Enbekshi QazaQ

Әлем

Қарағанды облысында өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. 19.03.2026
Кездесудің негізгі тақырыптары өндірістік жарақаттануды төмендету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту, кәсіптік аурулардың алдын алу, сондай-ақ 2024–2026 жылдарға арналған облыстық және қалалық келісімдердің іске асырылуы болды. Отырысқа мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақ өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.Сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын күшейтетін, оларды қорғау тетіктерін кеңейтетін және цифрландыру жағдайында қосымша кепілдіктерді айқындайтын жаңа Конституция аясындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғаны атап өтілді.Отырыс қорытындысы бойынша тараптар өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185274?lang=kk
Ағымдағы жылдың 19 наурызында облыстың мемлекеттік органдары басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті 19.03.2026
Күн тәртібінде ұлттық экстремизмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және кәмелетке толмағандар арасында және дене шынықтыру және спорт саласында 2024 – 2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол карталарын іске асырудың аралық нәтижелері туралы мәселелер талқыланды.Өткізілген іс-шаралар бойынша облыс әкімдігінің мемлекеттік органдары мен басқармаларының басшылары тыңдалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1185300?lang=kk
Қарағанды облысында әлеуметтік әріптестік пен ұжымдық шарттардың рөлі талқыланды 19.03.2026
Қарағанды облысында мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен еңбек қатынастарын реттеудің өзекті мәселелері талқыланды.Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Саягүл Еркебекова, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының өкілдері, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының өкілдері қатысты.Кездесу барысында еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы және еңбек қатынастарын реттеудегі ұжымдық шарттардың рөлі қарастырылды.Саягүл Еркебекова өз сөзінде жұмыс беруші, жұмыскер және мемлекет арасындағы тиімді өзара іс-қимыл еңбек тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымдық шарт қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің маңызды құралы екені айтылды.Кәсіподақ өкілдері — Марал Кашенова мен Элеонора Омарбекова — өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұжымдық шарттардың орындалуын бақылау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және еңбек дауларын шешудегі кәсіподақтардың маңызды рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайту және еңбек құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185304?lang=kk
Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады 19.03.2026
Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті.Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков.Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185199?lang=kk
20 наурызда салық есептілігі нысанын ұсыну және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады 19.03.2026
20 наурызда салық есептілігі нысанын ұсыну және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады2026 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей:- салық есептілігінің мынадай нысандарын ұсыну:ф. 328.00-2026 жылғы ақпандағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;ф. 851.00-2026 жылғы 21-28 ақпан аралығында жасалған шарттар бойынша - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем бойынша ағымдағы төлемдердің сомаларын есептеу;ф. 870.00 - 2026 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей рұқсат алған кезде 100 АЕК дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін 2026 жылғы төлемақы бойынша Декларация;- 2026 жылдың ақпан айына төлеу:ЕАЭО-дағы ҚҚС;акциз, оның ішінде ЕАЭО-дан тауарлар импорты бойынша;2026 жылға 100 АЕК дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185201?lang=kk
Қызмет тоқтатылған кезде Ф. 200.00 тапсыру керек пе? 19.03.2026
