Enbekshi QazaQ

Әлем

Халық қолөнерінің шеберлері: СҚО мекемелерінде ұлттық дәстүрлер жаңғыруда 24.04.2026
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды еңбекпен қамту және әлеуметтік бейімдеу мақсатында ұлттық қолөнерді дамытуға ерекше назар аударылуда.Осы бағыттағы жарқын мысалдардың бірі – №48 мекемеде жүзеге асырылып жатқан қызмет. Мұнда сотталғандар ат әбзелдерін жасаумен айналысады. Оларды бұл кәсіпке кәсіпкер Владимир Осипов үйреткен. Ол бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді және 2021 жылдан бастап сотталғандарды жұмысқа тартуда.Бүгінде оның өндірісінде 11 адам жұмыспен қамтылған. Барлық өндірістік процестерді толық меңгеру үшін кәсіпкер арнайы мамандарды шақырып, олар сотталғандарды тігін және материалдармен жұмыс істеу қырларына үйреткен. Орта есеппен алғанда, бұл кәсіпті толық игеру үшін шамамен үш ай уақыт қажет.Сотталғандар ат әбзелдерінің кең түрін дайындайды: ер-тоқым, жүген, ноқта, тізгін, үзеңгі, қамшы, шпорлар және басқа да жабдықтар. Сонымен қатар белдік, қарғыбау секілді қосымша бұйымдар да өндіріледі. Бұл жұмыс үлкен ұқыптылықты, мұқияттылықты және төзімділікті талап етеді. Мәселен, бір белдікті дайындауға жарты күнге жуық уақыт кетсе, бір күнде күрделілігіне қарай алтыға дейін жүген жасауға болады.Сондай-ақ бұл өндірісте еңбек етіп жүрген сотталғандардың бірінің жеке тарихы ерекше назар аударады. Ол бала кезінен халық шығармашылығына қызығып, ағаш пен сүйекке ою ойып, сурет салумен айналысқан. Өзінің айтуынша, бала кезінде қамшы өретін атасын жиі бақылағанымен, ол кезде бұл өнерді меңгере алмаған. Сотталғанға дейін әртүрлі салада — тас қалаушы, ағаш шебері және дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Владимир Осиповтың өндірісіне жұмысқа орналасқаннан кейін тері мен киізден бұйым тігуді үйреніп, ал 2025 жылы тәлімгердің көмегімен қамшы өруді толық меңгерген.Сотталғанның айтуынша, бұл жұмыс ол үшін тек табыс көзі немесе уақыт өткізу емес, сонымен қатар сапалы бұйымдар жасап, халыққа пайда келтіру және ұлттық дәстүрлерді сақтау мүмкіндігі болып табылады.Дайын өнімдер тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде және шетелде де сұранысқа ие.Сонымен қатар өңір мекемелерінде ағаш өңдеу бағыты да белсенді дамуда. Сотталғандар ұлттық нақыштағы бұйымдар — оюланған сандықтар, астау, үстелдер және басқа да тұрмыстық заттарды жасап, оларды қазақы ою-өрнектермен безендіруде. Мұндай жұмыстар тек техникалық дағдыларды ғана емес, шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді.Ұлттық қолөнерді дамыту сотталғандардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Ал алған білім мен тәжірибе бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуға немесе жеке кәсіп ашуға негіз бола алады.Жалпы №48 мекемеде шамамен 650 сотталған жазасын өтеуде, оның 415-і жұмыспен қамтылған. Мекеме аумағында алты жеке кәсіпкер қызмет атқарып, сотталғандарды еңбекке тартып отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1208019?lang=kk
Баспасөз релизі «Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма» 24.04.2026
Баспасөз релизі«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма»Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлердіболжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталғанинтернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша(https://www.theguardian.com/money/2026/apr/12/apple-icloud-storage-scam-emails,https://lenta.ru/news/2026/04/13/apple-scam/, https://www.obozrevatel.com/ekonomikaglavnaya/economy/moshenniki-atakuyut-vladeltsev-iphone-kak-dejstvuet-novaya-shema.htm)алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толыпкеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар жәнехабарландыруларды жаппай таратуда.Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фотосуреттер,бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымалсервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардыңшынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауғаитермелейді.Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылыөтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесеқолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түпнұсқа сервистердікөшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпиясөздержәне банк деректері киберқылмыскерлердің қолына түседі.Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ruбұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескереотырып, мыналар ұсынылады:- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл»хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттарарқылы тексеру;- бөгде парақшаларда логиндер, құпиясөздер және банк деректеріненгізбеу;- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлыаутентификацияны қосу;- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі парольдерді пайдалану;- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып,барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттыңбұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистерарқылы тексеріңіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1208035?lang=kk
Төрт аяқтылар – заң күзетінде: кинологиялық қызметтің бір күні 24.04.2026
