Enbekshi QazaQ

Әлем

Әскер спортшысы Ангелина Лукас Даниэла Асэньхоға қарсы реваншта жеңіске жетті 02.06.2025
Таразда қазақстандық Ангелина Лукас пен чилилік боксшы Даниэла Асэньхоның жекпе-жегі айқын жеңіспен аяқталды.  Қарқынды жекпе-жекте Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының атынан қатысқан Ангелина Лукас чилилік спортшы Даниэла Асэньходан сенімді реванш алды. Кездесудің алтыншы раундынан кейін Асэньхоның өзі жеңілгенін мойындағанда аяқталды. Бұл жеңіс Ангелина үшін ерекше маңызды болды. Екі жыл бұрын ол Даниэлаға есе жіберген болатын. Бұл жеңіліс Ангелинаның спорттық мансабында жалғыз жеңілісі еді, содан бері ол реваншқа дайындалып, осы уақытқа дейін алдында мақсат қойып жүрді.–  Осы уақыт ішінде мен тек реванш алуды ойладым, – деді Лукас жекпе-жектен кейін, – міне, кездесу өтті, бұл жекпе-жектің туып-өскен және жаттығып жүрген қалам Таразда өткеніне қуаныштымын. Жерлестер мен әсіресе, әскери қызметшілердің қолдауы маған қосымша күш берді.Ангелина Лукас Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовқа және Қазақстан армиясының барлық әскери қызметшілеріне ерекше алғысын білдірді. Тараз гарнизоны бөлімшелерінің әскери қызметшілері, оған қоса «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі салмақ өлшеу рәсімінде де, жекпе-жек алдында өткен дәстүрлі face-to-face кездесуінде де спортшыны қолдап, оған жауынгерлік рух беріп, жеңіс тіледі.  Ангелинаны қолдауға «Тараз-Арена» спорт кешеніне ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы басшылығының өкілдері, әскери бөлімдер мен Тараз гарнизонының әскери қызметшілері, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев келді. – Ангелинаның жеңісі – өзі үшін ғана емес, Қазақстан Қарулы күштерінің спорты үшін де, бүкіл ел үшін де үлкен жетістік,  – деп атап өтті генерал-майор Е. Ыбыраев Ангелинаны құттықтап. Спортшыны достары, жанкүйерлері мен әріптестері жылы лебізімен құттықтап, оны бірауыздан мықты деп атады. Енді оның мансабында жаңа көкжиектер ашылады, ал бұл жеңіс барлық қазақстандық спортшыны рухтандырудың жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1009739?lang=kk
медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың проблемалық мәселелері бойынша 02.06.2025
2024 жылғы 18 қарашада "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің бастамасымен ZOOM форматында медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтудың проблемалық мәселелері бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізді сырттай-проактивті куәландыруға арналған 031/е нысандары. Ескертулер назарға алынды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009769?lang=kk
Қазақстанның мемлекеттік басқару мәселелерін AIF алаңында ЭЫДҰ-мен талқылау 02.06.2025
Астана халықаралық форумы (AIF) шеңберінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару директоратының басшысы Эльза Пиличовскимен жұмыс кездесуі өтті.Экономикалық тұрақтылықты арттыру жөніндегі панельдік сессиясының мәселелері мен ЭЫДҰ дайындаған Қазақстанның мемлекеттік басқаруына Қысқаша шолуы талқыланды. Вице-министр инклюзивтікті және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын арттыруға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын іске асыру бойынша іс-шаралар туралы айтты.«Адамға бағдарланған» моделін құруға бағытталған Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы басты назарда болды. Негізгі бағыттары –басқару деңгейлері арасындағы ресурстарды және өкілеттіктерді теңгерімдеу үшін орталықсыздандыру, сондай-ақ бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдету үшін бюрократиядан арылту.Тараптар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның мемлекеттік басқаруын жақсарту бойынша ұсыныстарды қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1009714?lang=kk
"Халық заңгері" Республикалық акциясы 02.06.2025
2025 жылғы 30 мамырда Жақсы ауылында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті.Іс-шара аясында азаматтар прокурордың орынбасарынан, адвокаттардан, нотариустан, жеке сот орындаушысынан, сондай-ақ Жақсы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті атқарушы органдарының мамандарынан білікті кеңестер алды.Ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық көмек ала алды. Келіп түскен өтініштердің ең көп саны әлеуметтік жәрдемақы алуға, мұраны ресімдеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларға және жеке кәсіпкерлікті тіркеуге қатысты болды.Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.Акцияның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1009662?lang=kk
Мемлекеттік корпорация қызметкерлеріне техникалық оқыту 02.06.2025
2024 жылдың 29 қараша күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г.Хамиева мен бөлімнің бас маманы К.Ермекова, “ Азаматтарға арналған Үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, практикалық көмек көрсету мақсатында әдістемелік- техникалық оқыту жүргізді.Әдістемелік-техникалық оқыту барысында бас тартулар мен қайта өңдеулер бойынша сұрақтар талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009673?lang=kk
