Enbekshi QazaQ

Әлем

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны тапсырудың жаңа ережелері 22.07.2025
📢 ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ🗓 2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.📌 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген келесідей азаматтардың шетелде мүлік немесе шоттары болмаса декларация тапсырудан босатылады:👵 зейнеткерлер👨🔧 жекеменшік компанияларда жұмыс істейтіндер👩🎓 студенттер👩👦 үй шаруасындағы әйелдер және басқа санаттағы азаматтар‼️ 250.00 нысанды кімдер тапсыруы керек?✅ Сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары✅ Банктерде, сақтандыру ұйымдарында және бағалы қағаздар нарығында ірі қатысушы болуға үміткерлер және олардың жұбайлары✅ Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар және т.б.)✅ Сандық активтердің иелері✅ Шетелдегі мүлік иелері, оның ішінде:🏠 жылжымайтын мүлік, 🚗 автокөлік, 💰 банк шоттары📈 шетелдік компаниядағы үлес📊 бағалы қағаздар, сандық активтер💵 брокерлік шоттар💡 зияткерлік меншік📄 берешектер (растайтын құжаттар болған жағдайда)📌 Сонымен қатар, құны 1000 АЕК-тен асатын (2024 жылы – 3 692 000 теңге) өзге де мүлік декларацияда көрсетілуі тиіс.🆕 Тағы не өзгерді?🔹 Резидент еместер болып табылатын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырмайды🔹 Декларацияланатын активтер тізбесі кеңейтілді🔹 Қарыз міндеттемелерін растаудың жаңа нысандары енгізілді🔹 Мүлік құны мен бағалау мерзімдері бойынша талаптар жаңартылды📌 270.00 нысанды кімдер тапсыруы тиіс?🔸 Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары🔸 Заңды тұлғаларда және АҚ-да 10%-дан астам үлесі бар басшылар мен меншік иелері🔸 Өзін-өзі салықтандыруға жататын табыс алған тұлғалар🔸 Сандық активтердің иелері🔸 20 000 АЕК-тен (2025 жылы – 78,6 млн теңге) асатын мүлік сатып алғандар және басқа тұлғалар📲 Декларацияны қалай тапсыруға болады?💻 Онлайн:✔ cabinet.salyk.kz✔ egov.kz✔ Қосымшалар: e-Salyq Azamat, eGovmobile, moldir.qoldau.kz, Kaspi, HALYK, BCC📄 Қағаз түрінде:✔ Мемлекеттік кірістер органдары✔ ХҚКО✔ Тапсырылған хатпен пошта арқылыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1038226?lang=kk
Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салу 22.07.2025
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстан Республикасында вейптер мен ұқсас өнімдерді әкелуге, өндіруге және сатуға толықтай тыйым салу туралы заң күшіне енді📅 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Мемлекет басшысы 2024 жылғы 19 сәуірде қол қойған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы күшіне енді.________________________________________⚠️ Қандай өнімдерге заңмен тыйым салынған?(Кодекстің 110-бабы)🔸 Темекі шекпейтін өнімдер🔸 Электрондық тұтыну жүйелері (вейптер)🔸 Вейптерге арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтар🔸 Қыздырылатын темекі өнімдері, кальян темекісі мен қоспалары, құрамында никотин мен шайыр шамадан тыс болатын жүйелер🔸 Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ өнімдер________________________________________⚖️ Қылмыстық жауапкершілік енгізілді(ҚР ҚК 301-1-бабы)🔹 Сату және тарату үшін:— 200 АЕК-ке дейін айыппұл— 200 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар— 50 тәулікке дейін қамауға алу🔹 Әкелу және өндіру үшін:— 2000 АЕК-ке дейін айыппұл— 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу🔹 Қайталанған немесе топпен жасалған құқықбұзушылықтар үшін:— 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру________________________________________📌 Маңызды білу керек:🔸 Тіпті бір рет әкелу — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады🔸 Әкелу мақсаты (сату немесе жеке қолдану үшін) маңызды емес🔸 Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды________________________________________✈️ Туристер мен шетел азаматтарына:📍 Шекарадан өтпей тұрып, вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды өз еркіңізбен тапсыру арқылы жауапкершіліктен құтыла аласыз🌐 Мұндай шаралар АҚШ пен Тайланд секілді елдерде де сәтті қолданылуда — ақпараттандырылған болу заң бұзушылықтан қорғайды!