Enbekshi QazaQ

Әлем

Скопьедегі Балқан университетінде Қазақстанда өткен референдумға және жаңа Конституцияға арналаған пікірталас өтті 20.03.2026
Скопье, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі Халықаралық Балқан университеті жанындағы Балқан зерттеу орталығы басшылығының шақыруы бойынша «Өркениеттер альянсы» орталығының қолдауымен болып өткен «Қарқынды Қазақстан, жаңа стратегия және жаңа Конституция» атты пікірталасқа қатысты.Сарапшылардың, профессорлардың және студенттердің қатысуымен болған пікірталас барысында дипломат Қазақстанның ішкі саяси бағыты мен әлеуметтік-экономикалық серпінінің негізгі аспектілері туралы ақпарат беріп, оның сыртқы саяси стратегиясының басты бағыттары мен цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін атап өтті. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аударылды.Елші С.Бұршақов Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси өзгерістердің жүру барысын жан-жақты баяндады. Осы процестердің маңызды белесі 15 наурызда өткін жалпыұлттық референдум болды, онда елдің жаңа Конституциясының ережелері бекітілді.Аудиторияның басты назары мемлекеттің одан әрі дамуы үшін басым мәнге ие негізгі конституциялық жаңалықтарға аударылды.Атап айтқанда, конференция қатысушыларына бірпалаталы парламент «Құрылтайдың» және халық мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган «Қазақстанның халқы кеңесінің» құрылуы, сондай-ақ атқарушы вертикалдың неғұрлым тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған вице-президент лауазымының белгіленуі сияқты түбегейлі өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді. Парламент рөлінің едәуір күшейтілуіне, оның үкімет қызметіне бақылау функцияларының кеңейтілуіне қатысты түсіндірмелер маңызды блокқа айналды.Сонымен қатар, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мызғымас кепілдіктерінің конституциялық тұрғыдан бекітілуі құқықтық жүйенің дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтіні, осы құндылықтарды мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітетіні атап өтілді.Университет аудиториясына сондай-ақ Қазақстан, оның дәстүрлері мен халқы туралы баяндайтын бейнероликтер мен фотосуреттер көрсетілді.Пікірталас кезінде Елші конференцияға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1185617?lang=kk
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 20.03.2026
Братислава, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Внукпен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және орман шаруашылығын талқылады. Сондай-ақ Словакиядан асыл тұқымды мал сатып алу, Қазақстанның Словакия нарығына жеткізілетін экспорттық агроөнім түрлерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы бірлескен Меморандумды іске асырудың маңыздылығы, сондай-ақ сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия аясында жұмыс істейтін бейінді жұмыс тобының қызметі атап өтілді. 2025 жылғы ақпанда өткен жұмыс тобының онлайн-кездесуінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мақсатында дипломат Қазақстанның орман шаруашылығы мамандары үшін Словакия Республикасының мамандандырылған оқу орындары базасында тағылымдамалар ұйымдастыру мүмкіндігін, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы комитеті мен Словакияның Ұлттық орман орталығы арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселесін қарастыруды ұсынды.Биотехнологиялар, топырақтану, өсімдік селекциясы мен генетикасы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Елші Қазақстанның Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қызметімен таныстырып, аталған орталық пен Словакияның Ұлттық ауыл шаруашылығы және азық-түлік орталығы, сондай-ақ Братиславадағы Орталық бақылау және сынақ ауыл шаруашылығы институты арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.ЮНЕСКО-ның саятшылық өнерін Қазақстан мен Словакияның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тануы екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді. Дипломаттың пікірінше, Словакияда сұңқаршылықты кәсіби оқытумен айналысатын орман мектептері желісінің болуы қазақ құсбегілерін даярлау үшін қосымша мүмкіндіктер береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және талқыланған барлық бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1185559?lang=kk
Қазақстан Женевада БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетіне кандидат ұсынды 20.03.2026
