Әлем
Мәдина Әбілқасымова Жапонияның қаржы реттеушілерінің басшылығымен кездесу өткізді 31.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясының Жапонияға сапары өтті, оның барысында Қаржылық қызметтер агенттігінің (JFSA) басшысы Ютака Ито және Бағалы қағаздарды қадағалау және биржалық сауда жөніндегі комиссияның (SESC) мүшесі Такаши Хашимотомен кездесулер өтті.JFSA басшылығымен кездесу барысында Агенттік басшысы М. Әбілқасымова трансшекаралық инвестицияларға қолдау көрсету үшін реттеушілік тәсілдерді жақындастырудағы, сондай-ақ озық құралдар мен технологияларды қаржы экожүйесіне ықпалдастырудағы айтарлықтай әлеуетті атап өтті.Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заңды әзірлеу шеңберінде Жапонияның сәтті тәжірибесін ескере отырып, капитал нарығын реформалау мәселелерінде сырттан техникалық қолдау мен сараптама алмасудың маңыздылығы атап өтілді.Тараптар реттеушілер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді. Бұл құжат ақпарат алмасуға, қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша консультациялар жүргізуге, сондай-ақ қаржылық реттеу мен қадағалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.SESC басшылығымен кездесу барысында қор нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде инвесторлардың сенімін қолдау, капитал нарығының тұтастығын қамтамасыз ету және қаржы жүйесінің орнықтылығын арттыру мәселелері талқыланды.Тараптар цифрлық технологиялар мен деректерді талдауды пайдалана отырып, нарық операцияларын мониторингтеуді күшейту, сондай-ақ корпоративтік есептіліктің ашықтығын және ақпаратты ашу сапасын қамтамасыз ету бөлігінде тәжірибе алмасу және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу мақсатында ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты. Сыртқы коммуникациялар басқармасы:press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190550?lang=kk
«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды 31.03.2026
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 252 842 өтініш орындалып, жалпы сомасы 41,84 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 26,35 млн АҚШ долларына 158 774 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 15,49 млн АҚШ долларына 94 068 өтініш қанағаттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (25,79 млн АҚШ долларына 155 126 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 193,16 мың АҚШ долларына 1247 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 134,32 мың АҚШ долларына 893 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (14,44 млн АҚШ долларына 86 258 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (704,23 мың АҚШ долларына 5 402 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (280,81 мың АҚШ долларына 1 955 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы дербес алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашу және тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгінуі тиіс. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу). Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1206251?lang=kk
Агентством согласованы следующие руководящие работники страхового сектора 31.03.2026
Агенттік сақтандыру нарығының келесі басшы қызметкерлерін бекітті*: Бурибаева Г.А. – Атқарушы органның басшысы, басқару органының басшысы, басқару органының мүшесі(2026 жылғы 26 наурыздағы № 290/СО хаттама);Айтимов А.К. – Басқарушы кеңестің мүшесі, тәуелсіз директор (2026 жылғы 26 наурыздағы No 291/СО/Т хаттама);Сагимбаев Т.Б. - Атқарушы органның мүшесі (2026 жылғы 30 наурыздағы № 292/СО/Т хаттамасы)* «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органның басшы лауазымға орналасуға келісімі бар басшы қызметкер қосымша келісімінсіз бір сектор шеңберінде ұқсас лауазымға ауыса алады.Басшы лауазымына орналасуға берілген келісімдермен Сіз «Сақтандыру секторы» -> «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімдері» -> «Басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімі» бөлімінде басшылық лауазымға орналасуға берілген келісімдермен таныса аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190344?lang=kk
Қазақстанның күштік құрылымдары арасында самбодан өткен чемпионатта Қорғаныс министрлігінің спортшылары айқын жеңіске жетті 31.03.2026