✅ Бұл заң — халықтың денсаулығы мен ұлт болашағы үшін қабылданған.Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1038243?lang=kk
БҚО-да рейдтік іс-шаралар барысында 8 мыңнан астам қорап заңсыз темекі тәркіленді 22.07.2025
Темекі өнімдерінің заңсыз саудасымен күрес бойынша рейдтік іс-шараларБатыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшелері «Мирлан» базары мен «Аяжан» сауда үйі аумағында жүргізген рейдтік іс-шаралар барысында сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркалары (ЕБМ) жоқ темекі өнімдерін заңсыз сату фактілері анықталды.📦 Тексеру нәтижесінде 8236 қорап акциздік өнім тәркіленді.📝 Анықталған фактілер бойынша әкімшілік іс материалдары жасақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.❗ Естеріңізге саламыз, есепке алу-бақылау маркаларынсыз темекі өнімдерін сату — Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы болып табылады және Әкімшілік кодекске сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.📢 Тек заңды өнімді сатып алыңыз. Бұл — сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз үшін маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1038254?lang=kk
Судағы сынақ: десантшылар парашютпен секіру машығын жетілдіруде 22.07.2025
Талдықорғанда 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әуе-десанттық дайындықтың ең күрделі элементтерінің бірі — суға парашютпен секіруді меңгеруге кірісті.Жаттығулар шұғыл жағдайда суға қону кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған арнайы бағдарлама аясында өтуде. Сабақтар барысында әскери қызметшілер суда тез бағдар алуға, өзін-өзі құтқару құралдарын қолдануға, сүңгуге, жабдықтардан арылуға және жағаға шығуға үйренуде. Мұндай тәжірибе таулы, орманды жерлер мен ашық су айдындарында әрекет етуге тиіс десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің жауынгерлері үшін аса маңызды.— Суға түсу — бұл жоғары физикалық дайындық пен психологиялық төзімділікті талап ететін күрделі сынақ. Біздің міндетіміз — әскери қызметшілерді кез келген жағдайда сенімді әрі үйлесімді әрекет етуге үйрету, — деді әуе-десанттық техника бойынша аға офицер-нұсқаушы, майор Нұржан Тантабаев.Дайындықтың соңғы кезеңі —Капшағай су қоймасына практикалық десант түсіру болады. Онда десантшылар жауынгерлік жағдайға барынша жақын ортада ашық суға секіру кезіндегі іс-қимылдарды пысықтайды.Парашютпен дайындық «қанатты жаяу әскердің» жауынгерлік машығының негізгі бөлігі болып қала береді, ол әрбір сарбаздың төзімділігін, шапшаңдығы мен өз күшіне деген сенімділігін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1038173?lang=kk
Шымкент қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан First Concrete Company 22.07.2025
Шымкент қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан First Concrete Company – бүгінде аймақтағы алдыңғы қатарлы темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындардың бірі.Зауыт ай сайын 2500 м³-тан астам ЖБИ өнімін шығарып, ауқымды құрылыс жобаларын сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.⠀Өнім қатарында:– фундаменттік блоктар– плиталар– лотоктар– жоғары кернеулі ЛЭП бағаналары бар.Барлық өнімдер ГОСТ стандарттарына сай жасалып, арнайы зертханалық сынақтан өтеді.
