Әлем
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуал бойынша мәлімдемесі 25.06.2025
АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021811?lang=kk
Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагері ашылды! 25.06.2025
Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагері ашылды!Самар ауданында “Балауса – 2” әскери-патриоттық лагерінің алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Бұл — оқушылар үшін жазғы демалысты пайдалы әрі тәрбиелік бағытта өткізуге үлкен мүмкіндік.Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар:Самар ауданы әкімінің орынбасары Мұрат МұхаметжановАудандық білім бөлімінің басшысы Руслана ЗакирьяноваБалалар өнер мектебінің директоры Даурен КарменовБалалар өз өнерлерін паш етіп, ән мен биден мерекелік бағдарлама ұсынды. Ашылу кеші көтеріңкі көңіл күйде өтті.Биылғы маусымда 100 мектеп оқушысы лагерьде демалып, әскери-патриоттық тәрбие алатын болады. Бұл – елжандылықты дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1021846?lang=kk
Ақмола облысында республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» науқанның алғашқы ұтыс ойыны өтті 25.06.2025
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» республикалық акциясы басталды, мамырда «Бәйге» мотивациялық науқаны, «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы және Халық банкінің ұтысы қосылды.Акцияның ұйымдастырушысы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақмола облысы әкімінің қолдауымен және Halyk Bank демеушілігімен өткізіліп жатыр. Бұл акцияның мақсаты: көлеңкелі экономикамен күресу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, кассалық тәртіпті жақсарту, адал бизнесті қолдау болып табылады.Науқанға қатысу үшін азаматтар Amian мобильді қосымшасы арқылы чектерді жіберіп ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтып алады. «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқаны аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз.Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.Халық банкінің Көкшетау қаласындағы филиалында «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» бірінші ұтысының жеңімпаздарына Халық банкінен сертификаттар табыс етілді. Ақмола облысы бойынша 10 жеңімпаз анықталды Ақкөл ауданының тұрғыны Гүлмира Төлеутаева, Аршалы ауданының тұрғыны Владимир Гельмут, Астрахан ауданының тұрғыны Әсем Саттыбаева, Жарқайың ауданының тұрғыны Бекболат Кенжебеков, Жақсы ауданының тұрғындары Зәуреш Түспаева мен Айнұр Қайдауылова және Көкшетау қаласының тұрғындары – Жәмиля Махметжанова, Айжан Сапаркулова, Айнагүл Мухамеджанова мен Аман Қалишев.Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1021537?lang=kk
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау 25.06.2025
Сұрақ: Бұл күндері біз өз өмірімізді ұялы телефонсыз елестете алмаймыз. Өндірушілер күн сайын жаңа өнімдерді жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон сатып алу-көптеген адамдардың арманы, оны жүзеге асыру үшін кейбіреулер тіпті банктен несие алуға дайын. Алайда, егер алынған телефон сынып қалса, ондай жағдайда не істеу керек? Жауап: Тұтынушылар аталған келенсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды.Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз - өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет.Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1021551?lang=kk
Аудан орталығымен көлік қатынасының болмауына байланысты ағымдағы жылдың 13 мамырына жоспарланған Жақсы ауданы әкімінің Терісаққан ауылының тұрғындарымен кездесуі белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды .Кездесу 25 маусымда сағат 10:00-де мектеп ғимаратында өтетінін хабарлаймыз. Барлық тұрғындарды қатысуға шақырамыз. 25.06.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1021553?lang=kk
ШҚО-да туризм және денсаулық сақтау мәселелері қаралды 25.06.2025
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен көшпелі отырыс өтті.Аталған отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков қатысты.Жиында туристік маусымның өту барысы, Риддер қаласының туристік әлеуеті, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржыландыру мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті проблемалар талқыланды.«Біздің елімізде туристік маусым дәстүрлі түрде жаз айларына сәйкес келеді. Қазір, яғни туристер ағынының күшейген кезеңінде, көлік және коммуналдық инфрақұрылымнан бастап, құқық қорғау органдары мен санитарлық бақылауға дейінгі барлық тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды. Басты басымдықтар – жоғары деңгейдегі сервис, қауіпсіздік, санитарлық ахуал және туристік саладағы кәсіпкерлік қызметтің ашықтығы», – деді Ермек Қошербаев.Атап айтсақ, туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыртқы талдау жүргізілген. Талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.Қазіргі таңда оларды жою бойынша өкілетті органдармен жұмыс жүргізілуде. #Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1021591?lang=kk
