Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады

Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады

13.05.2026 12:07:12 241

2025 жылы Агенттік банк секторында тәуекелге бағдарланған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, оның шеңберінде SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) әдіснамасы бойынша кешенді бағалау жүргізілді.

Жыл сайынғы SREP бағалауы банктерді тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытудың маңызды кезеңіне айналды және Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік берді. SREP шеңберінде корпоративтік басқарудың, ішкі бақылаудың және тәуекелдерді басқару жүйелерінің даму деңгейін қоса алғанда, банктердің қызметіне жан-жақты талдау жүргізілді.

Қадағалау циклінің қорытындысы бойынша Агенттік 0-ден 4,5%-ға дейінгі аралықтағы капиталға қадағалау үстемесін қолданды. Оны қолдану туралы шешімді 2025 жылғы желтоқсанда Агенттік пен Ұлттық Банк өкілдерінің қатысуымен Пруденциялық реттеу саясаты комитеті қабылдады. Барлық банк жеткілікті капитал қорын сақтап қалды және қадағалау үстемесін есептегенде ең төмен нормативтік талаптарды сақтауда.

SREP нәтижелері туралы осы есеп банк жүйесіндегі ағымдағы үрдістер мен тәуекелдерді жақсы түсінуге көмектеседі. Жинақталған тәжірибе сектордың бизнес-процестерін жетілдіруге және орнықтылығын арттыруға бағытталған негізгі қорытындылар мен ұсынымдар үшін негіз болды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1218771?lang=kk