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 маусымдағыинвестициялық портфеліне шолу 22.07.2025
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика–Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 314,57млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 834,90 млрд теңге[1] болды.ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 417,28 млрдтеңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,39 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 маусымғаМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,48%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,15%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,27%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,62%, МҚҰ - 1,25%.2025 жылғы 1 маусым МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,37%, АҚШ долларымен – 40,63%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 751,3млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,33 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы маусымнан  бастап 2025 жылғы мамырды қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,60 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік –13,08%, инфляция мөлшері - 11,30%.Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.2025 жылғы 1 маусымындағыЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 89,77%, РЕПО операциялары – 7,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,74%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 11,39% көрсетті. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,39 млрд теңгеден асады.01.06.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,78 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,81%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,26%, ҚР ҚМ МБҚ – 16,88%, РЕПО – 14,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,63%, МҚҰ - 6,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,39%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,54%. Атап кетейік, портфельдің 66,71% теңгемен, 31,89% - АҚШ долларымен, 1,40% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,65% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.06.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,54 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 29,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 12,77%,ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,65%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,73%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 8,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,60%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,58%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,09%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,64%,Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,71%, АҚШ долларымен 30,29% тең.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,85% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,32 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 25,37%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 17,97%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 17,06%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 13,28%, РЕПО – 11,42%,ҚР ҚМ МБҚ – 8,18%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 74,27%, АҚШ долларымен 25,73%.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі14,50% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.06.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,40 млрд теңге.ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 22,67%,ҚР ҚМ МБҚ-ға 20,43%,ҚР ЕДБ облигациялары – 14,19%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,33%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына– 6,27%,РЕПО – 2,50%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,26% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,65%, АҚШ долларында – 32,35% инвестицияланды.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,58% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,35 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,26%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,25%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,90%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,41%,шет мемлекеттердің МБҚ – 8,04%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,55%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,90%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,88%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 58,41%, АҚШ долларында – 41,59% инвестицияланды.2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,06% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1038100?lang=kk
Ұлттық қор – балаларға:2025 жылғы 1 шілдедегі нысаналы жинақтарды пайдалану қорытындылары 22.07.2025
