Enbekshi QazaQ

Әлем

Жол жолақтарын сызу 21.07.2025
Баянды ауылында жол-көлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда, ауыл ішіндегі негізгі көшелерде жол жолақтарын сызу жұмыстары жүргізілді.Аталған жұмыстар жол қозғалысын реттеуге, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037609?lang=kk
Қоғамдық тыңдау 21.07.2025
2025 жылға арналған «Емир-Ойл» ЖШС объектілері үшін атмосфера ластаушы заттардың РЕШН (рұқсат етілген шығарындыларының нормативтері) №2 түзету; қалдықтарды басқарудың 2025 жылға арналған бағдарламасы; экологиялық бақылаудың 2025 жылға арналған бағдаралама; табиғатты қорғау 2025 жылға арналған іс-шаралар”, «ГУ-Кариманнан КС-16 (Солтүстік Қарақия) дейін газ құбырының құрылысы» жобалары бойынша ашық отырыс түрінде қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлайды.📍Өтетін орыны: Баянды ауыл клубы🗓️Күні: 26.08.2025жыл⏱️Сағат: 11:00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1051086?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгері “Ізгі жүрек” сыйлығына ие болды 21.07.2025
«Iзгi жүрек» – адамдарды ажалдан құтқарып қалған шығысқазақстандықтарға жыл сайын берілетін «Казцинк» компаниясы тағайындаған сыйлық.Лауреаттар халықтық дауыс беру арқылы іріктеледі. Алты үміткер қатысқан номинацияда ұландық ефрейтордың ерлігін жерлестері ерекше бағалаған.Батыл әрекет жасаған өңір тұрғындарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылатын  «Ізгі жүрек» сыйлығының марапатына биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің аға сарбазы  Пермабек Жанасбек ие болды. Еске салайық,  ефрейтор Жанасбек еңбек демалысында ерен ерлігімен көзге түскен болатын.Ол Өскемен қаласында Үлбі өзенінің жағасында серуендеп жүріп,  суға тұншығып, жатқан қызды байқайды. Әскери қызметші өзен суының қатты ағысына қарамастан, қызды құтқарып қалады.  Осы  ерлігі үшін «Казцинк» компаниясының басшылығы — «Ізгі жүрек» ұйымдастырушылары оған 1 000 000 теңгенің  сертификатын табыстады.Ефрейтор Жанасбек Пермабек бұған дейін көрсеткен ерлігі үшін  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын. Төрт баланың ардақты әкесі Ұлттық ұлан қатарында он жылдан аса абыройлы қызмет етіп келеді.Айта кетейік, Ұлттық ұлан жауынгерлері  қатарынан үшінші мәрте кәсіпорын ұсынған  сыйлықтың  иегері  атанып отыр. 2024 жылғы номинация подполковник Денис Шеметке, 2023 жылы ефрейтор Тілек Құмарбековке бұйырған болатын. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1037625?lang=kk
"Үлгілі аула", "Үлгілі көше" байқауы 21.07.2025
Баянды ауылында 2025 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыр аралығында, ауыл тұрғындары арасында “Үлгілі көше”, ”Үлгілі аула” байқауын өткізілетіндігін хабарлайды.Құрметті Баянды ауылының тұрғындары!Ауылымыздың көркейту, абаттандыру және тазалық деңгейін арттыру мақсатында “Үлгілі көше”, “Үлгілі аула” байқауы өткізіледі.Байқау ауылдың жалпы мақсаты ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті дамыту және тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.1. Байқауға қатысу шарттары. Байқауға Баянды ауылының барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушылар келесі талаптар бойынша бағаланады: - Ауыл аумағының тазалығы мен көркейтілуі; - Көшелер мен қоғамдық орындардың абаттандырылуы; - Жасыл желектер отырғызу және көгалдандыру жұмыстары; - Тұрғындардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы; - Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық шаралар ұйымдастыру.2. Байқауды өткізу тәртібі2.1. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: - Өтінімдерді қабылдау (белгіленген мерзім ішінде); - Ауыл аумағын комиссия мүшелерінің аралап көруі; - Бағалау және қорытынды шығару. 2.2. Байқауды арнайы комиссия ұйымдастырады және жеңімпаздарды анықтайды.3. Жеңімпаздарды марапаттау. Байқау қорытындысы бойынша төмендегі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады: -“Үздік абаттандырылған көше”- “Үздік аула”Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталады.Барша ауыл тұрғындарын байқауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз! Таза, көрікті және жайлы ауыл – өз қолымызда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037633?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету 21.07.2025