Кинологиялық қызмет қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сенімді, төзімді және өз ісіне адал төрт аяқтылар күн сайын қызметкерлермен қатар заң күзетінде тұр.№50 мекемесінде қазіргі таңда 4 кинолог және 7 қызметтік ит қызмет атқарады. Әрқайсысы — өзара түсіністік пен сенімге негізделген үйлесімді команда.Қызметтік иттердің негізгі міндеттеріне мекеме аумағының периметрін күзету, тыйым салынған заттарды анықтау, автокөліктер мен келіп түсетін сәлемдемелерді тексеру, сондай-ақ із кесу жұмыстары жатады. Өздерінің сезімтал иіс сезу қабілеті мен арнайы дайындықтарының арқасында төрт аяқтылар адам байқамайтын дүниелерді анықтай алады.Күн сайын кинологтар өз иттерімен жаттығулар мен сабақтар өткізеді. Бұл тек командалар мен қызметтік тапсырмаларды орындау ғана емес, сонымен қатар физикалық дайындық және ойын элементтері арқылы адам мен ит арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту. Себебі қызметтік иттер — тек сенімді серіктер ғана емес, сонымен қатар адал достар.Осындай тандемдердің бірі — әділет сержанты Жанай Қанат және Гретта атты шығыс еуропалық овчарка. Жас болса да — жақында екі жасқа толды — Гретта өзіне жүктелген міндеттерді сенімді атқарып, қызметте жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.Қызметтік иттер тұқымына және денсаулық жағдайына байланысты орта есеппен 7 жылға дейін қызмет атқарады. Қызмет мерзімі аяқталған соң олар лайықты демалысқа жіберіліп, қамқорлық пен назарда өмір сүруін жалғастырады.Кинологиялық қызмет — бұл адам мен жануар арасындағы шынайы өзара іс-қимылдың жарқын үлгісі. Мұнда адалдық, тәртіп пен сенім қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің негізіне айналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1208039?lang=kk
"Таза Қазақстан" Республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өткізілді. 24.04.2026
"Таза Қазақстан" Республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1207958?lang=kk
«Таза Қазақстан» аясындағы қалалық аумақтарды санитарлық тазарту 24.04.2026
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалада тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында көшелер, аулалар және қоғамдық орындар тазартылып, қоқыс шығарылды, саябақтар мен скверлер ретке келтірілді. Қаланың тазалығы — баршаға ортақ нәтиже әрі жайлы, қолайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1207921?lang=kk
СІМ-де төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту саласындағы БҰҰ-мен өзара іс-қимыл талқыланды 24.04.2026
Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астанаға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысының апаттар тәуекелін азайту мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі – БҰҰ-ның Апаттар тәуекелін азайту басқармасының (UNDRR) басшысы Камал Кишормен кездесті.Кездесу барысында Министр Қазақстанның 2015–2030 жж. арналған Апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыруға бейілділігін растады. Атап айтқанда, халықаралық міндеттемелер аясында превентивтік шараларды енгізу, тәуекелдерді талдау және қалалық инфрақұрылымды климаттың өзгеруіне бейімдеу бағытындағы жұмысқа назар аударылды.Е.Көшербаев Орталық Азия елдерінің 2022 - 2030 жж. арналған апаттар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастығының Өңірлік стратегиясын әзірлеуге UNDRR-дың қатысуын ерекше атап өтті. Бұл құжат өңір мемлекеттерінің үйлестірілген іс-қимылына негіз қалады.К.Кишор қазақстандық тарапқа жылы қабылдау көрсеткені және Өңірлік экологиялық саммиттің мазмұнды бағдарламасы үшін алғыс білдірді. Саммит аясында UNDRR делегациясы табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша бірлескен шараларды, атап айтқанда, су және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, климат өзгеруіне төзімділікті және экономикалық дамуды күшейту, сондай-ақ Орталық Азияның төтенше жағдайлар органдары мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.Тараптар сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі инклюзивтілік мәселесіне және осал топтарды қорғау, климаттық сын-қатерлер мен су күн тәртібіне, сондай-ақ Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығының (CESDRR) қызметіне ерекше тоқталды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу саласында озық тәжірибелерді енгізу бойынша диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207877?lang=kk
Развитие Алматинской агломерации: акцент на экологии, транспорте и социальной инфраструктуре 24.04.2026
