Әлем
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде ҚҚС бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану туралы 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден тауарларды әкелу кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке жатқызу әдісін қолдану тәртібін түсіндіреді.Салық кодексінің 509-бабына сәйкес салық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін ҚҚС төлеушілер есепке жатқызу әдісін қолдана алады.Есепке жатқызу әдісін қолданған кезде импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы бір мезгілде ҚҚС бойынша декларацияда есептелген салық ретінде де, есепке жатқызылатын сома ретінде де көрсетіледі. Белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда тауарларды әкелу кезінде бюджетке іс жүзінде ҚҚС-ты төлеу жүргізілмейді.Есепке жатқызу әдісі:* одан әрі өткізуге немесе халықаралық қаржылық лизингке беруге арналмаған тауарларға;* қаржылық лизингке (халықаралық қаржылық лизингті қоспағанда) беру үшін әкелінетін тауарларға;* бекітілген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын тауарларға қолданылады.Есепке жатқызу әдісі қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ оны қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1199 қаулысымен бекітілген.Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бірге Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша сыныптау үшін қажет болатын, оның техникалық және коммерциялық сипаттамаларын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.Есепке жатқызу әдісі қолданыла отырып әкелінген тауарлар нысаналы мақсаты бойынша импортталған тауарлардың басым бөлігі үшін 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы құстары үшін 18 ай ішінде пайдаланылуға тиіс.Егер осы кезең ішінде тауар өткізілсе, халықаралық қаржылық лизингке берілсе немесе белгіленген шарттарды бұза отырып пайдаланылса, ҚҚС бюджетке төленуге тиіс. Бұл ретте өсімпұл тауарларды импорттау кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап есептеледі.Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге есепке жатқызу әдісін қолданғанға дейін импортталатын тауардың бекітілген тізбеге енгізілгеніне, оның ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныпталғанына және белгіленген мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатынына көз жеткізуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256959?lang=ru
Тауарларды экспорттың кедендік рәсіміне орналастыру шарттары 15.07.2026
Тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:- Кедендік кодекске сәйкес кедендік әкету баждарын төлеу- Кедендік кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де шарттарды сақтау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256557?lang=ru
Ұлттық волонтерлік желі өкілдерінің Ақтөбе облысының мекеме басшыларымен кездесуі өтті 15.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1256435?lang=ru
Қазақстан мен Иран Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу жөніндегі BOT келісіміне қол қойды 15.07.2026
ТегеранИран Ислам Республикасының Порттар және теңіз қатынасы ұйымында Шахид-Раджаи портындағы (Бендер-Аббас қаласы) жер телімін қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін беру жөніндегі BOT (Build-Operate-Transfer – салу, пайдалану және беру) келісіміне ресми қол қойылды. Қазақстан тарапы атынан келісімге ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жанындағы QazExportPromotion корпоративтік қорының Бас директоры Аман Малғаждаров, Иран тарапынан Хормозган провинциясы Порттар және теңіз қатынасы ұйымының басшысы – «Шахид-Раджаи порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Хоссейн Аббас Нежад қол қойды. Келісім 27 жыл мерзімге жасалды. Оның ішінде 2 жыл терминал құрылысын жүргізуге, ал кейінгі 25 жыл нысанды пайдалануға арналған. Ал жобаның үшінші жылында терминалды коммерциялық пайдалануға беру жоспарланған. Аталған жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Иран арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болмақ. Иранның ең ірі портында Қазақстан терминалының құрылуы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін нығайтуға, логистикалық бағыттардың тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық өнімнің Парсы шығанағы елдерінің, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның, сондай-ақ Шығыс Африка нарықтарына тиімді шығуын қамтамасыз ету арқылы экспорт географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256372?lang=ru
Қазақстанда ӘМАТ бойынша апталық дефляция тіркелді 15.07.2026