Баянды ауылы әкімі аппаратының жер қатынастары бойынша бас маман ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың жерге қатысты өтініштері қаралып, тиісті заңнамалық түсіндірмелер берілді.Тұрғындар негізінен жер телімдерін рәсімдеу, пайдалануға беру, жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу және басқа да жер мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға нақты жауаптар мен кеңестер берілді.Қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1037584?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ 21.07.2025
Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының ұйымдастыруымен, креативті индустрия саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, қаламыздың креативті индустрия субъектілері арасында байқау өткізілді.Байқау келесі 10 бағыт бойынша өтті:– Қыш құмыра– Зергерлік бұйымдар– Ағаш өнері– Киім дизайні– Киіз және тоқыма өнімдері– Видеография– Фотография– Анимация және кино– Былғары өнімдері– СуретшілерӘр номинацияға арнайы талаптар қойылды. Қатысушылардың жұмыстарын кәсіби комиссия мұқият қарап, бағалады. Байқауға жалпы 19 кәсіпкер қатысты.Байқаудан 7 жеңімпаз анықталып, салтанатты түрде марапатталды.🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1037556?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «STREET FOOD FEST» КӨШЕ ТАҒАМДАРЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 21.07.2025
Аталған шара қаланың үздік көше тағамдарын насихаттап, тұрғындар мен қонақтар үшін ерекше атмосфера ұсынды. Фестиваль аясында аспаздардан шеберлік сағаттары, концерттік бағдарлама, көше билері, акробатикалық қойылымдар және қолөнершілер аймағы ұйымдастырылды.Фестивальдің басты ерекшелігі – салмағы 67 келі тартатын алып бургердің әзірленуі болды. Бұл бургер «КИНЭС» рекордтар кітабына еніп, еліміздегі «Ең үлкен гамбургер» ретінде ресми түрде тіркелді. Бастама Шымкенттің гастрономиялық мәдениетін танытуға, сондай-ақ қаланың туристік әлеуетін арттыруға бағытталды.Сонымен қатар, қаламыздың тамақтандыру орындары арасында байқау өткізіліп, ең үздік орталықтар анықталды. Жеңімпаздарды арнайы комиссия мүшелері бағалап, үздіктер марапатталды.Алып бургер «City» қонақүйіне табысталып, қала қонақтары мен туристерге үлестірілді.Іс-шара қаланың креативті әрі қонақжай келбетін көрсетіп, жаздың дәмін бірге сезінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1037560?lang=kk
Кешегі сарбаздар жоғары оқу орындарының грантын иеленді 21.07.2025
Қорғаныс министрлігінің бастамасымен қолданыстағы заң нормалары жауынгерлік оқуда жақсы нәтиже көрсеткен мерзімді қызмет сарбаздарына мемлекеттік грант бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді.       2024 жылдың көктемінде Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған 86 сарбаз еліміздің жоғары білім ордаларында оқуға мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері атанды.       Сондай жандардың бірі қатардағы жауынгер Жанболат Еспен болды. Армияға дейін ол жергілікті әскери басқару органдарының бірінде инспектор болып жұмыс істеді. ЖОО-ға ҰБТ балдарын есепке алмай және жақсы мінездеме арқылы түсу мүмкіндігі туралы білген Жанболат грантқа оқуға түсем, жоғары білім алам деп алдына мақсат қойды.       Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде борышын өтеген ол өзін жақсы жағынан көрсетті, жүктелген міндеттерін адал орындады, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық бағдарламасын сәтті игерді. Оның мақсатқа ұмтылысы мен жауапкершілігін командирлері де байқады.       12 ай әскери борышын өтегеннен соң былтыр көктемде әскерге шақырылған үздік әскери қызметшілердің қатарында Жанболат Еспен де мемлекеттік грантқа ие болды. Анасы Сәрсембаева Гүлжаухар оны мақтан тұтады. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары майор Ердәулет Темірбаев та жерлесі үшін қуанышты екенін айтты.       – Ол армия тек өмір мектебі ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіби мансап құрудың негізі бола алатындығының айқын көрсетті, – деді Е. Темірбаев.Жанболат Еспен туған жері Шымкентке оралып, құжаттарды рәсімдеп, Мирас университетінде оқуға дайындалып жатыр. Запасқа шығарылғаннан кейін ол қызмет туралы алған әсерін бөлісіп, өзінің грантқа түссем деген арманының қалай орындалғанын айту үшін Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарының өзі істеген қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқармасына барды. Жанболаттың бұл ісі Шымкент жастарын саналы таңдау жасауға және қызметті адал атқаруға  үлгі боларлық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1037567?lang=kk
ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 21.07.2025
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және облыстық басқармалар мен қалалар мен аудандар әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес ШҚО, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып  алу басқармасы» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.Талдау жұмыстарын 2025 жылғы 2 тамыздан 2 қыркүйекке дейінгі аралықта жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жүргізеді:* нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,* «ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/1037539?lang=kk
Ұландық сарбаз ерекше дауысымен елді таңғалдырды 21.07.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы сапында сегіз қырлы бір сырлы сарбаздар жетерлік. Солардың бірі – 6679 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі  қатардағы Әлихан Медеуұлы. Көпшілік оны әйгілі диктор, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Байжанбаевқа ұқсатады.Қатардағы сарбаз бала күнінен кітап оқуға құмартып өскен. Білім-ғылымға ертеден әуес. Мектептен кейін Қарағанды теміржол колледжіне оқуға түседі. Ол жерде «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығын үздік дипломмен тәмамдаған.Қарағандыдан әскер қатарына шақырылған ол қазіргі уақытта құқықтық тәртіп әскерінде Отан алдындағы борышын өтеуде. Әскери қызметші Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетумен, сондай-ақ сотталғандар мен тергеудегілерді айдауылмен алып жүрумен айналысатын бөлім құрамында қарауыл қызметін атқарады.Қызмет барысында ұландықтың бойынан тәртіп, жоғары жауапкершілік және өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасы айқын көрінеді.Қаруластары мен командирлері Әлиханның нағыз жауынгерге тән қасиеттерінен бөлек, шығармашылық әлеуетін де айрықша атай алады. Ол анық дикциясы, мәнерлі сөйлеуі және әсерлі дауысымен ерекшеленеді. Әскери бөлімде өткізілетін қоғамдық және мәдени іс-шараларда оның үні жиі естіледі.Сирек кездесетін дауысы, сөзбен баурап алу қабілеті және ісіне деген адалдығы үшін Әлиханды айналасындағылар құрмет тұтады.Айта кетейік, Ұлттық ұлан – тек тәртіп пен ерлік мектебі ғана емес, сондай-ақ таланттар ашылатын, армандар қанат қағатын орта. Оның айқын дәлелі – 5573 елордалық бригаданың  қатардағы жауынгері Батырхан Сағидолла. Ол дикторлық өнерге деген қызығушылығы мен әсерлі дауыс мәнері арқылы өз бөлімінде ғана емес, бүкіл ел көлемінде танымал болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1037540?lang=kk
138 кәсіпкер «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көмегімен бизнесін дамытуда 21.07.2025