Аким Алматы Дархан Сатыбалды и аким Алматинской области Марат Султангазиев провели заседание Местного совета Алматинской агломерации. В ходе совещания были рассмотрены вопросы строительства социальных объектов в пригородной зоне, улучшения экологии и повышения транспортной связанности. Стороны отметили, что одной из ключевых задач остается улучшение экологической обстановки. В настоящее время из 188 населенных пунктов агломерации газифицировано 74%, что охватывает более 1,1 млн человек. В текущем году планируется увеличить этот показатель до 89,4%.В рамках развития транспортной инфраструктуры обсуждены вопросы определения земельных участков для строительства транспортно-пересадочных узлов. Также ведется разработка проектно-сметной документации по возведению автодороги от аэропорта до БАКАД протяженностью 6,4 км. Для реализации проекта предусмотрен выкуп 52 земельных участков, из которых 23 расположены на территории области.Особое внимание уделено реализации проектов по пробивке шести радиальных дорог, обеспечивающих выход на БАКАД, что позволит значительно повысить транспортную доступность и снизить нагрузку на дорожную сеть.В связи с ростом численности населения и увеличением количества детей в ряде населенных пунктов агломерации в 2026–2028 годах запланировано строительство новых образовательных учреждений. В частности, акиматом Алматинской области предусмотрено возведение 21 школы в наиболее густонаселенных районах — Илийском, Карасайском и Талгарском — с целью ликвидации трехсменного обучения и сокращения дефицита ученических мест.Подводя итоги заседания, аким города Алматы отметил, что принятые решения направлены на устойчивое развитие агломерации. «Мы видим рост нагрузки на инфраструктуру и понимаем важность системного планирования как на уровне города, так и всей агломерации с акцентом на комплексное развитие территорий и повышение качества жизни людей», - сказал Дархан Сатыбалды.В свою очередь аким Алматинской области Марат Султангазиев подчеркнул, что вопросы, рассмотренные на совещании, позволили более чётко определить общие направления развития Алматинской агломерации. «Газификация, развитие транспортной инфраструктуры и снижение нагрузки на социальные объекты — всё это взаимосвязанные задачи, требующие комплексного решения», - отметил он.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1207880?lang=kk
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді 24.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірМемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады.Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Президент еліміз орнықты дамуды қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша халықаралық институттардың қызметіне баса мән беретінін атап өтті.Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруды жақтайды. Еліміздің жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған.Халықаралық конвенция өкілдері Өңірлік экологиялық саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын жеткізді. Олар халық арасында экологиялық сана қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды құптайтындарын мәлімдеді. Сонымен қатар мәртебелі меймандар еліміздің климат және су проблемаларын шешуге қатысты жаһандық бастамаларына қолдау көрсетті.https://akorda.kz/kz/prezident-halykaralyk-konvenciya-zhetekshilerimen-kezdesu-otkizdi-233546 Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ қоршаған орта бағдарламасының (UNEP) атқарушы директоры Ингер Андерсен, Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) Бас хатшысы Ивонн Игеро, БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конвенциясының атқарушы хатшысы Астрид Шомакер, Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы Рольф Пайе қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1207859?lang=kk
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрмен келіссөздер жүргізді 24.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірде - Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Пусан қаласының болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрі доктор Сон Хи Ёппен (Ian Seong) кездесу өткізді.Кездесу барысында көлік-логистика және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту мақсатында Қазақстанның Ляньюньган мен Сиань қалаларындағы логистикалық мүмкіндіктерін Пусан порттық инфрақұрылымымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар технологиялық әріптестік мәселелерін, соның ішінде жасанды интеллект саласында бірлескен зертханалар құруды және «Astana Hub» пен «Centum 2» инновациялық кластерлері арасындағы байланыстарды нығайтуды талқылады.Сондай-ақ әуе қатынасын кеңейту, медициналық туризм және білім беру салаларындағы байланыстарды күшейту мәселелері жеке қарастырылды. Вице-мэр қазақстандық студенттер мен мамандарды қолдауға бағытталған «City Visa Busan» жаңа визалық жүйесінің енгізіліп жатқанын хабарлады.2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына жоспарланған Мемлекеттік сапарына дайындық аясында тараптар Пусанның іскер топтарының белсенді қатысуымен ауқымды Қазақстан–Корея бизнес-форумын өткізуге дайын екендерін растады. Анықтама үшін: Пусан - Корея Республикасының екінші ірі қаласы әрі ең ірі порты, жаһандық логистикалық және технологиялық хаб болып табылады. Қала «Global Hub City» стратегиясын белсенді түрде жүзеге асырып, болашақ инновацияларына, цифрлық экономикаға және жоғары технологиялық өндірістерге басымдық беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1207870?lang=kk
Қазақстан және ЕКПА: конституциялық реформаға назар 24.04.2026