Алматыда күштік құрылымдар арасында самбодан өткен ашық чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.Турнирге Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық ұланнан барлығы 156 спортшыдан тұратын 26 команда қатысты.Тартысты өткен бәсекеде балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Оның ішінде армия спортшылары бозкілемде басымдық танытып, бірқатар салмақта жеңіске жетті. Атап айтқанда, 58 келіге дейінгі салмақта – Жасұлан Нариманов (АОСК), 64 келіде – Жандос Бейсенбаев (32039 әскери бөлімі), 71 келіде – Арнұр Қуатай (АОСК), 79 келіде – Санжар Нұрсейіт (АОСК), 88 келіде – Бейбарыс Нұғыман (АОСК), 98 келіде – Жалғас Серіков (АОСК) және 98 келіден жоғары салмақта – Болат Сапар (Ұлттық ұлан) топ жарды.Командалық есепте турнирдің бірінші орнын Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының командасы иеленді. Екінші орынды Ішкі істер министрлігінің командасы еншілесе, үшінші орынды Қорғаныс министрлігінің 32039 әскери бөлімінің спортшылары олжалады.Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыстар Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) бастамасымен өткізілетін әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатына іріктеудің маңызды кезеңі болғанын айта кету керек. Турнир жеңімпаздары әскери қызметшілер арасында өтетін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1190348?lang=kk
МАСАҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ БАСТАЛДЫ 31.03.2026
Шымкентте зиянкестермен күрес шараларының алғашқы кезеңі басталды. Маса және басқа да жәндіктер көбеюінің алдын алуға бағытталған жұмысқа 30 маман, 20 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл жұмыс өзен-каналдардың жағалауы, саябақтар, гүлзарлар аумағында атқарылады.Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, дезинсекциялық жұмыс күшейтіліп, кезең-кезеңімен 10 рет жүргізіледі. Зиянкестерге қарсы арнайы сертификатталған химиялық препараттар қолданылады. Ол препарат адам мен үй жануарларына зиянсыз.Осы орайда тұрғындардан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Дезинсекцияланған аймақтарда балалардың ойнамауын және тұрмыстық заттардың өңделген жерлермен жанаспауын қадағалау қажет.Ауланы таза ұстап, қалдық судың жиналуына жол бермеу арқылы зиянкестер көбеюінің алдын алуға болады.Үйлер мен жеке кәсіпкерлік нысан аумақтарында залалсыздандыруды тұрғындар өз қаржысы есебінен жүргізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1190287?lang=kk
Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды 31.03.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 наурызына 26,87 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті.2026 жылдың 1 наурызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңге (15,3%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 746,91 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,8%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 наурызына 879,18 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 571,83 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,0%-ға (немесе 74 501,45 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 наурызға дейін 446,35 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 26,89 млрд теңге (өсім – 20,0%), ЕЗЖ – 347,0 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 98,25 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 523,88 млрд теңгеден асты.Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-ақпандағы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 237,13 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 42,32 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 735 теңге. 2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 86,26 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 26,86 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 6,67 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 665,93 млн теңге, жерлеуге – 1,63 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 72,73 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,39 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,03 млн бірлік немесе 5,9%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 наурызына 12,75 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,31 млн - МЗЖ бойынша, 771,33 мыңы - МКЗЖ бойынша, 471,51 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар.Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,31 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,64 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1202054?lang=kk
