, “Саржал” бренді атынан 3 шаруа қожалығы мен 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз өнімдерін ұсынды. Жалпы көлемі 1 тонна 300 литр қымыз апарылып, дәмі мен сапасы жағынан жоғары бағаланды.Халық арасында “Сары даласы — Саржал, сары қымыз — сары бал” деген атқа ие болған өңірдің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!Қарауыл ауылынан қатысқан “Adil Qymyz” иесі Әнуаров Сәулет “Күміс торсық” номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.Сондай-ақ, Саржал ауылынан ЖК “Кажиев Дархан Ергалиевич” иесі Қажиев Дархан, “Заңғар” шаруа қожалығының иесі Маратов Нұрсұлтан, “Әлібек” ШҚ-ның иесі Төкішев Мүслім және ЖК “Саясатов” иесі Жандос Саясатов өз қымыз өнімдерін ұсынды.🥇 “Саржал Қымыз Бренд” құрамына кіретін қожалықтар:🔸 “Жаныс” ШҚ – Ержан Ермекұлы🔸 “Озат” ШҚ – Гүлмира Айдарқызы🔸 “Барыс ас” ЖШС – Алмагүл Мейрамбекқызы🔸 “Ералы” ШҚ – Медет Аманбекұлы🔸 “Биамбеков С.Қ” ЖК – Серік ҚабдықәкімұлыАта дәстүрді жалғастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген азаматтарға толағай табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037773?lang=kk
Депутаттар 13 шағынауданындағы мектептің құрылысы барысымен танысты 21.07.2025
Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары аудан әкімінің орынбасары М. Нурмаковпен бірге Ақсай қаласындағы 13 шағын ауданда салынып жатқан 900 орындық мектеп құрылысының жұмыс барысын қарап шықты. Депутаттар құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Альтаир-СК7» ЖШС өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан істерге қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, құрылыс сапасына ерекше назар аударылды. Жобаның ерекшеліктеріМердігердің айтуынша, мектеп жобасында келесідей нысандар қарастырылған: Стадион, жүгіру жолы, хоккейге,баскетбол, волейбол ойындарына арналған  алаңдар болады. Ұсыныстар мен ескертулерДепутаттар атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өз ұсыныстарын айтып, құрылысшыларға техника қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, жұмыстың белгіленген мерзімде және сапалы аяқталуы маңызды екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037785?lang=kk
Астанада «Биг Шанхай» базарындағы өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары көрсетіледі 21.07.2025
Аталған жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің, әкімдіктің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері, банк қызметкерлері, салық органдары және базар әкімшілігі кезекшілік етеді. Штаб аясында «Биг Шанхай» базарының зардап шеккен жалға алушылары, кәсіпкерлері және жұмысшылары бизнесін қалпына келтіру, жалдау, салықтық және банктік міндеттемелер бойынша кеңес ала алады.Қазіргі уақытта салық төлемдері мен банктік міндеттемелер бойынша кейінге шегеру мәселесі қарастырылып жатыр. Сауда орны зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі банктер мен қаржы ұйымдарына жіберіліп, қолдау шараларын ары қарай қарау жоспарланып отыр.«Биг Шанхай» базарының директорының айтуынша, алдағы бірнеше күн ішінде зардап шеккен барлық кәсіпкерге баламалы сауда орындарын ұсыну мәселесі шешіледі.Штаб «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында, Алаш тасжолы, 30а мекенжайында орналасқан. Ақпарат және кеңес алу үшін колл-орталық жұмыс істейді: «Биг Шанхай» базарының әкімшісі:+7 778 141 83 13, Тоғжан.Кәсіпкерлер тек ресми штабқа жүгінгені жөн, себебі барлық нақты әрі шынайы ақпарат осы орында айтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1037794?lang=kk
«Жайлы мектеп» жобасы аясындағы жаңа құрылыс 21.07.2025
Республикалық «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде Ақсай қаласындағы М.Ихсанов көшесінде орналасқан 300 орындық, екі қабатты №1 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр.Құрылыс барысымен танысуАталған нысанның құрылыс жұмысымен танысу мақсатында аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков және қала әкімі А,Баяндыковпен жұмыс сапарымен шықты.Мердігер мен қадағалаушы ұйымдарҚұрылысты жүргізіп жатқан мердігер — «Альтаир-СК7» ЖШС.Техникалық қадағалауды жүзеге асырушы — «Сана Маркет» ЖШС.Құрылыс басында мердігер компания өкілі депутаттарға қазіргі таңда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Жоспарланған алдағы құрылыс кезеңдерімен таныстырып өтті.Депутаттар жұмыс сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жобаның мерзімінде аяқталуы қажеттігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037796?lang=kk
“Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз” 21.07.2025