Женева, 2026 жылғы 19 наурыз – Женевадағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Ұлттар сарайында БҰҰ-ның Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитетіне (CRPD) мүшелікке Ляззат Қалтаеваның кандидатурасын таныстыруға арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға елшілер, халықаралық ұйымдардың өкілдері және адам құқықтары саласындағы сарапшылар қатысты.Іс-шараны ашқан Қазақстанның Тұрақты өкілі, елші Е.Қазыхан қатысушыларды қарсы алып, биылғы жылдың символдық маңызын атап өтті – бұл Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығы. Ол Қазақстанның көпжақты ынтымақтастыққа және адам қадір-қасиетін ілгерілетуге берік ұстанымын, сондай-ақ елдің БҰҰ-ның адам құқықтары механизмдерімен белсенді өзара іс-қимылын растады.Сонымен қатар, Елші Қазақстанның мүгедектігі бар адамдардың мәдени құқықтары жөніндегі достар тобына қосылу туралы шешімін жариялап, Л.Қалтаеваны CRPD комитетіне Қазақстанның кандидаты ретінде ресми түрде таныстырды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау қозғалысында 30 жылдан астам жетекшілік тәжірибесі бар, оның ішінде парламенттік және өңірлік деңгейлерде қызмет атқарған Л.Қалтаева инклюзивті саясатты дамыту мен әйелдер мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ілгерілету саласында мол тәжірибеге ие.Өз сөзінде Л.Қалтаева мүгедектігі бар адамдардың шешім қабылдау процестеріне қатысуының маңыздылығын, әсіресе климаттың өзгеруі, қақтығыстар және қоғамдық денсаулық сақтау дағдарыстары сияқты жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында атап өтті.Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі комитет – Конвенцияның қатысушы мемлекеттер тарапынан орындалуын бақылайтын тәуелсіз сарапшылардан тұратын орган. CRPD комитетіне сайлау 2026 жылғы маусымда Нью-Йорк қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1185580?lang=kk
ҚР Конституциясы чех бизнесі үшін жаңа инвестициялық перспективаларға жол ашады 20.03.2026
Прага, 2026 жылғы 18 наурыз – Референдум қорытындылары мен Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылданғаны туралы алғашқылардың бірі болып чех қоғамының өкілдері – «Чех Республикасының Қазақстан Республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастығының келешегі» атты бизнес-семинарға қатысушылар хабардар болды. Чехияның іскер топтарын, салалық бірлестіктері мен сарапшылар қауымдастығын біріктірген бұл іс-шараны «CZ – Чех коммуналдық және энергетикалық технологиялары» консорциумы «FONTES RERUM» зерттеу институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.ҚР Елшісі Қ.Әбдірахмановпен қатар, белгілі чех экономисі әрі саясаткері, Чех Республикасының бұрынғы Өнеркәсіп және сауда министрі Ян Младек, көрнекті дипломат, Чехияның бұрынғы Сыртқы істер министрі және БҰҰ Бас Ассамблеясының экс-төрағасы Ян Каван, кәсіпкер, ұйымдастырушы консорциумның жетекшісі Зденек Збытек, Чехия Өнеркәсіп және көлік одағының вице-президенті Франтишек Халоупецкий, сондай-ақ «EGAP» экспорттық сақтандыру компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Марек Длоухи баяндама жасады.Чех кәсіпкерлеріне Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің еліміздің жаңа Негізгі заңында заңнамалық тұрғыдан бекітілген негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, Конституцияда адам капиталын, білім беру, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғаны, сондай-ақ меншіктің барлық нысандарын қорғау, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын құрметтеу көзделгені атап өтілді. Экономикалық реформалар кешенін іске асыру нәтижесінде Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті артып, бюрократиялық кедергілер азайып, атқарушы биліктің жауапкершілігі күшейеді деп күтілуде.Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда, инвестицияларды өзара тартуда және заманауи технологияларды енгізуде чех компаниялары мен даму институттарының маңызды рөлі атап өтілді. Нақты жобаларды, соның ішінде өткен жылдары қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы алдағы ең жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге, сондай-ақ ірі екіжақты бизнес-форумдарды өткізуге дайындық аясында ерекше мәнге ие болып отыр.Семинардың өтуі қазақстандық дипломаттардың жергілікті іскер топтармен бұған дейін өткізген кездесулерінің және Чехияның түрлі өңірлеріндегі озық технологиялық әрі өнеркәсіптік компаниялардың қызметімен танысуға арналған жұмыс сапарларының заңды жалғасы болды. Аталған іс-шаралар барысында қазақстандық тараппен серіктестікті тереңдетудің нақты бағыттары нақтыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1185584?lang=kk
Абай облысында әскери қызметші әйелдер «Көктем аруы – 2026» байқауында жеңіске жетті 19.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласында дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтті. Оған отбасын, жұмысын, қызметі мен шығармашылығын қатар алып жүрген нәзік жандылар қатысты. Олардың арасында екі әскери қызметші болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері медицина қызметінің майоры Назерке Нысан және Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының аға маманы ефрейтор Гүлдана Әріпова өңірлік әскер атынан өнер көрсетті.Байқауға қатысушылар көрермендерді көрнекі ұлттық киімдерімен, шығармашылық өнерімен, өзіндік ерекшеліктерімен және импровизациялық қабілетімен баурап алды.Қазылар алқасы олардың таланттарын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Гүлдана Әріпова Бас жүлде иегері атанса, ал Назерке Нысан бірінші орын еншіледі.Іс-шара әскери қызметтің отбасына деген қамқорлықпен және мәдени дәстүрлерді қастерлеумен қатар үйлесетінін айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185542?lang=kk
Қармақшы ауданының ардагерлері облыс орталығындағы жаңа нысандармен танысты 19.03.2026