Қазақстан және MVM Group болашақ энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусым, Будапешт – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде Елші Абзал Сапарбекұлы мен Мажарстанның жетекші энергетикалық компанияларының бірі – MVM Group компаниясының бас директоры Карой Матрай мырза арасында кездесу өтті.Кездесу барысында тараптар энергетикалық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылап, MVM Group компаниясының 2024 жылғы қарашада Қазақстан Президентімен өткен дөңгелек үстелге қатысуы аясында басталған диалогты жалғастырды.Ынтымақтастық бағыттары ретінде газ өндіру және қайта өңдеу, энергетикалық нысандарды жаңғырту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, халықаралық энергетикалық дәліздерге қосылу, сондай-ақ тәжірибе мен технологиялар алмасу мәселелері қарастырылды.Елші Қазақстанда атом электр станциясын салуға дайындық аясында MVM EGI компаниясы ұсынатын құрғақ салқындату технологиясын зерттеу жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Жобаның негізгі қатысушылары анықталып, үдеріс белсенді кезеңге көшкені айтылды.Тараптар техникалық делегациялар мен сарапшылардың өзара сапарларын, сондай-ақ қазақстандық мамандарды MVM Group базасында оқыту мүмкіндігін талқылады.Мажар тарапы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық білдіріп, Қазақстанның салалық құрылымдарымен әрі қарай өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1021610?lang=kk
Алмалы ауданының ТЖБ электр скутерлерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді 25.06.2025
Акция аясында Алмалы ауданының өтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері халық арасында электр скутерлерін пайдалану ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде:* қайта зарядталатын батареяларды қалай дұрыс зарядтауға болады;* қандай зарядтағыштарды қолдануға болады;* неліктен скутерді түнде немесе тікелей күн сәулесінде зарядтауға қалдыруға болмайды;* ақаулықтарды қалай тануға және өрттен аулақ болуға болады.Сонымен қатар, қызметкерлер электр скутерлерін сататын дүкендерге барып, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сатушылармен және қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, сатып алушыларды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері туралы хабардар етудің маңыздылығын еске салды.Бұл іс — шаралардың мақсаты-азаматтардың хабардарлығын арттыру және электр скутерлерді дұрыс пайдаланбауға байланысты өрт қаупін азайту. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1021614?lang=kk
Беларус Елшісінің сыпайылық сапары 25.06.2025
Бразилиа,2025 жылғы 20 маусым -Беларустың Бразилия Федеративтік Республикасында жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Андреев мырза Қазақстан Республикасының Елшілігіне сыпайылық жүздесумен келіп, ҚР-дың Бразилиядағы Елшіcі Болат Нүсіповпен кездесті.Кездесу барысында дипломаттар дипкорпус арасындағы ықпалдастық мәселелерін талқылап, Бразилиямен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың негізгі тустары жөніндегі ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, тараптар болу еліндегі қызмет тәжірибесімен бөлісіп, елшіліктер деңгейінде достық қарым-қатынастарды сақтауға әзірліктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1021648?lang=kk
Ономастика саласы бойынша түсіндіру жұмыстары туралы 25.06.2025