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бойынша апталық дефляция тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың 24 маусым мен 1 шілде аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 99,9% болды. Өткен аптада 7 тауардың бағасы төмендеді. Қызанақ 8,5%-ға, қияр 8,3%-ға, жұмыртқа 1,5%-ға, алма 1,1%-ға, жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық 0,4%-ға, күнбағыс майы 0,2%-ға, айран 0,1%-ға арзандады. Ал күріш, нан және сүттің баға индексі тұрақты. 21 тауар түрі бойынша бағаның шамалы өсуі тіркелді. Қырыққабат 7,9%-ға, пияз бен картоп 1,9%-ға, қант 1,6%-ға қымбаттады. Қалған тауарлар бойынша өсім 1%-дан төмен болды. Өткен аптада төрт өңірде бағаның өсуі байқалды. Баға Ақмола облысында 0,2%, Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында 0,1% өскен. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды және Жамбыл облыстарында баға индексі тұрақты. Бағаның төмендеуі 12 өңірде тіркелді. Оның ішінде Қызылорда облысында 0,9%, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Түркістан облыстарында 0,3%, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 0,2%, сондай-ақ Шымкент қаласында, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында 0,1%. Сауда және интеграция министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп баға белгілеуді бақылау және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері өнімсіз делдалдарды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың 581 отырысы өткізілді, сауда үстемесінің шекті мөлшерін асырғаны үшін 2 434 әкімшілік қаулы шығарылды. Сондай-ақ 26,5 мыңнан астам тауар өткізу тізбегі талданып, оның нәтижесінде заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 3 816 тәуекел анықталды. Ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. «KTZ Express» АҚ арқылы ішкі нарыққа шамамен 28,9 мың тонна картоп, 8,6 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 0,2 мың тонна қырыққабат жеткізілді. Сонымен қатар қызанақ, қияр, жұмыртқа, күнбағыс майы және сиыр еті бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған меморандумдар күшінде. Жыл басынан бері өндірушілердің бағасымен өнім сатылатын 3 980-нан астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256374?lang=ru
Сауда министрлігі Электрондық сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жасады 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Электрондық сауда алаңдарында орналастыруға және сатуға тыйым салынған және шектелген тауарлардың тізбесін жасақтады. Тізбе «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде ұсынған ақпараты негізінде әзірленді. Тізбе Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салу немесе шектеу белгіленген, соның ішінде электрондық сауда арқылы сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді біріктіреді. Тізбені орналастыру электрондық сауданың ашықтығын арттыруға бағытталған. Тізбе электрондық сауда алаңдарының иелеріне, интернет-дүкендерге, сатушыларға және электрондық сауданың басқа да қатысушыларына қолданыстағы шектеулер туралы өзекті ақпаратты жедел алуға және тауарларды орналастыру мен сату кезінде заңнама талаптарын ескеруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл тізбенің болуы электрондық сауда алаңдарына тауар карточкаларын модерациялау кезінде бірыңғай тәсілдерді қолдануға, ал сатушыларға өз өнімдерін өткізу мүмкіндігін алдын ала бағалауға жағдай жасайды. Айта кету керек, тізбе ақпараттық-анықтамалық сипатта болады және Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарын жүйелеп, олардың қолжетімділігі мен қолдануға ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган. Ал құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құзыретіне жатқызылған мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамаға өзгерістер енгізілуіне және мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттың түсуіне қарай тізбені тұрақты негізде жаңартып отырады. Бірыңғай тізбемен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы электрондық сауда мәселелеріне арналған бөлімнен танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents/details/1040413?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256378?lang=ru
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты! 15.07.2026
