Enbekshi QazaQ

Әлем

2025 жылдың 23 маусымы мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Мемлекеттік қызметкердің жарқын үлгісі ретінде Елена Анатольевна Епихинаны айтуға болады. 25.06.2025
Елена Анатольевна Епихина, 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген.Е.А. Епихина өз еңбек жолын  2008 жылдың караша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Петропавл қ. Әділет басқармасының бас маманы ретінде жұмыс атқарған.2011 жылдың қантар айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу  және апостилдеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.Әділет органдарында еңбек өтілі 16 жыл 7 ай.Әділет органдарында жұмыс атқарған кезеңінде өзiн білікті, жауапты маман ретінде және өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын қызметкер екенін байқатты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1021889?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының кинологі Астанада көпір үстінде ер адамды құтқарып қалды 25.06.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің ефрейторы Достық Жақсылық (видеода – қара жейдеде) елордадағы көпір үстінде болған оқыс оқиғаның алдын алып, бір азаматтың өмірін сақтап қалды.Оқиға 21 маусымға қараған түні сағат 00:30 шамасында Көктал көшесінің бойындағы «Сарқырама» көпірінде болған. Жедел қызметтерге 1996 жылы туған ер адамның көпір қоршауынан асып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ауыр күйзеліс жағдайында болған.Қызметтен кейін үйіне қайтып бара жатқан ефрейтор Д. Жақсылықтың батыл әрі жедел әрекетінің нәтижесінде полицейлер келгенге дейін жағдайдың ушығуына жол берілмеді. Адам өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған әскери қызметші ойланбастан ер адаммен диалог орнатып, назарын басқа жаққа аударуға тырысқан.«Басында таза ауаға шыққан біреу шығар деп ойладым, – дейді ефрейтор. – Бірақ жақындай бергенімде, оның жағдайы қалыпты еместігін түсіндім. Қоршаудан асып, бір қолымен ғана ұстап тұр екен. Мұндай сәтте ойланып тұруға уақыт жоқ – әрекет ету керек».Сабыр мен байыптылық танытқан жауынгер ер адаммен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысқан. Осы сәтте жанынан өтіп бара жатқан тағы бір азаматпен бірлесіп, ер адамды қоршаудың бергі жағына тартып шығарған. Осылайша қауіпті жағдайдың алдын алды.Құтқарылған азаматқа шұғыл түрде медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір ол мамандардың бақылауында. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1021904?lang=kk
23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күні! 25.06.2025
Бүгін әлемнің барлық мемлекеттік қызметкерлері үшін бірыңғай кәсіби мереке.2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды.2013 жылы Қазақстандағы тұңғыш Президенттің Жарлығымен бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік жүйеде маңызды механизм, соның арқасында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру қалыптасады.Мемлекеттік қызмет ашықтық, құзыреттілік, әдептілік, тиімділік, сонымен қатар Қазақстан азаматтарының сұраныстарына бағдарлану сияқты негіздерде құрылатынын атап өту маңызды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді жұмысы мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторына айналуы тиіс екенін атап өтті.Барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және алға қойған міндеттеріңізге тиімділік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1021932?lang=kk
Қармақшы ауданында әлеуметтік қолдаудың цифрлық моделін енгізу бойынша мәжіліс өтті 25.06.2025
Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің жаңа моделін енгізу туралы кеңейтілген мәжіліс өтті.Жиында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ашып, әлеуметтік саланы жетілдіру бағытында көрсетілетін қызметтердің халыққа тиімділігі жайында атап өтті.Мәжіліске Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы – Фарида Сағындыққызы арнайы іссапармен келіп, негізгі мәселеге байланысты өткізілетін оқытудың мақсаттары мен жоспарлары бойынша баяндама жасады.Жиын барысында отбасылық және әлеуметтік саясатты жетілдіру, FSM Social және Socium ААЖ секілді заманауи цифрлық платформаларды енгізу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тиімді әрі нақты бағытта ұсыну мәселелері талқыланды.Мәжіліс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1021872?lang=kk