Қызмет тоқтатылған кезде Ф. 200.00 тапсыру керек пе?Қысқаша: иә, бірақ әрдайым емес ҚР Салық кодексіне сәйкес:сіздің құқығыңыз бар— есептілікті тапсыруды тоқтатуға— және оны мерзімінен бұрын қайта бастауғаНені білу маңызды:Қызметті тоқтатпас бұрын:— салық органына өтініш беру керек— есептілікті салық кезеңінің басынан бастап тоқтату күніне дейін тапсыру қажетЕгер қызметкерлер болса:МІНДЕТТІ түрде тапсырасыз:— Ф. 200.00— + 200.05 қосымшасытоқтату күніне дейінгі кезең үшінЕгер қызметкерлер мен төлемдер болмаса:Тоқтатудан кейін Ф. 200.00 тапсыру ҚАЖЕТ ЕМЕСҚорытынды:Ең бастысы — тоқтатуға дейінгі кезеңді дұрыс «жабу»Одан кейін бәрі қызметкерлердің бар-жоғына байланыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185211?lang=kk
Бизнесті мәжбүрлі түрде жабу: 2026 жылы кімдерге қауіп бар? 19.03.2026
Бизнесті мәжбүрлі түрде жабу: 2026 жылы кімдерге қауіп бар?Егер компания «ұйқы режимінде» болса — оны сіздің қатысуыңызсыз жауып тастауы мүмкін Салық органдары мәжбүрлі түрде қызметті тоқтата алады, егер сіз әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болып, бір уақытта:— салық есептілігін тапсырмайсыз— шоттар бойынша қозғалыс жоқ— экспорт/импорт операциялары жоқ— ҚҚС бойынша тіркеуде тұрмайсыз— басқа компанияларда құрылтайшы/басшы емессіз— есептілікті ресми тоқтатпағансыз— мүлік жоқ (жер/көлік/мүлік салығы)— әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз жоқ— 6 АЕК-тен жоғары салық қарызы жоқМаңызды:Мәжбүрлі жабылатындар тізімі жыл сайын 1 шілдеге дейін жасаладыСот шешімінен кейін:компания салық есебінен автоматты түрде шығарыладыҚорытынды:Егер бизнес жүргізбесеңіз — өз еркіңізбен жапқаныңыз дұрысӘйтпесе, салық органдары өздері жабадыСақтап қойыңыз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1185220?lang=kk
Кения Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан-Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 19.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 18 наурыз – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Республикасының Сыртқы істер және диаспора министрлігінің басшылығы, соның ішінде Саяси мәселелер жөніндегі Бас директор Джосфат Майкара, Президент Кеңсесі және Сыртқы істер министрлігі Протоколының басшысы Северин Люяли, сондай-ақ Еуропа және Достастық елдер, Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия, Құқықтық істер, Көпжақты ынтымақтастық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат кениялық тарапты 2026 жылғы 15 наурызда орын алған жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғаны туралы хабардар етіп, жаңа конституция Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуды және мемлекеттік басқарудың тиімдірек және теңгерімді моделін қалыптастыруды көздейтіні, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге ықпал ететінін мәлімдеді.Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, жоғары және ең жоғары деңгейдегі алдағы сапарларды, екіжақты шарттық-құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмаслыып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа дайындығы расталды.Екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда және инвестициялық даму, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану мәселесі, ақпараттық және қаржылық технологиялар, ғарыш, тау-кен өндірісі, медицина, спорт, ауыл шаруашылығы, туризм, ғылыми және мәдени алмасулар салаларындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.Кения Сыртқы істер министрлігі және диаспора істері жөніндегі Бас директоры Д.Майкара Қазақстан мен Кения арасындағы жылы қарым-қатынасты атап, Қазақстанның елеулі дамуын жоғары бағалап, Найробидің Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуіне және оны одан әрі дамытуға деген терең қызығушылығына назар аударды.Сонымен қатар, Д.Майқара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдумның сәтті өтуімен құттықтап, ел Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар халықтың сеніміне ие екенін атады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызуғышылық танытатын мәселелер бойынша іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен шараларды, соның ішінде сауда және инвестиция, көлік, ақпараттық технологиялар және туризм салалары бойынша Қазақстан мен Кения арасындағы сарапшылар тобының шеңберіндегі жұмысты жандандыруға келісті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1185119?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада және өңірлерде мерзімді әскери қызметке алынғандардың алғашқы лектері жіберілді 19.03.2026