 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 14,86 млн АҚШ доллары сомасына 117 495 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 9,20 млн АҚШ доллары сомасына 71 488 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 5,66 млн АҚШ доллары сомасына 46 007 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (9,00 млн АҚШ долларына 69756 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 66,52 мыңнан сәл асатын АҚШ долларына 551 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 49,84 мың АҚШ долларына 436 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,04 млн АҚШ долларына 40 517 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (454,21 мың АҚШ долларына 4 040 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (131,38 мыңнан астам АҚШ долларына 1 166 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50% жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелді. 2006 жылы туғандарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат алған балаларға биыл3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық табысесептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинақтары 100,52 доллар, 2007 жылы туған баланыкі – 232,94 долларды құрайды.Кәмелетке толған азаматтар БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз НЖ-тарын дербес қадағалап отыруы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу үшін НЖ төлеуге онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OMсілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).              Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1038102?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан арасында орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнату бағытында 22.07.2025
Исламабад, 2025 жылғы 21 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Федералдық білім және кәсіптік даярлық министрлігінің Парламенттік хатшысы (министрдің орынбасары) Фарах Наз Акбар ханыммен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюға, мектеп мекемелері, оның ішінде жеке мекемелер арасындағы байланысты дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Келіссөздер қорытындысы бойынша жақын арада Фарах Наз Акбар ханым бастаған Пәкістан делегациясының ҚР білім беру жүйесі мен қолда бар мектеп бағдарламаларын зерделеу мақсатында Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1038110?lang=kk
КАСКО бойынша сақтандыру жағдайында қалай дұрыс әрекет ету керек? 22.07.2025
КАСКО –  бұл көлікті ұрлап әкету, апаттар (жүргізушінің кінәсінен болған жағдайларды қоса алғанда), табиғи апаттар, өрт және басқа да күтпеген жағдайлар сияқты бірқатар қауіптерден қорғауға көмектесетін ерікті автосақтандырудың бір түрі.Басқалардың келтірген залалын өтейтін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудан (КҚИ АҚЖС) айырмашылығы, КАСКО сақтанушының өзінің автомобиліне келтірілген залалды өтейді.Апат, ұрлап әкету, элементтердің зақымдануы сияқты сақтандыру жағдайы болған кезде оқиғаны дереу тіркеу қажет. Жағдайға байланысты тиісті қызметтерді шақыру керек: полиция, құтқарушылар, өрт сөндіру немесе жедел жәрдем. Содан кейін сіз өзіңіздің сақтандыру компанияңызға мүмкіндігінше тезірек хабарлауыңыз керек. Көбінесе сақтандырушы оқиғаны құжаттауға көмектесетін апаттық комиссарды жібереді.Сақтандыру жағдайы фактісін растау үшін КАСКО шартында көзделген құжаттар топтамасын ұсыну қажет. Бұл уәкілетті органдар берген анықтамалар, фотосуреттер мен бейнематериалдар, сондай-ақ зиян келтірілгенін растайтын өзге де дәлелдемелер болуы мүмкін. Ұсынылған материалдар теріс пайдалану мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді және сақтандыру төлеміне өтінішті объективті қарауға ықпал етеді.КАСКО бойынша төлем қалай жүргізіледі?Сақтандыру жағдайы тіркелгеннен кейін шығынды бағалау жүргізіледі. Егер шартта жөндеу авторизацияланған техникалық қызмет көрсету станциясында жүзеге асырылатыны көрсетілсе, онда диагностика нәтижелері бойынша қорытындыны осы станция беруі тиіс.Егер шарт тәуелсіз сараптама негізінде төлем жасауға мүмкіндік берсе, қаражат автомобиль иесіне аударылады.Егер автомобиль қатты зақымданған болса және оны қалпына келтіру мүмкін болмаса, сақтандыру компаниясы сақтандыру өтемақысына сәйкес келетін соманы төлейді. Автокредит болған жағдайда ақша банкке аударылуы мүмкін.Кейде жөндеу кезінде бастапқы тексеру кезінде тіркелмеген қосымша зақым анықталады. Қосымша шығыстар үшін өтемақы алу үшін жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сақтандыру компаниясына дереу хабарлау қажет.Жолданым жаңа зақымдардың бар-жоғын растайтын фото - немесе бейне дәлелдемелерді қоса бере отырып, жазбаша ресімделуге тиіс. Жөндеу аяқталғаннан кейін қосымша шығындар туралы хабарлау өтемақыны мақұлдамауы мүмкін.Маңызды: жөндеу процесін мұқият бақылап, кез-келген өзгерістер туралы жедел хабарлау қажет.Даулы жағдайлар кезінде не істеу қажет?Егер сіз өтемақы мөлшерімен немесе сақтандырушының шешімімен келіспесеңіз, қайта сараптама жүргізу туралы өтініш жіберуге болады.Егер келіспеушіліктер сақталса, сіз сақтандыру омбудсманына – клиент пен сақтандыру ұйымы арасындағы даулы жағдайларды өтеусіз шешуге көмектесетін тәуелсіз институтқа жүгінуге құқығыңыз бар. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1038068?lang=kk