Бүгін Қармақшы ауданының ардагерлерінен құралған делегация Сыр елі - Қызылорда қаласында болып, аймақтағы жаңа нысандардың жұмысымен танысты.Алдымен делегация «Отбасы орталығы» жұмысымен танысты. 2023 жылы облыстың 85 жылдық мерейтойы мен қала күні аясында облыс әкімінің қатысуымен салтанатты түрде ашылған. Облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінген орталықта жастарға отбасын жоспарлау, әлеуметтік қолдау көрсету, неке қию рәсімдерін өткізу бағытында кешенді қызметтер ұсынылады.Одан кейін «Достық үйі» жаңа ғимаратының құрылыс барысы таныстырылды. Жалпы құны 3,7 млрд теңгеден асатын бұл нысан этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған заманауи орталық болмақ.Келесі кезекте делегация 2024 жылы пайдалануға берілген Қорқыт ата әуежайы жаңа терминалын көрді. Жоба құны 20,9 млрд теңгені құрайтын нысан сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. Заманауи терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған барлық жағдай жасалған.Сапар барысында делегация «Сыр жұлдыздары» академиясы жұмысымен де танысты. Құны шамамен 11 млрд теңгені құрайтын бұл орталық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға арналған. Мұнда робототехника, өнер, спорт және технология бағыттары бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді.Сапар барысында ардагерлер аймағымызда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға оң бағасын беріп өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1185512?lang=kk
Аудан ардагерлері әлеуметтік және мәдени нысандардың жұмысын көрді 19.03.2026
Бүгінде Қызылорда қаласында соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар аймақтың өркендеуінің айқын көрінісіне айналып отыр. Соған байланысты ауданымыздың ардагерлері киелі Сыр елінің әлеуметтік және мәдени нысандардың жұмысын көрді.Танымдық сапар аясында делегация аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қала орталығында бой көтерген ұлттық және заманауи үлгідегі мәдени – әлеуметтік нысан «Анаға тағзым» орталағының қызметімен танысты. 2023 жылы ашылған бұл орталық ұлттық құндылықтарды насихаттауға, аналардың мәртебесін арттыруға және отбасылық институтты нығайтуға бағытталған.Сонымен қатар, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ордасының жұмысымен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған мектеп оқушыларға сапалы білім алуға барлық мүмкіндік қарастырылған білім беру нысаны болып табылады.Бұдан бөлек, делегация өңірдегі ірі спорт нысандарының бірі – салынып жатқан 11 мың орындық Орталық стадион құрылысымен танысты. Құны 26,5 млрд теңгені құрайтын стадион халықаралық талаптарға сай салынып, бірнеше спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді.Сапар аясында жаңадан ашылған «Құзыреттілік орталығы» мен Облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратын да аралады. Заманауи үлгіде салынған музейде өңір тарихын танытатын мыңдаған құнды жәдігерлер қойылған және интерактивті технологиялар кеңінен қолданылған.Жалпы сапар барысында ардагерлер мұндай игі бастамалар аудан көлемінде де жалғасын табуы тиіс екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1185513?lang=kk
Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты назарда 19.03.2026
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз аудан» жобалары аясында жиын ұйымдастырылды.Жиынға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов пен аудан прокурорының орынбасары Зураб Гичиев қатысып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді.Сонымен қатар «Қауіпсіз Қармақшы» жобасы аясында 2026 жылы жүзеге асырылатын профилактикалық іс-шаралар жоспары да таныстырылып, жан-жақты бағыттары талқыланды.Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, заңдылық қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1185514?lang=kk
Қазақстан Моңғолиямен бір күнде $62,6 млн көлемінде экспорттық келісімшарттарға қол қойды 19.03.2026
Қазақстандық компаниялар Улан-Батордағы бизнес-миссия барысында Моңғолиямен жалпы сомасы $62,6 млн болатын экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Қазақстан делегациясын ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова бастап барды. «Біз Моңғолияны экспорт үшін өте перспективалы нарық деп санаймыз. Қазірдің өзінде дайын өнімдердің үлесі жоғары, бизнес тарапынан нақты қызығушылық бар»,-деді Айжан Бижанова Улан-Батордағы бизнес-форумда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы үш есеге өскен. Моңғолияға экспорттың 90%-дан астамы дайын өнімдер, яғни шикізат емес тауарлар. Оның ішінде азық-түлік пен өнеркәсіп тауарлары басым. Бұл Қазақстан экспортының жоғары қосылған құны бар өнімдерге ауысып жатқанын көрсетеді. Вице-министрдің айтуынша, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі де жаңа мүмкіндіктер ашады. Құжат 367-ге жуық тауарға қатысты. Ол күшіне енгеннен кейін бұл өнімдерді жеткізу жеңілдейді. Соның арқасында қазақстандық экспорттаушыларға Моңғолия нарығына шығу оңай болады. «Қазір келісімді күшіне енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жақын уақытта іске асады деп күтеміз. Бұл отандық компаниялар үшін экспортты ұлғайтып, Моңғолиямын бірлескен жобаларды іске қосуға жол ашады»,- дейді Айжан Бижанова. Келесі қадам - Қазақстанның транзит мүмкіндіктерін пайдалану. Бұл Моңғолияға жүк жеткізуді жылдамдатып, жаңа бағыттарға шығуға жол ашады. Соның ішінде ЕАЭО, Кавказ, Түркия және Еуропа нарықтары бар. Сауда миссиясы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың Қазақстанға сапары қарсаңында өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1185502?lang=kk