Мәдениет басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 09-17 маусым аралығында облыс аумағында ономастика саласы бойынша кең ауқымды дәйекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Шаралар кешені аясында саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының вице-президенті Д.Қ. Көшім, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Х. Жақып және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы З. Санайдың, басқарма басшысының орынбасары М.Б. Әбдірахмановтың, ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ж. Садуақасованың арнайы спикер ретінде қатысуымен облыстың 8 ауданында «Ономастика саласы бойынша түсіндіру-зерттеу жұмыстары» тақырыбында 15-тен артық кездесу, Арқалық және Рудный қалаларында «Жер-су атаулары: елдік сана және рухани жаңғыру» атты көшпелі семинарлар өткізілді. Аталған шараларға аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық пікір белсенділері, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының, ардагерлер кеңесінің, ономастикалық жұмыс топтарының мүшелері, ономастика, тарих мәселесімен айналысатын өлкетанушылар, оқытушылар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері, тұрғындар, мекемелер, кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер, музей, кітапхана, жастар ресурстық орталықтарының мамандары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, мамандары қатысты. Көшпелі семинарлар жұмысымен барлық өңірлер қамтылды.Спикерлер Қазақстан Республикасының ономастика саясатының негізгі бағыттары, Қостанай облысындағы ономастика мәселелері, ономастика саласын заңдық тұрғыдан реттеу туралы баяндап, тәжірибемен бөлісті. Аудандар мен қалалардың атқарушы органдары өкілдері өңірлердегі ономастикалық ахуалмен таныстырды. Қатысушылар көшелер атауларын өзгерту, объектілерге кісі есімдерін беру туралы көкейтесті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/1021657?lang=kk
FSM Social 25.06.2025
✅ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының “Жанұя” отбасын қолдау орталығы КММ мамандары Катонқарағай ауданында болып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезеңде анықтап, оларға уақытылы қолдау көрсету мақсатында әзірленген “FSM Social” жаңа мобильдік қосымшасын таныстыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1021658?lang=kk
Діни ағымдар және қоғам қауіпсіздігі 25.06.2025
🕌 Катонқарағай ауданында діни ағымдар туралы кездесу өтті.«Діни ағымдар және қоғам қауіпсіздігі» тақырыбындағы кездесуге аналар кеңесінің төрайымы, ақсақалдар алқасының төрағасы, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.📌 Бас имам Тимур Найманбаев жастардың теріс діни ағымдарға еріп кету қаупі, діни сауаттылықтың маңызы, отбасы тәрбиесі мен мемлекет саясаты жайлы айтты.Қатысушылар мұндай кездесулердің тұрақты өтуі қажет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1021659?lang=kk
Қазақстан мен ЕҚДБ әріптестікті нығайтып келеді 25.06.2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) – Қазақстан үшін маңызды серіктестердің бірі. Банктің қаржыландыруы мен сарапшыларының қолдауы арқылы елімізде жаңғырмалы энергия көздері, көлік логистикасы және цифрландыру салаларында жобалар жүзеге асырылып жатыр. ЕҚДБ-ның қаржылық қолдауымен қатар халықаралық озық тәжірибемен бөлісуі де ерекше маңызға ие. ЕҚДБ Директорлар кеңесінің делегациясымен болған кездесуде біз өзара әріптестікті арттыруға деген ортақ мүддені тағы бір мәрте екшеп алдық.Былтыр екіжақты ынтымақтастыққа байланысты рекордтық көрсеткіш тіркелді: ЕҚДБ Қазақстан экономикасының түрлі салаларына бағытталған жалпы сомасы 935 млн долларға жететін 25 жаңа жобаға қол қойды.Кездесудің нәтижесінде бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенімізді айқындап алдық. Қазақстан мен ЕҚДБ ұлттық экономиканың орнықты дамуына үлес қосатын жобаларды іске асыруды жалғастыра түседі.Осы кездесу халықаралық қаржы институттарымен тиімді ынтымақтастық ұлттық даму мақсаттарына қалай қол жеткізуге болатынын нақты байқатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1021381?lang=kk
20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025–2027 жылдарға арналған Алтай ауданының бюджеті туралы» Алтай ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Баяндамашы: Хамитов Рафаэль Шариполлинович – Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы туралы. Алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы күрес және есірткі бизнесіне қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы.Баяндамашылар:Мусинов Айбек Аскерканович – Алтай ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі.Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру және Алтай ауданындағы балалар сауықтыру лагерлерінің жұмысы туралы.Баяндамашы: Канафина Бахытгуль Калибековна – Алтай ауданының білім бөлімінің басшысы.Алтай ауданында шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы.Баяндамашы: Ахметкалиева Дария Кумаркановна – Алтай ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы.2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы.Баяндамашы: Жуанганов Куат Айдынұлы – Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.Өзгерістер енгізілді. Депутаттармен келісілді.2023 жылғы 26 желтоқсандағы №9/4–VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.2020 жылғы 27 ақпандағы №62/7-VI «Алтай ауданының бюджет комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.2015 жылғы 13 наурыздағы №40/9-V «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.Депутаттар белсенді түрде сұрақтар қойды. Тікелей эфирде трансляция жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1021388?lang=kk