Салық міндеттемелері 22.07.2025
Баянды ауылының тұрғындары назарына!Тексеру нәтижесінде салықтық міндеттемелерін орындамаған азаматтар анықталды: - 301 адам – көлік салығы бойынша, - 115 адам – мүлік (үй) салығы бойынша, - 6 адам – жер салығы бойынша.Жалпы берешек – 422 адам.Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталғанына қарамастан, төлем жасалмаған.📌Ескертіледі:Салық төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: - Негізгі қарыз сомасына өсімпұл есептеледі, - Шоттарға және мүлікке тыйым салынады, - Іс мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданады.Салық қарыздарын төлеу – әрбір азаматтың заңды міндеті! Талап етілген мерзімде төлем жасамаған жағдайда заңға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.Өзіңізге және мүлкіңізге қиындық туындамас үшін берешектеріңізді дереу өтеңіз!Қосымша сұрақтар бойынша Баянды ауылы әкімінің аппаратына хабарласыңыз: ☎️Байланыс нөмірі: +7 (778) 160-47-22Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1038045?lang=kk
Біртұтас мемлекеттік тапсырыс бойынша 22.07.2025
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы келесіні хабарлайды:Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің   2025 жылғы 30 мамырдағы №251-НҚ бұйрығымен бекітіліп  «Біріңғай мемлекеттік тапсырысты балаларға қосымша білім беру бойынша (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге арналған білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі» пилоттық жобаны іске асыру алгоритимі бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылдың  19 маусымындағы №3448 қаулысы бекітілді.Біртұтас мемлекеттік тапсырысқа (БМТ) біріктіру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасының теңгеріміндегі ақпараттық жүйеге өнім жеткізушілер мен балалар контигентін тіркеу жұмыстарын  22.07.2025 ж сағ:18-00 ге дейін жүргізу және шығармашылық үйірмелерді қаржыландыру төлемдері шілде айынан бастап жаңа ақпараттық жүйемен жүргізілетінін хабарлайды.Осыған орай, біртұтас мемлекеттік тапсырысты орындауға оператор ретінде Шымкент қаласы білім басқармасы бекітілді. Тапсырысты орындау мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасының теңгеріміндегі Е-ORDA және MINDAL қолданбалы ақпараттық жүйелерін уақытша пайдалану тәртібі осы мекеменің бұйрығымен бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1038000?lang=kk
Ұландықтар түзеу мекемесіне өткізбек болған есірткіні тәркіледі 22.07.2025
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздары түрмеге есірткі өткізу әрекетіне тосқауыл болды. Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған.Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы – ефрейтор Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы "Зара" атты қызметтік ит күдікті иісті сезеді. Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар кроссовканы нұсқап, нақты белгі береді.Әскери қызметшілер орын алған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндайды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұландық жауынгерлердің кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды.Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1037960?lang=kk
Ақмола облысында «Jańa Dala – 2025» халықаралық агрокөрмесі ашылды 22.07.2025
Целиноград ауданында «Jańa Dala / GreenDay – 2025» арнайы ауыл шаруашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы ірі шараға 20-дан астам мемлекеттен келген 200-ге жуық компания қатысты.2013 жылдан бері «Jańa Dala / Green Day» елімізде жыл сайын өткізіліп келеді және бүгінде ол алдыңғы қатарлы агротехнологияларды, заманауи техниканы және селекциялық жетістіктерді көрсететін ең ірі алаң ретінде танылған. Көрме отандық ауылшаруашылығы өндірушілерін, агробизнес өкілдерін және халықаралық серіктестерді бір арнаға тоғыстырады.Биылғы іс-шара дәстүрлі түрде Ақмола облысының аумағында аграрлық форум форматында ұйымдастырылды. Қонақтардың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер мен диқандар, сондай-ақ Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Нидерланд, АҚШ, Франция және Жапония елдерінен келген халықаралық компания өкілдері де бар.Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.Өңір басшысы осындай ауқымды іс-шараны өткізу облыстың аграрлық әлеуетінің жоғары екенін айғақтайтынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1037962?lang=kk
Армия резерві: 300-ден аса запастағы әскери қызметші әскери жиынға қатысып жатыр 22.07.2025