Республикалық маңызы бар қалалардың және елдің облыс орталықтарының жинау пункттерінен әскерге шақырылушылардың бірінші легі ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелеріне жөнелтілді.Астана қаласының қорғаныс істері жөнініндегі департаментінде өткен салтанатты шығарып салу рәсіміне жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскер қатарына алынғандардың туған-туыстары қатысты.Елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров маусым айының соңына дейін елорда 1 400-ден астам астаналықты мерзімді әскери қызметке жіберуді жоспарлап отырғанын атап өтті.Алматыда Шекара қызметі бөлімшелеріне 46 азаматты салтанатты түрде шығарып салды. Аталмыш рәсімге тоғыз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Айжан Шанашова қатысты.– Әскерде ұлым шыңдалып, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен орындап келеріне күмәнім жоқ. Ол саналы түрде және еш ойланбастан әскерге баратынын айтты, – деді көп балалы ана.Шығыс Қазақстан облысында да әскерге шақыру науқаны қарқын алуда. Биыл өңір мерзімді әскери қызметке 650-ге жуық азаматты жібермек. Армияда олар әскери істің негіздерін үйреніп, әскери-есептік мамандық меңгереді. Тәртіп пен жауапкершілікке қалыптасады.Маңғыстау облысында бірінші болып 22 әскерге шақырылушы әскерге аттанды. Алдымен олар Алматы облысындағы шекара қызметінің оқу-жаттығу орталығында алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Көктемгі науқан аясында облыстан барлығы 800-ге жуық азаматты әскер сапына алу жоспарланып отыр.– Әскердегі қызмет – мен үшін шымыр, тәртіпті болуға және Отанды қорғауға өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік. Бұл қызметті мақтанышпен әрі абыроймен атқаруға тырысамын, – деп атап өтті Маңғыстау облысынан әскерге шақырылушы Бекзат Әбілханұлы.Ақтөбе облысында да Алматы облысына қарайтын Шекара қызметінің әскери бөлімшелеріне алғашқы 23 әскерге шақырылушыны жөнелту рәсімі өтті. Алдағы уақытта бұл өңір 1000-нан аса адамды әскерге шақырады.Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде, сондай-ақ запасқа шығарылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілер үшін кредиттік демалыс қолданылады. Бұдан өзге жауынгерлік даярлықтан үздік сарбаздар мемлекеттік грант бойынша ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185057?lang=kk
«Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық» тақырыбында брифинг 19.03.2026
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық»   тақырыбы бойынша брифинг өтті.Шара барысында Ақмола облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің  басқарма басшысы Назгүл  Аюпова көлік құралдары салығын төлеушілер салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады хабарлады.  Салық кодексіне сәйкес мыналар көлік құралы салығын төлеушілер болып табылмайды:Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденiнің және "Отан" орденiнің иегерлері, "Батыр ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" не "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;  Меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.Жоғарыда аталған санаттардың меншігінде қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобиль болса, оларға қатысты уәкілетті мемлекеттік орган 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының иесін ауыстыруға байланысты тіркеу әрекеттерін жүргізген болса, салық жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептеледі.2025 жылдың кезеңіне есептеу 01.01.2026 жылға дейін қолданыста болған Салық кодексінің нормаларына сәйкес жүргізіледі, өйткені осы кезеңде 171 мың жеке тұлға 4 миллиард теңгеден астам көлік құралдары салығын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындауы тиіс.2026 жылдың өткен кезеңінде көлік құралдары салығынан бюджетке 159,8 млн. түсті. Салық сомасын келесі тәсілдер арқылы есептеуге болады:- Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталындағы «Көлік салығын есептеу» электрондық сервисі арқылы;- «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Калькуляторлар» бөлімінде.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде.      «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Жыл басынан бері  600 астам  консультациялық көмек көрсетілді.Бұл кәсіпкерлердің акцияға қызығушылықпен жауап бергенін көрсетеді.Сонымен қатар  қабылдау уақытында аудандық және қалалық басқармалар арасында бейнебайланыс пен телефон арқылы кеңес беру мүмкіндігі көзделген«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Шара барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1185039?lang=kk
Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі жарияланды 19.03.2026
ҚР Сауда және интеграция министрлігі ағымдағы аптадан бастап бейнеконференцбайланыс режимінде Еуразиялық экономикалық комиссияда қызметкерлер лауазымдарына қатысуға ниет білдірген кандидаттармен әңгімелесу өткізілетінін хабарлайды.Әңгімелесуді өткізу уақыты мен күні кандидаттарға қосымша хабарланатын болады.Әңгімелесу барысында кандидаттардың кәсіби деңгейі және олардың Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі – Сауда және интеграция министрі 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185029?lang=kk
“Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері” семинары өтті 19.03.2026
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185037?lang=kk
«Алатау аманаты» жобасы аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде 19.03.2026
Алматы облысында «Алатау аманаты» жобасы аясында өңірдің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Қастек шатқалынан бастап, Шарын ұлттық табиғи паркінің аумағына дейін жалпы ұзындығы 1 500 шақырымнан асатын туристік маршрут кешенді түрде зерттелді.Зерттеу барысында табиғи нысандар, тарихи-мәдени көрікті жерлер, инфрақұрылым мүмкіндіктері толық қамтылып, барлық қауіпсіздік талаптары сақталды. Зерттеу қорытындысы бойынша маршруттар жүйеленіп, 2GIS, Yandex Maps және Google Maps сияқты заманауи цифрлық платформаларға енгізілді.Аталған жобаның іске асырылуы маршруттарды оңай жоспарлауға, нақты бағыт-бағдарды айқындауға және қауіпсіз саяхат жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл бастама экологиялық туризмнің дамуына, табиғи мұраны сақтауға және жергілікті халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.«Алатау аманаты» жобасы тұрақты даму қағидаттарына негізделген және халықаралық стандарттарға сәйкес өңірдегі туризмді дамытудың кешенді тәсілінің үлгісі болып есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1185010?lang=kk
Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді 19.03.2026
Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр. Айталық, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының халқымен кездесіп, негізгі өзгерістерді түсіндіре келе азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Ведомство биыл күшіне енген ауқымды салық реформасын бірізді түрде іске асырып келеді. Оның негізгі міндеті — бизнеске әкімшілік жүктемені төмендететін әрі нарықтың адал қатысушыларына тең жағдай беретін ашық, болжамды және сервиске бағдарланған салық жүйесін қалыптастыру.Аталған реформаға сәйкес фискалды тәсілден салықты басқарудың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Оның негізінде – процестерді цифрландыру, тәуекелге бағдарланған бақылауды жолға қойып, салық рәсімдерін жеңілдету межеленген.Қазақстан аймақтың инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр: Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялардың 68,6% (151,3 млрд доллар) елімізде шоғырланған. Жаңа салық саясаты инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруға бағытталған.Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған цифрландыру бағыты аясында Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ақпараттық архитектураны құрып жатыр. Мәселен, салық процестерінің бүкіл циклін қамтитын СӘИЖ, KEDEN және Smart Data Finance сынды негізгі жүйелер енгізілді: олар 1000-нан астам әкімшілік операция мен бизнеске арналған 300-ден астам сервисті қамтуға қауқарлы.Кәсіпкерлерді қолдауға байланысты бейімдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, негізгі борышты өтеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін тарату рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін «Таза парақтан» бағдарламасы іске асырылып келеді.Халықпен кері байланыс орнатуға ерекше мән беріліп отыр. Қаржы министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен, жұмыс топтары арасындағы өзара іс-қимыл мен Үкімет жанындағы жобалау кеңсесі арқылы іскер ортамен тұрақты диалог жүргізіп жатыр. Өңірлерде «Халық бухгалтері» акциясы, сондай-ақ call-орталық пен цифрлы арналардың көмегімен белсенді түсіндіру жұмыстары атқарылып келеді: жыл басынан бері 134 мыңнан астам өтініш өңделіп, жиі қойылатын сұрақтарға 150 жуық жауап берілді.Қаржы министрлігі реформалардың ашықтығы мен өзара байланысқа назар аудара отырып, тиісті рәсімдерді жедел реттеу арқылы халықпен және бизнеспен ашық кездесулер өткізуді нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1184920?lang=kk