Интернет-платформалар – салық агенттері және ауылды қолдау: Жобалық кеңсенің 10-шы отырысының қорытындысы 31.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 10-шы отырысында жаңа салық нормаларын қолдану мәселесінің кезекті пулы қаралды.Клиенттер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысуға қатыспайтын, бірақ салық агенттері ретінде әрекет етуге міндетті интернет-платформа операторларының жұмысы өзекті мәселелердің қатарында талқыланды. Бұл мәселені «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов және қазақстандық Aparu такси және жүк тасымалдау платформасының өкілдері көтерді.Бизнес өкілдері атап өткендей, бүгінде нарықта интернет-платформалар жұмысының екі негізгі моделі жұмыс істейді: транзакциялық және P2P. Транзакциялық модельде төлемдер платформа арқылы өтеді — оператор ақша ағындарын көреді және салық агентінің функцияларын орындайды. Мұндай схема бойынша ірі қызметтер жұмыс істейді, мысалы, Entriver.P2P моделінде есептеулер платформаның қатысуынсыз тапсырыс беруші мен орындаушы арасында тікелей жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оператор төлем көзі болып табылмайды және салық агентінің функцияларын орындай алмайды.Бұрынғы Салық кодексінде мұндай платформаларға қатысты жеңілдік қарастырылған еді, алайда жаңа құжатта ол жойылып, талап барлығына міндетті болды. Бизнес өзін-өзі жұмыспен қамтыған жүргізушілер екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік төлемдерді өз бетінше төлей алатынын атап өтіп, бұрынғы норманы қайтаруды ұсынды. Бұл ретте, бизнесті бағалау бойынша транзакциялық модельге көшу қосымша әлеуметтік төлемдер (жылына шамамен 4%) және банк комиссиялары есебінен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауына әкеп соғады.Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, мемлекет салықтық әкімшілендіру контурына барлық қатысушыларды — банктерді, агрегаторлар мен маркетплейстерді толық цифрландыру және қамту жүйесін дәйекті түрде құруда. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға салықты өз бетінше төлеудің бұрынғы тәжірибесіне оралу ақша ағындары мен әлеуметтік төлемдердің түсуінің ашықтығын төмендетуі мүмкін.Қаржы министрлігінің мәліметінше, 33 оператордың МКК жүйелерімен пилоттық интеграцияның үш жылы ішінде 27-сі салық агенттері режимінде жұмыс істеуде.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев платформалық жұмыспен қамту іске қосылған сәттен бастап, 400 мыңнан астам бірегей төлем жүргізілгенін, оның ішінде тек зейнетақы жарнасы 3,7 млрд теңге екенін атап өтті. Қолданыстағы тәсілден бас тарту бұл түсімдердің төмендеуіне әкелуі мүмкін.Тараптардың ұстанымдарын тыңдап, вице-премьер мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП және бизнеспен бірлесіп, Салық кодексінің базалық логикасын өзгертпестен қосымша қолдау шараларын пысықтауды және мәселені жобалық кеңсенің қарауына қайта шығаруды тапсырды.Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты мәселелер де қаралды.Біріншісі — ЖТС азайту үшін артық өнімді (сүт, ет және т.б.) сату кезінде жеке қосалқы шаруашылықтың (ЖҚШ) мәртебесін растау тәртібі. Салық кодексіндегі норманың сақталуына қарамастан, сату көлемі жеке кәсіпкерліктің нақты мүмкіндіктерінен асып кеткен кезде «сұр» схемаларда теріс пайдалану және пайдалану тәуекелдеріне байланысты тиісті анықтама мемлекеттік қызметтер тізілімінен алынып тасталды.Екінші мәселе — ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 6% және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% деңгейінде корпоративтік табыс салығының ставкаларына қатысты. Шын мәнінде, мұндай жүктеме бұрын, бұрынғы Салық кодексінде, салықтық төмендетулер есебінен қолданылған (базалық мөлшерлемелер сәйкесінше 20% және 10% болған кезде). Алайда ставкалардың айырмашылығы фермерлердің ресурстарын өнімді өңдеу, сақтау және сату үшін біріктіруге мүмкіндік беретін кооперативтер құруды тежеуі мүмкін.Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кооперацияны ынталандыру шаралары қарастырылған, атап айтқанда, 8 мың АЕК-ке дейін жеңілдікпен несие беру. 2023-2025 жылдары 130,9 млрд теңге көлемінде 18,5 мың шағын несие берілді, бұл 21,3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Осы уақыт ішінде барлық өңірде 870 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ең алдымен ауылдағы жұмыспен қамту бөлігінде мемлекеттік қолдаудың барлық қолданыстағы шараларын ескере отырып, аграрлық сектордағы салық саясатын жеке қарау және жобалық кеңсенің келесі отырыстарының бірінде талқылауға оралу туралы шешім қабылданды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1190261?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1190970?lang=kk