       "Мәтібұлақ" полигонында әскери міндеттілермен жиын өтуде. Іс-шаралар Гвардейск гарнизоны 22326 әскери бөлімінің базасында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласынан келген әскери міндеттілерге ұйымдастырылды.     Жиынға бұрын мерзімді әскери қызмет өткерген 370-тен астам қазақстандық қатысып жатыр. Іс-шаралар әскери дайындалған ресурстарды дайындауға және жинақтауға, әскери дайындықтан өткен қажетті резервті әзір ұстауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда жауынгерлік қолдануға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.   – Оқу жиыны бір айға созылады. Оқытудағы басты назар практикалық сабақтарға аударылады. Әскери міндеттілер тактикалық, атыс және саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшелер құрамында іс-қимылдарды пысықтап, бірыңғай сапта жұмыс істеуді үйренеді, – деп түсіндірді жиын жетекшісі, Гвардейск гарнизонының бастығы полковник Файзулла Досанов.   Барлық қатысушылар бақылау сынақтары мен емтихандардан өтеді. Бағдарламаны өзінің әскери-есептік мамандығы бойынша сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ берілетін болады.    – Әскерде борышымды өтегенмін, бірақ уақыт өте келе дағдылар ұмытылады, ал мұндай жиындар машықты қалпына келтіруге және жетілдіруге көмектеседі. Жиынға еш ойланбастан келдім. Отан алдындағы борышым – оны қорғауға дайын болу деп санаймын, – деді жиынға қатысушы Ернар Маутханов.  Жиынға қатысушылар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Әскери бөлімге дейін және кері қайту жолындағы уақытпен қоса, жиын өтетін барлық кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орындары мен атқаратын лауазымдары сақталады. Сонымен қатар, оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1037945?lang=kk
Салтанатты шара 22.07.2025
2025 жылдың 21 шілдесінде Нотариат күніне орай Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова облыс нотариустарына Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың атынан қызметтік міндеттерін адал әрі кәсіби деңгейде атқарғаны үшін алғыс хаттар табыстады.Марапатталған мамандар тек өз қызметтік міндеттерін атқарып қана қоймай, күнделікті еңбектері арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқықтық институттарға деген сенімді нығайтуға және қоғам игілігіне қызмет етуге елеулі үлес қосып келеді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1037939?lang=kk
Дипломдарды табыстау салтанатты рәсімі 22.07.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 2025 жылдың 18 шілдесінде Челябі мемлекеттік университетінде түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов қатысты.Әділет департаментінің атынан ол студенттерді оқу орнын сәтті аяқтауларымен құттықтап, оларға дипломдар табыс етті. Сондай-ақ, білім беру саласының дамуына қосқан үлесі мен ынтымақтастығы үшін университет директорына алғыс хат берілді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1037941?lang=kk
Геосаяси өзгерістер дәуірінде Қазақстан мен Канаданың әріптестік әлеуетін дамыту 22.07.2025
2025 жылғы 21 шілде – Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі Бейбітшілік пен дипломатия институтымен (Institute for Peace and Diplomacy, IPD) бірлесіп, Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына арналған вебинар-брифинг өткізді.Іс-шара Канада делегацияларының 2025 жылғы 29-30 мамырда өткен Астана халықаралық форумына және 4-5 маусымда өткен Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысу сапарларының қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.Вебинарға Канада Парламентінің депутаттары, федералдық және провинциялық билік өкілдері, іскерлік және академиялық орта мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Қазақстанның Елшісі Дәулетбек Құсайынов пен Канаданың Елшісі Кристофер Дагган өз сөздерінде энергетика, тау-кен металлургия кешені және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Сонымен қатар, олар Орталық Азия аймағында канадалық бизнестің өсіп келе жатқан қатысуын қолдау үшін саяси диалогты тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті.Осы орайда, «Maqsut Narikbayev University» өкілі Мирас Жиенбаев Қазақстан сыртқы саясатының эволюциясына және қазіргі геосаяси жағдайда Астана мен Оттава арасындағы саяси өзара іс-қимылдың мүмкін бағыттарына өз көзқарасын білдірді.Өз кезегінде Бейбітшілік пен дипломатия институтының басшысы Юнес Зангиабади Астанада өткен іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды, ал Онтарио провинциясындағы Садбери қаласының әкімдігінің өкілі Елена Зубудская канадалық бизнестің Қазақстандағы тау-кен Конгресіне қатысуы және форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтар туралы хабардар етті.«Arras Minerals» компаниясының президенті Даррен Клинк Қазақстанда бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, шетелдік инвесторлардың еліміздегі қатысуын кеңейту үшін қолайлы жағдайлар бар екенін атап өтті.Жалпы, бұл іс-шара Қазақстан мен Канада арасындағы іскерлік өзара іс-қимылдың практикалық қырларын талқылауға мүмкіндік беріп, екі елдің перспективалы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара мүдделілігін тағы бір мәрте растады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ottawa/press/news/details/1037930?lang=kk