Қазақстан «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесіне алғаш рет қатысты 02.06.2025
Джакарта, 2025 жылғы 31 мамыр – Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі сән шараларының бірі – «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесіне алғаш рет қатысты. Аталмыш шара 28 мамыр мен 1 маусым аралығында Джакарта қаласында өтті. Қазақстан атынан құрметті қонақ ретінде белгілі дизайнер Аида Кауменова өз бренді «Aida KaumeNOVA» аясында жаңа топтамасын ұсынды.31 мамырда өткен эксклюзивті көрсетілім сән апталығының жарқын мәдени сәтіне айналды. «Prêt-à-porter de luxe» санатындағы топтама заманауи пішіндер мен күрделі қиылымдарды қазақ этностиліндегі айшықты элементтермен ұштастырды. Қазақ даласының табиғатынан және бай ою-өрнек мұрасынан шабыт алған дизайнер маталар, түстер мен пішіндердің үйлесімі арқылы көркемдік поэзия жасады.Шараға 5 мыңнан астам іскер және шығармашылық қауым өкілдері, сән индустриясының сарапшылары, дипломатиялық миссиялар, БАҚ және кең жұртшылық қатысты. Қазақстандық дизайнердің көрсетілімі үлкен қызығушылық туғызып, ұйымдастырушылар мен кәсіби орта тарапынан жоғары бағаланды.«Мұндай беделді халықаралық алаңда Қазақстанды таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл топтама – халқымның мәдениетіне деген тағзым әрі сән тілі арқылы әлеммен сұхбат», – деді Аида Кауменова.Қазақстандық дизайнерлік мектептің қатысуы «Kazakhstan Fashion Week» негізін қалаушылар Саят Досыбаев пен Алексей Чженнің, сондай-ақ Владимир Помукчинскийдің серіктестік қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстанның «Indonesia Fashion Week 2025» көрмесінде таныстырылуы елдің әлемдік сән аренасындағы мәдени бейнесін нығайтудың маңызды қадамы болды және мемлекеттер арасындағы шығармашылық, мәдени ынтымақтастықтың дамуына үлес қосты.2011 жылдан бері Индонезия сән кәсіпкерлері мен дизайнерлері қауымдастығының (APPMI) бастамасымен өткізілетін «Indonesia Fashion Week» – ұлттық брендтер мен жаңа есімдерді әлемге танытатын өңірдің ең ықпалды алаңдарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1009685?lang=kk
діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша 02.06.2025
2024 жылғы 26 қараша күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлеріне Атырау облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс мониторинг және ақпараттықталдау бөлімінің бас маман/заңгер Е.Ерғалиев және «Жәрдем Атырау» қоғамдық қорының теологы Р.Қалмазұлының қатысуымен өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру бойынша семинар жиналыс өткізілді.Семинар жиналыс барысында қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009690?lang=kk
2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды 02.06.2025
 Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімінде қызмет еткен сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік гранттар табысталды.  Сертификаттарды тапсыру салтанатты жағдайда өтті. Қорғаныс министрінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жауынгерлік оқу үздіктерін құттықтады. Қорғаныс ведомствосы басшысы орынбасарының қолынан 2024 жылдың көктемінде шақырылып, мерзімді әскери қызметтен өткен 22 сарбаз оқу сертификаттарын алды. ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі – мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға, жас мамандарды қолдауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік бастама.– Конкурстық іріктеуге Қарулы күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызмет еткен 17500-ден астам сарбаз қатысты. Араларыңызда әскери оқу орындарына түсіп, офицер болуға шешім қабылдағандардың барына қуаныштымын. Бұл армиядағы қызмет жауапкершілік, тәртіп және патриотизм сияқты қасиеттерді қалыптастырғанын білдіреді. Оқуда да, қызмет ету кезеңінде де жоғары нәтиже көрсететіндігіңізге күмәнім жоқ, – деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Министрдің орынбасары Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін түрлі жеңілдіктерді арттыру жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыра беретінін жеткізді. Әділ және ашық іріктеу жүргізу үшін «Sarbaz 2.0» ақпараттық жүйесі құрылды. Онда барлық әскери бөлімдер тіркелген және бүкіл қызмет кезеңінде сарбаздардың үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелер көрсетілген.Енді кешегі сарбаздар ҰБТ тапсырмай, мемлекет есебінен оқудан бөлек, шәкіртақы алуға, тегін жатақханада тұруға және әскери кафедраға конкурссыз қабылдануға құқылы.Ғылым және жоғары білім министрлігінен азаматтық жоғары оқу орындарына 2010 грант, Қорғаныс министрлігінің әскери институттарына 253 орын, Ұлттық ұлан академиясына 36 орын, ҰҚК Шекара қызметі академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді.ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 44813 әскери бөлімінде мерзімді қызмет өткерген Владислав Внуковский мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің атынан алғыс сөз сөйледі.– Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет ету мен үшін тек батылдық, тәртіп пен төзімділік мектебі ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеуді үйренуге баға жетпес уақыт болды.  Мен еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын қорғауға қабілетті, қуатты және кәсіби армияның бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын.Бүгін қолыма сертификат алып, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсіп, әкемнің жолын қуып, офицер болу туралы шешім қабылдадым, – деді Владислав Внуковский.Іс-шараға әскердегі қызметі арқасында жетекші университеттерге түскен елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1009626?lang=kk