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды 19.03.2026
2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа[1] (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енгеніне алты жыл болды. Бұл Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қатынастарын реттейді.Еске сала кетейік, Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлеріне зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және іске асыру үшін олар жұмыс істейтін мемлекеттің азаматтарымен тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету. Тарихы2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Келісімге қол қойды.Келісім ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде ратификацияланғаннан кейін, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың басқа ЕАЭО елдерінде жұмыс істейтін азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, сақтап және жүзеге асыра алады. Енді ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін өз заңнамасына сәйкес зейнетақы төлейді. Егер еңбеккердің бір мемлекет аумағында жинаған еңбек өтілі зейнетақы тағайындауға жеткіліксіз болса (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда), онда басқа ЕАЭО елдерінде, соның ішінде Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған еңбек өтілі де ескеріледі. Бұл ретте бір мезгілде сәйкес келетін еңбек өтілі есепке алынбайды. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмыс істейтін мемлекеттерінде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын міндетті түрде ресми рәсімдеуі тиіс, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасауы қажет. Қазақстанда Келісімді іске асыруҚазақстанда Келісім Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы жарналарын төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына жеткенде немесе I және II топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға қатысты құқықтық қатынастарға қолданылады.Мысалы, егер Қазақстан азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше елдердің бірінде  еңбек өтілін (мысалы, 3–5 жыл) жинаса, онда зейнетке шығу құқығы туындаған кезде (зейнет жасына жету, қажетті еңбек өтілінің болуы) мигранттың өз елінің аумағында жұмыс істеген кезеңі үшін сол елдің зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Қазақстан азаматы зейнетақыны тағайындау және төлеу туралы өтінішті тиісті ЕАЭО мүше мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға бере алады.     Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеуге қажетті құжаттар тізбесі әрбір ЕАЭО мүше  мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі. Құзыретті органдарҚазақстан Республикасында ЕАЭО-ға мүше мемлекет еңбеккерлерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар – «БЖЗҚ» АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті, олардың аумақтық бөлімшелері.БЖЗҚ 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйедегі міндетті зейнетақы жарналарының төленуі жөніндегі деректер негізінде ұсынады.Сонымен қатар БЖЗҚ-ға мына мәселелер бойынша жүгінуге болады:мәліметтер мен құжаттарды қабылдау және өңдеу;зейнетақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру және жеткізу.Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінде орналастырылған.1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне жүгіну қажет. Келісімнің статистикалық көрсеткіштеріКелісімді іске асыру аясында Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:Қазақстан аумағында жұмыс берушілермен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде еңбек қызметін жүзеге асырып жатқан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.Бұл ретте Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер БЖЗҚ-да зейнетақы жарналары есепке алынатын шоттар ашылмаған болса, алғашқы жарна түскен кезде мұндай шоттар автоматты түрде, яғни өтінішсіз тәртіпте ашылады.БЖЗҚ ЕАЭО елдерінің 291 азаматының зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерін қабылдап, орындады. Оның ішінде:266 еңбеккерге Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;25 мұрагерге еңбеккерлердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құзыретті органдары:Қырғызстан мен Ресей Федерациясының аумағында еңбек шарты негізінде жұмыс істеп, олардың зейнетақы жүйесіне сақтандыру жарналарын аударған Қазақстанның 26 азаматына жасына байланысты / қарттық бойынша / мүгедектік бойынша өмір бойғы зейнетақылар тағайындады;Қазақстанның 2 азаматының қайтыс болуына байланысты 4 азаматқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақылар тағайындады.Статистика көрсетіп отырғандай, Келісімнің қолданылу мерзімі салыстырмалы түрде қысқа болғанына қарамастан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына Одақ елдерінде өздерінің зейнетақы құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі берілді. Бұл қабылданған құжаттың негізгі мақсатына қол жеткізілгенін білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1189271?lang=kk