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы (БАБӨ) кәсіпкерге жергілікті тауарды экспорттық әлеуеті бар танымал брендке айналдыруға көмектесе отырып, ауылдағы шағын бизнесті дамытудың драйверіне айналуда. Финалистер маркетингтік қолдау мен 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік грантқа ие болады.БАБӨ жобасын ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау» бағыты шеңберінде іске асыруда. Оның басты мақсаты – жергілікті шикізаттан әр өңірдің ерекшелігін көрсететін сапалы өнім шығаратын ауылдық өндірушілерді анықтау және қолдау.2023 жылдың басынан бері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған өңірлік көрмелерге қатысуға 2500-ден астам кәсіпкер өтінім беріп, 2000-нан астамы өз өнімін ұсынған екен. 138 финалист таңдалған. Бұлар 700-ден астам өнім түрін шығаруда. 78-іне қаржы бөлінген. Жобаның финалистері үшін 100-ден аса орау және логотип брендінің дизайны жасалды. 2025 жылғы 17 шілдедегі өңірлік көрмелер 14 облысты қамтыған. 140 жартылай финалист оқудан өтіп, әр өңірдің жеңімпаздары анықталатын соңғы кезеңге дайындалуда. Жыл соңына дейін Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысында бірқатар көрме өтпек.БАБӨ жобасы қалай жұмыс істейді:өңірлерде өтінімдер қабылданып, көрмелер өткізіледі, онда жергілікті өнімдер таныстырылады;көрмеде жобаның критерийіне ең сай келетін 10 қатысушы (жартылай финалистер) таңдалып, бұдан әрі өңірлік бренд-комитеттер финалистерді іріктейді;жобаның финалистеріне оқыту және маркетингтік қолдау көрсетіліп, брендингке: логотипті, қаптаманы және тауарлық белгіні әзірлеуге көмектеседі;жобаның финалистері өнімдерді республикалық және халықаралық көрме/жәрмеңкелерде ұсынуға мүмкіндік алып, сондай-ақ 5 млн теңгеге дейін гранттық қаржы конкурсына қатысады.Өнімдерге қарапайым, бірақ маңызды талап қойылады:Жергілікті шикізатты пайдалану;Қарапайым өндіріс технологиясы;Өңірге тән ерекшелік (дәмі, пішіні, тарихы);Құрамының қауіпсіздігі;Кейбір сырттан әкелінген компоненттерді пайдалануға жол беріледі.Финалға өңірлік көрмеге қатысқаннан кейін өте алады. Онда өнім 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Содан кейін бренд комитеті үздіктердің үздігін анықтайды. Жеңімпаздар тек грант иесі болып қана қоймай, сонымен қатар өз өнімін өңірден халықаралық нарыққа дейін жеткізетін жаңа деңгейге көтеріле алады.«Бір ауыл – бір өнім» жобасы жай ғана байқау емес. Бұл жергілікті кәсіпкерге, өңір экономикасына, өңірлік ерекшелікті нығайтуға қосылған үлес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1037519?lang=kk
🔰9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысында салтанатты іс-шара өтті. 21.07.2025
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Жамбыл облысында салтанатты іс-шара өтті. Іс шара барысында ҚР су рессурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қазсушар Жамбыл облыстық филиалына 71 дана техника беру жоспарын айтып өтті.Бүгінгі күнге 51 дана техника филиалға табысталды. Әр мен қарай ҚР су рессурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітов және Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев су саласының үздік мамандарына алғыс айтып, марапаттар табыстады.Аймақ басшысы Жамбыл облысы суармалы егіншілік бойынша елімізде көш бастап тұрғанын атап өтіп, су ресурстарының стратегиялық маңызының ерекшелігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1037493?lang=kk