Страсбург, 2026 жылғы 22-23 сәуір – Сенатор Евгений Больгерт Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) көктемгі сессиясына қатысты.Сапар аясында Е.Больгерт ЕКПА Президенті Петра Байрмен (Аустрия) келіссөздер жүргізді.Сонымен қатар, қазақстандық депутат ЕКПА-ның барлық саяси топтарының жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізді – Жольт Немет «Еуропалық консерваторлар, патриоттар және одақтастар», Пабло Испан «Еуропалық халық партиясы», Юлиан Булай «Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы», Франк Швабе «Социалистер, демократтар және жасылдар», Лаура Кастель «Біріккен еуропалық солшылдар».Е.Больгерт әріптестерін Қазақстан Республикасындағы демократиялық үдерістердің барысы және саяси жүйені жаңғырту туралы хабардар етті.Конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Еуропалық парламентарийлерге 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның нәтижелері және Қазақстанның жаңа Конституциясының тұжырымдамалық жаңалықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді.П.Байрмен кездесу барысында Қазақстан мен ЕКПА арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды.Өз кезегінде, ЕКПА саяси топтарының төрағалары елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігін атап өтіп, нақты нәтижелер мен жақсартулардың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, демократияландыру ұзақ мерзімді үдеріс екені айтылды. Еуропалық депутаттар бүкіл халықтың мүддесін білдіретін күшті Парламентті дамыту қажеттігін атап өтті.Ассамблея Президенті мен саяси топтардың жетекшілері Қазақстанда өтетін алдағы парламенттік сайлауға ерекше қызығушылық танытты.Пленарлық сессия аясында Е.Больгерт ЕКПА депутаты Констатинос Эфстафиумен (Кипр) кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ассамблея арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі адам құқықтары күн тәртібін талқылады. Еуропалық депутатқа елдегі құқықтық ортаны жаңғырту және ішкі саяси жүйедегі құқық қорғау бағытын күшейту жөнінде объективті ақпарат ұсынылды. Өз кезегінде К.Эфстафиу Қазақстандағы «толеранттылықтың жоғары мәдениетін» атап өтті.Сонымен қатар, Е.Больгерт ЕКПА депутаттары, Еуропа Кеңесінің институттары, халықаралық сарапшылар және дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан «Конституциялық және парламенттік реформалар – Қазақстандағы саяси трансформацияның жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстелде сөз сөйледі.Спикерлер қатарында ЕКПА-ның Жольт Немет, «Социалистер, демократтар және жасылдар» фракциясы төрағасының орынбасары Бируте Весайте, Еуропа Кеңесінің саяси мәселелер және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Натали Сабанадзе, сондай-ақ франциялық Еуропадағы перспективалар және қауіпсіздік институтының президенті Эммануэль Дюпюи қатысты.Қазақстанда өткен республикалық референдумға қатысқан халықаралық байқаушылар - бельгиялық «Diplomatic World» басылымының директоры Альберто Тюркстра және чехиялық «Free Eurasia Foundation» медиаплатформасының өкілі Ислам Текушев дауыс беру барысы мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы туралы өз пікірлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1207846?lang=kk
«Іскер аймақ» бағдарламасы: 2029 жылға дейін шағын бизнесті қолдауға 1,2 трлн теңге бөлінеді 24.04.2026
Мемлекет басшысының кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) микро және шағын бизнесті қолдауға бағытталған жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады.Бағдарлама кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай жүйелі тәсілді енгізуді көздейді.Негізгі басымдық ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларды дамытуға беріледі. Ал басым салалар қатарында өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік өндірісі, жиһаз және құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ қолөнер бар.«Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сарсекеевтің айтуынша, бағдарламада өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, басым бағыттарды айқындауға жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар әр аудан нысаналы қолдау көрсету үшін алты салаға дейін таңдай алады.2029 жылға дейін бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге жуық 15 мыңға дейін бизнес-жобаны қолдау жоспарланып отыр.Бағдарламада «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» бастамаларына қатысушыларға ерекше назар аударылады. Қаржыландыру екі деңгейлі тәсілмен бөлінеді: қаражаттың 30%-ы басым өңірлерге (Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары), ал 70%-ы Астана мен Алматы қалаларын қоспағанда, өзге өңірлерге бағытталады.Қазіргі уақытта бағдарлама шеңберінде алғашқы жобалар мақұлданып, кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 22%-дан 13,2%-ға дейін төмендетілді.Олардың қатарында аяқ киім өндірісін кеңейту, күнбағыс майын өндіруді дамыту, сондай-ақ болат конструкциялар мен құрылыс торларын шығару жобалары бар.Бір жобаға берілетін қаржыландырудың ең жоғары көлемі 200 млн теңгеге дейін. Қаражатты инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағыттауға болады.Сыйақы мөлшерлемесі мына қағидат бойынша қалыптасады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне плюс 4%, ал субсидия номиналды мөлшерлеменің 40%-ын өтейді.Бұл ретте қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме кемінде 12,6%. Субсидиялау мерзімі – 3 жылға дейін.Қазіргі таңда бағдарламаға екінші деңгейлі алты банк пен төрт лизингтік компания қатысуда. Алдағы уақытта қаржы ұйымдарының тізімі кеңейтіледі.Қаржылық қолдаудан бөлек, кәсіпкерлерге жеңілдетілген жалға беру және оқыту сияқты қаржылық емес қолдау шаралары да ұсынылады. Онлайн курстар «Даму» қорының ресми сайтында жарияланған. Алыс елді мекендер тұрғындары үшін жылжымалы фронт-офистерді іске қосу жоспарлануда.Қосымша ақпаратты «Даму» қорының ресми сайтынан немесе 1408 байланыс орталығы арқылы (қоңырау тегін) алуға болады.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1207825?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1208239?lang=kk