Маңғыстауда сотталғандар арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара өтті 25.06.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде (қоныс-колониясы) жазасын өтеушілер арасында Ұлттық ойындар күніне орай спорттық-мәдени шара ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарын насихаттау, жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жазасын өтеушілер арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сынды ата-бабадан жеткен ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс тартысты әрі жоғары белсенділікпен өтті.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушыларды мекеме бастығы, әділет полковнигі Сансызбай Аминов арнайы марапаттап, I, II, III орын иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің рухани-мәдени дамуына оң әсер етіп, олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021697?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Халықаралық йога күніне орай өткен шараға қатысты 25.06.2025
21 маусым күні Халықаралық йога күні аясында Ақтау қаласының жағалауында таңғы жаппай йога жаттығуы өтті. Іс-шараны  “Сәлем Namaste” үнді этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.Йога жаттығуына Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де қатысып, физикалық әрі менталдық саулықты нығайтуға деген қызығушылықтарын және халықаралық мәдени бастамаларға ашықтықтарын көрсетті.«Мұндай шаралар адамдарды біріктіреді, өзін-өзі дамытуға шабыттандырады және ішкі үйлесімнің маңыздылығын еске салады. Біз әріптестерімізбен бірге сергектік пен жағымды көңіл-күй алдық, бұл — басқаларға үлгі боларлық жақсы бастама», — деп әсерлерімен бөлісті қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021700?lang=kk
Маңғыстауда "Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясында бостандыққа шыққан азаматқа жан-жақты қолдау көрсетілді 25.06.2025
Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясында мекеме бастығы Сансызбай Аминовтың жетекшілігімен «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шараға Ақтау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының, «РАЙ» әлеуметтік көмек көрсету орталығының өкілдері және мекеме қызметкерлері қатысты.«Жоба аясында біз жазасын аяқтап, бостандыққа шығуға дайындалып жатқан азаматпен кездестік. Кездесудің мақсаты – оған әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бейімделуге көмектесу», – деді мекеме өкілдері.Тұрақты баспанасы болмағандықтан, ол уақытша әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары оған жұмыс табуға, кәсіптік білім алуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және психологиялық қолдау көрсетуге көмектеседі. Бұл шаралардың барлығы оның қоғамға сәтті бейімделуіне және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021701?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Донор күніне арналған акцияға қатысты 25.06.2025
Дүниежүзілік донор күніне орай Маңғыстау облысындағы №43 мекемесі - қоныс-колониясы мен №77 мекемесі - тергеу изоляторының қызметкерлері қан тапсырды. Іс-шара қайырымдылық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты – донорлықтың маңыздылығына назар аударту, әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қан құюға мұқтаж жандарға көмек көрсету.Облыстық қан орталығының мамандары ҚАЖ қызметкерлеріне игі істері үшін алғыстарын білдірді. Олар бір реттік қан тапсыру үш адамның өмірін құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.Акцияға қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті:– Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Донор болу – жай ғана шара емес, бұл біреуге өмір сыйлау мүмкіндігі. Бұл – азаматтық ұстаным мен бірліктің көрінісі, – деді қызметкерлер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021703?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде цифрлық шешімдер енгізілуде 25.06.2025