«Бұл гаджеттерден жақсы»: ҚАЖ қызметкерлері балаларға ерекше сыйлықтар сыйлады. ҚАЖ қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай акция өткізді 02.06.2025
Балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері көру қабілеті бұзылған балаларды қолдауға бағытталған «Әлемді бірге көрейік» атты іс-шара өткізді.ҚАЖ мекемелерінде 300-ден астам бірегей сыйлықтар дайындалды: Брайльдің тактильді әліпбиі, мамандандырылған шахматтар мен дойбы, грифельдер, ойыншықтар, пижамалар мен тәттілер. Сыйлықтар еліміздің тоғыз өңіріндегі мамандандырылған мектептер мен кітапханаларға жеткізілді, оларға 100-ден астам зағип және нашар көретін балалар ие болды.- Бұл гаджеттерден әлдеқайда жақсы. Мұндай бұйымдарды дүкеннен сатып ала алмайсың және біздің қамқорлықтағы көптеген балалар үшін олар қол жетімді емес. Бірақ енді осындай сыйлықтардың арқасында біздің балалар дойбы мен шахмат ойнай алады. Брайль әліпбиінің көмегімен оқуға үйренеді. Осындай қажетті сыйлықтар үшін рахмет! - деді Өскемен қаласының зағип және нашар көретін мамандандырылған кітапханасының кітапханашысы Қарақат Әбдірасұлова.Акция әлеуметтік жауапкершілік пен қамқорлықтың жарқын үлгісіне айналды, ҚАЖ қызметкерлерінің және тағдырға немқұрайлы қарамайтын барлық ерекше балалардың күш-жігерін біріктіретін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1009653?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Azizi Group» басшылығымен кездесу өткізді 02.06.2025
Астана, 2025 жылғы 2 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу әмірлік «Azizi Group» компаниясының төрағасы Мирваис Азизимен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе құрылыс және жылжымайтын мүлік саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында министр шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және туризмді дамыту бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, елдің түрлі өңірлерінде қонақ үйлер мен туристік нысандар салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Бұдан бөлек Ауғанстандағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде сауда мен логистиканы кеңейту мақсатында «Azizi Group» компаниясының банктерін («AZIZI Bank» және «Islamic Bank of Afghanistan») пайдалану мүмкіндігін талқылады.«Azizi Group» – жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, қонақ үй бизнесі, инвестиция, капиталды басқару, қайырымдылық және қаржы (Ауғанстанда) салаларында жұмыс істейтін Дубайдағы жетекші девелоперлік компаниялардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1009566?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және өзгерістер» 02.06.2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 31 қазаныңда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Департамент басшысы Б. Асаиновтың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі офицері- Ж.Е.Байшеркешовтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және өзгерістер» бойынша ұжымға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009534?lang=kk
"мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптау мен оңалтудың өзекті мәселелері" 02.06.2025
06 Қараша 2024ж., "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ бастамасымен "№3 қалалық емхана " ШЖҚ КМК базасында Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті" РММ-мен бірлескен семинар-кеңес өткізілді Атырау облысы бойынша "мүгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптау мен оңалтудың өзекті мәселелері" тақырыбында.ақпараттық анықтама ұсынылды 2024 жылдың 9 айындағы медициналық-әлеуметтік сараптаманың проблемалық мәселелері. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланатын регламенттеуші нормативтік-құқықтық актілердің тиісінше орындалмауын бақылау бойынша ақпарат берді. Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес күндізгі және сырттай-белсенді куәландыруға сапалы және уақтылы жіберу мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Барлық ескертулер ескерілді. ДКК емдеу-профилактикалық мекемелерінің басшылары мен төрағаларына дербес жауапкершілік туралы ескертілді. Ақпаратта көрсетілген барлық ескертулерді пысықтау - негізсіз куәландыруға бағытталған ресми хаттарды ұсыну; мүгедектігі бар және жиі - ұзақ ауыратын контингенттің жеке есебі бойынша база құру тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009537?lang=kk