Көктемгі шақыру: Астанада жастарды әскерге шығарып салу рәсіміне 1500 адам қатысты 24.04.2026
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында елордадан әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ҚР Парламенті депутаттары, Қарулы күштердің және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен жас сарбаздар - барлығы шамамен 1500 адам қатысты.Әскерге шақырылушыларға Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков сәт-сапар тіледі.– Сіздер үшін өмірдің маңызды кезеңі басталып отыр. Бұл жай ғана бір жылдық қызмет емес - бұл ерік-жігерді шыңдайтын, мінезді қалыптастыратын уақыт. Әскер Отанға деген сүйіспеншілікті, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Бүгін сіздерге «аманат» жүктеліп отыр - бұл тек ата-аналарыңыздың емес, бүкіл Қазақстан халқының сенімі, - деді ол.Содан кейін генерал-майор Асқар Мұстабеков запасқа шыққан әскери қызметшілерге жоғары оқу орнында тегін білім алуға арналған сертификаттар табыстады. Бұл Қорғаныс министрлігінің «Sarbaz 2.0» әлеуметтік жобасының жүзеге асып жатқанының нақты көрінісі.ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өз сөзінде Қазақстанның жаңа даму кезеңіндегі әскердің маңызын атап өтті. Ол қазіргі әскер тек күштік құрылым ғана емес, сонымен қатар ел тұрақтылығының негізі, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды тірек екенін айтты.Салтанатты жиынның ерекше сәті - «Аманат» рәсімі болды. Запасқа шыққан сарбаздар әскерге шақырылған жастарға әскери абырой мен ұрпақ сабақтастығын білдіретін қалқан мен қылышты табыстады.– 1414 сервисінен хабарлама келген кезде, ойланбастан әскерге бару туралы шешім қабылдадым. Елді, отбасымды және жақындарымды қорғауды үйрену - менің парызым деп санаймын. Бүгін сарбаздарға жоғары оқу орнына түсуге сертификаттар берілгенін көрдім. Мен де өз күшімді сынап, осы мүмкіндікті пайдаланғым келеді, - деді әскерге шақырылушы Мағжан Сайлау.Жастармен әскери-патриоттық тәрбие жүргізгені үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ардагерлері атынан елорда мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.Биыл елордадан барлығы 1400 жас әскерге шақырылады. Айта кетейік, Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау жұмыстары аяқталып, қазірде Қарулы күштер қатарына қабылдау жалғасып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1207780?lang=kk
Қазақстан Африка құрлығымен өзара ықпалдастықты кеңейтуде 24.04.2026
Мәскеу, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев африкалық мемлекеттердің Ресей Федерациясында аккредиттелген елшілерімен кездесу өткізді.Іс-шара барысында Ә.Бақаев кездесуге қатысушыларды елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды экономикалық және саяси реформалармен таныстырды. Бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция әділеттілік, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға, инклюзивті қоғам құруға бағытталғаны аталып өтті.Қазақстан-Африка ынтымақтастығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақс дипломаты Африка Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясатының басым бағыты болып саналатынын, құрлықтағы елдермен өзара іс-қимыл Африка мемлекеттері және Африка Одағы ұйымымен 2025-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделгенін атап өтті.Тараптар саяси диалогты, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды, сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңейтілген консультацияларды, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуды атап өтті. Құқықтық базаны нығайтуға және Қазақстанның Африка құрлығындағы дипломатиялық қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сауда-экономикалық ықпалдастықтағы тұрақты оң динамика аталып өтті. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстан мен Африка елдері арасындағы тауар айналымы 1,172 млрд АҚШ долларын құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. Көлік-логистикалық байланысты одан әрі дамытудың, сондай-ақ бизнес-форумдар мен сауда миссиялары арқылы іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы туралы сөз көтерілді.Көпжақты күн тәртібі шеңберінде Қазақстан тарапы БҰҰ, ИЫҰ және Африка Одағы ұйымы аясындағы үйлестіруді тереңдетуге, сондай-ақ өзара мүдделі мәселелер бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетуге мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Африка елдері арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға бағытталған саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдету міндеттемесі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207743?lang=kk
Самар жағалауы — халықаралық туризмнің жаңа мүмкіндіктері 24.04.2026