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Жәнібек Баймағанбетов Маңғыстау облысына сапар аясында аймақтық ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Алтынбек Қалиевпен бірге №43 мекемеге (қоныс-колониясы) және №77 мекемеге (тергеу изоляторы) барды.Сапар кезінде мекемелердің техникалық базасы, кезекші бөлімдері, бейнебақылау операторларының посттары және өтініштер мен шағымдарды қабылдауға арналған электрондық терминалдардың жұмысы тексерілді.⠀Негізгі назар мекемелердің техникалық жабдықталуына, цифрландыру деңгейіне және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.⠀№77 мекеме базасында пилоттық жоба іске асырылуда — тергеу изоляторының ғимаратына ұялы байланысты толықтай бұғаттайтын арнайы құрылғылар орнатылған.⠀Осыған байланысты «Кар-Тел» ЖШС (Beeline сауда белгісі), «Кселл» АҚ (Activ) және «Tele2» байланыс операторларының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сигналдарды бұғаттауға қатысты техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ ҚАЖ мекемелері мен байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.⠀Мекемелерге барғаннан кейін Жәнібек Сағындықұлы ҚАЖ департаментінің тарих музейіне барып, экспонаттармен танысты.⠀Кейіннен ол департаменттің жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізіп, Ішкі істер министрі мен оның орынбасарының тапсырмаларын жеткізді. Кеңес барысында нақты міндеттер жүктеліп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1021706?lang=kk
Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өтті. 25.06.2025
        Абай облысында әйелдер арасында волейболдан турнир өткізілді.          Турнирге ҚР Қорғаныс министрлігінің 47007 әскери бөлімінің, ҚР ҰҚК басқарма және жабдықтау РММ, Жаңғызтөбе кентінің, № 236 мектептің оқытушылары және Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесінің қызметкерлері қатысты.              Ойында барлығы 30 әйел бақ сынасты, әр командада алты қатысушы болды. Спорттық іс-шараның бастамашысы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 23 мекемесі болды. Жарыс  жас ұрпақты бірлік, патриотизм және салауатты өмір салты рухында тәрбиелеуге бағытталған.            Ойын қорытындысы бойынша Жаңғызтөбе кентінің мектеп оқытушылары жеңіске жетті, екінші орын № 23 мекеме қызметкерлеріне берілді, үшінші орынды № 236 мектеп оқытушылары иеленді. Ойынға қатысушылар командалық жұмыс пен дене шынықтырудың жоғары деңгейін көрсетті.             Турнирдің барлық қатысушыларына сыйлықтар табыс етілді, жеңімпаздар кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар алды.             — Бүгінгі ойында біздің қатысушылар бізге тек ошақтың күзетшілері, үлгілі қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар спорт алаңында өз күштерін көрсете алатын әйелдер екенін көрсетті. Біз барлық әйелдерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз және зор денсаулық бақыт пен амандық тілейміз, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021714?lang=kk
Қауіпсіздігі орташа мекемесінің сотталушылары психологқа тосынсый жасады. 25.06.2025
                     Психологтардың жұмысы ҚАЖ мекемелерінде өте маңызды, олар сотталған адаммен түскен сәттен бастап жұмыс істейді. Олар сотталушының мінезі мен оның бейімділігі туралы бірінші болып біледі.            Көптеген сотталғандар бас бостандығынан айырылып, адамдарға деген сенімін, туыстарымен байланысын жоғалтады және депрессиялық күйге түседі.             Шәкәрімова Назгүл Алтайқызы, психолог қызметін 2013 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/19 мекемесінде бастады. Осы уақыт ішінде ол көптеген сотталғандарға психолог ретінде көмектесті.            Бүгін келесі кездесуге келген ол, кабинетке кірген кезде оны сотталушылар гүл шоқтарымен, өз қолымен жасалған сыйлықпен қарсы алған кезде қатты таң қалды.       – Мен сотталған кезде 25 жаста едім, үйде жас әйелім мен екі кішкентай балам қалды. Мен осында келіп, әйеліммен ажырасқым келді, жас сұлу мені күтетініне сенбедім. Мекеме әкімшілігі маған жұмысқа шығуды ұсынды, осылай ғана жақындарына көмектесе аласын және сот процестерінің талаптарын төлей аласын деп ұсынды, бірақ бұған менің қалауым болмады.Назгүл Алтаевнамен әңгімелесу барысында, мен өмірмнің мәнін түсіне бастадым және өз бақытымның иесімін. Қазір мен сүйікті ісіммен айналысамын, әйелім маған үнемі келеді. Мен көп ұзамай босатыламын және менің ең жақсы өмірім бар екеніне сенемін.            Мұндай жағдаймен сотталғандар көп, олардың көпшілігіне психологтың жұмысы көмектесті, – деп бөлісті сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021726?lang=kk