Джакартада Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдум қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті 19.03.2026
Джакарта, 2026 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінде 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдумда дауыс беру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Индонезияның Сыртқы істер министрлігінің, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты.Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов өз сөзінде қонақтарға Конституцияның тарихы, жалпыұлттық талқылау процесі, референдумның оң нәтижелері және қабылданған жаңа Конституциядағы негізгі новеллалары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ елдің Ата заңы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға бағытталған прогрессивті қоғамдық келісімге және халық бірлігі мен ынтымақтастығының айқын символына айналғанын атап өтті.Қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, дипломат оларды Қазақстандағы «Наурыз мейрамы» дәстүрімен және оның «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында онкүндік мерекелену тәртібімен таныстырды. Қонақтарға арнайы бейнеролик көрсетіліп, домбырада танымал музыкалық шығармалар орындалды.Аталған іс-шараға қатысушылар Индонезия халқының атынан елшілікті және барлық қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен және көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесімен құттықтады.Іс-шара соңында қонақтар ұлттық қазақ тағамдарынан дәм татты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1184939?lang=kk
Мемлекеттік сатып алу 19.03.2026
Бюджет қаражаты қайда жұмсалады және оны әрбір азамат қалай тексере алады?Қазақстан Республикасының әрбір азаматы салық төлейді. Осы қаражат есебінен мемлекеттік бюджет қалыптасады. Бюджет мектептер мен ауруханалар салуға, жолдарды жөндеуге, дәрі-дәрмек сатып алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және басқа да әлеуметтік маңызды міндеттерге бағытталады.Алайда көпшілік арасында жиі мынадай сұрақ туындайды: бюджет қаражаты нақты қалай жұмсалады және оны тексеруге бола ма?Жауап — иә, болады. Мұны кез келген азамат жасай алады.Мемлекеттік сатып алу дегеніміз не?Мемлекеттік сатып алу — бұл мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бюджет қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесі.Қарапайым тілмен айтқанда:мектептерге жиһаз сатып алынады;ауруханаларға дәрі-дәрмек алынады;жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі;балабақшаларға тамақ өнімдері сатып алынады;мемлекеттік мекемелерге арналған жабдықтар алынады.Мұндай сатып алулардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы сәйкес жүргізіледі. Аталған заң ашықтық, жариялылық және бизнес үшін тең қолжетімділік қағидаттарын белгілейді.Сатып алулар туралы ақпаратты қайдан көруге болады?Мемлекеттік сатып алулар туралы барлық ақпарат ашық түрдеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталы орналастырылады.Порталда мыналарды көруге болады:қай ұйым сатып алу жүргізіп жатқанын;сатып алу қандай сомаға жарияланғанын;кімдер өтінім бергенін;кім жеңімпаз болып танылғанын;шарт қандай бағада жасалғанын;шарттар мен хаттамалардың мәтіндерін.Бұл ақпаратқа қол жеткізу тегін және арнайы мәртебені талап етпейді.Неліктен бұл маңызды?Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы — қоғамдық бақылаудың негізгі тетіктерінің бірі.Бюджет азаматтардың төлеген салықтары есебінен қалыптасатындықтан, әрбір азамат:қаражаттың қайда бағытталғанын білуге;оның тиімді пайдаланылуын бақылауға;ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлауға құқылы.Ақпараттың ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады.Күмән туындаған жағдайда не істеу керек?Егер азамат сатып алу рәсімі кезінде заң бұзушылықтар болды деп есептесе, ол:Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі«Ашық үкімет» порталы арқылыжүгінуіне болады.Азаматтардың өтініштері заңда белгіленген тәртіппен міндетті түрде қаралады.