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды 19.03.2026
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»   БЖЗҚ енгізген зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі инернет-платформа дегеніміз не?Азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл жобаның мақсаты қандай?Жобаның мақсаты– халықты осы бағыттағы мәліметтен хабардар ету деңгейін арттыру және зейнетақы активтерінің кірістілігі туралы деректерді жариялауды үндестіру және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін факторларды түсіндіру есебінен зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктері туралы тұрақты түсінік қалыптастыру.Инвестициялық басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық интернет-платформа–бұлсалымшыларға зейнетақы инвестицияларын онлайн-режимде талдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс.invest.enpf.kz порталында салымшылар қандай ақпаратқа қол жеткізе алады?invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-лардың реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ мен оның инвестициялық портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.Интернет-ресурс кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі жүйеленген түрде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол белгілі бір кезеңдер аралығын таңдау арқылы динамикада сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар) басқаруындағы зейнетақы активтері портфельдері бойынша әртүрлі деректерді салыстыруға мүмкіндік береді. Салымшыларға инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өз мақсаттарына сай келетін басқарушыны және оның инвестициялық стратегиясын таңдауға арналған құралдар ұсынылады.Осылайша, бірыңғай интернет-платформа зейнетақы жүйесіндегі цифрлық сервистерді дамытудың маңызды тетігіне айналып, салымшылардың зейнетақы капиталын басқаруға саналы түрде қатысуына және өзінің қаржылық болашағын қалыптастыруына ықпал етеді. Платформаның негізгі мүмкіндіктері қандай? Ақпараттың көрнекілігі мен қолжетімділігі         Барлық деректер пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ыңғайлы және түсінікті форматта ұсынылған, бұл салымшыға өз қаражатының қайда және қалай инвестицияланатынын көруге мүмкіндік береді ИПБ-лардың кірістілігі мен көрсеткіштерін салыстыруПлатформа ИПБ-ларды портфель құрылымының кірістілігі, зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құны, сондай-ақ қаржылық көрсеткіштер мен инвестициялық қызмет нәтижелері сияқты негізгі өлшемдер бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Инвестициялық стратегияны саналы түрде таңдауСалымшы инвестициялық декларацияларды дербес зерделей алады және зейнетақы жинақтарын активтерді инвестициялық басқару критерийіне сәйкес өзі таңдаған ИПБ-ның басқаруына бере алады. Салымшы толық ақпараттық бақылау жасай алады          Қажетті талдау жүргізе отырып, Пайдаланушы порталдан жеке кабинетке өту арқылы өзінің жеке зейнетақы активтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алады. Қажет болған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналарының 100%-на дейін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аудара алады.Салымшы жеке кабинетте қандай операцияларды орындай алады?Жеке кабинетте салымшы:ИПБ-ға/дан – ҚРҰБ-қа/тан беру/қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;ИПБ таңдау (өзгерту туралы) туралы немесе ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру қағидалары және шарттарымен таныса алады;ИПБ таңдау (өзгерту туралы) немесе ҚР ҰБ-ға қайтару туралы өтініш беру және оның мәртебесін қадағалау;басқа да зейнетақы қызметтері қолжетімді. Тақырып бойынша сұхбат: https://youtu.be/W9vL4G67ESc?si=Y-FxABaaMphxsfspБейненұсқаулық: https://youtu.be/XH8ZjgxhkpQ?si=RrcYaR64wpj_wbvH  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1189265?lang=kk
«Халыққа қызмет» мемлекеттік қызметтер іс-шарасы 19.03.2026
Мемлекеттік қызметшілердің адалдық, кәсібилік және клиентке бағдарлану мәдениетін қалыптастыру мақсатында, сондай-ақ Наурыз мерекесін атап өту дәстүрі аясында ағымдағы жылдың 19 наурызында Қостанай қаласы әкімдігі «Халыққа қызмет» атты «Мемлекеттік қызметтер киіз үйі» тақырыбында іс-шара өткізді.Аталған іс-шараға қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылар қатысты. Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері бойынша ауызша түсіндірмелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1185492?lang=kk
Наурызнама онкүндігі мен Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы ЮНЕСКО бас пәтерінде таныстырылды 19.03.2026