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері "Елтану" жобасы аясында эссе байқауына қатысты! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен республикада «Елтану» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Осы жобаның аясында таяуда Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері арасында эссе байқауы өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің елдің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашылық әлеуетін дамыту. «Адал азамат – Әділеттті Қазақстанның тірегі», «Құрылтай және Елтану: менің Қазақстаным», «Абай мұрасы – мәңгілік рухани қазына» тақырыптарын қамтыған эссе байқауына Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімінің басшысы Шмалиев Ермек Серікұлы және экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Бозакаева Венера Алдиарқызы қатысып, жоба аясындағы іс-шараға белсенді атсалысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1256390?lang=ru
Алматы облысында 94 ветеринариялық пункт пен 52 мал қорымы салынады 15.07.2026
Алматы облысында Ветеринария қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, сала мамандарының ерен еңбегі лайықты бағасын алды. Өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар сала қызметкері марапатталды. Атап айтқанда, үздік мамандарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің «Құрмет» грамотасы табысталды.Мерекелік басқосудың шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ветеринария қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдегі мыңдаған маманның адал еңбегіне өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ветеринарияның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.«Ветеринар маманы болу терең білім мен жоғары біліктілікті талап етеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы абыройлы кәсіпті адал атқарып, халыққа қауіпсіз өнімнің жетуіне қосып жүрген үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімінің орынбасары.Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, бүгінде өңірдің ветеринария саласында 1386 маман еңбек етеді. Олар мал денсаулығын қорғаумен қатар, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға өлшеусіз үлес қосуда. Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің II форумында ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және сала қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту жөнінде нақты міндеттер жүктегенін айтты.Президент тапсырмаларын орындау бағытында өңірімізде де ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, соңғы үш жылдың өзінде өңірде 21 ветеринариялық пункт пен 19 мал қорымы пайдалануға берілді. Ал 2026-2027 жылдары қосымша 94 ветеринариялық пункт және 52 мал қорымын салуға жергілікті бюджеттен 4,1 млрд теңге қарастырылды. Бұл қаржы ветеринариялық нысандарға деген қажеттілікті толық өтеуге мүмкіндік береді. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында салаға 100 қызметтік автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ аса қауіпті 12 жұқпалы ауруға қарсы эпизоотиялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін 5 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек, бюджет қаражаты есебінен 123 млн теңгеге 70 сібір жарасы көміндісі ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестендірілді.Мерекелік жиында сала ардагері Самғат Сүндетбаев бүгінде мемлекет тарапынан ветеринарияға көрсетіліп отырған қолдаудың ауқымы кеңейіп келе жатқанын ерекше атап өтті.«Ветеринария – халқымыздың әл-ауқаты мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапкершілігі жоғары сала. Мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, мамандарға ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа ветеринариялық пункттер мен мал қорымдары салынып, қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өсіп келеді. Мұның барлығы бұл сала мамандары ел дамуына тікелей қызмет ететінін көрсетеді», – деді ардагер.Осылайша, төрт түліктің саулығын сақтап қана қоймай, тұтас халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қорғауда тынбай тер төккен жандар құрметке бөленді. Мерекелік жиын ветеринария қызметінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1256410?lang=ru