Жиі кездесетін қате түсініктер1-миф: «Мемлекеттік сатып алу — жабық жүйе».Іс жүзінде барлық рәсімдер электрондық форматта өткізіліп, ашық қолжетімділікте орналастырылады.2-миф: «Жеңімпаз тек таныстар арасынан таңдалады».Жеңімпаз конкурс құжаттамасының талаптары мен заң нормаларына сәйкес анықталады.3-миф: «Қарапайым адам ештеңені тексере алмайды».Кез келген азамат портал арқылы ақпаратпен танысып, ресми арналар арқылы сұрақ қоя алады.ҚорытындыМемлекеттік сатып алу — бұл жай ғана рәсім емес, ол қоғамдық қаражатты жұмсау механизмі.Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі әрбір азаматқа қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік береді.Хабардар болу — құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және заңдылық қағидатын нығайтудың алғашқы қадамы.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1184951?lang=kk
Мерзімді әскери қызметке шақыру: Қорғаныс министрлігінде көктемгі науқанды ұйымдастыру мен өткізуге арналған кеңес өтті 19.03.2026
Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.Президент Жарлығына сәйкес, 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары әкімдердің орынбасарларының төрағалығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.Осыған орай Қорғаныс министрлігінде 2026 жылғы көктемде азаматтарды Қарулы күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді қызметке шақыруды ұйымдастыруға арналған кеңес өтті.Аталған жиынға Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров төрағалық етті.Кеңеске Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты. Облыс және республикалық деңгейдегі қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ әскерге шақыру науқанына жауапты лауазымды тұлғалар видеоконференцбайланыс арқылы қосылды.Жиын барысында 2026 жылғы көктемгі шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу, шақыру пункттерінде бірыңғай тәсілдер мен талаптарды қалыптастыру, шақыру комиссияларының жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар әскерге шақыру науқаны кезіндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру бағыттары, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты талқыланды.Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау әскердің жауынгерлік даярлық деңгейіне, жасақталуы мен кадрлық әлеуетіне тікелей байланысты екенін атап өтті. – Мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әскери-оқытылған резервтің негізін қалайды және осы резерв ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда елімізді қорғауға шұғыл тартылады. Сол себепті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді, – деді генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Кеңесте Бас штаб бастығының орынбасары – Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің  бастығы генерал-майор Алмас Исабеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде 2025 жылғы әскерге шақыру нәтижелері мен биылғы көктемде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру шаралары туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.Биылғы көктемгі науқан аясында 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 11 мыңнан астам адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан астам адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.Кеңес соңында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров мерзімді әскери қызметті ұйымдастыру жұмыстарын оңтайландыру және сапалы жүзеге асыру аясында жауапты адамдарға бірқатар нақты тапсырмалар беріп, Президент Жарлығын орындау мақсатында барлық мемлекеттік органдарды өзара тығыз іс-қимыл мен бірлескен жауапкершілікке шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184976?lang=kk
Берекелі Наурыз дастарханы 19.03.2026
Цифрландыру және архивтер басқармасы көктемгі жаңару мерекесіне орайластырылған«Берекелі Наурыз дастарханы» атты салтанатты іс-шараға қатысты. Мереке ұжымды халқымыздың ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дәріптеу жолында бір арнаға тоғыстырды. Бұл шара қазіргі цифрлық ортада ұрпақтар сабақтастығы мен мәдени құндылықтарға деген құрметтің маңыздылығын көрсетіп, бірліктің жарқын символына айналды.Іс-шара аясында Қазақстанның бай мұрасын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Басқарма қызметкерлері мұндай кездесулер ұжымның ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, тарихи жадыны сақтауға септігін тигізетінін атап өтті. Мерекелік атмосфера қатысушыларға игі тілектер алмасуға және ұлттық құндылықтардың өңірді дамытудағы маңыздылығын айқындауға мүмкіндік берді.Жиын соңында цифрлық трансформациялау мен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жоспарлар талқыланды. «Берекелі Наурыз дастарханы» дәстүрге адалдық пен инновациялық тәсілдердің қатар жүретінін, бұл қоғамның өркендеуіне берік негіз болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1184988?lang=kk