Шығыс Қазақстандағы Самар жағалауына Қытайдан келген туроператорлар жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында олар өңірдің туристік әлеуетімен танысып, жергілікті билік өкілдерімен әріптестік бағыттары мен алдағы бірлескен жобаларды талқылады.Қытайлық мамандардың бағалауынша, Самар ауданының географиялық орналасуы тиімді әрі туризмді дамытуға мүмкіндігі жоғары. Қонақтар демалыс орындары жоспарланған аумақтарды аралап, туристік үйлер мен инфрақұрылыммен танысты. Әсіресе табиғаты көркем жағалау мен қолайлы жұмсақ климат болашақ туристік бағыттар үшін тартымды екені атап өтілді.– Біз жағалаудағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамытып, туристерді жайлы әрі қауіпсіз қабылдауға барлық жағдайды жасап жатырмыз. Бүгінде бұл өңір Ресей азаматтары арасында сұранысқа ие, ал енді Қытайдан келетін қонақтарды да қарсы алуға дайынбыз, – деді Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов.Жақын уақытта жағалауда инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, ұялы байланыс пен интернет желісі іске қосылып, Самар – Миролюбовка бағытындағы автожолды жөндеу жалғасады.Қытай делегациясының өкілдері сапар қорытындысын жоғары бағалап, ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, алдағы туристік маусымнан бастап Қытай азаматтары үшін Самар ауданына туристік сапарлар ұйымдастыру жоспарлануда.Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Үрімжі қаласына барып, бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға, оның ішінде туризм саласы бойынша келісімдерге қол қойған болатын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1207675?lang=kk
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздары марапатталды 24.04.2026
55 мыңнан астам адамды біріктірген ауқымды жобаға облыстың 16 ауданы мен 4 қаласынан 300-ден астам білім беру ұйымы қатысты.Қостанай облысында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын ұлт» жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Өңірде жүзеге асқан ауқымды бастама 55 мың қатысушыны қамтып, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттаған ірі қоғамдық қозғалысқа айналды.Қостанай – ағартушылық пен білімнің тамыры тереңге кеткен қасиетті өлке. Бұл – қазақ даласында алғаш мектеп ашып, білім шамын жаққан Ыбырай Алтынсарин мен ұлт руханиятының іргесін қалаған Ахмет Байтұрсынұлының ізі қалған өңір. Осындай тарихи сабақтастық аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы Қостанай облысында жүйелі түрде жүзеге асып келеді.Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Құмар Ақсақалов кітап оқудың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті:«Кітап оқитын адам – әрқашан білімімен озық, ойы ұшқыр және кез келген ортада бәсекеге қабілетті болады. Біздің басты мақсатымыз – жастарды тек білімді ғана емес, сонымен бірге терең ойлайтын, рухани бай тұлға ретінде тәрбиелеу. Дәл осы жоба – болашақ зияткер ұлтты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді өңір басшысы.Іс-шараға арнайы қатысқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет жобаның рухани мәніне тоқталып, өңірдегі оқырман мәдениетінің дамуына жоғары баға берді.Жоба Қостанай облысының 16 ауданы мен 4 қаласын қамтып, 300-ден астам білім беру ұйымын біріктірді.Жалпы, 1200-ден астам интеллектуалдық іс-шара (квиздер, дебаттар, кітап талқылаулар) өткізілді. Нәтижесінде  кітапханаларға келушілер саны мен жаңа оқырмандар қатары айтарлықтай артты. Бұл көрсеткіштер өңірде кітап оқу мәдениетінің тұрақты қоғамдық құндылыққа айналып келе жатқанын көрсетеді.Жобаның нәтижелілігін қамтамасыз еткен басты факторлардың бірі – педагогикалық қауымдастықтың белсенді қатысуы.Жобаға 11 мыңнан астам педагог қатысып, мұғалімдер кітапханалармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға баулыды және оқу процесін тұрақты сүйемелдеді. Нәтижесінде балалардың жобаға қатысу деңгейі айтарлықтай артты. Бұл тәжірибе «мектеп – педагог – кітапхана» өзара іс-қимылының тиімді моделін қалыптастырды.Аталған жобаға 400-ден астам мемлекеттік қызметші қатысып, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері кеңінен қамтылды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі жоғары жұмыс қарқынына қарамастан кітап оқуға тұрақты қызығушылық танытып, жобаның ой-өрісті кеңейтуге және шешім қабылдау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Нәтижесінде кітап оқу мәдениетінің мемлекеттік қызмет жүйесінде де орныға бастағаны байқалды.Жоба нәтижесінде қатысушылардың оқу белсенділігі бірнеше есеге артты.Салтанатты кеште үздік қатысушылар дипломдармен және 1 миллион, 600 мың, 400 мың теңге көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры – 40 млн теңгені құрады.Ауқымды жобаның жүзеге асуына «AMANAT» партиясы мен Қостанай өңіріндегі ірі агроөнеркәсіптік құрылым – «Олжа Агро» ЖШС-нің белсенді қолдауы серпін берді. Бұл серіктестік мемлекет пен бизнестің аймақтағы адами капиталды дамыту ісіндегі ортақ жауапкершілігін айқын аңғартады.«Кітап оқитын ұлт» – бұл жоба ғана емес. Бұл – білім мен парасатты құндылыққа айналдыратын ұлттық қозғалыс.Қостанай облысының тәжірибесі Кітап оқитын ұлт қалыптастыру идеясының нақты жүзеге асатынын дәлелдеп отыр.Аймақта «Кітап оқитын ұлт» жобасы Аманат партиясы мен Олжа Агро компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1207676?lang=kk