"Мерейлі отбасылар" марапат төрінде 21.07.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезең жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты іс-шарада отбасы құндылықтарын дәріптеген, шаңырақтың шырайын кіргізіп, түтінін түзу ұшырған өнегелі отбасылар марапат биігінен көрінді. Аудан басшысы жеңімпаздарды мерейлі марапатпен құттықтап, елімізде түп-тамырын ұлттық құндылықтардан алатын отбасы институтының орны ерекше екенін айтты.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы – қуатты елдің тірегі. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды» деп атап өтті. Ата-бабамыз «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Қазақ халқы ежелден отбасы ішіндегі сыйластықты, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті басты ұстаным етіп келген. Сол игі дәстүр бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Керісінше, жаһандану кезеңінде ұлттық тәрбиемізді сақтап қалудың, жастарымызды елге, жерге, ата-анаға деген құрметке тәрбиелеудің тиімді жолы – осындай байқаулар арқылы өріс алып отыр. «Мерейлі отбасы» байқауы – ұрпақтар сабақтастығын жалғап келе жатқан өнегелі отбасылардың озық үлгісін көрсететін бірегей алаң. Бұл байқауға қатысып жатқан әрбір отбасы – еңбекқорлығымен, ауызбіршілігімен, тәрбиелі ұрпақ өсіріп отырған үлгілі шаңырағымен елге өнеге. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, адами болмыстарыңыз, татулық пен келісімге негізделген отбасы тіршілігі – барша қауым үшін үлкен тәрбие мектебі.Биылғы байқауда қатысып, жүлдегер атанған отбасыларымыз – нағыз мақтанышымыз! Сіздер арқылы ауданымыздың рухани бейнесі мен бірлікке толы өмір сүру салты тағы да айшықтала түсті. Ауданда өткізіліп отырған мерейлі іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады. Биыл байқауға ауданнан 17 отбасы қатысты. Олардың барлығы – нағыз жеңімпаз жанұялар, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Шаған ауылынан Бөжековтер және Бесарық ауылынан Құлмағанбетовтер отбасы 3 орынды, Шіркейлі ауылынан Әбсадықовтар отбасы 2 орынды иеленсе, Аманкелді ауылынан Жансейітовтер отбасы 1 орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, басқа да өнегелі отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды. Аудандық кезең нәтижесімен облыстық кезеңге қатысуға Жансейітовтер және Әбсадықовтар отбасы жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1037500?lang=kk
6-дан аз баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 21.07.2025
Бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен әлеуметтік желі парақшаларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 және одан да көп балалы отбасылар ғана көпбалалы отбасы болып саналады деген жалған ақпараттар таралуда.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды.Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді. Көпбалалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:- 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;- 8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге төленеді.Сонымен қатар, 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға мынадай мөлшерде ай сайынғы жәрдемақы төленеді:- «Күміс алқа» алқасымен марапатталған – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;- «Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.Азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуін сұраймыз.Жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1037415?lang=kk
ЧЕКТІ ТАЛАП ЕТ — HALYK BANK-ТАН ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ: БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫСАДЫ! 21.07.2025
2025 жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына дейін Halyk Bank-тың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысып, Halyk картасына 100 000 бонус ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз         Ай сайын — Қазақстан бойынша 30 жеңімпаз!         Олардың әрқайсысы өзінің бонустық шотына 100 000 бонус алады         Қалай қатысу керек         Сатып алуды Halyk-тың POS-терминалдары арқылы Halyk картасымен немесе QR-кодымен төлеңіз         Amian қосымшасына фискалдық чектерді қосыңызAmian профилінде ЖСН көрсетілгеніне және сіз төлейтін картаның сіздің атыңызға тіркелгеніне көз жеткізіңіз — жеңімпаздар деректердің сәйкес келуі бойынша анықталады         Жеңімпаздар RANDOM.ORG сайтында кездейсоқ таңдалады және @halykbank.kz Instagram тікелей эфирінде жарияланады         Ұтыс ойынға:        - Басқа банктер арқылы төлем жүргізілген чектер        - Бұғатталған бонустық шоты бар пайдаланушылар        - Банк қызметкерлері қатыспайды Amian қосымшасына чектерді қосыңыз — Halyk-тан бонустарды ұтып алыңыз Google Play мен App Store-дан бізді іздеңіз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1054053?lang=kk