Қазақстан ШЫҰ аясында цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 25.06.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев 17 маусымда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында өткен, ШЫҰ мүше мемлекеттерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы министрлер мен ведомстволар басшыларының IV кеңесіне қатысты.Кеңеске Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Пәкістан, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы елдері — Түркия мен Әзірбайжанның АКТ дамытуға жауапты министрлер мен ведомстволардың басшылары қатысты.Қатысушылар АКТ саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, ШЫҰ елдерінің экономикасын цифрландырудың табысты мысалдарына тоқталды. Сондай-ақ, жиын барысында цифрлық даму мәселелері мен перспективалары, жаңа технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды.Одан бөлек, «цифрлық теңсіздік» мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл ретте мамандар цифрлық инклюзивтілік – ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыты екенін атап өтті.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев Қазақстанның ШЫҰ аясында цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге басымдық беретінін жеткізді.«Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, «ақылды қала» технологияларын енгізу, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен цифрлық тәуелсіздікті қамтамасыз ету сияқты басым бағыттар бойынша конструктивті ынтымақтастыққа дайын», - деді вице-министр.Кеңес қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ мүше мемлекеттерінің цифрлық трансформация саласындағы іс-қимыл жоспарын қабылдады.Цифрландыру және АКТ дамуы аталған мемлекеттерге тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қауіпсіздікті арттыру сияқты маңызды міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыда ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық бүкіл аймақтың үйлесімді дамуы мен мүше мемлекеттер арасындағы өзара сенімді нығайту үшін маңызды болып отыр.Айта кетерлігі, келесі кеңес Қырғыз Республикасының төрағалығымен 2026 жылдың маусым айында Бішкек қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/1021398?lang=kk
20 маусымда Алтай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. 25.06.2025
2025 жылғы 20 маусымда Алтай ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №24/2-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Алтай ауданы мәслихатының «2025 жылға Алтай ауданы бойынша кондоминиум объектілерін басқару және жалпы мүлікті ұстауға арналған ең төменгі шығын мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасын қарау.ТКШ және көлік инфрақұрылымы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы.Алтай ауданы бойынша жолаушылар тасымалы мәселелері туралы.Алтай қаласының жылу және сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру туралы. «Алтай қаласының жылу-су орталығы» ШЖҚ КМК-ның, сондай-ақ тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін қарызын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.Алтай қаласының су құбыры желілерін қайта құру жұмыстарының орындалу барысы туралы.Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан өзекті мәселелер бойынша уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жолдау туралы шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1021427?lang=kk
Астанада сутектік энергетиканы дамытуға арналған акселерациялық сессия өтті 25.06.2025