Орталық Азия елдері RES-2026 көрмесінде криосфера саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 24.04.2026
Орталық Азияда мұздықтардың еруі жеделдеді. Шығарындылардың жоғары деңгейі (SSP5-8.5) жағдайында аймақ 2100 жылға қарай 2020 жылғы мұз көлемінің 85%-ына дейін жоғалтуы мүмкін. Бұл су ресурстарына, инфрақұрылымға және халыққа қысымды арттырады және мұздық көлдерінің жарылуы салдарынан су тасқынын қоса алғанда, табиғи апаттардың қаупін арттырады. Бұл процестер аймақтық сипатқа ие болғандықтан, елдерге үйлестірілген шешімдер қажет.Осы қиындықтарға жауап ретінде Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесі Астанадағы Аймақтық экологиялық саммитте (RES-2026) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Орталық Азияның криосферасы: ғылыми бағалаудан бастап климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша бірлескен әрекетке дейін» атты сессия ұйымдастырды. Сессия GEF-UNDP-UNESCO криосфера жобасы аясында өтті және Орталық Азия елдерімен бірлесіп ұйымдастырылды.Сессияның негізгі нәтижесі - ЮНЕСКО-ның қолдауымен Орталық Азия елдері әзірлеген және мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгілік тоңды бақылау және зерттеу саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу тәсілдерін үйлестіруге бағытталған Криосфера бойынша бірлескен субаймақтық іс-қимыл бағдарламасын (JSAP) талқылау болды.«ЮНЕСКО ғылыми базаны нығайтуда және криосферада аймақтық ынтымақтастықты дамытуда Орталық Азия елдеріне белсенді түрде қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда негізгі міндет - ғылыми бағалаудан нақты іс-әрекетке көшуді қамтамасыз ету. JSAP аймақтағы елдерге осы өтпелі кезең үшін практикалық негіз береді және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы күш-жігерді үйлестіруді күшейтеді», - деп атап өтті Алматыдағы ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің директоры Амир Пирич мырза. Сессиядан кейін Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапты мемлекеттік органдарының басшылары Бірлескен іс-қимыл жоспарын (JASP) іске асыруды қолдау үшін бірлескен мәлімдеме қабылдады, бұл аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға деген міндеттемелерін растады.«Бүгінде ешбір ел климаттың өзгеруі мәселелерін жалғыз өзі тиімді шеше алмайтыны айқын болып келеді. Сондықтан аймақтық ынтымақтастық маңызды маңызға ие. Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің бірлескен жұмысының маңызды нәтижесі - криосфераны сақтау бойынша үйлестірілген әрекеттерді жүзеге асыру туралы бірлескен мәлімдемені дайындау. Бұл құжат аймақ елдерінің күш-жігерді біріктіруге және климаттың өзгеруіне бейімделуге үйлестірілген тәсілдерді әзірлеуге дайындығын көрсетеді», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.ЖАО криосфераны бақылау және сақтау бойынша мемлекеттер мен серіктестердің әрекеттерін үйлестіру үшін негіз жасайды, ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтайды және аймақтағы бейімделу шараларын ілгерілетеді. Бірлескен мәлімдеме сонымен қатар донорларды, халықаралық қаржы институттарын және жеке секторды қоса алғанда, әртүрлі көздерден қаржыландыруды жұмылдыру мүмкіндіктерін ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207658?lang=kk
«Музыкалық білім берудегі инновациялық тәсілдер: музыка сабағында ЖИ-ні қолдану» облыстық семинары 24.04.2026
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 23 сәуірінде, Өскемен қаласы бойынша музыка пәні мұғалімдерінің тәжірибесін тарату мақсатында «Музыкалық білім берудегі инновациялық тәсілдер: музыка сабағында ЖИ-ні қолдану» облыстық семинары өтті.Семинарға облыстың музыка пәні мұғалімдері қатысты.Іс-шара барысында педагогтер төмендегі тақырыптарда шеберлік сыныптар көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті: «ИИ на уроке музыки: обзор полезных сервисов для учителя»; «Заманауи платформалар арқылы жасанды интелектті музыка пәндерінде қолдану»; «Геймификация и искусственный интеллект на уроках музыки в начальной школе: методика системной интеграции»; «Музыка пәні сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың тиімділігі»; «Искусственный интеллект на уроках музыки: помощник педагога и вдохновитель ученика»; «Инновационные подходы в музыкальном образовании: использование ИИ на уроках музыки»; «Жаңа құрал - жаңа мүмкіндік: Grok-ты сабақта қолдану».Қатысушыларға семинар барысында көрсетілген платформалар, оларды қолдану бойынша (QR-кодтармен) жинақталған үлестірмелі материалдар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1207592?lang=kk
«Ұлттық кітап – ұрпақ аманаты» 24.04.2026