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті телефондік алаяқтықтың жиілеген жағдайлары туралы ескертеді 15.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткені туралы ескертеді.Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар азаматтардың жеке деректерін түрлі сылтаулармен иемденуге әрекет жасауда. Олар ресми хаттың келіп түскені туралы жалған ақпарат хабарлап немесе құжаттарды пошта не курьерлік қызмет арқылы алу қажет екенін айтып, сенімге кіруге тырысады.Әңгімелесу барысында алаяқтар 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтарды, растау кодтарын, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және басқа да құпия ақпаратты хабарлауды сұрауы мүмкін.Есте сақтаңыз: Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ешқашан құпия сөздерді, банк карталарының деректемелерін немесе өзге де жеке деректерді сұрамайды.Егер сізге осындай қоңырау шалынса:- SMS-кодтарды және жеке деректеріңізді хабарламаңыз;- хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;- белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;- әңгімені дереу тоқтатыңыз;- қажет болған жағдайда Мемлекеттік кірістер департаментіне тек ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды қырағылық сақтауға, мұндай алаяқтық тәсілдері туралы туған-туыстары мен жақындарын алдын ала ескертуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады. Ақпараттың дұрыстығын тексеруге жұмсалған бірнеше минут сіздің жеке деректеріңіз бен қаржы қаражатыңызды қорғауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1256424?lang=ru
Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр 15.07.2026
Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын, киберқауіпсіздік саласының сарапшыларын және тактикалық дайындық бойынша кәсіби мамандарды бір алаңға тоғыстырды.Чемпионаттың басты мақсаты – қорғаныс саласына арналған озық инженерлік шешімдерді анықтап, оларды кейіннен Қазақстан Қарулы күштерінің қажеттілігіне енгізу. Сонымен қатар жоба әскери және азаматтық инженерлердің, ғалымдар мен IT-мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде қарастырылып отыр.Бірінші кезеңге еліміздің әр өңірінен 150 қатысушыдан құралған 19 инженерлік команда тіркелді. Олардың қатарында әскери оқу орындарының, жоғары оқу орындарының, инженерлік мектептердің, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының және Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің өкілдері бар.Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бұл бастаманың еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. – «SHAIQAS-2026 – бұл жай ғана жарыс емес. Бұл – дарынды әзірлеушілерді анықтап, отандық үздік инженерлік шешімдерді еліміздің қорғаныс жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретін жоба. Осындай технологиялар қазіргі заманғы армияның болашағын айқындайды», – деді ол.Қазіргі уақытта полигонда чемпионаттың тестілік кезеңі өтіп жатыр. Бұл кезеңде командалардың техникалық әзірлемелері мен финалдық сынға дайындығы жан-жақты бағаланатын болады. Мамандар жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін, инженерлік шешімдердің сенімділігін және қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейін тексереді. Тестілік кезеңнің қорытындысы бойынша финалға жолдама алатын үздік командалар анықталады.Чемпионат төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған. Олар – «Аспан», «Жер», «Киберқауіпсіздік» және «Тактика».«Аспан» бағыты бойынша қатысушылар FPV-дрондарды басқарып, әуе барлауын жүргізу, жүктерді дәл жеткізу сияқты тапсырмаларды орындайды. «Жер» кезеңінде роботтандырылған кешендердің көмегімен инженерлік міндеттерді орындап, шартты түрде жараланғандарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау бойынша шеберліктерін көрсетеді.Ал «Киберқауіпсіздік» кезеңінде арнайы полигонда ұйымдастырылған кибершабуылдарға қарсы тұрып, ақпараттық жүйелерді қорғау қабілеттерін сынайды. «Тактика» бағыты аясында қатысушылар тактикалық іс-қимыл, атыс дайындығы және әскери-медициналық көмек көрсету бойынша кешенді сынақтардан өтеді.Чемпионаттың финалдық кезеңі 14-15 тамыз күндері «Амандық» оқу орталығының базасында өтеді. Финалға аралық іріктеуден сүрінбей өткен командалар қатысады. Олар далалық жағдайда практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің техникалық шешімдері мен кәсіби шеберліктерін сынға салады. Финалдық жарыс онлайн режимде тікелей эфирде көрсетіледі.Жеңімпаздарды қомақты сыйақы күтіп тұр. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 18 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде бірінші орын иегері 10 миллион теңге, екінші орын 5 миллион теңге, ал үшінші орын 3 миллион теңге алады.«SHAIQAS-2026» чемпионатын өткізу бастамасы «Қазақстан ҒАЖ орталығы» АҚ-қа тиесілі. Жарыстың операторы – «Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды дамыту орталығы» ЖШС (Defense Tech).Чемпионат демеушілердің қаражаты мен серіктестердің жарналары есебінен ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек. Жобаны өткізу барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бюджет қаражаты пайдаланылмайды.«SHAIQAS-2026» – еліміздегі әскери инженерия, робототехника, ұшқышсыз технологиялар және киберқауіпсіздік салаларын дамытуға бағытталған алғашқы ірі чемпионат. Қазірдің өзінде бұл жоба инновациялық шешімдерді тәжірибеде сынап, оларды қорғаныс жүйесіне енгізуге жол ашатын маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256353?lang=ru