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ 21.07.2025
Мемлекеттік корпорация өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын жетілдіруде: постоматтар арқылы 1,5 мыңнан астам құжат берілді«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы цифрландырудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін заманауи шешімдерді ХҚКО жұмысына енгізуді жалғастыруда. Осындай оңтайлы шешімдердің бірі – постоматтар. Бұл мемлекеттік қызметтерді алу процесін икемді және ыңғайлы ететін, дайын құжаттарды 24/7 режимінде алуға арналған құрылғы.Осы жылдың басынан бастап қазақстандықтар фронт-офистердің жұмыс кестесіне байланбай, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы 1623 рет құжат алды. Бүгінде постоматтар еліміздің 10 өңірінде, 14 жаңғыртылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «24/7 аймақтарында» орнатылған. Бұл шешім ХҚКО-лардағы дайын құжаттарды беру секторларына түсетін жүктемені едәуір азайтуға және қызмет көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік берді.Бүгінгі таңда құрылғы сұранысқа ие 19 мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуды қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: азаматтық хал актілерінің қайталама куәліктері мен мұрағаттық анықтамалары, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың және барлық деңгейдегі білім туралы құжаттардың телнұсқалары. Сондай-ақ, сервис арқылы апостиль қойылған ресми құжаттарды және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің нәтижелері беріледі.Бұл сервисті пайдалану мүмкіндігі құрылғы орнатылған Мемлекеттік корпорацияның фронт-офисінде мемлекеттік қызмет алуға өтініш беру сәтінде рәсімделеді. Ол үшін қызмет алушы құжатты постомат арқылы алғысы келетіндігі туралы маманға хабарлау қажет. Дайын болған құжат постоматқа салынғаннан кейін қызмет алушыға өтініш нөмірі, постомат мекенжайы, сақтау мерзімі және 6 таңбалы құпия сөзі бар SMS-хабарлама жолданады. Дайын құжатты алу үшін қызмет алушы құрылғыға SMS-хабарламадағы кодты енгізіп, жеке басын биометриялық сәйкестендіруден өткізуі қажет. Осыдан кейін ұяшық автоматты түрде ашылады.Ескере кететін жайт, дайын құжатты жеке ұяшықтан 3 күн ішінде алу керек. Егер белгіленген мерзімде құжатты ала алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу бойынша өтініш рәсімделген ХҚКО-ға қайтарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1037906?lang=kk
Кентүбек ауылдық округіне депутаттардың жұмыс сапары 21.07.2025
 Кентүбек ауылдық округіне депутаттардың жұмыс сапары Аудан әкімінің орынбасары М. Нұрмаковтың қатысуымен мәслихат депутаттарынан құрылған жұмыс тобы Кентүбек ауылдық округіне іссапармен барып, әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Спорт зал құрылысыКентүбек ауылында салынып жатқан спорт залдың құрылысын «БатысМұнайСтрой Сервистік компаниясы» ЖШС бас мердігер ретінде жүзеге асыруда. Құрылыстың 47 пайызы аяқталған. Құрылыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда Жоба аясында:Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.Спорт алаңы, соның ішінде баскетбол және волейбол алаңдары қарастырылған.  Депутаттар электр желілеріне қатысты ұсыныстарын білдіріп, компания өкілдері оларды назарға алатындарын жеткізді. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуіСапар барысында депутаттар Кентүбек ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты.Құрылыс жұмыстарының 80 пайызы орындалған.Тапсырыс беруші — KPO b.v. компаниясы. Мердігер “БатысМунайСтрой”Сервистік компаниясы.Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1037839?lang=kk
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҚО қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне іссапармен сапармен келді. 21.07.2025
2025 жылғы 21 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №28 мекемесіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ермекұлы Ластаев іс сапармен келді. Сапардың негізгі мақсаты сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды ұстау жағдайларына мониторинг жүргізу болды. Сапар аясында Артур Ермекұлы мекеме әкімшілігі мен бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп сотталғандарды жеке мәселелері бойынша, оның ішінде қатаң жағдайларда және отряд үй-жайларында ұсталатын сотталғандарды қабылдауды өткізді. Сапар барысында сотталғандардың құқықтарына, ұстау шарттарына, медициналық қамтамасыз етуге қатысты заңнаманы сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өтініш жасауға және өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сотталғандар өздерін толғандыратын  мәселелермен уәкілге жеке өзі жүгінуге мүмкіндік алды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1037851?lang=kk