Шекарасыз Наурыз: қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында ұлттық дәстүрлерді дәріптеді 31.03.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) аясында бітімгерлік тапсырмаларды атқарып жүрген біздің әскери қызметшілер қазақ халқының бай мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын әлемге танытуға да белсенді үлес қосып келеді.Соның бір дәлелі ретінде қазақстандық бітімгерлер Ұлыстың ұлы күніне орай спорттық-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды. Ұлттық тағамдарға, оның ішінде Наурыз көжеге толы мерекелік дастархан достық пен өзара құрмет рәуішінде өтті.Сондай-ақ, Үндістан, Непал, Уругвай және Фиджи елдерінің бітімгерлік контингенттері қатысқан спорттық жарыстар да тартысты өрбіді. Кедергілер жолағымен эстафета, арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты сайыстарда біздің жігіттер жоғары деңгейдегі дене дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетіп, бірінші орынға ие болды.UNDOF миссиясының ұлттық контингенттері қатысқан бұл іс-шара бітімгерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1190232?lang=kk
Қостанай ауданында 50-ден аса отбасы баспаналы болды 31.03.2026
Қостанай ауданында 50-ден аса отбасы жаңа баспанаға ие болды. Пәтер кілттері жаңадан бой көтеріп жатқан «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйлерден табысталды.Аталған шағын аудан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан тұрғын үй кешендерінің бірі саналады. Соңғы жылдары мұнда бірнеше көпқабатты тұрғын үйлер салынып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелі түрде дамуда. Табысталған пәтерлер толық әрленген күйде пайдалануға берілді.Жалпы, биыл облыс орталығы мен аудандарда жүздеген мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Астана» шағын ауданы – осы бағыттағы нақты жұмыстардың айқын көрінісі. Мұндағы үйлер заманауи талаптарға сай салынған және тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған.Пәтерлер аудандағы №2, №6, №8 және №10 тұрғын үйлерден берілді. Жаңа баспана көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін өзге де санаттағы азаматтарға үлестірілді.Сонымен қатар, шағын ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысы басталып, қазіргі уақытта іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек, кәріз сорғы станциясының құрылысы да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1190189?lang=kk
Кимхэ әуежайында паспорттық қызмет көрсету орталығы ашылды 31.03.2026
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Пусан қаласындағы Кимхэ халықаралық әуежайында Паспорттық қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатты рәсіміне қатысты.Бұл іс-шара Корея Республикасының оңтүстік өңірінің көлік инфрақұрылымы үшін маңызды оқиға болып табылады:Аймақтардағы алғашқы орталық: Кимхэ әуежайы елдегі төтенше жағдайларға арналған жедел паспорт беру қызметі іске қосылған алғашқы өңірлік әуежай болды.365/24 режимі: Орталық жолаушыларға күтпеген жағдайларда күн сайын, демалыссыз тәулік бойы қызмет көрсетеді.Ведомствоаралық ынтымақтастық нәтижесі: Жоба Пусан қаласы әкімдігі мен Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тиімді ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылды.Кимхэ әуежайындағы қызметтердің дамуы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін халықаралық сапарлардың қолайлылығы мен қауіпсіздігін едәуір арттырады.Серіктестерімізді орталықтың сәтті іске қосылуымен құттықтаймыз және барлық жолаушыларға сәтті сапар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1190162?lang=kk
Пусанда Қазақстан мен Филиппин консулдарының кездесуі 31.03.2026
2026 ж. 30 наурыз күні - Пусанда ҚР Бас консулы Асқар Аслан мен Филиппиннің жаңадан тағайындалған Бас консулы Лея Виктория Караданың протоколдық кездесуі өтті. Жаңа консулдықтың ашылуына орай ұйымдастырылған жүздесу барысында дипломаттар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты қолдауға уағдаластыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1190163?lang=kk
«Еуразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы 30.03.2026
1) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 26 қаулысымен Алла Александровна Машкевичке «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.2) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 27 қаулысымен Анна Александровна Машкевичке «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.3) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 28 қаулысымен Лариса Васильевна Машкевичке «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190151?lang=kk
«Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы 30.03.2026
1) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының №20 қаулысымен Алла Александровна Машкевичке «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.2) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының №21 қаулысымен Анна Александровна Машкевичке «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.3) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 22 қаулысымен Лариса Васильевна Машкевичке «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190150?lang=kk
Вебинар аңдатпасы: «Кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері: Зияткерлік меншік. Навигациялық пломбалар» 30.03.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді вебинарға қатысуға және өздеріңізді қызықтырған сұрақтарға жауап алуға шақырады!Күні мен уақыты: 2026 жылғы 31 наурыз, сағат 10:45.Спикер: Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Түсетаев Тілектес Қалымұлы.Көрсетілімге қалай қосылуға болады: Іс-шара ZOOM платформасында өтеді.Қосылуға арналған сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/6207599497?pwd=v0AMnza8us2kWqlbvPkqUzX3OMXRZ6.1&omn=84573933660.Конференция идентификаторы: 620 759 9497.Кіру коды: 31032026.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1190141?lang=kk
Қазақстан мен Грекия өнеркәсіптік әріптестікті кеңейтуде 30.03.2026
Салоники, 2026 жылғы 30 наурыз – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Орталық Македония өңіріне жұмыс сапарымен барып, оның барысында іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірдің жетекші өндірістік кәсіпорындарын аралады.Сапар аясында Елші лифт жабдықтарын өндіру, лак-бояу өнімдері, тамақ өнеркәсібі, косметика, медициналық жабдықтар, сондай-ақ бөлшек сауда салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметімен танысты. Қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Салоники Сауда-өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ Салоники индустриялық аймағының бизнес қауымдастығының басшылығымен Қазақстан мен Грекия арасындағы іскерлік өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті. Тараптар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік сектор, логистика және инвестициялық қызметті қоса алғанда, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.Кездесулер барысында Қазақстан Елшісі грек бизнес өкілдерін елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар және шетелдік инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы, соның ішінде салықтық преференциялар, инвестициялық келісімдер және жобаларды сүйемелдеу тетіктері жөнінде хабардар етті. Іскерлік байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілік расталып, грек компанияларының Қазақстандағы нақты бірлескен жобаларын пысықтауға жәрдем көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.Бағдарламаның жеке бөлігі ретінде Халықаралық грек университетінде оқу орнының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар Қазақстан мен Грекия университеттері арасында әріптестік орнату, студенттер мен оқытушылар алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыру арқылы академиялық ынтымақтастықты дамытуға келісті.Жалпы, сапар грек бизнесінің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген елеулі қызығушылығын көрсетті, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1190121?lang=kk
«ЭПК-forfait» ЖШС (Қостанай қ.) жұмыс жоспары Жеке сектор мен жатақ аудандардағы тұтынушыларды ажырату 30.03.2026