Наурызнама онкүндігін атап өту аясында Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі үкіметаралық ұйымның бас пәтерінде еліміздің материалдық емес мәдени мұрасына арналған тақырыптық таныстырылым өткізді. 2026 жылы 18 наурызда Франциядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы Абай мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшылары, Хатшылық қызметкерлері, Қазақстанның достары және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.Кеш бағдарламасын аша отырып, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов жиналғандарға Наурыз мейрамының табиғаттың жаңаруын, үйлесім мен халықтар бірлігін бейнелейтін әлемдегі ең көне мерекелердің бірі екенін еске салды. Оның айтуынша, биыл Қазақстандағы көктемгі жаңару рухы елдегі ауқымды реформалармен және 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануымен де айшықталды.Отандық дипломат қатысушыларды Наурызнама онкүндігінің мазмұнымен таныстырып, онда Қазақстан халқының негізгі құндылықтары мен дәстүрлері – төзімділік, бауырмашылдық, өзгелерге қамқоршылық және табиғатқа құрметпен қарау көрініс тапқанын атап өтті. Қонақтардың назарына тақырыптық брошюра мен бейнематериалдар ұсынылды.А. Абдрахманов материалдық емес мәдени мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын да ерекше атап өтті. Осы тұрғыда Наурызды мерекелеу дәстүрі ЮНЕСКО-ға мүше 13 мемлекеттің тарапынан бірлесе ұсынылып, Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгені айтылды. Бұл кең-байтақ өңірдегі халықтар арасындағы мәдени сабақтастықты көрсетеді.Өз кезегінде 2003 жылғы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық конвенцияның хатшысы Фумико Охината Қазақстанның адамзаттың мәдени әртүрлілігіне қосатын жарқын үлесін және оның ЮНЕСКО құралдарының жұмысына белсенді қатысуы арқылы көрініс табатынын атап өтті. Ол жиналғандарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, домбыра үні, киіз үйді жасау дағдылары, дәстүрлі ойындар және басқа да рухани мұралар Қазақстанның әлемдегі танымал символдарының арасында екенін айтты. Сонымен қатар ЮНЕСКО бұл мұраны халықаралық деңгейде тану және қорғау бағытында Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.Достығымыздың нышаны және көпжылдық ынтымақтастыққа деген ризашылықтың белгісі ретінде, Ұлттық киім күніне орай, жиналғандардың қошеметімен Тұрақты өкіл Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі конвенция хатшысының иығына дәстүрлі қазақ шапанын жапты.Кеш бағдарламасы қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасының алуантүрлілігін таныстырды. Францияда тұратын суретші Жанель Жұбанова жиналғандардың назарына киіз басудың көне өнерін, одан бұйым жасау үдерісін көрнекі түрде көрсетіп, табиғатпен тығыз байланысты бейнелейтін осы техникадағы өз туындыларын ұсынды.Осы орайда Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия бірлесе ұсынған «Дәстүрлі киіз басу өнері» атты көпұлтты номинацияның 2026 ж. желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу үшін қаралатыны атап өтілді.Кештің музыкалық бөлігінде Нияз Төребек Құрманғазының «Адай» күйін, ал Гауһар Рүстемқызы «Қарлығаш» әнін орындады. Шыңғыс Қуанбаев қонақтарға осыдан бұрын Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның ортақ мұрасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгізілген зияткерлік ойын –  тоғызқұмалақты таныстырды.Ұлттық киім күні аясында қонақтардың ерекше қызығушылығын қазақтың дәстүрлі ерлер мен әйелдер киімдерінің көрсетілімі тудырып, ондағы ою-өрнектердің, материалдардың және мәдени символиканың байлығы түсіндірілді.Кеш Қазақстанның аспаздық мұрасын танытатын ұлттық тағамдар –  қазақша ет, наурыз көже, дәстүрлі тәттілер мен сүт өнімдерінің дәмін татумен қорытындыланды.ЮНЕСКО бас пәтерінде өткен Наурызнама онкүндігінің таныстырылымы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраны сақтау және ілгерілетуге, сондай-ақ халықаралық деңгейде мәдени диалогты нығайтуға деген берік ұстанымының тағы бір айғағы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1185496?lang=kk
CycleLab: Болашақ экологиясы - студенттік байқаудың финалистері экологиялық жобаларын ұсынды 19.03.2026
Астанада Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы мен «Жасыл даму» АҚ ұйымдастыруымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен ұйымдастыруымен және бас демеуші - ЦентрКредит Банкі қолдауымен «CYCLELAB: Болашақ экологиясы» атты студенттік жобалар байқауының финалдық кезеңі өтуде. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 31 өтінімнің ішінен сарапшылар комиссиясы таңдаған 10 үздік жоба финалға шықты.Байқауға Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының колледждері мен жоғары оқу орындарының 16 мен 30 жас аралығындағы студенттері қатысты. Қатысушылар тұрақты даму бағыттары бойынша жобаларын ұсынды: қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары, бөлек жинау шешімдері, ақылды сұрыптау жүйелері, экологиялық қаптама дизайны, логистикаға арналған цифрлық құралдар және экологиялық ағарту.Сарапшылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 10 финалистің ішінен ең перспективалы әрі жан-жақты әзірленген үш жоба жеңімпаз атанады. Финалда қатысушылар жүлде қоры үшін өз бастамаларын қорғайды.Байқау жұмыстарын бағалауды қайта өңдеу саласының, мемлекеттік сектордың, бизнестің және экологиялық қауымдастықтың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы жүргізеді: Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров, ЦентрКредит Банкі корпоративтік бизнес филиалы директорының орынбасары Асет Құсайынбеков, «Жасыл даму» АҚ қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру департаментінің бас менеджері Рустем Ускенбаев, эколог және эко-белсенді Айдана Қыдырова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Коммуналдық қалдықтар басқармасының сарапшысы Дамигуль Рахманбердиева, сондай-ақ тұрақты даму саласының сарапшысы Асыл Оқапова.