«Команару» халықаралық театр фестивалі 21.07.2025
Пусан, Корея Республикасы, 2025 – Қазақстан халықаралық сахнада!18 шілде күні ҚР Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Конжу қаласында өткен 22-ші Халықаралық “Команару” театр фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.Ерекше мақтаныш - Алматыдан келген М. Мүсірепов атындағы Ұлттық жасөспірімдер театрының фестивальге қатысуы. Театр Қазақстанның атынан шақырылған елдер қатарында өнер көрсетті.Өз сөзінде Бас консул мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Корея арасындағы өнер саласындағы ынтымақтастық одан әрі нығаятынына сенім білдірді.”Команару” фестивалі - әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртістер мен көрермендерді біріктіретін Кореяның жетекші театр алаңдарының бірі. Пусан, Республика Корея, 2025  – Казахстан на международной сцене!18 июля Генеральный консул РК в Пусане Аслан Аскар принял участие в торжественной церемонии открытия 22-го Международного театрального фестиваля “Команару” в городе Конжу.Особая гордость - участие на фестивале Национального молодежного театра им. М. Мусрепова из Алматы, представившего Казахстан в числе приглашённых стран.В своём выступлении Генконсул подчеркнул важность культурного обмена и выразил уверенность, что сотрудничество между Казахстаном и Кореей в области искусства будет только укрепляться!Фестиваль “Команару” - это одна из ключевых театральных площадок Кореи, объединяющая артистов и зрителей со всего мира. Busan, Republic of Korea, 2025 – Kazakhstan on the International Stage!On July 18, the Consul General of the Republic of Kazakhstan in Busan, Aslan Askar, took part in the official opening ceremony of the 22nd International Theater Festival “Gomanaru” held in the city of Gongju.A special point of pride was the participation of the M. Musrepov National Youth Theatre from Almaty, representing Kazakhstan among the invited countries.In his remarks, the Consul General emphasized the importance of cultural exchange and expressed confidence that cooperation between Kazakhstan and Korea in the field of art would only continue to grow stronger.The “Gomanaru” Festival is one of Korea’s key theatrical platforms, bringing together performers and audiences from around the world.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1037383?lang=kk
ЖОСПАР 2025: АЙҚАП-ТҮРКІСТАН, СОЛТҮСТІК-БАТЫС ШАҒЫН АУДАНДАРЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛАДЫ 20.07.2025
Шымкентте елдімекендерді кәріз жүйесімен қамту жалғасуда. Былтыр қыркүйекте Айқап-Түркістан шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары басталған болатын. Құрылыс жұмыстары “Агидель-Ас” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.Ал өткен жылы тамызда басталған Солтүстік-Батыс шағын ауданындағы кәріз жүйесінің құрылысы биыл мамырда аяқталады. Нәтижесінде 567 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады.Былтыр бұл бағыттағы жұмыстар Нұртас шағын ауданында жүргізілген, қазір мұнда 17 970 тұрғын үй орталықтандырылған канализация желілеріне қосылды. Ал қазіргі таңда Шымкент қаласы Тұран ықшам ауданынан тазартуқұрылысына дейін Алматы трассасының бойында кәріздік коллектор салу» жұмыстары жүргізіліп жатыр.