ТП- Спецавтобаза (өндірістік аймақ) — 30 және 31 наурыз (10:00–18:00):«Сұлтан» мейрамханасы, «КСТ АвтоМоторс» ЖШС, «Юбилейные» саяжайлары, ЖК Абдулаев, «Сервис-пласт» ЖШС, № 7 «Эталон» ЖҚС, «Промбаза 7» ЖШС, «Астық Тэрра» ЖШС, ЖК Назаров, Көмір компаниясы, «Фрукттранс» ЖШС, «Агрофуд» ЖШС, «Виксом» ЖШС, ЖК Борщева, ЖК Абдрахманова, «Декор Бетон» ЖШС.Бағдаршамдар: Назарбаев даңғ. — Өндірістік (Промышленная) көш., Мұхамеджанов көш., Дөненбаева көш. КТП-716 (Амангелді т/а) — 30 наурыз (10:00–18:00):«Рандеву» дәмханасы. Жеке сектор: Энергетиктер көш. 14-35, 35а, 15а, 29/1-29/3, 27/2-27/12; Тухачевский көш. 19/2, 21-34, 34а, 21/1, 21/2. КТП-4 (Жаңа-Қала) — 31 наурыз (10:00–18:00):ЖК: Ищанова, Жигалова, Ключкина, Стригина, Изинбаев, Лопатина, Хоружая, Зиннер, Батырлан, Есқаирова, Құжағалиева. Жатақ сектор: Абай даңғ. 123. РП-10 (өндірістік аймақ) — 1 сәуір (10:00–18:00):«Агромельпром» ЖШС, ЖК Казнева, «DWT» базасы. ТП-151, ТП-82, ТП-КЭМ, РК-1 № 2, ТП-84, ТДС — 2 сәуір (10:00–18:00):«Бөбек-Қостанай» балабақшасы» ЖШС, «Строитель» ЖШС, ЖК Калашников, ТДС, ЖК Детков, «Бірінші қойма компаниясы» ЖШС, ЖК Зудерман, ЖК Шайкенов, ЖК Мамедова, «Автосервис» ЖШС, ЖК Соколовский, ЖК Проскура, ЖК Сейдахметова, ЖК Федорина, ЖК Крючков, ЖК Исахметова, «Адал» ЖШС, «КМК-Пионер» ЖШС, «АБЗ» ЖШС, «Баян-Сұлу» ЖШС, ЖК Паненко, «РМЦВИТ» ММ филиалы, ЖК Швечихин, ЖК Садуақасов, ЖК Шаланова, «Ак-Лайн» ЖШС, ЖК Хасанова, ЖК «Алла», ЖК Эльмурзаев, ЖК Сюмбаева, ЖК Нұр-Су, ЖК Рамазанов, ЖК Мырзағалиев. КТП-705 (Амангелді т/а) — 2 және 3 сәуір (10:00–18:00):«Новинка» дүкені. Жеке сектор: Парковая көш. 7-9, К. Маркс көш. 2-60. КТП-042 — 3 сәуір (10:00–18:00):«Жанұя» отбасылық үйі, ГАЖС (ГАЗС), ЖК Порунова, ЖК Хан, ЖК Жаркеева (Тепличная көш. 22). Жеке сектор: Тепличная көш. 1-31, 103-109; Гольдаде көш. 1-50, 5а, 2/1-2/5; Геологическая көш. 63-69.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1190098?lang=kk
Қазақстан Елшілігі Найробидегі Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты 30.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 30 наурыз — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі 29 наурызда Найробиде өткен Дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.Жәрмеңкеге 20-дан астам Елшіліктер мен Кенияның бірқатар қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдары қатысты.Жәрмеңке қонақтарына Елшілік қызметкерлерінің жұбайлары дайындаған дәстүрлі қазақ тағамдары ұсынылды. Қонақтар арасында бауырсақ, шак-шак және қазақстандық шоколад ерекше танымал болды.Концерттік бағдарлама аясында Елшілік қызметкерлері «Қара жорға» ұлттық биін орындады.Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат елдегі әлеуметтік жобаларды қолдау үшін Кенияның қайырымдылық қорына берілді. Елшіліктің қатысуы тағы да әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығымызды және екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ұмтылысымызды растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1190108?lang=kk
Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум 30.03.2026
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасына іссапары кезінде «Xinjiang Commercial Logistics (Group) Co., Ltd.» компаниясының басшысы Шэнь Цзиншэнмен кездесті. Аталған компания сауда және логистика саласында зор әлеуетке ие. «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық байланыс, транспорттық-логистикалық инфрақұрылым, халықаралық тасымалдау, логистиканы цифрландыру және агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттау мәселелері талқыланды.Өз сөзінде Марат Елеусізұлы компанияның қарқынды дамуын жоғары бағалайтынын атап өтті. Алматы облысы Қытай мен Орта Азия арасындағы негізгі транспорт жолдарының қиылысында орналасқанын, Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы үшін стратегиялық маңызды серіктес екеніне тоқталды.«Достық қарым-қатынастың арқасында Алматы облысы мен Қытай елі арасындағы тауар айналымы жылдағы дәстүрге сай жоғары деңгейін сақтап келеді. Соңғы үш жыл ішінде тауар айналымы тұрақты түрде 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға үлкен мән береміз», – деген аймақ басшысы екі жақты байланыстың маңызды бағыттарына тоқталды. Айтуынша, ең алдымен транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту маңызды. Бұл бағытта Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтар, қойма кешендері мен мультимодальды хабтар құру көзделіп отыр. Сонымен қатар халықаралық тасымалдау саласындағы байланысты арттыруға басымдық берілді. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағытындағы маршруттарды дамыту, құрғақ порттар мен шекарадағы өткізу пункттерінің мүмкіндігін тиімді пайдалану арқылы транзиттік әлеуетті арттыру жоспарланған. Одан бөлек, логистиканы цифрландыру, яғни заманауи технологиялар мен платформаларды енгізу арқылы жүк тасымалдауды басқару және электронды сауданы дамыту да негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылды.Аймақ басшысы Алматы облысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екенін айтты. Экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай және халықаралық нарыққа шығару үшін компанияның логистикалық және сауда мүмкіндігін пайдалануға мүдделі екенін жеткізді.Іссапар барысында облыс делегациясы «XINJIANG COMMERCIAL LOGISTICS (GROUP) Co., Ltd.» компаниясының төрт еншілес кәсіпорнымен танысты. Оның құрамына жоғары технологиялық жабдықтармен айналысатын «Xinjiang Machinery Research Institute Co., Ltd.,» жеміс-жидек пен орман өнімдерін шығаратын «Xinjiang Fruit Industry Group», сапа стандарттары мен өнеркәсіптік сараптаманы жүргізетін «Xinjiang Standard Testing and Certification Company Limited», сондай-ақ халықаралық құрғақ порт логистикасы бағытында жұмыс істейтін Шыңжаң компаниясы кіреді.Жүздесу нәтижесінде халықаралық тасымалдау саласында Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі «Atasu Group» пен Шыңжаң халықаралық құрғақ порт компаниясы құны 270 млн доллар тұратын меморандумға қол қойды. Бұл бірлескен жобаларды іске асыруға, ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1190114?lang=kk
«Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы 30.03.2026
1) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 23 қаулысымен Алла Александровна Машкевичке «Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.2) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 24 қаулысымен Анна Александровна Машкевичке «Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.3) 2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік Басқармасының № 25 қаулысымен Лариса Васильевна Машкевичке «Еуразиялық Капитал» акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1190115?lang=kk
Мемлекеттік қызмет лауазымдарына іріктеу тәртібі 1 сәуірден бастап өзгереді. 30.03.2026
Өзгерістер Агенттіктің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы «Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды толтырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен көзделген және конкурстық рәсімдерді жеңілдетуге, іріктеу мерзімдерін қысқартуға және кадрлық процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған.Конкурстық рәсімдер «E-kyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің eqyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы арқылы цифрлық түрде жүргізіледі.Айта кету керек, бұл механизм Қостанай облысында қазірдің өзінде енгізілген және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білу бойынша тестілеуден, сондай-ақ жеке бағалаудан өтуі керек. Тестілеуді конкурс жарияланғанға дейін немесе порталдағы жеке кабинеті арқылы өтінім беру кезеңінде аяқтауға болады.Алынған тест сертификаттары мен жеке бағалау нәтижелері бір жыл бойы жарамды болады, бұл үміткерлерге мемлекеттік қызметке орналасу конкурстарына қайта тестілеусіз қатысуға мүмкіндік береді.Жаңа рәсім сонымен қатар іріктеу кезеңдерін оңтайландыруды көздейді. Жеке қасиеттер байқаудан тыс бағаланады, ең жоғары балл жинаған бес үміткер келесі кезеңдерге өтеді.Лауазым деңгейіне байланысты үміткерлер іріктеу процесінің әртүрлі кезеңдерінен өтеді. Мысалы, басқарушылық лауазымдарға үміткерлер эссе жазып, сұхбаттан өтуі керек, ал басшылық және төменгі деңгейдегі лауазымдарға үміткерлер кәсіби дағдыларын бағалауға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындауы керек.Төменгі деңгейдегі лауазымдарға үміткерлер сонымен қатар психометриялық тестілеуден (EQ, SQ, IQ) өтеді, бұл олардың әлеуметтік және эмоционалдық интеллект деңгейін, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін бағалайды.Тағы бір маңызды өзгеріс - байқау рәсімдерінің мерзімінің айтарлықтай қысқаруы. Мемлекеттік органдар енді бос лауазымдарды 5-7 жұмыс күні ішінде, соның ішінде құжаттарды қабылдау және қарау үшін 3 жұмыс күні және байқау кезеңдеріне 3-4 жұмыс күні ішінде толтыра алады.Жаңа мемлекеттік қызметке іріктеу рәсіміне қатысты кез келген сұрақтар бойынша азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне хабарласа алады.Кеңестер келесі мекенжай бойынша беріледі: Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, 507 кеңсе, сондай-ақ 8 (7142) 39-35-56 телефоны арқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1190089?lang=kk