Бүгін «Руханият» орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап – ұрпақ аманаты» атты тағылымды шара ұйымдастырылды.Шараның шымылдығы «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты кітап көрмесімен басталып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін құнды еңбектер ұсынылды.Сонымен қатар фестиваль «Жырмен өрілген кітап әлемі» атты поэтикалық марафонмен жалғасып, мектеп оқушылары әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін жыр арқылы жеткізді.Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп: «Қазіргі таңда бұл бағытқа мемлекет мән беріп, қоғам тарапынан ерекше назар аударылып келеді. Өйткені осы құндылығымыздың өзегінде халқымыздың бар болмысы, мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы жатыр. Бұл күн шын мәнінде ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналып жатса, біздің халық ретінде өркениет төріне шыққанымызды білдіреді. Сондықтан адамзаттың ақыл-ойы хатталған асыл мұрамызды кеңінен насихаттау - біздің парызымыз»,- деп атап өтті.Шара барысында кітапхана саласының қызметкерлері мен белсенді оқырмандарына аудан әкімінің «Құттықтауы» табысталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Сондай-ақ «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана қорына жаңа кітаптар табысталып, игі дәстүр жалғасын тапты.Тағылымды шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, «Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев сөз алып, кітаптың ұлт тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.Мазмұнды кеште белсенді оқушылар ақын өлеңдерін оқыса, аудан өнерпаздары әсем әнмен әрледі.Фестиваль одан әрі мәжіліс залында «Жаңа буын – жаңа жыр» атты ерекше поэзия кешімен жалғасын тапты. Кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебек Таңбаев сөз сөйлеп, жастарға ақ батасын берді. Кемел келешекке жетелер жас буын өкілдері өз шығармаларын оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлап, жыр мен ән үндескен рухани кештің мәнін арттыра түсті.Бүгінде ауданымызда 456 мыңға жуық кітап қоры тұрғындарға қызмет етуде. Сондай-ақ облыс әкімі және аудан басшысының қолдауымен қазіргі таңда «Түнгі кітапхана» жобасы іске қосылып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1207572?lang=kk
Бірыңғай шақырту тізілімі: Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі 24.04.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың төрағалығымен азаматтарды әскери қызметке шақыру жүйесін жетілдіру және мемлекеттің жұмылдыру әлеуетін нығайту мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.Отырысқа Әділет, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Көлік, Цифрлық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерін қоса алғанда, бірқатар негізгі мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі ведомстволар қатысты.Кеңес барысында азаматтардың Отанды қорғау жөніндегі конституциялық міндетін орындауын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені атап өтілді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Үкіметінің тұрақты бақылауында.Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды хабардар ету жүйесінің тиімділігін арттыруға, шақыру науқанының ашықтығын қамтамасыз етуге және әскери міндетті орындау тәртібін күшейтуге бағытталған Біріңғай шақырту тізілімін енгізу мәселесін пысықтауда.«Біріңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың конституциялық міндетін орындауын жүйелі түрде қолдайтын заманауи цифрлық тетікті қалыптастырамыз», – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.Сонымен қатар бастама аясында әскерге шақырудан жүйелі түрде жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Аталған шаралар уақытша сипатта болып, тек қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асатын болады.Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл деректермен жедел алмасуды қамтамасыз етуге және қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.«Мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу – жүйенің тиімділігін арттырудың негізгі шарты. Біз оның ашықтығын, сенімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіспіз», – деп атап өтті Қорғаныс министрі.Сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметшілердің ай сайынғы қаржылай қажеттілік үлесін арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтауды ұсынды.Кеңесті қорытындылай келе, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов аталған бастамаларды іске асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді және жүйелі іс-қимылын талап ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1207555?lang=kk
«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы 24.04.2026
2026 жылы 23 сәуірде ШҚО білім басқармасы және «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен облыстық «Әз-Наурыз» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға облыс колледждері қатысты.Мерекеге қатысушыларды ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы құттықтады. Барлық іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған.«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы аясында келесі іс-шаралар өткізілді:- колледж студенттері арасында алаңда өткізілетін «Кім Ең жүйрік?» (ұлттық ойындар: қой көтеру, тоғызкұмалак, қол күресі);- концерттік бағдарлама;- «Наурыз-жыл басы» атты - ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі;- наурыз көже тарату, қонақтарды мерекелік дастарханға шақыру.Түрлі-түсті безендірілген киіз үйлерде мереке қонақтарына бауырсақ, Наурыз - көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.Жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары дипломдармен және грамоталармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1207546?lang=kk