Бурабайдағы BÖLEKTAU геймификацияланған экосоқпағының кейсі Еуропада урбанизацияланбаған аумақтарды креативті дамыту үлгісі ретінде ұсынылады 19.03.2026
Бурабайдағы BÖLEKTAU геймификацияланған экологиялық соқпағының кейсі IN SITU  халықаралық конференциясының ғылыми комитеті тарапынан іріктеліп, урбанизацияланбаған аумақтарды креативті дамыту үлгісі ретінде Еуропада ұсынылады.Жоба 2026 жылғы 11–13 мамыр күндері Вальмиерада өтетін “Culture Matters Here: Cultivating Creative Place-Based Innovation in Non-Urban Communities” халықаралық конференциясында таныстырылады.Зерттеуді Ирина Харитонова мен Александра Харитонова ұсынады.Баяндамада геймификацияланған экологиялық соқпақтар мен балалар инновациялары шағын қалалар мен табиғи аумақтарда мәдениетті, туризмді және креативті экономиканы дамыту құралына қалай айнала алатыны қарастырылады.BÖLEKTAU жобасы урбанизацияланбаған өңірлерде мәдени және креативті бастамаларды дамытуға арналған ауқымды түрде кеңейтуге болатын модель ретінде ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1184898?lang=kk
Әскери гарнизондарда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өткізілді 19.03.2026
Наурызнама аясындағы Жаңару күні – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды күндердің бірі. Бұл күні өңірлерде жаппай ағаш отырғызу акциялары ұйымдастырылып, тазалық сенбіліктері өткізіледі. Табиғатты қорғау идеясын дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін мұндай іс-шаралар Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде де жүзеге асырылды.Жаңару күніне орай Жетісу гарнизонында өткен көгалдандыру акциясына Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков қатысты.«Жұлдыз» ықшам ауданындағы әскери жатақхана маңында ұйымдастырылған аумақты абаттандыру және ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарына әскери қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері бір кісідей жұмылдырылды.Министрдің орынбасары Наурыз мерекесінің тағылымы мол тәрбиелік маңызының бірі – табиғатты аялап, жасыл желекті сақтау екенін атап өтті.– Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Ұлыстың ұлы күні дәстүр бойынша арықтар тазаланып, жас ағаш көшеттері отырғызылады. «Жаңа күн», «жаңару» деген мағынасына сәйкес, барлық жақсылық осы күннен бастау алып, жан тазалығымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтаудан көрініс табады. Әскери қызметшілермен бірге қала тұрғындары да осы игілікті іске бір кісідей атсалысты, – деді ол.Акция барысында 20-ға жуық түрлі жеміс ағашы отырғызылды. Әскери қызметшілер мұндай бастамалардың табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қоғам бірлігін нығайтуға ықпал ететінін дәлелдеді.Мұндай игі іс-шара Ақтау гарнизонында да жалғасын тапты. Әскери-теңіз күштері гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің жеке құрамы әскери бөлім аумағында және Түпқараған ауданындағы Қызылөзен маягы маңында жүзге жуық тал мен гүл отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.– Бүгінгі акция барысында өңірдің климатына сай келетін жас ағаштар мен гүлдер егілді. Көшеттерді дұрыс отырғызу олардың тез тамыр жайып, өсіп кетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаңару күніне орай ұйымдастырылған бұл іс-шарада жеке құрам өздерінің еңбекқорлығын, бірлігі мен достық қарым-қатынасын тағы бір мәрте көрсетті, – деді гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары 3-дәрежелі капитан Ерлан Сабиғат.Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінде де ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Жеке құрам бөлім аумағына 100-ден астам ағаш отырғызды.Әскери қызметшілердің қатысуымен өткізілетін тазалық акциялары мен көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1184905?lang=kk