Баянды ауылында Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Халықпен жақын байланыс – басты мақсатымыз” атты жиналыс өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындармен өзара байланысты нығайту, олардың әлеуметтік мәселелеріне назар аудару және қолдау көрсету жолдарын бірлесе қарастыру болды. Жиын барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.Жиналысқа Отбасын қолдау орталығынан әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Сапарбаева А.У., заңгер Салихова Г.С. және психолог Шамшетова Ф.Б. қатысты. Сонымен қатар, Баянды ауылы әкімі аппаратының тарапынан бас маман Гүлмира Сүйенішқызы және учаскелік полиция инспекторы қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында отбасы құндылықтарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлеуметтік қолдаулар жөнінде кеңестер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037709?lang=kk
Облыс әкімі Абайдың 180 жылдық мерейтойына дайындық барысымен танысты 21.07.2025
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы аймақ басшысына дайындық жұмыстарының барысы туралы жауапты басшылармен бірге баяндады.Облыс әкімі мерейтойға дейін аз уақыт қалғанын ескере отырып, барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Сонымен қатар, Берік Уәлиұлына ауданның атымтай жомарт азаматтардың демеушілігімен Қарауыл төбедегі “Абай елі” шыңында бой көтеретін рухани монументталды ескерткіштің жобасы таныстырылды. Ескерткіш авторы — мүсінші Нұрбол Қалиев.Аталған монументтің ашылуы мерейтой қарсаңында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037712?lang=kk
Облыс әкімі Берік Уәли аудан тұрғындарымен кездесті 21.07.2025
Облыс әкімі Берік Уәли аудан тұрғындарымен кездестіОблыс әкімі Берік Уәли Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді.🕯Жиында алдымен аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы ауданның 2024-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Бұдан кейін баяндама жасаған аймақ басшысы өңірдің жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Абай ауданында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.💻«Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында Абай ауданына 1,5 млрд теңге инвестиция тартылады. Меценат Бектас Медғатовтың бастамасымен Абайдың 180 жылдығына орай құны 1,2 млрд теңгені құрайтын «Этно ауыл Жидебай» кешені салынады.🛠Биыл ауданда 8 мектепке жөндеу жүргізіледі. Кеңгірбай би ауылындағы балалар лагерінің құрылысы жалғасуда. Саржал мен Көкбай ауылдарында спорттық модуль құрылысы жүріп жатыр.Облыс әкімі Абай ауданын дамыту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.📥Кездесу соңында тұрғындар аудан орталығына қазандық салу, Семей сынақ полигоны аумағындағы халыққа жеңілдік жасау, полигон жерін ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға беру, жедел жәрдем қызметін ауданға қайтаруға, жедел жәрдем көлігін алуға, Жидебай музей-қорығының материалдық-техникалық базасын жаңартуға, жылыжай салуға қатысты сұрақтарын қойды. Облыс әкімі кездесуде көтерілген мәселелердің, айтылған ұсыныстардың ескерілетінін, ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037670?lang=kk
Облыс әкімі аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады 21.07.2025
Қабылдауға келген азаматтар негізінен шаруа қожалықтарына электр желілерін тарту мәселесін көтерді. Зейнеткер Талғат Ерденбеков Кеңгірбай би, Көкбай, Тоқтамыс, Архат, Құндызды ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарының малына қасқырдың шауып жатқанын айтып, соған көмек көрсетуді сұрады.📇Азаматтарды қабылдау барысында аймақ басшысы әр мәселені жеке бақылауына алатынын, тұрғындар көтерген проблемалардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.⌛Облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауының алдында басқарма басшылары аудан тұрғындарын қабылдап, сауалдарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037683?lang=kk
Облыс әкімі Берік Уәлиұлы бүгінгі жұмыс сапары барысында аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 21.07.2025
Облыс басшысы құттықтау сөз сөйлеп, осы ғимаратты мемлекет тарапына сыйлыққа беріп, игі іске себепкер болған Рахымбаев Сейфоллаға алғысын білдірді. Сонымен қатар, орталыққа 16 орындық инватаксидің кілтін табыс етті.Осыдан кейін сөз алған, Рахымбаев Сейфолла жаңа нысанның жұмысына табыс тілеп, ел игілігіне қызмет жасай берсін деп ақжарма тілегін білдірді.Орталықтың жалпы ауданы 310 шаршы метрді құрайды. Құрамында үш бөлімше жұмыс істейді. Жартылай стационар, үйде қызмет көрсету бөлімшесі, отбасын қолдау орталығы Жалпы 13 кабинет бар, 31 қызметкер жұмыс істейді.Орталықта физиотерапия, емдік дене жаттығулары, массаж, психологиялық қолдау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенді оңалту қызметтері көрсетілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1037700?lang=kk
Қостанай облысының ормандары мен жасыл желектері: көгалдандыру мен тұрақтылық бағыты 21.07.2025