«Біз жастардың жоғары деңгейдегі белсенділігін және ұсынылған идеялардың сапасын көріп отырмыз. Әсіресе жобалардың практикалық қолданысқа бағытталғаны және Қазақстандағы қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатыны маңызды», — деп атап өтті Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Аубакиров.CYCLELAB байқауы экологиялық мәдениетті қалыптастыруда және жас жаңашылдарды қолдауда маңызды рөл атқарады. Ол қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға, тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға және мемлекет, бизнес пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Жалпы жүлде қоры 3 700 000 теңгені құрайтын марапаттау рәсімі 2026 жылдың сәуір айында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы кеңейтіп, CYCLELAB платформасын экологиялық жобаларды қолдаудың және Қазақстанның «жасыл» экономикасы үшін мамандар даярлаудың тиімді құралы ретінде дамытуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1185445?lang=kk
Сенат Қазақстанның орнықты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі Дүниежүзілік банкпен келісімді ратификациялады 19.03.2026
Сенаторлар «Бір тараптан ҚР Үкіметі және екінші тараптан ХҚДБ, Халықаралық Қаржы Корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттігі арасындағы ҚР орнықты дамуы мен өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қарастырып, мақұлдады. Әңгіме шығындарды неғұрлым шұғыл және әлеуметтік бағдарланған жобаларға қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайту туралы.Құжат қарыздар мен гранттық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен іске асыру кезінде ұлттық заңнамадан өзгеше нормаларды қолдануды көздейді. Атап айтқанда, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық, әлеуметтік, еңбек, гендерлік стандарттарды және Дүниежүзілік банк тобының ақпаратты ашу нормаларын пайдалану ұсынылады.Келісім жобаларды қаржыландыру құралын кеңейтуге және оларды іске асыру кезіндегі рәсімді оңтайландыруға, сондай-ақ мемлекеттің шығыстарын басым жобаларға қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1185447?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесті 19.03.2026
2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усмановпен кездесуі өтті.Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Өзбекстан Республикасына алдағы ресми сапарына, Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық мәселелері, сондай-ақ қазақстан-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.Тараптар экология және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуде өңірлік өзара іс-қимылды нығайту үшін Өңірлік экологиялық саммиттің маңыздылығын атап өтіп, оның бірыңғай өңірлік күн тәртібін қалыптастырудағы және нақты жобаларды іске асырудағы рөлін жоғары бағалады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды.Елші Б.Атамқұлов өзбек тарабына аталған ұйымның су ресурстары саласындағы мемлекетаралық үйлестіруді күшейтуге бағытталған артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1185439?lang=kk
Ahlers пен Azurite Орта дәліздегі позицияларын күшейтуде 19.03.2026
Антверпен және Алматы, 2026 жылғы 13 наурыз – Ahlers Logistics бельгиялық компаниясы Алматы қаласында Azurite Group қазақстандық компаниясымен Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі бірлескен қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен рәсімделді.Бұл серіктестік екі компанияның да Орта дәліз бойындағы қатысуын кеңейтуге және қарқынды дамып келе жатқан осы сауда бағыты бойынша сапалы логистикалық қызметтер ұсынуға деген ұмтылысын көрсетеді. Келісімге Ahlers Logistics директорлар кеңесінің төрағасы Йохан Вандерплаэтсе және Azurite Group бас директоры Даниял Сәрсембенов қол қойды.Ынтымақтастық екі ұйым арасындағы синергияны пайдалануға, жаңа нарық мүмкіндіктерін ашуға және өңірлердегі өзара өсімді қолдауға бағытталған. Өздерінің тәжірибесі, өңірлік желілері мен операциялық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, тараптар қызмет аясын кеңейтіп, еуразиялық жеткізу тізбектерінде жұмыс істейтін клиенттерге икемділікті арттыруды көздейді. Сондай-ақ, бұл серіктестік Еуропаны Орталық Азия және Кавказбен байланыстыратын маңызды көлік-сауда бағыты – Орта дәліз бойындағы мүмкіндіктерді нығайтуға мүмкіндік береді.Ahlers Logistics бас директоры Дейв ван ден Бос:«Azurite Group-пен күш біріктіру арқылы біз өңірлік тәжірибе мен халықаралық үздік практикаларды үйлестіріп, осы нарықта бірге дамуға ұмтыламыз. Бұл серіктестік Орта дәліздегі қатысуымызды күшейтіп, клиенттер мен серіктестер үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді.Azurite Group бас директоры Даниял Сәрсембенов:«Біз Орта дәліз бойындағы күшті жергілікті қатысуымызды мақтан тұтамыз. Бұл бізге логистиканы сенімді және дәл басқаруға мүмкіндік береді. Ahlers Logistics сияқты сенімді еуропалық серіктеспен жұмыс істеу біз үшін үлкен мүмкіндік. Бірлесе отырып, жеткізу тізбектерін тиімді әрі үйлесімді етеміз», – деп атап өтті.