Қызылордада Конституцияның 30 жылдығына арналған көшпелі сараптамалық кездесу өтті 02.06.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде көшпелі сараптамалық кездесу өтті.Шараға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айгүл Қыдырбаева, Бас прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.Конституциялық Соттың судьясы Айгүл Қыдырбаева 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі ережелері туралы жан-жақты айтып берді. Бұл реформа нәтижесінде Конституциялық Сот жаңартылған форматта қайта құрылды. Кездесуде органның жаңа өкілеттіктеріне, азаматтардың конституциялық бақылауға қол жеткізу мәселелеріне және Конституциялық Сот шешімдерінің орындалу маңыздылығына ерекше назар аударылды.Диалог барысында қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда конституционализм қағидаттарын ілгерілету бойынша ағартушылық қызмет мәселелерін талқылап, пікір алмасты.Айгүл Қыдырбаева Конституциялық Соттың ашықтық пен айқындық принциптеріне негізделген жұмысына тоқталып, азаматтық қоғаммен және ғылыми қауымдастықпен одан әрі диалог жүргізуге дайын екенін білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1009545?lang=kk
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 02.06.2025
2025 жылдың 30 мамыр күні Жалағаш мәдениет үйінде, Алматы облысының "Қонаев ӘКК" АҚ, және "ҚазАгроҚаржы" филиалдарынан жүргізіліп жатқан (Кен Дала - 1, Кең Дала - 2) бағдарламаларына ауылдық округтегі шаруа қожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1009505?lang=kk
Шығыс Қазақстанда «Халық заңгері» кең ауқымды акциясы өтті 02.06.2025
Қоғамда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларында, сондай-ақ Алтай және Күршім аудандарында «Халық заңгері» кең ауқымды құқықтық акциясы өтті.Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, әділет органдарының, прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да құқық қорғау және қадағалау ведомстволарының, адвокаттар мен нотариустардың, жемқорлыққа қарсы еріктілердің күш-жігерін біріктірді. Олардың барлығы азаматтарға азаматтық-құқықтық даулардан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес беріп, көптеген мәселелер бойынша білікті заң көмегін көрсетті.Акция қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының 530-дан астам тұрғыны тегін заң көмегін алды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына — зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жұмыссыз азаматтарға ерекше көңіл бөлінді.Айта кетейік, «Халық заңгері» акциясы қазақстандықтар арасында кеңінен қолдау тапқан игі дәстүрге айналды. Өзінің ашықтығы мен практикалық маңыздылығының арқасында ол өзінің басты миссиясын — халықтың барлық топтары үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуде.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1009514?lang=kk
Алмалы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті 02.06.2025
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта қалалық «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі ұйымдастырылды.Ал Махатма Ганди атындағы саябақта кішкентай қонақтарды сүйікті мультфильмдерге негізделген ойындармен аниматорлар қарсы алды. Бұл күні саябақта ерекше көңілді және думанды атмосфера орнады – көрермендерге әсерлі «Трансформерлер шоуы», «Сабын көпіршіктер шоуы», Мұрат Мутұрғановтың цирктік қойылымы және басқа да көптеген қызықты бағдарламалар ұсынылды.Барша балаларды және олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары жарқын, қауіпсіз әрі қуанышқа толы болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1009515?lang=kk
Техникалық оқыту 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 16 мамырында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Беккалиева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша филиалының» Құрманғазы ауданындағы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында әдістемелік-техникалық оқыту жүргізді. Қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес қойылған сұрақтарға түсінік берілдАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1011196?lang=kk
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік істер қаралып, тиісті лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Беккалиеваның есептері тыңдалып, сәйкесінше, ұсыныстар енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009532?lang=kk
«Мемлекеттік қызмет» 02.06.2025
Атырау телеарнасының бағдарламасыАғымдағы жылдың 10 қазанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Беккалиева Айгерим Сагиндыковна Атырау телеарнасының «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің жұмысы туралы» тақырыбына арналған «Мемлекеттік қызмет» бағдарламасына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009501?lang=kk
“Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері” 02.06.2025
Ағымдағы жылдың 10 қазанында “Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері” бойынша Департаментпен дөңгелек үстел өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1009455?lang=kk