Абай облысында сотталған әйелдер жылыжайда қызғалдақ өсірді. 25.06.2025
          Абай облысының әйелдер колониясында жаңадан жылыжай ашылған болатын. Сотталғандар жаңа жылыжайда қияр, қызанақ және жасыл көкшөптерді өсіреді. Ал өсірілген өнім сауда орындарына сатылады.             Бүгінгі таңда жылыжайда бес сотталған әйел жұмыс істейді, бірақ келесі айда тағы бес адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.             Бірінші отырғызылған өнімдері — қызғалдақ бүршіктері болған.  Орташа алғанда, гүлдердің өнуіне шамамен екі ай қажет болған, олардың әрқайсысы өз гүлдері үшін алаңдап, олардың ойларынша кейде бұл гүлдер "кенеттен өспей қалса" деген ой әрдайым ойларына келетінін жеткізген. Бірақ бәрі жақсы өсіп ,осындай мереке қарсаңында қызғалдақтар ойдағыдай мекен-жайларға жіберілді.            — Мені үйде 13 және 10 жастағы екі ұлым күтіп жүр. Бас бостандығымнан айырылғаннан кейін анам балаларды өз қамқорлығына алған болатын, шамамен бес жылдай уақыт , анам менің балаларымды тәрбиелеп жатыр, оларды әр кезде менімен кездесуге әкеліп отырады, мені барлық жағынан қолдайтын осы- анам! 8-Наурыз мерекесі қарсаңында біз аналарымызды қуантуды шештік, өйткені кез-келген жастағы әрбір әйелге гүл алу ,үлкен қуанышты әрі жағымды сәттердің бірі. Әрине гүлдер өз қолдарымен өсірілсе, - деп бөлісті сотталған.              —  Мекемеде барлығы бес жеке кәсіпкерлік жұмыс істеуде - екі тігін цехы, кондитерлік цех, наубайхана және тұшпара цехы, - дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021729?lang=kk
Абай облысында ҚАЖД қызметкерлеріне психологиялық тренинг өткізілді. 25.06.2025
              Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның №21 мекемесінде “Әйел бақыты” атты психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараға Абай облысының 10 пенитенциарлық психологы және №21 мекеменің барлық бөлімшелерінің әйел қызметкерлері қатысты. Олар кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылды. Тренингті Семей қаласының практик-ойын психологы Жанна Маукенова мен мекеме психологы Әсем Оразбаева жүргізді.             Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің ішкі жағдайын үйлестіру жолдарын зерттеді, эмоционалды жеңілдік пен өзін-өзі қолдау әдістерін меңгерді, бұл олардың қиын кезеңдерінде өте маңызды.Әйелдердің әлеуетін ашуға, өзін-өзі алға жетелеуге және өзіне деген сенімді нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.             Практикалық жаттығулар мен ойын техникасы арқылы психологтар пайдалы білім алып қана қоймай, тәжірибе алмасып, шабыт пен әріптестер арасында қолдау таба алды. Қатысушылар әйел бақытын ішкі үйлесімділігі және психологиялық сауаттылық мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар мамандарға эмоционалды тепе-теңдікті сақтауға, жұмыстағы тиімділікті арттыруға және кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы теңгерімді табуға көмектеседі. Түрлі тренингтерді өткізу психологтар үшін кәсіби қоғамдастығын дамытуға және пенитенциарлық жүйедегі жағымды ахуалды нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1021732?lang=kk
Үндістандағы Қазақстан Елшілігі «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қосылды 25.06.2025
2025 жылғы 21 маусым, Үндістан Республикасы, Нью-Дели. Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлері Елші А.Н. Ескараевтың басшылығымен Нью-Дели қаласындағы қазақ дипломатиялық мекеме аумағында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында сенбілік өткізді.Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылғаннан бері оған 6 миллионнан астам адам қатысты. Шамамен 1,6 миллион жасыл желек отырғызылып, 5,8 миллион шаршы метрден астам жағалау аумағы тазартылды, 1,1 миллион тонна қоқыс жиналды.«Біз шетелде жүргенімізге қарамастан, Елшілік аумағы –Қазақ Еліміздің бір бөлшегі. Елден тыс жерде болса да, ұлттық бастамаға өз үлесімізді қосу маңызды», – деді Елші А.Н. Ескараев.«Таза Қазақстан» аясында бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні экологиялық акциясы өткізілуде. Осыған байланысты Елшілік аумағын тазалаумен қатар, шара барысында таза және жасыл қоршаған ортаға деген ұмтылысты бейнелейтін шығыс аршасының (Thuja orientalis) көшеттері отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1021733?lang=kk