Екі компания да бұл келісімді Еуразиядағы логистикалық экожүйені нығайтуға және сенімді әрі әртараптандырылған көлік бағыттарына деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырады.Анықтама: 1909 жылы құрылған және Бельгияның Антверпен портында орналасқан Ahlers — қауіпсіз тасымалдау, жобалық логистика, қоймалау, өндірістік логистика және жеткізу тізбектерін басқару бойынша қызмет көрсететін халықаралық компания. Компания 15-тен астам елде жұмыс істейді.Он жыл бұрын Қазақстанның Алматы қаласында негізі қаланған Azurite Group Компаниясы Еуропа, Орталық Азия, Каспий маңы аймағы, Түркия және Қытай бойынша Орта Дәліз бойымен жұмыс істейді. Компания маршрут бойынша жетекші көлік-логистикалық операторлардың бірі болып табылады. Аймақтық хабардарлық пен жаһандық амбицияларға негізделген Azurite 8 елде 12 кеңседен тұратын желіні әзірледі және жергілікті тәжірибе мен стратегиялық көрегендікті нығайта отырып, өзінің қатысуын кеңейтуді жалғастыруда. Фотосурет©️ Johan Vanderplaetse меншігі болып табыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1185393?lang=kk
Елші эфиопиялық кофені Қазақстанға жеткізу мүмкіндіктерін талқылады 19.03.2026
 Аддис-Абеба, 2026 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі Ж.Әділбаев әлемдік нарыққа кофе экспорттау бойынша Эфиопиядағы жетекші компаниялардың бірі - «Хадид Трейдинг» басшылығымен кездесу өткізді.Сұхбар барысында тараптар Қазақстанға кофе экспортын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Қазақстандық дипломат соңғы жылдары Қазақстанда кофе индустриясының белсенді дамып келе жатқанына сұхбаттасушылардың назарын аударды. Осыған байланысты сапалы кофе жеткізетін жаңа серіктестерге, соның ішінде Эфиопиядан келетін өнімдерге деген сұраныс артып отыр.Сонымен қатар, Елші Қазақстан тек кофені тұтынушы ғана емес, сонымен бірге эфиопиялық кофені көршілес Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Батыс Қытайға экспорттауға арналған хабқа айнала алатынын атап өтті.Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Эфиопия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық алғышарттардың бар екенін айтты. Бұл, ең алдымен, елдегі тұрақты саяси жағдай және барлық көршілес мемлекеттермен бейбіт әрі тату көршілік қарым-қатынас. Оған қоса, ол Қазақстанның ішкі саяси жаңғыру мен экономикалық дамудың жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын, оның аясында негізгі басымдық цифрлық трансформацияға және Қазақстан азаматтары қызметінің барлық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.Келіссөздердің жалғасында компания Бас директорының орынбасары А.Халифа Елшіге компанияның қызметі туралы ақпарат беріп, Қазақстанға кофе экспортын дамытуға мүдделілік танытты.Кездесу соңында Қазақстан Елшісі компания өнімімен және халықаралық нарықтарға экспорттау үшін сапалы кофені іріктейтін зертханалық сараптама инфрақұрылымымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1185314?lang=kk
💼 Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты басты назарда! 19.03.2026
«Karaganda Komir» ЖШС өндірістік кеңесінің отырысы профсоюз «Қорғау» өкілдерінің қатысуымен өтті.Кеңеске қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Д. Сартбаев қатысты.Кездесу барысында профсоюз өкілдері қызметкерлерге қажетті құрал-жабдықтармен және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.Отырыс жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы конструктивті диалог алаңына айналып, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1185326?lang=kk
ҚҚС, тіркеу есебі 19.03.2026
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:1)Салық төлеушілер базасында ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;2)ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес ҚР –ның аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою мынадай түрлерде жүзеге асырылады:1.ерікті тіркеу есебіне қою (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа барлық тұлғалар үшін);2.міндетті тіркеу есебіне қою (күнтізбелік жыл ішінде айналымның шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда, соның ішінде сенімгерлік басқарушы үшін);1.шартты тіркеу есебіне қою (шетелдік компаниялар үшін).ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:2.жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;3.қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюға жатпайтындар:1.мемлекеттік мекеме;2.резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;3.жеке тәжірибемен айналысатын тұлға;4.арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;5.жеке тұлға.Айналымның шекті мөлшері 10 000 АЕК (43 250 000 тенгені) құрайды.Міндетті тіркеу үшін өтініш айналымның шекті мөлшерінен асқан күнненбастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.Егер мәміле шекті айналым мөлшерінен асатын болса, салық төлеушімұндай мәміле жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.Тіркеу есебіне қоюға дейінгі кезеңде айналымның шекті мөлшеріненасқан және жасалған айналым тіркеу есебіне қойылмаған кезең үшін салық салынатын айналым болып танылады және жауапкершілікке әкеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1185330?lang=kk