Қостанай облысының ормандары экологиялық, климаттық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан зор маңызға ие.Бүгінгі таңда Қостанай облысы әкімдігінің қарамағында 462,0 мың гектар мемлекеттік орман қоры бар, оның 207,5 мың гектарын орманмен көмкерілген алқаптар құрайды. Соңғы үш жыл ішінде орман қорына жатқызылған жерлер көлемі 4,3 мың гектарға (457 718 гектардан 462 009 гектарға дейін) артты. Бұл өсім қордағы бос жатқан жерлерді орман қорына ауыстырып, орман отырғызу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде орын алды.Қостанай қаласының маңында орналасқан мемлекеттік орман қорының "елді мекендердің жасыл белдеуі мен сауықтыру мақсатындағы аймақтар" санатына жататын 6188 гектар жер бар. Соның ішінде 4502 гектар жер орманмен көмкерілген.2021–2024 жылдар аралығында орман қоры жерлерінде 8,7 мың гектар аумақта 55,4 миллион түп көшет отырғызылды. Бұл 2021–2027 жылдарға арналған Орманды молықтырудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. 2025 жылға белгіленген жоспар бойынша 2,9 мың гектарға 19,2 миллион көшет отырғызу көзделген. Ағымдағы жылдың көктемінде 2,9 мың гектар аумаққа 14,5 миллион көшет отырғызылды. Күз мезгілінде 0,8 мың гектарға 4,7 миллион көшет отырғызу жоспарлануда.2022 жылы Аманқарағай өңірінде орын алған ірі орман өрті салдарын жою жұмыстары жалғасуда. 2022 жылғы қарашадан 2025 жылғы шілде айына дейін өртенген аумақтың 61,7%-ына ағаш кесу жұмыстары жүргізілді, орманмен жабылған өртенген жерлердің 34,8%-ы толық өңделді.Жалпы, өртенген аумақта 432 гектар жерге 2,9 миллион қарағай көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, табиғи орман қалпына келуі де байқалады: қайың мен көктеректің жас өркендері өсіп шыға бастады, көптеген жерде қарағайдың өздігінен көбеюі тіркелуде.Орман қоры жерлеріндегі орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл жұмыстар орманмен көмкерілген аумақты ұлғайтуға және облыстың ормандылығын арттыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1037701?lang=kk
2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы! 21.07.2025
 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жылдың басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, осы салада еңбек ететін азаматтардың беделін көтеру және жас ұрпақты білікті маман болуға ынталандыру.Қазіргі қоғамда жұмысшы мамандықтары айрықша маңызға ие. Жоғары технологиялық заманда, инфрақұрылымдық дамуда, құрылыс және өндіріс салаларында жұмысшы мамандықтарының ролі ешқашан азайған емес. Жұмысшы мамандықтары — елдің экономикасын алға сүйрейтін, қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын тірек болып табылады.#ЖұмысшыМамандықтарЖылы#ГодРабочихПрофессий
Ауылішілік автомобиль жолдарын тазарту 21.07.2025
Ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары есебінен, автомобиль жолдарын шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037601?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылдың 6 айында 25 миллионнан астам қызмет көрсетті 21.07.2025
«БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) цифрлық форматта көрсетілетін қызметтеріне салымшылар тарапынан қызығушылық артып келеді. Себебі олар тәулік бойы қолжетімді. 01.01.2025ж. мен 30.06.2025ж. аралығында халыққа шамамен 25,1 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 13,6 млн-нан астамы электрондық форматта, 10,6 млн-нан көбі автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,1%-ын құрады. Қор қызметкерлері салымшыларға шамамен 480,6 мың қызметті жүзбе-жүз көрсетті, оның ішінде 471,0 мыңнан астамы тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 896,9 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 14,9 млн үзінді көшірме берілді. Оның 12,5 млн астамы – электрондық, ал 1,9 млн-нан көбі автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 33,9 мың өтініш қабылданып, оның 31,8 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған.   2025 жылдың қаңтар-маусым айларында деректемелерді өзгертуге 69,8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Оның шамамен 65,8 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында шамамен 25,3 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 522,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 21,9 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны 274,9 мыңнан асады. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1044438?lang=kk
Жол жолақтарын сызу 21.07.2025
Баянды ауылында жол-көлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, ауыл ішіндегі негізгі көшелерде жол жолақтарын сызу жұмыстары жүргізілді.Аталған жұмыстар жол қозғалысын реттеуге, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037609?lang=kk