17 маусымда Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. 25.06.2025
17 маусымда  Бейімбет Майлин ауданында төсбелгілер мен «Алтын белгі» аттестатын және «Үздік» үздік аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Биылғы жылы 21 түлек қол жеткізген жетістіктері үшін жоғары марапаттарға, төсбелгіге, «Алтын белгі» аттестатына және Қостанай облысы әкімінің атынан гравертонға ие болды. Бейімбет Майлин ауданы әкімінің атынан 9 түлекке «Үздік» аттестат пен гравертон табыс етілсе, барлық түлектер материалдық ынталандыруларға ие болды. Балаларына қолдау көрсетіп, тәрбиелеп отырған ата-аналарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1021761?lang=kk
Ақтөбе гарнизоны "Айбын" халықаралық жастар жиынына қатысушыларды қабылдауға дайын 25.06.2025
Маусымның 22-28 күндері еліміздің батысындағы қала Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келетін мыңнан астам жасөспірімді қабылдайды. Байқаушы ретінде Қытай Халық Республикасының делегациясы келеді.XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылуы Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді. 50-ден астам қазақстандық және шетелдік командаларды қабылдау үшін оқу орталығында шатырлы қалашық жабдықталған, барлық жайлылығы бар тұрғылықты жерлер, медициналық пункт және асхана дайындалған. Оқу орталығының аумағында жаңа воркаут-кеңістіктер, жүгіру жолы бар футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары пайда болды.Далалық лагерьде ұлдар мен қыздардың армия атмосферасына еніп, шиеленісті жарыстардан кейін демалуына барлық жағдай жасалған.Жиынға қатысушылар әскери-патриоттық клубтар мен оқу орындарында оқыған білімдерін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын Қорғаныс министрлігі он бірінші рет өткізіп отыр. Іс-шара бағдарламасы өте бай және әскери-қолданбалы пәндер бойынша бірқатар жарыстарды, зияткерлік, шығармашылық конкурстар мен "Smart Sarbaz" робототехника бойынша жарыстарды қамтиды. Сонымен қатар, жасөспірімдерді бірлескен жорықтар, экскурсиялар және алау жанындағы кездесулер  күтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021770?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы ИЫҰ СІМК 51-ші сессиясына қатысты 25.06.2025
Ыстанбұл, 2025 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-ші сессиясының жұмысына қатысты.Кездесу барысында делегация басшылары ИЫҰ кеңістігіндегі түрлі әскери-саяси және гуманитарлық дағдарыстарды реттеу жөніндегі шараларды талқылап, Иран-Израиль қарулы қақтығысты тез арада шешуге және Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды.«Өзгермелі әлемдегі ИЫҰ» ұранымен өткен форумның күн тәртібіне Ұйымды одан әрі реформалауға, мүше елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайына, қарусыздану мен исламофобияға байланысты мәселелер де кірді.Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Иранның айналасындағы жағдайды деэскалациялаудың маңыздылығына назар аударып, Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырды.«Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын растайды және тағы да атысты дереу тоқтатуға және Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге шақырады», – деді М.Нұртілеу.Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы ИЫҰ-ның халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды айтып, Қазақстанның осы процеске өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.СІМК 51-ші сессиясы барысында әртүрлі бағыттар, оның ішінде саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам қарар талқыланып, қабылдау жоспарлануда. Қазақстандық бастамалар СІМК-тің тиісті құжаттарына енгізілді.Сессия барысында М.Нұртілеу Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен, Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхақ Дармен, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен және Сирияның Сыртқы істер министрі Асаад Хасан аш-Шибанимен, сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1021802?lang=kk