SHYMKENT HUB АЛҒАШ РЕТ IT САЛАСЫ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ 20.07.2025
 Shymkent Hub инновациялық орталығы 2025 жылы алғаш рет IT бағытында жазғы лагерьді іске қосады. Shym Edu Academy: Summer Bootcamp бағдарламасы қатысушыларға бағдарламалау негіздерін меңгеруге, нақты жобаларға қатысуға және тәжірибелі мамандардың қолдауымен кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама толықтай тегін түрде өтеді.Бағдарламаның аясында қатысушылар Frontend және Backend бағдарламалау негіздерімен танысып, Git, API және дерекқорлармен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, топтық жұмыс пен нақты практикалық тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекітіп, өз жобаларын жүзеге асырады. Барлық сабақтар тәжірибелі менторлар басшылығымен жүргізіледі.Қатысуға IT саласында дамуға қызығушылық танытқан, мансабын бастаған, бірақ менторлық қолдау жетіспейтін оқушылар мен студенттер шақырылады. Міндетті талап – бағдарламалаудың бастапқы деңгейіндегі білім: айнымалылар, циклдер, функциялар ұғымдарын түсіну және HTML, CSS, JavaScript немесе басқа бағдарламалау тілдерінің негізін білу.Оқу форматы апта ішінде екі рет, әрқайсысы екі сағаттан офлайн режимде Shymkent Hub-та өтеді. Жазғы лагерь 15 шілдеден 31 тамызға дейін жалғасады. Бағдарламаға барлығы 15 қатысушы қабылданады, бұл әрбір қатысушыға жеке көңіл бөлініп, сапалы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.Жазғы лагерь соңында Demo Day форматында жобаларды таныстыру күні ұйымдастырылып, қатысушылар сертификаттар, резюме және GitHub портфолиосымен қамтамасыз етіледі. Осылайша, бағдарлама аяқталған соң қатысушылар junior деңгейіндегі IT маманы ретінде еңбек нарығына дайын болады.Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерден «Мен шешкен ең қиын мәселе және оны қалай жеңдім» тақырыбында 2-5 минуттық қысқа видео талап етіледі. Видеоны YouTube платформасына жария емес режимде жүктеп, сілтемесін тіркеу формасына енгізу қажет. Тіркеу формасы жақын арада ашылады, алаңдағы жаңалықтарды бақылап отыру ұсынылады.Shymkent Hub жазғы лагері қатысушыларды IT саласындағы нақты жобаларға дайын мамандарға айналдыруды мақсат етеді. Бұл бағдарлама – болашақ IT мамандарына өз әлеуетін көрсетуге және кәсіби өсу жолында алғашқы сенімді қадам жасауға тамаша мүмкіндік.
Алматы облысының әкімі Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапары: өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдар 20.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жұмыс сапарымен барып, инфрақұрылым, білім беру, сумен жабдықтау және жол құрылысы салаларындағы өзекті жобалардың іске асырылу барысымен танысты.Талғар ауданы: ауызсу мен жол мәселесі – басты назардаСапар Бесағаш ауылының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысудан басталды. Жобаның жалпы құны – 5,2 млрд теңге, ұзындығы – 31,3 км. Құрылыс жұмыстарын «Аскади» мердігер компаниясы «Бесағаш-юг» су құбыры бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталған, аяқталуы биыл жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 1 мың текше метрлік резервуар салынып біткен.Облыс әкімі ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды жедел әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.Келесі нысан – «Атлетико де Мадрид» футбол академиясына кіреберіс жол. Ұзындығы 3,3 км болатын жолға, тамыз айында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Асфальт жабыны екі қабатпен төселуде. Жұмыстар тамыз айында басталып, аяқталуы қараша айына жоспарланған.Еңбекшіқазақ ауданы: мектептер, көпірлер және инфрақұрылымЕңбекшіқазақ ауданына сапар Азат ауылындағы негізгі орта мектепке барудан басталды. 1923 жылы салынған, 140 орынға арналған ғимаратта бүгінде 395 оқушы білім алуда. Мектеп апатты жағдайда. Жаңа 300 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Алайда құрылысқа қаржы бөлінбеген. Облыс әкімі бұл жобаны қаржыландыру мәселесін жедел түрде шешуді тапсырды.Сапар барысында, сондай-ақ, Азат ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мәселесі қаралды. 