Астана, 2025 жылғы 20 маусым — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Астанада сутектік энергетика саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мен кедергілерді жоюға бағытталған акселерациялық іс-шара өткізді. Шараның мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды анықтап, нақты ұсынымдар әзірлеу болды.Акселерациялық сессияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ільяс, Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтар мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың қатарында Hyrasia One, BEES Energy (Seraphim Energy Group), Alatau Green Energy, Air Liquide, Linde Gas, Alstom, Green Spark Limited, Wabtec және басқалары қатысты.Қатысушылар сутектік энергетиканы дамытудың өзекті мәселелерін атап өтіп, бірлескен шешімдерді әзірлеуге қызығушылық білдірді. Мәжіліс депутаттары бұл саланы төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі ұлттық күн тәртібінің маңызды бағыты ретінде атап, қажет заңнамалық және реттеуші базаны қалыптастыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Hyrasia One компаниясы Маңғыстау облысында қуаттылығы жылына 2 миллион тоннаға дейінгі жасыл сутек шығаратын ірі өңірлік кешен салу жобасын таныстырды. Жоба еуропалық нарыққа экспортты көздейді. Одан кейін Seraphim Energy Group Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 40 мың тоннаға дейінгі сутек өндіретін кешен мен 1 ГВт күн электр станциясын салу жоспарын ұсынды. Бұл өнім де экспортқа бағытталмақ.Акселерация аясында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысқан жұмыс топтары құрылды. Олар технологиялық шешімдер мен инфрақұрылымдық дайындықтан бастап, мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі практикалық мәселелерді талқылады. Инвесторлар кездесетін нақты шектеулерге ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша бейінді ведомстволар мен Инвестициялық штаб деңгейінде жалғасатын жұмыс үшін ұсыныстар әзірленді.«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы Қазақстандағы сутектік энергетика саласына стратегиялық серіктестерді тарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында белсенді жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1021444?lang=kk
Ыстық судың уақытша өшірілуі 25.06.2025
2025 жылғы 23 маусымда Тәуелсіздік даңғылы бойымен өтетін ТМ-2 жылу магистралінде диаметрі 200 мм болатын ақаулы ысырманы ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Аталған жұмыстарға байланысты қаланың орталық бөлігінде орналасқан 124 көппәтерлі тұрғын үй уақытша ыстық сумен жабдықтаудан ажыратылады.Қалпына келтіру жұмыстары 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1021449?lang=kk
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу қызметтері» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыруды белсенді түрде жалғастыруда. 25.06.2025
Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 6 пилоттық шаруашылықтың егіс алқаптарында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен топырақтағы қоректік элементтердің құрамына қарай бастапқы құнарлылығын анықтау, топырақты егіске дейін зерттеу, жаңа технология бойынша өндірістік егіс жоспарын жасау, тұқымдық материалды дайындау, микробиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, егіс алдындағы және аралық топырақ өңдеу жұмыстары, ылғалды жинақтау мен сақтаудың агротехникалық әдістерінің тиімділігін анықтау бойынша шаралар жүзеге асырылды. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану бойынша өндірістік тәжірибелер жүргізілуде.Қазіргі уақытта вегетациялық кезең бойы фитосанитарлық мониторинг жүргізіліп, жедел ұсыныстар беріліп, егістерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуда.Аталған бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1021465?lang=kk
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2024 жылғы 03 шілдедең бастап сағат 10:00-де «басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша «gosagro» сайтында өтінімдерді қабылдау басталатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. 25.06.2025
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2024 жылғы 03 шілдедең бастап сағат 10:00-де «басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша «gosagro» сайтында өтінімдерді қабылдау басталатынын сіздің назарыңызға жеткізеді. Естеріңізге сала кетейік, субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне Басым дақылдар бойынша қайта өңдеуге тапсырылған өнім үшін немесе облыс әкімдігі бекіткен бюджет қаражатының көлемі шегінде, сондай-ақ тізбе мен нормаларға сәйкес ағымдағы жылы немесе өткен жылдың төртінші тоқсанында меншікті қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге тапсырылған өнім үшін басым дақылдар бойынша шығындарды ішінара өтеуге арналған ЖАО қаулысымен бекітілген субсидиялар. Осы ақпаратты ауданның (қаланың) барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің назарына жеткізуіңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1021494?lang=kk