Рейдтік іс-шаралар жүргізілуде 15.07.2026
Ақмола облысының Мемлекеттік кіріс департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, бекітілген «Мұнай өнімдерін экспорттаудың алдын алу бойынша бақылауды күшейту жөніндегі жол картасына» сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесу мақсатында аймақтың автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізуде.Тексерулер кезінде ауыр жүк көліктері жанармай-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған құжаттарсыз тасымалдауға, сондай-ақ модификацияланған немесе жасырылған отын бактарында мұнай өнімдерінің бар-жоғына тексеріледі.Жүргізушілерге мұнай өнімдерін тасымалдауға және алып кетуге қатысты заңнамалық талаптарды және белгіленген шектеулерді бұзбау қажеттілігін түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1256354?lang=ru
Қазақстан мен Пәкістан ұлттық валюталардың айырбас бағамын ресми түрде белгіледі 15.07.2026
Астана-Исламабад, 2026 жылғы 10 шілде - Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі Қазақстан Ұлттық Банкімен және Пәкістан Мемлекеттік банкімен бірлесіп ұлттық валюталарда айырбастаудың ресми бағамдары белгіленді.Ү.ж. 8 шілдесінде Қазақстан Ұлттық Банкі 1,68 PKR/1 KZT есебімен Пәкістан рупиясына қазақстандық теңгенің ресми бағамын жариялады (https://nationalbank.kz/en/exchangerates/ezhednevnye-oficialnye-rynochnye-kursy-valyut), ал ПИР Мемлекеттік Банкі белгілеген қазақстандық теңгеге Пәкістан рупиясының ресми бағамы 0,59 KZT/1PKR (https://www.sbp.org.pk/ecodata/rates/m2m/m2m-current.asp) құрайды.Қазіргі таңда, екі елдің екінші деңгейдегі банктері, атап айтқанда «Банк ЦентрКредит», «Freedome Bank» және «Meezan Bank», ұлттық валюталарда бұрын құрылған корреспонденттік шоттарды жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.Жақын арада аталған ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттар жеке және заңды тұлғалардың өзара операциялар мен есеп айырысулар үшін пайдалануы үшін қолжетімді болады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1256361?lang=ru
Мәртебелі марапат! 15.07.2026
Мәртебелі марапат!Таяуда адам құқықтары мәселесіне арналған жиын өтті. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі аталған шара барысында бірқатар азаматтарды Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алғыс хатымен марапаттау рәсімі болды. Солардың бірі – Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Махсұт Мәдиұлы көп жылғы адал еңбегі, жауапты көзқарасы, жоғары кәсіби шеберлігі үшін марапатқа ие болды. Құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1256272?lang=ru
Жақсы ауданының әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтті 15.07.2026
2026 жылдың 3 шілдесінде аудан әкімі аппаратының кіші залында аудан басшысы А. Қадыралинаның төрағалығымен қылмыстың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында қатысушылар заңдылық пен тәртіпті нығайтуға және азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар негізгі мәселелерді талқылады.Күн тәртібінде келесі маңызды тақырыптар болды:Ерте алдын алу және жастарды жұмыспен қамту. Жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Г. Пинчук Жақсын ауданында қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу және жас ұрпақтың демалысын және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұйымдастыру бойынша шаралардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.Қайта әлеуметтену және шартты түрде босату мониторингі. Шартты түрде босату инспекторы Б. Жанатилеуов және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т. Копылова мониторинг жүйесінің тиімділігі және есепте тұрған адамдардың әлеуметтік бейімделуін ілгерілету шаралары туралы айтты.Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу. Полиция бөлімі бастығының орынбасары С. Жұманбаев пен аудандық емхана бастығы А. Юдина суицидтік мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және мас болумен байланысты қылмыстардың алдын алу шараларын ұсынды.Жергілікті іс-шаралар. Есіл ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы Л.Яновская Кеңестің қызметін көпшілікке таныстырды.Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және белгіленген жоспарлардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1256280?lang=ru
2026 жылғы 3 шілдеде Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. 15.07.2026