85 пайызы тозған желілерді қайта жаңарту жобасының құны – 2,15 млрд теңге. Ауылда 3519 адам тұрады.Ауылдың тағы бір өзекті мәселесі – саяжайлар мәртебесінің болмауы. Азат ауылы маңындағы 19 саяжайда шамамен 3 мың адам тұрады. Алайда бұл учаскелерге елді мекен мәртебесі берілмегендіктен, инфрақұрылымдық қызметтерге мемлекеттік қаржы қарастырылмайды. Осыған байланысты әкімдік аталған саяжайларды Талғар ауданының құрамына қосу мүмкіндігін қарастыруда.Апатты көпірлерді қалпына келтіру – жол қауіпсіздігінің маңызды бөлігіСапар аясында облыс әкімі Үлкен Алматы каналы бойындағы апатты көпірлердің жағдайымен танысты. Балтабай және Бәйтерек ауылдық округтеріндегі екі көпір де әбден тозған.• Талғар өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жобасының құны – 1,41 млрд теңге, ұзындығы – 65,2 метр.• Түрген өзені үстіндегі көпір жобасы 674 млн теңгеге бағаланған, ұзындығы – 48,95 метр.Аймақ басшысы аталған көпірлердің құрылысын кешіктірмей бастауды тапсырды, себебі көктемгі тасқындар салдарынан олардың құрылымдары айтарлықтай зақымданған.Жол инфрақұрылымын дамыту – ауылдармен байланысты нығайтуАлмалы ауылына кіреберіс жол – Р-17 «Алматы – Талғар – Евгеньевка» автожолының 3,8 шақырымдық учаскесін жөндеу жұмыстары тамыз айында жоспарлануда. Жоба құны – 270 млн теңге.Сонымен қатар, Көктөбе ауылдық округіндегі Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектептің құрылысы 90 пайызға аяқталған. Нысан 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына жасаған жұмыс сапары – өңірдегі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталған нақты қадамдардың көрінісі. Аймақ басшысы барлық жобалар мен бастамаларды уақтылы қаржыландыру және тиімді бақылау қажеттігін атап өтті. Бұл өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037328?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Ел бірлігі» орденінің иегері Людмила Хисаеваны арнайы барып құттықтады 19.07.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ел бірлігі» орденімен марапатталған көрнекті қоғам қайраткері Людмила Хисаевна Хочиеваны арнайы барып құттықтады. Аймақ басшысы орден иесіне Ел Президентінің атынан құттықтау лебізін жеткізіп, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайту жолындағы сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.Бұл марапат – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосқан тұлғаларға көрсетілген жоғары құрметтің жарқын көрінісі.Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы — елдегі этносаралық келісім мен бірліктің қалыптасуына ықпал еткен бұл бірегей құрылымның үш онжылдық жолын қайта саралап, оның маңызын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл дата әр азаматқа Ассамблеяның дамуына өз қатыстылығын сезініп, бейбітшілік пен келісімді сақтауға қосқан үлесін түйсінуге жол ашады. Сонымен қатар, бұл мерейтой достық пен ынтымақтастықты нығайтуда Ассамблеяның әлеуеті әлі де зор екенін көрсететін маңызды кезең болмақ.Айта кетейік, Людмила Хисаевна Хочиева – Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшесі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері. 1959 жылы Жамбыл облысында туған. 1996 жылы «Минги-Тау» ұлттық-мәдени орталығын құрып, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен кеңестерде қызмет етті. 2007 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланып, жастар саясаты мен әлеуметтік жобаларды қолдауға белсенді атсалысты. ҚР Президенті Жолдауын насихаттап, заң жобаларын жетілдіруге қатысты. Еңбек сіңірген қайраткер, «Құрмет» ордені мен бірнеше медаль иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Людмила Хисаеваның қоғамдық қызметі мен азаматтық ұстанымын ерекше атап өтіп, оның өмір жолы – өскелең ұрпақ үшін үлгі екенін атап өтті.Бұл кездесу – өңір басшылығының ардагерлерге, қоғам белсенділеріне деген құрметінің, сондай-ақ ел бірлігі мен татулығын сақтау жолындағы еңбекті бағалаудың айқын белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1037322?lang=kk