Ақтөбеде "Айбын" халықаралық жастар жиынына қатысушыларды салтанатты жағдайда қарсы алды 25.06.2025
Ақтөбе облысына жас патриоттардың жиынына қатысу үшін  әуе және теміржол көлігімен 50-ден астам қазақстандық және шетелдік команда келді."Айбын" XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған.  Жарысқа барлығы 14 пен 17 жас аралығындағы 700-ден астам ұл мен қыз қатысады. Олардың арасында Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары бар. Қытай делегациясы байқаушы ретінде қатысады.Іс-шаралар Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді. Ақтөбе қаласының әуежайына алғашқылардың бірі болып Әзербайжан командасы келді.  Джамшид Нахичеванский атындағы әскери лицейдің курсанты Эльмир Авазов өзінің көңіл-күйін жеткізді."Біз Қазақстанға "Айбын-2025" әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін ғана емес, жеңіске деген үмітпен келдік. Біз өз елімізді лайықты түрде таныстыруымыз керек. Бұл оңай болмайтынын білемін, бізді қиын сынақтар мен күшті қарсыластар күтіп тұр, бірақ біз жеңіске бар күшімізді саламыз", – деді Эльмир.  Барлық шетелдік командалар Қазақстанға азаматтық авиация ұшақтарымен, қазақстандық командалар темір жол, автомобиль көлігімен және әскери-көліктік авиациямен келді. Сондай-ақ, 2024 жылдың соңында әуе қорғанысы күштеріне қабылданған А-400М көпфункционалды көлік лайнері тартылды.Ұйымдастырушылар жиынға қатысушылардың жаңа жағдайларға тез бейімделуі үшін бәрін жасайды. Команда басшыларына жиын өткізу бағдарламасы, жарыстарға қатысу ережесі және шатырлы қалашықта болу тәртібі бойынша түсініктемелер беріледі.Командалар келген күні мандаттық комиссияның отырысы және кезек тәртібін айқындайтын жеребе өтті.Келесі күні жиынға қатысушылар жарысқа кіріседі. "Айбын дарыны" зияткерлік ойыны, пневматикалық мылтықтан ату, АК-74-ті жартылай бөлшектеу және құрастыру, Smart Sarbaz робототехника байқауы және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған. Жасөспірімдер спорттық жарыстарда, таланттар байқауында жарысады және кешті үлкен алаудың жанында өткізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021809?lang=kk
Түркістан облысында майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады 25.06.2025
Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Кузьмич Попковты Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы капитан Нұрдәулет Рысбек құттықтады. Ардагерге Қорғаныс министрі мен Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының атынан алғыс хат табыс етілді.Капитан Нұрдәулет Рысбек ғасыр жасаған ардагерді құттықтау үлкен мәртебе екенін атап өтті.- Мұндай кездесулер ұрпақтар байланысының терең символы. Біз, әскери қызметшілер үшін, бұл тарихи оқиға. Батырларды құрметтеу - біздің міндетіміз, - деді ол.Петр Кузьмич Попков 1925 жылы 20 маусымда Башқұрт АССР Максимовка ауылында дүниеге келген. 18 жасында майданға ерікті болып аттанған. Қысқа дайындық курстарынан кейін ол майдан шебіне жіберіледі. 3-ші Украина майданында Маршал Федор Толбухиннің басшылығымен 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 105-ші полкі құрамында кіші сержант атағымен соғысқан. Жеңісті старшина шенінде қарсы алды. Ол Польша, Чехословакия, Югославия, Молдова, Румыния, Венгрия және Болгарияны азат етуге қатысты.Ерлігі үшін Қызыл жұлдыз және басқа да орден-медальдармен марапатталған. Әскерден 1950 жылы босаған.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде жұбайы Галина Евсеевнамен бірге Қазақстанға келеді. 1963 жылдан бастап Ленин атындағы совхозда тұрып, механизатор, кейін жергілікті мақта тазалау зауытының Өрт сөндіру командасында жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Жетісай қаласына көшіп келді.Бүгінде майдангер қызы Надежда Петровнамен бірге тұрады. Үлкен қызы Татьяна отбасымен Новосибирскіде, кіші қызы Наталья Өзбекстанда тұрып жатыр.Ардагерге мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлінген. Өткен жылы Петр Кузьмичке жаңа тұрғын үйдің кілті берілді. Ал Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында ол Қазақстан Президенті мен Түркістан облысының әкімінен мерекелік құттықтаулар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1021810?lang=kk