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және аудан қызметінің түрлі салаларында алдын алу шараларын күшейтуге қатысты негізгі мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар келесі баяндамаларды тыңдады: Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту: әлеуметтік төлемдерді ұсыну, жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру және осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту Қағидаларын сақтау туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімінің басшысы Т. Копылова баяндады.Жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Жаңа Қийма ауылдық округінің әкімі Е. Серікбаев округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Комплаенс институты: ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру жөніндегі комплаенс-офицердің жұмысы туралы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК директоры А. Саутова айтып берді. Жұмысты жоспарлау: отырыс соңында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. Сегізбаева комиссияның 2026 жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау және жұмыстың ашықтығын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1256191?lang=ru
Шекарада интеллектуалдық меншікті қорғау 15.07.2026
Дүкен сөрелерінде неге қолдан жасалған бұйымдар (подделкалар) азайып келе жатқаны туралы ойландыңыз ба? Мұндағы басты рөлдердің бірін контрафактімен тәулік бойы күресетін ҚР кеден органдары атқарады.Бұл іс жүзінде қалай жұмыс істейді? Кедендік тізілімдер (ЗМКТ) Құқық иеленушілер өз тауар белгілерін арнайы тізілімдерге енгізеді:ҚР ұлттық тізілімі, оны уәкілетті орган жүргізеді.ЕАЭО бірыңғай тізілімі, Одақтың бүкіл аумағында қолданылады. Қорғау мерзімі ұзарту мүмкіндігімен 2 жылға дейін белгіленеді. Тауарларды шығаруды тоқтата тұру Егер кеден құқық бұзушылық белгілерін байқаса (мысалы, күмәнді тауарда белгілі брендтің логотипі болса):Тізілімдегі тауарлар үшін: шығару 10 жұмыс күніне тоқтатылады. Құқық иеленуші сотқа жүгінсе, бұл мерзім тағы 10 күнге ұзартылуы мүмкін.Тізілімде ЖОҚ тауарлар үшін (ex officio): егер Қазақстанда құқық иеленуші туралы ақпарат болса, кеден шығаруды 3 жұмыс күніне дейін тоқтата алады. Тараптардың өзара іс-қимылы Кеден 1 жұмыс күні ішінде импорттаушыға да, құқық иеленушіге де жүк тоқтатылғаны туралы хабарлап, оларға бір-бірінің байланыс деректерін береді. Контрафактіні жою Егер сот тауарды зияткерлік меншік құқығын бұзады деп таныса, мұндай тауарлар жойылуға жатады.🛑 Маңызды ерекшелік: Қорғау шаралары жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін тасымалдайтын тауарларға (соның ішінде халықаралық пошта жөнелтілімдеріне) қолданылмайды.Бизнес есте сақтауы тиіс: егер соңында сотта құқық бұзушылық дәлелденбесе, құқық иеленуші импорттаушыға келтірілген зиян үшін жауап береді.Бұл ережелерді білу адал бизнеске кедергілерден аулақ болуға, ал бренд иелеріне беделін қорғауға көмектеседі! 📈Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1256148?lang=ru
Қарағанды облысының өнімдері халықаралық деңгейде жоғары бағаланды 15.07.2026
Қарағанды облысының екі кәсіпорны өнім мен қызмет көрсету сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД-ның халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Қырғызстанда Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің отырысы аясында өтті.Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында хабарлады. Аталған халықаралық сыйлықтың лауреаты атағына мұнай-газ, тау-кен өндіру, металлургия және энергетика салаларындағы нысандарды диагностикалау және бақылау қызметіне маманданған «НПО Дефектоскопия» ЖШС ие болды. Ал «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС сыйлықтың дипломанты атанды.Екі кәсіпорын да ұлттық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Қазақстанның атынан қатысты. ТМД-ның халықаралық сыйлығы заманауи басқару әдістерін енгізіп, инновациялық технологияларды қолданатын әрі жоғары сапа стандарттарына сай өнім өндіретін кәсіпорындарға табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1256127?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізу» 15.07.2026
Құрметті салық төлеушілер! 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізу» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Нұрахметов Нұрболат Мажитұлы.Модератор: түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1256092?lang=ru
Жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі: Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі – мамандық бойынша даярлық басталды. Оқу барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.Мамандық бойынша даярлық оқу кезеңінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және әскери міндеттерді сапалы орындаудың негізін қалайды. Осы кезеңде әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін меңгеріп, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін үйренеді.Мерзімді әскери қызметшілер үшін бұл – әскери мамандықты жүйелі түрде игерудің алғашқы кезеңі. Ал келісімшарт бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін кәсіби шеберлігін жетілдіріп, даярлық деңгейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді.Ағымдағы оқу кезеңінде түрлі әскери мамандықтар бойынша 25 мыңнан астам әскери қызметші даярлықтан өтуде. Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 2,5 мыңнан астам оқу тобы құрылып, әрбір әскери қызметшіге жеке тәсілмен дайындық жүргізу мүмкіндігі жасалды.Сабақтарды қажетті тәжірибесі мен әдістемелік дайындығы бар офицерлер мен сержанттар қатарынан жасақталған нұсқаушылар өткізеді. Даярлықтың практикалық бағыты әскери қызметшілерге теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезінде нақты іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері майор Нұрзат Оразбектің айтуынша, мамандық бойынша даярлық әскерлердің одан әрі жауынгерлік даярлығының негізі болып табылады.– Дәл осы кезеңде әскери қызметші өз әскери мамандығы бойынша міндеттерін сенімді орындауға қажетті білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Әрбір маманды сапалы даярлау бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылына, жауынгерлік машық деңгейіне және Қарулы күштердің алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығына тікелей әсер етеді, – деді майор Нұрзат Оразбек.Даярлық курсы аяқталғаннан кейін, 10 тамыздан бастап барлық әскери бөлімдерде бақылау сабақтары өткізіледі. Оның барысында әскери қызметшілер оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін және жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңдеріне дайындығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1256095?lang=ru
ЕЭК Кеңесі Қазақстанның навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынысын қолдады 15.07.2026
Онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация тауарларды тасымалдауды бақылау үшін қолданылатын, үшінші елдерде өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалану мерзімін ұзарту жөнінде бастама көтерген болатын.Бұл бастама ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 4 шілдедегі шешіміне сәйкес 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің операторлары тек Одақ аумағында өндірілген навигациялық пломбаларды пайдалануға міндетті болуына байланысты ұсынылды.Қазақстанның жүк тасымалын бақылау жөніндегі Ұлттық операторы - Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ғарыш техникасы мен технологиялары институты. Қазіргі уақытта оператор өзіне тиесілі құрылғылармен қатар екі жыл мерзімге жалға алынған, үшінші елдерде өндірілген шамамен 10 мың навигациялық пломбаны пайдаланып келеді. Оларды мерзімінен бұрын ауыстыру қосымша қаржылық шығындарды талап етеді. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің қазіргі өндірістік қуаты Қазақстанның навигациялық пломбаларға деген қажеттілігін әзірге толық көлемде өтеуге мүмкіндік бермейді.Сонымен бірге елімізде навигациялық пломбаларды отандық өндірісте шығаруды жолға қоятын кәсіпорындар айқындалды. Алайда өндірісті іске қосу үшін қосымша уақыт қажет.Талқылау қорытындысы бойынша ЕЭК Кеңесі Қазақстанның ұсынысын қолдап, Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімінің күшіне ену мерзімін 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.Бұдан бөлек, Кеңес ветеринариялық бақылауға жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізу және өнім үлгілерін іріктеу тәртібі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Енгізілген түзетулерге сәйкес, уәкілетті органдар бес жылдан астам уақыт бойы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына бақылаудағы өнімді жеткізбеген үшінші елдер кәсіпорындарын тізілімнен шығару туралы бастама көтере алады.Сондай-ақ Кеңес ЕАЭО-ның «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне енгізілетін өзгерістерді мақұлдады. Өзгерістер өнімге қосарланған токсикологиялық сынақ жүргізу жөніндегі міндетті талаптың қолданысқа енгізілу мерзімін бір жылға кейінге қалдыруды көздейді. Бұл шешім аталған зерттеулерді жүргізуге мүмкіндігі бар аккредиттелген зертханалар санының шектеулі болуына байланысты қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1256385?lang=ru